ЕЛІКТЕУІШ СӨЗДЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Қазақ тілінде басқа сөз таптарындағы сөздерден фонетикалық, грамматикалық, әсіресе, семантикалық жақтан ерекшеленіп, өз алдына жеке-дара тұрған тарс [етті], борс [етті], жымың-жымың [етті], бүрсең-бүрсең [жүрді], алба-жұлба [болды] сияқты көру, есіту қабілетінен пайда болған сөздер бар.
254
Бұл сөздер — ғылми-публицистика әдебиеттерден көрі, көркем әдебиетте көп кездесетін, айтайын деген ойдьі дәл, көркем жеткізу жағынан ерекше мәні бар, тілімізге әрдайым әсемдік, ықшамдылық, көріктік сипат беріп тұратын, шығарма тілін бейнелеп, мәнерлеп тұратын сөздер. Мыс.: Оның жүрегі желді күнгі жапырақтай дірілдеп, өкпесі көріктей көмпиіп, танауы д е л д е ң-д е л д е ң етті (Мұқанов) Досекең сескеніп, қопаң еткенде, борсық сып етіп еніп кетеді інге (Мұстафин) Дәмет бәйбіше қысқа ғана амандасты да, үлкен аузын шайға отыра бере бір с ы л п еткізді. (Мұстафин) Ол мөрін б ы л ш еткізіп баса салды. (Аманжолов) Жанып жатқан тезек шоғы, майлы көбік тамғанда п ы с етіп, б о р с етіп сөне қалып, қоңырсытып майды күйдіріп, қайтадан тез лап етіп жанады. (Сейфуллин)
Бұл сөздер мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда да кездеседі. Мұндай жағдайда да олар мақал-мәтелдерге ықшамдылық, жинақтылық си-пат беріп, көріктендіріп отырады.
Еліктеуіш сөздер еліктелу сипатына қарай дыбыстық еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып екі үлкен топқа бөлінеді.
ЕЛІКТЕУІШ СӨЗДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дыбыстық еліктеуіш сөздер
Бұл топқа енетін сөздер мына төмендегі дыбыстарға еліктеуден пайда болады:
1) Табиғат құбылыстарының дыбыстарына (желдің гуілі, жапы-рақтың, қамыстың сыбдыры, найзағайдың жарқылдауы, күннің күр-кіреуі, өзеннің сылдырап ағуы т. б.) және айналадағы заттардың қозғалуынан шыққан дыбыстарға (заттың құлап түсуі, домалануы, олардың бір-біріне соқтығысуынан шыққан дыбыстар) еліктеуден пайда болған сөздер. Мыс.:
Танк б о р с етті де лап берді. (Мүсірепов) Абай қасына келді де суға Оспанмен бірге ш о м п етіп құлай кетті. (Әуезов)
2) Түрлі хайуан, аң-құстардың дауыстарына еліктеуден пайда болған сөздер. Мыс.:
Б а қ-б а қ еткен текені,
Қар жауғанда көрерміз.
Батырсынған жігітті,
Жау келгенде көрерміз. (мақал)
3) Адамның сөйлеу аппаратынан шыққан дыбыстарына (түшкі-ру, пысылдау, қорылдау, жылау, күлу т. б.) еліктеуден пайда болған сөздөр. Мыс.:
Кемпір әр қабырға нұсқап б а л п-б а л п сөйледі. (Мұстафин) Ол п ы с-п ы с үйықтаған баланың қасына келіп, айналып толғанып тұр. (Мұстафин)
Сөйтіп, табиғат құбылыстарының, айналадағы заттардың қоз-ғалуынан, олардың бір-бірімен соқтығысуынан пайда болған дыбыс-тарға және адамның, айуанаттың шығарған дыбыстарына еліктеу-ден пайда болған сөздерді дыбыстық еліктеуіш сөздер дейміз.
Бейнелеуіш сөздер
Бейнелеуіш сөздер мағынасына қарай екіге бөлінеді.
1) Қимыл процесінің бейне-сипатын бейнелейтін сөздер. Мыс.:
255
Алшаң басып, аяңдап аю келді. (Ыбырай) Байғұс қара өгіз, кө-зіне шыбын үймелеп, аузынан сілекейі шұбырып, м и т і ң-м и т і ң аяңдап келеді. (Мүсірепов)
2) Адамның, заттың сыртқы тұлғасын, пішінінің күйін көрсетеді. Мыс.:
Шашы д о д а-д о д а, бет-аузы д а л-д а л. Үстері ө р і м-ө р і м,
а р с а-а р с а. (Жароков) Соқа тимеген соны жер биыл б о р ш а -
б о р ш а. (Мұстафин)
Бұл топқа оттың лапылдап жануына, жылтыр нәрсенің жылтыл-дауына еліктеуден пайда болған жалт-жұлт, жарқ-жарқ, лап-лап, лау-лау, жылт-жылт сияқты бейнелеуіш сөздер де енеді.
Бейнелеуіш сөздер тобына сын есімнен жасалған қызараң-қыза-раң, қараң-қараң сияқты азын-аулақ сөздер де енеді. Бүған етістік-терден жасалған сүйрелең-сүйрелең, сүйрең-сүйрең, қисаң-қисаң, қисалаң-қисалаң, домалаң-домалаң, созалаң-созалаң, секірең-секірең сияқты сөздер де енеді. Олар, әсіресе, етістіктің бұйрық рай тұлғасына -а ң -е ң “қоспасы” жалғану арқылы жасалады.
Сөйтіп, тірі жанның, нәрсенің қимылын, күй-қалпын, сыртқы пі-шінін бейнелеп, көру қабілетінен пайда болған сөздерді бейнелеуіш сөздер дейміз.
* * *
Көптеген еліктеуіш сөздер бір ғана дыбысқа емес, өз ара жақын, ұқсас бірнеше дыбысқа еліктеу мақсатымен жұмсалады. Немесе, бір ғана құбылыстың қимыл-қалпын бейнелемей, бірнеше құбылыстың қимыл-қалпын бейнелеу үшін жұмсалуы мүмкін. Мысалы, қарқ-қарқ деген еліктеуіш сөз, бір жағынан, қарғаның қарқылдауына еліктелсе, екінші жағынан қарқылдап күлуден шыққан дыбысты беру үшін де жұмсалады. Төмендегі ду, күңгір-күңгір, тық-тық сөздерінің өз ара жақын бірнеше дыбысты білдіруге жұмсалып тұрғандығын мына сөйлемдерден байқаңыз. Мыс.:
Стол басы д у-д у әңгіме. (Иманжанов) Абайдың екі беті ду етті. (Әуезов) Шақшасын темірге т ы қ-т ы қ қақты да, насыбайын атты. (Мұстафин) Таңдайын т ы қ-т ы қ қағып, басын шайқап отыр. (Мұстафин)
Күңгір-күңгір деген еліктеуіш сөз де бірде қоңыраудың күңгір-леуіне, бірде жылқының кісінеуіне, бірде күңгірлеп сөйлеуге байла-нысты қолданылады.
Пыр-пыр сөзі әрі пырылдап үйықтағандағы дыбысқа, әрі құстың пыр-пыр етіп ұшқан дыбысына, әрі машинаның гүрілдеуіне (Машина өрге жүйткіп п ы р-п ы р етті) еліктеледі.
Мылтығын жоғары қаратып Қайырбек дүңк еткізді (Сланов) дегендегі дүңк сөзі мылтықтың атылу дыбысына еліктеу мағынасында айтылса, жас әйел күйеуінің атын д ү ң к еткізіп қойып қалды (Сланов) дегендегі дүңк ауыспалы мағынада қолданылып тұр. Ауыспалы мағынада қолданылу, әсіреісе, бейнелеуіш сөздерге тән. Мыс.:
Күміс ыдыс жалт-жалт етті дегендегі жалт-жалт сөзі өзінің тура мағынасында қолданылып тұр да, мотоцикл баспалатып жетіп келгенде құлын ж а л т берді (Мұстафин) дегендегі жалт өзінің тура мағынасында емес, ауыспалы (жылдам, тез) мағынасында қол-данылып тұр.
Еліктеуіш сөздер ауыспалы мағынада тек түбір күйінде ғана қолданылмай, сонымен қатар, етістік тұлғасында да қолданыла береді. Мысалы:
256
Қазанқап сонша неге ш ы т ы р л а й с ы ң.
Тіл безеп қарсы ұмтылып т ы п ы р л а й с ы ң...
Жауырды жаба тоқып с ы п ы л д а й с ы ң,
Несіне болмашы деп ш ұ қ ы м д а й с ы ң?!
(Нартай ақын).
деген шумақта шытырлау сөзі тура мағынада қолданылмай, ауыспа-лы мағынада долы, ашу деген сөздердің баламасы ретінде қолданы-лып тұр. Сирек терілген басқа еліктеуіштен жасалған етістіктер де ауыспалы мағынада қолданылып тұр.
Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктері
Еліктеуіш сөздер дыбыстық жағынан, интонация, дыбыс әуенінің екпін, ырғақ құбылмалығы жағынан одағай сөздер сияқты құбылма-лы келеді. Олар еліктелетін дыбыс пен қимылдың жылдам-баяу, ақырын-қатты, қысқа-созылмалы, жалаң-дүркінділігіне байланысты біресе баяу, созылмалы, біресе жұлып алғандай тез, жылдам қысқа интонациямен айтылып түрленіп отырады. Олардың интонациялық құбылу сипатын байқау үшін омонимдес зат есімдермен салыстыруға болады:
Зат есім
|
Еліктеуіш сөз
|
қор [болды]
тап [күресі]
қыз [бала]
шөп [шапты]
бақ [қонды]
кілт [есікте тұр]
|
қор [ете түсті]
тап [берді]
қыз-қыз [қайнады]
шөп [ете қалды]
бак-бақ [етеді]
кілт [бұрылды] т. б.
|
Мұнда зат есім мағынасындағы сөздер жай, қоңыр дауыспен ай-тылады да, еліктеуіш сөздер ерекше әуенмен, интонациямен, көтеріңкі дауыспен айтылады.
-з, -с, -р, -ж, -ң, -ш дыбыстарына біткен бір буынды еліктеуіш сөз-дердің соңғы дыбыстарын созып айтуға болады. Мыс.: гүр-р-р ете қалды, шыр-р-р ете түсті, пыш-ш-ш ете түсті, дың-ң-ң еткен дыбыс, пыс-с-с ете түсті, дыз-з-з ете түсті т. б.
Еліктеуіш сөздердегі дауысты дыбыстардың жуан, жіңіше, ашық, қысаң болуы ол сөздердің семантикасына әсер етеді. Жіңішке дауысты дыбыстардан құралған еліктеуіш сөздер жуан дауысты дыбыстардан құралған еліктеуіш сөздерге қарағанда қимылдың не дыбыстың жай, жіңішке, әлсіздеу болатындығын көрсетеді. Мысалы, шіңк-шіңк дегендегі дыбыс шаңқ-шаңқ-ка. қарағанда әлдеқайда әлсіз, әлдеқайда жай. Едірең-едірең сөзі адыраң-адыраң-ға қарағанда “сыпайырақ” сияқты да адыраң-адыраң едірең-едірең-ге қарағанда дөрекілеу сияқты. Төмендегі сөздер жөнінде де осыны айтуға болады. Лап-лап, лып-лып; сарт-сарт, сырт-сырт; талтаң-талтаң, тылтың-тылтың; шырт-шырт; борс-борс, бырс-бырс т. б.
Дыбыстың не қимылдың қатты не жай, жылдам не баяу болуына байланысты еліктеуіш сөздердің интонациясы, әуездік ерекшеліктері де әр түрлі болады.
Егер дыбыс жұлып алғандай тез, жылдам, шұғыл шықса, онда еліктеуіш сөздің айтылуы интонациясы да жылдам, тез болады. Мыс.:
257
Гүрс етті, шаңц етті, дүрс етті. Сол сияқты егер қимыл жай, созы-лыңқы болмай, тез, шұғыл болса, онда соған орай еліктеуіш сөздін айтылуы да тез, шұғыл болады. Мыс.: селк етті, сап ете қалды, шап береді т. б. Егер дыбыс шұғыл болмай, созылыңқы жай шықса, онда еліктеуіш сөздер де созылыңқы интонациямен айтылады. Мысалы, қо-о-ор ете түсті, ши-и-иқ ете қалды. Сол сияқты егерде еліктелетін қимыл жылдам, шұғыл болмай, жай, баяу, созылыңқы болса, онда бейнелеуіш сөздер де баяу, созылыңқы интонациямен айтылады. Мысалы, сопа-а-аң етіп шыға келді. Қопа-а-аң ете қалды.
Басқа сөз таптарының аяғында сирек кездесетін ж дыбысы елік-теуіш сөздердің соңында көп кездеседі. Мысалы: гүж-гүж, баж-бұж, шыж-быж, мыж-мыж, күж-күж, қож-қож. Л дыбысынан басталатын басқа сөз таптарындағы сөздердің алдында естілетін ы, і протетика-лық дыбыс ([ы] лақ, [ы] лай, [і] лезде, {ы] лас, [ы] лаж т. б.) еліктеуіш сөздерде байқалмайды. Мыс.: лақ ете қалды, лып-лып етті, лау-лау жанды, жүрек лүп-лүп соқты т. б.
Екі буынды дыбыстық еліктеуіш сөздер, көбінесе, вибрациялық р дыбысына аяқталып отырады. Мыс: тықыр-тықыр, салдыр-гүлдір, қаңғыр-күңгір, даңғыр-дұңғыр т. б. Ал, бір буынды еліктеуіш сөздерде сықырлап, гүрілдеп, тықырлап, сырылдап шығатын дыбыстарға еліктеуден пайда болған еліктеуіш сөздерде ғана кездеседі. Бұл дыбыс үш дыбыстан құралған еліктеуіш сөздердің соңында кездеседі де (сыр-сыр, быр-быр, гүр-гүр, қор-қор, дар-дар, тыр-тыр т. б.), төрт дыбыстан құралған еліктеуіш сөздердің үшінші дыбыс позициясында кездеседі (борп-борп, қорс-қорс, бырт-бырт, қарш-қарш, тарс-тарс, борс-борс т. б.). Үш, төрт дыбысты бейнелеуіш сөздерде бұл дыбыс кездеспейді. Екі буынды бейнелеуіш сөздердің соңына, көбінесе, -аң /-ең, -ың/ің, -ақ /-ек “қоспалары” қосылып отырады. Мысалы, талтаң-талтаң, сопаң-сопаң, жалтақ-жалтақ, мыртың-миртың, кідің-кідің, ербең-ербең т. б.
Еліктеуіш сөздердің дыбыстық құрамында белгілі бір заңдылық байқалады. Мұнда біркелкілік, бірізділік бар. Оны мына төмендегі топтардан байқауға болады: 1) СVLC28. Бұл топқа енетін сөздер төрт дыбыстан құралады да, олардың құрамындағы үшінші дыбыс әр уақытта сонор дыбыс болады (қарқ-қарқ, былш-былш, қаңқ-қаңқ т. б.); 2) СVL. Бұл топқа енетін сөздер үш дыбыстан құралып, р не ң (кейде м) сонорларына аяқталып отырады (гүр-гүр, дір-дір, қор-қор т. б.); 3) СVС (топ-топ, пыс-пыс, пыш-пыш т. б.); 4) СVLСVL. Бұл топқа енетін сөздер, әдетте, екі буыннан құралып, әр уақытта -р (-ыр), -ң (-ың) дыбыстарына аяқталып отырады (шүлдір-шүлдір салдыр- гүлдір, бүлтаң-бұлтаң т. б.); 5) СVLVL. Бұл топқа енетін сөздер де екі буыннан құралып, аяғы әр уақытта -ң (-аң), -қ (-ақ), кейде -р дыбыстарына бітіп отырады. (бұлаң-бұлаң, салаң-салаң, сумаң-сумаң, қараң-қараң т. б.); 6) СVСVL. Бұл топтағы сөздердің құрамындағы үшінші дыбысы жоғарыдағыдай сонор болмай не қатаң не ұяң дыбыс болады да, -р/-ар, -ың/-ң (-аң, -ең) дыбыстарына бітіп отырады (тапыр-тұпыр, күбің-күбің, кідің-кідің, шошаң-шошаң т. б.); 7) CVCCVL. Бұл топқа енетін сөздер алты дыбыстан құралады да -ң (-аң, -ең) кейде -р (-ар, -ер) сонор дыбыстарына аяқталып отырады (сып-сың-сыпсың, күйбең-күйбең, қақшаң-қақшаң т. б.)-
Ар-ұр, ыңқ-ыңқ, арс, ірк сияқты құрамы әредік сөздердің саны аз болғандықтан оларды өз алдына топ еткеніміз жоқ.
С — дауыссыз дыбыс, V — дауысты дыбыс, L — сонор дыбыс.
258
Еліктеуіш сөздерден қос сөз тудырудың төрт түрлі фонетикалык; амалы бар.
1. Еліктеуіш сөздерді ешбір фонетикалық өзгеріссіз, таза түбір күйінде қосарлап айту. Мыс.: сыбыр-сыбыр, ырғаң-ырғаң, шолп-шолп, шаңқ-шаңқ, шым-шым, гүрс-гүрс, ербең-ербең т. б. Бұл топқа енетін кейбір қосар еліктеуіштің құрамындағы сөздер түбір күйінде жеке-дара қолданылмай тек қос сөз күйінде немесе етістік күйінде қолданылады. Мысалы, сақ-сақ күлді дегендегі сақ сөзін сақ күлді деп қосарламай, жеке-дара күйінде айтуға болмайды. Ол тек қос сөз тұлғасында (са-сақ күлді) немесе етістік (сақылдап күлді) тұлғасында ғана айтылады. Талтаң-талтаң, бортаң-бортаң, дабыр-дабыр, кідің-кідің, қаздаң-қаздаң сияқты сөздер жөнінде де осыны айтуға болады.
2. Еліктеуіш сөздер қосарланып айтылғанда оның екінші компо-ненті дыбыстық жағынан өзгеріске ұшырайды. Мұндай жағдайда еліктеуіш сөздің алғашқы а дыбысы ұ дыбысына ауысу арқылы фо-нетикалық өзгеріске түсіп, екінші компоненті бірінші компонентінің жаңғырығы ретінде қолданылады. Мыс.: шапыр-шұпыр, сатыр-сұтыр, жалба-жұлба, жарқ-жұрқ, батыр-бұтыр т. б.
3. Тұлғалары әредік бірақ мағыналық жуыңтығы бар елік-теуіш сөздердің қосарлануы. Мыс.: бұрқ-сарқ, бұрқан-талқан, былқ-сылқ, кәкір-шүкір, салдыр-гүлдір, самбыр-күмбір, қылтың - сылтың т. б.
4. Әдетте, жеке қолданылмайтын екі еліктеуіш сөздердің қосар-лануы. Бұлар бір-біріне рифма жағынан үйлесіп, екінші компоненті-нің алдына ж, т, с (кейде ш) дыбыстары қосылып айтылады. а) т дыбысының кірігуі: ойпаң-тайпаң, ыржаң-тыржаң, апыраң-тапыраң, ыраң-тыраң, опыр-топыр, әптер-тәптер, әлкек-тәлкек, апыл-тапыл, арпыл-тарпыл, ұйпа-тұйпа, әлпеш-тәлпеш, әрпі-тәрпі, әңкі-тәңкі т. б. ә) ж дыбысының кірігуі: ырың-жырың, апар-жапар, алақ-жалақ, ың-жың, т. б. б) ш дыбысының кірігуі: әлкес-шәлкес, апар-шапар, үпір-шүпір, ойқы-шойқы, т. б. в) с дыбысының кірігуі: елең-селең, алқам-салқам, албыр-салбыр, аңғал-саңғал, үргін-сүргін, апақ-сапақ, ыбыр-сыбыр, абыр-сабыр, т. б.
Бұл таптағы қос сөздердің екінші компонентіне жоғарыдағы аталған дыбыстардың кірігуімен қатар олардан кейінгі дауысты ды-быс а болмай ұ дыбысы да болып келеді. Мыс.:
абыр-жұбыр, алба-жұлба, алақ-жұлақ, ежіл- құжыл т. б.
Еліктеуіш сөздерді қосарлап айту — еліктелетін дыбыстың не қи-мылдың бір емес, дүркін-дүркін бірнеше рет қайталаңғандығын білдіреді. Еліктеуіш сөздердегі дыбыстың, қимылдың дүркінділігін дыбыстың не қимылдың бір емес, бірнеше рет қайталанатындығын екі жол арқылы беруге болады. Олардың бірі — қосарлап айту жолы, екіншісі — етістікке айналдыру арқылы. Мысалы: саңқ-саңқ етті дегенде санқылдаған дыбыс саңқ етті дегендегідей бір рет емес, бірнеше рет кайталанып шыққандығын білдіреді. Немесе селк-селк етті дегенде селкілдеу қимылы селк етті дегендегідей бір рет қана емес, дүркін-дүркін бірнеше рет болатындығын көрсетеді. Сондай-ақ саңқылдады, селкілдеді сияқты етістік тұлғалары да дыбыстың не қимылдың бірнеше рет қайталанғандығын білдіреді. Егер дыбыстың не қимылдың бір ғана рет болғандығын білдіргіміз келсе, онда еліктеуіш сөздерді қосарламай, етістік тұлғасына қоймай, тек жеке-дара түбір қалпында ғана тиісті етістіктермен тіркестіріп айтамыз. Бұл айтылғандарды кестеге түсірсек былай болып шығады:
259
|
Дүркінділік
|
Дыбыстың не қимылдың бір рет болатындығы
|
Етістікке айналдырып
айту амалы
|
Қосарлап
айту амалы
|
тарс [етті] борс [етті] куңк [етті] сықыр [етті] селк [етті] гүрс [етті]
|
тарсылдады борсылдады күңкілдеді сықырлады селкілдеді гүрсілдеді
|
тарс-тарс [етті]
борс-борс [етті] күңк-күңк [етті] сықыр-сықыр [етті] селк-селк [етті]
гүрс-гүрс [етті]29.
|
Еліктеуіш сөздер. “ете түсті", “ете қалды” сияқты күрделі етістік-термен тіркескенде әр уақытта дыбыстың немесе қимылдың өте тез,
жылдам, бір дүркін болғандығын аңғартады.
Мыс.: гүрс ете түсті, сылп ете қалды т. б.
Еліктеуіш сөздердің үш не төрт рет қайталанып айтылуы да дыбыстың не қимылдың дүркінділігін білдіреді. Мыс.:
Келген жауда үрей жоқ, қ а л ш- қ а л ш, д і р-д і р, с е л к-
селк.(Аманжолов) Аяғын к е р д е ң-к е р д е ң-к е р д е ң бастыг
кердеңдеп қыруар жұрт елден асты. (Майлин)
Балпақ-балпаң-балпаң басып,
Екі көзін әрең ашып (Э. Тәжібаев).
Шұнаң-шұнаң-шұнаң қағып,
Жүгіреді ақ лағым (3. Қалауова).
Еліктеуіш сөздің мұндай үш, төрт қосарлы түрі, әдетте, поэзия жанрында көп кездеседі.
Еліктеуіш сөздердің морфологиялық ерекшеліктері
Еліктеуіш сөздердің жұрнақ арқылы зат есім, етістік категория-ларына ауысу процесі күшті. Бір буынды еліктеуіш сөздерден -ыл / -іл жұрнағы арқылы зат есім жасалады. Мысалы, гүрс-іл, тарс-ыл, қыңк-ыл, күңк-іл, гу-іл т. б.
Бірақ бұл жұрнақ түбір күйінде ғана қолданылатын тап [берді], шап [берді], сып [етті] сияқты қимылдың дүркін-дүркін болмай, бірақ рет болатынын білдіретін азын-аулақ сөздерге жалғанбайды.
Бір буынды еліктеуіш сөздердің басым көпшілігі жоғарыдағы -ыл / -іл жұрнағың қабылдай береді. Ал, екі буынды еліктеуіш сөздер бұл жұрнақты қабылдамайды. Бір буынды еліктеуіш сөздерге тікелей етістіктің жұрнағын жалғап етістік тудыруға болмайды30. Олардан етістік тудыру үшін алдымен -ыл / -іл жұрнағы арқылы зат есімге айналдырып алып, содан кейін етістікке айналдыруға болады. Мыс.: тарс-ыл-дау, борс-ыл-дау, арс-ыл-дау, гүр-іл-деу т. б.
29 Кейде еліктеуіш сөздер да/де шылауы арқылы қайталанып та дүркінділікті білдіреді. Мысалы:
Ел қағынды,
Мал сабылды,
¥ðлық, өтірік гу де гу. (Абай)
Тұндыргандай (домбыра — Ш. С.) құлагыңды, қоңырлауланып д ың д а д ы ң-(Сәрсенбаев) Ш а р т т а шұрт, дың да дың, ың да жың т. б.
30 Бұл жерде лау, зу, су, ду, шу, зыр сияқты бірен-саран сөздерге -ла/-ле жұрнағын тікелей жалғап етістік тудыруға болатынын ескерте кетпекпіз: зу-лау, ду-лау, зыр-лау, лау-лау, шу-лау, гу-леу т. б.
260
Ал, екі буынды еліктеуіш сөздерден -ла/-ле жұрнағы арқылы ті-келей етістік жасауға болады. Мысалы, күбірлеу, сопаңдау, талтаң-дау, тықырлау, сықырлау т. б. Қазақ поэзиясында еліктеуішті етістіктердің ұйқасып келуі жиі кездеседі. Мысалы, Абайдың “Болыс болдым, мінеки!” деген өлеңінің ұйқасы кілең көсемше тұлгалы етістіктердің ұйқасы негізінде құрылған (далпылдап, жалпылдап, барқылдап, шаңқылдап, тарқылдап, қарқылдап т. б.).
Кейбір еліктеуіш сөздер түбір күйінде қолданылмай, тек етістік тұлғасында ғана қолданылады. Мысалы: қаңқылдау, қауқылдау, ыңылдау т. б.
Кейбір еліктеуіш сөздерге -и жұрнақтары жалғанып, етістік жа-салады. Олардың арасында тірі, өнімді түбірлер де, өлі түбірлер де бар. Мысалы, бүкшең-бүкшең еліктеуіш сөздің бүкш өлі түбірінен бүкшию етістігін жасауға болады.
Бүкшиіп,
Сексиіп,
Түксиіп өлтірді (Абай).
Делдең-делдең сөзімен түбірлес делдию етістігі едірең-едірең сөзімен түбірлес едірею етістігі бар. Мына сөздердің сыңарлары да түбірлес екендігін байқау қиын емес: қылт — қылтию, сылт — сылтию (немесе сылти басты), күмп — күмпию, селт — селтию т. б.
Кейбір екі буынды бейнелеуіш сөздердің құрамынан -аң, -ең, -ың, -ің жұрнақтарын бөліп алуға болады. Мысалы:
балп-балп селт-селт елп-елп
балпаң-балпаң селтең-селтең елбең-елбең
қылқ-қылқ салп-салп жым-жым
қылқың-қылқық салпаң-салпаң жымың-жымың
жалт-жылт гур-гур
жылтың-жылтың гурің-гурің
бұлт-бұлт
бұлтың-бұлтың т. б.
Бұлардан басқа етістіктерден жасалған секірең-секірең, сүйрең-сүйрең, домалаң-домалаң, қисаң-қисаң сияқты еліктеуіш сөздердің құрамындағы түбір мен -аң /-ең формантының арасы айқын ажырап тұр. Бірақ барлық бейнелеуіш сөздер бұлай бөліне бермейді. Көп жерлерде -аң /-ең, -ың / -ің “қоспаларын” түбірден бөліп алу қиын. Өйткені, ондай түбірлер өз алдына жеке қолданылмайды. Мысалы: қодыраң-қодыраң, алшаң-алшаң, күйбең-күйбең, жаутаң-жаутаң сияқты сөздердің соңындағы -аң /-ең жұрнақтарын алып тастап қодыр-қодыр, алш-алш, күйб-күйб, жаут-жаут т. б. деп айтуға болмайды. Сондықтан біз бұл жердегі -аң /-ең, -ың / -ің форманттарын жұрнак; демей, шартты түрде “қоспа” (наслоение) деп атап отырмыз. Сол сияқты кейбір тық-ыр, шым-ыр, мың-қ (ғ) -ыр, топ-ыр, жылт-ыр сияқты сөздерден -ыр форманттарын алып тастасаң еліктеуіш сөздер түбір қалпында да қолданыла береді. А. Кононов өзбек тіліндегі еліктеуіш сөздерге қосылатын -ыр, -ір қосымшаларын жұрнақ деп есептейді31. Бұл өзбек тілінде өнімді жұрнақ болғаннан кейін өзбек тілі үшін жұрнақ аталуы дұрыс та шығар, бірақ қазақ тілі үшін оны жұрнақ қатарына қо с у қиын. Өйткені -ыр\\-ір форманттарына біткен еліктеуіш сөздердің басым көпшілігі түбір күйінде қолданылмайды. Мысалы: сылдыр-сылдыр, шүлдір-шүлдір, сыбыр-сыбыр, шатыр-шұтыр, күбір-күбір, сыбдыр -сыбдыр т. б.
31 А. К о н о н о в. Грамматика узбекского языка. Ташкент, 1948, стр. 260.
261
--------------
Грамматика казахского языка. Часть 1, Алма-Ата, Изд-во “Наука” Казахской ССР, 1967.
264 стр. (Академии наук КазССР. Институт языкознания).
Часть 1. Морфология.
Редколлегия: М. Балакаев, А. Искаков, Т. Кордабаев, А. Хасенова. Ответ. выпускающая Н. Искакова, 1967, 264 стр.
Редактор Айтмухамбетова С.
Худож. редактор Сущих И. Д.
Техн. редактор Ророкина 3. П.
Корректор Сулейменова Н.
Обложка художника Жилякова П. К.
* * *
Сдано в набор 18/П 1967 г. Подписано к печати 26/У 1967 г. Формат 70Х108 1/16. Бумага № 2. Усл. печ. л. 22,6. Уч.-изд. л. 23.
Тираж 5150. УГ01787. Цена 1 р. 58 к.
Типография издательства “Наука”, г. Алма-Ата, ул. Шевченко, 28.
Зак. 32.
Достарыңызбен бөлісу: |