Топтық сан есімдер
Қазіргі қазақ тіліндегі топтық сан есімдер белгілі бір заттар мөн құбылыстардың өз ара теңбе-тең сандық мөлшерін білдіру үшін қолданылады.
Ноғай байлары б е с т е н, оннан солдат жатқызамыз деп жазылыпты. (Тайшықов) Курортшылар е к і-е к і д е н, ү ш-ү шт ен қолтықтасып, өзен жағалап серуендейді (“Соц. Қаз.”) дегендегі бес-тен, оннан байлар үйіне жатқызылатын солдаттардың сандарын өз ара теңбе-тең түрде топтап көрсетіп тұрса, екі-екіден, үш-үштен сөздері қолтықтасқан курортшылардың өз ара тең сан мөлшерімен екеу, үшеуден топталып жүргенін көрсетіп тұр.
Топтық сан есімдер дара не күрделі есептік сан есімдер мен бол-жалдық сандарға -дан\\-ден, -тан\\-тен, -н а н\\-н е н қосымшасын қосып айту арқылы жасалады. Бұл қосымша грамматикалық сөз түрлендіруші форма ретінде шығыс септігінің жалғауы болып танылғанымен, қазіргі қазақ тілінің нормасында ондай негізгі септік жалғау мағынасынан алшақтап, топтық мәнді сан есімдер қатарына, яғни морфология-синтаксистік тәсіл арқылы сөз жасаушы қосымшалар қатарына ауысқан.
Топтық сан есімдердің -д а н\\-д е н қосымшасы арқылы жаса-луының екі түрлі жолы бар.
1) -д а н, -д е н қосымшасы дара және күрделі есептік сан есім-дерге жалғанады. Мыс.:
О н н а н, жү з д е н қосақтап, Аямай-ақ қырады. (Байғанин) Елдің бәрі б е с т е н, о н н а н тастап жатқанда сен бірден артыққа жарамай жаудырап отырсың. (Әбішев)
2) -д а н\\-д е н қосымшасы қосарлана қолданылған сан есім сөздердің соңғы компоненттеріне жалғанады. Ондай қосарлы сөздер қайталама не қосарлама түрінде де кездесе береді. Мыс.:
Күміс жапқан екі адалбақан е к і-е к і д е н бөлініп, екі босағаға жақын орнапты. (Мүсірепов) Сүйісіп орыс, қазақ, өзбек, үйғыр, Топтанып е к і-ү ш е у д е н, т ө р т-б е с е у д е н. (“Қаз. әдеб.”) Оқ-дәрі болса, жоқтың қасы. Әр партизанда ж и ы р м а-о т ы з д а н оқ қалыпты. (Шәріпов) Көпір астындағы жүз жиырма жігітті қ ы р ы қ-қ ы р ы қ т а н үшке бөлдім. (Момышұлы)
Кейде -д а н\\-д е н қосымшасы топтық сан есімдердің анық-тайтын сөздеріне қосылып айтылатын реттері де кездеседі. Ондайда топтық сандар ешбір қосымшасыз жалаң түрде қолданылады. Мыс.:
Астына бір-бір бедеуден таңдап мінді. (Ізтілеуов) Екі-екі ә й е л -д е н, екі-екі еркектен қосылып өлең айтыса бастайды. (Ерубаев) Роталар төрт-төрт қатардан сап түзеп , бірінің соңынан бірі тізіліп қатарларын бұзбапты. (Момышұлы)
Болжалдық сан есімдер
Қазіргі қазақ тіліндегі болжалды сан есімдер заттар мен құбы-лыстардың сан мөлшерін дәл, нақтылы түрде білдірмей, тұспалдап шамамен ғана көрсетеді. Мыс.:
101
Бұлттың б і р е р күннен бері аспанда торлай бастауына қара-ғанда, бүгін-ертең қар жауып кетуі мүмкін. (Мұқанов) Біз алты ж ү з д е й адамбыз. (Момышұлы) Сайдың әр жырасында о н д а ғ а н жер үй бар. (Әбішев) Бір-екі жігіт барып шалды ұстап алды (Бегалин) десек, осындағы бірер, алты жүздей, ондаған, бір-екі сөздерінен ешбір тұрақты сандык, ұғым сезілмейді. Олар өздері көрсетіп тұрған сан мөлшерлерін тек шамалап, тұспалдап қана айтып тұр.
Болжалдық сан есімдер, негізінде, есептік және қос сөзді болжал-дық сан есімдерден сөз жасаудың морфологиялық және синтаксистік жолдары арқылы жасалады.
Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған бөлшектік сан есімдердің негізгі үш грамматикалық көрсеткіші бар.
1) -е р ж ұ р н а ғ ы арқылы болжалдық сандар тек бір есептік сан есімінен ғана жасалады. Мыс.:
Жаңбыр толастай ма деп б і р е р күн жолға шықпай аялдап қарады. (Шашкин) Таяу оныншы Октябръ, Қалды оған б і р е р күн, Ал сіз болсаңыз ұстапсыз бұрымынан біреудің. (Әлімбаев)
2) -д а й\\-д е й, -тай\\-тей жұрнағы, негізінде, сын есімнің -д а й, -д е й қосымшасымен тектес. Бірақ соған қарамай сан есім сөздерге қосылып айту дағдысында оның негізгі лексика-грамматикалық мағынасынан алшақтап, тұспалдык, мәндерге ие болып, сандық ұғымдарды болжалды түрде көрсету дәрежесіне ауысқаны байқалады. -д а й, -д е й қосымшасы арқылы пайда болған болжалды сан есімдер, негізінде, дара және күрделі есептік сан есімдер мен қосарлы болжалдық сандардан жасалады. Мыс.:
Қашып-пысып жүріп, аржақтан б е с жүздей ғана үй қайтардық. (Шашкин) О т ы з д ай адамымен Кәрібай жетті, Айқайдан айдаланың есі кетті. (Байзақов) Іште қырық-е л у д е й кітап, ішегі жоқ бір домбыра жатты. (Сланов) Жиырма жылда институтты ж е- т і м ы ң д ай адам бітірді. (Мұқанов)
-дай\\-дей қосымшасы кейде сан дамдерге тікелей жалғанбай Екі-үш күндей күткізіп, Бір күні соқты іңірде (Мұқанов) деген сияқты тіркесе қолданылатын сөздерге де жалғануы мүмкін. Мұндай жағдайда да -д ай\\-д е й қосымшасы болжалдық мән тудырады.
3) -даған\\-деген, -таған\\-теген жұрнағы, негізінде -да жәнө -ғ а н сияқты етістіктің бұйрық рай, есімше түрлеріне тән қосымшалардан тұрады. Бірақ қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдерге қосылып қолданылуы оның ежелгі функцияларынан мүлде алшақтап кеткен, яғни қазір олар туынды етістіктер мен есімше сөздер жасаушы қосымшалар емес, сан есімдерге болжалдық мән беретін үстеу дәрежесіне көшкен. -д а ғ а н\\-д е г е н қосымшасы арқылы жасалған болжалдык; сандар негізінде есептік сан есім түбірлі сөздер болып келеді. Оның өзінде ондай сандар көбіне ондық, жүздік, мыңдық сандар болып келеді. Мыс.:
О н мыңдаған жапонның Қолдарын қойдай қуған-ды. (Жамбыл) Тас көмір — бұдан екі жүз миллиондаған жылдар бүрын жер бетіне қаптап шыққан өсімдіктердің денелері. (“Соц. Қаз”.)
Күрделі сандарда -д а ғ а н, -д е г е н қосымшасы о н д ағ ан м ы ң қазақтар ата-мекендерін тастауға мәжбүр болды деген сияқты алғы компоненттеріне де қосылып айтыла береді.
Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған болжалдық сан есімдер, негізінде, есептік сандардың өз ара қосарланып қолданылуы
102
жолымен пайда болған. Есептік сандардың бұлайша қосарлана қол-данылуында көңіл аударарлық бір заңдылық байқалады. Мысалы, бір сөзі тек екі сөзімен ғана қосарланып қолданылады да, өзге сан-дармен олай айтуға келмейді. Сол сияқты екі сөзі тек үш санымен ғана, төрт сөзі беспен, бес сөзі алты және он сөздерімен ғана қосарланып қолданыла алады. Өзге сандар да солай. Мыс.:
Оқудың біткеніне екі-ү ш күн болған еді. (Хангельдин) Е к і-ү ш келіншек қыр басына өрмелеп келеді. (Сланов) Ауылдан о н-о н б е с шақырым шықтық. (Майлин) Аурухана бұл арадан қ ы р ы қ-е л у километр. (Мұқанов)
Болжалдық сан есімдердің бұл түрінің бір тобы топтық сандардың өз ара не есөптік сандармен қосарланып айтылуы арқылы жасалған. Мыс.: Басқа кісі кіргізбей, ү ш е у-т ө р т е у ің барып келе ғой. (Торайғыров) Есектен түскен алтын шашылмасын деп, б і р-е к е у і қап төсеп жатыр. (Ертегілер) Тіпті е к і-ү ш е уі орнынан да тұра алмай, өлім халіне жеткен. (Әбішев)
Болжалдық мағына тілімізде сан есім сөздер мен астам, жуық, қаралы, тарта, таяу, шақты сөздерінің тіркесе қолданылуы арқылы да беріледі. Ондай тіркестегі сан есімдер соңғы сөздердің мағыналық сипаттарына қарай әр түрлі септік жалғау формаларын да қабылдайды. Мыс.:
Сол кезде оның үйінде жүз елудей қой, жиырмадан а с т а м жылқы бар. (Мұқанов) Ол жиырмаға ж у ы қ жаңа әндер, о т ы з ғ а ж у ы қ жаңа өлеңдер шығарып, оның көпшілігін газеттерде жариялап та үлгірді. (Әзірбаев) Батырдың қ ы р ы қ қ а т а я у келген жасы, Денесі биік жота, таудай басы. (Сейфуллин)
Болжалдық сан есімдер таза сандың мөлшер мағынасында қол-данылғанда ешбір грамматикалық сөз түрлендіруші қосымшаларды қабылдамайды. Субстантивтенген жағдайдың өзінде тек қосарлы түрлері ғана көптік, септік, тәуелдік жалғауларын кабылдай алады.
Болжалдық сан есімдердің қосарлы түріне -л ы\\-л і, -д ы\\-д і, -т ы\\-т і қосымшаларын қосып айту арқылы бірді-екілі, бесті-онды. сияқты мөлшер үстеулері жасалған.
Бөлшектік сан есімдер
Қазіргі қазақ тіліндегі бөлшектік сан есімдер белгілі бір заттар мен құбылыстардың бөлшектік үлесін, бөлшегін білдіреді. Мыс.:
Қарынға Балуан-Шолақтың сыбағасынан басқа байтал етінің ү ш т е н б і р і сиып кетті. (Мұқанов) Шекарадан тек т ө р т т і ң б і рі ғана өтті (Шашкин) дегенде үштен бірі сөзі байтал етін үш бөлгендегі бір бөлігін көрсетіп тұрса, төрттің бірі сөзімен адамдарды төрт бөлгендегі бір бөлігі ұғынылады.
Бөлшектік сан есімдер, негізінде, таза математикалық үғымдарға байланысты пайда болған да, тіркестегі сан есімдердің алғы компо-ненттеріне шығыс септік жалғаулары мен ілік септік жалғаулары-ның үстемеленуі және соңғы компоненттеріне үшінші жақ тәуелдік жалғауларының қосылып айтылуы арқылы жасалған. Мыс.:
Мәліметке қарағанда барлық шиқанның ү ш т е н б і р і ас-қынатын көрінеді. (Оразақов) Еділ өзенінің бойында Совет Одағы халықтарының т ө р т т ен б і р і тұрады. (Кәкімжанов)
Бөлшектік сандардың пайда болу жүйесінде мынадай бір заңды-лықтың ізі аңғарылады, яғни бөлшектік сандар алғашқы кезде таза сандық мағынада қолданылатын сөздердің субстантивтік ұғымға ие
103
болу жолымен пайда болған, сол себептен де шығыс, ілік септік жал-ғаулары мен тәуелдік жалғауын қабылдайды. Мыс.:
Тұрқы кейде бес, кейде алты мың километр саналатын ұлы қа-малдың т ө р т т е н ү ш і осындай тастан қаланған. (Мұқанов) Атанып ү ш т ің б і р і шұнақ тоқал (Омаров) дегендегі төрттен үші тіркесі басында төрттен үш бөлігі сияқты үш сөзінің таза сандық ұғымда айтылуы дағдысында қолданылып, кейіннен бөлік сөзінің функциясы мен заттық мәнінің бір сөзіне үстелуі арқылы, соның нәтижесіндө бөлік сөзінің түсіріліп, бір сөзінің тәуелдік жалғауын қабылдау жүйесінен жасалған. Ал, үштің бірі деген уш адамның бірі сияқты тіркестегі заттық мағыналы адам сөзінің түсіріліп, үш сан есімінің субстантивтенуі арқылы ілік септік жалғауын
қабылдау жолымен жасалған.
Бөлшектік сан есімдеріне тән ұғымдар жарым, жарты, ширек сияқты сандық ұғымда қолданылатын сөздер арқылы да беріледі4 Мыс:
Толстой Ұлы Отан соғысы туралы ж а р т ы сағат баяндама жа-сады. (Мұқанов) Онда жарым миллион халық тұрады.(Әуезов) Ол айына ш и р е к сом да таппайды (Сланов) дегендегі жарты, жарым, ширек сөздері екіден бір, төрттің бірі сияқты бөлшектік сандар үғымында қолданылады. Мұндай үғымдар таза арифмети-калық амалдар арқылы 1/2 , 1/4 сияқты таңбалар арқылы да беріле береді.
Жарым сөзі негізгі есептік сандармен тіркесе қолданылып бөл-шектік сан есімдер мағынасын беретін орындары да жиі кездеседі. Бірақ жарты, ширек сөздерін олай қолдануға болмайды. Мыс.:
Киімдері пионерлік емес және бойы былтырғыдан б і р ж а - р ы м есе ұзарып кеткен сияқты. (Мұқанов) Бомбейде ү ш ж а ры м миллион халық тұрады. (Әуезов) Дәмелі ұйықтап қалмас үшін сағатының қоңырауын бес жарымға бұрып қойды. (Қанақин)
Бөлшектік сан есімдер негізінде субстантивтенген сандар тіркесінен құралған сөздер болғалдықтан әр түрлі септік жалғауларын қабылдай береді. Бірақ көптелмейді, өз кұрылысы тәуелді болғандықтан тәуелдік жалғауларын да қабылдамайды. Ал, жіктік жалғауларын кабылдаса, ондай тіркес формалық жағынан бөлшектік сандарға ұқсас болғанымен өзгеше табиғатты сөздер дәрежесіне ауысып кетеді. Мысалы: төрттің бірісің десек, бұл тіркес бөлшектік санның қасиетінен ауытқып, жеке субстантивтік сандардың өз ара қатысына, яғни төрт кісінің біреуі сенсің деген ұғымға ие болып кетеді.
Бөлшектік сан есімдерден төрттен біріндей, үштің екісіндей си-яқты болжалдық сандар болмаса, өзге жаңа сөздер жасалмайды және бөлшектік сандар қатарына өзге сөз таптарына тән сөздердің де ауысу дағдысы жоқ.
ЕСІМДІК
Есімдіктердің әрқашан белгілі бір заттың, сан-сапа я құбылыс-тың, іс әрекет және кейбір басқа ұғым аттарын қайталап жатпай, олардың орнын ауыстырып, ықшамдай айту үшін жұмсалатын сөздер екені қазақ тіліндегі есімдіктердін сөйлемде қолданылу жүйесінен өте айқын көрінеді.
Қазіргі қазақ тіліндегі есімдіктер өзге сөздерден мағыналық тектестігі жағынан, тұлғалық сипаттастығы мен сөйлемдегі қызметтерінің де ұқсастығы жағынан ажырасады.
104
ЕСІМДІКТІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Қазіргі қазақ тіліндегі есімдіктер — мағынасы тъш жалпы сөздер. Есімдік сөздердің қай-қайсысы болмасын өзге сөздермен тіркесе қолданылса да, немесе жеке алынып айтылатын ойларға байланыс-сыз алынған жағдайда да мағыналары қашан да дәл я нақтылы болып келмей, өте жалпылама түрде айтылады. Мыс.: мен, сен, сол, кім, өзі, бері, біреу, ештеңе деген есімдіктерді алсақ, бұл сөздерде дәл осылай тұрғанда ешбір мағыналық дәлдік, мағыналық нақтылық жоқ. Бұл сөздерді, айталық, зат есімдер сияқты нақтылы бір заттың атын көрсететіндей немесө сынын, сипатын не санын, іс-әрекетін т. б. нақтылай көрсететіндей белгілі бір объектіге теліп, соған меншіктеп қоюға болмайды. Мен деген есімдік I жақ (сөйлеуші), сен деген есімдік II жақ (тыңдаушы), кім, біреу дегендер — әйтеуір адам, ештеңе — әйтеуір бір зат т. б. деген сияқты жалпылама берілетін үғымдарды ғана көрсете алады. Бұлардың түп негізінде сөйлеуші, тыңдаушы адам немесе зат т, б. сияқты заттың ұғымдар аңғарылғанымен, олар нақтылы айқын, анық болып берілмейді, өте жалпылама түрде ұғынылатын мағыналар есебінде беріледі. Есімдіктердің мұншалықты тым жалпы мағынада қолданылу қалпын, яғни мағынасының жалпылама түрде берілу қалпына жетуін, әрине, олардың реальдық ақиқаттан қаншалықты алшақтап, қаншалыңты абстракциялану дәрежесіне жету шегінің көрінісі деп ұғынған жөн.
ЕСІМДІКТІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі қазақ тіліндегі есімдіктердің мағыналары қаншалықты жалпы болғанымен, ол мағыналар есімдіктердің қандай сөздер орнына қолданылуына байланысты зат және заттық белгі деген ұғымдармен ұштасып, жалпы зат, заттық белгі мағыналарына ие болады, сол ұғымдардың жалпы түрдегі атауы есебінде айтылады. Сол себепті есідіктер сырттай мағына жалпылығына қарай бір топ болып келгенімен, іштей мағыналық күрделі екі жікке бөлінеді. Мысалға жіктеу есімдігі мен, сен; сілтеу есімдігі бұл, сол; сұрау есімдігі кім? не? қай? сөздерін алайық. Осы есімдіктердің негізгі мағыналарын іштей таптастырып қарайтын болсақ, олардың кейбірі заттық ұғымдағы сөздер де, ал, кейбірі заттың белгісі ұғымындағы сөздер болып күрделі екі жікке бөлінеді. Яғни мен, сен, кім? не? есімдіктері заттық ұғымдағы сөздер (жалпылама заттық атаулар) қатарына жатады да, бұл, сол, қай? есімдіктері заттың белгісі ұғымындағы сөздер (жалпылама белгі атаулары) қатарына жатады. Есімдіктердің осы жіктердің қай түріне жатуын белгілеу олардың қандай сөздерді алмастыра алатындығы, қандай сөздердің (заттың не сынның) орнына қолданыла алатындығына қарай анықталады.
Демек, есімдіктер жалпы алғанда жалпылама атау сөздер болғанымен, іштей бір тобы жалпылама зат атаулары, бір тобы жалпылама белгі атаулары сияқты күрделі екі жіктен құралады. Міне, осы негізгі мағыналық жіктер өз тарапынан е с і м д і к сөздерді іштей 1) заттық ұғымдағы сөздер — субстактивтік есімдіктер; 2) заттың белгісі ұғымындағы сөздер — а т р и б у т и в -т і к сөздер деген күрделі екі салаға бөледі.
Есімдіктердің бұлайша негізгі екі салаға бөлінуі олардың морфо-логиялық жағынан түрлену жүйесіне бірден-бір жетекші болады. Мысалы, субстантивтік есімдіктер кезкелген жерде, қолдану ретіне қарай, зат есімдер сияқты көптеліп те, жіктеліп те, тәуелденіп, септеліп те қолданыла беретін болса, атрибутивтік есімдіктер дәл өз мағынасында қолданылыл тұрғанда сөз өзгертетін формалардың
105
епқайсысын да қабылдамайды. Сөз өзгертетін формалар атрибутивтік есімдіктерге тек субстантивтенген жағдайда ғана, заттық ұғымға ие болғанда ғана қосыла алады.
Екіншіден, есімдіктердің бәріне бірдей, бәріне тең ортақ заңды-лық дел қарауға болатын белгілі бір формалар немесе өзгеру амал-дары жоқ. Бұл жағдай — есімдіктерді өзге сөз таптарынан жеке-да-ралап оқшауландырып тұратын морфологиялық ерекше белгі.
Дегенмен, есімдіктерді түгел қамти алатындай морфологиялық формалар бола қоймаса да, есімдіктердің кейбір топтарына тән атап өтуге тұрарлық өзіндік морфологиялық (түрлену) ерекшеліктері де бар. Ондай ерекшеліктер, ең алдымен, есімдіктердің көптелу және септелу жүйелерінен өте айқын көрінеді.
Әдетте, қазақ тіліндегі сөздердің көптік мағыналары не лексика-лық жолмен (адам, ағаш, тас т. б.), не сөздерге көптік жалғауларын жалғау (колхоздар, үйлер т. б.) амалымен немесе синтаксистік тәсіл-дер (15 оқушы, қора-қора қой т. б.) арқылы берілетін болса, осы тәсілдер есімдік сөздерде бірыңғай боп келе бермейді. -лар\\-лер қосымшасы арқылы көптік мағына беру барлық есімдіктерге тән қа-сиет болса, синтаксистік тәсіл — тек сұрау есімдіктеріне ғана тән амал. Ал, лексикалық тәсіл болса, ол — тек I—II жақ жіктеу есім-діктеріне ғана тән қасиет. Бірақ оның өзінде де көптік мағына — сөздің сол күйінде тұрған бойынал табылатын мағына емес, -з формасы арқылы берілетін мағына. Ол тек біз сөзіне ғана тән. Бұл жерде айта кететін нәрсе біз сөзі мен есімдігінің көптік түрі екендігіне қарамай, өзінің көптік ұғымы аясына тек ңана біркелкі I жақ мәндерді ғана емес, сонымен қатар, өзге жақтарды да қамти көрсетеді. Өйткені біз сөзін I жақ мен + мен + мен + мен... сөздерінің көптік түрі деп айтуға болмайды. Біз сөзінің құрамында ең кем дегенде мен + сен сияқты екі түрлі жақта қолданылатын екі басқа есімдіктердің басы қосылып немесе мен + сен + ол сияқты бірнеше жақтың басы қосылып айтылады. Егер біз сөзін айтушылар саны екі адам болса, олардың бірі — мен, бірі — сен болар еді. Ал, үш адам болса, бірі — мен, екеуі — сендер немесе сен + ол болар еді. Демек, біз есімдігі бірыңғай мен сөзінің көптік формасы емес.
Есімдіктердің септелу жүйесінде де біркелкі заңдылық жоқ. Олардың көптеген түрлері септелетін болса, әне, міне, кане деген си-яқты есімдіктер мүлде септелмейді, әнеки, мінеки, канеки дегеннен өзге формаларда да қолданылмайды.
Тұлғалық жағынан алып қарағанда да есімдік сездер өзіндік ерекшелігімен оқшау бөлініп тұрады. Олар — түгел дерлік туынды сөздер. Қазіргі кезде қолданылу дағдысында көптеген есімдік сөздердің туынды сөздер екені, яғни олардың бір замандарда дербес екі сөзден құралған сөздер екені, кейіннен ол жеке сөздер сыңары морфемалық қалыпқа ауысып кеткені, әрине, бірден көзге түспейді де, көңіл де аудара қоймайды. Бұған бір ғана сол есімдігінің ош + ол тұлғаларынан қысқарып қалыптасқанын немесе осы есімдігінің ош + бу тұлғаларынан қысқарып қалыптасқанын ескертіп өтсе де жеткілікті болар еді.
Қазіргі қазақ тіліндегі есімдіктердің жаңа сөздер тудыру проце-сіне де қатысы соншалық төмен. Бірен-саран қосымшалар арқылы ғана жасалған кейбір ескі сөздер болмаса, есімдіктерден жаңа сөздер жасалмайды.
Есімдіктердің бір кездерде өзге категорияларға, яғни қосымшалар мен грамматикалық көрсеткіштерге ауысу қабылеті өте күшті
106
болғаны ерекше көзге түседі., Бұл жағдай, негізінде, жіктеу есімдіктерінде кездеседі. Мысалы: мен, сен, ол жіктеу есімдіктерінен -м ы н\\ -м ін, -с ын\\-с ін сияқты жіктік жалғаулары және -м, -ң, -ы сияқты тәуелдік жалғаулары; ал біз, сіз жіктеу есімдіктерінен -м ы з\\ -мі\з, -с ы з\\ -с із сияқты көптік мәндегі жіктік жалғаулары және тәуелдік жалғаулары жасалған.
ЕСІМДІКТІҢ ЖЕКЕ ТОПТАРЫ
Қазіргі қазақ тіліндегі есімдік сөздер өзінің лексика-семантикалық және грамматикалық ерекшеліктеріне байланысты өзге сөз тап-тарынан ажырасуы сияқты, өз ішінде де бір-бірінен жіктері айқын көрініп түратын бірнеше топтарға бөлінеді. Есімдіктерді бұлайша іпінара топтарға бөлуге негіз етіп алатын белгі — оларды лексика-семантикалық мағыналарына қарай ажырату принципі. Өйткені әр топ түрлену формалары мен сөйлемдегі қызметтері жағынан біркелкі болып келе бермейді. Сол себепті ол жеке-жеке топтардағы сөздерді шоқтап қосушы белгі тек олардың мағыналары ғана болады. Сондай мағыналық ерекшеліктері жағынан е с і м д і к сөздер 7 т о п қ а бөлінеді.
1. Жіктеу есімдігі 4. Өздік есімдігі
2. Сілтеу есімдігі 5. Белгісіздік есімдігі
3. Сұрау есімдігі 6. Жалпылау есімдігі
7. Болымсыз есімдігі
Жіктеу есімдіктері
Қазіргі қазақ тіліндегі жіктеу есімдіктері әрқашан белгілі бір жақты керсету үшін қолданылады. Сол себепті олар ылғи адаммен байланысты, яғни сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген үғым-дармен байланысты айтылады. Мысалы, мен деген сөзден әрқашан тек І_жақ — сөйлеуші, сен деген сөзден II жақ — тыңдаушы, ол де-геннен III жақ — бөгде кісі деген ұғымдарды аңғаруға болады. Жік-теу есімдіктеріне тән бұл жақтық қасиет III жақ ол жіктеу есімдігі мен сілтеу есімдігі ол сөзінің жігін айыруда ерекше көзге түседі. Өйткені ол сөзі — әрі адамды, әрі заттар мен құбылыстарды іс-әрекет, қимыл, сан-сапаны да көрсете алатын әржақты сөз. Сол себепті ол сөзі, қолданылу ретіне қарай, бірде жіктеу есімдігі болса, бірде сілтеу есімдігі болыгг келетін орындары бар. Оның қай кезде жіктеу, қай кезде сілтеу есімдігі болып қолданылуын біз, негізінде, қандай ұғымда қолданылып тұрғанына қарай, яғни ол адам деген ұғымда қолданылып тұр ма немесе басқалай зат не құбылыстар деген ұғымда қолданылып тұр ма, міне, осы негізге сүйене отырып айырамыз, осыған сай оны не жіктеу, не сілтеу есімдігі деп танимыз. Егер ол сөзі, адамды көрсететін болса, жіктеу есімдігі болады да, заттар мен құбылыс, іс-әрекет, сан, сапа т. б. көрсететін болса, сілтеу есімдігі болады. Мыс.:
Сол уақытта Рахмет өзінің қамын жейтін адамды тапты,. О л адамның басында басмашының бөркі жоқ еді, о л қасқыр тісті емес еді, о л — қасқыр мен басмашыларды аулап жүрген адам еді. (Ерубаев) деген сөйлемде ол сөзі үш рет кездеседі. Бұлар — бірі-бірінен формалық ешбір айырмашылығы жоқ сөздер, функциялық жағынан да айырмашылығы жоқ, бәрі де өзге сөздердің орнына
107
қолданылып тұр. Бірақ соған қарамай, бұл сөздер өз ара екі жікке бөлінеді. Яғни алғы ол сөзі сілтеу есімдігіне жатады да, соңғы ол сөздері — жіктеу есімдіктеріне жатады. Себебі алғы ол сөзі өзінің қамын жейтін деген сөздердің орнына қолданылып, адамның қандай адам екеніне нұсқай айтылып, сапа-сынын білдіріп тұрса, соңғы ол сөздері адам дегеннің орнына қолданылып, оның бөгде кісі — III жақ. екендігін көрсетіп тұр. Жіктеу есімдігі мен сілтеу есімдігін бұлайша айыру кім? не? деген сұрау есімдіктерінің өз ара функциялық жағынан ажырасуымен ыңғайлас. Мысалы, жіктеу есімдігі ол адам туралы ғана қойылатын кім? есімдігінің функциясымен ыңғайлас болса, сілтеу есімдігі ол заттар мен құбылыстар т. б. туралы қойылатын не? сұрау есімдігінің функциясымен сәйкес. Демек, жіктеу есімдіктерінің негізгі бір қасиеті олардың адам деген ұғымда қолданылып, белгілі бір жақты көрсете алуы, жақтық мағынада қолданылуы болады.
Жіктеу есімдіктері жеке алынғанда да және контексте қолда-нылған кезде де белгілі бір жақты көрсету мағынасын бойында сақтап отырады. Сол себепті жіктеу есімдіктерінің белгілі бір жақсы көрсету қасиеті олардың лексикалық мағынасы болып саналады.
Жіктеу есімдіктері белгілі бір жақты көрсетумен қатар әрқашан сөйлеушімен тығыз байланыста қолданылады. Сондықтан да олар өзгелерге (тыңдаушы мен бөгде кісіге) сөйлеушінің қатынасы қай дәрежеде болатынына сай жұмсалып, соған ылайықты белгіленіп отырылады. Яғни жіктеу есімдіктерінің сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деп бөлінуі осы қатынастар дәрежесіне сай белгіленеді.
Қазіргі ңазаң тіліндегі жіктеу есімдіктері әрқилы морфологиялық сөз түрлендіруші формаларды және, сонымен қатар, көп болмаса да, кейбір жаңа сөздер жасаушы, сөз тудырушы формаларды да қа-былдайды. Жіктеу есімдіктерінің сөз түрлендіруші және сөз тудыру-шы формаларды қабылдау жүйесі, негізінде, мынадай:
1) Жіктеу есімдіктері өзінің негізгі жаңтық мағынасында қол-данылғанда, тәуелдік жалғауының тек абстракциялық меншікті біл-діретін түрі -н ік і, -д ік і қосымшаларын ғана қабылдайды. Мыс.: менікі, сенікі, онікі, біздікі т. б.
2) Жіктік жалғаулары ол, олар сөздерінен өзге жіктеу есімдікте-рінің бәріне де жалғана береді. Оның өзінде жіктік жалғауларының әрбір түрі өзіне тән жақтарына (жіктеу есімдіктеріне) талғай жалға-нады. Мыс.: менмін, сенсің, біздерміз, сізсіз т. б.
3) Жіктеу есімдіктерінің бәрі де септік жалғауларын қабылдай алады. Сонда олардың септелу жүйесі мынадай болмақ:
|
|
Жекеше түрі
|
|
атау
|
мен
|
сен
|
сіз
|
ол
|
ілік
|
менің
|
сенің
|
сіздің
|
оның
|
барыс
|
маған
|
саған
|
сізге
|
оған
|
табыс
|
мені
|
сені
|
сізді
|
оны
|
жатыс
|
менде
|
сенде
|
сізде
|
онда
|
шығыс
|
менен
|
сенен
|
сізден
|
онан (одан)
|
көмек- менімен
тес
|
сенімек
|
сізбен
|
онымен
|
|
|
Көпше түрі
|
|
атау
|
біз(дер)
|
Сендер
|
сіздер
|
олар
|
ілік
|
біз(дер)
дің
|
Сендер-
ді
|
сіздердің
|
олардың
|
барыс
|
біз(дер)ге
|
Сендер- дің
|
сіздерге
|
оларға
|
табыс
|
біз(дер)ді
|
Сендер-ге
|
сіздерді
|
оларды
|
Достарыңызбен бөлісу: |