Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпжақтар
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 11
|
Қатысқандар саны:
|
Қатысқандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Пирамиданың, қиық пирамиданың жазбасы,
бүйір беті және толық бетінің аудандары
|
Сабақ түрі
|
Жаңа сабақ
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
11.3.2 - пирамиданың (қиық пирамиданың) бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;
|
Сабақ мақсаттары
|
Сабақтың соңында оқушылар:
– формулаларды есеп шығаруда қолдана алады;
– пирамиданың бүйір және толық бетінің аудандары формулаларының қолданылуын практикалық маңызы бар есептерде қарастырады.
|
Бағалау критерийлері
|
Оқушы:
Пирамиданың (қиық пирамиданың) бүйір беті және толық бетінің аудандарын табуға арналған есептерді шығарады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
– көпжақтарды және олардың элементтерін атайды;
Бөлім бойынша лексика мен терминология:
қиық пирамида; бүйір жақтың апофемасы; көпжақтың биіктігі; көпжақтың жазбасы;
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
– Пирамиданың жазбасы - жазық фигура, ... тұратын;
– Берілген жазық фигура ...жазбасы боп табылады;
– Кеністіктік фигураның жазбасын есептеу... ;
|
Құндылықтарды дарыту
|
оқу икемділігі, жағдайға талдау жүргізе білу, жаңа жағдайға бейімделу, топта жұмыс жасай білу, өз ісінің сапасына жауапкершілікпен қарау;
жақындардың проблемаларын көре және түсіне білу, өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, сынға түсіністікпен қарау, топта жұмыс жасай білу;
пікірлер түрлілігіне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Берілген бөлімді оқыту кеңістік жайлы ой-өрісін дамытуға септігін тигізеді. Осы бөлімдегі алған білімдері кескіндеме, сурет сабақтарында, архитектурада, құрылыста кеңінен қолданыс табады, өйткені кеңістікте фигураларды кескіндеуде, модельдеуде, құрастыруда тәжірибелік дағдыларының қалыптасуына көмектеседі.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
интербелсенді тақтадағы презентация, bilimland.kz сайтының ресурстарын қолдану
|
Бастапқы білім
|
Көпжақтар туралы түсініктері бар, екіжақты және үшжақты бұрыштар туралы біледі, қарапайым стереометриялық сызбаларды орындау техникасын меңгерген, кеңістікте тура және жазықтықта өзара орналасуымен таныс.
|
|