МАҢҒыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2017 жыл мазмұНЫ



бет1/19
Дата04.07.2018
өлшемі1,34 Mb.
#46321
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


Маңғыстау облысы әкімдігінің

2017 жылғы «30» қаңтардағы

№ 20 қаулысына

қосымша



МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫН

ДАМЫТУДЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА

АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ


Ақтау, 2017 жыл
МАЗМҰНЫ


1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ 5

2. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ 10

2.1. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау 12

2.1.1. бағыт. Экономика. 12

2.1.2. бағыт. Әлеуметтік сала 53

Білім беру бойынша SWOT-талдау: 57

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ: 57

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ: 57

ҚАТЕРЛЕР: 58

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ: 64

демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, әлеуметтік мәні бар аурулардан өлім-жітімнің төмендеуі; 64

медициналық ұйымдар желісінің, оның ішінде «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасының аясында салу есебінен кеңеюі; 64

медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының нығаюы; 64

халықтың орта медициналық қызметкерлермен жеткілікті қамтамасыз етілуі; 64

Әкімнің гранты бойынша 250 студенттің елдің медициналық ЖОО-да оқуы; 64

медициналық ұйымдардың, денсаулық сақтау басқармасының 25 басшысының «Алматы менеджмент университетінің» Денсаулық сақтау менеджменті факультетінде оқуы . 64

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ: 64

облыс бойынша 2014 жылы дәрігер кадрлардың тапшылығы 356 маманды, ауылда 52 маманды құрады; 64

Ақтау қаласындағы МСАК ұйымдары инфрақұрылымының жеткілісіздігі; 64

бала табатын жастағы әйелдер денсаулығының төмен индексі; 64

жекелеген аудандардағы туберкулезбен ауырудың салыстырмалығы жоғарылығы: 64

әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша алдын алудың жеткіліксіз инфрақұрылымы. 64

2.1.3.2. Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардан сақтандыру 91

Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардан сақтандыру SWOT-талдау: 93

3.1.Бағыт. Экономика 120

3.1.1.Өңірлік макроэкономика 120

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» аясында моноқалаларды (Жаңаөзен қаласын) қолдау шараларын іске асыру; 136

қала экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін «зәкірлі» инвестициялық жобаларды іске асыру; 136

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» аясында шағын қалаларды (Форт-Шевченко қаласын) қолдау шараларын іске асыру; 137

Форт-Шевченко шағын қаласының брендингін әзірлеу және алға жылжыту; 137

қала экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін: басым салаларда (балық шаруашылығы; құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарын өндіруді дамыту; туристік индустрияны дамыту) «зәкірлі» инвестициялық жобаларды іске асыру; 137

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету: 160

өртке қарсы қызмет күштері мен құралдарының санын нормативтік мөлшерге дейін жеткізу; 160

өртке қарсы қорғау күштерінің техникалық қамтамасыз етілуін қамтамасыз ету; 160

өрт қауіпсіздігінің мемлекеттік емес күштері мен құралдарын құру және олардың тұрақты дйындықта болуын ұстап тұру; 160

ғимараттар мен құрылыстарды жаңадан салу, реконструкциялау кезінде өртке шыдамдылығы жоғары құрылыс материалдарының пайдаланылуын енгізу; 160

бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізудің ерекшелегін есепке ала отырып, өртке қарсы қорғаудың кәсіби, мемлекеттік емес және қоғамдық күштерін даярлау жүйесін жетілдіру; 161

объектілерде және қоныстық аймақта өртке қарсы қауіпсіздік іс-шараарының жай-күйіне мониторинг ұйымдастыру. 161

Өңірдің азаматтық қорғанысын ұйымдастыру: 161

азаматтық қорғаныс күштерiн техникамен жарақтаудың тиiмдi жүйесiн дамыту; 161

авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргiзу үшiн техникалық құралдар мен жанар-жағар май материалдарының резервiн құру (Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервін есепке ала отырып); 161

азаматтық қорғанысты басқару жүйесiнiң орнықтылығын арттыру (басқару пункттерiнiң қызмет ету тұрақтылығы, кешендi автоматтандырылған құралдардың болуы және деректердi беру т.б.) бойынша ұйымдық-техникалық шешiмдер кешенін әзiрлеу және іске асыру; 161

қосалқы басқару пункттерiнiң жай-күйін түгендеу және оларды жаңғырту бойынша бiрыңғай техникалық шешiмдердi әзiрлеу; 161

мейлінше маңызды объектілерге арналған құжаттаманык сақтандыру қорын құру, азаматтық қорғанысты басқару органдарын олармен жұмыс жасаудың техникалық құралдарымен жарақтандыру; 161

қосалқы басқару пункттерін құру; 161

мемлекеттік органдардың бюджеттерінде, ұйымдардың шығыс сметаларында азаматтық қорғаныс iс-шараларын жүзеге асыруға арналған қаражатты жыл сайын жоспарлау; 161

мемлекеттік қорғаныс тапсырысының, Қазақстан Республикасы экономикасын жұмылдыру жоспарларының, барлық деңгейлерде әзірленетін азаматтық қорғаныс жоспарларының және азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларды жою мәселелері жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарларының аясында ахылықты қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау; 161

бейбiт және соғыс кезiнде төтенше жағдайдан қорғану заттарын және тәсiлдерiн жетiлдiру мәселелерi бойынша қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлердi нақтылау және жаңаларын жасау. 161

3.4. Бағыт. Инфрақұрылым 161

76,0 169


76 169

80,0 169


82,0 169

84,0 169


86,0 169

88,0 169


Маңғыстау облысы әкімінің аппараты 169

МҚІСҚА ведомстволық есептілігі 169

5-бағыт. Экология және жер ресурстары 171


3.4. бағыт. Инфрақұрылым....................................................................................................................................................160

3.4.1. Байланыс және коммуникациялар…………..........…..……………......................................………..……...160

3.4.2. Құрылыс……………………………............................................................……...…...........................................…..….…..161

3.4.3. Жолдар және көлік……….....………………..............................................................................…………….….........162

3.4.4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық……..……...........................................................…..……..….....163

3.5. бағыт. Экология және жер ресурстары............................................................................................................164

3.5.1. Қоршаған ортаны қорғау..........................................................................................................................................164

3.5.2. Жер ресурстары…………....…………….............…............................................................................…….…………..167

3.6. бағыт. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер...............................................................................................168

4. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ...............................................................................................................................................169

1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ




Атауы

Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеуге негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» және 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Жарлықтары

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Маңғыстау облысының аумағы 166 мың км2 құрайды (Қазақстан Республикасы аумағы ауданының ≈ 6%-ы) және ол Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде, Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан.

Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық бөлінісі 3 қаланы (Ақтау қаласы, облыстық маңызы бар Жаңаөзен моноқаласы, аудандық маңызы бар Форт-Шевченко шағын қаласы), 5 ауданды, 46 ауылдық округті, 61 ауылдық елді мекенді қамтиды.

01.01.2016 жылға облыс халқының саны – 626,8 мың адам. Халықтың тығыздығы 1 шаршы километрге 3,8 адамды құрайды.

Маңғыстау облысы – Қазақстан мұнайының 25%-ы өндірілетін өнеркәсіптік өңір. Кен орындарының көпшілігі Жаңаөзен қаласының маңында және Бозашы түбегінде шоғырланған. Маңғыстау облысының аумағында мұнай мен газдың 60-тан аса кен орны барланған.

Маңғыстау облысы – Атырау облысымен және Алматы қаласымен қатар елдің үш донор өңірінің бірі.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі бойынша Маңғыстау облысы республикада төртінші орын алады. Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2015 жылы 3443,0 мың теңгені құрады (ҚР – 2258,1 мың теңге).



Бағыттар

Өңіраралық ынтымақтастық есепке алынған экономика

Әлеуметтік сала

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Инфрақұрылым

Экология және жер ресурстары

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер



Мақсаттар

Экономиканың орнықты өсуін қамтамасыз ететін өңірдің бәсекеге қабілетті мамандандырылуын қалыптастыру

Өңдеу салаларын және баламалы энергия көздерін дамыту

Мұнай-газ саласының орнықты дамуын қамтамасыз ету

Өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі машина жасау үлесін арттыру

Бәсекеге қабілетті металлургия өнімін өндіру

Мұнай өңдеу өнімдерін ішкі тұтынуды және олардың экспортын арттыру

Химия өнімдерін өндіру және экспорттау көлемін арттыру

Металл емес минерлды өнім өндіруді арттыру

Өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесін арттыру

Өңірде дәрілік заттар өндірісін құру

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін арттыру үшін жағдайлар құру

Шағын және орта бизнесті, қазіргі заманғы сауда форматтарын белсенді дамыту

Республиканың басқа өңірлерімен экономикалық және әлеуметтік-мәдени байланыстарды дамыту

Өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту

Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

Облыс халқының денсаулығын нығайту

Жұмыспен қамтуды, әлеуметтік көмектің және әлеуметтік қызметтерді көрсетудің тиімділігін көтеру

Облыс кәсіпорындарында еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету

Мәдениет қызметтерінің халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету

Бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту

Мемлекеттілікті және ел бірлігін одан әрі нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету

Туристік кластерді және туризм инфрақұрылымын дамыту

Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқып-үйрену үшін жағдай жасау

Құқықтық тәртіпті және өңірдің жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жүйесінің тиімділігін көтеру

Ақпараттық коммуникация саласын дамытуды, ақпараттық қоғамқа өтуді қамтамасыз ету

Құрылыс саласын, оның ішінде тұрғын үй құрылысын белсенді дамыту

Көлiктiк қол жетiмдiлiктi, өңірдің транзиттік әлеуетін көтеру

Тұтынушыларды коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуді жақсарту

Табиғи ресрусртарды сақтау және қоршаған ортаны жақсарту

Жер ресурстарының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету

Тірек ауылдық елді мекендердің және шекара маңындағы аудандардың серпінді дамуын қамтамасыз ету



Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін көтеру

Нысаналы индикаторлар

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлемінің индексі, алдыңғы жылға қарағанда %

Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім

Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі

Өңір экспортының жалпы көлеміндегі шикізат емес тауарлардың көлемін экспорттау үлесі

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған нақты көлемінің индексі

Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді мал басының үлесі

Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі

Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі

Сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес сауда объектілерінің санын ұлғайту («Бөлшек сауда» қызметі түрімен)

Басқа өңірлерге жөнелтілген өндірілген өнім көлемі (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша)

Басқа облыстың резиденттері мен резиденттер еместерінен сатып алынған тауарлардың жалпы қарағанда басқа өңірлерде сатып алынған тауарлардың үлес салмағы (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам көтерме кәсіпорындар бойынша)

Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны

Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі

Шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестицияның өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда)

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі

Жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін ұлғайту

Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептер саны

Жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы: 2020 жылы

Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, оның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен

15-28 жастағыжастардың жалпы санындағы NEET үлесі, % (NEET – ағыл. Not in Education, Employment or Training)

Мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектері мен оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылғандарының үлесі

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 14-29 жастағы тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейі

Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі

Мемлекеттік желілер нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

100 мың тірі туылғандарға шаққандағы аналар
өлім-жітімін төмендету


1000 тірі туылғандарға шаққандағы нәресте
өлім-жітімін төмендету


100 мың тұрғынға шаққандағы жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету

15-49 жас ерекшелігі тобындағы адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы, 0,2-0,6 % шегінде

Жұмыссыздық деңгейі

Жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жас)

Әйелдер жұмыссыздығының деңгейі

Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі

Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі

Жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке жарамды жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектердің саны

Өндірістік жарақат деңгейі (1000 адамға шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті)

Еңбек заңнамасының жойылған бұзушылықтарының үлес салмағы, жалпы санға %-бен

Заңды тұлғалар тартатын шетелдік жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы (шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота бойынша)

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі

Ең төменгі күнкөріс шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі

Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өмір сүретін жалпы халық санындағы АӘК алушылардың үлесі

Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде)

Жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі

Әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі

1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны: кітапханаға келушілер, театрға келушілер, концерттік ұйымдарға келушілер, мұражайларға келушілер

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту

Балалар мен жас өспірімдер жалпы санына қатысты
балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жас өспірімдерді қамту


Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер)

Өткен жылмен салыстырғанда сырттан келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер емес)

Өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-тәулік санының өсуі

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі

Ағылшын тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі

Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі

Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы

100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету

Жас өспірімдер жасаған қылмыстардың үлес салмағы

Бұрын қылмыс жасаған адамдардың жасаған қылмыстарының үлес салмағы

Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі

100 тұрғынға телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы

Интернетті пайдаланушылардың үлесі

Халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі

Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі

Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі

Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету

Қалалардағы орталықтандырылған сумен жабдықтауға және су бұрумен жабдықтауға қолжетімділік

Ауылдық елді мекендердегі орталықтандырылған сумен жабдықтауға және су бұрумен жабдықтауға қолжетімділік

Жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі: жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау

Жануарлар дүниесін қайта өндірудің негізгі капиталына тартылған мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемінің индексі

Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды кәдеге жарату үлесі

Облыстың халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту

Экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан)

Ластаушы заттардың: атмосфераға шығарындылардың, су объектілеріне төгінділердің нормативті көлемі

Жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры аумағында орманмен жабылған алқап ауданы

Жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры ауданында бір орман өртінің орташа ауданы

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту

Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру

Қажетті ресурстар

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, кәсіпорындардың (инвесторлардың) меншікті қаражаты, қарыз қаражат.

Қаржыландыру көлемі:

2016 жыл – 75 566,1 млн. теңге;

2017 жыл – 91 115,6 млн. теңге;

2018 жыл – 67 198,8 млн. теңге;

2019 жыл – 50 655,8 млн. теңге;



2020 жыл – 64 874,4 млн. теңге.

Барлығы: 349 410,7 млн. теңге.




2. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ

Өңірдің жалпы сипаттамасы

Облыс 1973 жылы құрылды және Қазақстан оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, солтүстік-шығыста – Атырау және Ақтөбе облыстарымен, батыста теңіз бойымен – Ресей Федерациясымен, Әзірбайжанмен және Иранмен, оңтүстікте – Түрікменстанмен және шығыста – Өзбекстанмен шектеседі.

Облыстың аумағы 165,6 мың шаршы километрді құрайды (Қазақстан аумағының жалпы ауданының 6,1 %-ы, 14 өңірдің ішінде – 7-орын). Облыс халқының саны 01.05.2016 жылға – 633,5 мың адам немесе Қазақстанның бүкіл халқының 3,5%-ы. Халықтың тығыздығы 3,8 адамды құрайды, бұл – орташа республикалық көрсеткіштен едәуір төмен (1 шаршы километрге – 6,4 адам).

Облыс аумағының бедері әр түрлі. Солтүстік бөлігін өз шегінде Желтау (221 м), Мыңсуалмас (148 м) таулары, құм алқаптары (Қарақұм, Сам және басқалары), кеңбайтақ сорлар (Өліқолтық, Қайдақ, Қаратүлей, Қаракешу және басқалары) және Бозашы түбегі орналасқан Каспий маңы ойпаты алып жатыр. Орталық бөлігін Маңғыстау таулары (Ақтау – 556 м, Қаратау – 562 м), Маңғыстау үстірті мен ТМД-дағы ең терең Қарақия ойпаты (132 м) орналасқан Маңғыстау түбегі қамтиды. Оңтүстік-батысында Кендірлі–Қаясан үстірті, оңтүстігінде Қарынжарық ойысы орналасқан. Облыстың шығысын Үстірт шоқысы алып жатыр.

Жер қойнауы мұнай, газ, фосфорит, көмір, марганец, әр түрлі тұздар, ұлутас қорларына бай.

Климаты – континентті, өте құрғақ. Қаңтар айының орташа температурасы – 14, –19 °С, шілде айында + 26, +40 °С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері – 100-150 миллиметр.

Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық бөлінісі 3 қаланы (Ақтау қаласы, облыстық маңызы бар Жаңаөзен моноқаласы, аудандық маңызы бар Форт-Шевченко шағын қаласы), 5 ауданды, 46 ауылдық округті, 61 ауылдық елді мекенді қамтиды.

Облыс орталығы – Ақтау қаласы, ол Каспий теңізіндегі порт болып табылады және 1963 жылы құрылған. Қалада 01.05.2016 жылға 186,5 мың адам немесе облыстың бүкіл халқының 29,4%-ы тұрып жатыр. Ақтау қаласынан Астана қаласына дейінгі арақашықтық – 2 413 км.

Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасына сәйкес, Маңғыстау облысы Батыс макроөңіріне кіреді және мал шаруашылығы мен мұнай-газ өнеркәсібіне маманданған.

Облыс Каспий өңірінің мультиұлттық жүйесіне шығатын Қазақстан Республикасының шекара маңындағы облысы ретінде қуатты транзиттік, көлік-логистикалық және халықаралық маңызы бар инфрақұрылымдық-сервистік әлеуетке ие. Облыс аумағы арқылы Шығыс Еуропаны Орталық Азиямен және Солтүстік Еуропаны Парсы шығанағының елдерімен қосатын ТРАСЕКА және «Солтүстік- Оңтүстік» екі халықаралық көлік дәлізі өтеді.

Облыстың Каспий теңізінің жағасында географиялық ыңғайлы орналасуы негізгі туристік ағындарды шығаратын елдерге жақындауын қамтамасыз етеді. Көлік логистикасы және туризм облыстың маңызды бәсекеге қабілетті басымдықтарымен анықталған, олар экономиканы әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етпек.

Ақтөбе, Орал және Атырау, қалаларымен бірге Батыс макроөңірінің бірыңғай қоныстандыру жүйесінің тірек кеңістіктегі қаңқасын қалыптастыратын облыс орталығы – Ақтау қаласы негізгі өсу орталығы болып белгіленді.

Жаңаөзен моноқаласы экономикасының перспективалы экономикалық мамандануының негізгі бағыты мұнай мен газ өндіру болып қала береді. Мұнай мен газды қайта өңдеу дами бермек.

Форт-Шевченко шағын қаласын таяу келешектегі жемісті дамуы балық өнерксәбін, құрылысты және кемелерге қызмет көрсетуді дамытумен байланысты болмақ. Туризмді дамыту мақсатында «Форт-Шевченко мұражай қаласы» бірыңғай туристік-рекреациялық кешені құрылуы мүмкін («Тамшалы» шатқалымен бірге).
2.1. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау


Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет