10 билет.Математика пәнінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру. Бақылау машығын дамыту. 10-дәріс Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру. Өздігімен орындайтын жұмыстар деп берілген тапсырманы мұғалімнің басшылығымен, бірақ оның тікелей қатысыуынсыз, оқушылардың өздері атқаратын жұмыстарды айтады. Оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстарының өзара тығыз байланысты екі міндетінін ескерген дұрыс. Бұл міндеттердің біріншісі – оқушылардың танымдық қызметіндегі дербестікті дамыту, оларды білімді өздігінен игеруге, дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға үйрету; екінші – оқушылардың алған білімін іс жүзінде қолдана білуге баулу.
Негізгі дидактикалық мақсатқа сай өздігінен орындайтын жұмыстар:
білім алу және оны одан әрі тереңдетуге ;
іскерлік пен машықтарды игеруге;
білім, іскерлік және машықтарды қолдануға бағытталған.
Математика сабақтарында оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың ауызша және жазбаша, сыныптағы немесе үйдегі, жалпы сыныптық, топтық, жаппай және жеке түрлері пайдаланылады.
Сонымен қатар оқушыларға тапсырма бергенде олардың шығармашылық белсенділігі, жеке бас ерекшеліктері, жалпы математикалық мәдениеті тәрізді факторларға назар аударған дұрыс.
а) Оқушылардың сабақта өздігіен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинетінде дидактикалық материалдар, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, т.б. оқу құралдары жинастырылуы керек.
Оқушыларды оқулықтармен жұмыс істеуге үйрету кезінде математикалық мәтінді талдау, ең маңыздысын бөліп көрсету, оларға сұрақ қоя білу, сұраққа жауап бере білу, жауаптардың жоспарын жасау, кестелер мен суреттердегі қажетті мәліметтерді іздей білу сияқты мәселелердің назардан тыс қалмауы керек.
Мазмұндауға тиісті материалдың жоспарын құруды үйрету ісін алдымен мұғалімнің басшылығымен сабақ үстінде бастаған жөн. Бұл оқушылардың математикалық мәтінді зейін қоя оқу, оқығандарын ой елегінен өткізіп, талқылау және ой түю машықтарын шындауға көмектеседі. Оқулықтағы теориялық материалмен жұмыс барысында мынадай тапсырмалар орындалады:
Сұрақтарға жауап беру;
Оқушылардың үйде өздігінен жұмыс істеуі математика курсын игеру процесінің маңызды да қажетті бөлігі.
Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының бірі – шығармашылық жұмыс.
ә) Оқушылардың шығармашылық жұмысына мыналар жатады:
үйреншікті тәсілдерді қолданбай есеп шығару немесе түрлендіру;
б) Оқушылардың өздігімен жұмыс істеу іскерлігін шыңдаудың бір тәсілі математикалық жазба дәптерді пайдалану. Бұл дәптерге оқушы алдымен тақтаға жазылғандарды; сабақтың тақырыбын, жоспарын, өтілген күнін, кездескен жаңа терминдер мен символдарды, қорытылған формуланы көшіріп жазады.
Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстары олардың ой еңбегін жандандыруға бағытталған және мұғалімнің береген тапсырмаларын орындаудың ең тиімді тәсілдерін өздерінен орындайтын жұмыстарды былацй жіктеуге болады [100, 10] :оқулықпен, оқу құралдарымен және басқа анықтама әдебиеттермен жұмыс істеудің, есеп шығаруға арналған жұмыстардың әр алуан түрі; үлестірмелі материалмен жұмыс істеу , сабақта өздерінің жолдастары берген жауапты толықтыру; математикалық конференцияларда жасаған баяндамаларды орындау; рефераттар жазу; кейбір көрнекі құралдарды (плакаттар, схемалар, альбомдар) жасау; экскурсия кезінде өлшеуге немесе есептеуге байланыстыы практикалық жұмыстар орындау.
Математика сабақтарында оқушылар өздігінен оындайтын жұмыстардың ауызша және жазбаша, кластағы немесе үйдегі, жалпы кластық, топтық, жаппай және жеке түрлері пайдаланылады.
Оқу матералының мазмұнына, оның оқулықта баяндалу ерекшеліктері, қолда бар оқу жабдықтарына және басқа факторларға сәйкес дидактикалық принцмптерді басшылыққа ала отырып, мұғалім оқу процесінде өздігінен орындайтын жұмыстардың әр түрін немесе олардың үйлесімділерін қолдануды жоспарлауы тиіс. Оқушылар өздігінен орындауға берілетін тапсырмалар айқын мақсатты қөздеуі және олардың ынтасын артттыруы шарт. Сондықтан оқушылардың ынтасын арттыру үшін берілетін тапсырмалардың тың материалдан тұруы, практикалық қолданыстары анық, зерттеу сипатында (әсірісе жоғары кластарда) болғаны орынды.
Сонымен бірге, оқушыларға тапсырма бергенде материалды бірте-бірте күрделендіру, олардың творчестволық белсенділігі, жеке бас ерекшеліктері, жалпы математикалық мәдениеті тәрізді факторларға назар аударған дұрыс.
а) Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинетінде дидактикалық материалдарды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер т. б. Оқу құралдары жинастырылуы керек. Дегенмен, оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі.Басқа пәндер сияқты, математика оқулығы теориялық және практикалық материалдарды қамтиды және оқушылардың жалпы жас ерекшеліктерін ескергенімен, олардың жеке бастарындағы, жалпы дайындық деңгейлеріндегі алшақтықтарды ескермейді
Оқулықтың, басқа қосымша оқу құралдарының ерекшелігі – жалпы орта білім беру дің деңгейін, қөлемін және құрылымын анықтайды. Дәлірек айтқанда, оқулық – оқыту ісінде бас тартуға болмайтын мемлекеттік документ.
Сондықтан мұғалім математика оқулығының, басқа оқу құралдарымен салыстырғандағы жетістіктері мен кемшіліктерін, методикалық құралдарда ұсынылатын кейбір қағидаларды қолдану ерекшеліктерін жақсы білуі тиіс. Сонымен бірге ғылымның дамуын көрсету үшін, оқушыларға жеке ықпал жасауы үшін оқу материалын ғылыми-методикалық және ғылыми-бұқаралық әдебиеттердегі материалдармен ұдайы сабақтастыра оқытып отырса нұр үстіне нұр.
Әр класс оқулықтары қажеттіне орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен, графиктермен қамтамасыз етілген. Методикалық тұрғыда бұлар өзін-өзі ақтаған материалдар, сондықтан оларды оқу процесінде тиімді пайдалану керек.
Оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуге үйрету үстінде математикалық тексті талдау, ең маңыздысын бөліп көрсету, оларға сұрақ қоя білу, сұраққа жауап бере білу, жауаптардың жоспарын жасау , таблицалар мен суреттердегі қажетті мәліметтерді іздей білу, сызбаларды оқи білу сияқты маңызда мәселелердің назардан тыс қалмауы керек.
Оқулықта келтірілген материалдарды немесе тарихи мағлұматтарды пайдаланып, математикалық шығарма немесе мазмұндама жаздырудың орны ерекше. Мәселен, IV класта, «Жай сандар», «Табиғаттағы симметриялар» , V класта «Шеңбердің ұзындығы және дөңгелектің ауданы» тақырыптары бойынша шығарма жаздыруға әбден болады.
Оқулықпен жұмыс істеген кезде олардың оқушыларды кітаптың мазмұны және атау көрсеткішімен таныстырудың зор мәні бар. Бұл үшін алдымен оқулықтағы қажетті материалды көрсетуді оқушылардан талап ететіндей жағдайды әдейі туғызады.