Максутова Г.А.Қызылорда облысының денсаулық сақтау
басқармасының «№3 қалалық емханасы»шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның бас дәрігері
Ұсынылып отырған оқу құралы «Кіріспе», «Науқасты клиникалық тексерудің жалпы әдістері», «Тыныс алу ағзаларының аурулары бар науқастарды тексеру әдістері», «Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері», «Ас қорыту ағзаларының аурулары бар науқастарды тексеру әдістері», «Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері», «Қан түзу жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері», «Эндокринді жүйе және зат алмасу аурулары бар науқастарды тексеру әдістері», «Сүйек-бұлшық ет жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері», «Аллергиялық аурулары бар науқастарды тексеру әдістері» бөлімдерінен тұрады.
«Кіріспе» бөлімінде ІАП-ның маңызы. Ішкі аурулар ғылымының даму тарихы берілген.
«Науқасты клиникалық тексерудің жалпы әдістері» бөлімінде субъективтік,объективтік, қосымша тексеру әдістері туралы мәліметтер берілген.
Жоғарыда аталған басқа бөлімдерде осы ағзалардың аурулары бар науқастардың басты синдромдары, субъективтік,объективтік, қосымша тексеру әдістері қарастырылған.
Оқу құралы медицина колледжінің білім алушыларына,оқытушыларына арналады.