Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология



бет1/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.


ІШКІ АҒЗАЛАР ТУРАЛЫ ІЛІМ - СПЛАНХНОЛОГИЯ
Жасыл – қате жерлері түзетілген, Лунара Әлібекқызына жіберілген бірінші экземплярға да қою керек.
Ішкі ағзаларға,viscera,splanchna, ас қорыту, тыныс алу жүйелері мен несеп- жыныс аппараты жатады. Ағзалар жүйесінатқаратын қызметі біртектес, даму тегі мен жалпы құрылымы ортақ ағзалар құрайды. Мысалы,ас қорыту жүйесі ағзаларының қызметі - ас қорыту, шығу тегі - алғашқы ішектен дамиды және жалпы құрылымы ортақ болып келеді. Ағзалар аппаратын – атқаратын қызметі біртектес, бірақ даму тегі мен жалпы құрылымы әр – түрлі ағзалар немесе атқаратын қызметтері әр – түрлі, бірақ дамуы мен құрылымы ортақ ағзалар құрайды. Мысалы,тірек – қимыл аппаратына сүйек жүйесі, сүйектер қосылыстары және бұлшықеттер біріктіріледі. Бұл аппаратқа кіретін ағзалардың қызметі бір, олар организмге тірек болады және дененің қимылын қамтамасыз етеді. Бірақ, олардың шығу тегі мен қүрылымы әр – түрлі болып келеді. Ал, несеп – жыныс аппаратын түзетін, несеп және жыныс ағзалары дамуы мен құрылымы жағынан тығыз байланысты болғанымен, әр – түрлі қызметтер атқарады.
Ішкі ағзалар қуысты ( түтікті ) және ұлпалы ( паренхималы) ағзалар деп екі топқа бөлінеді. Қуысты ағзалар қабырғаларының жалпы құрылымы біртектес болып келеді де, негізінен төрт қабықтан тұрады. Кейбір қабық өз алдына бірнеше қабаттардан тұрады ( мыс, шырышты қабық үш қабаттан түзіледі,оларды гистология пәнінен оқисыздар). Ағзаның қуысы жағынан бастап, сыртқа қарай қарастырғанда: біріншісі - шырышты қабық, tunica mucosa; ( М.Р.Сапин, 1 том, 2001, рис206, Строение слиз. об. Обозначенияларын өзім қазақша жазамын) Суреттердің нөмірлерін соңында қоямыз. Қазір Сапин бойынша тұра береді. екіншісі – шырышасты негізі,tela submucosa; үшіншісі - бұлшықетті қабық, tunica muscularis; төртіншісі - дәнекертінді немесе сірлі қабық, tunica adventicia seu tunica serosa,-

деп,аталады. Кейбір ағзалардың қабырғалары үш (мыс. жатырда - шырышасты негізі болмайды), кейбіреуінікі бес қабықтан ( мыс. асқазанда: сірліасты негізі,tela subserosa, болады) түзіледі.








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет