Родительское собрание на тему «Эти трудные домашние задания»



бет1/13
Дата05.05.2023
өлшемі8,3 Mb.
#176125
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Монтессори педагогикасы арқылы баланы дамыту
ҰБТ 2023-ТЕ КЕЛЕТІН СҰРАҚТАР
  • М.Монтессориды қолдану арқылы бала дамуын жүзеге асыру
  • «Мен көремін және естимін, әрекет етемін және жасаймын, сондықтан оны есте сақтаймын және үйренемін»
  • М.Монтессори
  • Мария Монтессори (1870-1952 жж) 31 тамызда Италияның Чиаревалле қаласында дүниеге келді.
  • Мария отбасында жалғыз бала болады. Әкесі үлкен дәрежелі мемлекеттік чиновник, ал анасы ертедегі Италияның Стопани тегінің оқымысты әулетінен. Марияны балалық шағында ата-анасы барлық жағдайын жасап оқытады.
  • Мария бастауыш мектептен бастап оқу мен сынақтар өзіне жеңіл түсінетінін түсінеді, сондықтан ол өзін-өзі тәрбиелеумен айналысады. Математика сабағына ерекше мән береді.12 жасынан гимназияда оқуды армандайды, бірақ онда қыздарға оқуға тиым салынған, өзінің қайсарлығымен ұлдарға арналған техникалық мектепке қабылданады.
  • Өскен сайын Мария Монтессори балалар дәрігері болуды армандайды, дәрігер болуға шешім қабылдайды. Сол кезде әйел адамның дәрігер болу мүмкін емес жағдай еді. Медицина тек ер адамдарға ғана тән болатын. М.Монтессоридің қайсарлығы өз жемісін беріп-ол Италиядағы алғашқы әйел дәрігері болады.
  • 1896 жылы университет клиникасында жеке практикасымен жұмыс істеді.
  • Осы жерде ақыл-ой мүмкіншілігі шектеулі балаларды емдеу ісінің куәсі болды. Бұл балалар оған өмірден алшақ, шеттетілген, тұтқын сияқты болып көрінді. Олардың өмір сүру ортасы кедей болды. Ойыншықтар, кітаптар туралы сөз болмады. Бірде Мария балалардың нан қоқымын тауып алып, ойнап отырғандарының куәсі болды, нан қоқымы олардың жалғыз ойыншықтары еді. Бұдан басқа өзге еш іс-әрекеті болмады.
  • Мария Монтессори бала дамуы үшін оны қоршаған ортаның маңызды екеніне көңіл аударды. Бірақ қоршаған ортаны қалыптастыру медицина саласына қатысты емес еді.
  • Осы кезде мүмкіншілігі шектеулі балалармен бірінші кездесуі басталды. Бұл балаларға ешкім жағдай жасамаған, ол өз-өздерімен болған. Осыны көрген жас М. Монтессори арнайы дамыту ортасын құруды ойлайды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық көмекпен қатар, педагогикалық тәрбие керек екендігін түсінеді. Бұл мәселелер тек ауруханада ғана емес,балабақша мен мектептерде де шешілетін болды.
  • Монтессори педагогика мен психологияны оқып үйретуді бастайды. Оны көбіне антропология қызықтырады. 1904 жылы антропология кафедрасын алып, Рим университетінде педагогика аймағында әр түрлі антропологиялық зерттеулерді жүргізеді. Медицина-педагогиканың инстиутда ақыл-ойы артта қалған балалардың педагогикасын қатар алып зерттейді. Осы уақытта өзінің жеке педагогикасының формуласын құрды. Ол сегена дидактикалық материалдармен көп жұмыс істейді, өзінің балаларды оқыту мен жазудағы жеке әдісін жетілдіреді.
  • 1907 жылы 6 қаңтарда алғаш рет «Балалар үйі» ашылды және Монтессори құрған принциппен жұмыс істейді. Осы балабақшаны басқарып, әр түрлі жастағы балаларға ыңғайлы болатындай етіп жабдықтайды.
  • Ол өзінің педагогикалық жүйесін 1907 жылы бастап, оның негізгі қағидаларын көрсеткен. М. Монтессори «Ғылыми педагогика әдістемесі» кітабында, ол баланың жас мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттілігін түсіндіріп бақты. Себебі сәбилік шақтағы бала даумы үлкен тәрбиелік табыстарға есік ашады. М. Монтессоридің пікірінше оқудың басты формасы өзіндік оқу жұмыстары болу қажет. Ол баланың жекелеп оқуына ыңғайлы грамматикалық, математикалық, биология – жаралыстану және басқа пәндерге арнап дидактикалық материалдар ұсынды. Бұл оқу құралдарының ерекшелігі, оларды пайдалана отырып, бала өз кемшілігін, қателерін табады және оларды түзетеді. Бүгінгі күнде Монтессори педагогикасы педагогикалық әдіс ретінде қаралып, онда баланың жеке тұлғаның ерекшеліктері мен өзіндік құндылығына баса назар аударған. Мұнда жалпы өлшемдарге байланысты салыстыру, өзгерту, принциптері іске аспайды. Балалар өз бетінше еркін оқуына болады деген тұжырым жасалған.
  • Монтессори педагогикасының негізгі принципі балаға өзін-өзі тәрбиелеуге, өз бетінше оқуға, өз бетінше дамуға, жағдай жасау. Әдістің ұраны – « Мұны менің өзімнің орындауыма көмектес».
  •  
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет