Сабақтың тақырыбы: «Астана бас қала!»



Дата24.05.2017
өлшемі114,12 Kb.
#16798
түріСабақ
Есимова Сауле Ақылбековна

бастауыш сынып мұғалімі



Бурабай ауданы «Наурызбай батыр атындағы орта мектебі»
Сабақтың тақырыбы: «Астана – БАС ҚАЛА!»

Сабақтың мақсаты:

Астана қаласына саяхатқа барып, әсем ғимараттарымен танысу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушылардың білім деңгейін көтеру, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, қаламызды сүюге, аялауға тәрбиелеу. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың типі: Ашық сабақ.

Көрнекілігі:

  1. Интерактивті тақта

  2. Астана қаласының суреттері.

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себептерін сұрау.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

4. Тіл дамыту сәтін өткізу.

ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру, жалпылау:

1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау.

3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау.

4. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.

ІІІ. Жаңа сабақты қалыптастыру: «Астана қаласының көркем жерлеріне саяхат»

Бірінші аялдама «Вокзал»

  1. Сөздік жұмыс. Тақырып бойынша оқулықта берілген жаңа сөздермен жұмыс.

саяхат – путешествие

үлкен қала – большой город

мақтан тұтамын – горжусь

орталық – центр

ғимарат – здание

ұлт өкілдері – представители наций

Екінші аялдама «Ханшатыр»

2. Қалаға саяхат мәтінімен жұмыс.

Біз анамыз екеуіміз Астана қаласына сапар шектік. Бұл менің үлкен қалаға бірінші рет саяхат жасауым. Анам алдын ала бару және қайту билеттерін сатып алды. Поезбен Астана қаласына да жеттік.

Астана суреттері кетеді

СУРЕТТЕР

Астана әлемдегі ең сұлу қалалардың бірі екеніне көзім жетті. Астана құрылысы шапшаң жүруде, жаңа тұрғын үйлер мен үлкен ғимараттар көбейіп келеді. Қаланың ортасынан Есіл өзені ағып жатыр. Маған Астана қаласы өте ұнады. Мен Астана қаласын мақтан тұтамын
Мәтінді оқып, аударып, танысып болған соң мәтін бойынша мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

1. Анасы екеуі қайда сапар шекті? 4. Астананың қандай екеніне көзі жетті?
2. Анасы не сатып алды? 5. Астанада нелер көбейіп келе жатыр?
3. Астана қаласына немен жетті? 6. Қаланың ортасынан қандай өзен ағып жатыр?

3. Грамматикалық тапсырмалар. Семантикалық картамен жұмыс
2 – тапсырма. Берілген сөздерді талдаңңыз. (Семантикалық карта сызылады, оқушылар ұяшықтарды толтырады)

Ханшатыр, Керуен, Думан; Мега, Бәйтерек, Астана

Үшінші аялдама «Бәйтерек»

3 – тапсырма. Қазақ тілінің төл дыбыстарын ата, фонетикалық талдау жаса.






  1. – тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастыр.




  1. Болашағы, зор, Астананың. Астананың болашағы зор

  2. Астанада, ғимараттар, ғажап, зәулім, жатыр, салынып. Астанада ғажайып, зәулім ғимараттар салынып жатыр.

  3. Ескерткіштері, бар, билердің, Астанада. Астанада билердің ескерткіштері бар

  4. Астана, төрінде, Арқаның, орналасқан. Астана Арқаның төрінде орналасқан
    5. Қала, жас, сұлу, Астана, ең. Астана ең сұлу жас қала.

Сергіту сәті (Қара жорға биін билеу)

5 – тапсырма. Венн диагараммасын құру


Төртінші аялдама «Думан»

6 – тапсырма. Сөздерді толықтырып жаз



ІҮ. Бекіту.
Тест сұрақтары:
1. Астана.... қала:
а) көне
ә) ескі
б) таза
в) әсем
2. Астананың бұрынғы аты:
а) Ақтобе
ә) Алматы
б) Ақмола
в) Орал
3. Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
а) Еділ
ә) Қарасу
б) Есіл
в) Жайық
4.»Астана - столица Казахстана» аудармасын тап:
а) Астана күшті қала
ә) Астана - Қазақстанның астанасы
б) Астана - Қазақстан қаласы
в) Астана жас қала

Ү. Үйге тапсырма.

1. Астанадағы “Думан” мәдени - сауық орталығы туралы ақпарат тауып жазыңыз
2. Астанадағы “Бәйтерек” ескерткіші мәлімет жазыңыз.
ҮІ. Бағалау
Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Атақты жерлесіміз І. Есенберлин туралы мәлімет беріп білімді қалыптастыру
Razrabotkaurokov -> Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан
Razrabotkaurokov -> «Қазақ батырлары»
Razrabotkaurokov -> СӘкен сейфуллин «наурыз» Мақсаты: Білімділік
Razrabotkaurokov -> Ханаева Лаззат Кайкеновна Бұланды ауданы Макинск қаласы мектеп-лицейінің педагог -психологі Тақырып
Razrabotkaurokov -> Гомбо Серікгүл Красный яр селосы «№13 «Амина» бала бақшасының» тәрбиешісі Тақырыбы: «орманға саяхат»
Razrabotkaurokov -> Нұрмұқанова Жұмагүл Жабенқызы Көкшетау қаласы №18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Топқа бөліну І топ “Сұңқарлар” ІІ топ “Алғырлар” ІІІ топ “Білімділер” іvтоп “Тапқырлар”


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет