Бірінші топ аниондарының жеке реакциялары



бет1/8
Дата14.11.2022
өлшемі60,48 Kb.
#158081
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Аниондар (1)


БІРІНШІ ТОП АНИОНДАРЫНЫҢ ЖЕКЕ РЕАКЦИЯЛАРЫ
Бірінші топтың аниондарына PO43-, SO32-, CO32-, SO42-, S2O32-, CrO42-, Cr2O72-, BO33-, B4O72- және C2O42- жатады. Бұл аниондардың нашар еритін барий тұздары (BaSO4 басқа) қышқылдарда еритін болғандықтан, бейтарап және әлсіз сілтілік ортада топтық реактиві BaCl2 болады. Ag+ ионы келтірілген аниондармен (SO42- және Cr2O72- басқа) суда нашар еритін тұздар түзеді, олар сұйытылған азот қышқылында оңай ериді. CrO42- анионы сары, ал Cr2O72- қызыл-сары түсті болады. Барлық қалған аниондар түссіз болады.
SO42- сульфат-ионның реакциялары
Сульфат-ионы күкірт қышқылының анионы. Күшті элоктролитке жатады. Барий хлориді BaCl2 сұйытылған сульфаттар ерітінділерінен ақ түсті барий сульфаты тұнбасын береді:
BaCl2+Na2SO4=BaSO4↓ +2NaCl
Барий сульфаты қышқылдарда ерімейді. Басқа бірінші топ аниондарының барий тұздарынан айырмашылығы осында. Реакция фармакопеялық болып табылады.
PO43- фосфат-ионның реакциялары
Түссіз PO43- фосфат ионы ортофосфор кышкылының H3PO4 анионына жатады.
Магнезий қоспасы (MgCl2+NH4Cl+NH4OH сулы ерітіндісі) сұйытылған ерітіндіден ақ түсті кристалл түрінде магний-аммоний-фосфаты тұнбасын түсіреді:
Na2HPO4+MgCl2+NH4OH=MgNH4PO4 +2NaCl+H2O
Тұнба өте әлсіз қышқылдардың өзінде-ақ жақсы ериді. Бұл реакция PO43- ионына тән және есепте фосфаттарды анықтау мақсатында қолданылады. Реакция формакопеялық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет