Сөз тіркесіне қарай талдау



бет1/8
Дата25.03.2023
өлшемі30,77 Kb.
#173022
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
талдау
Айдана док, Айдана док, Рл 20, 9 семинарр, СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТ ЖОСПАР, 14-15-16, хирургия экзамен билет, httpsasylarna.kzkknews279, синоним, құрмалас сөйлем, лекси, 2 5291944091481803861, Индуктивті катушка құрылғы бөлшектерінің жұмыс сызбаларын құрастыру және құрама бірліктерінің сызбасын орындау

Сөз тіркесіне қарай талдау.
Сөз тіркесіне талдау жүргізбестен бұрын сөз тіркесі дегеніміз – сөздердің бір-бірімен тіркесімділік негізінде мағыналық әрі тұлғалық байланысқа түскен жөн екенін ескертіп, айырықша белгілеріне талдау жасаймыз:
1. Толық мағыналы ең кемі екі сөзден құралады.
2. Өзара грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағынып, сабақтаса байланысады.
3. Синтаксистік қатынасынан зат, құбылыс жайында нақты түсінік пайда болады.
4. Синтаксистік тіркес басыңқы және бағыныңқы сыңарлары болады, басыңқы қай сөз табынан болса, соған қарай есімді сөз тіркесі және етістікті сөз тіркесі болып бөлінеді.
Сонымен қатар сөз тіркесінің байланысу тәсілдері және оның формаларын еске түсіре отырып, жұмыстар жүргіземіз.
Сөз тіркесіне талдауды Н. Оразахынның технологиясы бойынша жүргізу тиімді, себебі студенттер белгілі сызба бойынша жұмыс жасауға дағдыланады [4, 35-б.].
Мысалы: Тауды қалың тұман басып жатыр екен.
І саты. Сөздердің арасындағы синтаксистік қатынастар.
ІІ саты. Сөз тіркесінің грамматикалық мағынасы.
ІІІ саты. Құрылымы:
Басыңқыға байланысты сөз тіркесінің түрі.
Моделі.

Байланыс түрі.


Байланыс тәсілдері.
Құрылысы (дара, күрделі).
Сізде екі сөз тіркесі бар: тауды басып жатыр екен;


қалың тұман.
Сөз тіркесі:тауды басып жатыр екен
І. Толықтауыштық қатынас.
ІІ. Қимылдың объектіге ауысуы.
ІІІ. Құрылымы:
Етістікті тіркес
Зат есім + етістік
Меңгеру

Синтаксистік


Күрделі

Сөз тіркесі: қалың тұман


І. Атрибутивтік;
ІІ. Зат пен оның сапасы.
ІІІ. Құрылымы:
Есімді тіркес
Сын есім+зат есім
Қабысу
Орын тәртібі

Дара


Жай сөйлемдерді талдау.
Мектепте алған білімдерін негізге ала отырып, сөйлемнің анықтамасын еске түсіріп, оның түрлеріне мәтін бойынша талдау жасаймыз.
Жай сөйлем құрылысына қарай жалаң, жайылма, толымды, толымсыз, жақты, жақсыз, атаулы болып бөлінеді.
Айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болады.
Мысалы: Аталған жерлерде қонақ үйлер де, ас үйлер де тігілген екен (М.Әуезов).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет