Д. Р. Онтагарова, педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы «Химия және география»



бет4/8
Дата28.01.2018
өлшемі1,98 Mb.
#34741
1   2   3   4   5   6   7   8

1.2 Жаңа буын «Химия» оқулықтары.
Қазақстан Республикасы өзінің жалпы білім беретін жүйесіне арналған Мемлекеттік білім стандартының алғашқы нұсқасын 1998 жылдан бастап іске асыруға кірісті. Осы стандартқа сәйкес жасалған бағдарламаның негізгі айырмашылығы мазмұнын үшке жіктелуі болады. Осы кезге дейінгі зат туралы біртұтас білім химия ғылымының негізі ретінде беріліп келген еді. Енді ол алғашқы стандартта “Зат”, “Химиялық реакциялар”, “Заттар мен химиялық реакцияларды адамның танып білуі және пайдалануы” деген бөліктерге жіктелді. Сондай-ақ, сол кездегі базистік оқу жоспарында химия пәнін оқытуға бөлінген сағат санының азаюына байланысты берілетін білім мазмұнының көлемі де ықшамдалды. Осылайша, химия оқулықтары мазмұнының даму бағыты және қазақ тіліндегі химия оқулықтарын жасау тұжырымдамасының талаптары тұрғысынан 8-9 сыныптарға арналған химия байқау оқулықтарының мазмұны анықталды.

XXI ғасырдың алғашқы жылдарының өзінде-ақ Қазақстан білім берудің әлемдік аймағына тереңдеп енген сайын орта білім стандартын жетілдіру қажеттілігі арта түсті. Осыған байланысты 2002 жылы жаңа жалпы білім беру стандарттары жасалып, бекітілуіне орай 8-сыныпта берілетін білім мазмұны жетілдірілді, соған сәйкес өңделген 8-сынып “Химия” оқулығы балама оқулық ретінде республика мектептеріне ұсынылды.

8-сынып “Химия” оқулығының мазмұнында пәннің жалпы жүйесіне енгізілген маңызды ғылыми деректер, ұғымдар, теориялар мен заңдар берілді. Ал оқулық мазмұны ұстанымдардың таңдап алуда химиялық білім беруді ізгілендіру тұжырымдамасына сүйенді.

Бұрынғы дәстүрлі аударма оқулықтарға қарағанда балама оқулықтың мазмұнында біршама өзгерістер болды, оны төмендегі 1-кестеден көруге болады. Солардың бірі қазіргі таңда ең қажеттісі ─ химиялық есептеулер арқылы оқушылар білімін бір жүйеге келтіріп, бекітетін “Химиядағы сандық қатынастар” атты тараудың берілуі. Бұл тарау қазіргі бірыңғай ұлттық және мемлекеттік аралық бақылау талаптарына сай есептеу дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

9-сыныптың оқулығындағы басты жаңалық ─ оған органикалық заттар жөнінде бөлім енгізілуі. Бұл бөлім стандарт талабына сәйкес таңдалды. Бұған дейін органикалық заттар жөнінде 9-сыныпта берілетін білім мазмұны, көлемі, реті жөнінде ешқандай зерттеулер мен әдістемелік нұсқаулар болмаған. Сондықтан органикалық заттар жөніндегі білім мазмұны кейін жоғарғы сыныптарда немесе арнайы оқу орындарында білімді жлғастыруға мүмкіндік беретіндей мына мәселелерді қамтуы тиіс деген шешім қабылданды:

─ органикалық заттардың бейорганикалық заттардан негізгі айырмашылығы, көптүрлілігі және маңызы;

─ заттың құрамы → құрылысы → қасиеттері арасындағы тәуелділіктің органикалық заттарда айқын білінуі;

─ органикалық заттардың әр алуандығы, олардың ағзалар тіршілігіндегі зат алмасуға қатысатыны, күнделікті тұрмыста, өнеркәсіпте, шаруашылықтың әр саласында кеңінен қолданылуы;

─ органикалық заттардың минерал заттардан түзілуі, ағзалар тіршілігін тоқтатқан соң минералдануы;

─ органикалық заттардың құрамының біртіндеп күрделіленуі және көмірсутектерге, оттекті органикалық қосылыстарға, азотты органикалық қосылыстарға жіктелуі.

Жаңа химиялық білім стандарты (2002ж.) бекітілгеннен кейін Қазақстанда жалпы білім беретін мектептің негізгі сатысында химияны оқытудың екі бағдарламасы түзілді (1-кесте). Бірі ─ профессор И. Нұғыманов жетекшілігімен 1999 жылы жасалған, дәстүрлі бағдарламадан өзгеше сызықтық құрылымды бағдарлама болса, екіншісі ─ сол кезеңде мектептерде қолданылып жүрген дәстүрлі бағдарламадан айырмасы жоқ, профессор Н. Нұрахметов жетекшілігімен 2001 жылы жасалған, концентрлі құрылымды бағдарлама еді. И. Нұғымановтың жетекшілігімен түзілген бағдарламаның жақсы жақтары көп болғанымен, қолайсыз тұстары да бар еді. Ең алдымен, ондаған жылдар бойы тұрақтанған дәстүрлі құрылымнан жаңа құрылымға ауысуға Қазақстан ұстаздары дайын емес еді, екіншіден сол кездегі сынақ өткізілетін тірек мектептеріне оқулықтар мен бағдарламалардың дұрыс жеткізілуі, сондықтан олар қай құжатты басшылыққа алу керектігін білмеуі, үшіншіден, бүкіл бейорганикалық заттар жөніндегі ұғымдарды жүйелейтін периодтық заң мен периодтық жүйенің 9-сыныпқа ауыстырылуы, төртіншіден, оқулық жазуға берілген уақыттың тапшылығынан жаңа бағдарламаға жаңа мазмұнын таңдау да қиындық туғызды, бесіншіден, біздің республикамызда әлі саралап, өз қалауынша таңдап оқытуға мүмкіндік беретін көп бағдарламалы жүйенің болмауынан Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі 2005 жылы профессор Н. Нұрахметов басшылығымен жасалған бағдарламаны негізгі деп бекітті. Осы шешімге сәйкес бұрынғы бағдарламамен жазылған 9-сынып “Химия” оқулығы (авторлары И. Нұғманов, Р. Жұмаділова, Ж. Кембебаева) күрделі өңдеуден өткізілді. Сондай-ақ, оқулық пен оқу-әдістемелік кешенді әзірлеуге қойылатын дидактикалық талаптар мен әдістемелік ұстанымдар қоғамның алға қойып отырған міндеттеріне сәйкес жетілдірілді.

Оқулық оқушылардың оқу үрдісінде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуін көздейтін құралдар категориясына жатады. Сондықтан қоғам дамуымен бірге оның жас ұрпаққа білім беру мен оларды тәрбиелеу үрдісіндегі қызметтері, мазмұны мен жалпы идеялық-танымдық бағыттарына қойылатын талаптары жүздеген жылдар бойы жетілдіріліп келеді.

Дегенмен, ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуына байланысты оқушылар меңгеруге тиісті білім көлемінің артуы және осы біліммен оларды мектептегі, тіпті жоғары оқу орнындағы оқу курсының шеңберінде қаруландыру мүмкіндігінің сәйкес келмеуі мектеп оқулығына өз таңбасын қалдыруда. Осыдан келіп, мектеп оқулығы үшін маңызы бар мынадай міндеттер туындайды: оқушылардың өз бетінше білім алуын, біліктерін, дағдыларын дамыту, оқу үрдісіне алған білімін бекіте отырып жетілдіру және оларды практикада қолдануға үйрету, яғни қазіргі оқулық ─ білім беру ортасының маңызды буыны. Білім беру ортасы оқу процесінде оқушылардың интеллектуалды-танымдық даму қажеттіліктеріне сәйкес сезімдік-құндылық, әлеуметтік-жеке және эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді. Оқулықтың ақпараттық қызметі мен меңгертуді ұйымдастыру аппаратының тиімді үйлесуі оқушыға танымдық және өз бетінше білім алу әрекеттерін құру құралдарын таңдауға мүмкіндіктер береді. Оқулық тек оқытып қана қоймайды, сонымен қатар меңгерген білімнің деңгейін тексереді, оқу үрдісін педагогикалық технологиялар негізінде құруға көмектеседі. Жүргізілген сараптаулар оқулық оқыту үрдісінің барлық сатыларында қолданылатынын көрсетті. Сонымен қатар оқулық оқытушы қызметін жартылай немесе толық алмастыра алады. Оқулықтың және оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны атқаратын қызметіне орай анықталады. Соған байланысты оқу-әдістемелік кешенде: а) пән мазмұны қандай ретпен; б) қандай түрде (материалдық, тілдік, немесе екеуімен де) берілетіндігін оны құрайтын элементтер мен олардың оқыту үрдісіндегі өзара байланысы нақтылайды. [3]


1-кесте ─ И. Нұғыманов және Н. Нұрахметов жетекшілігімен түзілген бағдарламалардың айырмашылықтары


И. Нұғыманов жетекшілігімен түзілген бағдарламаның мазмұны мен құрылымы

Бөлінген сағат саны

Н. Нұрахметов жетекшілігімен түзілген бағдарламаның мазмұны мен құрылымы

Бөлінген сағат саны

8-сынып

102

8-сынып

102

Кіріспе

Химиялық алғашқы ұғымдар;

Зат туралы жалпы түсінік;

Оттек, ауа, оксидтер;

Сутек, қышқылдар;

Су, ерітінді, негіздер;

Ерітінділер-электролиттер

Химиялық реакциялар;

Химиядағы сандық қатынастар;

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары және электролиттік диссосиация теориясы тұрғысынан олардың химиялық қасиеттері жөніндегі мағлұматтарды қорытындылау.



2

17
18

9

7

14



5

8

9


10

Бастапқы химиялық ұғымдар.

Оттек. Оксидтер. Жану.

Сутек. Газдар жайлы түсінік. Қышқылдар. Тұздар.

Су. Ерітінділер. Тұздар.

Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары.

Д.И. Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Атом құрылысы.

Зат құрылысы және химиялық байланыс.

Сілтілік металдар. Галогендер.



27

12

9


9

9
12


8
16



9-сынып

68

9-сынып

68

8-сыныптағы негізгі мәселелерді қайталау.

  1. Атом құрылысы теориясы тұрғысынан Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесі мен периодтық заңы.

  2. Металдар және олардың қосылыстары.

  3. Бейметалдар және олардың қосылыстары.

  4. Органикалық заттар туралы негізгі түсініктер.

3
15

15
15


16

8-сыныптағы негізгі мәселелерді қайталау.

Электролиттік диссоциация және электролиттердің қасиеттері.

Маңызды металдар. Олардың табиғи қосылыстары. Бейметалдардың маңызы.

Металдар. Олардың табиғи қосылыстары. Металдардың маңызы.

Органикалық заттар туралы түсініктер.


2
10
22

15

17




1.3 8 сынып «Химия» оқулығына талдау (авторы Н. Нұғманов).

Ана тіліндегі тұңғыш оқулықты жасауда химияның екі аспектісін ─ ғылыми және әлеуметтік аспектілерін негізге алынған. 8-сынып «Химия» оқулығының ғылыми құрылымы «зат» және «химиялық реакция» деген екі негізгі түсініктен тарайды. Ал әлеуметтік құрылымы «заттар мен химиялық реакцияларды адамдардың танып қолдануы» бағытында құрылған. Қазіргі кезде қоғамдағы химияның рөлінің өзгеруі мен оның әлеуметтік рөлі бір-бірімен байланысты екі негізгі фактормен анықталады. Біріншісі ─ «хемофобия», яғни химия мен оның көріністеріне қоғамның жағымсыз қарым-қатынасы болса, екінші әлеуметтік фактор ─ қоғамдағы барлық деңгейдегі адамдарда кездесетін химиялық сауатсыздық. Сондықтан осы тұрғыдан алғанда химиядан сауатты жазылған оқулық орасан зор ағартушылық қызмет атқаратыны түсінікті жайт. Осы айтылғандарды ескере отырып, оқулықтың әдістемелік ұстанымдары мен стилі ретінде мынадай мәселелер негізге алынды:



  1. Оқулықтағы мәтіннің баяндау реттілігі қазіргі химияның теориялық негіздерімен және қоршаған ортаның химиялық қасиеттерімен біртіндеп жалпы түрде таныстыруға бағытталған. Сипаттама материалдар мен теориялық мәселелер оқыту периодына біркелкі бөлініп, кезектестіріліп берілді.

  2. Материалды баяндау логикалық негізділіп, тұтас бір ойды жеткілікті түрде қарапайым тілмен жеткізу арқылы іске асырылады.

  3. Оқулықтың өн бойында химияның өмірмен байланысы көрнекі көрсетілуіне, оқушылардың күнделікті өмірде кездесетін заттар мен материалдарға ғылыми-көпшілік талдау жасауына, химияның қолданбалы маңызына назар аударылды.

  4. Оқулық тілі қарапайым, сауатты, түсінікті, жеңіл, химик-ғалымдар өмірімен байланысты материалдар қысқа, қызықты, түсінуге жеңіл әңгімелер түрінде берілді. Әр тақырыпқа сәйкес иллюстрациялар (суреттер, сызбалар, кестелер, т.б.) жеткілікті түрде қолданылды. Бірақ оқулық әлі сынақтан өтіп жатқандықтан ақ пен қара түс қолданылды. Келешекте суреттері түрлі-түсті болып шығарылса, оқулық сапасы арта түседі.

  5. Базалық деңгейдегі материалдар ірі әріптермен, ал қосымша материалдар майда әріптермен жазылды.

  6. Химияның эксперименттік аспектілерін толық қамту мақсатында және оқушылардың практикалық дағдыларын дамыту үшін тиісінше мектеп жағдайына лайықталған жай және көрнекі тәжірибелер, зертханалық және практикалық жұмыстар берілді.

  7. Материалды терең меңгерту және бекіту үшін есептер, тапсырмалар және жаттығулар деңгейленіп беріліп, әр түрлі шартты белгілермен белгіленді.

Жаңа химия оқулығының құрылымы ұстанымдарын таңдап алу химиялық білім беруді ізгілендіру тұжырымдамасына сүйенеді. Осы ұстанымдардың ең негізгілерінің бірі ─ оқу материалын ғылымның соңғы деңгейіне жақындату. Осының негізінде жаңа балама «Химия» оқулығының (авторлары ─ И. Нұғыманов, Р. Жұмаділова) құрылымына (бұрынғы пайдаланып жүрген дәстүрлі оқулықтардан өзгеше) біраз өзгертулер енгізілді:

периодтық заң және периодтық жүйе 9-сыныпта өтілетіндіктен, 8-сынып «Химия» оқулығын атом құрылысы тұрғысынан қайта құру жүзеге асырылып, зат құрылысы туралы бұрмаланбаған нақтылы ғылыми көзқарас қалыптастыру көзделді;

бұрынғымен салыстырғанда берілетін теориялық білім деңгейі едәуір ықшамдалды;

электролиттік диссоциациялану арнайы теория ретінде оқылмайтындықтан, электролиттер, қышқылдар, негіздер және тұздар арасындағы ион алмасу реакциялары жөнінде алғашқы түсініктер берілді;

алдыңғы тақырыптарда берілген теориялық әзірліктерден кейін химиялық реакциялар жөнінде жоғары деңгейде баяндауға, олардың электрондық, электрон-иондық механизмін түсіндіруге мүмкіндік болады;

химиялық реакциялардың жылдамдығын, оған әсер ететін жағдайларды заттардың табиғатымен, химиялық байланысының типімен ұштастырып түсінуге жәрдемдеседі;

дәстүрлі бағдарламалардан тағы бір ерекшелігі ─ оқушылар білімін бір жүйеге келтіріп, бекіту мақсатында «Химиядағы сандық қатынастар» тақырыбындағы тарауда химиялық есептеулерге көп көңіл бөлінеді.

Химияны оқытудың алғашқы жылында (8-сынып) басты назар ─ оқушыларда қарапайым химиялық дағдыларды, «химиялық тілді» және оларға күнделікті өмірден таныс объектілерін негізінде химиялық ойлауды қалыптастыруға аударылады. Курстың бұл бөлігінің негізгі идеясы ─ оқушыларда кластарға топтастырылған әр түрлі заттардың қасиеттерін, сондай-ақ олардың құрылысы мен қасиеттері арасындағы байланысты сипаттау дағдыларын қалыптастыру.

Осы өзгерістер еске алынып, 8-сынып оқулығында мынадай тақыраптар қамтылды:

химиялық алғашқы ұғымдар;

зат туралы жалпы түсінік;

оттегі, ауа, оксидтер;

сутегі, қышқылдар;

су, ерітінді, негіздер;

ерітінділер- электролиттер;

химиялық реакциялар;

химиядағы сандық қатынастар;

бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары және электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан олардың химиялық қасиеттері жөніндегі мағлұматтарды қорытындылау.

Оқулықтың «Кіріспе» бөлімінде химия ғылымы нені зерттейтіні жөнінде және химияның ғылым болып қалыптасу тарихынан мағлұматтар беру мақсатында қысқашы материалдар берілді.

«Химиялық алғашқы ұғымдар» тарауында химияның алғашқы түсініктерімен (атом, молекула, жай зат, күрделі зат, химиялық реакция, т.б.) және негізгі химиялық тілмен (химиялық таңба, химиялық формула, химиялық теңдеу) таныстырылады. Сондай-ақ, алғашқы химиялық әрекет дағдыларын қалыптастыруға және қарапайым химиялық тәжірибелер жасауға үйретіледі.

8-сынып оқулығы құрылымындағы басты жаңалық ─ «Зат туралы жалпы түсінік» тарауының мазмұнында. Бұл тарауда атом құрылысы туралы алғашқы мәліметтер беріліп, атом ядросы мен электрондық құрылысы жөнінде біршама қарапайым деңгейде нақтылы білім беру көзделген. Осы білімнің негізінде изотоптар және химиялық байланыс түзілу механизмі жөнінде хабардар етіледі. Тарауды оқыту барысында зат құрылысының элементар деңгейінен макродеңгейіне біртіндеп күрделеніп, нәтижесінде молекулалардың түзілуі, молекулалық және беймолекулалық заттар және олардың кристалдық торларының құрылысы жөнінде білім беріледі. Мұның өзі оқушыларда заттың дамуы туралы эволюциялық көзқарас қалыптасуына жәрдемдеседі. Бір қарағанда атомның электрондық қабығы туралы алғашқы түсініктер 8-сынып оқушысына ауыр емес пе деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Бірақ осы материалдар атом мен молекулаға бірден ғылыми анықтама беруге жәрдемдеседі. Бұған дейін атом мен молекула заттың ұсақ бөлшектері ретінде анықталып келді. Атомды ажырату үшін химиялық бөлінбейтін бөлшек деп, оның физикалық табиғатына қайшы белгісі көрсетілді. Изотоптар жөнінде түсінік беру арқылы салыстырмалы атомдық массаны қалай есептейтіні жөнінде нақтылы білім қалыптастырылады. Сонымен, атом құрылысы туралы алғашқы түсінік химиялық элементке, салыстырмалы атомдық массаға бірден-бір дәл анықтама беру үшін және химиялық байланыс туралы бастапқы ұғым беру үшін қолданылады.

Келесі III, IV, V тарауларда негізінен бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары: оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздардың құрамы, құрылысы аталуы, алынуы, қасиеттері және қолданылуы жайындағы бастапқы түсініктер қалыптастырылады, ал VI тарауда электролиттер мен бейэлектролиттер, иондық теңдеулер құру жөнінде алғашқы мағлұматтар беріліп, ион алмасу реакцияларымен таныстырылады.

«Химиялық реакциялар» тарауында химиялық реакциялардың жүру жағдайлары, жүру заңдылықтары қарасырылып, элемент және оның қосылыстарының генетикалық байланысын көрсететін химиялық реакциялармен білімдерін бекіту көзделген.

«Химиядағы сандық қатынастар» тарауында химиядағы стехиометриялық есептеулер, зат мөлшері, газдардың мольдік көлемі мен салыстырмалы тығыздығын пайдаланып есептеулер жүргізу әдістері жөнінде білім беріледі.

Оқулық «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары және электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан олардың химиялық қасиеттері жөніндегі мағлұматтарды қорытындылау» тарауымен аяқталады. Бұл тарауда оқушылар білімін бір жүйеге келтіру мақсаты көзделген. Оқулықта әр тарау сайын оқушылар білімін бекітуге арналған практикалық жұмыстар мен зертханалық тәжірибелер қамтылған. Сондай-ақ, әр параграфтың соңында жоғарыда айтылғандай тиісті жаттығулар, есептер мен тпасырмалар шартты белгілермен айшықталып берілген.

Оқулыққа қосымша мұғалімдерге арналған «Химиядан әдістемелік нұсқау» және оқушыларға арналған «Химиядан жұмыс дәптері» жарық көрді. Әдістемелікте химияны оқытудың жалпы мәселелері, химияға қатысты қосымша Қазақстанның химия ғылымына байланысты материалдар, тақырыптық үлгі-жоспар, әр сабақты өткізудің үлгі-әдістемелері және сыныптан тыс жұмыстарға пайдаланатын қосымша материалдар берілген.

Оқушыларға арналған жұмыс дәптерінде оқылыққа сәйкес білімдерін бекітуге, тереңдетуге арналған әр түрлі жаттығулар мен есеп түрлері қамтылда. Тапсырманы бірден жұмыс дәптеріне орындауға болатындықтан уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. [4]
1.4 9-сыныпқа арналған «Химия» оқулығының құрылымы мен ерекшеліктері (авторы И. Нұғыманов).

Министрліктің бекітуімен жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған оқулықтың өңделгеннен кейінгі құрылымымен танысатын болсақ.

Оқулық алғысөзден, 8-сыныптағы химия пәнінің негізіг тақырыптарын қайталау бөлімінен және төрт тараудан тұрады.

Бұрынғы дәстүрлі оқулықтарда осы жылы оқылытын жаңа материал бірден басталатын болса, 9-сыныптың жаңа буын «Химия» оқулығын бағдарламаға сәйкес 8-сыныптағы химия пәнінің негізгі тақырыптарын қайталаудан басталған. Бұл бөлімде «Атом құрылысы», «Д.И. Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі» мен «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жөніндегі мағлұматтар» деген екі параграф қамтылды.

I тарауда электролиттер, бейэлектролиттер, электролиттік диссоциация және диссоциациялану механизмі, ион алмасу реакциялары, тұздар гидролизі жөніндегі негізгі мәселелер, т.б. материалдар қамтылды. Иондардың қасиеттерін және олардың олардың арасындағы алмасу реакцияларының мәнін тереңдете ашу мақсатында иондық сапалық реакциялары және гидролиз кезінде индикаторлар түсінің өзгеруіне кестелер берілді.

II және III тараулар осы ретпен бейметалдар мен металдарға және олардың табиғи қосылыстары мен маңызына арналды. Бұрынғы оқулықтардан өзгешелігі ─ бейметалдар мен металдарды топшаларға бөліп қарастырылмаған. Оларға ортақ мәселелер жалпы түрде баяндалғаннан кейін, қосылыстары табиғатта жиі кездесетін және практикалық маңызы жоғары өкілдері мен олардың қосылыстары жөнінде білім беру көзделді.

Тағы бір ерекшелігі ─ бұл тарауларда бейметалдар мен металдарды және олардың қосылыстарын қолдануымен байланысты туындайтын экологиялық мәселелер, Қазақстанда кездесетін табиғи қосылыстары мен кен орындары жөнінде білім беріледі.

IV тарауда 9-сынып оқулығындағы басты жаңалықтардың бірі органикалық заттар жөніндегі алғашқы түсініктер берілді. Бұл тақырып жаңа білім беру реформасына сәйкес мектептің негізгі сатысында аяқталған білім беруді көздейді. Тарауда органикалық заттар жөнінде алғашқы түсініктер ғана берілгенін қайталай отырып, білім мазмұны мектептің жоғарғы сатысында немесе арнайы орта оқу орындарында жалғастыруға мүмкіндік беретіндей етіп қана іріктелген. Сондай-ақ химиядан 8, 9-сыныптарға арналған бағдарламада (2004ж.) көрсетілмесе де, оқулықта альдегидтер мен күрделі эфирлер жөнінде алғашқы түсініктер беріліп, қосымша материал ретінде кіші шрифтілермен терілді. Альдегидтер жөнінде материалдың берілу себебі органикалық қосылыстар (спирттер → альдегидтер → карбон қышқылдары) арасындағы генетикалық байланыстарды толық ашу және органикалық қосылыстар жөнінде бірізді жүйелі білім беру мақсаты көзделді. Күрделі эфирлердің құрылымы мен қасиеттері жөнінде бастапқы білімі жоқ оқушыларға майлар мен синтетикалық жуғыш заттар туралы айту тіпті қиын болатыны сөзсіз. Сондай-ақ кейбір заттардың өндірісте өндірілуі жөнінде, мысалы, күкірт қышқылы, аммиак, шойын, болат өндірістері жөнінде де материалдар берілді.

Химия пәнін химиялық экспериментсіз оқыту мүмкін емес, сондықтан оқулықта әр тарау сайын оқушылар білімін бекітуге арналған зертханалық тәжірибелер мен практикалық жұмыстар қамтылды. Бұл жұмыстар мазмұны теориялық білімді іс жүзінде дәлдеуге мүмкіндік беретін және орындалу техникасы кез келген мектептің жағдайына лайық тәжірибелер мен мүмкіндігінше әр зертханада бар, жеңіл табылатын реактивтерді пайдаланатын болады. Оларды мұғалім мектептің жағдайына лайықтап, өзгертіп қолдануына болады. Сондай-ақ әр параграфтың соңында жоғарыда айтылғандай тиісті жаттығулар, есептер, әр түрлі тапсырмалар деңгейге бөлініп, шартты белгілермен айшықталып берілген. Оқулық соңындағы қосымшада оқушыларға арналған химиялық тапсырмаларды орындауға көмегі бар кестелер және сан есептерінің жауаптары келтірілді. Кітап мұқабасының ішкі беттерінде ең қажетті болып табылатын «Д.И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесі» мен «Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың суда ерігіштігі» кестелері басылды. Оқулықта берілген суреттер негізінен параграф мазмұнын ашатындай етіліп, екі түрлі түспен берілген. [2]

Оқулықпен бірге мұғалімдерге арналған «Химиядан әдістемелік нұсқау» және оқушыларға арналған «Химия есептері мен жаттығулары жинағы» да оқулыққа сәйкестендіріліп өңделді.

Әдістемеде химия оқулықтарын дайындау тұжырымдамасы, оқулықтағы негізгі мазмұнды таңдап алу ұстанымдары, құрылымы жөнінде, тақырыптық жоспар мен әр сабақтың жалпы түрдегі әдістемелері, Қазақстандағы химия ғылымынң дамуы, химик ғалымдар және маңызды кен орындары жөнінде материалдар беріліп, үлгі ретінде химиядан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі келтірілген.

Есептер мен жаттығулар жинағы оқу-әдістемелік кешендердің маңызды бөлігі. Онда оқулықта берілген теориялық материалдарды бекітіп, дамытатындай біртіндеп күрделену ұстанымы сақталып, деңгейлеген (алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) есептер, жаттығулар және қазіргі күн талабына сай бірнеше жауаптарынан дұрысын таңдау арқылы орындалатын тест тапсырмалары берілді. Сондай-ақ химиядан терең білім алғысы келетін оқушылар үшін жоғары шығармашылық деңгейдегі олимпиадалық есептер мен жаттығулар қамтылды.



ХИМИЯ
О. С. Габриелян, Ж. А. Шоқыбаев

Химия. 8-сынып.

О. С. Габриелянның 8-сыныпқа арналған “Химия” оқулығында жалпы білім беретін орта оқу орындарында міндетті теориялық және практикалық материалдар берілген.
ХИМИЯ
О. С. Габриелян, Ж. А. Шоқыбаев

Химия. 9-сынып.

9-сыныпқа арналған “Химия” оқулығымен бірге негізгі мектепке арналған толық курс болып табылады. Оқулық жалпы білім беретін мемлекеттік білім стандартына сәйкес жазылған.

Бұл оқулықта химиялық элементтерге сипаттама, металдар, олардың қосылыстарының қасиеттері, бейметалдар, органикалық заттар туралы мағлұматтар беріледі.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет