жатыс біз(дер)де сендерде сіздерде оларда
шығыс біз(дер)ден сендерден сіздерден олардан
көмектес біз(дер)мен сендермен сіздермен олармен
Осы кестедегі сіз сөзі зат есімдердің септелу жүйесіндегі септік жалғауларының жалғану ретімен септелген болса, оыымен салыстырғанда мен, сен, ол есімдіктерінің септелу жүйесінде біраз ерекшеліктер бар. Ол ерекшеліктер негізінде бес түрлі:
1) ілік, барыс, табыс, шығыс септіктерінде түбір сөздің соңғы -н дыбысы түсіп қалады;
2) мен, сен түбірлері барыс септігінде ма(н), са(н) болыл өзгеріске түседі;
3) барыс септігі -ғ а н формасында келеді;
4) көмектес септігінде -ы, -і дыбыстары пайда болады;
5) ол есімдігінің соңғы -л дыбысы септік жалғауларын қабылда-ғанда -н дыбысына айналады8.
Жіктеу есімдіктері тіліміздің даму жүйесінде бірқатар жаңа сөз-дердің жасалуына негіз болып, олардан көп болмағанымен біраз жа-ңа сөздер жасалған. Ондай сөздер: мендік, сендей, сізшіл, менмен. мендей, біздік т. б. сияқты сын есімдер; менмендік, меншік, менмен-шілдік т. б. сияқты зат есімдер; менменсу, менсіну, меншіктену т. б. сияқты етістіктер және менше, сенше, бізше сияқты үстеулер болып келеді.
Сілтеу есімдіктері
Қазіргі қазақ тіліндегі сілтеу есімдіктерінің негізгі лексикалык мағыналары — аралық қатынастарды көрсету. Сол сөбепті сілтеу есімдіктері әрқашан сөйлеушіге не сөйлемдегі субъектіге субстанциялар мен қүбылыстардың әралуан жақын не алыстық сияқты аралық қатынастарын білдіріп отырады. Мыс.:
М ы н а қырқаны не деп атайды, а н а төбені не деп атайды. деп сүрай берсең, бір байлыққа кездеспей қалмайсың; Өзеннен бастап сонау алма бақтары барып тірелетін қырқаға дейін түгел қағазға түсіріп алыпты. (Мүсірепов) А н а у Абай ағама жүгінемін (Әуезов) дегендегі мына сөзі қырқаның жақын аралықта екенін білдірсе, ана сөзі төбенің алысырақ жерде екенін аңғартып тұр. Ал с о н а у сөзі қырқаның алыста екенін білдіріп тұрса, анау сөзі Абайдың жақынырақ жерде екенін аңғартып тұр.
Егер С о н а у аязда қалтырап жүрген кірешілер де, мынау тамұқ пешінің қасында тері сорғалап тұрғандар да, с о н а у тас қашап, көмір қопарып жатқандар да, м ы н а у қып-қызыл кірпішке қызыға қарасып тұрғандар да — бәрі сол сомның құлдары (Мүсірепов) десек, сонау сөздері кірешілер мен тас қашап, көмір қопарып жатқандардың алыста екенін білдірсе, мынау сөзі тері сорғалап тұр-ғандардың жақын жерде екенін көрсетіп тұр.
Сілтеу есімдіктері аралық қатынастарды білдіру жағынан ішінара “ж а қ ы н-а л ы с ы р а қ”, “ж а қ ы н ы р а қ-а л ы с”, “ж а к ы н - а л ы с” деген сияқты қарама-қарсы мағыналарда қолданылатын сездер болып бірнеше жікке бөлінеді. Сілтеу есімдіктерінің бұл аралық қатынастарды білдірудегі мағыналық жіктері әрқашан бір есімдік пен екінші бір есімдікті салыстыра қолдануда,
8 Есімдіктердің септелу үлгісінде кездесетін бұл ерекшеліктер А. Ибатовгың Қазақ тіліндегі есімдіктер тарихынан” (1966) атты еңбегінде толық баяндалған.
109
олардың өз ара мағыналық айырымдарын салыстыра көрсету амалымен айқындалады. Сілтеу есімдіктерінің бұлайша қарама-қарсы қойып мағыналық текстерін анықтау жүйесін мынадай үлгімен көрсетуге болады:
жақын алысырақ жақынырақ алыс
бұл - -
міне әні ол
мына ана сона
мынау анау сонау
осы осынау сонау
осы - сол
- - түу (түнеу), тонау
Бұл үлгідегі “алысырақ // жақынырақ” деген мағыналарды білді-ретін әні, ана, анау, осынау сөздері “жақын” мен “алыс” ұғымдары-ның арасындағы орталық қашықтың есебінде екі шектің ұштасуына себеп болатын бір баспалдақ сияқты көрінеді. Бұл сөздер — екі жақ-ты қарама-қарсылықта айтылған қайшы мағыналардың басын бірік-тіріп, сөйтіп жақындық жағынан алып, жақын мәнді сөздөрмен салыстыра жұптағанда алысқа тән “алысырақ” мағынаны білдіретін; ал, алыстык, жағынан алып алыс мәнді сөздермен салыстыра жұптағанда жақынға тән “жақынырақ” мағынаны білдіретін аралық сөздер. Сол себепті оларды сілтеу есімдіктерінің аралық қатынастарды білдірудегі мағыналарының дербер жеке бір саласы деп қарап, орталық қашықтықты білдіруші сөздер есебінде қараймыз. Сонда с і л т е у есімдіктері аралық қатынастарды білдіру жағынан іштей мағыналық ү ш ж і к к е бөлінеді: ж а қ ы н д ы қ, орталық, а л ы с т ы қ.
Қазіргі қазақ тіліндегі сілтеу есімдіктері кез келген бірыңғай не-месе әрқилы субстанциялар мен ңұбылыстардың ішінен белгілі біреу-ін даралап бөліп алып, соған тыңдаушының көңлін аудару мақсаты-мен қолданылады. Мыс.:
Мына кіріні жіберген екен, соған шыққанымыз гой. (Майлин) Міңгіз а н а атқа екеуін де! (Әуезов) дегенде, мына, ана сөздері ар-қылы сөйлеуші көп кісілердің (адамдардың) ішінен белгілі бір кісіге ғана, толып жатқан аттардың ішінен белгілі бір атқа ғана тыңдаушы-ның көңлін аударып тұр. Сол сияқты, Қара жердің балын ал, Ал а білсең, бәрін ал. Кеңес берген қартыңның О с ы сөзін жадыңа ал (Байғанин) дегендегі осы есімдігі әр алуан сөздердің ішінен тыңдаушының назарын тек белгілі бір сөзге — Қара жердің балын ал, ала білсең, бәрін ал деген сөзге ғана аударып тұр.
Сілтеу есімдіктерінің бұл белгілі бір субстантивті не құбылысты бөліп алып, соған тыңдаушының көңлін аудару функциясы екінші жағынан сілтеу есімдіктерінің қолданылу ретіне қарай контексте белгілі бір нақтылы мағыналарға ие болу қасиеттерімен ұштасып жатады. Бұл мағына, әрине, лексикалык, мағына емес, тек контекстік қана мағына болады. Дегенмен осы контекстік мағына, яғни контекстік мағыналық нақтылық өз тарапынан сілтеу есімдіктерінің қандай сөздер орнына, демек, қандай сөз таптарының орнына қолданыла алатынын анықтайды. Сонда сілтеу есімдіктері контекстій нақтылы мағыналарға ие болғанда, мына сияқты сөздер мен сөз таптарының орнына қолданылып, солардың беретін нақтылы мағыналарына ие болады.
110
1) Сілтеу есімдіктері зат есімдердің орнына қолданылады: Алдыңғы топта томпақ бет, жуан қара ж і г і т келе жатыр.
Бұл — Елемес батырақ. (Ерубаев) Ат б а с а р, Қараөткел, К е р е к у, Қ о я н д ы базарлары Игілікке қазақ даласы естіп көрмеген түсім бере бастап еді. Игілікке алғыс айтқызатындар да о с ы л а р д ы. (Мүсірепов)
Осындағы бұл есімдігі жігіт деген, осылар есімдігі Атбасар, Қа-раөткел, Кереку, Қоянды базарлары деген зат есімдердің орнына қолданылып тұр.
2) Сілтеу есімдіктері сын есім сөздердің орнына жұмсалады: Биікке қада цы з ы, л ту, С о л ту болар тірегің. (Жамбыл)
Жолда бір ә д е м і а п п а қ там тұрады, о л тамға ағаларың бармасын. (Қазақ ертегілері) Бұл жердегі сол есімдігі қызыл сөзінің орнына, ол есімдіктері әдемі аппақ деген сөздердің орнына қолданылып тұр.
3) Сілтеу есімдіктері сан есім сөздердің орнына қолданылады:
Қ ы р қ ы н ш ы үйді ашуға келгенде, бұл үйдің кілті жоқ болып шықты. (Қазақ ертегілері) Басында жүздеп келген қонақтар күн батар шақта мыңға жетіп, о д а н асып кетті (Әуезов) дегендегі бұл есімдігі қырқыншы деген, одан есімдігі мыңға деген сан есімдердің орнына жұмсалып тұр.
4) Сілтеу есімдіктері есімдіктердің де орнына колданылады. Мыс.:
Амантай жүріп кетті. Итбай бірдемелерді айтып еді, о н ы ол тыңдаған жоқ. (Мұқанов) Назыкеш тағы Жабай жайын ойлады, тағы да жүрегіне түйіліп қалған б і р н ә р с е барын сезді. О н ы с ы Жабай енді соқыр болып қалар ма екен деген қайғысы. еді. (Мү-сірепов) К ім алда келе жатыр екен, соны айтшы (Қазақ ертегілері) дегенде, оны есімдігі бірдемелерді, онысы есімдігі бірнәрсе, соны есімдігі кім деген сұрау есімдіктерінің орнына жұмсалып тұр.
Сілтеу есімдіктерінің кейде ол — ол ма, бұл — бұл ма, сол — сол-ақ екен деген сияқты тіркестерде сілтеу есімдіктерінің орнына да қолданылатын жерлері бар. Мыс.:
Иесі деп әзір астың, Сұқсырдан тез ажырастым. Бұл — бұл м а әнші деп әлгі бұлбұлға Ашық бола бастадым. (“Мәдениет және тұр-мыс”); Омар күрең атца қамшыны басып берді. Сол - сол-ақ е к е н құмырсқадай қаптап тұрған қалың кісі артынан дүркірей шапты. (Жансүгіров) дегенде бұл — бұл ма деген тіркестің алғы бұл сөзі Иесі деп әзір астың, сұқсырдан тез ажырастым деген сөйлемнің орнына қолданылып тұрса, екінші бұл сөзі сол алғашқы бұл сөзін алмастырып, соның орнына қолданылып тұр. Сол сияқты сол — сол-ақ екен деген тіркестегі алғашқы сол — Омар күрең атқа қамшыны басып берді деген сөйлемнің орнына қолданылып тұрса, оның орнын екінші сол сөзі ауыстырып тұр. Сілтеу есімдіктерінің бұлайша бірінің орнына бірі қолданылуы, әрине, сөйлемде айтылатын ойдың ықшамды түрде жеткізілу қажеттігінен туған.
5) Сілтеу есімдіктерінің жеке етістік сөздер орнына қолданылу дағдысы кездеспейді. Бірақ оның есесіне сілтеу есімдіктері түгел бір сөйлемнің және ондағы берілген әрқилы ойлардың, іс-әрекет пен хал-жайлардың тағы басқалардың орнына қолданылады. Мұндай сөйлемдерде сілтеу есімдіктерімен алмасатын сөйлемнің жетекші мәні сол сөйлемдегі етістіктердің бойына топталып отырылады. Мыс.:
Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп шошынғаннан, шешесі есінен танып қалыпты. Мұны көрген соң Сейіт жыламақ түгіл қа-бағын да шытпай жатты. (Ыбырай) Ер-тоқымына қарасам, оның тұр-
111
манына тимепті де, тек басын кейін қаратып теріс ерттеп қойыпты. Жігіт үшін қазақ өміріндегі ең масқара жұмыс о с ы (Мұқанов) де-гендегі мұны, осы есімдіктері алдағы айтылған сөйлемдер және он-дағы ойлар мен баяндалған оқиғалар, іс-әрекет, амалдар орнына, соларды ауыстыра қолданылып тұр. Бұл сөйлемдердегі негізгі мағыналар негізінде ондағы әр түрлі етістіктердің бойында сақталып тұр. Сол себепті алмасудың бұл түрін жеке сөйлемдердің алмасуы ғана емес, сонымен қатар етістіктердің де алмасуы деп айтуға болады.
Бұл келтірілген мысалдар мен ондағы заңдылықтарға қарағанда, сілтеу есімдіктері белгілі бір контексте қолданылу мақсаттарына қарай көптеген сөз таптарының, яғни зат есім, сын есім, сан есім, есімдік және сөйлемдегі ойлар мен амалдар орнына да қолданыла алады деуге болады.
Дегенмен бұл заңдылықты барлық сілтеу есімдіктеріне бірдей тән заңдылық деп қарауға болмайды. Сілтеу есімдіктерінің ішінде бұған бағынбайтын ерекше мәнді сөздер де кездеседі. Яғни сілтеу есімдіктерінің құрамында қолданылу мақсаты әр түрлі болғанымен негізгі мағынасы өзгеріске ұшырамайтын, сол себепті ешқандай сөз не амалдардың орнына қолданылуды қажет етпейтін сөздер бар. Бұған міне, әне, түу, сонау, осынау сияқты сілтеу есімдіктері жатады. Мыс.:
Осы жалғыз мола о с ы н а у есіз жотада пайда болғалы, міне, биыл жүз рет жаз, кірбең тартқан күз келіпті. (Әуезов) Жұрт, ә н е, кетіп барады, соларға ере сендер де аттаныңдар! (Мүсірепов) Т ү у ит арқасы қиян жердегі Қостанайға салт атпен жету қиын. (Мұқанов)
Осындағы міне, әне, түу, осынау сөздері ешқандай сөз таптары-ның орнына қолданылып тұрған жоқ. Бұл сөздер әрқашан өздерінің негізгі аралық қатынастарды білдіру мағыналарында ғана тікелей нұсқау мәнінде жұмсалады.
Осы себепті сілтеу есімдіктері өзге сездер мен сөз тіркестерін ал-мастыру, солардың орнына қолданылу тұрғысынан алып қарағанда негізгі екі салаға бөлінеді. 1) Өзге сөздер орнына қолданылатын есімдіктер: бұл, ол, мына, ана, мынау, анау, осы, сол; 2) өзге сөздердің орнына қолданылмайтын есімдіктер: міне, әне, сона, сонау, түу, осынау.
Қазіргі қазақ тіліндегі сілтеу есімдіктері түгелімен жеке грамма-тикалық тұлғалар және дербес сөздердің кірігуі арқылы жасалын-ған. Сол себепті олар тарихи тұрғыдан түгел дерлік кіріккен туынды түбірлер болады. Оның өзінде де, сілтеу есімдіктерінің кірігу дәрежесі біркелкі емес, олардың кейбірінің кірігу ізі әлі күнге дейін анық білініп тұратын болса, кейбірінің ізі білінбей мейлінше жымдасып кеткен. Осы тұрғыдан сілтеу есімдіктері іштей байырғы және кейіннен жасалған сөздер болып екі топқа бөлінеді. Сонда байырғы сөздер қатарына бұл, ол, міне, мына, әне, ана, осы, сол, сона, түу сілтеу есімдіктері жатады да, кейіннен пайда болған сөздерге мынау (мына + у (бу), анау (ана + у(бу), осынау (осы + анау), сонау (со + анау) т. б. жатады. Демек, сілтеу есімдіктері, негізінде, сілтеу есімдіктерінің өз ара бірігуі (кірігуі) арқылы аналитикалық жолмен жасалған.
Қазіргі қазақ тіліндегі сілтеу есімдіктері өздерін басқа да сөздер-мен жалғастырып байланыстыратын әрқилы морфологиялық сөз түрлендіруші формаларды қабылдайды. Ол сөз түрлендіруші формалар сілтеу есімдіктеріне олардың субстантивтене қолданылған кездерінде ғана жалғанады. Бірақ бұл формалардың жалғану дағдысы барлық есімдіктерде біркелкі болып келмейді.
112
1) Тәуелдік жалғаулары (жекеше) сілтеу есімдіктерінің ішінде міне, әне, осынау, сонау, түу (түнеу) сияқты түрлеріне мүлде жалғанбайды. Мына, ана сөздері тек III жақта ғана тәуелденеді. Мыс.:
Жолы үлкен болғандықтан, алғашқы таңдау бұнікі. (Әуезов) Оным жақсы болған екен. (Мұқанов) Қарауылы — м ы н а с ы (Жансүгіров) — Ағайын келісіне мынауың тентек, мынауың зорлық! — дегенді айтып көрейік; Жақсы, ма осыным дейсің ғой? Жақсы демеймін. (Әуезов)
Тәуелдік жалғауларының меншіктің абстракциялығын білдіретін -н і к і, -д і к і түрі міне, мынау, әне, анау, осынау, сона, сонау, түу (түнеу) есімдіктеріне мүлде жалғанбайды.
Көптік жалғауын қабылдамайтын болғандықтан, міне, әне, осы-нау, сонау, түу (түнеу) және мынау, анау сілтеу есімдіктері көпше түрінде де тәуелдік жалғауларын қабылдамайды.
2) Жіктік жалғаулары сілтеу есімдіктеріне жалғанбайды. Тек Жұматтың бір оқыған баласы бар деуші еді, с о л м ы с ы ң, шыра-ғым? дегенге — Иә, солмын дегендей болып, субстантивтене (кі-сі орнына) қолданылғанда ғана жіктелгені болмаса, тілімізде кез-деспейді.
3) Сілтеу есімдіктеріне септік жалғаулары да талғаусыз жалғана бермейді. Мысалы, бұл, ол, мына, ана, сол сілтеу есімдіктері жекеше және көпше түрінде де септеле беретін болса, міне, мынау, әне, анау, осынау, сонау, түу (түнөу) есімдіктері жекеше де, көпше де септелмейді. Жекеше және көпше түрінде де септеле алатын бұл, ол, мына. ана, сол есімдіктерінің септелу жүйесі мен ондағы ерекшеліктер жіктеу есімдіктерінің септелу жүйесі мен ерекшеліктеріне сай.
4) Көптік жалғаулары сілтеу есімдіктерінің ішінде бұлар, олар, мыналар, аналар, осылар, солар сияқты сөздерге ғана жалғана ала-ды. Мыс.:
Абай айналасындағы тілеулес жұрт та мейлінше мол еді. Б ұ л а р — аржақ, бержақтың қайықшы, әр алуан ұсақ кәсіпші, қалың еңбекші көпшілігі. (Әуезов)
Қазіргі қазақ тіліндегі сілтеу есімдіктері көп болмағанымен, олар біраз жаңа сөз тудырушы формаларды қабылдайды. Осы негізде олардан біршама жаңа сөздер жасалады. Ол сөздер, негізінде, морфологиялық (синтетикалық) және синтаксистік (аналитикалық) тәсіл арқылы жасалған.
І.Морфологиялық тәсіл. а) Әне, міне сілтеу есімдіктеріне -к и (-кей) қосымшасы қосылу арқылы әнеки, мінеки сөздері жасалады.
ә) Сілгеу есімдіктеріне -ш а\\-ш е, -ш а м а, -ш а л ы қ, -лай, -лайша қосымшаларын қосу арқылы көптеген туынды үстеулер жасалған. Мыс.: мұнша, осынша, соншама т. б.
б) Жатыс септігіндегі біраз есімдік сөздер мекен және мезгіл ма-ғыналарында қолданылып үстеу сөздер қатарына ауысқан, Ондай амал, негізінде, бұл, ол, осы, сол есімдіктеріне тән. Мыс.: мұнда, сонда, осында, онда т. б.
в) Сілтеу есімдіктеріне -дай, -г і қосымшалары қосылу арқы-лы сын есім сөздер жасалады. Мыс.: ондай, сондай, әнеугі, түнеугі т. б.
г) Бұл амал кейде жатыс септігіндегі есімдіктерге қосылып ай-тылу арқылы да жасальшады. Мыс.:
113
Суық күні мен мейірімсіз даласы қандай мейірімсіз болса, мұ нда-ғы өмір де соған ұқсас жат көрінеді. (Мүсірепов) Сақтаулы әлі сон- д а ғ ы алған мандатым. (Сейфуллин)
Бұл жасалынған жаңа сөздер көптеген жағдайларда қосарланьш қолданылып та әр қилы мағыналарда жұмсалады. Мыс.:
Үйдің о н д а й-м ұ н д а й ы н артқан үш шананың бірін кейін. қалғандар үшін тоқтатып кетті. (Мүсірепов) Өз шешесінің о с ы н - д а й -о с ы н д а й көзі жасты, көңілі қаяу болған көп шақтарын есі-не алды. (Әуезов)
2. Синтаксистік тәсіл. Сілтеу есімдіктерінен синтаксистік тәсіл арқылы жасалатын жаңа сөздердің екі түрлі тәсілі бар: сөздердің қосарланьш айтылуы арқылы және сөздердің бірігуі арқылы.
а) сона, ана сілтеу есімдіктеріне ғүрлым сөзі бірігіп айтылу ар-қылы анағұрлым, сонағұрлым сияқты туынды үстеулер; бұл, анау, түнеу есімдіктері күн сөзімен бірігуі арңылы бүгін, әнеугүні, түнеугүні сияқты туынды үстеулер және бұл, ол, сол есімдіктерінен жасалған бұлай, олай, солай үстеулеріне ет етістігінің (қазіргі -т жұрнағы) бірігіп айтылуы арқылы бүйту, әйту, сөйту сияқты туынды етістіктер жасалған. Сол сияқты, ол есімдігінің негізінде өйткені, сол есімдігінің негізінде сондықтан сияқты шылау сөздер жасалған.
ә) Ол, бұл есімдіктерінің қосарланып айтылуы арқылы ол-пұл, анау жәнө мынау есімдіктерінің қосарлануы арқылы анау-мынау сөздері жасалған.
Сұрау есімдіктері
Қазіргі қазақ тіліндегі сұрау есімдіктері заттар мен құбылыстар-дың атын, санын, сапасын, мекенін, мезгілін, амалын тағы басқала-рын білу мақсатында айтылады. Олар әрқашан өздерінің талабына үйлес берілген жауап сөздер арқылы сыры ашылып, түсіндіріліп отырылады. Ондай жауап сөздер әр түрлі сөз таптары болып келе береді. Мыс.:
Туғанда маған бас ұрмай, Сенерің сенің к і м? — депті. Жігіт те ойын жасырмай, — Ер жолдасы — т ү н, — депті. (Молдағалиев) — Ие, батырлар, сендер қ а й жігітсіңдер? — деп, семинарист Омарларға қарады. — Біз осындағы жүкші жігіттермів, — деді Шақшой. (Жансүгіров) — Қ а й д а барамыз? — Мына көрші совхозға барамыз,. (Бегалин) деген сияқты сөйлемдердегі кім, қай, қайда сөздерінің негізгі мағыналары сұрау болғанымен, олардың негізгі қолданылу мақсаты жауап ретінде айтылып отырған сөздер арқылы айқындалып тұр. Яғни кім есімдігі түн сөзімен, қай есімдігі жүкші деген сөзбен және қайда есімдігі совхозға сөзімен түсіндіріліп, негізгі қолданылу мақсаты айқындалып тұр.
Қазіргі қазақ тіліндегі сұрау есімдіктерінің бәріне бірдей тән өзінше ерекшелік деп айтарлықтай морфологиялық түрлену белгісі және синтаксистік қызметтері де жоқ. Олардың әрқайсысы қандай сөздерді жауап етуіне қарай әртүрлі сөз таптарына бейім болып оты-рады. Сондықтан сұрау есімдіктерінің грамматикалық формалары мен синтаксистік қызметтері сол жауап боларлық сөздерінің қасиет-теріне байланысты ғана белгіленеді. Мысалы, кім? не? есімдіктері зат есімдерше түрленіп, солардай қызмет атқаратын болса, қай? есімдігі сын есім, есімдік сөздер сияқты, қандай? есімдігі — сын есім, қалай? қайда? қайдан? қашан? сөздері — үстеулер, қанша? неше? нешінші? қаншасы? сөздері — сан есімдер сияқты морфологиялық түрлену
114
формаларын қабылдап, синтаксистік қызметтері де ыңғайлас больш келеді. Ал, қані есімдігі әні, міні сілтеу есімдіктерімен ыңғайлас келеді. Демек, сұрау есімдіктерінің бәріне бірдей ортақ граммати-калық белгілері болмайды, белгілі бір формалар мен қызметтері ар-қылы бастары бірікпейді.
Олай болса, сұрау есімдіктерінің басын қосып біріктіріп тұратын негізгі белгі — олардың сұраулық мәні, сұрау қалпында қолданылуы ғана.
Сұрау есімдіктері сөйлемде қолданылу мақсатына карай, контек-сте атқаратын қызметіне қарай кейде өзінің негізгі сұраулық мәнінен алшақтап та кететін, яғни заттар мен құбылыстар, амал, мекен, мезгіл т. б. ұғымдар дәрежесінде қолданылатын кездері де болады. Ондайда бұл есімдіктерге жауап болатын сөздер қажет етілмейді де, ол жауап сұрау есімдігінің өз бойынан жалпылама түрде сезілетін заттық жәнө белгілік, мекендік не мезгілдік т. б. сияқты мағыналардың аңғарылуы арқылы беріледі. Мыс.:
Қызыққан кісің к і м, оны да мына Жиренше танытты. (Әуезов) Н е дерін, н е істерін білмей, қағазына үңіле түсті. (Ерубаев) Әкем тұмарымды. таныса да, қай елде екенімді біле алмас (Ыбырай) дегенде, кім сөзі қай адам — деген заттық ұғымда, не сөздері — жалпылама заттық, қай сөзі белгі ұғымдарында қолданылып тұр.
Есімдіктердің бұл түрі құрмалас сөйлемдер жүйесінде, әсіресе, шартты бағыныңқылы құрмалас сөйлемдердің жасалу жүйесінде мол кездесіп отырады. Ондайда бұл сияқты сұрау есімдіктерімен әрқашан сол сілтеу есімдігі қабаттаса қолданылады:
Қүдіретімді кім қостаса, досым, жаным с о л. (Әуезов) Іздегенің не болса, сол табылар. (Абай) Қай тай бетіңе қараса, соны мін. (Қазақ ертегілері)
Сұрау есімдіктерінің бұлайша негізгі сүраулық мағынасынан ал-шақтай түсіп, біршама қатыстық мәнге ие болуы тек қана олардың сөйлемде қолданылу мақсаттарымен байланысты болады. Сол себепті бұл заңдылық ешбір морфологиялық жүйелену не лексикалық жаңа мағына пайда болу жолынсыз тек синтаксистік функция тұрғысынан ғана қаралатын мағыналық ауытқулық болады.
Сұрау есімдіктеріне лексика-семантикалық мағыналары тым жалпылама түрде айтылатын кім? не? сияқты субстантивтік және қай? қайсы? деген атрибутивтік сөздер және әр түрлі қосымшалар арқылы осы негіз сөздерден пайда болған неше, немене, қанша, қа-шан, нешеу, нешінші сияқты: сөздер жатады.
Сұрау есімдіктері қызметі жағынан заттың атын білу үшін қой-ылатын сұрақтар және заттың белгісін білу мақсатында қойылатын сұрақтар болып екі жікке бөлінеді.
Заттың атын білу үшін қолданылатын сұрау есімдіктері ішінара біркелкі емес. Кім? сөзі тек адамға байланысты сөздерге ғана қойы-лады да, не? сөзі адамнан өзге жанды, жансыз заттардың бәріне де бірдей қойыла береді. Бұл жөнінен кім? не? сұрау есімдіктері ол сө-зінің бірде белгілі бір жаққа байланысты адамды нұсқай айтылуы, бірде адамнан өзге заттар мен құбылыстардың бәріне бірдей жұмсала берілетін функциясына ыңғайлас болады.
Сұрау есімдіктері — тілімізде өте ерте кезде пайда болған сөздер. Дегенмен олар құрамы жағынан біркелкі емес, іштей байырғы сөздер және кейіннен пайда болған сөздер болып е к і ж і к к е бөлінеді. Байырғы сөздер қатарына кім? не? қай? есімдіктері жатады да, кейіннен пайда болған сөздер қатарына белгілі бір аффикстердің қосылып айтылуы арқылы жасалған неше? (не-ше), қайсы? (қай-сы),
115
қашан? (қа-шан), қанша? (қан-ша) есімдіктері және сұрау есімдіктерінің бірігіп айтылуы арқылы пайда болған немене (<неме-нө) сөздері жатады.
Қазіргі қазақ тіліндегі сұрау есімдіктері әр қилы морфологиялық түрлендіруші, яғни өзге сөздермен байланыстырушы формалар мен біраз сөз тудырушы формаларды қабылдау арқылы өзгеріске еніп отырады. Бұл формалар сұрау есімдіктеріне олардың субстантивтік не артибутивтік сөздер болып келуі негізінде ғана қосыла алады. Сондыңтан олардың өзгеріске тусу жолы біркелкі, болып келе бермейді.
1) Тәуелдік жалғаулары сұрау есімдіктерінің бәріне бірдей жал-ғана бермейді. Мысалы, қані? қай? қашан? неше? қалай? сұрау есімдіктері мүлде тәуелденбейтін болса, қандай? есімдігі жұмыстың қандайы керек? дегендей үшінші жақта ғана, қайсы? қанша? сұрау есімдіктөрі тек II жақтық жекеше және көпше тәуелдік жалғаула-рын ғана қабылдай алады. Тәуелдік жалғауының оңаша да, ортақ та түрін қабылдай алатын сүрау есімдіктері кім? не? немене? сөздері ғана. Мыс.:
К і м і м келмей жүр осы менің? — деп бір тұрады. — Тым құрса Ербол келсе екен. (Әуезов) Мен түсінбейтін болсам, сен неменесіне сөйлеп тұрсың? — деді Бұланбай. (Мүсірепов) Қайсың байдың есігін көрмедіңдер? Қ а н ш а с ы жете аларын білмейміз. (Мүсірепов)
2) Жіктік жалғаулары сұрау есімдіктерінің ішінде тек кім? қан-дай? қалай? сөздеріне ғана жалғанады:
Мұны білмейтін кімсіндер? (Қазақ ертегілері); Рас, танымай тұрмын, К і м с ің? (Мұңанов). Қайрат берді партия Көрші, халқым, қандаймын! (Байғанин).
Септік жалғаулары да сұрау есімдіктерінің бәріне бірдей жал-ғана бермейді. Мысалы, қані? қандай? қалай? есімдіктері мүлде септелмейді. Неше? қанша? сөздері барыс, жатыс, шығыс септік жалғауларын; қайсы? қашан? сөздері барыс, шығыс септік жалғауларын; қай? сөзі жатыс, шығыс жалғауларын ғана қабылдай алады. Сонда сұрау есімдіктерінің септелу жүйесі мынадай болады:
Атау
|
ілік
|
барыс
|
табыс
|
жатыс
|
шығыс
|
көмектес
|
Кім
|
кімнің
|
кімге
|
кімді
|
кімде
|
кімнен
|
кіммен
|
Не
|
ненің
|
неге
|
нені
|
неде
|
неден
|
немен
|
Немене
|
немененің
|
неменеге
|
неменені
|
неменеде
|
немөкеден
|
неменемен
|
неше қай
|
—
---
|
Нешеге
---
|
—
---
|
Нешеде Қайда
|
нешеден қайдан
|
—
|
қайсы
|
қайсының
|
Қайсыған
|
қайсыны
|
Қайсыда
|
қайсыдан
|
—
|
қанша
|
—
|
Қаншаға
|
—
|
Қаншада
|
қаншадан
|
—
|
қашан
|
—
|
Қашанға
|
—
|
—
|
қашаннан
|
—
|
4) Көптік жалғаулары сұрау есімдіктерінің ішінде кім? н е? н е м е н е ? сөздеріне ғана жалғанады:
Ал, мынау әр жерде бас панасыз қаусап қалған кімдер? Мыналар н е л е р? Сонау шетіндегі әне біреу шашылған жапырылғандар неменелер? (Әуезов)
Көптік мағына кейде сұрау есімдіктерінің қосарланып айтылуы арқылы беріледі. Мыс.:
Оқушылар не-не оқитынын біледі (газөт.)...үшінші купеге к і м-к і м отырары қиын боп тұр. (Мұқанов) Бірақ к і м-к і м н і ң сайланған хабарын Абайлар әлі білген жоқты;
116
Қандай асау жеңгелер екен, н е-н е бұйырар екен деп, мен де үркектеп тұрмын. (Әуезов)
Қазіргі қазақ тіліндегі сұрау есімдіктерінің кейбіреулерінен сөз тудырушы формалардың қосылуы арқылы біраз жаңа сөздер жасал-ған. Бірақ ол сөздер басқа сөз таптарына ауысып кетпей, сұрау есім-дігінің өз ішінде қалып отырады. Сонда ол жаңа жасалған сөздер басқа сөз таптарымен тек форма жағымен ғана ұқсас болады да, не-гізгі мағынасы мен функциялары жағынан сұрау есімдігінің аясынан ауып кетпейді. Бұған, ең алдымен, не? қай? (қан) сұрау есімдікте- рінен жасалған неше? қанша? қашан? қандай? қалай? сөздері жата-ды. Мыс.:
Қара түнде қандай қара ниетті жүргіншіні тасыдың? (Әуезов) Хатшылық курсына қ а л а й қарайсың? (Мүсірепов) Көзді байлап надандық, Қанша қор боп жүрмедік? (Жамбыл)
Бұлардан өзге сұрау есімдіктерінен жаңа сөздер тудыратын толып жатқан қосымшалар бар. Ол ңосымшалар сұрау есімдіктерінің қай сөз табына қойылуына байланысты әр алуан түрде жалғанып отырылады. Мыс.: неліктен? қайдағы? нешінші? қайтіп? нешеу? қа-лайша? т. б.
Сұрау есімдіктерінен қосымшалар арқылы жасалынған жаңа сөздер өзге сөз таптарына ауыспағанымен, сұрау есімдіктерінің басқа сөздермен бірігіп, я тіркесіп айтылуы арқылы жасалған жаңа сөздер әрқашан да басқа сөз таптарына ауысып отырады.
Өздік есімдіктері
Қазіргі қазақ тіліндегі өздік есімдіктері — сөйлеушіні не сөй-лемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсетуші сөздер. Мыс.:
Кісіге ө з і м қатар бас ұрмаймын, Ө з і м ақын, ө з і м сал кімге зармын... (Біржан сал) деген сөйлемді алсақ, осындағы өзім есімдігі сөйлеушіні — сөз иесін (Біржанды) сөйлемдегі өзге субстан-циялардан бөліп алып көрсетіп тұр. Сол сияқты Бүкіл заводты бір ө з і ң жүргізіп тұрсың ғой (Мүсірепов) деген сөйлемде өзің есімдігі өзге субстанциялардан тыңдаушыны бөліп алып керсетіп тұр. Егер Қанабек ө з і қоса күліп, сөзінің артын түзеп әкетті (Мүсірепов) десек, өзі есімдігі бөгде кісіні сөйлемдегі басқа да субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсетер еді.
Өздік есімдіктеріне тәуелдік жалғауларынсыз қолданылмайтын өз түбірінен тараған өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өз (дер) іміз, өздеріңіз, өз-дері деген сөздер жатады.
Өздік есімдігінің бұл жалғаулары кейде түсіп қальш, кейде толық сақталып қолданыла береді. Өздік есімдіктер, зат есімдердің тікелей алдында қолданылғанда, көбіне ілік жалғаулары мен тәуелдік жалғауларынсыз айтылады. Мыс.:
Қайрақбай ө з үйіне кетті де, мен ө з үйіме кірдім (Мұқанов) Ө з ісімізді істей отырып, Мейрамның үстінен жоғарыға домалақ қа-ғаздарды айдай берсек, Мейрам ө з басымен әлек боп кетеді; Ө з атың кім, шырағым? (Мұстафин) дегендегі өз сөздері — өзінің, өзімнің, өзіміздің, өзіңнің деген толық түріндегі сөздерден қысқарған формалар.
117
Ілік септігіндегі өздік есімдігі мен тәуелдік жалғаулы сөздердің арасына атрибутивтік сөздер ендіріліп айтылса, тәуелдік формалары толық сақталып қолданылады. Мыс.:
Өзімнің б е с саусағымдай білемін өздеріңді. (Мүсірепов) Сол үйдің екі бөлмесін өзіңіздің б а с инженеріңізге беріңіз; Электр, темір жол керек дей келе өзініц з о р қуанышын айтты; Міне, Совет мемлекеті өзінің к е л е ш е к басшыларын да дайындап жатыр (Мұстафин) дегенде, өздік есімдіктері мен тәуелдеулі зат есімдер арасында бес, бас, зор, келешек сияқты анықтауыш сөздер кірігіп айтылып тұр.
Өздік есімдіктерінің ілік септік формаларының толық сақталып қолданылуы анықталатын екінші сыңарларының тәуелдік жалғаула-ры түсіріліп айтылуының әсерінен де болып отырады. Мыс.:
Мынау өзіміздің дүние ғой; Ө з і м і з д і ң м а м а н, лаулаған жас қой, алып кетеді (Мұстафин) дегенде өздік есімдіктерінің толық формада айтылуы — дүниеміз, маманымыз сөздерінің қысқарған түрде қолданылуының әсерінен болып тұрған заңдылық.
Форманың толық сақталуы кейде сөйлеушінің меншіктілікке баса көңіл аудару мақсатымен де байланысты болады. Мыс.:
Ө з і н і ң денесі кішігірім бүркіттей. (Мұқанов) Түлкінің қызыл-дығы — ө з і н і ң соры. (Мақал)
Қазіргі қазақ тіліндегі өздік есімдіктер үнемі тәуелдік жалғаулы формада қолданылатын болғандықтан, қашан да болса белгілі бір сөздермен изафеттік тіркесте айтылады. Өздік есімдіктерімен изафеттік тіркесте айтылатын ондай сөздер әр түрлі сөз таптарына тән лексикалық тұлғалар (единицалар) болып келе береді.
1) Өздік есімдіктері зат есім сөздермен тіркеседі. Ондайда өздік есімдіктері зат есімдердің алдыңғы бірінші сыңары немесе соңғы екінші сыңары болып келеді. Егер өздік есімдігі бірінші сыңар ретінде қолданылса, әрқашан ілік септігінде тұрады да, тіркесіндегі зат есім әр түрлі тәуелдік жалғауларында жұмсалады. Мыс.:
Асқардың ө з д а у ы с ы ө з құлагына өте қатты естілген еді. (Мұқанов) Ө з е л і м н ің басы болмасам да, сайының тасы болайын; Ө з б асыңды дауға берсең де, Жолдасыңды жауға берме. (Мақал)
а) Егер өздік есімдігі тіркестегі сөздердің екінші сыңары ретінде қолданылса, оның алғы бірінші сыңарлары я ілік жалғаулы (ашық не жасырын тұлғалы) зат есімдер, я субстантивтенген сын есім, есім-шелер, тұйық етістіктер болуы мүмкін. Мыс.:
Л апшин ө з і келіп оңдап кетті. (Мұстафин) Қағаздың жайын Игіліктің ө з і айтты. (Мүсірепов) Ж ақсының ө з і өлгенмен, сөзі өлмейді. (Мақал)
ә) Егер ондай тіркестің екінші сыңары есімдіктер болып келсе. ондайда I және II жақтағы, II және III жақтағы өздік есімдіктерінің қолданылуында біраз айырмашылықтар байқалады.
I жақта қолданатын өзім, өзіміз есімдіктері әрқашан мен, біз (дер) жіктеу есімдіктерімен ғана тіркесе айтылады: М е н ө з і м сдельнайсыз да жер астындағылармен бірдей қиналам. (Мұстафин) Б і з ө з і м із де соны ойлап едік. (Айтматов)
II жақта қолданылатын өзің, өзіңіз, өздерің, өздеріңіз есімдіктері әрқашан сен, сіз, сендер, сіздер жіктеу есімдіктерімен ғана тіркесе айтылады:
С е н ө з і ң үш кісінің жүмысын істеп, бәрімен бірдей алып жүрсің; Әй, с е н ө зің не айтып барасың? (Мұстафин)
118
Достарыңызбен бөлісу: |