Хх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиеті дамуының алғАШҚы кезеңі электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет35/109
Дата08.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#119301
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   109
Байланысты:
treatise124489
10 Практ Рахат, Документ (2) (копия), Шумер мәдениеті және жазу түрлері
Драматургиядағы 
жетістіктер.
Жүсіпбектің 
жан-жақты 
шығарма-шылық тұлға екендігінің бір көрінісі оның драмалық 
шығармалар жазуынан байқалады. Пьесаларының ертерек жарық 
көруіне қарағанда, ол өзінің шығармашылық талабын осы 
жанрдан байқап көрген сияқты. Кейін бар есіл-дерті прозаға 
ауғаннан кейін ғана, бұл бағыттағы ізденістерін біраз уақыт 
тоқтата тұрған болуы керек.
 
Жүсіпбектің драмалық туындылары өзі көрген, сезінген 
дәуірдің күрделі окиғаларын саралауға, олардың әлеуметтік мәнін 
ашуға бағытталған. Оның "Рабиға", "Мансапқорлар", "Қанапия-
Шәрбану", "Ел қорғаны", "Шернияз" сиякты драмалық 


47 
шығармалары бар. Мүның ішіндегі екі шығарма айрықша 
тоқталуды қажетсінеді. Олар — "Қанапия-Шәрбану" және 
"Шернияз". Өйткені бұл пьесалар – толыққанды драматургияның 
алғашкы үлгілері болуымен бірге, Ж. Аймауытовтың драматург 
ретіндегі колтаңбасын айқын танытатын дүниелер. 
"Қанапия-Шәрбануды" Жүсіпбек 1916-17 жылдары жазған. 
Кейіннен қайта өңдеп, 1925 жылы жарыққа шығарған. Пьесадағы 
оқиға 1916 жылдың дүрбелеңі кезінде өтеді. Негізгі тартыс бірін-
бірі сүйген екі жастың қосыла алмауына байланысты өріледі, 
Шығарманың басты кейіпкері Шәрбанудың өз сүйгеніне 
қосыла алмау қаупі 1916 жылдың касіретті оқиғасының кесірінен 
туады. Әкесі Исатай ұл баласын солдаттан қалдыру үшін қызын 
Сазанбай байға беруге келіседі. Бұл әлеуметтік теңсіздіктен туған 
тағдыр тәлкегі еді. Жастар трагедиясы замана алға тарткан зор 
қасірет аркылы ашылады. Пьеса Қанапияның соғыстан оралып
Шәрбануға үйленуімен аяқталады. Олар Кеңес өкіметінен пана 
табады.
Төрт пердеден тұратын драмалық шығармада жанр табиғатына 
тән тартыс, толымды жасалған тұлғалар бар. Пьесада ескілікті 
тұрмыстың шынайы суреті көрініс тапқан. Оқиға дамуы, 
шиеленісі, өрістеуі, жетілуі бәрі-бәрі драмалық шығармаға 
қойылар талап деңгейінен шыққан.
Жүсіпбек Аймауытовтың ең үздік пьесасы — "Шернияз" 1926 
жылы жарық көрген. Мүнда төңкерістен кейінгі ұлт 
зиялыларының тағдыры бейнеленген. Бас кейіпкер Шернияздың 
прототипі — ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров. 
Шернияз - елін сүйген, ең үлкен парызым туған елге кызмет 
ету деп сынайтын озық ойлы зиялы қауымның өкілі. Оған қарама-
қарсы сипатта Базарбай бейнесі алынған. Ол да оқыған, зиялы 
адам. Бірақ ол — өз бойындағы жетістікті, өзгеден 
артықшылықты жеке пайдасына, өз қызығына ғана жұмсауды 
көздеген жан. 
Ел қамын ойлаған азамат ретінде қазак басындағы қасірет 
жанын жеген Шернияз ақын әлеуметтік істен, өзін қоршаған 


48 
ортадан да опасыздық көріп, сергелдеңге түседі. Ол өмірден 
түңілгендей күй кешеді. Шернияз бейнесі арқылы жазушы өз 
дәуірінің оқыған, зиялы азаматының, жан дүниесі күрделі 
ақынының өз заманы арқалатқан ауыр қасіреттен шеккен 
күйзелісін шебер де нанымды суреттейді. 
Пьеса өлеңмен жазылған әрі ақ өлең үлгісі де молынан 
кездеседі. Бұған себеп: бас кейіпкерлерінің ақын болып келуінен 
болса керек. Бұл кейінгі қазақ драматургиясына өзгеше үлгі 
болып енді. 
Жүсіпбек Аймауытов — бойына сан қырлы шығармашылық 
еңбекті біріктірген түлға. Оның шығармалары қай жанрда 
жазылса да, көркемдік жетістерімен ерекшеленіп отырады. Оның 
жарқын идеялы көркем шығармалары қашанда қазақ әдебиетінің 
табысына саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет