Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967



бет7/22
Дата27.12.2016
өлшемі6,92 Mb.
#5669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

Сапалық сын есімдер

Сапалық сын есімдер қосымша формаларсыз-ак, тұрып, өзінің се-мантикасы жағынан тікелей заттың сынын білдіреді. Қызыл, жасыл, ақ, қара, жақсы, жаман, ауыр, үлкен т. б. Қыры к ө к ш і л, ойы майса, қ ы з ыл, ж а с ы л қызғалдақ. (Саин) Ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр, талап, Бұларды керек қылмас ешкім қалап. Т е р е ң ой, т е -р е ң ғылым іздемейді, Өтірік пен өсекті жүндей сабап. (Абай) Ж а қ с ы ат пен т а т у жолдас бір ғанибет Ыңғайлы ы қ ш а м киім аңшы адамға. (Абай)

Сапалық сын есімдерден арнаулы формалар арқылы шырай кате-гориясы жасалады. Қазіргі қазақ тілінде, негізінен, сапалық сын есімдерге ғана қосылатын шырай жұрнақтары бар. Мыс.: -ғ ы л т, -ғ ы л т ы м, -ш ы л, -ш ы л т, -ғ ы л т. б. тек түсті білдіретін сапалық сын есімдерге жалғанып, сол түстің бәсеңдеу реңкін білдіреді. Сапалық сын есімдерге бұлардан басқа да сындың белгінің әр түрлі реңкін білдіретін ұлғайту, кішірейту, солғындықты көрсететін жұрнақтар, яғни шырай формалары, талғамай жалғана береді. Қалың-дау, қалың-ырақ, жіңішке-леу, жіңішке-рек, толық-ша, толық-тау, толығы-рақ т. б. Сол сияқты аласа, биік, жақсы, ірі, арық, семіз, жуан, қалың, жұқа, ащы, тұщы, ұзын, қысқа тәрізді сапалық сын есімдердің қай-қайсысына болсын шырай формалары жалғана алады.

Одан басқа сапалық сын есім күшейтпелі мағынада жап-жасыл, боп-боз тәрізді үстеме форманы қабылдай алады. Мыс.: Кешегі қүм-ды дала ж а п-ж а с ыл алқапқа айналды. (Ғабдуллин)

Сапалық сын есім түстен басқа да көптеген сынды білдіреді: кө-лем, заттық қасиет, шек т. б. Мыс.: алыс, жақын, жас, кәрі, жаңа, ескі, толық, жіңішке, нәзік, ыстық, суық, биік, аласа, жарық, қараң-ғы, құрғақ, ылай, тұнық т. б.

Ж а қ с ы қыздан қашқан ж а л қ ау жігітті көргенім осы, (Бегалин) Ж у а с түйе жүндеуге жақсы. (Мақал) Ж а қ с ы жұмыс жанға т ы н ы с. (Мақал) Ж а м а н ауруға ж ақсысс ас. (Мақал)

69


Малдың түсін білдіретін сапалық сын есімдер санаулы-ақ, олар-дың өзі кейде шын түске сәйкес келе бермейді. Мысалы, қызыл деген сын есім мал атауларымен тіркескенде әр түрлі түсті білдіре береді: қызыл ат, қызыл сиыр, қызыл жүз дегендердегі сын есімнің білдіретін түсі бір емес.

Мал түсін білдіретін кейбір сын есім сөздер белгілі бір шекте ғана қолданылады. Мысалы, тарғыл түс тек ірі қара малға (сиыр) байла-нысты қолданылса (жылқының түсіне байланысты тарлан сын есімі жұмсалады), жылқы, қой т. б. түсін білдіру үшін қолданылмайды. Көк деген негізгі сапалық сын есім малдың түсін білдіргенде бастапқы мағынасынан алшақтап ыңғайына қарай әр түрлі түсті білдіреді. Мыс: көк ат, кәк сиыр дегендердегі көк екі түрлі түс.

Сапалық сын есімде, негізінен, заттық мағына болмай, ол тек ло-гикалық, абстракты мағынада қолданылады. Мысалы, ақ деген сөз ешбір затпен байланысы жоқ. Ол сөз әрбір ақ түсті білдіреді. Ақ қа-ғаз, ақ көйлек, ақ сүт, ақ дастарқан т. б.

Қатыстық сын есімдер затпен тікелей байланысты. Мысалы, тау-лы деген сын есімнің мағынасы тау сөзімен тікелей қатысты. Өйткені тауы, жоқ жерді таулы деп атамас еді. Сол сияқты тершең тер сөзімен, жершіл жер сөзімен, жүрдек жүру етістігімен тығыз байланысты.

Демек, қазақ тіліндегі сын есімнің сапалық түрін қатыстық тү-рінен бөлу олардың семантика-грамматикалық категория жағьшан да ерекшеліктерімен қабысып жатады.

Сапалық сын есімдерге шырай, күшейтпелі мағына үстейтін мор-фологиялық формалар, негізінен, қатыстық сын есімдерге жалғанбайды. Қазіргі қазақ тіліндегі морфологиялық осы белгілер әбден қалыптасып, бір ізге түскен. Сол себепті сын есімді сапалық және қатыстық деп бөлу ешбір күмән тудырмайды.

Сапалық сындар жалпы сын есім атаулының негізгі үйтқысы, қазығы есебінде қызмет етеді, өйткені сын есімге тән негізгі ерекше-ліктердің қай-қайсысы болса да сапалық сындардың бойынан табылады. Және сын есімнің туынды формаларын, шырай тұлғасын жасауға негіз болады. Демек, сапалық сын есімдер морфологиялық құрылымы жағынан негізгі сындар, өздерінің лексика-семантикалық мағыналары арқылы, ешбір қосымша формаларсыз тұрып заттық белгінің әр түрлі сапа, сыр-сипатын тікелей білдіретін түбір сөздер болып саналады. Мысалы: ақ, қара, көк, жақсы, биік, кіші тәрізді сөздер морфологиялық тұлғаларға ажыратылмайды. Бірақ сапалық сын есімдер қосымшасыз негізгі түбірлер дегенді шартты түрде ғана алып, белгілі бір кезең, қалыптасқан дәстүр тұрғысынан қараған жөн. Өйткені қазіргі кезде түбір сөз деп аталып жүрген көптеген формалар тарихи даму тұрғысынан қарағанда, белгілі қосымшалар қосылып жасалған туынды сездер, яғни морфологиялық тұлғаларға ажыратылатын формалар болып келеді. Мысалы, қызыл, үлкен, ұзын, ашық, суық, жасыл, толық, ыстық, қараңғы, құрғақ, тұнық тәрізді сапалық сын есімдердің қайсысы болмасын бастапқы түбір емес. 0 баста қосымша арқылы жасалғанын көне тіл фактілерімен, сондай-ақ түбірлес сөздермен салыстырсақ, айқын көреміз. Қызыл сөзін өзімен түбірлес қызу, қызару, қызғылт дегендермен салыстырсақ, бастапқы түбір қыз екенін байкай аламыз. Сол сияқты ұз-ы н (ұзару, ұзақ), аш-ық (ашу, ашыту), су-ық (суы, суыту), жас-ыл (жас, жасқылтым) тол-ық (толу, толтыру), ыстық (ыссы) т. б.

Этимологиялық төркінін қудалай қара сақ, бұл түбірлер бір кезде дербес мағыналы сөз ретінде қолданылғанын байқаймыз. Қазіргі тілімізде олар өлі түбірге айналып, қосымшамен кірігіп кеткен. Демек, морфологиялық құрылымы жағынан



70

сапалық сын есімнің саны мен сапасы үнемі бірқалыпта тұрмай, бір-те-бірте дамып отыратынын көреміз. Сын есімді сапалық және қатыстық категорияларга бөлуде оның логикалық және грамматикалык мағыналары мен типін ескере отырып, олар бір-бірінен бөлініп алынбай бірлікте қаралады.

Қатыстық сын есімдер

Басқа да түркі тілдеріндегідей қазіргі қазақ тіліндегі қатыстык; сын есімдер өздері жасалған түбір сөздін; мағынасымен сыбайлас келіп, сол заттың, жай-күйдің қатыстық белгілерін көрсетеді яғни белгілі бір заттың белгісін басқа бір заттың, істің қатысы арқылы білдіреді. Қатыстық сын есімдер көбіне-көп әр түрлі жұрнақгар арқылы басқа сөз таптарынан — (есімдерден де, етістіктерден де) жасалатын туынды сөздер болады. Мағыналық жағынан қатыстық сын есімдер заттың сынын білдіре отырып, белгілі бір сапалық заттың екінші бір затқа я ұғымға қатынасын немесе ондай сапаның жоқтығын, яғни заттың сыртқы түрі мен түсіне, сыры мен сынына, я ішкі қасиетіне сол сияқты мезгіл мен мекенге, тағы басқа сол тәріздес белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы, қар деген зат есімнен -л ы қосымшасы жалғану арқылы қарлы деген қатыстық сын есім жасалады: қарлы тау, қарлы боран. Сол сияқты, мал, тас, тұз деген сөздерден бай деген мағынадағы малды. колхоз, тас-ты жер, тұз-ды. көл т. б. формалар туып отырады.



-л ы/-д ы/-т ы жұрнақтарының арғы тегі сонау көне замандағы тұйық буынды -л а ғ\\-л а қ, -лығ\\-лық, жіңішкесі -ліг\\-лік болып, бертін келе -т а ғ\\-т а қ, -т ы ғ\\-т ы қ, -т і г\\-т і к тұлғалары бірінен бірін ажырататын жағдайға тап болғаң. Сондықтан -л ы\\-л ы қ болып ажыраған. Мысалы, тон-ды кісі, тон-дық тері, ат-ты кісі, аттық ер (құны бір атқа тең) болып, әрқайсысы жекелеп дами бастаған.

Күні бүгіннің өзінде бұл — екі жұрнақ болып, екі түрлі қолданыс тапты. Мысалы, наград-ты жұмыс, наград-тық қағаз, минерал-ды су, минерал-дық қоспа т. б. лексика-семантикалық лексика-морфо-логиялық ерекшеліктерге ие бола бастады.



-шы\\-ші, -шаң\\-шең, -ш ы л\\-ш і л қосымшалары арқылы бір затқа, я құбылысқа бейімділікті, икемділікті, құмарлықты білдіретін қатыстық сын есімдер жасалады. Мысалы, үйқы. деген зат есімнен соған бейімділікті көрсететін ұйқы-шыл, сол сияқты сөз-с ө з ш е ң, бой бойшаң, су сушыл, тер тершең тершіл т. б. туынды сөздер жасалады.

Кісі киімі к і р ш е ң, кісі аты т е р ш е ң. (Мақал)

Демек, қатыстык, сын есімдерге тән қасиет — олардың морфоло-гиялық көрсеткіштер арқылы басқа сөз таптарынан жасалуы және өздері жасалған түбір сөздің мағынасымен байланысып, соған қаты-сын білдіруі екені осы мысалдардың өзінен анық көрінеді. Сапалық есімдерден жаңа форма тудыратын күшейтпелі үстеме тұлға негізін-де қатыстық сындарға тән форма емес. Мысалы, жап-жақсы деген есімнің белгілі тұлғадағы қалыпты нормасы болса, теп-тершең деп айтуға болмайды. Сондай-ақ, олардан басқа бәсеңдеу реңкті білдіре-тін қосымшалар да қатыстық сын есімдерге жалғанбайды. Сары, қызыл тәрізді тек сапалық сын есімдерден сарғылт, сарғылтым, қызғылт, қызғылтым тәрізді жаңа формалар туса, қатыстық сын есімдерден бір сапаның көлеміндегі түрлі сынды білдіретін шырайға тән мағына мен форма болмайды.

Қатыстық сын есім дегеніміз — бір заттың, я құбылыстың екінші бір затқа қатынасын көрсететін,толық абстрактанып кетпей, бастап-

71

қы заттык, төркінімен мағыналас, негізгі ұғымымен сыбайлас шарт-ты категория. Ал сапалық сындар, жоғарыда көрсеткеніміздей, нақ-тылы заттың атауынан, заттық мағынадан алшақтап кеткен, нақты-лы заттың, я ұғымның атауынан белгілі мағынасы ғана сақталған жалпы сапаны білдіретін категория. Қатыстық сындар заттық атау-дан бүтіндей арылып біткен жоқ.



Қатыстық сын есім негізгі сөз таптарының қай-қайсысынан болса да белгілі қосымшалар арқылы жасала алады. Қатыстық сын есім-нің бір ерекшелігі болу, келу, е көмекші етістіктерінен басқа (салыс-тыр: ол ашушаң еді, атты болды, сен тамақсау болдың) етістік баян-дауыштармен тіркеспейді.

Көптеген сапалық сындар қимылды анықтай берсе, қатыстық сын есімдер, негізінен, үстеу қызметінде жұмсалмайды. Осы сияқты кейбір сапалық сын есімдер де тікелей етістікпен тіркесе бермейді, бірақ оның себебі басқаша. Мысалы, ауру болды, арық болды, соқыр болды дегендер зат есім мағынасында колданылған. Бұл сөздер та-рихи тұрғыдан сын есім категориясына жатқызылғанмен қазір олар субстантивтеніп, заттанып кеткен. Семіз, ауру, соқыр т. б. сөздер ыңғайына қарай бірде сын есім, бірде зат есім қызметінде жұмсалады. Сондықтан ондай сөздердің ауыс мағынасына сүйенбей, негізгі мағынасына көз жіберіп, соның ыңгайында топтау дұрыс. Сонда ондай сөздердің қатыстық сын есімге жатуына ешбір күмән болмайды.

Кейбір қатыстық сын есімдер морфологиялық тәсіл арқылы да, синтаксистік амал арқылы да шырай формасын жасай алмайды. Мы-салы, арбалы кісі деген тіркесті өте арбалы кісі, аса арбалы кісі, не-месе тым арбалы кісі деп айтуға тіпті де болмайды. Ал, сапалық сын есімдер шырай тудыруда барлық күшейтпелі үстеме формаларын қа-былдай береді. Сапалық сындар сол қалпында күшейтпелі, я салыс-тырмалы формасыз-ақ қолданылады. Таулы жер, тасты балшық, қарағайлы орман, бұтақты ағаш, қопалы көл, мүйізді қошқар, түлкі-лі орман, тасты көз.

-с ы з\\-с і з арқылы жасалған қатыстық сын есімдер өздері жа-салып отырған түбір білдіретін заттың болмағанын, жоқтығын яғни болымсыз мағынаны білдіреді. Мысалы: тау тау + сыз, су су + сыз, салыстыр: таулы жер, сулы, жер. Соңғы сөздер бір заттың ішінде басқа затқа қатыстық белгілердің барлығын, мол екенін білдірсе, -с ы з қосымшасы негізгі зат есім білдіретіндей белгінің жоқ екенін көрсетеді. Мыс.:

Ежтиғатсыз, мехнатсыз табылмас ғылым сарасы. (Абай) Көмірді таза, әрі ы с ы р а п с ы з ала білу керек,, (Мұстафин) Жігіттер таспаша созылып, дамылсыз бұрауда. (Мұстафин) Ойлы, қырлы адамға бір сөз де жетеді. О й с ы з , а р с ы з адамға мың сөз жетпейді. (Мұстафин) Боранды, күннен борансыз күк көп. (Мұстафин)

Сөйтіп, -сыз\\-сіз арқылы жасалған қатыстық сындар түбір сөз білдіретін сапаның жоқтығын көрсетіп, -лы\\-лі, -д ы\\-д і, -ты\\ -т і аффикстеріне қарама-қарсы мағынада жұмсалады (ат-ты, ат-сыз, күш-ті, күш-сіз т. б.). Сондықтан қатыстық сын есімнің бұл түрі бір заттың сапасымен тікелей байланысын білдіре алмайды, осы ерек-шелігіне сәйкес оның сын есім шеңберіне енуі, әрине, өте шартты.

ы\\-қ ы, -г і\\-к і қосымшасы арқылы жасалған қатыстық сын есімдер түбір сөздің мағынасына қарай, негізінен, мезгілдік, шақтық, мекендік, көлемдік мағынада қолданылады. Мысалы, күз күзгі, жаз жазғы, қыс — қысқы, көктем көктемгі, кеше кешегі, бү-гін бүгінгі, ертең ертеңгі, бұрын бұрынғы, соң соңғы, кейін кейінгі, іш ішкі, сырт сыртқы т. б.

72

Сонымен бірге бұл жұрнақтар кейде түбір сөзге тікелей жалған-бай, тек жатыс септік жалғауының үстіне үстеліп, заттың орнын, ме-кенін көрсетеді. Мысалы, отардағы мал дегенде түбір — отар, -д а -— жатыс септік жалғауы, -ғ ы қатыстык, сын есім жұрнағы; үйдегі мүлік, түбірі — үй, -д е — жатыс септік жалғауы, -г і — қатыстык, сын есім тудыратын жүрнақ, яғни бұл қосымшалар (-ғ ы\\-г і, -қ ы\\ -к і) заттың (мал, мүлік) орнын, мекенін (малдың отарда екенін, мүліктің үйде екенін) білдіріп тұр.



Ал, осы -қ ы\\-қ і, -ғ ы\\-г і арқылы жасалған сөздер орыс тіліне аударылғанда қатыстық сын есім мағынасы мен формасын сақ-тайтындықтан, қазақ тіліндегі ондай сөздер қатыстық сын есім бол-майды деуге бұл — себеп бола алмайды. Керісінше, қазақ тілінде олар белгілі бір сөздегі сапаның екінші бір сөзге қатысын білдіре отырып, мезгілдік я мекендік мағына беретін сын есім болып есептеледі. Бірақ қатыстық сын есімнің бұл тобына не шырай жұрнақтары жалғанбайды, не асырмалы үстеме сөздер де тіркесе алмайды. Мысалы, ауылдағы, жаздағы, я жазғы тәрізді сөздер не шырай қосымшасын қабылдамайды, не сапалық сын есімдермен тіркесіп, асырмалы шырай тудыратын ең, аса, тым сөздерімен байланыспайды. Осымен бірге қатыстык, сын есімнің басқа да түрлері сияқты бұл топқа (жап-жақсы, қып-қызыл сияқты күшейтпелі мағынадағы) үстеме буынды форма да жат. Алдында, жанында, алғаш т. б. тәрізді үстеулер мен көмекші сөздер -қ ы\\-ғ ы қосымшасы жалғанып, сын есім тудырады. Мыс.:

Бір семіз қозы сойылып, е с і к а л д ы н д а ғ ы жер ошақта ет асылып жатыр. (Мүқанов) Сұ л у д ы ң жанындағы жуан бас қыздың жіпсік көзі осы қатынға... ұқсайды. (Мұстафин) Үй иесінің әні ас алдындағы тойтарқар әні есепті болды. (Әуезов) Астындағы аты бек мықты, жүйрік ат екен. (Алтынсарин) Сол уақытта бала да, қасындағы кісі де атайын деп ұмтылғанда, аң кісі болды. (Алтынсарин)

Қазіргі қазақ тілінде бұл тұлға дерексіз есімдерде де кездеседі: Мысалы: Қысқы тебін, жазғы жайлау, күзгі қоныс деген тіркестерде тікелей түбірге -ғ ы\\-қ ы жұрнағы жалғануы мезгілді білдіретін есімдер ерекшелігінен болса керек. Сондықтан қыстағы, жаздағы, күздегі сөздерінде жатыс жалғау түлғасының келіп араласуы — стильдік қажеттен туса керек. Осындағы жатыс септік формасынын; мәні абстракцияланғаны сонша, етістікке тән уақыт мағынасынан да құр алақан емес. Өйткені біздің байқаған мысалдарымыздың дені өткен мезгілмен, өткен әрекетпен шырмалуда. Мысалы: өткен жаздағы, жұрт дегенді өткен жазғы жұрт деу жабайылау көрінеді. Еңдеше, бұл жұрнақ мекен, орынға байланысты жағдайда күрделеніп, ең алдымен жатыс жалғауын талап етіп, содан кейін ғана жалғануы тарихи қалыптасуына байланысты сияқты.

Қазіргі қазақ тілінде де үй деген сөзге -г і жұрнағын тікелей қосу мүмкін емес өйткені мұнда жатыс жалғау жоқ. Егер жатыс жалғауы -д е болса, онда -үй-де-гі болар еді. Сол сияңты ауыл-да-ғы, орман-да-ғы, ой-да-ғы, су-да-ғы болады да, ауыл-ғы, орман-ғ-ы, ой-ғы, су-ғы кездеспейді. Біз бұл арада ал-ғы шеп, соң-ғы көлік, қырғы ауыл дегендер сияқты бірен-саран жаңа конструкцияны айтып отырғамыз жоқ, жалпы заңдылық жайын сөз еттік. Бірақ, -қ ы\\-ғ ы кез келген жерге қосыла бермей, жұрнақты талғап, алға-қы болмай алғаш-қы. болатынын, әлгі мен элгідегі дегендердің лексика-стилистикалық ерекшелігіне көңіл аударған жөн.

Сол сияқты бұл қосымша алғаш, жаңа тәрізді де үстеу сөздерге тікелей жалғанып, сын есім тудыра алады (алғаш-қы, жаңа-ғы)

73

және бұл сын есімдерден кейде шырай формасы да туып отырады. Мысалы: алыс, алыстағы, ең алыстағы, тым алдағы, ең бұрынғы т. б.



Дәл сол сияқты кейбір устеу сөздер қатыстық сын есімдерден мағыналық, лексикалық жағынан оқшауланып ажырамай, тек стильдік бояуы, морфологиялық тұлғасы арқылы ғана ерекшеленеді. Жаңа айтқан сөз жаңағы сөз, әлгі әлгідегі деген сөздердің мағыналық жағынан айырмашылығы шамалы.

Бұндай жағдайларда стильдік бояу осы -цы\\-ғы қосымшалары арқылы беріледі. Мысалы, жаңағы бала дегенде, біріншіден, айту-шы ол баланың жаңа ғана осында болғанын баса көрсетеді, екінші-ден, қазір оның жоң екенін білдіреді, үшіншіден, осы уақытта ол жоқ, және кеткендердің соңғысы екенін көрсете алады. Жаңағы сын есімі затты анықтауда бір заттың сапасын, яғни ескі-жаңасын емес, белгілі уақыт мөлшерін аңғартады. Жаңағы бала дегенде бала жаңа емес жаңа айтқан бала я жаңа кеткен бала. Сондай-ақ жаңағы дау-ыл, жаңағы хабар жаңа ғана болып өткен істің сорабын, мезгілін суытпай тұрғандықты білдіреді. Бірақ бұл реңктер білінер-білінбес қана, ал қазіргі қазақ тілінде оның маңызы ерекше.

Сөйтіп, қатыстың сын есімдер, көбінесе, басңа сөз табынан жасал-ған туынды сөздер болып келеді. Олардың, сапалық сындардан ай-рыларлық осындай өзіндік формалық ерекшеліктермен қатар, бір заттың сапалық қатынасын білдіретін сапалық сын есімдерден мағыналық жағынан да ерекше өзгешелігі көрінеді. Қатыстық сын есімдердің бір тобы түбір сөзде бір заттық белгінің бар екенін көрсетсе, екінші бір тобы көрісінше оның жоқ екенін, ал үшінші тобы бір затқа, құбылысқа бейімділікті, икемділікті білдіреді. Бұл мағыналардың қай-қайсысы болсын морфологиялық көрсеткіштер (жұрнақтар) арқылы беріледі.

СЫН ЕСІМНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Қазіргі қазақ тіліндегі сын есімді морфологиялық құрамына қарай негізгі сын есім және туынды сын есім деп бөлуге болады.

Негізгі сын есімдерге бөлшектеуге келмейтін, бір-ақ морфемадан тұратын, яғни түбір сөзден құралған сын есімдер кіреді де, туынды сын есімге жұрнақ арқылы жасалған, бірнеше морфемадан тұратын, яғни туынды сөздерден құралған сын есімдер жатады.

Негізгі сын есімдер, негізінен, ақ, сары, көк, ала, сұр, биік, жұқа, жылы, тік, ірі, кіші, үлкен, қысқа, жақсы, жаман тәрізді сын есімдер болады, өйткені, бұл сөздер — қазір тиісті морфемаларға бөлшектенбейтін түбір сөздер. Негізгі сын есім дегенді қатал тұрғыдан қарасақ бұған тек қана бір буынды сын есім түбірі ғана қалар еді. Мысалы: ақ, көк, сұр, тік т. б. Біз бұл жерде оны қолданбай, осы күнде түбірмен жұрнаққа бөлінбей, қалыптасып кеткен екі буынды сын есімдер негізгі сын деп шартты түрде қолдандық.

Туынды сын есімдер, көбінесе, басқа сөз таптарынан жұрнақ ар-қылы жасалған қатыстық сын есімдер болады, себебі уайымшыл, мақтаншақ, таулы, аудандық, жазғы, балалық, үйлі тәрізді сын есім-дерді бірнеше морфемаға, яғни түбір мен қосымшаға бөлшектеуге әбден келеді. Бірақ құрамы жағынан осылай жіктеудің өзі шартты, өйткені жоғарыда көрсеткеніміздей, кейбір ңазіргі негізгі сын есімге жататын сөздер түп тарихын қуалай келгенде белгілі қосымшалар арқылы жасалғаны көрініп қалады.

Демек, бір кездегі туынды сын есім (сонымен бірге, ол — қатыс-тық сын) бертін келе негізгі тұлғаға (сонымен бірге, ол — сапалық сын есімге) ауысып отыратыны байқалады, яғни негізгі және туынды сын есімдердің арасында табиги, тарихи даму қарым-қатынасы бар.

74

Осының өзі тілдің грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік қорының байланысынан, қарым-қатынасынан туып қалыптасқан, ішкі даму заңы негізінде о баста бетен сөз таптарынан жасалған туынды сын есімдердің бірте-бірте негізгі тұлғаға ауысып отыратындығын көрсетеді. Қазіргі тілімізде бала баларақ, балалау дегенді сын есім деп те, зат есім деп те атап жүр. Әрине, бала свзі о баста кіші деген мағынада, сын есім мағынасында қолданылған. Ата — үлкен дегеннің орнына, бала — кіші дегенге синоним болған. Сондықтан үйсін жерінде (Жетісуда) Бала сағун, Ата сағун атты екі қала болып, біреуі кіші Сағун, екіншісі — үлкен Сағұн (аймак,) деп те аталғанын Махмуд Қашқари атап көрсетеді. Сондықтан кейбір зат есім деп жүрген сөздерге -рақ -рек қосымшасының жалғануы — бір кезде олард;ың сын есім болғандығын аңғартады.



Сын есімнің жалаңы бұрын қалыптасады да, күрделісі кейіннен, бірте-бірте қалыптасуы да тілдің ішкі заңының әсері. Бұларды бір қалыпта қатып қалған күйінде емес, даму үстінде, әрекет үстінде таныған жөн.

Сын есімнің қосымша арқылы жасалуы

Басқа да аглютинативтік тілдердегі сияқты, қазақ тілінде де қо-сымша негізгі я туынды түбірге жалғанып, сөздің соңғы бөлшегін құрайды. (Мысалы: сауық сауық-шыл, жел жел-ді). Сөз тудырушы жұрнақтар қазіргі сөз тудыру мүмкіндігіне қарай ө н і м д і, ө н і м с і з болып екіге бөлінеді және олардың бір тобы есім сөздерге, бір тобы етістіктерге жалғанады,

Қазіргі қазақ тіліндегі есім сөздерден сын есім тудыратын жұр-нақтар, негізінен, мыналар:

1. -л ы\\-л і, -д ы\\-д і, -т ы\\-т і. Мыс.: тас тасты жер, дала далалы жер, ине инелі ағаш, шаң шаңды жол, күл күлді отын. Бұл жұрнақ тек сын есімге ғана тән; олар, негізінен, есім сөздерге жалғанып, заттың, құбылыстың бар екенін білдіретін сын есім жасайды. Бұл қосымша қос сөздерге де қосыла береді: ағалы-інілі, бірді-екілі, барлы-жоқты, бұрынды-соңды т. б.

2. -лық\\-лік, -дық\\-дік, -тық\\-тік.

а) Бұл жұрнақ, тарихи жағынан алғанда, бірінші топтағы -л ы қосымшасының толық түрі болып есептеледі, өйткені бұлар көне түркі жазбаларында тек -л ы ғ (л ы қ) тұлғаларында кездеседі. Мыса-лы, Күл-Тегін ескерткішінде тонлығ — қазіргі қазақ тілінде тонды, баглік бекті т. б. Атақты филолог Махмуд Қашқаридың “Лүғатында” тек -л ы ғ\-л ы қ\\-л і к тұлғалары ғана берілген. Мыс.: қамышлығ ер қамысты жер, қашықлығ ағач қасықтық ағаш, қашықлық мүгіз қасықтық мүйіз, сырықлық ағач сырықтық ағаш. Ол заманда -л ы. ғ\\-л ы қ\\-д ы қ\\-д і к, т ық\\-т ік, -ліг\\-лік жұрнағының соңындағы ғ, қ түсірілу фактісі әлсіз болғандықтан, Махмуд Қашқари оны ескермегенге ұқсайды.

Бұлар — ол кезде екі форма емес, басында -лағ\\-лақ болып (кышлағ, яйлақ қыстақ я қыстау, жайлау) дегендер бертін келе сараланып, -л ы қ, -л ы болып, екіге бөлінгенде, әрқайсы өз алдына функцияға ие болып, семантика-стилистика жағынан қалыптасып барады. Оған бала (бұрынғы сын есім, осы күнде зат есім) — балалы қатыстық сын болса, балалық — әрі зат есім, әрі сын есім болатыны айғақ. Сөйтіп, -л ы қ пен -л ы бірінен бірі ажырағанын көреміз.

Ертеде тай кіші дегеннің синонимі ретінде: тай өгіз (кішкене өгіз) делінсе, тіл көнелігі кейбір жерлерде (Аңтөбе облысында) күні бүгінге дейін сақталған.

75


Тай-лы құлынды бие дегеннен тайы, құлыны бар биені ұғынсақ, осының сын есімдік мәні қай жерде дейтін күдікке орын жоқ. Ол да-ра бие емес, оның балалы мал екенін көрсетіп тұрған — тіркес кұра-мындағы сөздермен қоса -л ы, -д ы жұрнағы. Бұлар босқа тұрған жоқ, қатыстықты көрсетіп, сөздерді тіркестіріп, жымдастырып тұр. Мысалы, халық аңызындағы атақты даукес Нау шақшасын даула-ғанда:

Т а й л ы-құлынды б и е л і к өзі бар еді, Он екі жерден шорлап салған көзі бар еді, — депті-міс дегендегі -л ы (-д ы) жұрнағы сөйлемдегі сөздерді шыңдап тұрса, оларды өзгертіп, тай-лық, құлын-дық бие деуге келмейтіні де түсінікті. Сөйтіп, коммунис-тік партия, партия-лық жұмыс дегендер тәжірибеден туған ең дұрыс құрылыс.

ә) -л ы қ және оның варианттары қазақ тіліндегі түбірлерден (негізінен) зат есім тудыратыны немесе ол туынды форма заттанып, субстантивтеніп кететіні белгілі (бала балалық, жас жастық, бас бастық). Бұлар да туынды сөздер;

б) қазіргі қазақ тіліндегі бұл екі топтағы қосымшалардың мағы-налық айырымы олардың тұлғалық, формалық жағынан өзгешеле-нуіне әкеліп соққан. Бұрын бір-ақ қосымша беретін сын есім жұрна-ғы — -лы\\-лі, -д ы\\-д і, -т ы\\-т і жәніэ зат есім жұрнағы л ы қ\\ -лік, -дық\\-дік, -тық\\-тік болып сараланған. Мыс.: тонды — сын есім, тондық — тонға жарайтын тері (зат есім), сыйлы сый-лық, кісілі кісілік, ойлы ойлық, қалалы қалалық т. б.;

в) қазіргі қазақ тілінде, әсіресе, орыс тілінен енген түбір сөздер-ден негізінен -лық\\-лік, -дық\\-дік, -тық\\-тік формалы сын есім жасалып, оның көне қызметі қайта жандана түсіп жүр. Мыс.: Советтік Қазақстан (бірақ Советті емес), ауылдық совет (ауылды со-вет емес), социалистік жарыс (социалды жарыс емес), аграрлық мәселе (аграрлы мәселе емес); сол сияқты, аморальдық қылық, республикалық кеңес, агрономиялық кеңес т. б. Сонымен бірге орыс тіліндегі қатыстық сындардың әсерінен, ол жұрнақ байырғы сөздерге де жалғанып отырады: тәжірибелік мән т. б.

Кейде ондай түбірден -лы\\-лі, -д ы\\-д і, -т ы\\-т і арқылы да сын есім туады. Ондай сын есімдер түбір сөзге -л ы қ қосымшасының жалғануы мүмкін емес жағдайларда қолданылады. Мысалы, минералъная вода деген тіркесті, не минерал деген сөзбен, не мине-ралдық су тәрізді тіркес арқылы да аударуға болмайды, тек минералды су деген түрінде яғни минералдық элементі бар су деген мағынада беруге болады. Сол сияқты колхозды ауыл деген тіркес те қолданылады. Ал, ағашты жер, яғни ағаш аралас жер және ағаштъқ жер, яғни ағаш отырғызатын жер дегенде бұл сөздердің мағыналық өзгешеліктері болуы арқасында жеке-жеке қосымшалардың үстелуін стиль қажет етеді.

Бұл ерекшеліктер тілдің ішкі заңының даму нәтижесінде шығып отырады. Сонымен бірге, -л ы қ жұрнағы мезгілдік ұғымды білдіре-тін сөздерге, сондай-ақ есімдікке, сын есімдерге, сан есім мен зат есімнен құралған тіркестерге де жалғанып, негізгі сөздің мағынасына орай, мезгіл, өлшеу, сан, бағыт, белгілі бір жаққа тәндік мағыналарды білдіретін туынды сын есім жасайды. Мыс.: жыл-дық жоспар, күн-дік азық, бес-тік баға, он-дық лампа, мен-дік адам, өз-дік есімдік, қандай-лық зат, он кісі-лік күш, жүз кісі-лік клуб, екі-үш асым-дық ет, бір палъто-лық мата т. б.

Бұл жұрнақтың негізгі варианты -л ы\\-л і болады да, қалған -д ы\\-д і, -т ы\\-т і варианттары кейіннен сингормонизм заңдылықта-

76

рына сәйкес, грамматикалық категориялардың морфологиялық ерекшеліктеріне орай дамыған. Бұл — бір.



Екіншіден, тілімізде дауыстыға бітетін ашық буынды сөздер де көп екені мәлім. Үшіншіден, қазіргі қазақ тілінде сонор дыбысқа қосылып жүрген р дыбысы бұрын дауысты дыбыс қатарында болған. Сол үшін сонор р дыбысына біткен сөздерге -л ы\\-л і болып жалғанады. Мұның себебі — оның бұрын дауысты дыбыс болған кезінде жұрнак, арқылы жасалған сөздер осылайша қальштасып, бертін келе сонорға айналғанда да, сол көне дәстүрді сақтаған. Олай болмағанда үнді-сонорлардың дыбыстық заңына бағынуы керек еді, ал, мұнда ол жоқ. Мыс.: білімді адам, малды колхоз, тоңды жер — дегендерге -д і\\-д ы жұрнағы жалғанса, қыр-лы, қар-лы, жар-лы болып дауыстылар қатарында тұрады. Сөйтіп, көптеген қосымша осы заң бойынша, р-ға дауысты дыбыс ретінде қосылады.

ы\\-л і жұрнағының жиі ұшырауына бұл да әсер етсе керек.

3. -қ ы\\-к і, -ғ ы\\-г і жұрнағы арқылы мекендік ұғымды білдіре-тін кейбір зат есімдер мен көмекші есімдерден, есімдіктерден, жатыс, кейде шығыс септікті есімдерден, сондай-ақ мезгіл, мекендік үстеулерден негізгі сөздердің лексикалық мазмұндарына қатысты туынды сын есім жасалады. Мыс.: ауызғы, төргі, түпкі, сыртқы, ішкі, артқы, соңғы, үйдегі, ауылдағы, сырттағы, мендегі, заводтағы, ондағы, өзімдегі, жоғарғы, төменгі, биылғы, былтырғы, жазғы, күзгі, түскі т. б.

4. -с ы з\\-с і з қосымшасы жалғанып -л ы (-лі, -д ы\\-д і, -т ы\\ -т і) жұрнағының мағынасына қарама-қайшы заттың жоқтығын біл-діретін туынды сын есім жасалады. Бұл қосымша нақтылы және абстракты зат есімдерге, сын есім, сан есім, есімдіктерге де жалғана береді: үйсіз, кісіліксіз, ақылсыз, үнсіз, ессіз, менсіз, біреусіз, ешкім-сіз т. б.

5.-д ай\\-д е й, -т а й\\~т е й жұрнағы басқа сөз таптарынан сьш есім тудыратын өте өнімді қосымшалардың бірі, зат есімдерге, есім-діктерге, сан есімдерге, есімше формаларына жатырқамай жалғана береді. Мыс.: жүздей, елу бестей, тақтайдай, таудай, мидай. Шоқпар д а й кекілі бар қамыс құлақ... (Абай) Бес жүздей жұмыскер қосылды. (Мұстафин)

Бұл қосымша кейде үстеу қызметінде де қолданылады. Берілген сөйлемдерден анық көрінетіндей, -д ай жұрнағы жалғанған сөздер сөйлем ішінде екінші бір затты анықтай отырьш, семантикалық жа-ғьшан анықтап тұрған затты өзі жалғанып тұрған басқа бір затқа салыстыру, ұқсату мағынасын көрсетеді. Бұл жағынан шырай тұлға-сына ұқсас. Бірақ, осы жұрнақ арқылы жасалған сын есімдер, қатыс-тық сын есім, яғни туынды түбір, демек, бұл қосымша форма туды-рушы емес, сөз тудырушы болғандықтан, бұл форма шырай түрі бола алмайды; бірақ салыстырмалы шырай мәніне жақындайтын жері бар.



-дай\\-дей, -тай\\-тей сирек, -лай\\-лей қосымшаның осындай көп жақты болуы — қазақ тілінің талай зерттеушісін ойландырып, түрлі жорамал жасауға мәжбүр еткен. Қазақ тілінің шебер зерттеушісі проф. П. Мелиоранский де бұл форманы “салыстырма септік жалғауы” деп танып, кезінде талдау жасаған5. Бұл ғалымның д ай аффиксін септік жалғауына қосқандағы негізгі себебі — осы аффикстің синтаксистік қызметінің ерекшелігі еді. Өйткені оның үйдей өгіз, таудай дәу, жардай жалғыз жігіт, тоқымдай жер сияқтыларға мағыналық ерекшелікпен қатар синтаксистік байланыс күшті. Осы сөздердеғі -дай қосымшасын алып тастап айтуға келмейді. Бірақ мұнда

5 П. М. Мелиоранский. СПб., 1894, 31-бет.

Грамматика казак-киргизского языка, ч. I,




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет