Үйренушілерге қарапайым ұсыныстар



бет1/8
Дата03.10.2023
өлшемі1,74 Mb.
#183488
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№3 ӨкпеАуск 2
жүктілік қалқанша без (копия), Акерке , 181-Lectures-6-7-8, Глосарий 61945ab8d4223ce5ef878e63b49ca410, Биофиз 1рк 99 , Требования к внешнему виду медицинского персонала, Требования к внешнему виду медицинского персонала, курстык, коммуникативная компетентность врача, Анатомия теориялық база, Занятие 1 Ознакомьтесь с таблицей. Каковы лексические, морфологи, Анат лекция, лейкоз 301б, Нейроинфекции 1, БИОФИЗИКА 2 РК 100 дұрыс

«Тыныс жүйесі» модульі

  • Тақырып: «Өкпе аускультациясы. Ережелері мен техникасы».

Үйренушілерге қарапайым ұсыныстар:

  • Ауруды тыңдауға бармастан бұрын кемінде 5 минут тыныштықта болыңыз. Осы әдіс, әсіресе төмен жиіліктегі «өкпелік» дыбыстарды естуді 2-5 рет өсіруге мүмкіндік береді.
  • Науқасты аускультациялау алдында оған нұсқаулар беріңіз, оны өзіңізге сендіріңіз, терең дем алғанда бас айналуы мүмкіндігін ескертіңіз.
  • Аускультацияны әдеттегі ретпен бастаңыз, негізгі тыныс шулары сипатын анықтаңыз.
  • Қалыпты тынысты анықтағаныңызға сенсеңіз (везикулярлы тыныс, тыныс шулары жоқ) өкпе аускультациясы аяқталады.

Өкпе аускультациясының негізгі ережелері:

  • Бөлме тыныш, әрі жылы болуы тиіс.
  • Науқас беліне дейін шешініп (егер жағдайы мүмкіндік берсе) түргеп тұрады.
  • Стетоскоп кеудеге тығыз тақап қойылады.
  • Әр тыңдау нүктесінен 2-3 тыныс циклі тыңдалады.
  • Алғашқы тыңдағанда патологияға күдікті жерді, науқас 2-3 рет терең дем алған кезіде қайта тыңдаңыз.
  • Егер осындай жер бірнеше болса, онда әр 2-3 терең тыныстан соң науқасқа 20-30 секундтай үзіліс беріңіз. Себебі гипервен-тиляция салдарынан бас айналуы мүмкін
  • Алдыменен негізгі тыныс шуына сипаттама беріледі, соңынан болса қосымша тыныс шуы сипаты нақтылаңыз.

Міндетті түрде науқасты жөтелгеннен соң тыңдаңыз. Кейде қақырық ұсақ бронхты бітеп тастайды. Олар тынысқа қатыспағаннан тыныс естілмейді. Жөтелгеннен соң бронх вентиляциясы орнына келуі мүмкін, сүйтіп «мылқау» аймақ-тар «сөйлей» бастайды – патологиялық аускультативті өзгерістердің бірі пайда болады Әсіресе жөтелден кейін крепитация анығырақ анықталады.

Өкпе аускультациясы

  • Трахеобронхиальды тармақтары өткізгіштігін бағалаудың ең маңызды әдісі;
  • Перкуссиямен бірге бұл әдіс өкпе мен плевра жағдайын бағалауға мүмкіндік береді;
  • Өкпе аускультациясына жататыны:
  • - негізгі және қосымша тыныс шуларын
  • тыңдау;
  • - патологияға күдік болған жағдайда кеудеге сыбырлап айтқан сөздер өтетінін тыңдау – бронхофонияны анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет