Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


«Декамерон» новеллалар жинағы



Pdf көрінісі
бет71/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

«Декамерон» новеллалар жинағы
Боккаччоның ең маңызды шығармасы - «Декамерон» атты 
хикаялар жинағы. Гуманистік идеяларды шынайы суреттейтін 
«Декамерон» - орта ғасырлық діни аскетизмге қатты соққы берген, 
Қайта өрлеу дәуірінің тұңғыш ірі туындысы.
Өз дүниетанымы жағынан республикашыл болған Боккаччо 
әдебиет саласында халықтың мәдени дәстүрлеріне өте жақын 
тұрды. Ол халық ауыз әдебиетінің ең үздік үлгілерін және антик 
әдебиет мұраларын үйрену, олардан тиімді пайдалану нәтижесінде 
новелла жанрын жоғары даму сатысына көтерді.
Итальянша «Новеллиноның» (новеллалар кітабы) мазмұны 
әртүрлі. Онда орта ғасырлық серілік романдар, Інжіл, Шығыс 
ертегілері, көне аңыздарда баяндалатын түрлі оқиғалар 
хикаяланады. Бірінші кезекте Италия өмірінен алынған тұрмыстық 
тақырыптағы реалистік хикаялар оқырманның назарын өзіне 
тартады. Бірақ оқиғаларды артықша суреттеу реализмте нұқсан 
келтіреді. Боккаччо новелла жанрына классикалық сипат беріп, 
итальян хикаяшылығының түрі, типі, характері, тілі және әдісін 
жасады. Боккаччо шығармасының демократиялық рухы оның халық 
дәстүрлерімен тығыз араласуының нәтижесі болатын.
Боккаччо новелла жанрына жаңа гуманистік мазмұн, реалистік 
характер енгізу арқылы оны «төмен» жанрдан «жоғары» жанрлар 
дәрежесіне көтерді және дербес әдеби жанрға айналдырды.
«Декамеронда» жүз новелла бар. Олар белгілі-бір тәртіппен 
орналасқан. Новеллалар бірін екіншісіне байланыстырушы 
хикаялармен жалғасып отырады. Мұндай әдеби әдіс көне Шығыс 
(«Мың бір түн») және антик («Метаморфозалар») әдебиетте де 
қолданылған, бірақ оларда байланыстырушы хикаялар жағдайды 
баяндау, жазаны кейінге қалдыру үшін енгізілген. Боккаччо болса 
байланыстырушы жаңа новеллаларды тұрмыстық оқиғаларды, 
характерлерді суреттеуге пайдаланған.
1348 жылы Флоренцияда қорқынышты індет тарап, көп адам көз 
жұмады. Бұл індет аман қалған жандардың мінез-құлқына қатты 


200
әсер етеді. Орта ғасырдағы діни әдет-ғұрыптар, о дүниелік азаптар 
туралы қорқытулар тағы да өрши түседі. Осындай ауыр кезеңде 
Боккаччо жаңа пікірлерді баяндайтын шығарма жазуды ойлап, 
«Декамерон» атты туындысын жазды. Шығарма індеттің таралуын 
суреттеуден басталады.
«Декамеронның» кіріспе бөлімінде бір топ флоренциялық 
қыз бен жігіттің індетті өзгеше, яғни ержүректікпен қарсы алуы 
хикаяланады. Олар ажалды қайғы-қорқынышпен емес, ақыл-
жігермен жеңуге ұмтылады. Ауру жайлаған қаладан шығып кеткен 
жеті қыз бен үш жігіт Флоренция маңындағы Эрам бағына барып, 
өмірлерінің соңғы сәттерін ойын-күлкімен өткізе бастайды. Жастар 
мұнда он күн жасайды. «Декамерон» сөзі де осыдан келіп шыққан 
(декамерон - грек сөзі, «он күндік» деген мағынаны білдіреді). Олар 
әр күнгі отырысты басқару үшін өз араларынан король мен ханша 
сайлап, хикаялар айтумен айналысады. Бір күнде он адам бір-бірден 
он хикая айтқан. Он күнде айтылған хикаялар саны жүзге жетеді. 
Әрбір күннің соңында жазушы осы топтың өмірін суреттеуге 
оралып отырады. Боккаччо хикаяшыларының өз өмірлері жайлы 
баяндауы бүкіл жинақтың бір-бірімен байланысуын қамтамасыз 
етіп, новеллалардың біртұтас туынды болуына мүмкіндік береді.
Боккаччо католик шіркеуінің «о дүниеге» дайындық үшін «бұл 
дүниенің», яғни ақиқат өмір қуаныштарынан бас тарту керек деген 
кертартпа уағызына қарсы шығып, оның негізсіздігін нақты өмірлік 
фактілер арқылы дәлелдейді. Сондықтан да Боккаччо махаббат 
жолында батыл күрескен және шіркеу ілімін мойындамаған 
қаһармандарды, әсіресе, әйелдерді қорғайды. Нағыз махаббатты 
жырлау, феодалдық - дворяндық әдет-ғұрыптарды сынға алу, 
католик діні өкілдерінің бұзықтықтарын әшкерелеу, христиан 
дінінің үстемдігі туралы мифтің негізсіз жалған екендігін көрсету, 
қарапайым халықтың әрекетін мақұлдау - «Декамерондағы» 
окиғалардың негізгі тақырыбы.
Гуманист Боккаччо шығармашылығында ғашықтық тақырыбы 
үлкен орын алады. Ол махаббатты жеке бастың құмарлығы 
ретінде емес, ал кең мағынада, яғни қоғамдық өмірге байланысты 
жағдайда алып бейнелейді. Оның суреттеуінде махаббат адамды 
шынықтырады, қиыншылықтарды жеңуге үйретеді және адам 
бойында жақсы қасиеттерді қалыптастырады.
Бесінші күннің бірінші новелласында махаббатқа байланысты 


201
осындай жаңа қасиеттер қалыптастырған жас жігіт Чимоне туралы 
хикаяланады.
Боккаччо терең адамгершілік сезімдерді, гуманистік пікірлерді 
буржуазия эгоизміне, байлыққа ұмтылу мен озбырлыққа қарсы 
қояды. «Декамерондағы» ерлік, достық, жомарттық және махаббат 
сезімдеріне толы романтикалық рухтағы новеллалар феодалдық-
дворяндық әдет-ғұрыптарға қатты соққы береді. Өкінішті оқиғаларға 
әкеліп соқтыратын әлеуметтік теңсіздік қатты сынға алынады.
«Декамеронда» бейнеленген негізгі идеялар дінге қарсы 
бағыттар еді. Ескі діни әдет-ғұрыптардан еркін махаббат жоғары
қойылады.
Боккаччо жасаған дәуірде Рим папасы ашкөздік, сатқындық 
және бұзықшылық істерге мүлде беріліп кеткен болатын. Шіркеу 
князьдері діни мансаптарды сату, күнаны кешіру есесіне ақша алып, 
өте көп байлық жинайды. Абыройы айрандай төгілген шіркеуге 
қарсы ересьтік әрекет күшейеді. Бірақ христиан діні мұндай 
наразылықтарды жауыздықпен жаншып отырды. Католиктік 
монах ордендері барлық жерде қаптап кетті. Мыңдаған монахтар 
арамтамақтықпен күн көрді. Олар байлық жинауда католиктік дін 
өкілдерінен қалыспады. Сондықтан да Боккаччо новеллаларындағы 
ащы сын олардың ымырашылдық, екіжүзділік әрекеттерін 
әшкерелеуге бағытталды.
Шіркеу мен дін өкілдерінің аярлығы бірінші күннің бірінші 
новелласында өте шебер көрсетілген:
Уаппелето - өте айлакер, жемқор, тіпті адам өлтіруден де 
қайтпайтын пасық жан. Ол діндар емес, бірақ дін өкілдерінің 
сыналған қаруы аярлықты шеберлікпен меңгеріп, өлімі алдынан 
поптарға тән «пәк жүрекпен» өз күналарына «тәуба» қылады 
және әулие атағын алады. Аңқау адамдар айлакер діндардың 
сөзіне сеніп, оны үлкен салтанатпен монастырь алаңына жерлейді. 
Декамерондағы көп новеллаларда монахтардың қулықтары 
әшкереленеді. Олар аяқтарын басқан сайын зұлымдық жасайды, 
халықты алдайды, бірақ соңында өздері масқара болады. Мұны 
монах Альберт туралы хикаядан анық көруге болады:
«Декамеронда» қарапайым монахтан бастап, Рим папасына 
дейін сынға алынады. Дін өкілдерінің қылмыстарын жақсы білетін 
Боккаччо олардың бұзықшылықтарын аяусыз ашып тастайды. 
Жазушы дін өкілдерін мазақ ету үшін керекті көркем тәсілдерді 


202
шебер пайдаланады, оларды күлкілі персонаждарға айналдырады, 
сөйтіп, халық алдында масқара қылады. Христиан шіркеуіндегі 
руханилар «біздің істегенімізді емес, айтқанымызды істе»деген 
принцип негізінде әрекет етеді. Сондықтан да ұлы гуманист 
Боккаччо «Декамеронда» озбырлық ұрығын себуші христиан діні 
мен оның діншілдерінің зұлымдықтарын әшкерелеуге бүкіл күш-
жігерін, білімі мен талантын жұмсады.
Фольклордағы күлкілі элементтерді пайдаланған Боккаччо 
қарапайым адамдардағы жақсы қасиеттер - ептілік, даналық және 
тапқырлықты бейнелейтін новеллалар да жазды. 
Сегізінші және тоғызыншы күндері айтылған новеллалардың 
кейіпкерлері сайқымазақ, епті жігіттер Бруно, Буффальмако мен 
Нелло ақымақ Симония және Каландриноны келеке етеді. Боккаччо 
қарапайым адамдарды жақсы қасиеттерге бай жандар ретінде 
суреттеп, оларға үлкен құрметпен қарайды.
Үшінші күннің екінші новелласында бір атбағар өз қожайыны 
король Агилульфпен ханшаның сүйіктісі туралы айтысады. 
Корольмен тапқырлық, ақылдылық сайысына түскен ол жеңіп 
шығады. Кітапта осындай мысалдар өте көп. Бұлар «Декамерон» 
ішінде фольклорлық материалдар, демоқратиялық пікірлер мол 
қамтылғанын көрсетеді. «Төменгі» топтан шыққан жандар әрқашан 
ақсүйектерді жеңіп отырады. Граф Анверский (екінші күннің 
сегізінші новелласы) ғайбат-өсектің себебінен туған жерінен 
қуғындалып, өзге елде атбағар қызметін атқарады. Күшті жігер 
иесі болғандықтан, ол көптеген қиындықтарды жеңіп, соңында 
өз Отанына оралады. Халық санасына сіңген «ақиқаттық пен 
әділеттілік ақыры салтанат құрады» деген пікір осы хикаяда өз 
көрінісін тапқан.
Боккаччо кіші көлемді хикаялары арқылы осы дәуір тұрмысының 
түрлі жақтарын реалистік суреттерімен бейнелей білген шебер 
жазушы. Қаламгер новеллаларының тіліне ерекше көңіл бөліп
тірі тілдегі қысқа, жарқын образды суреттерді шеберлікпен 
қолдана білген. XIV, XV және XVI ғасырларда өмір сүрген итальян 
хикаяшылары Боккаччо шығармаларының тілінен үлгі алды.
«Декамеронды» жазып болған соң, Боккаччода аскеттік көңіл-
күй қайталанады. Мұны оның аллегориялық «Корбоччо яки махаббат 
шытырманы» (1354-1355) поэмасынан көруге болады. Ақынды 
масқара қылған бір әйелден кек қайтару мақсатында жазылған 


203
бұл шығарма әйелдерге арналған памфлет еді. «Декамеронда» 
әйелдерге ерекше құрметпен қараған қаламгер енді оларға қарсы 
шығады. Өмірінің соңында Боккаччода мұндай көңіл-күйдің тууы 
феодалдық шіркеудің қатты қысымының әсерінен болды. Бірақ 
бұл өзгеріс «Декамерон» шығармасының халық санасының өсуіне 
тигізген ықпалын кеміте алмады. Орта ғасырлық діни-аскеттік 
ілімге аяусыз соққы берген Боккаччоның осы шығармасының 
мәңгілік жасайтыны сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет