Оқушыларға Сейдахмет Бердіқұловтың өмірі мен шығармашылығын, мәтіннің мазмұнын, идеясын ашу, таным мүмкіндіктерін анықтау. Қазақтан шыққан тұңғыш спорт шебері туралы түсінік беру. Салауатты өмір салтын ұстануға, спортқа деген белсенділіктерін арттыруға, күнделікті денені шынықтыруға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі
Спорттың пайдасы туралы біледі.
2. Сейдахмет Бердіқұловтың өмірі мен шығармашылығы туралы оқып, біледі.
Сейдахмет Бердіқұлов 1932 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қара - Қастек деген жерде дүниеге келген екен. Ол «Лениншіл жас» газетінде редактор болған. Оның көптеген әңгімелері, повестері испан, венгр, польша тілдеріне аударылған. Ол 1994 жылы дүниеден озған.
“Желаяқ” туралы түсініктерін сурет арқылы постер қорғау
2 - топ
«Бес жолды өлең»
1 жол: Желаяқ 2 жол: тақырыптың қасиетін, сынын, сапасын айқындайтын 2 сөз (2 сын есім) 3 жол: іс - әрекетті көрсететін 3 сөз (3 етістік) 4 жол: 4 сөзден тұратын мағыналы сөйлем 5 жол: Соңғы сөз синоним болуы керек
Мәтінді пайдаланып сұрақтарға дұрыс жауапты таңдаңдар