СӨЖ №4. "Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары: қазақ тілінің араб таңбасынан кириллицаға ауысуы және А. Байтұрсынов бастаған топ реформаларына қарсылық көрсетуі".
Орындаған: Рахметжанова А.
Тексеруші: Болатовна А.
Жоспар:
1.Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары.
2. А. Байтұрсынов бастаған қарсылық жұмыстары.
Кіріспе
Соғыс халыққа білім беру жүйесіне және мәдени-ағарту мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайына ауыр тиді. Олардың кадрлық әлеуеті өте қатты әлсіреді. Мектеп, техникум, жоғары оқу орындары, клуб және кітапхана ғимараттары бірқатар жылдар бойы жөнделмеді және олардағы құрал-жабдықтар тозып бітті, әскери және шаруашылық органдар өздері отырған оқу ғимараттарын, жатақханаларды, мәдени мекемелер үйлерін босатуға асықпады. 50-жылдардың қарсаңында республикадағы оқу үйлерінің үштен бірінің өз ғимараттары болмай, түрлі кеңселердің дәліздеріне, тұрғын үйлерге жайғасты. Қызыл бұрыштардың үстел және шкафтармен жабдықталынуы тисті мөлшердің тек 15% болды, патефондар мен музыкалық құралдармен - 31%, көлікпен - 27%, ғимараттармен 16% ғана жабдықталды. Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің 80% лайықталмаған ғимараттарға орналасты, олардың көпшілігі сабақ өткізуге жарамсыз болатын. Республикадағы мәдени –ағарту қызметкерлерінің 70%-дан астамы және мұғалімдердің 30% толық емес орта білімді ғана еді.
Балалардың орасан көп бөлігі мектептен білім алуға қамтылмады. Мысалы, 1948 жылы 7-15 жастағы 200 мыңнан астам бала киімі жоқтық, мектептің алыс елді мекенде орналасуы, отбасында жалғыз ғана асыраушы болуы, мектеп жасындағы қыздардың ерте күйеуге шығуы сияқты түрлі себептермен оқудан қол үзіп кетті. Осындай жағдайда мектепте білім беру, мектеп ісін дамыту және тұрғындарға мәдени-ағарту қызметін көрсету шараларын ұйымдастыруды жақсартуды республика басшылығы қолға алды. Мектептер жанынан интернаттар ашылды, ұжымшар мен кеңшарлардың, шалғайдағы мал шаруашылықтарындағы жұмысшылар мен колхозшылар балаларының есебін алу жүйелі жүргізілді, селолық және орта мектептерге қазақ қыздарын тартуға бақылау жасау күшейді. 1948-1951 жылдары республика бойынша мұғалімдерді үймен қамтамасыз ету жөніндегі үкіметтің үш жылдық жоспарын орындау науқаны өтті . Мамандығы мұғалім, алайда әр түрлі себептермен халық шаруашылығының басқа салаларында жұмыс істеп жүрген кадрлар педагогтық жұмыстарға қайта шақырылды.
Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырлардың ерте кезеңінде-ақ (7 – 8 ғ.) көптеген мектептер, мұсылманша бастауыш оқу орны мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастаған. Ауылдық мектептер кең-байтақ өлкенің түкпір-түкпірінде орналасқан. Ол жерлерде молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналды. Балалар қыс, күз айларында ғана (жылына 4, не 6 ай) оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға жеті жастан бастап қабылданған, кейбір ауылдық жерлерде 7 – 9 жастағы балалар бірге оқи берген. Оқу ақысы заттай төленген, жыл аяғында емтихан тапсыру, мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік беру тәртібі сақталмаған. Сауат ашу жолы араб әріптері мен сөздерін жаттауды, әсіресе құранның араб тіліндегі мәтінін жатқа білуді мақсат етті. Қалалардағы медреселерде ислам дінін уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерінің молдаларын, казиларды, діндар сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауазымды дін қызметшілерін даярлаған. Ол мұсылманшылық рәсімдерін таратушы оқу орны ғана емес, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарды. Белгілі ақындар, тіпті ағартушы-демократ ретінде танылған қазақ зиялыларының біразы осындай медреселерді тамамдаған. Медреселердің жанында кітапханалар болды. Оқу мерзімі шәкірттің алғырлығына, үлгерім қабілетіне байланысты болған. Оқуды тамамдаған шәкірттерге ресми құжат табыс етілді. Киіз үйлерде оқытатын мұсылман мектептері ауылдармен бірге көшіп-қонып жүрген. Бай саудагерлердің қаржыларына салынған қала медреселері ғана арнаулы үйлерге орналасты. Бұл мектептерде оқу жоспары, бағдарламалары және тұрақты сабақ кестелері болған жоқ. Осы мақсатта Омбыда 1789 ж. “Азиялық училище” ашылды. Бұл оқу орнына қазақ балалары да қабылданды.
|