НұСҚаулар (Ұсыныстар) № Әдістемелік құралдар, ұсыныстар



бет1/5
Дата14.10.2022
өлшемі26,4 Kb.
#153021
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5
Байланысты:
әдістемелік нұсқаулар
1552311829

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР (ҰСЫНЫСТАР)




Әдістемелік құралдар, ұсыныстар




Студенттердің өзіндік жұмысы- аудитория және аудиториядан тыс орындалатын танымдық үрдістердің ағымын үлкен белсенділікпен сипаттайтын оқытушының жетекшілігімен жүзеге асатын және оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға және студенттердің өз білімдерін дербес толықтыруға қызмет ететін студенттердің оқу жұмыстарының ерекше түрі.
Өзіндік жұмыс тұлғаны қалыптастыра отырып, студенттерге жұмыс уақытын ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырады, еңбек тәртібіне баулиды. «Өзіндік жұмыс» бәрінен бұрын басқа оқу жұмыс түрлерінің міндеттерін аяқтайды. Адамның ешбір білімі, егер де ол өзінің қызметінің объектісіне айналмаса, қажетті нәтиже бере алмайды. Өзіндік жұмыс жасай білудің негізі, алғашқы дағдысы мектепте қалануы тиіс. Мектептен жаңа оқу орнына келген студент, өз бетімен жұмыс жасау қабілеттілігі төменділігінен, жұмыс жасау тәсілдерін білмегендігінен көп қиналады. Мысалы, 1-курс студенттерінің 80%-ы материалды талдау, жүйелеу, амал-тәсілді қолдану дағдылары жоқтың қасы. Электронды кітапхана, интернет ресурстарын пайдаланумен қатар, энциклопедия, сөздікпен жұмыс жасау дағдысы жоқ студенттерде кездеседі. Сондықтан да, студенттердің өзіндік жұмыс жасауына көмек беру оқытушының негізгі міндеттерінің біріне айналады.




Өзіндік жұмыстың маңыздылығы

  1. сауал мәнін терең зерделеу, оны нақтылап түсіну мүмкіндігі.

  2. өзіндік берік көзқарастары мен пайымдаларын жасау.

  3. Құнды сапаларын қалыптастыру: еңбексүйгіштік, тәртіп, ұқыптылық, іске шығармашылық көзқарас, ойлаудың дербестігі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет