Бәсең я шағын шырай
Бір белгінің өзімен бір тектес сапаның ішінде солғындығын, бә-сеңдігін, шағындау реңкін білдіретін сын есімнің тұлғасы бәсен шы-рай болады. Мысалы: жұмсақ — жұмсақтау, жасыл — жасылдау, сары — сарғыш, сарғылт т. б. дегендердегі туынды формалар негізгі сапалық белгіні толық бермей, соған таяу, жақын екенін білдіреді, яғни жұмсақтау нағыз жұмсақ емес, одан бәсеңдеу т. б.
86
Бәсең шырай төмендегідей морфологиялық формалар арқылы жасалады:
1. -л а у\\-л е у, -д а у\\-д е у, -тау// -теу қосымшалары арқылы да. жасалады. Мыс.:
Қазір ол сұңғақтау талдырмаш бойлы, қызыл шырайлы, д ө ң г е л е к т е у жүзді, ж і ң і ш к е л е у қыр мұрынды, ұзындау қайқы қара кірпікті... ,...сұлу қыз болып қалыпты. (Мұқанов) Өзі ұ з ы н д а у, өзі бейқамдау Әбзи деген жолдасымыз бар еді. (Мүсірепов) Біржан “қыздар”, “қарындастар” деген сөзді әдейі айтпады, ол сөздерді тұрпайылау, әдепсіздеу көрді. (Әуезов) Жүзіндегі әшейіндегі ж ұ қ а л ау қызылынан айрылып аппақ тартты. (Әуезов) Ол мылжыңдау кісі болатын. (Мұстафин) Ниетқабылдың отша жанған сәл к і ш і л е у көзі тесіле қарады. (Сланов) Әрі пұшықтау, ә р і ш ұ н а қ т а у, бір жамбас самауыр да келіп қалды. (Мүсірепов)
2. -ғылт, -ғ ы л т ы м, -ғ ы ш, -ілдір, -ілжім қосымшалары арқылы да жасалады. Осы жұрнақтар тек түсті білдіретін сапалық сын есімдерге жалғанып, сапаның (түстің) бәсеңдігін, шағындығын, солғындығын білдіреді: сарғылт, ақшыл, бозғыл тәрізді туынды формалар толық сапа, я толық сындық белгі бола алмайды, олар не-гізгі сапаның (сары, ақ, боз т. б.) бәсең, солғын ғана түрі.
-ғ ы л-т ы м, -г і л-т і м, -ш і л-т і м қосымшалары өте сирек қолданылатын форма. Өйткені олар бірді-екілі ғана сапалық сын есімдерге жалғана алады: сары — сарғылтым, қызыл — қызғылтым, көк — көкшілтім, т. б. Және бұл туынды тұлғалар көркем әдебиетте өте сирек кездеседі. Олардың орнына -ш і л-т және -і л-т і м тұл-ғасы қолданылады.
Ал, ашқылтым, тұшқылтым деген екі сын есім негізгі түбірге ажыратылмайды, өйткені аш, тұш түбірлері осы кезде дербес қолда-нылмайды, ащы, тұщы дегендердің негізгі түбірі сақталмаған.
-ш ы л\\-ш і л форманты да бәсең шырай жасайды.
Оның к ө к ш і л көзі Жібектің ішкі өзгерісін де байқап қалды. (Мұстафин) Иегіндегі ақшыл сақалына қолы онша бөгелген жоқ (Мұстафин) Аспан айдай ашық, тек қана “Комсомол” шыңының ба-сында ақшыл бұлт көрінеді. (“Қазақстанның XX жылдығы”)
Бұл қосымшаның сөз тудырушы -ш ы л\\-ш і л жұрнағынан ай-ырмашылығы — шырай көрсеткішінің қолданылу аясы тар, тек көк пен ақ тәріздес сын есімге жалғанады. Оның негізгі мәнінің өзі де бәсең шырай жасай алуында.
-ілдір формасы көк сөзіне ғана қосылады: көгілдір, бірақ ол жұрнақты а л-д ы р қосымшасымен шатастыруға болмайды. Мыс.: бу-ал-дыр, сондай-ақ мөл-дір деген де өзіне басқа.
Бұл келтірген қосымшалардан басқа да осы шырай тұлғасын ту-дыратын жұрнақтар бар. Олар мыналар: -ша\\-ше, -аң\\-ең, -қай. Мыс.: ақша, құлаша, қараша, сұрша т. б.
Тоғыз қараша үй, шет жағында екі күрке тұр. (Мүсірепов) Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын, Ақша жүз, ал қызыл бет тіл байлайды. (Абай) Б и і к ш е тастақ төбенің басында кешкі ау-ылдың тірілік тынысын тыңдап Абай отыр. (Әуезов)
Бұл мысалдардан -ш а\\-ш е қосымшасы өзі жалғанған сын есімге бәсең, солғын реңк беріп, сапаның, заттық белгінің жетімсіздігін шырай формасын жасай алатындығы көрінеді, бірақ ол сөз тудыра- тын -ша\\-ше жұрнағымен бір емес (мыс.: қобдиша, тапанша, орысша, қазақша, өгізше, кітапша т. б.)
-аң\\-ең жұрнағы да бәсең шырай жасайды: бос — босаң, қарт — қартаң, жұқа — жұқалаң, ала — алаң, сида — сидаң, соңдай-ақ
87
қуаң, жасаң, босаң, қайқаң, ояң, қысаң, қатаң, сор (т) аң, ашаң т. б. Мыс.:
Оның пәтер үйі.. қ а р т аң қазақтікі еді. (Мұқанов) Пысық жүрісті ашаң жылқы еді. (Мұқанов) Жұқалаң сұлу, қып-қызыл еріндерінің неге жаңағы назыңды қайталамайды? (Әуезов) Қ а р т а ң стражниктер кейде Абайға кекесін айтады. (Әуезов) ¥çын бойлы, ашаң жүзді, аққұба әйел бар. (Әуезов) Осындай сидаң жігіттер елде көп-ақ. (Абай) Сұңғақ денелі, а л а ң көз... досымыздың аты — Қалау. (Ғ. Сланов).
-қ ай, -а й формасы да шырай жасайды: қоңыр — қоңырқай, тырбық — тырбықай, сұр — сұрқай т. б.
Үлкен өткір қоңырқай көздері ерекше ажарлы. (Әуезов) Шөп атаулыда тырбықай бетеге болмаса, өзгесін жел ұшырып экетеді. (Әуезов)
Тек сары деген сын есімге жалғанатын -ғ ы ш қосымшасы бар: сарғыш.
Бәсең шырай жасайтын қосымшалар сан жағынан көп болғаны-мен, сапа жағы, жалғану қабілеті мен қолданылу шеңбері шекті.
Күшейтпелі шырай
Заттың бастапқы сапа, сындық белгісін күшейте түсетін сын есімнің туынды тұлғасы күшейтпелі шырай болады. Бұл шырай не-гізгі сапалық сын есімдерге күшейткіш еселеме буынды қабаттасты-рып үстеу арқылы жасалады: қып-қызыл, сап-сары, жап-жақсы, қып-қысқа, біп-биік, үп-ұзын т. б.
Бұл форманы, жоғарыда көрсетілгендей, не қосымша арқылы жасалған формаға, не қайталама (редупликация) тұлғаға жатқызуға болмайды, өйткені үстеме буын мен негізгі сын есімнің арасында то-лық қайталау жоқ, сол сияқты, негізгі сөзге жартылай да қабысып жатпайды. Бірыңғай, бір тектес форма болғандықтан, бұл тұлға пре-фикс арқылы форма тудыру амальша да қосылмайды, сондықтан ол түркі тілдеріндегі сын есімнің ерекше бір формасы болып саналады. Мыс.:
Жеңеше-ау көзің т і п-т і к, сөзің аптық (Біржан сал). Үй іші ж а п-ж а р ы ц, ауыз үй т а п-т а з а айнадай. (Ерубаев) Д ө п-д ө к е й піл..., к і п-к і ш к е н т а й тышқаннан қорқып, ін көрсе, аяғымен баса қалады. (Мұстафин) Аппақ ет, қып-қызыл бет, ж а п-жалаңаш, қара шаш, қызыл жүзді жасырғанда (Абай) Ж ы п-ж ы л т ы р қ а п- қ а р а сиыр болыпты (Мүсірепов.) Ж а п-жасыл жайнаған шөп. (Ақындар жинағы) Еріндері шиедей қ ы п-қызыл (Мұқанов).
Асырмалы шырай
Сапаның, заттық белгінің бастапқы сындық қасиетін я тіпті асыра көтеріп, я тым төмендетіп көрсететін сын есімнің туынды тұлғасы асырмалы шырай болып саналады. Бұл шырайдың бір ерекшелігі не-гізгі кейде туынды сын есімдердің алдына күшейтпелі мағынадағы аса, өте, ең, тым, тіпті тәрізді үстеу сөздер тіркесу арқылы жасалады.
88
Салыстырып көріңіздер:
Ең - аса-
тым —жақсы жақсы
тіпті- өте-
Мыс.:
Қораш тіпті простой, бірақ ө т е а қ ы л д ы, ө т е сүйкімді адам. (Мұстафин) Таудың жолы, т ы м қиын, т ы м биік екен. (Мұқанов) Аяқ басысы сырт қараған адамға т ы м с ы л б ы р а д а м тәрізді. (Мұстафин) Осы. жиынға келетін ең қадірлі, ең с ы й лы деген елдің қонағын берсін депті. (Әуезов) Өмірде бір-ақ рет болатын қайын ата, қайын ене табушылық а с а қ ы, м б а т т ы, ас а тәтті нәрсе. (Ерубаев)
Күшейткіш сөздердің бір ерекшелігі — олардың сөйлемдегі орын тәртібі әрі берік, әрі тұрақты. Бұл күшейткіш сөздер негізгі сын есімнің тікелей алдында тұрып шырай түрін жасайды.
Жоғарыда айтылған күшейткіш үстеулерден басқа да қазіргі қазақ тілінде күшейткіш мағына үстеп, асырмалы шырай жасайтын бірсыпыра сөздер бар. Мыс.: шы м (шым қызыл, шым ала т. б.). Бұл сөзді академик В. В. Радлов күшейткіш (“частица усилений”) деп көрсетеді. Ш ы м қ ай (шымқай қара, шымқай қызыл, шымқай ап-пақ, шымқай жаңа т. б.); н ағ ыз (нағыз жүйрік, нағыз шешен т. б.); қас (қас жүйрік, қас сұлу т. б.); мақпал сөзі тек қара деген сын есіммен тіркеседі (мақпал қара), сол сияқты қырмыз , а л да тек қызыл деген сын есіммен тіркеседі (қырмызы қызыл, ал қызыл). Азербайжан тілінде гырмыз қызыл деген мағынада дербес қолданылады:
Бұл көрсетілген қосымша күшейткіш асырмалы көрсеткіштер жаппай сын есім атаулымен тіркесе бермейді, тек белгілі жағдайлар-да ғана кейбір сын есімдермен тіркесе алады.
Олардың кейбірі бір кезде түсті я басқа да заттың сапасын, сынын білдіретін дербес мағыналы жеке сөз де болуы ықтимал (мысалы, нағыз, мақпал, ал, қырмызы т. б.)- Азербайжан және басқа да тілдер-де ондай сөздердің кейбірі негізгі мағынада қолданылуы да осыны көрсетеді.
Сөйтіп, қазақ тілінде, сондай-ақ түркі тілдерінде, сын есімнің шырай тұлғасы синтетикалық және аналитикалық тәсілдер арқылы туады. Аналитикалық тәсіл арқылы, негізінен, асырмалы және кейде салыстырмалы шырай жасала алады. Бұл тәсіл күшейткіш сөздер және сапалық сындардың сандық қатынасын білдіретін септік жал-ғаулы сөздер тіркескен конструкция (орам арқылы) беріледі.
Сондай орамдардың бірнешеуін талдап көрейік:
Шыгыс септікті с ө з о р а м д а р ы, мыс.:
Сүйкімді менен артық жан табылар. (Абай) Күләйім — ұлдан ү л к е н жалғыз қызы. (Торайғыров) Ақ бұлаққа барып к е л у д ен біржолата жету оңай. (Тиесов) Б ұ д а н а р т ы қ қараңғы бұрышты қой қорадан табарсың. (Мұстафин)
Ілік септікті сөз орамдары, мыс.:
Бұл ат — аттың жүйріги (Мұқанов) Біздің аудан Қазақстанның алды болса, біздің колхоз б ә р і н і ң а л д ы. (Әбішев)
Көмектес септікті сөз орамдары, мыс.:
Сырты қысқа б о л ғ а н ы м е н, бауыры жазық. (Әбішев)
Интонация арқылы әсіресе одагай, қаратпа сөзді сөйлемдер шырай мағьшасын білдіреді. Мыс.:
Ш і р к і н, ж е ң г е й-а й, ұстаған асың а л т ы н-а у! (Мұқанов)
89
Па шіркін, жүрісіңе болайын, жүрісі қандай жақсы! (Мұқанов) Ә т- т е ң , көзі кішілеу, әйтпесе, тамаша оратор, ө т к і р і н а й көзінің, теңіздей тереңін-ай! (Мұстафин)
Бұл мысалдарда шырай формасын таңырқау мағынасына қарай айырмаса, басқа жолмен белгі қою қиын. Ал, ауызекі сөйлеу тілінде арнайы екпінмен айтылады, жазба тілде оны көрсету үшін әр түрлі тыныс белгілері қолданылады.
Сөз жанды организм сияқты, құбылып, құлпырып отырады. Оны қимыл, даму устінде бақыласа ғана талай нәзік мәндерінің сьгры ашылмақ. Соның бірі — осы айтылған аналитикалың тәсіл арқылы жасалған асырмалы (талғаулы) шырай формасы.
Мұның негізгі түйіні сөздің экспрестік мағынада қолдануында. Бұл форма сөздің эмоциялық мәнімен тікелей байланысты. Егер сөздің эмоциялық-экспрестік мағынасы болмаса, бұл шырай жасалмайды да. Жеңгей-ай, асың — ас-ақ-ау! дегенде ешбір сын есім сөз қатыс-пай-ақ, айтушының психологиялың күйі зат есімнің өзіне экспрестік өң беріп, астың сапасын қалыптан асыра, әсірелеп тұр. Сол сияқты, атың — ат-ақ екен! дегеннен де -а қ шылауын алып тастаса, экспрестік мән бәсеңдеп қалады.
Сөздің эмоциялық-эскпрестік мәніне қарап, кейбір лингвистер әр сөздің мәнін контекске қарай айыру керек, сөзде тұрақты мағына жоң, мағына психологиялық категория, айтушының көңіл күйіне қай мәнде қолдануының нәтижесі деп, талай саққа жүгірткен де болатын. Әлі де болса, психо-лингвистиканы қолданатындар жоқ деуге болмайды.
Біз, әрине, ондай көзқарасты сынға ала отырып, кейде сөздің эмоциялық-экспрестік мәні бар екенін, ондай жағдайда сын есім шырайы тұлғасында аналитикалық тәсілге экспрестік мән жәрдемші болатынын бекерге шығармаймыз. Бірақ теріс психо-лингвисти-калық ағымнан аулақ болуды ескертеміз. Өйткені сөз болған жердің бәрінде экспрестік мән бола бермейді. Тас. ағаш сияқты сөздерді айтьш, бақырса да, одан эмоция да, экспрестік мән де шықпайды.
Сондықтан аналитикалық шырай кез келген жерде жасала береді деген пікірден аулақ болу керек.
Бұл фактілер қазіргі қазақ тіліндегі сын есімнің шырай катего-риясы екі түрлі тәсіл арқылы жасалатынын көрсетеді.
Демек, сын есімнің шырайы морфологиялык; формаларға негіз-делген грамматико-семантикалық категория болып есептеледі.
СЫН ЕСІМНІҢ СУБСТАНТИВТЕНУ ПРОЦЕСІ
Қай тілде болмасын, сөз таптары арасында бір-біріне ауысу, алмасу процестері де болып отырады. Кейбір етістік формалар кон-тексте есім қызметін атқарады, немере сапаны, сындық белгіні білді-ретін сөздер заттық ұғымда қолданылады. Демек, сөйлеу процесінде бір сөз табы екінші сөз табына, кейде біржола ауысып, кейде уақытша бірінің қызметін бірі атқарып отырады.
Мұндай процесс әсіресе сын есім мен зат есімнің арасында жиі кездесіп отырады. Сын есімнің (сондай-ақ, өзге де сөз таптарының, мысалы, есімше, түйық етістік формалары) зат есімге ауысып, затта-нып қолданылуы — субстантивтену процесі деп аталады.
Сын есім мен зат есім тек лексика-семантикалық жағынан ғана емес, қолданылу ерекшелігі, қабылеттілігі жағынан да ажыратыла-ды. Зат есімнің негізгі қызметі — заттық ұғымның атауын білдіру болғандықтан да, әрқашан жеке-дара еркін қолданыла беретін болса,
90
сын есімнің мағынасы заттық сапаны білдіріп, белгіні, сынды, сипатты, қасиетті т. б. көрсету болғандықтан да, көбінесе, жеке-дара қолданылмай, өзі анықтап тұратын затқа тәуелді болып, сонымен тіркесе жұмсалады.
Сын есімнің бұл қолданылу ерекшелігі әр уақытта бірдей сақтала бермейді. Кейде заттың сындық, сапалық т. б. белгісін білдіретін сын есімдер белгілі қолданылу қалпынан ауытқып, заттың атауы ре-тінде де жұмсала береді. Ондай жағдайда зат есім түсіріліп айтылып, сын есім сол түсірілген зат есімнің қызметін атқарып, заттық мағынада қолданылады. Демек, субстантивтенген сөздердің мағыналары кеңи түседі: әрі өзінің негізгі қызметін атқарып, әрі жаңа заттық мағына үстеледі. Мыс.:
Жаздым үлгі ж а с т а р ғ а бермек үшін. (Абай) Бітер істің басына ж а қ с ы келер қасына. (Мақал) Ж а қ с ы д а н шарапат, жаманнан кесепат. (Мақал) Менің қасымда алты-ақ жауынгер бар, жүмыскерлер төртеу, баламен бесеу. (Мүсірепов)
Бұл мысалдардағы субстантивтенген сын есімдер, қастарына анықталушы сөздерін қойсақ, қайтадан сындық қызмет атқара ала-ды. Бұл тәрізді сөздер қазіргі кезде толық заттанып (субстантивтеніп) кеткен. Кейбір тіркестердің құрамдарында ғана сапалық, сындық мағынада кездеседі: бала кез, бала би, бала мінез, ұят іс, ұят қылық т. б.
Жоғарыдағы сөйлемдерде сын есімдер тұрған орнына, мағыналық ерекшелігіне қарай зат есімнің орнында қолданылып, зат есімге жалғанатын септік жалғауын қабылдап тұр. Жақсы адамнан шара-пат — дегендегі адам сөзі түсіріліп, оның шығыс жалғауы анықтау-ыш жақсы сөзіне барып қосылған. Сөйтіп, жақсы деген сөз түсіп қалған адам сөзінің мәнін де, -н а н шығыс септігін де өзіне жиып алды да, заттанып кетті.
Жақсыға жақын бол. (Мақал) Ащы мен тұщыны татқан білер, алыс пен ж а қ ы н д ы жортқан білер. (Мақал) Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез. (Абай)
Сын есімдердің заттану процесі бірдей емес, кейбір сын есім сөз-дер бүтіндей заттанып, біржола субстантивтеніп кетеді. Мысалы: ба-ла, жас, малшы, балалық т. б. сөздер қазіргі кезде зат есім деп таны-лып жүр. Олар зат есіммен тіркесш, соны анықтап келгенде ғана сын есім қызметінде қолданылады. Бала кез, жас жігіт, малшы бала, ба-лалық шақ т. т.
Көп ішінен зор денелі салпы ерін бала ж і г іт шықты. (Мүсірепов) Талдан таяқ ж а с ба л а таянбайды, Б а л а бүркіт түлкіден аянбайды. (Халың әні) Алмажан мен Түяқ ж а с к е з і н д е егіз қозыдай еді. (Мұқанов) Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман, Шошимын кейінгі ж а с балалардан. (Абай)
Кейде белгілі бір сөйлемде ғана сын есім (сондай-ақ кейбір басқа да сөз таптары) қолданылу ерекшелігіне қарай анықталушы сөз түсіп қалып зат есім ретінде субстантивтеніп қолданылады. Ондай заттану уақытша субстантивтену болып есептеледі. Бірақ ондай сындар негізгі мағынасынан біржола айрылып қалмайды.
Қазақ тіліндегі сын есімге зат есімнің көптік, септік категория-лары тән құбылыс емес, өйткені сын есімге шырай формалары тән құбылыс. Сондықтан сын есімге септік, көптік жалғаулары жалған-са-ақ, оны субстантивтендіріп, заттың мағына үстеп жібереді.
91
САН ЕСІМ
Сан есімдердің дербес грамматикалық категория болып танылуы, әрине, өзге де негізгі сөз таптары сияқты құрамына енетін сөздердің. лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне, яғни олардың лексика-се-мантикалық бірлестігі, морфологиялық және синтаксистік бірыңғайластығына негізделген.
САН ЕСІМНІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер, негізінде, белгілі бір заттық ұғымдар мен құбылыстардың санын, ретін, мөлшер-шамасын білдіру үшін, соларды айқындау үшін қолданылады. Осы себептен олар мағына жағынан сын есімдерге біршама ұқсас та болып келеді, бірақ сын есімдер заттың сын сипаты мен сапасын айқындайтын болса, сан есімдер заттың сандық белгісі мен мөлшерін анықтайды.
Сан есімдер, жалпы алғанда, сандық үғымды білдіретін сөздер болғанмен, олар іштей бір жағынан белгілі бір заттың нақтылы сан-дық мөлшерін білдірсе, екінші жағынан санның абстракты атауы бо-лып қызмет етеді. Сан есімдердің мағыналық жағынан бұлайша жіктелуі олардың тілімізде белгілі бір сөздердің сандық мөлшерді, шаманы білдіру үшін қолданылу қажеттігінен туса, екіншіден, тек сандардың өз атаулары ретінде қолданылуынан пайда болған. Сол себептен белгілі бір сан есім бірде заттың сандық мөлшері түрінде айтылса, бірде санның абстракты атауы ретінде жұмсала береді. Мы-салы: Домбырамды қағайын, Он бір перне, екі шек Әшекейлеп тағайын (Әзірбаев) дегендегі он бір сөзі перненің санын анықтап тұрса, екі сөзі шектің қанша екенін (санын) білдіру үшін айтылып түр. Демек, мұндағы он бір, екі сан өсімдері заттардың белгілі бір сандық мөлшерін, санын білдіру үшін қолданылып тұр. Ал, егер он б і р г е екіні қосса, — он ү ш болады, десек, алдағыдай емес, мұн-дағы он бір мен екі сөздері тек сандардың өз атауы ретінде ғана, де-мек, абстракты сан атаулары ретінде қолданылып тұр.
Қазіргі қазақ тілінде нағыз сандық ұғымды білдірмесе де, кейбір сандармен мағыналас болып келетін біраз сөздер бар. Мысалы, ширек сөзі төрттен бір; жарты, жарым сөздері екіден бір сияқты бөлшектік сандардың; жеке, дара, жалғыз сөздері бір деген есептік санның; қос, пар, егіз сияқты сөздердің екі деген есептік сан есімнің мағынасын бере алатыны күмәнсіз; Бірақ мұндай сөздер, лексика-грамматикалык, ерекшеліктеріне қарасақ, сан есімдер емес, басқа грамматикалық сөз топтарына жататын сөздер. Қадақ, килограмм, центнер, тонна және қарыс, кез, метр, шақырым, адым т. б. сияқты сөздер де солай.
САН ЕСІМНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жалпы алғанда сан есімдердің қызметтері заттың ұзын-ұрға сан мөлшерін немесе абстракты сандық ұғымды білдіру болғанымен, құрамындағы сөздердің өзіндік ерекшеліктеріне қарай кейде заттың орын тәртібін я ретін білдірсе, кейде олардың не теңбе-теңдік мөлшерін, не бөлшектік үлесін, не сан мөлшерін тұспалдап я шамалап көрсететін ерекшеліктері бар. Осымен байланысты сан есімдердің морфологиялық жағынан түрлену жүйесі де біркелкі емес, әркелкі болып келеді. Мысалы, сөз түрлендіруші қосымшаларды қабылдау жүйесі жөнінен есептік, жинақтық сан есімдер абстракты сан атаулары дәрежесінде қолданатын сөздер болғандықтан септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын қабылдай
92
алса, өзге сан есімдер тек субстантивтенген жағдайда ғана өзгеріске түседі.
Сол сияқты, құрылысы жағынан да сан есімдер біркелкі болып келе бермейді. Егер есептік, реттік, топтық, болжалдық сан есімдер дара түрде де, күрделі түрде де кездесетін болса, жинақтың сан есім-дер тек қаңа дара түрде қолданылады, ал бөлшектік сан есімдер тек күрделі формада ғана жұмсалады.
Дара сан есімдер іштей негізгі (бір, екі, үш, төрт т. б.) және туынды (бірінші, екеу, бірер т. б.) болып бөлінеді де, к ү р д е л і сан есімдер іштей негізгі және туынды дара сан есімдердің өз ара тіркесуі (он бір, жиырма үш, отыз бес т. б.) және қосарлана (он-он бес, бесеу-алтау, бес-алтыдан т. б.) айтылуы арқылы жасалады.
Күрделі сандардың құрамындағы сан есімдөрдің өз ара тіркесуін-де ерекше көзге түсетін бір амал бар. Ол — күрделі сан есімдер құрамындағы сандардың өз ара қатынастарының бір-біріне я қосылмалы, не квбейтілмелі7 жолмея келуі. Мысалы, он бес, отыз екі, бір жүз елу алты деген күрделі сандардың өз ара орналасу тәсілін аңғарсак,, олардың бір-біріне қосылу амалымен тіркесе айтылып тұрғаны көрінеді: он + бес (он бес), отыз + екі (отыз екі), бір жүз + елу + алты (бір жүз елу алты). Ал, бір жүз, бес жүз, екі мың деген сөздерден сандардың өз ара қатысы көбейтілмелі жолмен тіркесіп келетіні көрінеді: б ір х жү з (бір жүз), б е с х жү з (бес жүз), екі х мың (екі мың).
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдердің ішінде алпыс, жетпіс, сек-сен, тоқсан сөздерінің құрылыс жүйесі ерекше. Бұл сандар — алты, жеті, сегіз, тоғыз сөздері мен ондық үғымдағы -пыс (-піс) және он сөздерінің тіркесінен бірігіп пайда болған сөздер.
Сан есімдер. өзге сөз таптарынан жасалмайды, бұл — олардың негізгі бір ерекшелігі. Сан есімдердің қай-қайсысын алсақ та тек не-гізгі есепгік сан есімдердің әр алуан комбинация арқылы өз ара жүй-елесіп орналасуы, негізінде, пайда болған. Бірақ өзге сөз таптары-нан жасалмаса да, іштей сөз тудырудың сан есімдерге тән сөз жасау-шы өзіндік грамматикалық формалары да бар. Мысалы, реттік сан есімдер тудырушы -ы. н ш ы\\-і н ш і, жинақтың сан есімдер тудыру-шы -а у\\-е у; топтық сан есімдер тудырушы -д а н\\-д е н; болжал-дық сан есімдер тудырушы -е р, -дай\\-дей, -д ағ ан\\-д е г е н; бөлшектік сан есімдер тудырушы шығыс (-д ан\\-д ен), ілік (-ның\\ -н і ң) жалғаулары мен үшінші жак, тәуелдік жалғаулары.
САН ЕСІМНІҢ ЖЕКЕ ТОПТАРЫ
Қазіргі қазақ тіліндегі сан: есімдер, жалпы алғанда, әйтеуір бір сандық үғымдарды білдіретін сөздер болғанымен, түптей келгенде олардың ішінде біраз сөздер заттар мен құбылыстардың есептік сан мөлшерін білдірсе, біразы реттік тәртібін немесе теңбе-тең сандық мөлшерін, ал, тағы бір топтары заттың жинақтық я тұспалдық санын немесе оның бөлшектік үлесін т. б. білдіру үшін қолданылады. Осыған орай ондай сөздердің жасалу амалдары мен түрлену жүйелері де бірдей емес. Сол себепті сан есімдер іштей мағыналық және морфологиялық өзіндік ерекшелігіне сәйкес: есептік, реттік, жинақтық, топтық, болжалдық, бөлшектік сан есімд е р болып алты топқа бөлінеді.
7 Бұл жөнінде А. Ысқақовтың “Қазіргі қазақ тілі” (Морфология. Алматы, 1964) атты еңбегінің 283—285 беттерінде толық айтылған.
93
Есептік сан есімдер
Қазіргі қазақ тіліндегі есептік сан есімдер белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық мөлшерін немесе абстракты сандық үғымды білдіру үшін қолданылады. Сол себепті есептік сан есімдер тілімізде бірде заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін білдіру үшін жұмсалса, бірде санның өзінің ғана абстракты атауы есебінде қолданылады. Мысалы:
Бұл кезде ұлы ақын ж и ы р м а т о ғ ы з жаста еді. (Қаратаев) Кеше мен жалғыз өзім е л у ж е т і машина астық түсірдім. (Нуршаихов) Ү ш айдың ішінде б і р мал шығын болған жоқ (Майлин) дегендегі жиырма тоғыз, елу жеті, үш сөздері адамның жа-сы, машина және айдың сан есімдерін білдіріп тұрса, Тілмаш б і р, е к і, б е с, т о ғ ы з деп барды да, құдай ұрғандай тоқтап қалды. (Әуезов); е к і н і ү ш к е қосса — б е с болады дегендегі сан есім-дер ешқандай сөздің сандық мөлшерін көрсетіп тұрған жоқ, санның өзіндік абстракт ұғымының атаулары ретінде айтылып тұр.
Есептік сан есімдер құрылысы жағынан д а р а және күрделі сандар болып екі жікке бөлінеді.
Дара есептік сандар қатарына сандардың ішінде бірлік, ондық сан атаулары мен жүз, мың сөздері жатады: бір, екі, үшу төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың.
Күрделі есептік сан есімдер қатарына осы дара есептік сандардың өз ара алуан түрлі комбинацияланып тіркесе қолданылуы негізінде жасалған шексіз сандар ұғымы жатады. Ондай сандар он бірден бастап дара есептік сандардан басқа барлык, есептік сан ұғымдарын түгел қамтиды.
Есептік сан есімдер дербес абстракт сан мағынасында қолданыл-ғанда, септік жалғауларын қабылдай алғанымен, заттардың сандық мөлшерін білдіргенде ешбір өзгеріске енбейді. Ондай есептік сандар әр түрлі грамматикалық сөз түрлендіруші тұлғаларды тек субстан-тивті түрде қолданылу кезінде ғана қабылдайды. Демек, субстантив-тенген есептік сандар көптік те, септік те, тәуелдік, жіктік те жалғау-ларын қабылдай береді. Мыс.:
Тоқтар доллар айғайы, өшер залым, Орнар өмір тербеткен м ы ң-дар жанын. (Саин) Жасы сол кездің өзінде қырықтан асқан болар. (Майлин) Б е с т і ң басы. болғанша, алтының аяғы бол, (Мақал) Жол жүріп таңғы а л т ы д а н, Арқаның тұрмыз жолында. (Сәрсенбаев) Ол жыл бұрын дейтүғын ол бестемін. (Ерғалиев) Т о қ- с а н ы м ы з жиылып, тоқты жыққан батырмыз. С е к с е н і м і з жиылып, серке жыққан батырмыз. (Мақал)
Есептік сан есімдер өзге сөз таптарынан жасалмайды. Бірақ оның есесіне есептік сандардан лексика-семантикалық және морфоло-гиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы көптеген жаңа сөздер жа-салған.
Л е к с и к а-семантикалық тәсіл арқылы жасалған жаңа сөздер қатарына тілдің даму, жетілу процесінде әуелгі сандық мағынасынан алшақтай келе басқа бір сөз таптарына тән мағыналар-ға ие болу, сөйтіп өзалды жеке бір дербес лексикалық тұлға (едини-ца) түрінде танылу дәрежесіне жеткен сөздер жатады. Айталық, жеті деген сандық ұғым өмірде қажеттілігіне қарай өзінің сандық мағы-насынан ауьш, Қаракөздің ауырып жатқанына екі ж е т і г е тақап қалды. (Қаратаев) Оқу жылы. басталғалы бір ж е т і д е й уақыт өт-ті. (Сайрақбаев) дегендегі сияқты жеті күннен тұратын “алта” сөзі-мен мағыналас, сол ұғымда қолданылу дағдысына ауысқан. Сол
94
сияқты, Мына баланың ж е т і с і н беріп, алғашқы бата оқушылар-ды атқарып алсын (Әуезов) дегендегідей өлген адамға жеті күннен соң (бір жетіден кейін) берілетін ас мағынасына да ауысып кеткен. Бұл сөз алғашқы апта мағынасындағы жетідей емес, әрқашан тәуел-дік жалғаулы формада қолданылады.
Міне, осы сияқты жеке есептік сандардың мағыналық толқу, сөйтіп басқа сөз топтарына тән мағыналар қатарына ауытқуы негі-зінде тоқсан, қырқы тәрізді жаңа сөздер жасалған. Мыс.:
Есі кеткен болмасаң есер қожам, Шілде т о қ с а н айларың қа-шан өткен. (Айтые) Өткен т о қ с а н басында Бестік алған мүсілім. (Смаханұлы) Жоқтау өлеңдері өлген адамның қазасы үстінде немесе ескі салт бойынша жасалатын қырқы, жылы деп аталатын кездерде айтылатын болған. (Ғабдуллин)
Морфологиялық тәсіл арқылы есептік сандардан жасалған жаңа сөздердің саны мол. Ондай сөздер қатарына, негізінде, сан есімдердің есептік саннан басқа топтарына тән әр түрлі формадағы туынды сөздер жатады. Бұлардан өзге есептік сан есімдерге әр түрлі сөз тудырушы қосымшалар арқылы жасалған тағы да көптеген сөздер бар.
1) Есептік сандарға -д ық\\-д і к, -тық\\-тік, -лық\\-лік қо-сымшасын қосу арқылы заттық және сындық үғымдар пайда бол-ған. Мыс.:
Т ө р т т і к пен б е с т і к жай ғана сан емес. (Сейітов) Алдында а л т ы л ы қ пен тұз жатыр. (Мұстафин) Екілікпен үйге келсең жүгіріп, Еркелігің жүрмейді енді шешеңе. (Мәуленов)
2) Бөс сөзіне -т і қосымшасын, төрт сөзіне -пақ қосымша-сын үстеу арқылы бесті, төртпақ сын есім сөздері жасалған. Мые.:
Қаңтарулы а қ б е с т і ат үй артында белдеуде. (Сейфуллин) Қарт т ө р т п а қ денелі, мол қара бурыл сақалды еді. (Иманбаев)
3) Үш, төрт есептік сандарға -кіл қосымшасын қосу арқылы үшкіл, төрткіл сын есім сөздер жасалған. Мыс.:
Дәптер бетіндегі ү ш к і л, т ө р т к і л белгілер ирек-ирек сы-зықтармен жалғаныпты. (Сланов) Ең үлкен бөлмесі т ө р т к і л бол-са, түкпір үй кең, ұзын. (Әуезов).
4) -лап\\-леп, -дап\\-деп қосымшасы арқылы көптеген үс-теулер жасалған. Мыс.:
Мыңдап кітап шығарады Жыл ішінде қалың журнал. (Жамбыл) Құлақтанған төңіректегі ел адамдары е к і л е п, ү ш т е п жасаққа қосыла бастады. (Тайшықов)
Синтаксистік тәсіл арқылы есептік сан есімдерден жаңа сөздер неғізінде есептік сандар мен кейбір жеке сөздердің өз ара бірігіп қолданылуы арқылы пайда болған. Мыс.:
Қой түгіл арнап сойып тай. Балқытар едім бесбармақ. (Әбішев) Б е с ж ы л д ы қ т ы бітір үште, Күндік істі бітір түсте! (Сейфуллин) Алыстан салған найзасы Ту сыртына бір тиді. С е г і з-к ө з д і ң көк еті Кере қарыс жыртылды. (Жамбыл) О н б а с ы, жүзбасы, мыңбасы деген қазақтар арасында ұсақ та, шақар да әкімдер болады екен. (Жұмақанов) Қазақ көркем өнерінің Москвада онкүндігі болатын күн де туды. (“Соц. Қаз.”) Қ ы р ы қ а я қ, кене бір дүрмек, Бұлар да өтті жарыстан. (Тұрманжанов)
Есептік сандардан синтаксистік тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздер ішінде тіркестегі сөздердің лексикализациялануы нәтижесінде белгілі бір атаулық ұғымдарға ауысып кеткен түрлері де кездеседі. Мыс.: Той-думанның көркі болды қырдағы,
95
А л т ы бақан тебісіп те жырлады. (Жармағамбетов) Осылардың ішінде б е с а т а р л а р да сүйеулі тұр. (Жансүгіров) Ж е т і атасында жарымағандар озбырлығын қоймаған екен. (Майлин) Ай мен күн, жұлдыз, ж е т і қ а р а қ ш ы, үркер, шолпан үнемі парланып жұмбақталмайды. (Ғабдуллин) Т о ғ ы з құмалақ, дойбы, карта ойнап керілдесіп те жатыр; Топырлаған төрт түлік мал, ағылып жатқан жүкші, жүргінші жол бермейді. (Жансүгіров) Т ө р т а м а л ғ а қалайсың? Білемін. (Мұстафин) Жануар ас пісірім оқшау шығып, ү ш ж ү з д ің көз алдында топтан келді. (Кайырбеков)
Бір сан есімі. Есептік сан есімдердің ішінде өзінің түрлену, әр түрлі морфологиялық өзгерістерге ену, сол сияқты, сөз тудыру жағынан да ерекше көзге түсетін әржақты сөз — бір сан есімі. Бір — ең алдымен, белгілі бір заттар мен құбылыстардың есептік сан мөлшерін (бір ағаш, бір сом) білдіретін болса, екіншіден абстракт сан ұғымын (бірді бірге қосса — екі) білдіретін сөз. Бірақ негізгі мағынасы сан болғанымен, бір сөзі тілімізде қолдану қажеттігіне қарай өзге де семантикалық мағыналарға ауып және әр алуан қосымшалар қосып айту арқылы немесе қосарланып я өзге сөздермен бірігіп қолданылу арқылы көптеген жаңа сөздердің, сөз тіркестерінің жасалуына негіз болған. Бұлайша бір сөзінен пайда болған жаңа сөздердің тіліміздегі сөз тудыру амалдарының қай-қайсысына болса да тікелей қатысы бар екені, демек, ондай сөздердің сөз тудырудың лексика-семантикалық та, морфологиялық та, синтаксистік те және морфолого-синтаксистік те тәсілдері арқылы жасалғанын көреміз. Мыс.:
Бір сөзі контексте, қолданылу мақсатына қарай, кейде бір-ақ нәр-се мағынасында, бірге, бірлік ұғымын аңғарта айтылады. Мыс.:
Тыныстар таза ауа б і р, Биіктен шыққан төбе б і р, Коммунистік сана б і р, Біз жазатын өлең б і р. (Әлімбаев) Бөріктінің намысы б і р. (Мақал) Ей, шырағым, сен өзімнің тілегі б і р, мұңы б і р, туған жылы б і р Тайманның баласы Мырқалсың ба? (Әбішев)
Осылайша бір сөзінің контекске байланысты өз мағынасынан ауытқып қолданылу дағдысы түбінде оның сандық ұғымнан алшақ-тап, есімдік сөздер тобына ауысуына әкеп соқтырған. Бір сөзінің бұлайша бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуы тілімізде ешбір грамматикалық көрсеткіштерсіз тек мағынаның өзгеру жолымен ғана жаңа лексикалық тұлға тудырып тұрғандықтан сөз жасаудың лексика-семантикалык; тәсіліне тән болады. Мыс.:
Түсті көзі б і р мезгілде, Б і р сұлу жан көркіне„ (Жұмағалиев) Саңқ етті шеттен б і р дауыс. (Молдағалиев) Б і р і баптап бағып, күтіп, Б і р і тасып су себеді. (Бегалин)
Сол сияқты, бір сөзі өз мағынасьшан алшақтай келе, шылау сөз дәрежесіне де ауысқан. Мұндай жағдайдағы бір сөзі біресе шылауы-мен мәндес айтылады. Мыс.:
Орғыды б ір бүгіліп, б ір жазылып, Құлашын қарыштауға жолын болжап. (Сейфуллин) Әбіл де үйықтамай, түн жамылып ауылға атпен б ір келіп, бір кетіп жүрді. (Сейфуллин).
Бір сөзінің кейде күшейту мәнінде де қолданылатын реттері кез-деседі. Мыс.:
Жаудың барлаушы самолеті бейне б і р ұры иттей аспан әле-мінде жалтақтай ұшып нысана іздейді; Сақалды пенде — шамалы, кіл бір уыз жас, кіл бір әдемі қыздар. (“Соц. Қаз.”) Сен бір артық көркемсің Биік асқар шың-құздан. (Жамбыл)
Бір сөзінің бұлайша ешбір грамматикалық өзгеріске енбей тек мағыналық тұрғыдан ғана басқа сөз таптарына тән семантикалық
96
топтарға ауысуы тілімізде сөз жасаудың лексика-семантикалық тәсі-ліне жатса, сонымен қатар оның морфологиялық тәсіл арқылы да, яғни белгілі бір грамматикалық сөз тудырушы қосымшаларды үстеу арқылы да өзге сөз таптарының тобына жататын сөздердің жасалуы-на негіз болғанын көреміз.
1. -лік қосымшасын қосу арқылы бірлік зат есімі жасалған. Мыс.:
Өнер алды — бі р л і к, Ырыс алды—тірлік. (Мақал) Әсіресе театр жағдайында б і р л і к, бір ауыздылық деген өте керек. (Ерубаев) Не жетсін б і р л і к пенен ынтымаққа. (Тұрманжанов)
2. -д і, -д е й, -е г е й қосымшаларының қосылып айтылуы арқылы бірді, бірдей, бірегей сияқты сын есім сөздер жасалған. Мыс.:
Үлкен кесемен бірді қымызға ақ талқанды қоймалжыңдай сеуіп, быжылдата араластырды. (Соқпақбаев) Жаттыгу жұмысының әрбір тәсілдері жеке пәндерге байланысты үнемі б і р д е й бола бермейді. (Мұқанов) Ұмытар бәрі, қаларсың сен Көшкен көптің б і р і н д е й. (Жұмағалиев) Ыбырай қазақтың б і р е г е й азаматы, халық қамын ойлайды. (Көбеев)
3. -і к, -л е с қосымшаларын қосу арқылы бірік, бірлес сияқты етістік сөздер жасалған. Мыс.:
Екі саусақ б і р і к т і, Ине қолға ілікті. (Әлімбаев) Елдің күші біріккен Құмды жарып, қақц тілген. (Мәуленов)
4. -г е, -д е н барыс және шығыс септік жалғауларының кон-сервациялануы, сол сияқты -д е й, -д е п қосымшаларының да консервациялануы арқылы бірге, бірден, бірдей, біріндеп, біртіндеп сияқты үстеу сөздер жасалған. Мыс.:
Жалғанның сорлысы екен қыз бен жігіт, Жүрмеген б і р г е ойнап, б і р г е күліп. (Жамбыл) Кенет естілген дыбыстан секем алдым да, б і р д е н шамды сөндірдім, (Майлин) Сілтей қалған шеңгеліне қоянның қос құлағы б і р д е й ілінді. (Қасиманов)
5. -д е қосымшасының консервациялануы және есе сөзінің делексикалануы арқылы бірде, біресе сияқты шылау сөздер жасалған. Сонымен қатар бір сөзін кітаби дәстүрде молырақ кездесетін бірлән сөзінің құрамында да кездестіреміз. Мыс.:
Б і р д е удай бұл махаббат, б і р д е жұпар мас қылады, Б і р д е жанды бақытты қып, б і р д е көзді жас қылады. (Сейфуллин) Б і р е- с е күні күйдіріп, б і р е с е түні тоңдырып, Келеміз қанша жол жүріп. (Мәуленов)
Бір сөзінен жаңа сөздердің жасалу тәсілінің ең бір өнімді амалы — синтаксистік жол. Синтаксистік жолдың бір сөзінің әр түрлі формада өз ара қосарланып айтылуы және бір сөзінің әр қилы сөздермен бірігіп айтылуы сияқты екі түрлі амалын кездестіреміз.
Бір сөзі өз ара қосарлана қолданылғанда бір-бір, бірден-бір, бір-ме-бір, біртін-біртін, бірте-бірте, бір-бірлеп, бір-бірден, бірде-бір және бірен-саран сияқты формаларда айтылып, үстеу, сан есім, есімдіктерге тән жаңа туынды сөздер жасаған. Мыс.:
Жанындағы муридтеріне дейін б і р-б і р ат, шапан кидіріп қайырған. (Торайғыров) Шаяхмет байдың барлық малдарының қайда жайлап, қайда қыстайтынын қолынан тарататын б і р д е н-бір жағымды жігіт. (Жансүгіров) Аттары шаршаған жігіттер б і р т е-б і р т е қалып жатыр. (Ертегілер) Ересек балаларды төбешікке Олжа-екең шығарады б і р т і н-б і р т і н. (Жансүгіров) Бұлар да б і р-б і р-д е н сатиралық өлеңдерін жариялады. (Каратаев) Бұған б і р д е- б і р құстың сайрағаны ұнамайды. (Ертегілер) Сауатсыздар мектебі-не кіріп, б і р е н-с а р а н әйелдер де оқи бастады. (Майлин)
97
Бір сөзімен бірігіп қолданылатын сөздердің саны мол, сол себепті олардың қамтитын сөз таптары да біралуан. Солардың ішіндө мына сияқтыларын атап өтпеуге болмайды.
Бір сөзіне келкі, қалыпты, ыңғай, өңкей, сыдырғы, тұтас, түрлі тәрізді сөздер қосылыл айтылу арқылы сын есім сөздер жасалған. Мыс.:
Енді көңіл қайдан бірқалыпты тұра алады, (Абай) Таусыз бірыңғай жазық далалы жер. (Әуезов) Бірөңкей күйлі, арқалары жап-жазық, ірі саулықтар. (Сланов) Жұмыс барысы б і р с ы д ы р ғ ы дұрыс жолға қойылған. (“Соц. Қаз.”); Ажарында б і р түрлі көтеріңкілік байқалады; Сыпайы киімі біртүрлі жарасымды. (Майлин)
Бір сөзіне неше, деме, деңе, неңе сөздерін қосып айту арқылы есімдік сөздер жасалған. Мыс.:
Майдан болып жатқан жерде жүргелі б і р н е ш е айлар өтті. (Жансүгіров) Құйрығы салаңдаған б і р д е м е қой ішінен өрге қа-рай қарғи бастады. (Мұқанов)
Бір сөзіне аз, алуан, жола, жолата, қатар, қыдыру, сыпыра, талай, шама сияқты сөздерді қосып айту арқылы әр түрлі үстеу сөздер жасалған. Мыс.:
Кешкі сағат алтыда біз осы қаладағы біралуан қоғамның қонағында болдық. (Әуезов) Бірінші взвод ұйқыны біржолата ұмытты. (Аманжолов) Ел ішінен мектеп ашу жөнінде бірқатар үгіт-насихаттар жүргізілді. (Жансүгіров) Жұлдыз әңгімесін жинап жазуда үркер бірқыдыру жеңілдік келтіреді. (Әбішев) Марков пристаннан бірталай жүкшіні әкеп қосты. (Жансүгіров)
Бір сөзінің тілімізде тұрақты тіркестер құрамында қолданылу дағдысы да көптеп кездеседі. Мыс.:
Б і р а у ы з д ы болса, бітпейтін дәнеме жоқ. (Ыбырай) Тілеген б і р б е т, өз дегенінен қайтпайтын жігіт. (Мұқанов) Мүғалім болсаң, б і р б а с қ а, оқысаң оқы осыған. (Молдағалиев) Тек Трашково болса б і р с ә р і екен. (Әуезов) Есімнің көкесі көп сөзді сүймейтіп б і р т о ғ а сабырлы адам еді. (Лекеров) Өмір бойы б і р і і ш е к болып, қатып қалған жануар кер тұлпар да ытып кетті. (Ертегілер) Көрген сайын б і р ж а с а п отыр. (Жансүгіров)
Осы сияқты бір сөзінің әр түрлі мақал-мәтелдер құрамында да бір жеңнен қол, бір ауыздан сөз шығару; он екіде бір нұсқасы жоқ; бір шыбықпен айдау сияқты болып та кездесе береді.
Реттік сан есімдер
Қазіргі қазақ тіліндегі реттік сан есімдер белгілі бір заттар мен құбылыстардың орын тәртібі, реттік жүйесін белгілеу үшін қолданылады. Мыс.:
Ұрысқа кіргеннің екінші күні еді. (Ахтанов) Ералы сол полктың қарауында ү ш і н ш і ротада солдат болып істепті (“Соц. Қаз.”) дегендегі екінші сөзі соғыста өткен күндердің ішінде рет жағынан орын тәртібі жүйесі бойынша алғашқы күннен соң өткен күнді көрсетіп тұрса, үшінші сөзі роталардың ішінде рет жағынан алғы екі ротадан соң келген ротаның орын тәртібін білдіру үшін жұмсалып тұр.
Реттік сан есімдер дара және күрделі есептік сан есімдерге -ы н ш ы\\-і н ш і, -н ш ы\\-н ш і қосымшасын қосып айту арқылы жа-
98
салған. Сол себепті құрылысы жағынан дара, күрделі болып келе бе-реді. Мыс.:
Зейнегүл он жылдық мектептің сегізінші класында оқиды. (Мұқанов) Жер мен көкті сілкінтіп, о н ж е т і н ш і жыл келді. (Әзірбаев)
Е с к е р т у: -ы н ш ы, -і н ш і, -н ш ы, -н ш і формасы бірбүтін нәрсе емес. Бұл форма -ы н, -і н, -н, және -ш ы, -ш і элеменгтерінен құрылған. Бұл жердегі -ы н, -і н, -н элементтері тек қана реттік сандардың жасалу жүйесінде емес, сонымен қатар үшінші жақ тәуелдік жалғаулы сөздерге -д а й, -д е й; -ш а, -ш е; -с ы з, -с і з және жатыс септік жалғаулары -д а, -д е (-нда, -нде) формаларын косып айтңан сөздердің бәрінде де кездесіп отырады. Мысалы, жақынындай санау, барынша созу, керегінше алу, ұрықсатынсыз кірмеу, басында, баласында сөздерін -дегі -ы н, -і н, -н элементтері бірінші, екінші, оныншы дегендегі -ы н, -і н, -н формаларымен тектес. Бұл форманы реттік ұғымда қолданылатын ортаншы сөзінен де кездестіреміз.
Біздің ойымызша, осы -ы н, -і н, -н формалары қазіргі қазақ тілінің нормасында, көбіне, -ы, -і; -с ы, -с і түрінде қолданылатын үшінші жақ тәуелдік жалғауының -ы н, -і н; - с ы н, -с і н сияқты көне формаларының көріністері болу керек. Жиырманшы сөзінің қазірдің өзінде де жиырмасыншы болып та қолданылатын дағдысы бұл пікірді жандандыра түседі.
Реттік сан есімдер, негізінде, заттар мен құбылыстардың орын тәр-тібін анықтау үшін қолданылатын сөздер болғанымен, сөйлемде қолданылу реттеріне қарай субстантивтік мәнге ие болуына байланысты әр түрлі сөз түрлендіруші грамматикалық формаларды қабылдайтын, яғни көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын да қабылдайтын реттері бар. Мыс.:
Бір оқу мазмұны біткен соң, екіншісіне көшу қолайлы. (Мұқанов) Екіншінің артынан үшінші болып Алшыораз, күреңін қуып барады. (“Қамбар-батыр”) Екінші бәйге оп-оңай, онан соң үшіншісі — күш сынасу. (Сейфуллин) Мен біріншіні бітірдім; Ол төртіншіде оқиды. (Соқпақбаев)
Сол сияқты, реттік сандар сөйлемде қолданылу мақсаттарына қарай түбір тұлға немесе шығыс септік жалғауының консервация-ланған түрінде тұрып қыстырма сөздер дәрежесінде қолданылады. Мыс.:
Б і р і н ш і, сіз ірі байлардың бірісіз. (Мүсірепов) Е к і н ш і д е н, бергі жердің де жай-жапсары суреттелгенін көреміз. (Ғабдуллин) Ү ш і н ш і, сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек. (Абай) Үшіншіден, оны іздеп үйіне барудың ешбір қажеті жоқ. (Нұршаиқов)
Реттік сан есімдердің ішінде бірінші сөзі кейде алғы, алғашқы, әдепкі, әуелгі сияқты сөздермен синонимдік мағынада да қолданыла алады. Мыс.:
Республика көлемінде б ір і н ш і ғып шығарам. (Майлин) Алма Оразбаева қазақ қыздарының ішінде б і р і н ш і болып комму-нистік партияға мүше болып кірді. (“Соц. Қаз.”)
Реттік сан есімдерден кейбір сөз тудырушы қосымшалар арқылы бірер жаңа сөздер де жасалған. Мысалы, Бір сынаған жаманды, Екіншілей сынама (Махамбет) дегендегі екіншілей сөзі -л е й қосымшасы арқылы жасалған үстеу болса, Боксшылардың халықаралық біріншілік жарысы өткізіліп жатыр (Соқпаңбаев) дегендегі біріншілік сөзі -л ік қосымшасы арқылы жасалған.
99
Жинақтық сан есімдер
Казіргі қазақ тіліндегі жинақтық сан есімдер белгілі бір заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін жинақтап көрсету үшін және жи-нақтық абстракты сан ұғымдарын білдіру үшін қолданылады. Мыс.:
Барлық Совет халқының барар жолы, қояр мақсаты б і р е у. (Саин) Кәне, кәне, санайық, санын біліп алайық. Біреу, екеу, үшеу, төртеу, б е с е у, Қолымда қалды сонда нешеу? (Смаханов) дегенде, алғашқы біреу сөзі совет халқының барар жолы мен мақсатын жинақты түрде көрсетіп тұрса, соңғы сөйлемдегі біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу сөздері абстракты сан ұғымдарын жинақты түрде көрсетіп тұр.
Жинақтық сан есімдер, негізінде, жаңа сөз тудырушы бір ғана -а у //-е у қосымшасы арқылы бірден жетіге дейінгі есептік сан есім түбірлерден жасалады. Мыс.:
Аласыға а л т а у аз, Бересіге б е с е у көп. (Мақал)
Жинақтық сан есімдер мағына жағынан субстантивтік қасиетті болып келетін сөздер болғандықтан сөз түрлендіруші грамматикалық формалардың, яғни септік, тәуелдік, жіктік жалғауларының бәрін де кабылдай береді. Мыс.:
Е к е у і н і ң үйі қалаға көшкен, Үшеуінікі далаға көшкен, Екеуінің жасы жетпеген, Біреуінің жасы өтіп кеткен, Үш қыз жұмысқа шыққан, Енді б і р е у і н қайттім. (Смаханов) Колхозшылар жиналып, бұл е к е у і н қоршап алған. (Майлин) Ең кішісін Қарлығашқа берді, бөтен төртеуін төрт ағасына берді; Менің бес құлыным бар, б е с е у і н бесеуіңе берейін. (Ыбырай) Берерменде бесеусің, Аларманда және алтау. (Абай)
Жинақтық сан есімдерден лексика-семантикалық, морфология-лық, синтаксистік тәсілдер арқылы біраз жаңа сөздер жасалған. Ол сөздер лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі сөз таптарына тән болып келе береді.
Л е к с и к а-семантикалық тәсіл арқылы жаңа сөз тудыру негізінде біреу сөзімен байланысты. Біреу жинақтық саны контексте қолданылу, қарым-қатыстық қажетте көбіне кісі, адам сияқты мағыналарды өзіне тәндеу бағытында жинақтық сан ұғымынан алшақтай барып белгісіз бір субъектіні білдіру дәрежесіне, яғни бел-гісіз есімдіктер қатарына ауысқан. Сөздің бұлайша есімдіктер қата-рына ауысу процесі сөздердің есімдіктенуі не прономинализация-лануы деп те аталады. Мыс.:
Әкелген б і р е у бидай, б і р е у малын, Б і р е у ішек, қарын, қаймақ, б і р е у балын. Біреулер аңын, терісін б і р е у әкеп, Күзеген байталының б і р е у жалын. (Сейфуллин) Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап, мал сұрап б і р е у д і алдап, б і р е у д і арбап. (Абай)
Морфологиялық тәсіл арқылы жинақтық сан есімдер негізінде, -л а\\-л е қосымшасы арқылы етістік сөздер жасалады. Ондай сөздердің, көбіне, -п көсемше формалы (-лап, -леп) болып келетін дағдысы бар. Мыс.:
Ініңіз бен екеуіңіз екеулеңіз (“Қозы-Көрпеш”) Е к е у л е п жүріп тауықтарды қорсысына әрең қамады. (Иманжанов) Біз ү ш е у л е п жазғанбыз. (Шаймерденов)
Синтаксистік тәсіл арқылы жасалатын жаңа сөздердің екі түрлі жолы бар, яғни ондай сөздер жинақтың сан есімдердің өз ара қосарланып немесе ара сөзімен бірігіп айтылуы арқылы жасалады да, негізінде, үстеу сөздер болып келеді. Мыс.:
100
Е к е у-е к е у әне кетіп барады. (Саин) Е к е у д е н-е к е у түнгі пароходтың тұмсығында ішіндегі сырларын ақтарысты. (Жансүгіров)
Достарыңызбен бөлісу: |