Ботаника және зоология кафедрасы магистрлік диссертация



бет1/16
Дата18.06.2020
өлшемі373,5 Kb.
#73875
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Гулназ магистр



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ГЕОГРАФИЯ-ЭКОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ МАГИСТРАТУРАСЫ
БОТАНИКА ЖӘНЕ ЗООЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Тақырыбы: «Алматы облысы оңтүстік-шығыс аудандарының тау бөктерінде картоптың будан тұқымдарын көшет арқылы өсіріп, бірінші жылғы түйін ұрпақтарын алу технологиясы».

Бітіруші магистрант

Тоқтарбекова Г.К.

диссертациясы.


Ғылыми жетекшісі:

ауыл шаруашылығы ғылымдарының

кандидаты, ботаника және зоология

кафедрасының доценті

Ашимов Т.А.

Қорғауға жіберілсін___________________________________________

Кафедра шешімі:______________________________________________

Хаттама №13 ________________________24.05.05.


Кафедра меңгерушісі: Б.ғ.д., проф. Увалиева Г.К.
Алматы қаласы 2005 жыл

Мазмұны


  1. Кіріспе.........................................................................................................3

  2. Картоп жайындағы қысқаша тарихи деректер.......................................4

  3. Морфологиясы......................................................................................5-15

  4. Агротехникасы...................................................................................14-18

  5. Селекция..............................................................................................19-21

  6. Селекциялық сорттар..............................................................................22

  7. Картоп селекциясының бағыттары...................................................23-28

  8. Тұқым шаруашылығы........................................................................29-33

А) Тұқымды картоп өсіру.......................................................................30

Б) Картопты тұқымнан көбейту.............................................................32

9. Зерттеу материалдары мен әдістері..................................................34-51

10. Қорытынды.............................................................................................52

11. Әдебиеттер.........................................................................................53-56


КІРІСПЕ

Картоп – елімізде кең тараған ауылшаруашылық дақылы. Оның өнімі дүние жүзілік өсімдік шаруашылығында алдыңғы орындарының бірінде.

Картоптың жан-жақты пайдаланылуы оның аса бағалы қасиеттеріне байланысты. Картоп түйнегінде жоғары сапалы белок, витаминдер және басқа заттар болуына байланысты адам үшін аса бағалы азық. Мал азығы ретінде де қолданылады, өсімдік тағамдарының ішіндегі органикалық заттарының қорытылуы жөнінен бірінші орында. Орташа өнім алған жағдайда картоп пен тамыржемістілер, астық пен шөптесін өсімдіктерден көп өнім береді. Картоп тек азықтық дақыл ғана емес, сонымен қатар бағалы техникалық дақыл. Бір тонна картоптан (крахмалдылығы 17,6) 112 литр спирт, 55 кг. сұйық көмірқышқылын, 1500 литр барда, 170 кг. крахмал, 80 кг. глюгоза, 60 кг. гидрол және басқа өнімдер алуға болады. Картоптан алынған спирт фармацевтикада, парфюмерияда, арақ-шарап өндірісінде кең қолданылады.

Біздің елімізде картоп шаруашылығы – ауыл шаруашылығының аса үлкен бір саласы.

Ауыл шаруашылық ғылыми жетістіктерін пайдаланған жағдайда ғана шаруашылығын өркендетуге болады. Қазіргі уақытта еліміздің түрлі топырақ – климаттық зоналарында түрлі картоп өндірудің ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Зерттеулер нәтижесінде түрлі агротехникалық әдістер, картоп тыңайтқыштарының түрлері, түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғау шаралары картопты сақтау, өндіру технологиясы, еңбекті ұйымдастырудың жаңа формалары қарастырылуда.

Картоп селекциясында да көп жұмыстар жүргізілуде. Қазір елімізде картоптың әртүрлі сорты өндіріледі, ол отандық селекционерлердің жемісі, ғалымдардың алдында тұрған ендігі мақсат түрлі шаруашылық маңызы бар, жоғары өнімді, ауруға төзімді, тез өсіп жетілетін крахмалды картоп сорттарын шығару. Мұндай сорттарды шығаруда соңғы жылдары белгілі болған бағалы қасиеттерінің тұқым қуалауы (ауруға төзімділігі, тез пісіп жетілуі, крахмалдылығы) негізге алынуда.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет