Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967



бет4/22
Дата27.12.2016
өлшемі6,92 Mb.
#5669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

29

Ал, кіріккен сөздер мен біріккен сөздердің компоненттері өз ара тиісті қарым-қатынасқа түсетін жеке-жеке сөз таптарына тән сөздерден құралатыны сияқты, өздері де тиісті сөз таптарына телулі болады. Мысалы: ышқыр, асқазан сөздері зат есімдерден, аққу, алабота сөздері сын есім мен зат есімнен, бүгін, биыл сөздері есімдік пен зат есімнен, күнбағар, қаптесер сөздері зат есім мен етістіктен құралса, сексен, тоқсан сөздері сын есімдердің, ешкім, әркім сөздері есімдіктердің бірігулерінен туған. Ал осындай кіріккен сөздер мен біріккен сөздердің белгілі-белгілі сөз таптарына қатысты болатынына асқазан, алабота тәрізді зат есімдер, бүгін, бүрсігүні сияқты үстеулер, сондай-ақ, сексен, тоқсан деген сын есімдер мен әркім, ештеме деген есімдіктер айғақ.

ҚОС СӨЗДЕР

Қос сөздердің компоненттері бір-бірімен, сабақтасу арқылы емес, салаласу арқылы байланысатындықтан, жалпы күрделі сөздердің ішінде алатын орны ерекше. Олардың бұл ерекшелігі тек салаласу арқылы жасалатын тәсілінде ғана емес, фонетика-морфологиялық құрылыстары мен семантика-грамматикалық; сипаттарында да бар. Қос сөздердің қолданылу өрісі де, стилистика-грамматикалық ерек-шеліктері де әрі кең, әрі бай. Мұны қос сөздердің көркем әдебиетте, ауыз әдебиетінде және ауызекі сөзде жиі қолданылатындығынан да, барлық негізгі грамматикалық сөз таптарымен әрі төркіндес, әрі құ-рылымдас болатындықтарынан да көруге болады.

Қос сөздердің бір тобы компоненттері я бір сөздің өзінің ешбір өз-геріссіз жай қайталануынан, я бір сыңарының не бір буынның, не бір дыбысының өзгеріп үстелуінен құралады; екінші тобы морфоло-гиялық формасы жөнінен бір тектес, бір түрлес не синоним, не антоним сөздердің қосарлануынан құралады. Осылайша я қайталану, я қосарлану арқылы туатын сөздің, белгілі аяда ғана бірен-сарандап лексикаланатын жағдайда болмаса (мысалы, ағайын, қолғанат, ауыз-ба-ауыз т. б.), негізгі лексикалық ұғымы өзгермей сақталуы да, тек онан мағынасы азды-көпті ауытқитын грамматикаланған әр алуан жаңа формалар туады.

Түсінуге де, талдауға да қолайлы болу үшін қос сөздерді қ а й-талама қос сөздер және қосарлама қос сөздер деген екі салаға бөліп алып төмендегіше қараған мақұл.



ҚАЙТАЛАМА ҚОС СӨЗДЕР

Қайталама қос сөз бір сөздің (негіздің) өзін не екі рет қайталау арқылы, не оның бір буынын я бір дыбысын өзгертіп қайталастыру арқылы жасалады. Оның бер жағында, қайталанатын сөз қосымшалы да, қосымшасыз да бола береді. Мыс.: арба-арба астық; қора-қора қой; аласа-аласа мая; ұсақ-ұсақ бала, айта-айта шаршадым; бара-бара жалықтым; үй-үйден тыс; ауыл-ауылға; ауыл-ауылдан; бас-басына; алды-алдынан; ауызба-ауыз; көзбе-көз; ап-ашық; қап-қараңғы; кесе-месе; шала-мала; шала-пұла; ет-мет; шарт-шұрт; жалтақ-жалтақ т. б.

Жалпы сыртқы құрылысы жағынан осылайша жасалатьш кай-талама қос сөздердің өздеріне тән фонетикалық-морфологиялык сипаты мен семантикалық сипаты бар. Қысқаша баяндасақ, ол сипаттары төмендегідей.

30

Қайталама қос сөздердің фонетикалық және морфологиялық сипаты. Сыртқы фонетикалық-морфологиялык, өзгешеліктеріне қарай қайталама қос сөздер мынадай төрт топқа бөлінеді:

1)Қосымшасыз сөздің (түбірдің) қайталану арқылы жасалатын қос сөздер. Мысалы: арба-арба, аласа-аласа, әрең-әрең, бас-бас, борт-борт, бес-бес, зор-зор, дала-дала, сала-сала т. б. Бұл топты, ешбір қосымшасыз-ақ бір түбірдің өзі тек қайталану арқылы ғана жасалатындықтан жай қайталама қос сөздер деп атауға болады. Мұндай жай қайталама қос сөздің лексикалык, мағынасы өзгермейді, қайталанғаннан кейінгі оның түріне тек кейбір қосымша семантикалық мағыналар үстеліп, қосымша стилистикалық қызмет жамалады. Мысалы: арба-арба астық және (бір) арба астық дегендердегі арба-арба мен арба дегендердің лексикалык; мағыналарында айырмашылық жоқ, бірақ, солай болып тұрса да, екеуінің, біріншіден, семантикалық жағынан ерекшеліктері бар, өйткені арба-арба дегеннен әрі әлденеше арба деген ұғым аң-ғарылса, әрі бұл қос сөз зат есіммен еркін тіркеседі (арба-арба астық; арба-арба шөп; арба-арба адам т. б.). Ал жалаң түбірін (арба) алсақ одан бұрын (алдынан) тиісті сан есім (бір, екі) тіркеспесе (мысалы: арба-астық; арба-шөп), айтылмақшы ұғымда нақтылық та, стилистикалық жатықтық та болмайды. Сондай-ақ, (үш) қора қой мен қора-қора қой; (бір) үйір жылқы мен үйір-үйір жылқы дегендерді бір-бірімен салыстырсақ, жоғарыдағы мысалдағыдай ерекшелікті, сонымен ұқсастықты көреміз. Ендеше, мұндай формалардың арасында әрі семантикалық, әрі стилистикалық ерекшеліктер болатыны айқын аңғарылады. Мыс.:

Алысырақ жазықта ү й і р-ү й і р мал, жаңа қоныс колхоз қо-ралары қарауытады. (Мустафин) Манағы бір тыныш жатқан телегей бетінде енді б и ік-б и ік шыңдар мен шатқал құздар пайда болып, қопарылыса жөңкіледі. (Сәрсенбаев) Көйлегім тілім-тілім, ж о л-ж о л болып жыртылып, арқам қ а н-ж о с а болып тілгіленіпті. (Асқаров) Сілтейді ол ылғи сені ойға терең, Көрінген көлеңкесі ә р ең-әрең (Орманов).

2)Қосымшалы сөздің (түбірдің) қайталануы арқылы жасалатын қос сөздер. Бұл қос сөз сөздердің я бір сыңары, я екеуі де бірдей қосымшалы болады. Мыс.: оларға айта-айта; көре-көре; айтып-айтып; шашылған-шашылған; үйдей-үйдей; белгілі-белгілі; бірден-бірден; алтаудан-алтаудан; үйді-үйге; алды-алдына; өзді-өзімен; ауыл-ауылға; жер-жерде т. б. жатады. Бұл қос сөздердің де лексикалық мағыналары өзгермейді, бірақ семантикалық-грамматикалық және стилистикалық жақтарынан өздеріне қө-сымша сипаттар жамай алады. Мыс.:



Жасында қылжың болсаң, б а р а-б а р а мылжың боласың. (Мақал) Байларға қосқан аз малын ө з д і-ө з і н е меңгертті. Бала-лар бақ малыңды, ұмытпа адал еңбекті. (Мүқанов) А у ыз б а-а у ы з сөйлесуімізге мотордың даусы ерік бермейтін болды. (Әбішев) Не қыл дейді, япырмау, Б о с т а н-б о с қ а бүлініп, Басымды әбден қатырды-ау! (Аманжолов)

3)Қайталанатын сыңарының бір дыбысы өзгеріп барып жасалатын қос сөздер. Бұл топқа енетін қос сөздердің әдетте қайталанатын екінші сыңарының бір дыбысы өзгереді де, екінші сыңары бірінші сыңарының ырғағына үйлескен жаңғырық сияқты болып отырады. Ал сол екінші сыңардың дыбысталуындағы өзгеріс, негізінен алғанда, үш түрлі болады:

а) Егерде бірінші компоненттің басқы дыбысы дауыссыз болса,

31

екінші компонентте сол дыбыс не -м, не -п болып өзгереді (төс-мөс; нәл-мәл; тұз-мұз; шаш-маш; шай-пай).



ә) Егерде бірінші компоненттің басқы дыбысы дауысты болса, өкінші компонентте сол дыбыстан бұрын дыбысы қосылады (ас-мас; ешкі-мешкі; үсті-мүсті).

б) Ёгерде бірінші компоненттегі (ондайлар әдетте еліктеу сөз бо-лады) дауысты дыбыс ашық болса, екінші компонентте сол дыбыс еріндік қысаң дауысты болып езгереді (арс-ұрс; тарс-тұрс).

Бұл топқа енетін қос сөздердің де лексикалық мағыналары өзгер-мейді, бірақ бұның алғашқы екі түрі семантикалық жағынан қомсы-ну, кемсіну тәрізді рең жамайды да, соңғы, үшінші түрі аталатын құ-былыс бірыңғай я біркелкі емес, әр түрлі я әркелкі болатынын білді-реді. Ал, бұл қос сөздердің қай-қайсысы болсын семантикалық және стилистикалық реңдері жақтарынан құбылғандарымен, синтаксистік қызметтері жақтарынан ешқандай өзгеріске түспейді.

4) Негізгі сөздің (я түбірдің) алдына үстеме буын қосақталып жасалатын қос сөздер. Бұл қос сөздер негізгі сөздің алдынан (бұрын) дыбысы -п болып өзгерген оның алғашқы (бірінші) буыны үстеле қосақталу арқылы жасалады. Мыс.: ашық ап-ашық; бос боп-бос; күрең күп-күрең; қызыл — қып-қызыл; түзу түп-түзу т. б.



ҚАЙТАЛАМА ҚОС СӨЗДЕРДІҢ

СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Жоғарыда айтылғандай, жалпы алғанда қайталау арқылы лек-сикалық мағынасы басқа жаңа сөз тумағанымен, қайталануға негіз болатын сөзге әр алуан семантикалық, грамматикалық, стилистика-лық реңдер жамап, оларды сараландыру үшін қолданылатын аса құ-нарлы амал есебінде жұмсалады. Ал, қайталану арқылы туатын жаңа форма жалпы сөз семантикасында болатын жинақтау, топшылау, бөлу, саралау, күшейту, толықтыру, даралау, жекелеу, қайталау, ыңғайластыру сияқты әрқилы мағыналык, ерекшеліктерді білдіру үшін дәнекер болып қызмет етеді. Осыған орай қайталау-дың жоғарыда көрсетілген әрбір түрі сөздің белгілі бір мағыналық өзгешелігін білдіретін нақтылы тілдік, форма болып танылады. Мыс: арба-арба мен топ-топ; алды-алдына (пен өзді-өзіне; айта-айта мен жаза-жаза; оқып-оқып пен жүріп-жүріп; қора-мора мен сүт-мүт; жап-жасыл мен жіп-жирен; қалт-қалт пен солқ-солқ; жарқ-жұрқ пен қалт-құлт дегендердегі екі-екіден орналасқан формаларды алсақ, осындағы жұп-жұбымен көрсетілген әрбір форма — семантикалық, грамматикалық, стилистикалық реңдері жақтарынан бір-бірінен өзгешеленіпу алды-алдына үлгі больш қалыптасқан нүсңалар. Сол себептен осы атал-ған сипаттары жөнінен олар бір-бірімен қаншалықты сырттай (форма жағынан) ұқсас болмаса, іштей (мазмұны жағынан) де өз ара тең емес. Олар ешуақытта тең болмақшы да емес, өйткені олардың бір-біріне сырттай ұқсаспай ажырасатын түр-тұрпаттары қайталама қос сөздердің әр тобына тән форма есебінде қалыптасқан тілдік үлгі я нұсқа ретінде қызмет етсе, сондай әр нұсқадан аңғарылатын я түсінілетін семантикалық, грамматикалық және стилистикалық ерекшеліктер сол форманың (нұсқаның) нақтылы мазмұны болып есептеледі. Ал, қайталама қос сөздердің осындай түр-түріне лайықты мағыналық ерекшеліктерінен олардың жалпы барлық тобына тән семантикалық сипаттары құралады. Мыс.:

Алтынсары мен Шауыпкел таныс қырманның басына келсе, т а у - т а у болып үйіліп жатқан бидай. (Мүқанов) Бай, манаптың бәрі де Елді талап бай болған, Салық салып алғаны қо р а-қ о р а қой

32

болған. (Жамбыл) С а й-с а й д ан қуылған селдің суы үлкен тасқын болып ақтарылған. (Бегалин) Ж а н-жақтың бәрін ү лке н-ү л к е н құрылыстар қаптап кеткен. (Ерубаев) Рахмет үндемеді, жауаптың орнына оның үлкен көздерінен і р і-і р і жастар домала-ды. (Ерубаев) Бұйрықтарын ол қысқа-қысқа, ашық-ашық берді. (Мүсірепов)

ҚОСАРЛАМА ҚОС СӨЗДЕР

Бұл қос сөздер лексикалық мағыналары басқа-басқа, бірақ се-мантикалық жағынан ыңғайлас, морфологиялық жағынан тектес және синтаксистік жағынан теңдес екі сөзден қосарланып жасалады. Мыс.: ата-баба, аға-іні, әке-шеше, туған-туысқан; жаман-жақсы, ұзынды-қысқалы; үш-төрт, жиырма-отыз; анау-мынау, ол-пұл; ақыра-зекіре, сүріне-қабына, асқын-тасқын; ілгері-кейін; асты-үсті т. б. осылар сияқты қосарланған сөздерді барласақ, олардың әрқайсысының компоненттері мағына жағынан бір-біріне әрі ыңғайлас, әрі орайлас, морфологиялық қатыстығы мен құрылымы жағынан әрі бір тектес, әрі бір тұрпаттас, синтаксистік қатынасы жағынан өз ара салалас сөздерден құралған.

Осылайша тектес, теңдес компоненттерден қосарланып жасала-тын сөздің семантикасы құрамындағы екі компоненттің де мағына-лары бірдей енетіндіктен, ол семантика сол екі компоненттің мағыналарының қосындысы я жиынтығы іспетті болады да, тұтасымен алғанда, жалпылау, жинақтау, топшылау, болжалдау, шамалау тәрізді ұғымдарды білдіреді. Мәселен, зәре-құт дегеннің ұғымына зәре дегеннің де, құт дегеннің де мағыналары бірдей еніп, екеуінің қосындысынан үрей тәрізді жалпыланған я жинақталған мағына аңғарылады. Сондай-ақ, бес-алты адам дегенде бес және алты деген ұғымдар қоса қамтылып, болжалды бір шама жайындағы түсінікті білдіреді.

Қосарлама сөздердің компоненітері лексикалық дербестігі жағы-нан қарағанда, үнемі тең бола бермейді. Олардың ішінде екі компо-ненті де бірдей дербес лексикалық мағынаны білдіретін сөздермен қатар (мыс.: ата-баба, ата-ене, үлкен-кіші, ілгері-кейін т. б.), я біреуі (мыс.: жөн-жосық, әуре-сарсаң, қойшы-қолаң т. б.), я екеуі де (мыс.: анда-санда, оқта-текте, алай-түлей т. б.) бірдей дербес лексикалық мәнді білдіре алмайтын компоненттерден құралғандары да бар.

Фонетикалық сипаты жағынан алсақ, қосарлама сөздердің ком-поненттері, көбінесе, дыбыстық жағынан үндес, буын жағынан құрылымдас болып, орайласып отырады. Мыс.: аң-таң, әке-көке, аман-есен, емін-еркін, жата-жастана, жатса-тұрса, дәрі-дәрмек, күш-көмек, қыбыр-қимыл, тамыр-таныс, сай-сала, шам-шырақ, хат-хабар сияқтылардың компоненттері дыбыстық жағынан аллитерация, ассонанс, жолдарымен үндесіп, үйлесіп құрылған.

Ал, ас-су, аң-таң, ата-ене, ақсақ-тоқсақ, абыр-сабыр, егжей-тег-жей, бірен-саран, тоқты-торым, өрен-жаран, қазан-ошақ, үй-күй, күй-жай, сабыр-тағат, түр-түс, ащылы-тұщылы, жамаулы-жасқаулы, шаршамаған-шалдықпаған сияқтылардағы компоненттер буын саны жағынан өз ара орайласып құралған, демек, олар екі компоненті де бірдей я бір буынды, я екі буынды, я үш буынды, я төрт буынды болып ұйқасып келеді. Сонымен бірге, буын саны бір-бірімен тең түспейтін де қосарлама сөздер болады. Мыс.: әл-ауқат, хат-хабар, кесе-көлденең, шым-шытырық т. б.

Морфологиялық тұрғыдан қосарлама сөздерді құрылымы жағы-нан да, тиісті сөз таптарына қатыстығы жағынан да талдап қарауға болады.

33

Морфологиялық құрылымы жағынан қосарлама сөздер бірыңғай түбір формалардан да, бірыңғай туынды формалардан да немесе түбір форма мен туынды формадан да құралып жасала береді. Мыс: ас-су, ат-жөн, аң-таң, бас-аяқ, бет-жүз, дәм-тұз, ес-тұс, жол-жоба, зәр-зәбір, із-тоз, күш-қуат, мал-мүлік, ой-қыр, үл-қыз, сабыр-тағат, таң-сәрі, түс-түк, үш-қиыр, үй-жай, шет-жаға сияқты қосарлама сөздер кілең түбір формалардан жасалған. Сондай-ақ, азды-көпті, алым-салық, алъқ-берік, жүріс-тұрыс, келім-кетім, жуынды-шайынды, ессіз-түссіз, аумай-төкпей, ашпалы-жаппалы, көрмейінше-білмейінше тәрізді қосарлама сөздердің екі компоненттері де бірдей туынды формалар. Осындай қосарланатын туынды есім формалардың құрамында өте-мөтө жиі кездесетін қосымшаларға -лы; -м; -лық; -с; -шы; -ма; -малы; -дай; -нды; -н; -ш а; -ман секілді жұрнақтар, етістік формаларының құрамында аса көп ұшырайтын қосымшаларға -а, -е, -й (айта-айта, күле-күле; сұрай-сұрай); -п (айтып-айтып); -май (бармай-тұрмай), -ғ а н (қалған-құтқан), -майынша (көрмейінше-білмейінше) және басқа жұрнақтары жатады. Сонымен қатар, түбір формалар мен туынды формалардың қосарлануынан жасалатын артық-кем, жем-шөп, жол-жорық, кем-кетік, өмір-тіршілік сияқты қосарлама сөздер де бар.



Қайталама сөздердегі сияқты, қосарлама сөздердің өздері де, құрамдарындағы компоненттері де тиісті грамматикалық сөз тапта-рына телулі болады. Осы себептен қосарлама сөздер барлық сөз тап-тарының да құрамында бар. Мыс.: ас-ауқат, айран-шалап, ат-жөн, ақыл-айла, арба-шана, ауру-сырқау, бас-көз, бақа-шаян, бас-аяқ, бақ-талай, гүл-шешек, дәрі-дәрмек, етек-жең, жетім-жесір, шама-шарық тәрізді қосарлама сөздердің өздері де, компоненттері де зат есімдер болса, ақ-қара, ашық-айқын, ауыр-жеңіл, жеңіл-желпі, жақсы-жаман, тату-тәтті, аттылы-жаяулы дегендер — сын есімдер. Осылардай сан есімнен де (екі-үш, сегіз-тоғыз, елу-алпыс), есімдіктерден де (әне-міні, анау-мынау, оны-мұны), үстеулерден де (онша-мұнша, әрі-бері, күні-түні), еліктеу сөздерден де (арбаң-ербең, бұрқ-сарқ, торсаң-қорсаң), етістіктерден де (келген-кеткен, арымай-талмай, шаршап-шалдығып, жатса-тұрса) қосарланған формалар жасала береді де, ал, туынды формалар сол сөз таптарына қатысты болып қала береді.

Жай сөздер сияқты, қосарлама сөздерге де сөз байланыстыратын қосымшалар керегінше жалғана береді. Бірақ ондай жалғаулар, негі-зінен, алғанда екінші сыңарына жалғанады (мыс.: ата-аналар, әке-шешелері т. б.), тек әредікте ғана екі сыңарына бірдей жалғанады (мыс.: сәлем айт экеңе-шешеңе).

Қосарлама сөздердің семантикалық сипаты да аса күрделі. Қо-сарлама сөздердің семантикалық ерекшелігін айқындау үшін әрине оның құрамындағы жеке-жеке сыңарларының да семантикалык өзге-шеліктері анықталуы қажет. Олай болса, қосарлама сөздерді ең әуелі, біріншіден, екі компоненті де мағыналы қосарлама сөздер, екіншіден, я бір, я екі компоненті бірдей мағынасыз қосарлама сөздер деген екі салаға бөліп алып, оларды алды-алдына қарастырған мақұл.

1. Екі компоненті де бірдей мағыналы қосарлама сөздер, түбір формалардан құралсын мейлі, туынды формалардан құралсын мейлі, мағыналар жағынан бір категорияға тән я антоним сөздерден (аз-көп; ақ-қара; анау-мынау; күні-түні; жақсылы-жаманды; келіп-ке-тіп т. б.), я синоним сөздерден (айып-шам; ат-жөн; жыртық-тесік; ерінбей-жалықпай; шаршаған-шалдыққан т. б.), я коррелятив (сыбайлас) сөздерден (әке-шеше; аға-іні; қол-аяқ; шек-қарын; сорпа-ру т. б.) құралады. Осы жүйемен жасалатын қосарлама сөздер, қандай компоненттен құралсын мейлі, жалпылау топтау -



34

мағыналарын білдіріп, өзінің семантикалык; құрылымының ішіне жеке-жеке компоненттердің мағыналарымен бірге, өздерімен семантикалық, лексикалық байланыстары бар өзге сөздердің де мағыналарын қаусыра тартып алады. Мысалы: ыдыс-аяқ деген қосарлама сөздің мағынасы тек ыдыс пен аяқ сөздерінің ғана емес, тұрмыста олармен бірге қолданылатын қазан, таба, табақ, ожау, қасық, шанышқы, шелек, кәкпір, шәйнех тәрізділерді де түгел қамтып, нағыз жинақтау я топтау ұғымын білдіреді.

Екі компоненті де бірдей мағынасы бар сыңарлардан құралатын қосарлама сөздер үш түрлі болады: а) қайшы мәндес (антоним) сыңарлардан жасалатын қосарлама сөздер; ә) мәндес (синоним) сыңарлардан жасалатын қосарлама сөздер және б) с ы б а й л ас (коррелятивтес, ұштас) сыңарлардан жасалатын қосарлама сөздер.

а) Қайшы мәндес (антоним) сыңарлардан жасалатын қосарлама сөздердің құрамдарындағы компоненттер бір-біріне я жетекші, я көмекші бола алмайды, олардың мағыналары өз ара тың я пара-пар болады. Мыс.: ақ-қара; ақтылы-қаралы; үлкен-кіші; үл-кенді-кішілі; ащы-тұщы; ащылы-тұщылы; үзынды-қысқалы; жарық-қараңғы; күн-түн; қыс-жаз т. б.

ә) М ә н д е с (синоним) компоненттерден жасалатын қосарлама сөздердің құрамдарындағы сыңарлар да, мағыналары бір-біріне әрі жақын (мәндес), әрі ез ара бір-бірімен тең болатындықтан, біріне бірі я жетекші, я көмекші бола алмайды, өз ара тең болады. Мыс.: ат-жөн; бұтақ-тармақ; дау-шар; дос-жар; бәле-жала; жылға-жыра; зәре-құт; малшы-малай; мәз-майрам; күш-қуат; күш-қайрат; кес-кін-кейіп; күш-көмек; иіс-қоқыс; иіліп-бүгіліп; ойын-сауық; сауық-сайран; қат-қабат; шәк-шүбә; тәлім-тәрбие т. б.

б) Сыбайлас (ұштас я коррелятивтес) компоненттерден жаса-латын қосарлама сөздердің құрамдарындағы сыңарлары да, мағына-сы мен қызметі жағынан бір-бірімен әрі ұштас, қарымдас, ұялас, әрі тең болатындықтан, біріне бірі не жетекші, не көмекші бола алмай-ды. Мыс.: аяқ-қол; бас-сирақ; әке-шеше; ағайын-туған; етек-жең; көнек-шанақ; қазан-ошақ; қанат-құйрық; қол-қанат; сақал-мұрт; соқа-сайман; өкпе-бауыр; өнер-білім; шалбар-бешпент т. б.

2. Компоненттері мағынасыз қосарлама сөздер екі т о п қ а бөлінеді: а) б і р с ы ң а р ы м а ғ ы н а л ы, б і р сыңары мағынасыз (түсініксіз) сыңарлардан жасалатын қосарлама сөздер және ә) екі сыңарыда мағынасыз сыңарлардан жасалатын қосарлама сөздер.

Бір сыңары мағынасыз қосарлама сөздерді, қай компонентінің түсініксіздігіне қарай, іштей екі салаға бөлуге болады. Олардың бірінші саласына бірінші сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз болып келетін қосарлама сөздерді қосуға болады да (мыс.: арық-тұрақ; азын-аулақ; ауру-сырқау; әуре-сарсаң; бала-шаға; дәрі-дәрмек; жаман-жәутік; жүн-жұрқа; жай-жапсар; жүдеу-жадау; жас-желең; иіс-қоңыс; көл-көсір; кедей-кепшік; киім-кешек; кіш-ігірім т. б.), екінші саласына бірінші сыңары түсініксіз (мағынасыз), екінші сыңары түсінікті (мағыналы) қосарлама сөздерді (мыс.: емін-еркін; есіл-дерт; опыр-топыр; тай-талас; ұлан-байтақ; ұшан-теңіз; ұшты-күйлі; ұмар-жұмар; шардақ-шадыр; шыбыр-жыбыр т. б.) жатқызуға болады.

Екі компоненті де бірдей мағынасыз қосарлама сөздердің саны да аз емес. Мыс.: абыр-сабыр; ағыл-тегіл; азан-қазан; алба-жұлба; алба-салба; алай-түлей; астан-кестен; анда-санда; алда-жалда; әлем-тапырық; әңкі-тәңкі; бұлан-талан; быт-шыт; дел-сал; кәкір-шүкір; тырым-тырақай; ту-талақай; епей-тепей;

35

ырың-жырың; ығай-сығай; қым-қуыт; иқы-жығы; ығы-жығы т. б.

Қосарлама сөздердің сыңарларының түсініксіздік дәрежесі бәрін-де біркелкі емес. Олардың кейбір тусініксіз сыңарлары мағынасын тіпті, ада-күде (біржолата) жоғалтып (мыс.: анда-санда; алда-жалда; әңкі-тәңкі; кәкір-шүкір; епей-тепей; ығы-жығы т. б.), ұмытылып кеткен де, кейбір түсініксіз сыңарлардан сәл де болса, күңгірттеліп сақталған мағына немесе әлде бірдеменің сілімтігі (қалдығы) барлығы байқалады. Мыс.: тырым-тырақай; ту-талақай; ұйпа-тұйпа дегендерді алсақ, осылардағы тырақай деген сыңарды тырағайлап (қаш) дегенмен, талақай дегенді талау етістігімен, ұйпа дегенді ұйпалақтау деген етістікпен салыстырсақ, олардың күңгірт мағынасы азды-көпті айқындалады да, өздерінің төркіндері де табылады. Онан қала берді, мағынасы күңгірт осы сыңарлардың кейбіреулері кейде жеке-дара сөз ретінде де қолданылады. Мыс.: Заманда сонау сарсаң Ақан тұрған, Ол заман ерге тұсау, зорға думан (Жансүгіров) дегенде жекедара жұмсалған сарсаң сөзі, әрине, әуре-сарсац дегендегі сыңар екені күмәнсіз.

Қазіргі кезде мағынасы жоқ (түсініксіз) осындай сыңарлар ерте замандарда өзіне тән мағынасы бар дербес сөздер болғандығы шәксіз. Ондай түсініксіз сыңарлар делексикалану (десемантикалану) нәтижесінде өздерінің әуелгі дыбыстық мүсіндерін өзгертумен бірге жеке сөз ретінде қолданылу қабілеттерінен де айырылып, тек белгілі тіркестің құрамында ғана қолданылатын “қосалқы компоненттер” есебінде сақталған. Мысалы, жылап-сықтау, дегендегі сықта сөзі көне түрік жазуларында және осы күнгі кейбір түрік тілдерінде (мысалы, алтайлықтардың тілінде) еңіреу деген мәнде дербес сөз ретінде кездеседі; жора-жолдас сөзіндегі жора дегеннің қазақ тілінде басқа мәнде қолданылатынын (мұның жол-жорасы бола ма?, Би жоқта құл жреді жораға дегендегілерді алыңыз) есепке алмағанда, қазіргі түрікмен, өзбек, ұйғыр, қырғыз тілдерінде жолдас деген мағынада жұмсалатынын айта кеткен дұрыс. Ал тоқты-торым, некен-саяқ дегендердегі торым формасы қазіргі монғол (монғол, бурят, қалмақ) тілдерінде тайлақ деген мағынада, некен деген форма сол тілдерде бір деген мағынада дербес сөздер есебінде жұмсалады.

Сол сияқты, ығы-жығы дегендегі екі сыңар да түрік халықтары-ның ертеректегі диалектілерінде бір сөздің екі түрлі айтылатын фор-малары болғаны даусыз. Мысалы, қазақ тіліндегі жыйы (жиы) деген сын есімді түрікмендер жығы деп айтатынын, қазақ тіліндегі жыр деген сөзді қырғыздар ыр деп айтатынын еске алсақ, жыйы. сөзі сол ығы-жығы дегендегі қосардың екінші сыңарынан шыққандығы я сонымен төркіндес екендігі шүбәсіз. Ал, анда-санда, оқта-санда, оқта-текте дегендердегі санда, оқта формаларының осы құрамдарда ұшырауын және қазіргі тілімізде шанда бір кездеседі, оқта-оқтада я оқтасында бір соғады дегендерде ұшырасуын есепке алсақ (қырғыз тілінде шанда сөзі біздің анда-санда деген қосарлама сөздің орнына жүмсалады), бұл сөздерде әуелдегі жеке-дара жұмсалатын мағыналы сөздер болғаны анық.

Сонымен, қос сөздер мағыналық та, формалық та, грамматикалық та ерекшеліктері мол өз алдына категория екенін, бұл категорияның өзіне тән шығу төркіні, даму, қалыптасу заңдары бар екенін көреміз.

36

ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР



(Аббревиатура)

Қысқарған сөздер күрделі сөздердің белгілі бір тобы есебінде та-нылып жүр. Қазақ тілінде күрделі сөздердің бұл түрінің шығуы орыс тілінің Октябрь революциясынан кейінгі дәуірде тигізген ықпалы-мен, оның нәтижесімен тікелей байланысты. Совет тұсында туған жаңа саяси-әлеуметтік, мәдени-шаруашылық өмірдің тәжірибесінде турі де, мазмүны да жаңа әр алуан қоғамдық ұйымдар мен мекемелер ашылды. Сол мекемелер мен ұйымдар көп сөзбен суреттеп аталатын болды. Осы күрделі атаулар әдеби тілдің жазуша түрінде қысқартылып жазылып, ауызша түрінде қысқартылып айтылатын дәстүр туды. Осының нәтижесінде қысқарған сөздер күрделі сөздердің белгілі бір түрі ретінде қалыптасты. Мысалы, облыстық комитет — обком, Германия Демократиялық Республикасы, — ГДР т. б. Бұдан, әрине, мұндай күрделі атаулар тек қысқартылып қана айтылады екен я қысқартылып қана жазылады екен деген қорытынды шықпасқа тиіс. Өйткені олар ауызша да, жазуша да бірде толық, бірде қысқартылып қолданыла береді. Тіл білімінде мұндай қысқартылған сөздер а б б р е в и а т у р а деп аталады.

Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер категориясы о р ы с т і л і н і ң тікелей ықпалынан туған құбылыс екенін, біріншіден, орыс тілінде қысқарған сөздердің ешбір өзгеріссіз, сол қалпында алынған түрлерінен де (СССР; КПСС; комсомол; совхоз), екіншіден, орыс тіліндегі сөзді қысқарту үлгісі бойынша және соған лайықтап қазақ тіліндегі күрделі атаулардың құрамдарындағы компоненттерді қысқартып алған нұсқалардан да (АҚІП США; ҚазПИ КазПИ) көруге болады. Оның бер жағында, бұл ықпалды күрделі атаулардың толық түрлерінің (варианттарының) құрылымынан ғана емес, сөздердің бірінші дыбыстарынан я бірінші әріптерінен (АҚШ СІПА); сөздердің бірінші буындарынан (ауатком райсполком); күрделі атаудың бірінші компоненттің бірінші буыны мен соңғы компоненттерінің бірінші дыбыстарынан (әріптерінен) құралатын (ҚазССР КазССР) және бірінші компоненттің бірінші буыны мен соңғы компонентінің толық формасынан құралатын (партбилет партбилет; педсовет педсовет) үлгілер мен нұсңалардан да табуға әбден болады.

Осы қағидаларға орай, қазақ тіліндегі қысңарған сөздердің негізгі нүсңалары төмендегідей топтарға бөлінеді.

1. Қазақ тілінде де, орыс тілінде де құрамдарындағы компонент-терінің толық түрінің де, қысқарған түрінің де тізілу я тіркесу реттері бірдей болып келетін сөздер. Мыс.:

а) КазПИ (Қазақ педагогикалық институты); ҚазМИ (Қазақ ме-дициналық институты); ҚазТАГ (Қазақстандық телеграф агенттігі);

ә) Обком (облыстық комитет); партком (партия комитеті); облсо-вет (облыстық совет); партбюро (партия бюросы);

б) га (гектар); кв (киловатт); см (сантиметр); мм (миллиметр); т (тонна);

в) А. С. Пушкин; Л. Н. Толстой; А. П. Чехов, Ж„ Жабаев; Ш. Ш. Уәлиханов; С. Сейфуллин; Қ. И. Сәтбаев; М. О. Әуезов т. б.

2. Орыс тілі заңдарына лайық қысқарып, сол күйінде алынған сөздер. Мыс.:

а) ГЭС; ГАИ; ЗАГС; СССР; МХАТ; ВАСХНИЛ; РТС; КЗОТ; ТЭЦ; ДОСААФ т. б.;

37

ә) Совхоз; колхоз; комсомол; местком; диаметр; мехфак;



физмат;

б) әр алуан машиналардың (самолет, автомобилъ, трактор, ком-



байн), фото-, теле-, радио аспаптарының, медицина және басқа салада қолданылатын аспаптардың маркалары мен модельдерінің аттары. Мыс: ГАЗ-51; ЗИЛ-150; АН-10; ИЛ-18; ТУ-104; ЛА-5; ЗИЛ-ОКА; УВЧ; ДДТ т. б.

3. Совет Одағы халықтары тілдеріне шет елдердің тілдерінен еніп, сол күйінде қолданылатын қысқарған сөздер. Мыс.: НАТО;



СЕАТО; СЕНГО.

Жоғарыдағы нұсқаларда көрсетілген қысқарған сөздердің бәрі бірдей көпшілікке түсінікті екен деп айтуға болмайды. Олардың көпшілігі халық шаруашылығының тиісті салаларында істейтін және сол машиналар мен аспаптарды қолданатын адамдарға ғана түсінікті болады да, өзгелері оларды тек шартты атау есебінде ғана қабыл-

дайды.

Қысқарған сөздердің әр нұсқасының жазылу, айтылу жуйелері оларға қосымшалар қосу және оларды тасымалдау жайында ереже-лер болатыны аян. Олар жөнінде жөндемелер мен мәліметтерді, әри-не, тиісті ережелер мен анықтағыштарда беріледі.



38

СӨЗ ТАПТАРЫ



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет