ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖЕКЕШЕ ТҮРІ МЕН КӨПШЕ ТҮРІ
Қазақ тіліндегі зат есімдер нақтылы лексикалың мағынасына орай сөйлем ішінде не жекеше, не көпше түрде қолданылады. Зат есімдерді жекеше, көпше деп аталатын екі топқа, екі категорияға айыра көрсетуге негіз боларлық ең басты грамматикалық сыртқы белгі — оларға көптік жалғауының жалғануы.
1 Зат есімнің барлың түрінің де төуелдік жалғауының үш жағында бірдей жұмсалатыны мәлім. Сондықтан жақтылық пен жақсыздық категориясы дегенді тек зат есімдердің жіктелу қасиетінің бар-жоқтығы тұрғысынан ғана алып түсіну қажет.
51
Сөзге көптік жалғауын жалғау оған көптік мағына устеудің негізгі жолы болғанымен, бірден-бір ғана жолы емес. Ана тілімізде зат есімнің көпше түрі жасалуының бұдан басқа да тәсілдері бар. Жал-лы, көптік мағына тудырудың тіліміздегі барша тәсілін шартты түр-де болса да морфологиялық, лексикалық, синтаксистік деп аталатын негізгі үш топтың төңірегіне жинақтап көрсетуге болады.
Морфологиялык, тәсіл, немесе көптік тұлғаның арнаулы қосымша арқылы жасалу тәсілі, негізінен, көптік жалғауының қызметіне байланысты. Қазақ тілінде көптік жалғауы -л а р\\-л е р, -д а р\\-д е р, -т а р\\-т е р тәрізді алты түрлі фонетикалық вариантта ұшырайды. Дыбыс үндестігіне қарай мұның -л а р\\-л е р варианты аяғы дауыс-ты дыбыс пен -й, -у, -р дыбыстарына біткен сөздерге (балалар, үй-лер, таулар, нарлар), -дар\\-дер варианты аяғы мұрын дыбыстары мен -л, з, -ж дауыссыздарының біріне біткен сөздерге (киімдер, қыздар), -тар\\-тер варианты аяғы қатаң дауыссыздар мен ұяң -б, -г дыбыстарына біткен сөздерге (қонақтар, арабтар, филологтар) жалғанады. Көптік жалғауы жалғанған зат есімдер көптік мағынамен қоса өзінің бастапңы лексикалық мәніне орай сөйлем ішінде мынадай мағыналық реңктерге ие болады.
1. Атап отырған нәрсеміздің өз алдына дербес-дербес санап көр-сетуге болатын бөлшектерден тұратындығын көрсетеді, мыс.: өзендер, кітаптар, аспаптар, жануарлар, ыдыстар,. Көптік жалғауын бұл ретте қолдану көбіне сөз болып отырған заттардың біркелкі емес, әркелкі екендігін аңғарту қажеттігінен туады. Келтірілген мысалдардан көптік жалғауының мұндағы өзен, кітап, аспап, жануар, ыдыс дегендердің ұзын санының молдығынан гөрі олардың түрлерінің көнтігін білдіру мақсатында жұмсалатындығын көреміз.
2. Көптік жалғауы сан жағынан бөлшектеп көрсетуге келмейтін бір текті нәрселердің жиынтығын білдіретін атауларға жалғанған кезде де жоғарыдағы секілді ол заттың жай ғана көптігін емес, түрі-нің, сортының әр түрлі екендігін аңғартады, мыс.: нандар, тәтті-лер, тастар.
Егер мүндай зат есімдер әр түрлілікті, әр сорттылықты көрсет-
пей, бірыңғай, бір текті нәрселердің жиынтығын көрсететін болса, онда олар әрдайым көптік жалғауы жалғанбай айтылады.
3. Сонымен бірге көптік жалғауы өзі жалғанған зат есімдерге молшылық, қисапсыз көптік секілді мағыналарды да үстей алады. Мұндайда да зат есімдердің негізгі лексикалық мәнінің, көбінесе, сан жағынан бөлшектеп көрсетуге келмейтін нәрселерді білдіруі шарт, мыс.: сулар, үгінділер.
4. Көптік жалғауы зат есімге жалғанғанда пайда болатын бүдан кейінгі басты бір мағыналың реңк — белгілі бір адамдардың тобын, жиынтығын білдіру, мыс.: жастар, сауыншылар, оқушылар, ғалымдар, қырғыздар, европалықтар.
5. Көптік жалғауы туыстық жақындықты білдіретін зат есімдер-дің тәуелденген түріне жалғанған кезде, ондай сөздер біреудің есімін сый тұтуды, құрмет тұтуды білдіреді, мыс.: әжемдер, апамдар, атамдар.
6. Мезгіл мөлшеріне байланысты айтылатын кейбір зат есімдерге жалғанған көптік жалғауы сөзге тұспалдау, шамалау мағыналарын үстейді, мыс.: қыстың ортасында — қыстың орталарында, ян-варьдың аяғында — январьдың аяқтарында, июлъдің басында —июльдің бастарында.
Осы тұста өзге сөз таптарына жалғанған көптік жалғауының көп-тік мағынаның үстіне сөз мағынасын заттандырушы қызмет атқара-тындығын еске сала кетудің де орайы жок, емес, мыс: миллиондар,
52
құрғырлар. Көптік жалғауының бұл жердегі қызметі жұрнақ қызме- тімен пара-пар дерлік.
Бұл айтылғандардан тыс көптік мағынаның морфологиялық тәсіл арқылы пайда болуының бір жолы ретінде “адам” ұғымындағы зат есімдердің көпше түрде жіктелу үлгісін (ағайынбыз, көмекшіміз) атауға болады. Сондай-ақ тәуелдік жалғауының ортақ түрінде жүм-салған сөзде де (үйіміз, досымыз) көптік мағынаға нұсқау бар. Бұлар жайында зат есімнің жіктеу, тәуелдеу категориясына байланысты іл-геріде сөз болмақ.
Көптік мағына тудырудың лексикалық тәсілі деп отырғанымыз зат есімнің жекеше, көпше болып бөлінуінің белгілі бір жалғаудың қызметіне байланысты болмай, сөздің өз ішкі лексикалық мағынасы-на байланысты болып келуі. Қазақ тілінде сөз тура мағынасында жұмсалғанда көптік тұлғаны қажет етпейтін біраз сөздер бар. Бұлар — көпше, жекеше мағына дегенге көбіне талғаусыз қарайтын сөздер. Ондай сөздердің басты-басты лексикалық топтары мынадай:
1. Белгілі бір әлеуметтік кәсіп түрінің атауышы болып келетін сөздер. Бұған, негізінде, -ш ы л ы қ (-ш і л і к) және -л ы қ (-л і к, -д ы қ\\-д і к, -тық\\-тік) жұрнағының жәрдемі арқылы жасалған зат есімдер жатады, мыс.: егіншілік, саудагершілік, ақындық.
2. Осы аталған жұрнақтар арқылы (-ш ы л ы қ, -л ы қ) жа-салған мағынасы абстракциялы зат есімдер, мыс.: көпшілік, азшы-лыц, жоқшыльқ, достық, ақылсыздық.
3. Қос нәрселердің атын білдіретін зат есімдер де көптік жалғау-сыз айтылады, мыс: етік, кебіс, қолғап, сырға. Егер мұндай сөздерге көптік жалғауы жалғанатын болса, онда олар осы атаулар арқылы ұғынылып отырған нәрсенің бір ғана пар емес, бірнеше пардан тұра-тындығын білдіреді. Мәселен, бір пар қолғаптың екі сыңарын білдіру үшін қолғап сөзіне көптік жалғауын жалғаудың еш қажеттігі жоқ. Егер бұлай еткен болсақ, онда бұл сөзден қолғаптың бірнеше түрі, бірнеше пары деген ұғым туган болар еді.
Адамның, жан-жануардың егіз дене мүшелерінің атын білдіретін сөздердің кейбір контексте қолдануында да осыған үқсастық бар, мәселен, аяқтарыңа етік ки емес, аяғына етік ки, оның көздері бақыраяды емес, оның көзі бақыраяды т. б.
4. Көптік жалғауын керек етпейтін сөздердің бір тобы — жалқы есімдер. Алайда кейбір бірлі-жарым реттерде жалқы есімдерге де көптік жалғауының жалғанатын кездері болады. (Бұл туралы “Жал-пы есім мен жалқы есім” деген таңырыптағы берілген ескертпені қараңыз).
5. Іс-әрекеттің, қимылдың, процестің, күй-жайдың атауышы бо-лып келетін зат есімдер де көптік тұлғада жұмсала бермейді, мыс.: күйініш, күлкі, электрлендіру.
6. Түрлі ғылым салаларының аты да үнемі көптік жалғаусыз ай-тылады, мыс.: диалектология, дарвинизм, химия, геология.
Қазақ тілінде көптік мағына тудырудың жоғарыда аталған амалдарының бірі — синтаксистік тәсіл. Синтаксистік тәсіл деп көп-тік мағынаның сөздің өз бойындағы морфологиялық, яки лексика-лық белгілеріне байланысты болмай, оның басқа сөздермен синтак-систік қарым-қатынасы арқылы көрінуін айтады. Сөзге көптік мағы-на үстеудің басты-басты синтаксистік жолдары дегенде мыналарды атауға болады.
1. Заттың сан жағынан біреу емес бірнешеу екендігін білдіру үшін оның атауышы болып келетін сөздердің алдына есептік сан есім-дерді қойып айту тәсілі, мыс.: қырық қасцыр, екі ешкі, алты аласы, бес бересі, Мұндайда заттың сан мөлшері де көрінеді. Бірақ заттың
53
көптігін аңғарту үшін оның нақтылы санын көрсету, әрине, шарт емес екені түсінікті. Шақты, шамалы, жуық, тарта, қаралы тәрізді көмекші сөздердің жәрдемімен жасалатын болжалды сан есімдер мен көп, аз сөздерін зат есімге тіркестіріп айту арқылы да оның көптігін аңғартуға болады, мыс.: жүзге тарта адам, он шақты кітап, көп күн, аз кісі.
Сол сияқты зат есімдер анықталушы сөз ретінде барлық, бар, бәрі, бүкіл, күллі, барша секілді жалпылауыш есімдіктерімен тіркесіп келгенде де көптік магынаны білдіреді, мыс.: барлық ұлт, барша мүлік, күллі қала.
Зат есімдермен синтаксистік байланыста жиі айтылатын сөздердің бір тобы — біраз, бірқатар, бірталай, бірқыдыру, бірнеше, бірсы-пыра тәрізді сөздер. Бұл сөздер сан жағынан бөлшектеп көрсетуге болатын зат есімдерге анықтауыш болып келгенде, олардың мағына-сында көптік үғым тудырады, мыс.: бірнеше дәптер, біраз мал, бір-қатар адам.
2. Зат есім жетегінде атаулы, біткен тәрізді көмекші сөздер айтылғанда зат есімдер көпше мағынаны көрсетеді, мыс.: қыз біткен, еркек атаулы.
3. Бірімен-бірі қосарланып айтылған зат есімдер де, әдетте, көп-тік мағынаны білдіреді. Зат есімдердің бұлайша жұмсалуының екі түрлі жолы бар:
а) Мағына жағынан біріне-бірі жуық келетін екі зат есімнің қо-сарлануы, мыс.: құрал-сайман, жіп-шуда, ыдыс-аяқ, тамыр-таныс, ағайын-туған, аға-жеңге, ілік-жекжат.
Бір сыңарының жеке алғанда мәні жоқ заттың мағынадағы жүн-жұрқа, темір-терсек, бала-шаға, келін-кепшік, жігіт-желең секілді жалпылауыш қос сөздердің дені де осыған жатады.
б) Мөлшер және бейнелеу мағынасындағы зат есім түбірдің екі дүркін қайталануы, мыс.: үйір-үйір, қора-қора, сала-сала.
Мұның ілгергі айтылған қосарланудан айырмашылығы бар, өйт-кені мұнда көптік мағынаға сол қайталап айтылатын зат есімнің өзі ғана ие болып қоймайды, сонымен бірге ол арқылы анықталатын, сөйлем ішінде оған тете тұрған екінші зат есім де көптік мағынаға ие болады. Мәселен, қора-қора қой дегеннен қораның да, сондай-ақ қойдың да біреу емес екендігін ұғамыз.
Сөйтіп, қазақ тіліндегі көптік тұлға мен көптік мағына бір-бірімен тепе-тең түсінік емес. Көптік тұлғамен салыстырғанда көптік мағына дегеннің өрісі әлдеқайда кең. Олай болатыны тіліміздегі әр-бір зат есім ешқандай сыртқы морфологиялық көрсеткішсіз-ақ екі бірдей грамматикалық мағынада жекеше де, көпше де жұмсала ала-ды. Оның үстіне зат есімнің бәрі бірдей көптік жалғауын талғаусыз қабылдай бермейді. Осы сияқты ңасиеттерін ескерсек, көптік жал-ғауы жалғанған сөзді ғана көпше деп, көптік жалғауы жалғанбаған сөздің бәрін жекеше деп танитын дәстүрдің көптік категориясы мен жекешелік категориясын бір-бірінен оқшаулап тұратын принцип тұрғысынан қарағанда тым жеткіліксіз екенін кереміз. Қазақ тіліндегі аталған категориялардың бұл сияқты ерекшелігін ескерудің аударма ісінде зор практикалық мәні бар.
ЗАТ ЕСІМНІҢ ТӘУЕЛДЕНУІ
Зат есімге тән грамматикалық категориялардың бірі — тәуелд і к. Тәуелділік категориясы деп белгілі бір заттың, нәрсенің кімнің меншігі екендігін білдіретін грамматикалық категорияны айтамыз.
54
Тәуелденіп тұрғаң зат есімнен әрі біреудің иелігіне жататын сол заттың өзі, әрі оны иемденуші адам - мұның екеуі де қоса ұғынылады. Кейбір бұл категорияға зат пен оны иеленушінің арасындағы қарым- қатынасты көрсететін категория деп анықтама берілуі себебі де, дұрысында оның осы қасиетінен.
Қазақ тілінде сөзге тәуелдік мағына үстейтін арнаулы қосымша-лар тәуелдік жалғауы деп аталады. Тәуелдік жалғауының әрқайсысы жіктеу есімдіктерімен (мен, сен, ол, біз, сіз) мағыналық іліктестікте айтылып, грамматикалык, үш жақтың үшеуіне де тән болып келеді. Морфологиялық жағынан бәрі бір жүйедегі қосьшшалар болғанымен, фонетикалық жағынан тіліміздегі тәуелдік жалғауларын өз ара екі топқа ажыратуға болады. Оның бірі — бұл жалғаудың жалаң бір ғана дауыссыз дыбыстың өзі және басқы дыбысы дауыссыздан басталатын варианты. Мұның алғашқы тобы аяғы дауысты дыбысқа біткен сөздерге жалғанса, соңғы тобы аяғы дауыссыз дыбысқа біткен сөздерге жалғанады. Олардың әрқайсысы жеке-жеке алғанда мынадай:
Б і р і н ш і топ Е К І Н Ш І ТОП
1-ж. -м: -мыз, -міз, -ым, -ім, -мыз, -іміз
балам малым,
інім елім,
баламыз малымыз
ініміз еліміз
2-ж. -ң, -ңыз, -ңіз -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз
балаң малың
інің елің
балаңыз малыңыз
ініңіз еліңіз
3-ж. -сы, -сі -ы, -і
баласы малы
інісі елі
Аталған екі топтан тыс құрамында дауысты дыбысы бар тәуелдік жалғауларын бұдан әрі де ішінен жуан (-ым, -мыз, -ымыз, -ың, -ңыз, -ыңыз, -сы, -ы), жіңішке (-ім, -міз, -іміз, -ің, -ңіз, -іңіз, -сі, -і) деп аталатын варианттарға ажыратуға болады.
Тәуелдік жалғауы жалғанған сөз жекеше мағынада да, көпше мағынада да қолданыла береді. Бірақ тәуелдеулі сөздің жекешелік, көпшелік мәнінде болатын мына секілді ерекшелікті ескеру қажет. Әдетте, меншіктелетін заттың жекеше, көпше мағынаға ие болуы бар да, меншік иесінің жекеше, көпше мағынаға ие болуы бар. Мұның меншік иесінің көптігін білдіретін түрін, қазақ тілі грамматикаларында ортақ тәуелдеу деп, меншік иесінің жалғыз екенін білдіретін түрін, оңаша тәуелдеу деп атайды. Өйткені ортақ тәуелдеуде меншіктелетін зат әр уақыт бірнеше субъектінің ортақ меншігі ретінде ұғынылады да, оңаша тәуелдеуде бір ғана субъектінің тек өзіне тән, дербес меншік ретінде үғынылады. Мәселен, үй-ім деген сөздегі оңаша тәуелдеу жалғауы мағынасынан объектінің тек сөйлеуші адамның өзіне меншікті нәрсе екенін білсек, үй-іміз дегендегі ортақ тәуелдеу жалғауы -іміз-дің мағынасынан осы объектіге сөйлеушімен қоса басңа адамдардың да иелік ететіні білінеді.
Тәуелдіктің ортақ түрі мен оңаша түрінің әрқайсысын тәуелдеулі сөзге көптік жалғауының қатысына қарай өз ішінен екі топқа бөлуге болады. Оның біреуі — тәуелдіктің көптік жалғаулы түрі де, екіншісі — көптік жалғаусыз түрі.
55
Егер тәуелдеулі сөздің құрамындағы көптік жалғауынан меншік иесінің көптігі ұғынылмай, меншіктелетін заттың көптігі үғыныла-тын болса, мүнымыз оңаша тәуелдеу болады. Ал, керісінше, бұл жердегі көптік жалғауы, меншіктелетін зат мейлі, біреу, мейлі одан көп болсын, әйтеуір, меншік иесінің көп екендігін білдіретін болса, мұнымыз ортақ тәуелдеу болады. Бұл арасы қаншалық түсінікті болғанымен, дәл осындағы көптік мағынаның тәуелдеулі сөздің қай элементіне қатысты екенін ажыратудың өзіндік қиындығы да бар. Балаларың жігіт болды ма? деген сұрауды бірнеше бала туралы бір адамға да, бір бала туралы бірнеше адамға да қоюға болады. Сол тәрізді Балалары жігіт болып па? дегендегі көптік мағынаның балаға қатысты екені, яки оның ата-анасына қатысты екені тосыннан тыңдап тұрған адам үшін айқын емес. Демек, мұндағы балаларың, балалары дегендердің сыртқы тұлғасы бұл тәуелдеуіміз оңаша ма, ортақ па деген сауалға жауап бермейді. Мұның жауабын тек сөйлеу, жазу контексінен ғана іздеу керек. Үшінші жақтағы тәуелдеулі сөздің көптік жалғаусыз түрінің әрі оңаша, әрі ортақ тәуелдеу болу сыры да осыған ұқсас. Мұның мағынасының да оңаша, я ортак, екенін оның өзімен грамматикалық байланыста айтылған сөйлемдегі басқа сөздерге қарап ажыратамыз. Бұл айтқанымыз түсініктірек болу үшін мына бір-екі мысалды салыстырып көріңіз: оның баласы (мұндағы баласы — оңаша тәуелдеу), олардың баласы, (мұндағы баласы — ортақ тәуелдеу). Тәуелденген сөздің осылайша үшінші жақта көптік жалғауының көмегінсіз-ақ ортақтық мағынаны аңғарта алуы — қыпшақ тобындағы тілдердің өзге түркі тілдерінен бір ерекшелігі есепті. Өйткені көпшілік түркі тілдерінде тәуелденетін сөз мұндай мағынаны беру үшін, әдетте, көптік жалғаулы болуы керек.
Асылында, зат есімге тәуелдік жалғауының жалғануы сөзге грамматикалық тәуелдік мағынасын үстеудің бірден-бір ғана жолы емес. Тілімізден тәуелдік мағына тудырудың бұдан өзге де амал-тә-сілдерін кездестіругө болады. Солардың бірі — тәуелдік мағыналық сөзге -л ы қ (-л і к, -д ы қ\\-д і к, -т ық\\-т і к) жұрнағының жалғануы арқылы пайда болуы. Мәселен, жетісулық, семейліктер дегенде де бәрі бір тәуелділік мағына бар. Мұндағы -лық қосымшасының зат есім түбірге адамның жеке басының белгілі бір өлкеге тән екендігі тәрізді мағына үстеп түрғаны шүбәсіз. Сол сияқты жіктеу есімдіктері мен есімге жалғанатын -дікі (-тікі, -нікі) жұрнағы да, әлбетте, сөзге тәуелдік мағына беруші жұрнак, болып есептеледі, мыс: Алматынікі, Сейтбектікі. Тәуелдік мағынаның бұл секілді жолмен пайда болуының жөні бір басқа. Біздің бұларға айырықша тоқталып жатпауымыздың себебі мынада. Осындағы -л ы қ- ты алсақ та, -д і к і- ні алсақ та мұның екеуі де өзінің қызметі жағынан сөзді құбылтушы қосымша болып табылмайды, сөзден сөз тудырушы қосымша болып табылады. Зат есімнің тәуелдік категориясын түзетін сөз құбылтушы қосымша туралы айтып отырып, бұларды онымен араластыра қараудың бұл жерде ыңғайы жоқ. Бұл тәрізді қосымшалардың қызметін арнайы сөз ету, — дұрысында, тіліміздің сөз тудыру жүйесін зерттеудің міндеті.
ЗАТ ЕСІМНІҢ СЕПТЕЛУІ
Зат есімге тән грамматикалық категориялардың бірі — септік ка-тегориясы. Септелу деп сөздердің сөйлем ішінде өзге сөздермен дәнекерлесу үшін септік жалғауын қабылдап, грамматикалық түрғыдан өзгеріске түсуін айтады. Қазақ тілінде септік жалғауының жеті түрі бар, олар — атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғаулары.
56
Сөздердің жекеше түрі мен көпше түрінің септелу үлгісінде принциптік айырма жоқ. Септік жалғауы жекеше сөзге де, көпше сөзге де бірдей жалғанады. Қазақ тіліндегі, септік жалғауларын, негізінен алғанда, грамматикалық септік жалғаулары және кеністікті білдіретін септік жалғалары деп аталатын екі топқа ажыратып қарайтын дәстүр бар. Мұның грамматикалық деген тобына атау, ілік, барыс, табыс жалғауларын жатқызады да, кеңістікті білдіретін деп атап отырған тобына жатыс, шығыс жалғауларын жатқызады. Бұлайша бөлудің сыры — грамматикалық септік жалғауларының, көбіне, сөйлемдегі сөздердің өз ара грамматикалық қатынасын, ал кеңістікті білдіретін септік жалғауларының кеңістік ұғымын аңғартуынан.
Септіктің грамматикалық деп аталып отырған тобына жататын жалғаулардың негізгі қызметі — бастауышты білдіру (атау септігі), тәуелділікті білдіру (ілік септігі), іс-әрекеттің объектісін білдіру (ба-рыс, табыс септігі). Ал, кеңістікті білдіретін жалғаулар іс-әрекеттің, қимылдың қай жерден басталғандығын, қай жерде болып жатқанын, бір сөзбен айтқанда, жалғаулардың бұл тобының қызметін істің-қи-мылдың мекенін білдіру деп атауға болады.
Сөйлемдегі орын тәртібі жөнінен алғанда септік жалғаулы сөздер кейбір инверсияны ңажет ететін жағдайда болмаса, үнемі өзін меңгеретін сөзден бұрын тұрады.
Қазақ тіліндегі зат есімнің септелу жүйесін жоғарыда аталған жеті түрлі септік жалғауының қызметіне қарай осы жалғаулардың атымен аталатын мына секілді жеті топқа бөліп көрсетуге болады.
А т а у с е п т і к. Сырт алып қарағанда, септік жалғауы қата-рында аталып отырғаны болмаса, атау септігінің арнаулы жалғауы жоқ. Дұрысында, атау септік деп отырғанымыз — сөздің септік жал-ғауын қабылдамай тұрғандағы күйі. Оны атау септік деп септік жалғауының басына қою, сөзге септік жалғауларының грамматика-лык табиғатын тану үшін аса қажет, өйткені барлық септік жалғауларына негіз болатын сөз — осы атау күйінде тұратын сөз.
І л і к с е п т і к. Зат есімнің ілік септік түрі оған -н ы ң\\-н і ң, -дың\\-дің, -тың\\-тің жалғауларының жалғануы арқылы жасалады2. Мыс.: баланың, есіктің, көлдің т. б.
Мұның -н ы ң\\-н і ң түрі тіліміздегі дыбыс ассимиляциясына сәй-кес дауыстылар мен мұрын дыбыстарынан кейін, -д ы ң\\-д і ң түрі ауыз жолды сонор дыбыстардаң кейін, ал -т ы ң\\-т і ң түрі *қатаң дыбыстардан кейін жалғанады. Сол тәрізді олардың сөзге жуан, жі-ңішке болып жалғануы тіліміздегі дауысты дыбыстардың үндесу құ-былысына тәуелді болады. Мыс.: даланың, іргенің, ауылдың, үйдің, қаптың, есіктің т. б.
Қазақ тіліндегі ілік септігі жалғауының сөзге қосылған кезде беретін бірден бір мағынасы — грамматикалық тәуелділікті білдіру. Септіктің бұл түрі осының алдында сөз болған тәуелдік категориясымен тығыз байланысты, өйткені ілік жалғаулы сөз сөйлемде әрдайым тәуелдік жалғаулы сөзбен синтаксистік бірлікте айтылады. Төуелдік жалғаулы сөз жоқ жерде ілік жалғаулы сөздің жалаң өз мағынасында грамматикалық тиянақтылық болмайды, ол әр кез тәуелдік жалғаулы сөзге бағынышты, оның грамматикалық мағынасын анықтаушы сөз ретінде айтылады. Мәселен, кітаптың беті дегендегі ілік жалғауындағы жалаң кітаптың деген сөз өз бетінше тұрып грамматикалық тиянақтылықты аңғарта алмайды. Оның грамматикалық тұрғыдан тиянақталуы үшін өзі қатысты тәуелдік жалғаулы сөздің
2 Ілік септігінің, сол тәрізді өзге де бірді-екілі септіктіқ (барыс, табые) есімдікке жалғанатын жалғауларында өзгешелік бар. Мәселе бұл жерде зат есімнің септелуі туралы болып отырғандықтан, біз оған мұнда тоқталмаймыз.
57
онымен ілесе айтылуы қажет. Зат есімдер ілік жалғауында келгенде, онымен тіркесетін тәуелдік жалғаулы сөз ылғи да үшінші жақта тұрады.
Тілімізде ілік септігі арқылы көрінетін грамматикалық тәуелді-ліктің басты-басты түрлері деп мыналарды атауға болады.
1. Ілік жалғаулы сөз тәуелдік жалғаулы зат есім арқылы ұғы-нылатын заттың, нәрсенің кімнің меншігі болатындығын аңғартады. Мыс: Асқардың кітабы, жолдасымның үйі.
2. Ілік жалғауы кісінің аты-жөнін, мамандығын, кәсібін т. б. біл-діретін сөздерге (субъектіні білдіретін сөздерге) жалғанып, туыстық жақындықты білдіреді. Мыс.: Ә н у ә р д і ң інісі, е г і з д ің сыңары, д о с ы м н ы ң әйелі, қыпшақтың жігіті.
3. Ілік септікті сөз белгілі бір зат пен екінші заттың арасындағы органикалық байланысты көрсетеді. Мысалы: с и ы р д ы ң мүйізі, т е р е к т ің жапырағы, мүнайдың қалдығы, тұздың ертіндісі т. б.
4. Ілік септігі арқылы көрінетін грамматикалық тәуелділіктің бір турі — заттың, нәрсенің белгілі бір бөлшегінің неменеге тән екендігін білдіру. Мыс.: Кітаптың мұқабасы, е с і к т і ң тұтқасы, терезенің әйнегі, қауынның дәні, іннің аузы т. б.
5. Түрлі заттардың, құбылыстардың, абстракциялы ұғымдардың арасындағы әр түрлі тәуелділік қарым-қатынасты көрсету де ілік жалғаулы сөздің қызметінің бір түрі болып табылады. Мыс.:
Қ о я н н ы ң жымы, суд ың сылдыры, ада мның келбеті, с ө з д ің байлауы т. б.
6. Ілік жалғаулы зат есім кейбір қимыл есімдерімен тәуелділік байланыста айтылғанда логикалық субъектіні аңғартады. Мыс.: Ж ё л д і ң ызыңдауы, б а л а н ы ң жылауы т. б.
Егер мұндай қимыл есімдерінің түбірі сабақты етістіктен болса, ілік жалғаулы сөз логикалық объектіні білдіреді. Мыс.: Сыбыстың білінуі, ү и д і ң жиналуы т. б.
7. Сондай-ақ ілік жалғаулы жалғанған зат есім белгілі бір қа-сиеттің, сапаның кімге, неменеге тән екендігін де көрсетеді. Мыс.: А т т ы ң жүйріктігі, а д а м н ың ұқыптылығы, а с т ы ң дәмділігі т. б.
8. Субстантивтенген сын есім арқылы көрінетін сапалық белгінің не нәрсеге тән екенін білдіреді. Мыс.: Жігіттің абзалы, әйелдің көріктісі, тағамның сұйығы т. б.
9. Ілік септігі белгілі бір затты қасиетінің артықшылығына я тө-мендігіне қарай заттардың өзге тобынан даралап, оқшаулап көрсетеді. Мыс.: Ж іг іт т ің жігіті, сараңның сараңы т. б.
Ілік септігі септіктің өзге түрлерімен салыстырғанда есім сөздер-дің жетегінде айтылатын септік саналады, себебі ол әрқашан тәуелдік жалғаулы сөзбен грамматикалык; байланыста айтылады, ал тәуелдік жалғаулы сөздің есім сөз болатыны белгілі. Сөйлемде ілік жалғауында келген сөз өзі байланысатын тәуелдеулі сөздің грамматикалық мағынасын толықтырушы сөз болғандықтан, ол сөйлемнің анықтауыш мүшесінің қызметін атқарады.
Кейде ілік септігінің жалғауы түсіп қалатын кездері болады. Мұндайда ілік септіктегі сөздің сыртқы белгісінің атау септігіндегі сөзден айырмашылығы болмайды.
Барыс септік. Барыс септігінің зат есімге жалғанатын жалғаулары -ғ а\\-ге, -қ а\\-к е, -а\\-е, -на\\-не. Мұның кейінгі -а\\-е, -на\\-не түрі тәуелдеулі зат есімдерге, -ғ а\\-г е, -қа\\-ке өзге зат есімдерге жалғанады. Барыс септіктегі сөз, негізінде, істің, қимылдың кімге, неменеге, қай жерге бағытталғандығын білдіреді. Бағыт, бағ-
58
дарды білдіру — оның ең негізгі мағынасы. Ал, қалған мағыналары оның осы негізгі мағынасының әр түрлі көрінісі есепті. Әлбетте, септік жалғаулы сөздің белгілі бір грамматикалық мағынаны аңғартуы — оны өзіне тәуелді етіп, бағындырып тұратын сөздің лексика-грамматикалық мәніне де белгілі дәрежеде қатысты болады. Сол үшін де сөйлемде белгілі бір сөзбен бағыныңқылық қатыста айтылуына байланысты барыс септіктегі сөздің грамматикалық өңінің құбылып отыруы — әбден заңды жағдай. Сонымен бірге септік жалғауы жалғанып отырған сөздің өз мағынасының да септік жалғауының мағыналық реңін түрлендіруге едәуір әсері болады. Септік жалғаулы сөздің мағыналық белгісінің түрліше болуы бір жағынан осындай жағдайға да байланысты. Мәселен, ол ү ш күнге кетті, ол а у ы л ғ а кетті дегендегі барыс септіктегі сөздің бірде мезгілді (үш күнге), бірде бағытты (ауылға) білдіруінің бір ұшы осы сөздердің лексикалық мәнінде жатыр. Сол тәрізді мен д о сы м а ризамын, мен д о с ы м а хат жаздым дегендегі досыма сөзінің алғашқы жағдайда қарым-қатынасты, кейінгі жағдайда іс-әрекеттің кімге арналғанын білдіруі, бір жағынан, барыс тұлғалы сөзді өзіне меңгеруші ризамын, хат жаздым деген сөздердің лексикалық мәніне де байланысты болып тұр.
Сөйлемдегі өзге сөздермен лексика-грамматикалық қатынасына қарай барыс жалғаулы сөздің білдіретін мағыналарын мынадай топ-тарға бөлуге болады.
1. Барыс септігі жалғанған зат есім іс-әрекеттің, қимылдың барып тірелер жерін, аяқталар тұрағын білдіреді. Мыс.: Мектепке барды, қ а л а ғ а жүріп кетті т. б.
2. Қимылдың, іс-әрекеттің кімге, неменеге бағытталғандығын біл-діреді. Мыс.: айналасына көз жүгіртті, ж а н-жағына қарады, сатушыға ақша ұсынды, айтқан с ө з г е құлақ аспады т. б.
3. Іс-әрекеттің, қимылдың мақсатын, не үшін істелетін білдіреді. Мұндайда барыс жалғауы жалғанатын сөздің қимыл есімі болуы шарт. Мыс.: Ол сені к ө р у г е кетті; ү р е р г е иті жоқ, а й т а р ғ а сөз таппай отырмын, сен менің б а қ ы т ы ма жаралғансың т. б.
4. Барыс жалғаулы сөз өзі жалғанатын сөзінің семантикасына қарай кейде мөлшер, мезгіл мағынасында да қолданылады. Мыс.: Ені е к і құлашқа жетеді, жүмыстың бітуі е к і а й ғ а со-зылды т. б.
Барыс жалғауы, — негізінен алғанда, етістік жетегінде айтылатын жалғау. Дегенмен ол тілімізде шылау сөздер мен есім сөздердің жетегінде де айтылмайды емес. Әсіресе ол сын есім жетегінде көбірек қолданылады. Сын есіммен грамматикалық бағыныңқылы қатнаста айтылған барыс жалғаулы сөз сын есім арқылы көрініп отырған сапаның, мөлшердің, түрлі белгінің, не нәрсеге, не затқа қатысты екендігін білдіреді. Мыс.: Бұл пікірге қарсы, сөзге сараң, малғ а бай; білгенге маржан, білмеске арзан (А б а й), аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп т. б.
Жоғарыда сөз болған ілік септігінікі секілді барыс септігінің дә жасырын түрі болады. Бірақ барыс септігінің жасырын түрде қолда-нылуы тілімізде жиі байқалмайды. Барыс септігінің жасырын айты-луы көбіне-көп оны меңгеруші етістік сөздің семантикасына байла-нысты. Қозғалысты білдіретін кей етістіктер барыс септігінің ашық тұруын әрдайым талап етпейді. Мәселен, Алматыға кетті, Тәшкентке барды деудің орнына сөзге стилдік өң беру үшін Алматы кетті, Тәшкент барды деп қолдана беретін де реттер болады. Міне, осындайда барыс жалғауын арнайы айтып жатудың әр кез қажеті бола бермейді.
Табыс септігі. Зат есімге жалғанатын табыс септігінің
59
жалғаулары -н ы\\-н і, -д ы\\-д і, -т ы\\-т і, -н бұл жалғаулардың ең соңғы тұрғанынан басқасының бәрі — бір қосымшаның әр түрлі фо-нетикалық варианттары болып саналады. Мұндағы -н тәуелдік жал-ғаулы зат есімнің үшінші жағынан кейін жалғанады. Қазақ тілінде табыс септігі тек тура толықтауыш қызметінде жұмсалатын септік деп есептеледі, осы себептен табыс септіктегі сөз сөйлем ішінде әрқашан сабақты етістікпен, яки сабақты етістік түбірден жасалған есім сөздермен синтаксистік қатынасқа түсіп, қимылдың, істің, әрекеттің, тура объектісін көрсетеді.
Табыс септігі ашық түрде және жасырын түрде айтылады. Табыс септігінің жасырын түрде қолданылуы — тілімізде өте жиі байқала-тын құбылыс.
Түркі тілін зерттеуші көптеген ғалымдар табыс септігінің ашық,, немесе жасырын түрде айтылуын түркі тілдеріндегі белгісіздік кате-гориясымен (категория неопределенности) байланысты құбылыс деп түсінеді. Яғни табыс септігі арқылы көрінетін істің, қимылдың объектісі нақтылы бір ғана зат болса, табыс септігі жасырынбай ашық айтылады да, істің, қимылдың объектісінің нақтылы қай зат болатыны табыс септіктегі сөзден көрінбей белгісізденіп тұрса, табыс жалғауы арнайы айтылмай түсіп қалады. Мәселен, сурет көрді дегендегі сурет сөзі табыс септігінің жасырын түрімен айтылған, бұл жерде табыс септігінің ашық тұруы қажет емес, өйткені сөйлеуші суретті көрген адамның нақтылы қай суретті көргенін айтуды мақсат етіп отырған жоқ. Мұндағы сурет сөзінің мағынасында белгісіздік бар. Егер осындағы сурет сөзінің алдына мына, анау тұрған деген тәрізді анықтауыш сөз қосатын болсақ, онда мына суретті көрді, мынау тұрған суретті көрді болып табыс жалғаулы сөз ашық түрде айтылған болар еді. Бұл келтірілген мысалдан табыс жалғаулы сөздің ашық түрі мен жасырын түрінің арасында болатын грамматикалық мағынадағы айырманы түсіну қиын емес.
Табыс септіктің жасырын түрінде септеліп тұрған сөздің өзі мең-герілетін етістіктің дәл алдында, араға сөз салмай тұруы шарт. Егер меңгеруші етістік пен табыс септіктегі сөздің арасына өзге сөз түсіп кетсе, табыс септігі жасырын түрде айтыла алмайды. Демек, сөйлем-дегі позициясы түрғысынан алғанда табыс септігінің, сондай-ак, өзге септіктердін жасырын түрінің қолданылуында өздеріне тән белгілі орны бар. Мұндай жағдайдың да бір тамырының жоғарыдағы белгі-сіздік категориясымен сабақтас болуы ғажап емес. Табыстың жасы-рын түрімен айтылған сөздің өзі толықтайтын сөзінен сөйлем ішінде қашықтап кете алмауы осы жайды аңғартады. Ал табыстың ашык түріндегі сөз болса, оны ыңғайына қарай қажет болған жерде сөйлемнің басына да, ортасына да қоя беруге болады. Мысалы, ол кеше м ы н а к іт а п т ы сатып алды деген сөйлемді алатын болсақ, мұндағы табыс септікті кітапты сөзінің мына кітапты ол кеше сатыгі алды, ол мына к іт а п т ы кеше сатып алды деп орнын жыл-жытқаннан септіктің мағынасына келетін залал жоқ.
Жатыс септік. Зат есімнің жатыс септігінде септелуі оған -д а\\-д е, -т а\\-т е қосымшаларының жалғануы арқылы болады. Бұл қосымшалар да сөзге тіліміздегі дыбыс, буын үндестігі заңы бой-ынша жалғанады. Тек тәуелдік жалғауының үшінші жағындағы сөз-ге келгенде жатыс жалғауы өзінің алдына -н дыбысын қосып -нда\\ -н д е болып жалғанады.
Жатыс септігінде айтылған зат есімдердің ең негізгі деген мағы-налық белгілерінің ішінен мыналарды көрсеткен жөн.
1. Жатыс септігіндегі зат есім қимылдың, іс-әрекеттің болып жат-қан орнын, мекенін білдіреді. Мұндайда жатыс септікті сөз қайда?
60
неде? деген сұраққа жауап берді. Мыс.: Т а у д а болар тарғыл тас. Тарықса, шығар көзден жас. (Халық өлеңінен), Т ү з д е мырзаң, ү й д е сырдаң. (Абай)
2. Жатыс септігіндегі сөз қашан? қай уақытта? деген сұраудың жауабы ретінде айтылғанда, істің, қимылдың қай уақытта, қай мер-зімде өткендігін білдіріп, мезгілдік мағынаға ие болады. Мыс.: Жаң-быр к ү з д е көп жауады. Ол екі а й д а оралады. Өткен б е с к ү н д і к т е ол нормасын асыра орындады.
3. Зат есімнің лексикалық мәніне қарай жатыс септігі жалғанған сөз абстракциялы мекендік мағынаны аңғартады. Мыс.: Адамның адамдығы і с т е көрінеді. Оның О м ар д а жұмысы бар.
Ш ы ғ ы с с е п т і к. Шығыс септігінің жалғаулары----д а н\\
-д е н, -т ан\\-т е н, -н а н\\-н е н. Бұлардың да сөзге жалғану тәрті-бінде жоғарыдағы айтылған септік жалғауларынан принциптік айырма жоқ. Мыс.: Ауылдан, үйден, жүмыстан, Шымкенттен, адамнан, шын көңілден т. б.
Шығыс жалғаулы сөз істің, қимылдың неден, қай жерден бастал-ғандығын білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, шығыс жалғаулы сөздің мағынасы істің, қимылдың белгілі бір объектіден қашықтап, ұзап, алыстап бара жатқанын көрсету болады3. Мыс.: А у ы л д а н келемін, Мәскеуден оралды, е с і м н е н шықты, к ө з д е н ұзату, к ө к т е н түсу т. б.
Бұл — шығыс жалғаулы сөздің негізгі мағынасы, шығыс септігі-нің бұдан езге де мағыналық белгілері толып жатыр. Олардың ішінен ең негізгілері деп мыналарды атауға болады.
1. Істің, қимыл-әрекеттің қандай объектінің төңірегінде, маңында өткендігін білдіреді. Мыс.: Бастан салп жіберді, маңдайынан сипады, етегінен ұстады, б е т і н е н сүйді т. б.
2. Шығыс септіктегі зат есімдер істің, қимылдың, әрекеттің себе-бін білдіреді. Мыс.: Айқайдан зәресі ұшты, у-ш у д ан құлақ тұнады, с у ы қ т ан денесі қалтырайды, қ а р а д а н үрікті, а й-ба р ы н а н сескенді т. б.
3. Сындық мағынадағы сөздермен грамматикалық қатынаста айтылған шығыс септікті зат есім салыстыру мәнін аңғартады. Мыс.: Балдан тәтті, Бетегеден биік, жусаннан аласа. (Ма-қал.)
4. Шығыс жалғаулы зат есімдердің жиі қолданылатын мағына-ларының бірі — белгілі бір бөлшегі, белгілі бір үлесі алынатын затты білдіру. Мыс.: А с т а ң ауыз тиді; Құланнан атты қодықты. (Фольклор) т. б.
5. Кейде шығыс септігіндегі сөзден нәрсенің, заттың тегі, неден, не нәрседен істелгені көрініп тұрады. Мыс.: Барқыттан істелген т. б. А т а д ан алтау, Анадан төртеу. (Абай)
6. Сөздің негізгі лексикалық мәніне қарай шығыс септігі өлшем, мөлшер мағынасын да аңғартады. Мыс.: Б е с к и л о д а н бөлісті, екі сомнан алды, үш күннен істеді, ж ет і айданасты т. б.
7. Істің, қимылдың мекенін білдіреді. Мыс.: К ө л д е н тартты борықты. (Фольклор)
8. Шығыс жалғаулы сөз сонымен бірге объекті мен істің, қимыл-дың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды көрсетеді. Мыс.: М а л ы н а н айырылды, с ө з і н е н жаңылды, әйелінен жазды, досынан түңілді т. б.
Қараңыз: Ф. Г. И с х а к о в. Имя существительное. Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков, ч. II, Морфология, М., 1956, 124-бет.
61
Шығыс жалғаулы сөз, көбінесе, етістік сөздердің жетегінде келіп олармен объектілік, пысықтауыштық қатнаста айтылады да, сөйлемде жанама толыңтауыш яки мекен, мөлшер, мезгіл пысықтауышы қызметінде жұмсалады.
Шығыс септігіндегі сөздің біраз реттерде есім сөздердің, әсіресе сын есімдердің жетегінде айтылатын да кезі бар. Мыс.: Қ о й д а н жуас, төрттен бір, сынықтан өзге жұғады. (Мақал); ақылдан құсқа, к ө з д е н таса, өткен ж ұ м а д а н бері, с ө з д е н аулақ т. б.
Шығыс септігінде айтылған сөздер тіліміздегі тұрақты тіркестерде де жиі ұшырайды. Бұл жай өзге түркі тілдерінде де бар. Кейінгі келтірілген бір топ мысалдың біразы — осындай тұрақты тіркестер.
Шығыс жалғауының да кейде айтылмай, түсіп қалатын уақыты болады. Бұл да көбіне-көп айтылуы тұрақталған тіркестердің құра-мында байқалатын құбылыс. Мысалы: Т е с і к т а у өтіп кеткір (қарғыс сөз); б е л асу т. б.
Көмектес септік. Септіктің бұл турі өзге көптеген түркі тілдерінде өзалдына септік жалғауы деп танылмайды. Бүл, әрине, ол тілдерде мұндай грамматикалық категория жоқ деген сөз емес. Мәселе — оларда оның грамматикалық септік ретінде қарастырылмауында.
Қазақ тіліндегі көмектес септігінің жалғаулары -мен\[-бен\\ \\-п е н, -м е н е н\\-б е н е н\\-п е н е н. Бұл жалғаудың тілімізде фоне-тикалық жуан варианты жоқ. Сондықтан ол жуан түбірге де жіңішке күйінде жалғана береді. Бұл жалғаудың басқы дыбысының түрліше болуы сөздің соңғы дыбысының әсеріне байланысты. Яғни, дауысты және үнді дыбыстарға біткен сөздерге ол -мен, -менен, ұян -з, -ж дыбысына біткен сөздерге -бен, -бенен, ал қатаң дыбыстарға біткен сөздерге -п е н, -п е н е н болып жалғанады. Мыс.: баламен, қармен, қаламмен, тұзбен, атпен т. б.
Сырт пішіні жағынан алғанда көмектес септігі жалғауын бір бу-ынды (-м е н\\-б е н\\-п е н), екі буынды (-м е не н\\-б ен е н\\-п е н ен} деп екі жікке бөлуге болар еді. Сөзге жалғануында, яки морфологиялық қызметі жөнінен бұл екеуінің бір-бірінен ерекшелігі жоқ. Олар тілімізде бірінің орнына бірі факультатив қолданылады. Мәселен, атпен келдім дегенді атпенен келдім деп айтудан бұл түлғаның қызметіне келетін нүқсан жоқ. Бірақ қазіргі әдеби тілімізде көмектестің -м е н е н\\-бе не н\\-п ен е н түрінің айтылуы оның -мен\\-бен\\-п е н түрінің айтылуымен салыстырғанда
сирек, көбіне-көп ол ауызекі тілімізде қолданылып жүр.
Көмектес септігінде айтылған сөздердің мағыналық белгілері арасынан төмендегілерді көрсеткен жөн.
1. Көмектес жалғауы жалғанған сөздердің ең басты грамматика-лық мағыналарының бірі — істің, қимылдың, амалдың неменен істелгенін, қандай құралмен істелгенін білдіру. Оның кейбір тюркологиялық зерттеулерде құралдық септік (орудийный падеж) деп аталуының себебі де осыдан. Мыс.: Балтамен шапты, сыпыр- ғышпен сыпырды, ж і п п е н байлады т. б.
2. Іс-әрекетті, қимылды атқаруға қатынасқан адамды білдіру де көмектес септігінің негізгі мағыналарының бірі. Мыс.: Асқармен келді, О м а р м е н сөйлесті, ж а у ы м е н алысты т. б.
3. Көмектес септігіндегі зат есім кейде істің, қимылдың амалын білдіреді. Мыс.: С ө з б е н жеңді, і с п ен көрінді, ы н т а меп істеді т. б.
Көмектес жалғаулы зат есімнен кейде істің, қимылдың,
әрекеттің мақсаты көрініп тұрады. Мыс.: Ол мұнда бір оймен келді т. б.
62
5. Септеліп тұрған сөздің лексикалық мәніне қарай көмектес сеп-тігі сонымен бірге істің, қимылдың қай жерде, ненің бойында өткендігін білдіреді. Мыс.: Ж о л м е н жүріп келеді, арықтың ж и е г і м е н жағалап отырды т. б.
6. Көмектес жалғауы мезгіл мағыналы сөздерге жалғанған кезде ол сөздер үстеулік мағынаға ие болады. Мыс.: түнімен, күнімен т. б.
7. Көмектес жалғауы есім сөздермен қатар етістіктің есімше тұл-ғасында да жалғанады. Көмектес жалғауы есімшенің өткен шақ тү-ріне жалғанған кезде есімше қарсылык; мәнге ие болады. Мыс.: Оны көргенмен, мені көрген жоқ.
Осыдан бұрын сөз етілген септік жалғаулары сияқты көмектес септігі де тіліміздегі фразеологиялық тіркестердің құрамында жиі кездеседі. Мыс.: Алтынмен аптап, к ү м і с п е н күптеп; к ө з б е н көріп, қ о л м е н ұстау; т а с п е н ұрғанды а с п е н ұр т. б.
КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР
Зат есім қатарындағы бірқатар сөздер көмекші есім деген атпен дараланып бөлек аталады. Олар мыналар: алды, арты, асты, айнала-сы, беті, іші, сырты, түбі, шеті, тұсы т. б. Бұл сөздер дерексіз мекен-дік мағынаны білдіреді. Қала, ай, жазық деген сияқты атаулы сөздерден өзгешелігі — көмекші есімдер бір затқа қатысы жөнінен белгіленетін кеңістікті, мекенді (өзектің бойы) атайды. Сондықтан бұлардың мағынасы басқа бір атаушы сөзге телініп жұмсалғанда ға-на айқын танылады. Атаулы сөз бен көмекші есім сөз қосылып конк-ретті мекен жөнінде бір ұғым береді.
Көмекші есімдердің мағынасындағы, жұмсалуындағы бұл ерек-шелік осы сөздердің морфологиялық дербестігіне де әсер еткен. Кө-мекші есімдердің көпшілігі тубір күйінде жеке жұмсала алмайды. Бірқатар көмекші есімдер (алды, арты, асты, үсті) өзінің бастапқы түбірінен адасып, тек тәуелдеулі формада ғана ұшырайды. Олардың түбірін (ал-д-ы, ар-т-ы, үс-т-і, ас-т-ы) тек этимологияның көмегімен тануға болады4. Ал жақ, маң деген сөздер тәуелденбеген күйде үшы-рағанмен септік жалғауын жалғамай (осы маң, осы жақ деген тіркестен бөтен жағдайда) жұмсалмайды.
Көмекші есімдер басыңқы сөзбен ылғи изафеттік қатынаста ке-леді. Бірқатар көмекші есімдер изафеттен тыс тіркесте де жүмсала алады. Олар мыналар: төңірек, айнала, маң, жақ. Мұндайда бұл сөз басыңқы сөзбен қабыса байланысады. Мысалы: қала жақта, осы тө-ңіректе т. б. Төңірек, айнала атау сөзге иек артпай дара, жеке тұрып, өз алдына сөйлем мүшесі ретінде жүмсалады. Мысалы: Төңірек тып-тыныш.
Көмекші есімдер басқа бір сөзбен изафеттік тіркесте тұрып взіне айқындауыш сөз телиді. Айқындауыш ретінде көбіне нақ, дәл, қарсы, оң, сол, солтүстік деген сияқты сөздер ұшырайды. Бұлар көмекші есімдерге оның мағынасын талғап телінеді. Мыс.:
Тымағын еңкейте киіп, б е т алдына шырт-шырт түкіріп тұрған. (Жүнісов) Төрдің нақ алдында ақ шекпенді, ақ сақалды, қушиған тар иықты шал отыр. Жақсы, ән, жарқын сөз, көңілді күлкі түннің ж а р ы м ортасы ауғанша толастамай..,. қалықтайды да тұратын. (Бақбергенов)
4 Ф. Г. И о х а к о в. Некоторые предположения о происхождении конечных т и д в словах аст, үст, алд, арт и т. п., сб. Ак. В. А. Гордлевскому, М., 1953.
63
Сөйлемдерде көмекші есімдердің тәуелдеулі формада келіп, бірақ изафеттің басыңқы сыңарынан аулақ, кейде тіпті жеке дара тұрып жұмсалғаны да көп кездеседі. Мыс.:
Бір мезгілде қасына Көпей келді. (Бақбергенов)
Бұл көмекші есімнің дербес атаулы сөзден түгел қол үзіп жұм-салғаны емес. Мұндайда көмекші есімге қатысты атаулы сөз контекстен байқалып тұрады.
Ілгеріде көмекші есімдердің бір затқа қатысты мекенді, кеңістікті білдіретіні айтылды. Осы мекен, кеңістік туралы ұғымды атауда көмекші есімдер белгілі бір семантикалық топңа, жүйеге сараланады. Бір топ көмекші сөздер мекенді затқа алыс-жақындығына қарай атайды. Олар мына сөздер: шеті, түбі---жаны—маңы, тұсы-төңірегі. Екінші топ сөздер мекенді заттың қырына қатысуы тұрғысынан атайды: алды-арты, үсті-асты, беті, бойы. Енді бір топ көмекші есімдер мекенді заттың іш-сыртына қатысуы тұрғысынан атайды: іші, сырты. Ортасы, арасы деген сөздер мекенді заттардың ара қатысы тұрғысынан атайды.
Көмекші есім атаулы сөзбен тіркесіп бір үғым береді, бір сейлем мүшесі болып танылады. Бұл тіркестер септіктің барлык, формасында тұрып, бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш, аныңтауыш қызметін атқарады. Қажетті жерінде көптік жалғауын, сын есімнің -ғ ы\\-г і жұрнақтарын жалғайды. Мыс.:
Дегенмен Дина төңірегі ауыл сы р т ы н д а ғ ы сағымды сары белдей құлазып бос қалды. Жұпыны ауылдың төңірегін қоршаған жалаңаш сары шағылды сұрша құм қандай түссіз. Ол.. жалтақтап көзінің а с т ы м е н қарай берді. (Бақбергенов) Маңайының бәрі де шашырап түскен үлкен-үлкен қойтас. (Әуезов)
Көмекші есімдер мағынасы, жұмсалуы жағынан шылау сөздерге жуық болғанмен, оларды зат есім сөз табынан бөліп алып даралауға, шылауға жатқызуға келмейді. Олардың мағынасы (дерексіз, абстрак-тылы болса да) лексикалық мағына қатарына жатады. Олар жалғау-лар мен жұрнақтарды қабылдайды, кейде басыңқы сөзбен тек потен-циалдық байланыста тұрып дараланып жұмсалады.
Көмекші есім сөздердің тіркесу, түрлену мүмкіншілігінде өзара ерекшелік бар екені ілгеріде айтылды. Бұл — көмекші есім сөздер-дің қалыптасу процесіне байланысты ерекшеліктер.
Кемекші есімдердің мағынасы
1. Түбі, шеті, жаны, маңы, төңірегі деген көмекші есімдер мекенді затқа алыс-жақындығы тұрғысынан саралап атайды. Түбі, шеті зат-қа жуық мекенді ұштаса, тие жатқан мөлшерде өлшеп атайды. Мыс.:
...Жартас түбіне... барып оңашада боздап-боздап алатынына талайдан қанық. Ауылдың “әулекі” жігіттерін шам түбіне жиылған жынды көбелекше үйіне үймелету Әлімжанның қай күніне керек. ...қой ш ет і н д е жусаған мал құсап бір-бірінің астына кіріп алыпты. (Жүнісов)
Жаны, қасы — мекенді, түбі — атаған мөлшерден ұзатып өлшеп атайды. Мыс.:
Келіншектің ж а н ы н а барып тағы жаңағы сұрағын қайталап еді. (Жүнісов) Тіпті өсе келе оны ер балаша киіндіріп, қасынаи тастамай ертіп жүретін болған. (Бақбергенов)
Затқа жуың мекеннің келесі қашықтағы өлшемін атайтъш кө-мекші есім — маңы. Мыс.:
64
Арыстың екі көзі бағанадан бері осы ауыл маңында, түтінде. .„.ауылдың маңында, шөгіп, жатқан түйенің арасымен келе жатқан. (Жүнісов)
Маңы — кейде жаны, қасы сөздерімен мағыналас болып жұмса-лады. Бұл оның жаны, қасы. сөздері білдіретін өлшемді қоса қамту-ынан болуға тиіс. Мыс.:
Жанасыл төсек маңында жалаңаяқ жүр еді. (Жүнісов)
Төңірегі, айналасы. — затқа жуық мекенді қоршау, шеңбер кө-лемін танытады. Мыс.:
..„Құнапия айналасын елтірімен жұлықтаған қысқа сары тонын желбегей жамылып алыпты. (Жүнісов) Төңірегіне ой салып, көп қарманды. (Бақбергенов)
2. Мекенді заттың қырына қатысуы түрғысынан атайтын көмекші есімдердің мағынасындағы өз ара ерекшеліктер мынадай:
Алды — заттың бет жағына, алдыңғы жағына жақын мекенді білдіреді. Мыс.:
Кісінің а л д ы н а дастархан жайылды. Дина тобының қарсы а л- д ы н а н шығардай боп, оларға қарсы жүрді. (Бақбергенов)
Қыс, жаз, көктем, күз деген сияқты мезгілді білдіретін сөздермен, жел, жауын, қар, суық деген сияқты табиғи процесті атайтын сөздермен тіркескенде, алды жуық мезгіл жөнінде үғым береді. Мыс.:
Жауын алдындағы майда қоңыр жел баяу соқты,. Бір түні таң а л -д ы н а дейін жанып тұрыпты. (Бақбергенов)
Асты — заттан төмен мекенді білдіреді. Мыс.:
Ол көзін жұмып, бір қолын жағының а с т ы н а төсеп, тамсана жатып, күй сазын жұтты. ...Жастар тобы оны алты қырдың а с т ы- н а дейін шығарып салды. (Бақбергенов)
Арты — заттың сырт жағына жақын мекенді білдіреді... Мыс.:
Сәду екі қолын а р т ы н а ұстап, еденге салынған кілемнің үс-тінде ерсілі-қарсылы жүріп жауап қатты. (Жүнісов) ...қалған ауылдастары оның,. а р т ы н ан ілесе кетті. (Бақбергенов)
Үсті — заттың жоғарты, үстіңгі жағына қатысты мекенді, кеңіс-тікті білдіреді. Мыс.:
Ауыл ү с т і н сарғыш тозаңды шаң басты. Кимешектің ү с т ін е н кәстерлеп, биік етіп ақ жаулық ораған. (Бақбергенов)
Сезім құбылыстарын білдіретін зат есім, тұйық рай етістік сөзбен тіркесіп, үсті — мезгілдік не сын мағына тудыру үшін де жұмсалады. Мыс.:
Дина осы бір мәнді дыбыстарды... т ыңдау ү с т і н д е өзін-өзі билеп, мына отырған топқа үйренгендей боп қалды. Халайық жи-налып қалыпты, бір қуаныштарыңның ү с т і н е н түссем керек! (Бақбергенов)
Беті — заттың сыртқа қараған жазық бөлігін (қабатын), соған қатысты мекенді білдіреді. Мыс.:
...Темір труба биік дөңнің б ет і н д е тұр. (Мұстафин) Теңіз б е т і н е алтындай атты сәуле кең жайылып ойнап түсті. (Бақбергенов)
Өзеннің (өзектің, таудың т. б.) арғы беті деген сияқты тіркесте — беті — негізгі мағынасын өзгертіп, бір ауданды даралап атау үшін жұмсалады. Мыс.:
Ө з е н н і ң а р ғ ы б е т і н д е г і орыс селосынан мектеп ашы~ лады. (Бақбергенов)
Бойы — өзек, теңіз, үй т. б. сияқты созыла біткен заттарды біл-діретін сөздерге жалғасып, жуық мекенді білдіреді. Мыс.:
Алатау мен Сыр бойындағы. ел өмірінен өз еліндегі жал-
65
шының көк иық халін көрді. Дина аул ы теңіз бойына көшті. (Бақбергенов)
3. Арасы, ортасы — мекенді заттардың ара қатынасы тұрғысы-нан білдіреді. Арасы екі не одан көп заттардың аралығындағы мекенді білдіреді. Мыс.:
...алғашқы екі аттың а р а с ы оқ бойындай көрінеді, Текедегі ұлықтар Құрманғазыны ел ар асына бүлік салып жүр екенсің деп түрмеге жауыпты. (Бақбергенов)
Ортасы — аралық мекеннің, мезгілдің белгілі бір аумағын дара-лап атайды. Мыс.:
Ол үйіне түн ортасында... қайтты. Әйтпесе ол үйдің шаңырағы ортасына түсер еді. (Бақбергенов)
Ситуация, контекст көтерген жағдайда ортасы, арасы — өзара тең мағынада жұмсалады. Қала мен ауылдың а р а с ы. ( о р т а с ы) көп жер. Көп кісінің ортасында тұрған әкесінің түріне де көзі түсті. (Бақбергенов)
4. Іші — заттың өз шеңберінде қамтылған мекенді білдіреді. Түн, қыс т. б. — мезгіл мағыналы сөздермен тіркескенде мезгілдік мағынаға ие болады. Мыс.:
Ауыл, құм ішіндегі жынысты қалың тоғайға келіп қоныс тепті. (Бақбергенов) Екеуінің жартас түбінде сөйлесіп тұрғанын анада түн ішінд е көрдім. (Жүнісов)
Кей жұмсалуында (адам, ел, қамыс сияқты сөздермен тіркескіен-де) бұл көмекші есім арасы сөзіне мағыналас болып жуықтайды. Мыс.:
Әйелдердің ішінен ( а р а с ы н а н) шешесін іздеді. (Бақбергенов)
Сырты — іші сөзіне қарсы мағыналас. Затқа жақын мекенді іші сөзіне қарсы қойып атайды. Мыс.:
Ол ...үй с ы р т ы н д а ұзақ тұрып қалды. ,...сары бел міз бақпас-тан бедірейіп, ауыл с ы р т ы н д а сұлап жатады да қояды. (Бақ-бергенов)
5. Басы — көп мағыналы көмекші есім. Көмекші есім сөз ретінде көбіне заттың басталар шегін білдіреді. Қыс, жаз деген сияқты сөздерге тіркесіп мезгілдік мағына береді. Мыс.: Бұл ауыл өзгелер-ден артығырақ күй іздегендей өзеннің б а с ы н а қонған. (Әуезов)
Контекске қарай кейде затқа жуық мекенді білдіреді. Мыс.:
От б а с ы н д а тұрған шәугімді еңкейтіп сулап шайып алды (Әуезов)
Тау, қыр, төбе деген сияқты сөздерге тіркесіп, басы — заттан жо-ғарғы жағына қатысты мекенді білдіреді. Мыс.:
Екі шал төбенің б а с ы н д а ұзақ отырды. Дина қыр б а с ы н д а -ғ ы топқа жетті. (Бақбергенов)
6. Жағы — зат есім сөздермен жалғасып бағытты, тарапты, бөл-шекті білдіреді. Кейде жацқ сөзі иек артатын сөзімен қабысып байланысып та жұмсала береді. Мұндай да ол тәуелдік жалғауын жалғамайды. Мыс.: і
Жайықтың батыс ж а ғ ы н а н басталып, шексіз жатқан кең даланың шырқын... бұзар оғаш үн жоқ. Қыз аулының... басқа жаққа көшіп кеткенін білмей.,.. жас жігіт... төңірекке құлағын түре тыңдады. (Бақбергенов)
СЫН ЕСІМ
Сын есім — семантика-грамматикалық мағынасы жағынан да морфологиялық ерекшеліктері мен сөз тудыру, сөз өзгерту амалының жүйесі жағынан да, синтаксистік қызметі мен
66
қолданылуы жағынан да қазіргі қазақ тіліндегі өзіне тән ерекшелігі бар сөз табының бірі.
Сын есімнің табиғи қызметі ешбір өзгеріске түспей-ақ зат есіммен тіркесіп, заттың алуан түрлі қасиетін, сындық белгісін білдіру болады. Өйткені қандай белгі, сапа болмасын негізгі затқа, құбылыс-қа арқа тірейді. Мыс.:
Ү л к е н ү й г е кірген соң, бәрі де кішірейіп кеткендей, отыр-ғанда құмандай ғана болып қалыпты. (Мүсірепов) Қ а р т аң К а с- п и й қалғыған бойымен Терекке көзін ашып үндемейді. (Абай) Үл-біреген а қ е т т і, ашық жү з д і, т і с і ә д е мі көріп пе ең қыздың жайын. (Абай) Дәл сол кезде түп қарағаннан аса бере, алдына ж а с қызыл қ о з ы топ ете түсті. (Әуезов)
Сын есімді жеке сөз табы ретінде сипаттағанда да оның құрамын-дағы сөздердің белгілерін бір-бірінен бөліп алып, немесе кейбірін ғана негізге алуға болмайды. Мысалы, сөздердің синтаксистік қызметін негізге алсақ, сын есім үстеумен де, зат есіммен де шатастырылып кетер еді: Ж а қ с ы бала ж а қ с ы оқиды, деген сөйлемдегі соңғы жақсы үстеу болып танылып, алтын сағат, тас үй тәрізді тіркестердің бірінші сөзі сын есім болып есептелінер еді. Өйткені бұл сөздердің екінші бір контексте мүлде басқа қызмет атқаратыны, яғни жақсы сөзі заттың сынын, я сапасын, ал алтын тас сөздері заттың атауын білдіретіні даусыз. Солай болса бір қатар сын есімдердің зат есімдерді анықтауларымен бірге, етістікті де анықтап, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарып, үстеу ретінде қолданылуына қарап оларды бірде сын есім, бірде үстеуге жатқызуға болмайды.
Сын есімді басқа сөз таптарынан ажырататын өзіне тән әр алуан белгінің бар екені күмәнсіз. Ал ол белгілер мыналар:
1) Қазақ тіліндегі сын есімдер өз мағыналарында септелмейді, оларға көптік тәуелдік жалғаулары да қосылмайды. Егер бұл қосым-шалардың бірі сын есімге қосылса, онда ол заттанып, субстантивте-ніп кетеді. Септік, көптік және тәуелдік категориялары — сын есімге емес, зат есімге тән қүбылыс. Сын есімнің бұл ерекшелігі оны зат есімнен бөлек, дербес сөз табы екенін айқындай алады. Мыс.:
Біреуі көк, біреуі жер тағысы адам үшін батысып қызыл қанға. (Абай) Қ ы з ы л ғ а қонған қарғадай. (Халың әні) Батырды айтсам, ел шауып алған талап, Қызды айтсам, қ ы з ы қ т ы айтсам қыздырмалап... Ешкімге зияны жоқ өзім көрген Бір қ ы з ы қ ісім екен бұл жалғанда. (Абай) Осындағы бірінші, төртінші мысалда қызыл, қызық сын есім де, екінші, үшінші сөйлемде қызыл, қызық барыс, табыс септік жалғауын жамылып зат есім мағынасында қол-данылған. Сондай-ақ Жақсыға асық бол, ж а м а н н а н қашық бол. (Мақал). Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, А л а с ы аз қара көзі нұр жайнайды. (Абай) А қ т а р мен қ ы з ы л д а р д ы ң алысып жатқан кезі еді. (Мұқанов) Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек, ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек (Абай) деген мысалдардан да септік, көптік, тәуелдік жалғаулары қосылған сын есімдер сындық мағынасын жоғалтып, зат есімге ауысатындығы, яғни заттанып (субстантивтеніп) кететіні көрінеді. Соның өзінде де олар бұрынғы лексикалық мағынасын жоғалтып, зат есім болып, сындық қасиеттен ада болмайды.
2) Қазақ тіліндегі сын есім категориясының өзіне тән ерекшелігі-нің бірі — олардың морфологиялык; формаларының, шырай жұрнақтарының болуы. Бұл формалар тек сын есімнің жеке өз басына тән де, сын есімнің бұл ерекшелігін көптеген тюркологтар оны дербес сөз табы ретінде тануға басты критерий етіп ұсынады. Алайда түрік (анатоль) және азербайжан тілдерінен -р а қ\\-р е к формасы қолданудан шығып қалды, өның орнына басқа
67
тұлғадағы сын есімдер жұмсалады, ал қазақ тілінде -р а қ\\-р е к формасы жиі ұшырайды. Бірнеше мысалдар келтірейік:
Көкше көктен гөрі к ө г і р е к тау екен, (Мұқанов) Қараойдың ұзындығы 16 километр, оған қарағанда Сұлутөбе бойшаңырақ, 18 километр. (Мұстафин) Махамбет образы Исатайдың образынан өзгешерек. (Мүсірепов)
Мысалдағы көгірек, бойшаңырақ, өзгешерек деген сөздер салыс-тырма мағынаны білдіріп, сын есімнің шырай түрін жасап тұр. Бұл формалар -р а қ\\-р е к, негізінен, сапалық, сын есімдерге ғана жал-ғанады да, басқа сөз таптарында қолданылмайды, сондықтан да ол сын есімнің жеке бір белгісі болып саналады. Сондай-ақ, бұл форма басқа да түркі (қырғыз, татар, башқыр, қарақалпақ, ноғай т. б.) тіл-дерінде де тек сын есімнің грамматикалық формасы болып саналады.
3) Сын есімнің ү ш і н ш і бір ерекшелігі — түркі тілдерінде олардың қап-қара, сап-сары тәрізді күшейтпелі формасының болуы. Бұл күшейтпелі форма да сөз таптарының ішінен тек сын есімге ғана тән. Сондықтан күшейтпелі үстеме буын сын есімді басқа сөз таптарынан ажырататын белгінің бірі болып есептеледі. Мысалы, ж а п-ж а с бала екен (Мұқанов) десек те, т а п-т а с екен, немесе а п а ғ а ш екен деп айтуға тіпті болмайды, керісінше тастай қ а п-қ а т т ы болып тіркеседі. Бұл форма түркі тілдерінде өте ерте кезден бері қолданылып келді.
Егер біздің заманымыздағы тіл категорияларының ерекшелігін ескерсек, соның ішінде сын есім әбден абстракцияланып, зат есімнен ажырап, бұрынғы затқа тәуелділігін жойып, жігін әбден ашқан логикалық категория екені айқын. Сондыңтан сары, сарғыш, сарғылт, сап-сары, сап-сарғылт дегендерді не үзындық, не салмақ өлшеуімен өлшеуге, кірге тартуға, қадақтауға, метрлеуге келмейді. Дегенмен, пікір өлшеуі шексіз болжам бола тұрса да, қалтқысыз түсінігі, қалыптасқан мөлшері бар. Еңдеше сын есімнің логикалық мәнін нақтылау үшін заттың құбылыспен салыстырсақ, нақты түсінуге болады.
4) Сын есім өзінің оемантикасы арқылы да басқа сөз таптарынан ерекшелінеді. Заттың сынын білдіре отырып, сын есім кейде қимылдың сынын көрсететін үстеумен астасып келеді. Бұл жағдайда бұл сөз табының бір ерекшелігі — сын есім үстеу қызміетінде жұмсала отырып, өз мағынасын жоймайды, яғни соның өзінде де сын есім болып тұрады. Мысалы: жақсы, бала ж а қ сы оқиды дегенде бірінші жақсы бала деген зат есімнің сапасын анықтаса, екінші жақсы қимылдың сапасын білдіреді. Осы екі жерде де жақсы өзінің негізгі мағынасын сақтап, сын есім болып тұр. Сондықтан жалпы түркі тілдерінде, сондай-ақ қазақ тілінде сын есім тек зат есімді ғана анықтап қоймай, кейде үстеу сияқты етістік баяндауышты анықтай алатынын көрсету қажет: Ауыл а л ы с т а қалды, және ауыл а л ы с қалды дегендегі бірінші сөйлемде алыста — мезгілдік, мекендік ұғымды білдіретін сөздерге жалғанып, үстеу мағынасын жасайтын жатыс септіктің -т а формантын қосып алған зат есім болса, екінші сөйлемде алыс етістікті анықтап, пысықтауыш қызметін атқарып тұрғанмен, өзінің сапалық сынын, қасиетін сақтап отырғандықтан, сын есім болып есептеледі.
Семантикалық жақтан зат есім мен сын есімді бір-бірінен ажыра-тарлық ерекшеліктері ап-айқын. Сонымен бірге, бұл екі сөз табының тіркесе алу мүмкіндігінде де едәуір елеулі айырмашылық байқалады. Зат есімге демеулер, немесе септеулік шылаудың қай-қайсы болса да тіркесө берсе, сияқты (секілді, сықылды), тәрізді дегендерден басқа демеуліктер субстантивтенбей тікелей өзінің негізгі мағынасында тұрған сын есімге тіркеспейді.
68
Ал күшейтпелі мағынаны білдіретін өте тым, аса, тіпті, орасан, ерекше. қас, керемет тәрізді үстеу сөздер сын есімнің алдынан тұрып еркін тіркесе бергенімен, олар зат есімдерге қосылып, күшейтпелі мағына үстей алмайды, яғни олар зат есімдермен тіркеске түспейді. Мыс.: өте жақсы, өте сұлу, тым тамаша, тым үлкен, аса көркем, аса биік, тіпті жас, керемет шешен, тіпті жүйрік, керемет өлеңші, қас жүйрік, орасан зор тәрізді тіркестер әдеттегі қалыпты норма бола тұрса да, өте шөп, тіпті адам, тым ағаш деп айтуға болмайды.
Сөйтіп, қазіргі қазақ тіліндегі сын есім, бір жағынан, зат есімнен, екінші жағынан үстеуден бөлініп, сөз табының жеке бір түрі болып қалыптасқан категория. Сын есімнің өзіне тән формалары, ма-ғынасы, семантикалық және қолданылу ерекшеліктері оны басқа сөз таптарынан бөліп, грамматикалық дербес категория екенін айқындай алады.
СЫН ЕСІМНІҢ ТҮРЛЕРІ
Семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне карай қазақ тіліндегі сын есім мынадай топқа бөлінеді: 1) сапалық сын есімдер, 2) қатыстық сын есімдер.
Достарыңызбен бөлісу: |