Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы



бет1/45
Дата12.10.2020
өлшемі208,5 Kb.
#64830
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы N 220-IV Заңы


      Парижде 2005 жылғы 19 қазанда қабылданған Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенция ратификациялансын.
      Қазақстан Республикасының
      Президенті                             Н. Назарбаев
UNESKO СПОРТТАҒЫ ДОПИНГКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯ
Париж, 2005 жылғы 19 қазан
СПОРТТАҒЫ ДОПИНГКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯ
(2010 жылғы 1 сәуірде күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)
      Бұдан әрі "ЮНЕСКО" деп аталатын Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Бас конференциясы 2005 жылғы 3-21 қазанда Парижде өткен өзінің 33-сессиясында,
      ЮНЕСКО-ның мақсаты халықтардың білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастығын кеңейту жолымен бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға жәрдемдесу болып табылатынын ескере отырып,
      адам құқығына қатысты қолданыстағы халықаралық құжаттарға сүйене отырып,
      Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2003 жылғы 3 қарашада қабылдаған және тәрбиеге, денсаулыққа, даму мен бейбітшілікке ықпал етудің құралы ретінде спортқа қатысты 58/5 қарарын, атап айтқанда оның 7-тармағын ескере отырып,
      спорт денсаулықты қорғауда, имандылық, мәдениет және дене тәрбиесінде, сондай-ақ халықаралық өзара түсіністік пен бейбітшілікті нығайтуға жәрдемдесуде маңызды рөл атқаруға тиіс екендігін сезіне отырып,
      спорттағы допингті түбірімен жоюға бағытталған халықаралық ынтымақтастықты көтермелеу және үйлестіру қажеттігін атай отырып,
      спортшылардың спортта допинг пайдалануына және допингтің олардың денсаулығына тигізер салдарына, әділ ойын принципіне, алаяқтықты жоюға және спорттың болашағына байланысты алаңдаушылық білдіре отырып,
      допинг ЮНЕСКО-ның Халықаралық дене тәрбиесі және спорт хартиясында және Олимпиада хартиясында бекітілген этикалық принциптер мен тәрбиелік құндылықтарға қауіп төндіретінін ұғына отырып,
      Еуропа Кеңесінің шеңберінде қабылданған Допинг қолдануға қарсы конвенция мен оған Қосымша хаттама елдердің допингке қарсы күрес саласындағы саясаты мен үкіметаралық ынтымақтастығы негізделетін бұқаралық халықаралық құқықтық құрал болып табылатынын еске сала отырып,
      ЮНЕСКО Мәскеуде (1988 ж.), Пунта-дель-Эстеде (1999 ж.) және Афиныда (2004 ж.) ұйымдастырған дене тәрбиесіне және спортқа жауапты министрлер мен басшы қызметкерлердің екінші, үшінші және төртінші халықаралық конференцияларында қабылданған допинг туралы мәселе жөніндегі ұсынымдарға, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы өзінің 32-сессиясында (2003 жылы) қабылдаған 32 С/9 қарарына сүйене отырып,
      Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік 2003 жылғы 5 наурызда Копенгагенде Дүниежүзілік спорттағы допинг жөніндегі конференцияда қабылдаған Дүниежүзілік допингке қарсы кодексті, сондай-ақ Спорттағы допингпен күрес туралы Копенгаген декларациясын назарға ала отырып,
      сол сияқты, жетекші спортшылардың жастарға тигізер әсерін назарға ала отырып,
      допинг қолдануды болдырмау стратегиясының тиімділігін мейлінше қамтамасыз ету мақсатында допингті табу әдістерін жетілдіру және оны пайдалануға әсер ететін факторларды тереңірек зерделеу үшін тұрақты негізде зерттеулер жүргізу және кеңейтудің қажеттігін ескере отырып,
      допинг қолдануды болдырмау мәселелері бойынша спортшыларға, спортшылардың қосалқы персоналына және тұтастай қоғамда тұрақты негізде оқу-ағарту жүргізудің маңыздылығын да ескере отырып,
      допингке қарсы күрес бағдарламаларын жүзеге асыру үшін қатысушы мемлекеттердің әлеуетін ұлғайтудың қажеттілігін назарға ала отырып,
      спортқа жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар спортта допинг қолдануды болдырмау және онымен күресу бойынша, атап айтқанда әділ ойын және оған қатысушылардың денсаулығын қорғау принципі негізінде спорттық іс-шараларды тиісінше өткізуді қамтамасыз ету үшін өзара толықтырмалы функцияларды орындайтынын ескере отырып,
      бұл органдар мен ұйымдар барлық тиісті деңгейлерде барынша тәуелсіздік пен ашықтыққа кол жеткізе отырып, осы мақсаттарға кол жеткізуде ынтымақтасуға тиіс екенін тани отырып,
      спорттағы допингті жою бойынша бұдан әрі және барынша белсенді бірлескен әрекеттерді қолдану шешіміне бекем бола отырып,
      спорттағы допингті жою спорттағы допингке қарсы стандарттарды және практиканы жүйелі түрде келісуге және ұлттық және әлемдік деңгейлердегі ынтымақтастыққа байланысты екенін тани отырып,
      осы Конвенцияны 2005 жылғы он тоғызыншы қазанда қабылдады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет