Ф-әД-001/046 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет1/42
Дата17.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#191931
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
4. Лекция тезистері Word
тест өбс-811, 13-Дәріс.Басқарушылық және көшбасшылық, КТ сессия Шахсанам, КТ сессия Шахсанам, GELENEK VE D N T RKMEN STAN IN D N HAYATINDA GELENE N ROL [#436985]-826881, Дәріс 3-4. Азаматтық-саяси қарама-қайшылықтар, Дәріс 3-4. Азаматтық-саяси қарама-қайшылықтар 2, Акимшилик жауаптары (копия), кылмыстык бож 111

Ф-ӘД-001/046


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ


СПОРТ және ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ


«ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ» КАФЕДРАСЫ
6В010404-Бастапқы әскери дайындық
«Жергілікті жерді бағдарлау және туризм» пәнінен
ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

Түркістан-2023ж


Лекция жинағы жоғары оқу орнындағы білім беру бағдарламаларының/мамандықтардың білім алушыларына арналған.


Лекция жинағын дайындаған: оқытушы, полковник Б.Ж. Куанышбаев


Лекция жинағы кафедраның « ». 09. 2023 ж. мәжілісінде талқыланды. (№1 хаттама)


Кафедра меңгерушісі: PhD А.О. Рахымжанов


Спорт және өнер факультетінің №1 « ». 09. 2023 ж.


Факультеттің оқу-әдістемелік комитет кеңесінде қаралып, мақұлданды.


Факультеттің оқу-әдістемелік комитетінің төрағасы У.А.Кулетова

1. Лекция тақырыбы: Қысқы және жазғы бағдарлану. Қысқы және жазғы бағдарлану.


1 Жоспары:

2. Мақсаты мен міндеттері: Қысқы және жазғы бағдарлану. Қысқы және жазғы бағдарлануды үйрету.
3 Лекция мазмұны (қысқаша):
Әрбір жауынгер ұрыс даласында табысты әрекет етуі үшін, тек қаруды меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар жергілікті жерде жақсы бағдарлана білуі қажет. «Бағдарлану» сөзі латынның oriens, яғни “шығыс” деген сөзінен шыққан. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені шығыс ежелгі уақыттан бері маңызды тұс болып саналған: шығыс жақтан күн шығады. Ал Күн – Жердегі жылу мен жарықтың қайнар көзі.
Жергілікті жерде бағдарлану – яғни бұл көкжиек тұстарына қарай бағыт табу – солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс, айналадағы жергілікті заттар қатынасында, бедер пішінінде өз тұрған орнын анықтау; қозғалыста керекті бағыт табу және осы бағытта жолда ұстанып жүру.
Бағдар деп жақсы айқындалатын жергілікті заттар мен бедер элементтері қатынасында өз тұрған орнын анықтап, қозғалыс бағыты және нысаналар мен объектілердің орындарының көрсетілуін айтамыз. Бағдардың жергілікті жерде көзге бірден көзге түсуі үшін, бағдар маңында орналасқан басқа элементтердің пішіні, мөлшері немесе бояуы жағынан ерекше айқындалып тұруы тиіс.
Жергілікті жерді зерделеу және есте сақтау өз маңайынан үш-төрт ерекше көзге түсерлік бағдарларды іріктеп алудан басталады. Олардың сыртқы түрі мен өзара орналасуын жақсылап есте сақтап және ол қажет болған жағдайда оны маяк ретінде өз тұрған орнын анықтап тексеру немесе қажетті бағытта қозғалыс жолын табу үшін қолдану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет