Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967



бет14/22
Дата27.12.2016
өлшемі6,92 Mb.
#5669
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

135

Бұл екі категорияның мағыналары мен формалары етістік сөз та-бының аясында таза грамматикалық сипатта көрінеді және олар тү-бірдің әуел бастағы лексикалық мәніне ешқандай өзгеріс енгізбейді.



Ескерту: Ж ы л а п көрісті деген мөн жылап-жылап, көре сала, сенен гөрі (<көре), “көре-көре көсем болады”, қарай көр өзін, үйге қарай, қараймын т. б. турлі тіркес, әр түрлі сөйлем құрамында келген тұлғалас етістіктердің әрқайсысының өзіне тән мағыналық өзгешеліктері болады.

“Оқымысты” мәніндегі оқыған, қолұстатар, бесатар, көреген, ала-қан, Тұрар (кісі аты) т. б. төл есім сөздерге айналып кеткен есімше тұлғалас туынды түбірлер мен көрген-білгеніңді, оқығаным, айтаты- ныңыз, береріміз тәрізді толып жатқан өсімшелердің бір-бірінен түбегейлі айырмасы бар. Бұл олардың лексикалық мәнінен де, сөйлемдегі қызметінен де айқын көрінеді.



Көре тұра, біле тұра, кешке қарай (кешке таман д. м.), әдеп (әдеп соны айта берді), қараптан-қарап т. б. үстеулер мен тұра тұр, қ о я ғой, қ а р а й сал, ж ө ң к і п кетті, болғалы (б о л ғ а л ы тұрған бала екен) тәрізді көсемшелер өз алдына дербес категориялар тұрғысынан танылады.

Қазақ тілінде есімдер де, етістіктер де, былайша айтқанда, сөй-лемнің баяндауыш мүшесінің қызметін атқаратын әрбір сөз табы жіктеледі. Бірақ олардың жіктелуінде араларындағы ұқсастық, ортақ қасиеттерден гөрі айырма, өзгешеліктері басьш болып келеді. Мыс.:



Етістік баяндауыштар жіктік жалғаулы және жіктік жалғаусыз болып, екіге бөлінеді. Жіктік жалғауымен қолданылатындарының өзі екі салаға топталады.

1. Үш жаққа қаратыла айтылып, жекеше (мен, сен, сіз, ол) және көптік (біздер, сендер, сіздер, олар) мағыналарды беретін баяндауыштар мына төмендегі жағдайларда түгелдей дерлік әрқайсысы өзіне тән жіктік жалғауларымен түрленіп айтылады:

а) Ауыспалы осы шақта:





Жерінің беті ойлылау-дөнділеу к е л е д і. (Мұқанов)

ә) Бұйрық райда:



136


Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!

Сарна да зарла, қызыл тіл,

Қара көңлім оян с ы н.

Жыла с ы н, көзден жас ақ с ы н

Омырауым боял с ы н!



(Абай).

б) -п, -ып, -іп формалы бұрынғы өткен шақта:



2. Жіктеліп қолданылатын етістік баяндауыштар қалған жағдай-лардың барлығында да бірінші және екінші жақтардың арнаулы қо-сымшаларымен тұлғаланады, ондай тұлғалық көрсеткіш үшінші жақтың жекешесінде де, көпшесінде де болмайды. Бұған етістіктің мына категорияларын жатқызуға болады:



а) Есімшелер:

ә) Жіктелетін етістік баяндауыштардың жоғарғы бірінші топта санап өткен шақтары мен бұйрық райынан басқа шаң және рай категорияларында жөкеше және көптік мағына беретін бірінші, екінші жақтарға байланысты жалғаулар қосылып айтылады, ондай формалардың болмауы үшінші жақты білдіреді. Бұған:



т. б. тәрізді басқа да формаларда келетін етістіктерден мысал келті-руге болады.



б) Жіктелуінде есімдермен тұлғалас келетін отыр, жүр, тұр және жатыр қалып етістіктерінің нақтылы осы шақ мәніндегі дара және күрделі баяндауыштар қызметін атқарудағы тұлғалық ерекшелік -теріне сәйкөс жеке топтап көрсетуге болады. Мұнда да үшінші жақ мағынасында тұлғалық өзгеріске түспей қолданылады.

Жатыс жалғаулы түрінде жіктеліп барып, баяндауыш қызметін атқаратын -у формалы қимыл атауларын да осы топқа қосуға болады.



137


в) е- (е-ді, е-кен) көмекші етістігі мен етістікті тіркес, былайша айтқанда күрделі баяндауыш тобын құрайтын басқа да көмекші сөз және модаль етістіктерде бірінші, екінші жақтарда жіктік жалғауының тұлғалық көрсеткіштерімен қосылып қолданылады.



Айт-у-ға ти-іс -п і н, кел-у-ге тиіс -с і з д е р т. б.

Сонымен жіктелген етістіктер дара тұрып, сөйлемнің дара баян-дауышы, негізгі етістіктер немесе есім сөздермен тіркесе келіп, күр-делі баяндауыштардың қызметін атқарады жәнө олар осы функция-ларында жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдердің, толымды және толымсыз, жалаң және жайылма: сөйлемдердің негізін құрайды, сөйлемдегі сөздерді меңгереді, айтайын деген ойды тиянақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет