Информатика



бет46/119
Дата03.02.2017
өлшемі17,37 Mb.
#8600
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   119

Негізгі функциялары:

  • Форматтау және мәтін стильдері;

  • Кестелер мен тізімдер жасау;

  • Колонтитулдар мен сілтемелер орнату;

  • Суреттерді енгізу мен масштабтау;

  • Емле тексеру;

  • Мазмұн даярлау;

  • Басып шығару.



6-слайд Apple iWork Pages

Құрамында құжатты дайындауды оңайлататын үлгілер жиыны бар. iLife (музыка, фото, түріео) бірріккен шолушыдан мультимедиа орнатуға мүмкіндік береді. Толық экран, жаңару, өздігінен сақталу, құжат нұсқаларын сақтау функциялары бар. iOS үшін программа нұсқасы бар.

Құжаттарды төмендегідей форматта сақтауға болады:


  • Pages құжаттары (.pages)

  • Microsoft Word құжаттары (.doc)

  • PDF файлдары(.pdf)

  • Форматталған мәтін (.rtf)

  • Жай мәтін(.txt)

  • Электронды кітаптардың ашық стандарты




7- слайд Apache OpenOffice.org Writer

Writer арқылы Microsoft Word, RTF, XHTML пен OASIS Open Document Format сияқты форматтарда құжат сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, MediaWiki форматында құжат сақтауға да болады.

Corel WordPerfect (WDP), 602 Document(.602), WPS Word (WPS) құжаттарын импорттауға да болады.

OpenOffice.org құрамына кіретін программалар сияқты Writer Linux, Mac OSX, FreeBSD пен Microsoft Windows сияқты операциялық системаларды жұмыс істей алады.






8- слайд Microsoft Office Word

Microsoft Office Word (күнделікті — MS WordWinWord немесе жай ғана Word) - Macintosh компьютерлерінде және WindowsDOS ортасында жұмыс істейтін, қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі. Құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы. Оның соңғы нұсқалары шағын баспа жүйесі ретінде кітап, газет- журналдар шығаруда кеңінен қолданылады. 




9- слайд Сыныпқа сұрақ
Word- тың қандай мүмкіндіктерін білесіз?





10- слайд Microsoft Office Word-тың ерекше мүмкіндіктері

  • Суреттер немесе өң сияқты түрлі- түсті фотосуреттер немесе көрнекі суреттер пайдаланып әдемі мәтін жасау және карталар мен кестелер сияқты деректер қосу үшін Word бағдарламасын пайдалануыңызға болады.

  • Word бағдарламасы мәтін жасау үшін түрлі көмекші мүмкіндіктерді береді, олардың көмегімен мақалалар немесе есептер сияқты іскери құжаттарды оңай аяқтай аласыз.

  • Ашықхат немесе хатқалта мекенжайларын басып шығаруыңызға болады.

  • Word бағдарламасы құжаттар, электрондық кестелер мен көрмелер жасауға және электрондық поштаны басқаруға арналған бағдарламаның бірнеше түрлерін біріктіретін өнімдердің бумасы болып табылатын «Office» бумасының бір бөлігі болып табылады.




11- слайд Microsoft Office Word-тың ерекше мүмкіндіктері

Microsoft Office Word құжатына 3 түрлі кілт (пароль) қоюға болады:



  • Құжатты ашу үшін кілт;

  • Құжатты өзгерту үшін кілт;

  • Құжатты өңдеу үшін кілт. MS Word 2007\2010 сияқты жаңа нұсқаларда бұл кілт түрі «Пароль для Ограничения форматирования и редактирования» деп аталады.




12- слайд Microsoft Office Word редакторын тағайындау

  • Word-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.




13- слайд Microsoft Office Word редакторын іске қосу

Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырлады:



  1. Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.

  2. Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.

  3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.

  4. WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т. б.




14- слайд Microsoft Office Word редакторымен жұмыс істеуді аяқтау

  1. Файл→Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;

  2. WORD негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

  3. Тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

  4. Редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу;

  5. Тікелей Alt+F4 пернелерін басу.

Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да) керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) оны да растап беруіңізді өтінеді. Қалауыңыз бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруіңізге де (Болдырмау-Отмена) болады.



15- слайд Сыныпқа сұрақ
Программа интерфейсін кім түсіндіріп бере алады?


Каталог: uploads -> doc -> 1057
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1057 -> Сабақтың тақырыбы: М. Тәнекеев. Қажымұқан Мектеп:№19 Күні: 10. 12. 16 Мұғалім: Ашуханова А. К
1057 -> Сабақтың тақырыбы: Металды қолмен оттекті кесу. Сабақтың мақсаттары
1057 -> Шаблон для закрытых вопросов (пять вариантов ответов)
1057 -> Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы Тобы: мб-11


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет