Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967



бет12/22
Дата27.12.2016
өлшемі6,92 Mb.
#5669
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

III жақта қолданылатын өзі, өздері есімдіктерінде жағдай мүлде басқаша. Бұл сөздер тек қана ол жіктеу есімдігімен тіркесіп қана коймай, сілтеу есімдіктерімен де тіркесе алады:

Әкім кеше сырқаттаумын деген соң айтып едім, о л ө з і келді; Жол жеткенше осының ө з і көмек. (Мұстафин)

Қазіргі қазақ тіліндегі өздік есімдіктері әр қилы морфологиялық сөз түрлендіруші формаларды қабылдай береді. Біраң өз жаратылы-сы тәуелдік жалғаулы болғандықтан, оларға өзге формалар әрқашан өздік есімдігіне қосылып айтылатын тәуелдік жалғауларының үстіне үстемеленеді. Сонда жіктік жалғаулары өзіммін, өзімсін, өзіңмін, өзіңсің, өзіміз, өздеріңіз сияқты болып жалғанады. Өздік есімдіктер тәуелденген зат есімдерше септеледі.

Өздік есімдіктерден әр түрлі сөз тудырушы қосымшалар қосу (яғни морфологиялық сөз тудыру жолымен), сөздердің қосарланып және бірігіп айтылуы (яғни синтаксистік тәсіл) арқылы біраз жаңа сөздер пайда болған.

1. Морфологиялық тәсіл. Өздік есімдіктеріне -ш і л, -д е й, -д і к, -г е қосымшаларын қосу арқылы туынды сын есімдер, -ш е, -д і г і н е н қосымщаларын қосу арқылы туынды үстеулер және -с і н қосымшасын қосу арқылы етістік сөздер жасалады. Мыс.:



Ө з і м ш і л көңіл өзгеге жорып еді; Ө з і ң д е й көрсін деп айтты де апаңа. (Мүсірепов) Қоғам меншігіне бөгетсіз еңбекшінің ө з і н - д і к меншігі әлі де өмір сүреді. (Мұстафин) Ол өз ойын ө з і н ш е топшылап таратып жатыр; Базаралы бұл жорық үстінде ө з д і г і - н е н сөз айтқан жоқ. (Әуезов)

2. Синтаксистік тәсіл. Өздік есімдіктерінен өз-өзінен немесе керісінше өзіне-өзі сияқты косарлана қолданылу арқылы үстеу сөздер жасалады. Мыс.:



Шыншыл сөз ақырын күңренген әнге ө з-ө з і н е н оралып кетті; Жүрегі де тулап кеп ө з-ө з і н е н қысылып шаншып кеткендей; Абай ө з і н е н-ө з і жетімсіреп жүдеулік сезеді. (Әуезов) Жүмсақ құм ө з і н е н-ө з і үгітіліп жамбасқа жайлы төсек бола кетті. (Мү-сірепов)

Жалпылау есімдіктері

Қазіргі қазақ тіліндегі жалпылау есімдіктері — белгілі бір заттар мен құбылыстарды толық қамтып жиынтықтай айту үшін жұм-салатын жалпылау мағыналы сөздер. Олар кем дегенде екі заттың немесе толып жатқан біркелкі не әр қилы заттар мен құбылыстар-дың жиынтығын жалпылай көрсетеді. Мыс.:

Өзі үнемі қазақтың арызын жазып жүретін, ояздық, болыстық б а р кеңсені білетін, жоғары-төмен ұлықтың б ә р і н і ң аты-жө-нін білетін және сол кеңселердің маңындагы стражник, урядник, хатшы, тілмаш баршасымен жете таныс та үйір адам болатын (Әуезов) деген сөйлемді алсақ, осындағы бар сөзі — ояздық, болыс-тың және басқа да кеңселерді түгел жинақтай; бәрінің сөзі — жоға-ры-төмен ұлықтарды түгел қамти; баршасымен сөзі — стражник, урядник, хатшы, тілмаш тағы басқаларды түгел қамтып жинақтай, жалпылай көрсетіп тұрған сөздер. Олар алдында ескертілген толып жатқан сөздерді топтай, түйіндей келе бір ғана сөздің басына үйіріп айтьш тұр. Демек, жалпылау есімдіктері заттар мен құбылыстарды жинақтай көрсететін жалпы атаулы сөздер екен.

119


Жалпылау есімдіктерінің негізгі мағынасы — атрибутивтік ма-ғыңа білдіретіндіктен, өзінің негізгі формасында қолданылғанда әр-қашан анықтаушы мүше болып келеді:

Б а р кедейдің жүзінде ызаға толы түйілген ашу, қарсылық бар. (Әуезов) Жылап тұрып б а р л ы қ сырын айтып берді. (Ерубаев)

Атрибутивтік сөздер екеніне қарамай, тәуелдік жалғауларының үстемеленуі арқылы жасалынған кейбір жалпылау есімдіктері (бәрі, барлығы, баршасы) субстантивтік мәнде де қолданылады. Ондай сөздердің тәуелдік жалғаулары өздік есімдіктерінің тәуелдік жалғаулары сияқты түбір сөздермен біте қайнасып, соның бір мағыналық бөлшегі дәрежесіне айналып кеткен.

Субстантивтенбей үнемі атрибутивтік қалыпта қолданылатын жалпылау есімдіктері — бүкіл (бүтін), күллі, тамам сөздері. Бұл сөз-дер әрқашан анықтауыш қызметінде кездесіп отырады. Мыс.:

Сен бүкіл ауданның даңқын бір көтердің. (Сланов) К ү л л і елдің жастарын әскерге жиды. (Қазақ ертегілері) Бар қазақ даласында т а м а м сорлы күңреніп жатыр ғой. (Әуезов)

Жалпылау есімдіктері шығу төркіні мен тегі жағынан екі салаға бөлінеді: лексикалық тәсіл арқылы және морфологиялық тәсіл арқылы жасалған сөздер.

1) Лексикалық тәсіл арқылы жасалған сөздерге өзінің негізгі лек-сикалық мағынасынан алшақтау нәтижесінде есімдіктер қатарына ауысып, кейіннен басқа жалпылау есімдіктерінің де жасалуына негіз болған алғашқы түбір бар сөзі мен бүкіл, күллі, тамам сөздері жатады. Бар есімдігінің шығу төркіні бар әртарап сөзімен байланысты да, бүкіл есімдігі біт (біту, бітіру) етістігімен байланысты, күллі есімдігі арап тіліндегі куллун сөзімен, тамам есімдігі тамамун сөзімен байланысты.

2) Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған сөздерғе белғілі бір қосымшалар қосылу арқылы бар есімдігінен тараған бәрі, барлық, барлығы, барша, баршасы деген сөздер жатады.

Жалпылау есімдіктері сөйлемде қолданылу ретіне қарай әр түрлі сөз түрлендіруші грамматикалық формаларды қабылдайды. Бірақ ол заңдылықтар жалпылау есімдіктеріне түгел дерлік тән қасиеттер емес. Мысалы, тәуелдік жалғаулары бар, барлыц, барша сөздеріне ортақ тәуелдеу түрінде ғана бәріміз, бәрің, барлығы, баршасы деген ізбен қосылып айтылуы болмаса, жекеше түрінде жалғанбайды. Ал, атрибутивтік мәндегі бүкіл, күллі, тамам сөздері тәуелдік жалғаула-рьш мүлде қабылдамайды. Мыс.:

Жолдарың оңғарылсын, қарақтарым, бақытты болыңдар б ә р і ң де. (Мүсірепов) Мен саған, Кәкітайға да, баршаңа да ағам үшін алысыңдар деймін. (Әуезов)

Жіктік жалғаулары жалпылау есімдіктеріне мүлде жалғанбайды. Ал, септік жалғаулары жалпылау есімдіктерінің тек тәуелденген субстантивті түрлеріне ғана жалғанады да, тәуелдеулі зат есім сөздер жүйесімен септеледі.

Жалпылау есімдіктері кейбір сөз тудырушы грамматикалық формаларды қабылдап біраз жаңа сөздердің пайда болуына негіз болады.

1) Бар сөзіне -л ы қ қосымшасының қосылуы арқылы барлық жалпылау есімдігі жасалады:



Б а р л ы қ үйдің киізінің ақтығы бәс таласқандай. (Әуезов) Барлық көркем сөздердің Біздің сөз сәуле шырағы. (Жамбыл)

2) Бар сөзіне -ш а қосымшасының қосылуы арқылы барша жалпылау есімдігі жасалған:

120

Барша алтын сарайымен баяғы орныпа алып келді; Ол шал барша зейінімен бір кітапты оқып отыр. (Қазақ ертегілері) Б а р ш а сөзі жүрегімде өз қанымен жазылған өсиет хаттай, (Әуезов)

Жалпылау есімдіктерінің бірігіп айтылуы тек бір-ақ жағдайда болады. Яғни бәрі есімдігімен бір сөзінің бірігуі арқылы жасалған бәрібір түрінде ғана кездеседі.

Белгісіздік есімдіктері

Қазіргі қазақ тіліндегі белгісіздік есімдіктері — заттар мен құ-былыстарды және олардың сан, сапа, белгілерін, мекен, амал тағы басқаларын анық етіп ашып айтпай, көмескі түрде ғана көрсететін, яғни нұсқай көрсеткен нәрселерін нақтылы түрде атамай, белгісіз етіп айтатын сөздер. Мыс.:



Тас оның айтқанын орындап, көзді ашып-жұмғанша б і р жерге алып келді. (Қазақ ертегілері) Асқар тағы да б і р д е ң е дегелі ыңғайлана беріп еді, есік алдынан тықыр естілді (Мұқанов) дегендегі бір сөзі тастың кісіні қай жерге, қайда алып келгенін анық атамай, белгісіз етіп көрсетіп тұр да, бірдеңе есімдігі Асқардың не дейін дегенін, қандай сөз айтқысы келгенін дәлдеп көрсетпей белгісіз қалдырып отыр. Сол сияқты, Егер көңілді кірбең ой баспаса, бүгін Әбіш атқа мініп ап ағындап шапқылар еді, әлденеге, әлдекімге душар болуды іздер еді (Әуезов) десек те, сөйлемдегі әлденеге, әлдекімге сөздерінен Әбіштің не нәрсеге душар болуды іздейтіні және кімге душар болуды іздейтіні анық сезілмей, белгісіз жағдайда қалар еді.

Белгісіздік есімдіктері шығу төркіні, жасалу жолы жағынан екі салаға бөлінеді.

1) Олар — кейбір сөздердің негізгі лексикалық мағынасынан ал-шақтай келе, белгісіз мағыналарға ие болып, сол негізде белгісіз есімдіктері қатарына ауысуы жолымен пайда болған, яғни лексика-лық тәсіл арқылы жасалған сөздер. Бүған сан есімдерден ауысқан бір, біреу сөздері және кей сөзі, сонымен қатар, араб тілінен ауысқан әр, әлде, пәлен сөздері жатады.

2) Белгілі бір сөздердің өз ара тіркесіп, бірігіп қолданылуы ар-қылы жасалған, яғни синтаксистік тәсіл арқылы жасалынған сөздер. Бұларға, негізінде, лексикалық жолмен ауысқан бір, біреу, қай, әр, әлде сияқты сұраулы-қатыстық есімдіктері мен кейбір белгісіздік есімдіктерінің өз ара бірігіп айтылуы арқылы жасалынған бірдеме (бірдеме), бірнеше, бірнәрсе, кейбір, кейбіреу, әлдекім, әлдене, әлденеше, әлденемене, әлдеқай, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдебір, әлдебіреу, әркім, әрне, әрнеме, әрнәрсе, әрқайсы, әрбір сөздері жатады.

Белгісіздік есімдіктерінің бәріне бірдей тән өзіндік ерекшелік деп атарлықтай морфологиялық түрлену формасы жоқ. Олар — әрқай-сысы мағыналық тегі жағынан қандай сөздер екеніне және қай сөз-бен біріге қолданылуына байланысты, әр түрлі сөз таптарына бейім боп отыратын сөздер. Сол себепті олардың грамматикалық өзгеру формалары соларға үйлес келіп отырады. Мыс.: бір, кей, әр, пәлен, элдеқай сөздері сын есімдерге ұқсас болса, біреу, әлдене, әлдекім, әрнәрсе, әрнеңе сөздері зат есімдерше түрленеді. Сол сияқты бірнеше, әлденеше сөздері сан есімдерге бейім болса, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқалай есімдіктері үстеу сөздерге бейім болады. Бұған қарағанда, белгісіз есімдіктерінің басын қосатын, оларды біріктіріп топтай алатын негізгі белгі олардың әрқашан

121


белгісіз мағынада қолданылуы, белгісіз мәнді сөздер болып келуі ғана болады.

Белгісіздік есімдіктері қолданылу мақсаттарына қарай, әрқилы сөз түрлендіруші грамматикалық формаларды қабылдайды. Бірақ ол формалар белгісіздік есімдіктеріне бірдей жалғана бермей, олардың атрибутивтік не субстантивтік түрде қолданылуына байланысты, со-ған сай қосылып отырылады. Сонда ол түрленудің жүйесі мынадай болады.

1) Тәуелдік жалғаулары белгісіздік есімдіктерінің әлде, әр, пәлен, әлдекім, әлдеқай, әлдеқашан, әлдеқалай, әркім сияқты түрлеріне жалғанбайды. Бірнеше,бір, біреу, кей, кейбір сияқты түрлері тек ор-тақ тәуелдеу түрінде ғана тәуелдік жалғауларын қабылдайды. Белгі-сіздік есімдіктерінің өзге түрлері жеке және ортақ тәуелдік жалғау-ларын да қабылдай алады.

2) Белгісіздік есімдіктері жіктік жалғауларын қабылдамайды. Ал, көптік жалғаулары тек бірдеңе, бірнәрсе, біреу, әлдекім, әлдене, әркім, әрнеңе сияқты есімдіктерге ғана жалғанады.

Септік жалғаулары да белгісіздік есімдіктеріне біркелкі жалғана бермейді. Мысалы, үнемі атрибут есебінде қолданылатын әлде, әр, пәлен есімдіктері мен әлдеқалай сөздері ешқашан да септік жалғауларын қабылдамайтын болса, әлдеқашан, әлдеқай сөздері әлдеқашаннан, әлдеқайдан, әлдеқайда деген формаларда ғана қолданылады. Ал, бір, бірнеше, кей, кейбір, кейбіреу, әлденеше, әрбір есімдіктерінің тәуелді түрлері ғана септік жалғауларын қабылдай алады.

Белгісіздік есімдіктерінен сөз тудырушы кейбір грамматикалық формалар арқылы біраз жаңа сөздер жасалады. Мысалы, ондай сөз-дер пәлен есімдігіне -ш е, -д е й қосымшаларының қосылып айты-луы арқылы және бір есімдігіне -е р қосымшасының қосылуы ар-қылы пайда болған. Мыс.:



Осында п ә л е н ш е байдың баласы әйел алыпты. (Қазақ ерте-гілері) П ә л е н жерден пәленшенің қатыны кетіп қалыпты деп естідік. (Майлин) Б і р е р сағат ұйықтап ап, Асқарды ауыстырмақ боп, Кузнецов үйіне кетті. (Мұқанов)

Белгісіздік есімдіктерінде сөздердің бірігуі арқылы жаңа сөздердің жасалу амалы өте басым. Бұл амал, негізінде, бір, кей, әр, әлде белгісіз есімдіктерінің әр түрлі сұраулық есімдіктермен бірігіп айтылуы арқылы жаңа сөздер жасалады. Бірақ ол жаңа сөздер өзге сөз таптарына ауысып кетпей, белгісіздік есімдіктердің өз аясында қалып отырады.



Бір сөзіне деңе (неңе), неше сөздері бірігіп айтылуынан бірдеңе, бірнеше белгісіздік есімдіктері жасалған:

Күлзипаның ойына бі р д е м е түсіп кетті. (Майлин) Кендебай басқа аққуларды б і р н е ш е күн күтеді. (Қазақ ертегілері)

Кей сөзіне бір, біреу белгісіз есімдіктерінің бірігіп айтылуы ар-қылы кейбір, кейбіреу белгісіз есімдіктері пайда болған:

К е й б і р жас аттар үйірсектік көрсетіп, шіңгірлеп кісінеп те қойды. (Әуезов) К е й б і р е у тыңдар үйден шыққанынша, К е й - б і р е у қояр құлақ ұққанынша, Сөз мәнісін білерлік к е й б і р е у бар, Абайлар әрбір сөзді өз халінше. (Абай)

Әлде сөзіне кім, не, немене, неше, қай, қашан, қалай сұрау есім-діктерінің бірігіп айтылуы арқылы әлдекім, әлдене, әлденемене, әлденеше, әлдеқай, әлдеқашан, әлдеқалай сияқты белгісіздік есімдіктері жасалған:

Артына қайта-қайта қарап, әлдекімді ыммен шақырады. (Мұстафин) Абайдың келісінен әлденені сезгендей болды. (Әуезов) Әлденемене сытырлап сынып жатыр; Ә л д е қ а й жерде

122

кездесіп қалған жылқышыға да айқайлап соны тапсырды. (Мүсірепов)

Әлде сөзіне бір, біреу белгісіздік есімдіктері бірігіп айтылу арқы-лы әлдебір, әлдебіреу белгісіз есімдіктері жасалған:

Шанда осы тұсқа соғып өткенде, ә л д е б і р арылмаған қарызым бардай боламын. (Әуезов) Әлдебіреу жолыңды қағып әкетсін деп отырмысың? (Мүсірепов)

Әр сөзіне кім, не, нене, нәрсе, қайсы сұрау есімдіктерінің бірігіп айтылуы арқылы әркім, әрне, әрнеңе, әрнәрсе, әрқайсы және бір есімдігінің бірігуі арқылы. әрбір белгісіз есімдіктері жасалған:

Әр к і м г е үйренген жер жақсы ғой. (Ахтанов) Ә р н е г е әуесі көп Байжанның бір құмары монша болатын. (Мүсірепов) Сызықтар сызып ә р б і р нәрсенің жоспарын жасап отыр. (Ерубаев) Әрнәр- с е г е өзінше баға бермек. (Абай)

Бұлардың өзге белгісіздік есімдіктерінің бір түріне аз және ауық сөздерінің бірігіп айтылуы арқылы біраз және бірауық үстеу сөздері жасалған:



Б і р а з адам жауаптан кейін ақталған. (Мұқанов) Олар б і р - а у ы қ шуласып, таласа дарысып үріп кетіседі. (Әуезов)

Қосарланып айтылу арқылы жаңа сөз жасау белгісіздік есімдік-терінің біреу, қай, пәлен сөздерінде ғана кездеседі. Ондайда біреу сөзінің екінші сыңары міреу боп айтылады да, кей сөзінщ сыңары кейде, пәлен сөзінің сыңары түген болып келеді. Мыс.:



Оны тыққан жеріңнен біреу-міреу тауып алмай ма? (Қазақ ертегілері) К е й-к е й д е бала оқшау шығып, астындағы жарау құла бестісін ағызып-ағызып та алады. (Әуезов) Бидің жіберген кісілеріне п ә л е н-т ү г е н деп Бақа ергісі келмейді. (Қазақ ертегілері)

Белгісіздік есімдіктерінің әлде түрі және -е с е, -д е қосымшала-рын қабылдаған бір сөзінің біреге, бірде түрлері шылау сөздер дәре-жесіне ауысқан.

Болымсыз есімдіктер

Болымсыз есімдіктерге еш, ешкім, ештеңе (ештеме), ешнәрсе, еш-бір, ешбіреу, ешқайсы, ешқандай, бір де, бірде-бір, дәнеңе (дәнеме), түк, дым деген сөздер жатады.

Болымсыз есімдіктер негізінде бір-ақ тәсіл бойынша, атап айт-қанда, белгілі бір сөздердің я сөз тіркестерінің лексикалануы арқы-лы жасалады.

Осылайша лексикалық тәсіл арқылы туған болымсыз есімдіктер қатарына негізгі лексикалық мағыналарынаи алшақтау нәтижесінде ауысқан түк, дым есімдіктері және парсы тілінен ауысқан еш сөзі жатады. Сондай-ақ, еш сөзінің кейбір сұрау есімдіктері мен белгісіздік есімдіктеріне тіркесуі я бірігуі арқылы жасалған ешкім, ештеңе (ештеме), ешнәрсе, ешқайсы, ешқандай, ешбір, ешбіреу, дәнеңе (дәнеме) сөздері мен дә және неме формаларынан жасалған дәнеңе (дәнеме) сөзі жатады.



Бір сөзі мен де шылауының тіркесінен жасалған бір де, бірде-бір есімдіктері жөнінде бір-екі сөз айта кеткен мақұл.

Бір де тіркесі әрқашан еш деген болымсыз есімдікпен мағыналас болады да, есім сөздермен тіркесіп атрибут есебінде қолданылады. Мыс.:

Жұмыссыз жүрген б і р д е жан шоқ, (Ыбырай) Б і р д е адамның түсі ақ, қызыл шырайлы, қара емес. (Қазақ ертегілері)

123


Осындағы бір де сөздерін еш сөзімен ауыстыра айтуға әбден-ақ болады, одан мағыналық нұқсан да келмейді. Осы себептен оның ор-нына көбіне еш сөзі қолданылып отырылады да, бір де болымсыз есімдігі шығармаларда сирек кездеседі. Бір де тіркесінің сирек қол-данылуы, екінші жағынан, оның бірде-бір деген формада да қалыптасып, өз функциясын осы соңғы формаға ауыстырғандығы-нан деп те ойлауға болады. Өйткені тілімізде бірге деп айтудың орнына бірде-бір деп айту дағдысы өте басым.

Бірде-бір тіркесі. ешбір болымсыз есімдігімен мағыналас болып келеді де, бір де тіркесіне қарағанда өте жиі қолданылады. Сонымен қатар бұл тіркес, негізінде, атрибут ретінде қолданылатын болғаны-мен, тәуелдік жалғауларын қабылдаған кезде субстантивтік күйде жұмсала береді:

Бұған б і р д е-б і р құстың сайрағаны ұнамайды, (Қазақ ерте-гілері) Өзімен бірге бес қыз жатқан екен, б і р д е-б і р і оянбапты, (Қазақ ертегілері)

Бірде-бір болымсыз есімдігінде де болымсыз мән бір де есімдігін-дегі сияқты де шылауына тән. Де шылауы көптеген түрік тілдерінде бір сөзінің тіркесінсіз де жеке тұрып болымсыз есімдіктер жасай бе-реді. Мыс.: туба тіліндегі к ы м-д а а (никто), ч у-д а а (нечего), қ а й д а-д а а (нигде), к а н д ы г-д а а (никакой) және хакасс тіліндегі к е м д е е (никто), н и м е д е е (ничто), якут тіліндегі к и м д ағ а н ы (никто); башқыр тіліндегі б е р е у з ә (никто); татар тіліндегі б і р еу д ә (никто) т. б.

Болымсыз есімдіктер қүрамының әр түрлі болып келуі және функцияларының да ішінара біркелкі болмауы сияқты, олардың өз-геріске түсу, түрлену жүйелері де әрқилы болып келеді. Оны мына жағдайлардан байқауға болады.

Болымсыз есімдіктер жіктік жалғауларын және көптік жалғау-ларын тікелей қабылдамайды. Көптік жалғаулары тек тәуелдік жал-ғауларымен бірге жүріп қана қосылады. Онда да болымсыз есімдік-тердің бәрінө бірдей емес, ештеме, ешнәрсе, ешқайсы, дәнеңе, түк есімдіктеріне ғана жалғанады. Мыс.: ештемелері (бірақ ештемелер емес); ешнәрселері (бірақ ешнәрселер емес); дәнеңелері (бірақ дәнеңелер емес); түктері (біраң түктер емес). Бұның өзінде де тәуелдік жалғаулары тек II—III жақтарға ғаиа жалғанады. Мыс.: ешқайсыларың. ешқайсылары (бірақ ешқайсыларым емес) т. б.

Тәуелдік лсалғаулары да болымсыз есімдіктердің жекеше түріне түгел жалғана бермейді. Жекеше түрде тәуелденетін болымсыз есім-діктер: ешкім, ештеңе, ешнәрге, дәнеңе, түк есімдіктері ғана.

Болымсыз есімдіктердің септелу жүйесі де біркелкі болмайды. Субстантивтік ешкім, ештеңе, ешнәрсе, дәнеңе (түк) есімдіктері жекеше түрінде септік жалғауларының барлық формаларын қабылдаса, көпше түрінде септелмейді. Ал, тәуелденген түрінде жекеше, көпше де болып септеле береді.

Атрибутивтік ешбір, ешбіреу, ешқайсы, ешқандай, бірде-бір есім-діктері жай түрінде жекеше, көпше болып та септелмейді. Ал, тәуел-денген кезде жекеше түрінде ғана II—III жақтарда септеледі.

ЕТІСТІК

ЕТІСТІКТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ

Қазақ тілі сөз таптарының жүйесінен ерекше орын алатын сөздер — етістік. Есімдерге қарағанда, етістіктердің лексикалық-грамма-

124

тикалық мағыналары да, грамматикалық тұлғалары да әр алуан, сөйлемде атқаратын қызметі ерекше.



Етістік тобын құрайтын сөздер іс-әрекет, қимыл-қозғалыс, күй тәрізді толып жатқан құбылыстарды, белгілі мезгілдік сипаттарды білдіреді. Осының бәрінде де етістіктер сан-саалы динамикалық процестерді адам санасында абстракцияланған жүйелі тілдік материалдар негізінде жеткізеді. Оқы, жүр, байқа, жүгір, көндік тәрізді етістік тобын құрайтын мыңдаған лексикалық единицалар белгілі іс (оқы, жүр), әрекет (жүгір, байқа), қалып (көндік) т. б. құбылыстарды білдіріп, нақтылы мағыналары есім сөздермен ұштасып жатады. Тіліміздегі басқа сөздер тәрізді етістіктер де дара қолданылмай, сөздермен тіркесіп, сөйлем мен сөйлемшелер ішінде өз ерекшелігімен толық мәнінде көрінеді.

Етістіктер мен есімдердің бір-бірінен түбегейлі айырмашылығы бар екендігі жеке-дара тұрғандағыдан гөрі сөйлем ішінде, белгілі сөз тіркестері құрамында анық байқалады.

Етістіктер (оқы, бар, кел) іс-әрекетті ғана емес, оның мезгілін де (биыл осында оқы, кеше мектепке бардық, ол үйіне келе жатыр), қимыл иесі — субъектінің жағы мен жекелік, көптігін де (ол оқысын, сен тыңда; олар келді де, біз кеттік), объективті процесс пен оған деген субъектілік қарым-қатынасты да (оқыдым, оқығысы келмей отыр) білдіреді. Бұлардың әрқайсысын осы мағыналарға сәйкес оқы-ды-м, оқы-ған-быз, оқы-мақ-сыз, оқ-и бер, оқы-ма-й қой-ды, оқы-т-қа-лы. кел-ген бол-а-тын тәрізденіп түрленіп, сөйлемдегі басқа сөздермен неше түрлі грамматикалық қарым-қатынасқа түседі.

Негізінде сөйлемнің баяндауышы болып қызмет атқаратын етіс-тіктер есім сөздерді меңгеріп, олардың септелу жүйесін анықтайды. үстеулермен қабыса я жанаса байланысу да етістіктерге тән қасиет-терден саналады.



Қағаз, қалам, көк, қалың, түн, он бір, мен, ол, өзге тәрізді есім сөздерді былай қойғанда, жүріс-тұрыс, отырыс, ойын, күлкі т. б, іс-әрекет, қимыл атауларының өзінде жоғарыда етістікке тән деп санап өткен ерекшеліктер кездеспейді. Өйткені бұлар құбылу процестерінің динамикалық қалпының атауы болып табылмайды және олар одан әрі өзінің синтаксистік қызметінде есімдерге тән грамматикалық тұлғаларда: көптеліп, тәуелденіп, септеліп, баяндауыш болғанда жіктеліп те, өзінің нақтылы мәнінде көрінеді.

Бірақ бұдан есім сөздер мен етістіктер арасында байланыс мүлдем жоқ деген бір жақты ұғым тумасқа керек. Сөз таптарының ара-сындағы өз ара байланыстық ең алдымен сөз тудыру модельдерінде көзге айқынырақ түседі. Сөз тудырудың белгілі тәсілдері арқылы есім сөздер етістікке, сондай-ақ етістіктен есімдерге айналатын про-цесс тілдің негізгі сөздік құрамының толыға, молая түсуінде айрык-ша өнімді құбылыс болып табылады. Бұлардан басқа да жіктік, тәу-елдік жалғауларының, көптік мәнін беретін тәсілдер мен көмекші сөздердің тіркесу заңдылықтары т. б. грамматикалық қолданулар есімдер мен етістіктерге ортақ қасиеттерді танытады.

Есім сөздерден етістікті бөліп алып, өз алдына жеке сөз табы ре-тінде қарауға негіз болатын: сөз тудыру тәсілдері, болымды және болымсыз түрлері мен сабақты және салт етістік, етіс, вид категориялары, шақ пен рай, есімше мен көсемше т. б. ерекшеліктер бар. Олар етістіктің лексика-семантикалық, лексика-грамматикалық және грамматикалық сипатын анықтап, негізгі үш салаға бөлінеді.

125


ЕТІСТІКТІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ТОПТАРЫ

Бұл салада етістіктің түбірлері мен олардың мағыналық сарала-нуы, салт және сабақтылық мәні, сондай-ақ болымды, болымсыз түрлерге бөлінуі айрықша орын алады. Жалпы тюркологияда даулы болып саналғанымен етістіктің көрініс (вид) категориясы тұрғысындағы сипаты да осы топқа жатады.

Түбір сөз немесе түбір тұлға деп аталатын термин тұрғысынан қарағанда да етістіктің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшелігі бар. Мұны, әсіресе, омонимдік топ құрайтын: ор, өр, ау, бу, жүз, қара, кез т. б. осы тәрізді жүздеген лексикалық единицалар айқын танытады. Егінді ор мен қазылған ор, оңға жүз бен жүз бала, сондай-ақ бермен қара мен қара бояу, алыстан бір қара көрінді деген салыстыра беріліп отырған тіркестердің бір-бірінен мағыналық та, тұлғалық та саралануы түбір деген атаудың әр сөз табында түрліше көрініс беретіндігінің тілдік фактісіне жатады. Сонда етістіктер тұлға жағынан омоним есімдермен дыбыстасып жатқанмен, беретін мағынасы (беліңді бу, жиһанды кез, малға қара), салт немесе сабақтылық мән беріп (қапты бу, суда жүз), сөйлемде объектімен қарым-қатынаста болу-болмау қасиеті және жақ пен шаң рай мағыналарында қолданылуы арқылы түбір тұлғасында тұрып-ақ толық етістік мәнінде көрінеді. Етістікке тән бұл лексика-семантикалық және лексика-грамматикалық ерекшеліктер жоғарыда салыстыра берген омонимдердегі іс-әрекеттермен қатар басқа да барлық етістіктерге ортақ қасиет болып саналады.

Грамматикалық тұлғалануға түспеген, былайша айтқанда, сөз-дерді байланыстыратын аффикстер қосыла қоймаған түбір етістіктердің өзі мағынасы жағынан да, морфологиялык; құрамы жағынан да алуан түрде кездеседі. Олардың ішінде, жоғарыда атап өткендей, есімдермен, оның зат есім (ор, өр, бу), сын есім (ақ, қара, кір), сан есім (жүз, қырық), есімдік (сен) т. б. лармен (қарай: жан-жағына қ а-р а й бастады, бізге қ а р а й жүрді) омонимдес болып келетіндері де, өз алдарына басқа-басқа топ құрайтындары да толып жатыр. Бөл, жу, піш, шеш, ұр тәрізді бір буынды, ашы (жаның ашы- сын) кейі, бора, құлпыр, үде т. б. екі және абдыра, жадыра, ыдыра, орналастыр, коллективтестіріл-ген сияқты үш одан да көп буынды етістіктер де түбір тұлғалы сөздердің шеңберінде қаралады. Бұлардың ішінде бір-ақ буынды болып келгенмен, жа-н (от ж анд ы) мен жа-қ (шамды ж а қ), уа-н (бала у а н д ы) мен уа-т (баланы у ат, қантты у а-т; салыстырыңыз: у а-қ етіп бөлу) больш одан әрі бөліп, тұлғалық талдауға салып қарауға келетіндері де кездеседі.

Буын санының бірдейлігіне, сондай-ақ, кел, кет, өт, же, жет си-яқты негізгі немесе қара-ла, кең-і, кең-ей, құт-ыл, құт-қар, сер-гі, тыр-қыр-а тәрізді туынды түбір тұлғаларда келуіне қарамай, субъектінің белгілі процесі болуы және субъекті мен объектілік қатынасына сай өз ара топ құрып, тұтастықта көрінетіндері де жоқ емес. Ақ-та мен ағ-ар-т, тар-ыл-т пен тар-ай-т, кіші-ле мен кіші-р-ей-т, судыр-а тәрізді тұлғалық айырмасы бар, бірақ өз ара түбірлес те мағыналас болып келетіндер де бар. Сонымен бірге аз-у мен жүде-у (а з ы п кетті, ж ү д е д і), қайғыр-у мен ренж(і)-у, көңілден-у мен шаттан-у т. б. толып жатқан синонимдік қатарлар да жиі ұшырайды.

Етістіктердің ішінде әредік болса да түбір тұлғасынан көрі грам-матикалық тұлғаланған қалпында жиі қолданылатындары да жоқ емес. Тапжыл, тапжылт; бұлжы, бұлжыт, ау, оң тәрізді түбірлердің: тапжыл-ма, тапжылт-па-й, тапжыл-т-пастан; бұлжы-ма-йтын, бұлжы-т-қан емес; ау -ма-ған (әкесі), ау-дыр-ма-й; оң-ып тұрған жоқ, оң-ба- ғыр, оң-дыр-т-па-ды т. б. осы тәрізді тұлғалық

126

өзгерістерге түсіп қолданылуы тілдегі табиғи заңдылықтардан саналады.



Осы тағы басқа толып жатқан жеке-дара қасиеттерін ескере оты-рып, сабақты және салт етістік болып улкен екі топқа бөлінетін етіс-тіктерді етістік тубірлерінің болымды түрі деп, үлкен бір аяға сый-ғызуға болады. Өйткені етістіктің болымсыз түрін, былайша айтқанда болымсыздық етістікті жасайтын негізгі тәсіл -ма\\-ме, -ба\\-бе; -п а\\-п е жұрнағының лексика мен грамматика саласында алатын орны ерекше. Оны ескермескө болмайды. Етістіктің түбірі мен бұйрық райдың 2-жақ, жекеше, анайы түріне қаратыла айтылатын сөздер бүкіл тюркологиялық әдебиетте де, қазақ тілі оқулықтары мен жеке зерттеулерде де үнемі дерлік бір тұрғыдан қаралып келгендігі мәлім. Шын мәнінде: бар-шы, отыр-са-й-шы, жүр-іңкі-ре-се-ң-ші т. б. осы тәрізділер сен деген есімдікке қаратыла айтылғанмен, оларды түбір етістік деген шеңберге жатқызуға болмайды. Мұны ол сөздерге -м а\\-м е болымсыздың формантын үстеп: бар-ма-шы, отыр-ма-са-й-шы деп айту арқылы да оңай дәлелдеуге болады.

Е с к е р т у: Етістіктің үдетпелі түрін жасайтын -ы ң қ ы р а//-і ң к і р с (отыр-ыңқыра, күт-іңкіре) жұрнағы бұл ережеден тыс қаралады. Өйткені етістіктің лексикалық мәнін өзгертпейтін, сондай-ақ үстеме мөн де қоспайтын бұл тұлға: жүр-іңкіре-ме болып, -м а\\-м е болымсыздың жұрнағынан бұрын қосылып қолданылғанмен де ол етістіктің лексикалық мәнін өзгертпейді, үстеме магына да қос-пайды.

Етістіктің түбірі деген үғымға дара етістік, — дербес лингвистика-лық единицалар ғана емес, етістік негізді немесе есімдермен, басқа сөз таптарымен де аралас келетін: олай етпе, гүрс ет(ті); басшылық ет, айта сал (құлақ сал емес), түсініп ал (көңілге ал емес), алаң бол (алаң болма, алаң болып), аш е- (аш екен, аш еді, аш емегенде) т. б. толып жатқан күрделі компоненттер де жатады.

Осындағы келтірген мысалдарға қарағанда етістіктердің ішінде жеке-дара тұрып-ақ толық мағына беріп, дербес қолданылатындары, сонымен қатар (айт, түсін) оларға, көбінесе, грамматикалык; қосымша мағына үстеп, көмекшілік қызмет атқаратындары да бар. Сал етістігі қолыңды қалтаңа сал дегенде тікелей өз мағынасында айтылып, бере сал тіркесінде көмекші етістік қатарына жатады. Ет пен е (е-ді, е-мес, е-кен т. б.) етістіктері үнемі көмекпгі компоненттер тобын құрайды. Жат (келе ж а т ы р, бара ж а т ы п), түс (сөйлей т ү с), бер (әнді аңыратып қоя б е р д і) т. б. орнына қарай негізгі және көмекші етістік функцияларын атқарып, екі ұдай қолданылады. Осылай кең де әр жақты қарап, түбір етістік дейтін межеге сыйғызуға келетін сөздерді іс-әрекет, амал, қалып процесінің динамикасын білдіруі жағынан төмендегіше бірнеше лексика-семантикалық топқа бөліп қарауға болады.

1. Объектімен т і к е л е й б а й л а н ы с т ы і с-ә р е к е т т і білдіретін етістіктер. Бұл топқа, негізінен, сабақты етістіктер жатады. Бірақ олардың өзін субъекті іс-әрекетінің объектіге қа-тысына қарай:

а) же, іш, пісір, қаз, құрт, піш, уат, кес;

ә) майла, боя, сүтте (сүттеп шай ішу), асфалътта, сабында, оюла, лентала (шашын ленталап өрді);

б) ұр, соқ, жық, көтер, апар, әкел, ал, бер;

в) жүр (шахмат, дойбы, картаны жүр дегенде), бас (аяғыңды б а с), қат (тіл қ ат у);

г) көр, есіт, оқы (кітапты) ұқ, ұйымдастыр, түсін, сезін, сүю, көңлі түсу, аңсары ауу д. м. тәрізді бірнеше топқа жіктеп көрсетуге бо-лады.

127


2. Субъекті қозғалысын, беталыс, бағытын білдіретін етістіктер. Бұлар, негізінен, салт етістіктер тобын құрайды. Оларды да іштей:

а) кел, кет, бар, қайт, жүр (кейін жүрме, ілгері ж үр ол осында ж ү р), серуенде.

ә) түс, шық, көтеріл, көлбе, көлкі, ақ, жау, құй, төк;

б) үш, самға, сырғана, жылжы, шап, жорт, жорғала, жүгір;

в) жинал, тара (хабар т а р а д ы), тарқа, ыдыра; т. б. осы тәрізді саралап бөлуге болады.

3. Субъектінің қалып, сапалық өзгеру процесімен байланысты айтылатын етістіктер. Бұған да, негізінде, салт етістіктер жатады. Олардың бір-бірінен мағыналык, айырмасы бар:

а) үйықта, оян, қуан, қайғыр, ренжі, уан;

ә) азай, көбей, ортай, молық, толық, кемі, кеңі, тарыл, семір, іс;

б) ұзар, қысқар, өс, ағар, көгер, сарғай, әдемілен;

в) өл, ауыр, жазыл, сем, тіріл, қат (қатып қалды), ту (ол 1900 жылы туды), қыз (от қ ы з д ы), жан (шам жанды), кеп (шүберек ке п т і);

г) бат, шом (ойға б ат у, ш о м у), тұр, отыр;

д) аш (қарны ашт ы), ашы (көзі ашыд ы), жар (тісі ж а р у) тәрізді одан әрі т. б. топтарға жіктей беруге болады.

4. Бейнелеу етістіктері. Бұлар да салт етістік және олар, негізінен, үлкен ү ш т о п қ а бөлінеді:

а) б е т-бейне, дене құбылуымөн байланысты айтылатындар: адырай, бақырай, едірей, безірей, бүкірей, мықырай; тыржыңда, мықшыңда, орди, ими, сиди, ілми, жыми т. б.

ә) дыбыстаумен байланысты динамикалық процесті білдіретіндер: маңыра, мөңіре, үр, мияула, ой-байла, айқайла, шәуілде, бозда, ыңыран, ыцырсы, қыңсыла, шырылда, іцгәла, шиқылда, сайра, шырқа, тарсылда, сусылда т. т. лар.

б) т ү р-т ү с т. б. құбылмалы п р о ц е с т е р д і білді-ретіндер: жалтылда, үлпілде, үлбіре, жалпылда, қызараңда, аға-раңда, көлбеңде, ербеңде, елпелекте т. б.

5. Ішкі объектілі салт етістіктер. Бұған:

а) қозда (қой қоздады), бұзаула, күшікте (түлкі, қасқыр, ит, мысық күшіктеді), құлында, ботала, жұмыртқала;



в) гүлде (алма гүлдеді), жапырақта- (ағаш жапырақтады), жапа-лақта (қар жапалақтап тұр), тісе (бала тісеп жүр), қана (қолы қана-ды) т. б. осы тәрізділерді мысал етіп келтіруге болады.

Е с к е р т у: Ертеден бері халық санасында қалыптасып кеткен: Күн шықты, Күн батты, Ай туды, Жұлдыз ақты, Жер сілкінді т. б. салт етістіктерді де атай кету керек болады.

6. Көмекші етістіктер тобы деп, оған: е, еді, екен, емес, емегенде, де, деп, дейтін, шығар т. б. күрделі компоненттерде косалқылық қызмет атқаратын сыңарларын жатқызуға болады.

ЕТІСТІКТІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Аглютинативті тілдер тобына жататын қазақ тілінің қай сөз табы болмасын, соның ішіндө етістік те, грамматикалық ешбір тұлға-лануға түспегеннің өзінде әр сөз табына тән грамматикалық мәнге ие болады. Мәселен, оқушы, көйлек, көгал деген зат есімдер жеке-

128


даралықты білдіріп, атау тұлғадағы сөздер болып есептеледі. Олар осы тұлғаларында сөйлемнің бастауышы (о қ у ш ы келді), анықтауышы (оқушы жастар жиналды), толықтауышы (көйлек киді), баяндауышы (кіші баласы о қ у ш ы) болып қызмет атқарады, басқа сөздермен синтаксистік қарым-қатынасқа түседі. Етістіктер де осы тәрізді. Олар мейлі негізгі түбір (біт, өкін), туынды түбір сауық, кездес), кіріккен (әкел, апар, өйт, өйтіп, өйтпегенде), дара я күрделі (біліп ал) тұлғаларда келгенмен, шақ, жақ, рай т. б. грамматикалық категориялардың арнайы формалары қосылмағанның өзінде сол категориялардың белгілі мағыналарында қолданылады. Осында келтірілген әрбір етістік 2-жақ жекешенің анайы түріне қаратыла айтылып (с е н оны б і л і п а л), бұйрық рай, келер шақ мәнін береді. Былайша айтқанда, бұл грамматикалық мағыналар етістік түбіріне тән қасиеттерден саналады. Топ, қи, ор, өр, ақ, ау т. б. жүздеген омонимдерді есім сөздер немесе етістік деп, саралап тануда да лексикалық дара сөздерге тән семантикалық мәні мен грамматикалық өзгешеліктері негізгі меже болып табылмақ. Тілімізде тұлғалық өзгеріске әлі түсе қоймаған етістіктердің бұл грамматикалық қасиетін тұтасымен сақтайтын белгілі жүйелі категория да бар. Анықтап айтқанда ол — ең адымен етістіктің сөз тудыру модельдері. Басқа сөз таптарынан, сондай-ақ етістіктің өз ішінде де жаңа сөз жасаудың аса өнімді де кең тараған түрі аффикстер қосу арқылы, былайша айтңанда, синтетикалық амал ерекше орын алады. Тілде одан басқа екі немесе одан да көп сөздердің өз ара біріге я кіріге немесе күрделеніп барып тіркесіп, аналитикалық тәсілмен де жаңа етістіктер жасайтын заңдылығы орын тепкен. Сөйтіп бұл амалдардың лексикалық жаңа единица жа-саудағы ролі мен сөздің бастапқы тұлғасын (формасын) өзгерту ерекшелігін, оның үстіне туынды түбір бола тұрып, (оқы-т, көр-сет, ау-дар, сүй-іс, индустриялан-дыр, кез-ік) одан әрі формалык; өзгеріске ұшыра-май-ақ (бұйрық) рай, (келер) шақ, (екінші) жақ т. б. етістікке тән грамматикалық мағыналарды көрсету мүмкіндігін негізге алып, лексика мен грамматика тұтастығының айқын дәлелі тұрғысынан арнай баяндау қажеттігі туады.

Туынды түбір етістік дегенде әдетте аффикс қосылып барып пай-да болған: құт-ай, зер-ік, бас-та, бас-қар, сар-(ғ)-ай, мен-сін т. б. осы тәрізді жаңа лексикалық единицалар тілге оралады. Шын мәнінде сөз тудырудың барлық басқа тәсілдерімен де жасалып, тілімізде қолданылып жүрген: әкел, әпер, өйт, бүйт дегендерден бастап, отыра кет, ала қой, айтып жібер, күліп жібере жаздап барып қал(ды) тәрізді күрделі компоненттер де туынды түбір етістік деген термин сөздің шеңберінде қаралады.

Өз алдына етістіктерге қосылу заңдылығы, мағыналық ерекшелігі, тұлғалық көрсеткіші және синтаксистік қатынасы бар етіс кате-гориясы сөз тудыру модельдерінің синтетикалық амалына жатады, Вид категориясы бірді-екілі аффикстер болмаса, негізінен, аналитикалы тәсілдер тобын құрайды.

Етістік аясында қолданылатын бұл екі категорияны сөз тудыру жүйесіне қосып қарауда олардың лексика-грамматикалық қана емес, семантикалық тұтастығы да еске алынады. Бұл салада етістіктердің салт немесе сабақты болып, сондай-ақ болымды және болымсыз етістіктер тобына бөлінуі де олардың негізгі қасиеттерінен саналады.

Негізгі түбір етістіктердің сабақты және салт болып екіге бөліну-інде ешбір тұлгалық өзгешелік болмайды. Әрбір субъекті іс-әрекетінің объектілік қатынаста келу-келмеуімен белгіленеді-. Бұл семантикалық қасиет туынды түбір етістіктер саласында, әсіресе, соның ішінде, етіс категориясы аясында басқаша көрініс береді. Былайша айтқанда туынды түбір етістіктердің де морфологиялық

129


сипатына айнадады. Мұны -ла\\-ле мен -ай\\-е й, -а р\\-е р т. б. аффиксті түбірлес етістіктердің сабақты немесе салт болып келуі айқын танытады.

Сабақты: Салт:



ақ-та ағ-ар

қара-ла қара-й

кіші-ле (кішілеңкіреп кес) кіші-р, кіші-р-ей

Сөйтіп, бұл мысалдарда түбірлес туынды етістіктер тұлғалық айырмашылығына сәйкес бірде сабақты, екінші бір жерде салт етістік болып тұр.

Етістіктің лексика-грамматикалық ерекшеліктері тұрғысынан омоним және синоним мәселелеріне де қысқаша тоқтала кету керек болады.

Омоним және синоним мәселелері қазақ тілінде күні бүгінге дейін тек лексика саласында қаралып келді. Бұл тілдік категориялар грамматикада да, әсіресе сонын, ішінде аса күрделі сөз табынан саналатын етістік саласында да ерекше орын алады.

Омоним мен синонимнің тілдік сипатын грамматика тұрғысынан альш қарағанда бұған түрлі морфологиялық тұлғалар мен синтак-систік тіркестер негіз болады. Осы тұрғыдан қарағанда грамматика саласының өзінде омонимдер шеңбері синонимдерден әлдеқайда кең де, күрделі де болып келеді. Етістікке тән грамматикалық омонимді сөз ету үстінде есім сөздерге де соқпай өтуге болмайды. Ал, синонимдер бұл арада етістік тұрғысынан ғана, соның өзінде әрбір категориясы аясында баяндалады.

Тілде аса жиі кездесетін мен -с, -ыс\\-іс, -ма\\-ме; -мақ\\ -м е к т. б. толып жатқан аффикстер есімдер мен етістіктер тобында қатар қолданылады. Бұған сабау, түзету, жасау; айтыс, үзіліс, көрініс; жарма, терме, көрме; құймақ, жұмбақ т. б. сөздер мысал болады. Бұлардан басқа да мыңдаған туынды түбір сөздер морфологиялык тұлғалануы, синтаксистік қызметіне сәйкес өзінің реальды мәнінде көрініп есім сөздер немесе етістік сөз табына жатады.

Ол сөздер: сабау-мен, сабау-ды, түзету-лер, жасау-ын, айтысы-ына, үзіліс-ке, көрініс-тер, жарма-сы, көрме-де, жұмбақ-тың т. б. тә-різденіп, көптеліп, тәуелденіп, септеліп барып қолданылуы арқылы есім сөздер, оның ішінде зат есім деп танылады.

Мақта саба-ды, қатені түзет-іңіз, ағашты жарма-сын, сізден көр-мей-ді, кірпіш құймақ-пын т. б. тұлғаларда тұрып, белғілі шақ, белгілі жаққа қаратыла айтылып, етістік болып қолданылады.

Бұл тәрізді омоним аффикстер, былайша айтқанда омоформалар, есімдер мен етістікке ортақ болып келеді де, оларды бір-бірінен айы-рып қарауда, әрқайсысын өзіндік қасиетімен дұрыс тануда көптеген қиындықтар тудырады.

Грамматикалық омоним

Басы ашылмай, көп жағдайда тұтас қаралып жүрген омоформалар етістіктің өз ішінде де жиі кездеседі. Есімше, көсемше формала-рының шақ категориясында біртұтас қаралуын, сондай-ақ шақ пен рай категориясының да біте қайнасып жатуын осы тұрғыдан баян-дауға болады. Осыған сәйкес кептеген аффикстер екі ұдай аталады. -ғ ан\\-ген (оқы-ған, көр-ген) формасының өткен шақ есімще аффик-сі, -а р\\-ер, -с (айт-ар, біл-ер, кет-пе-с) — келер шақ есімше аффиксі

130


делініп, әрі есімше, әрі шақ тұрғысынан бірдей танылуының өзі ол форманттардың омонимдік қасиетінен келіп туған. Көсемше аффикстері де осы тәрізді: -п, -ып\\-іп — көсемшенің жедел өткен шақ аффиксі, -а, -е, -й — көсемшенің ауыспалы осы шақ аффиксі т. б. осы тәрізденіп аталады.

Ашық райда қамтылатын үш шақ та осылайша бір тұтас алынады. Сондай-ақ бұйрық раймен келер шақ, есімшенің -мақ\\-мек (бармақ-пын, кет-пек-сіз т. б) формасы мен мақсатты келер шақ, қалау райы осы бір аффикстің төңірегінде баяндалады. Шақ пен жақ формалары да осы тәрізді. Жақ пен жекеше және көптік мағыналар- ды беретін морфологиялық белгілерде де осындай бір тұтастық орын алған. Кел-ді дегенде ол (олар) кел-ді больш, үшінші жақтың жекешесімен де, көпшесімен де бірдей қиысып тұрған етістік одан әрі кел-ді-м болып, бірінші жақтың (мен) жекешесін, кел-ді-ңдер болып, әрі екінші жақ, әрі оның көшпесін, сонымен бірге анайы түрін білдіріп, тілдегі 2—3 категорияға ортақ көрсеткіш болып қолданылады. Осын-дағы -д ы\\-д і (кел-ді, бар-ды) жедел өткен шақ аффиксінің, ауыспалы осы шақтың үшінші жаң көрсеткіші -д ы\\-д і (ол кел-е-ді, бар-а-ды) қосымшасымен де омоним болып келетін жағдайы бар.

Осында грамматикалық омонимге мысал етіп беріліп отырған аффикстер (мәселен, есімше, көсемше мен шақ) бір тұлға есепті танылып, бір шеңберде қаралып келеді.

Мұндай бір аяға сыйғызуға келмейтіндері де жоқ емес. -с (-ы с\\ -іс) формасы етістік саласында:

а) ортақ етіс (хат жаз-ыс-у, көр-іс-у) аффиксі;

ә) ырықсыз етіс (үй майла-н-ды, ет жел-ін-ді) аффиксі,

б) есімше (білме-с, естіме-с) формасы,

в) үшінші жақтың көпшесін білдіретін (олар орындарына отыр-ыс-ты) қосымша,

г) туынды түбір етістік жасайтын (бүр-іс суықтан тоңып, б ү р і- с і п қалыпты дегенде) аффикс болып, т. б. мағыналарда қолданы-лады.

-н (-ы н\\-ін) формасы:

а) өздік етіс (сыла-н-у, ки-ін-у) аффиксі,

ә) ырықсыз етіс (үй майла-н-ды, ет жел-ін-ді) аффиксі, .

б) туынды түбір етістік жасайтын (алқы-н; салыстырыңыз ал-қы-м < алқа) жұрнақ,

в) бұйрық райдың 1-жақ жекешесін (барай-ын салыстырыңыз: барай-ық),

т) келер шақты білдіретін аффикс т. б. (көрген еме-н, көрмей-ін-ше) мағыналарда қолданылады.

Етістікке тән грамматикалық категорияларда өз ара омоним топ құрайтын бұлардан басқа формалар бар.



Қарай көр (қарай көр өзін) мен айта көрме, жатайын деп жат-қанда деген мағынадағы жатып жатып (қыздар жатып жатып ән салды) пен ж а т ы п-жатып жамбасың ауырмады ма? дегендер синтаксистік омоним тұрғысынан танылады. Болымсыздың барма (ол жерге бүгін барма) етістігі мен бар ма? (үйде ешкім б а р м а?) сұрау шылаулы тіркес морфология мен синтаксис саласындағы грамматикалық омоним қатарына жатады.

Грамматикалық синоним



Әдемі, сұлу, көркем, әсем, келбетті, сымбатты, кескінді т. б. сын есім сөздер синонимдік топ құрап, өз ара мағыналас болып келетіні тәрізді толық мағыналы дербес лингвистикалық единицалар барлық

131


сөз табына да тән ерекшеліктерден саналады. Осы сияқты мағыналас болып келу жеке сөздер ғана емес, қосымшалар мен синтаксистік тіркестерде де кездеседі.Бірақ грамматикалық синонимнің лексика тұрғысынан баяндалып жүрген синонимнен айырмасы, өзіндік өзге-шелігі бар. Бұл әсіресе етістік сөз табында айқынырақ кезге түседі.

Етістіктің әрбір категориясы шеңберінде арнай сөз етуге тура келетін грамматикалық синонимдер құрамы жағынан әр түрлі болып келеді.

1. Бір текті аффикстер синонимдік топ құрайды. Бұған туынды түбір етістік жасайтын аффикстер тобынан: шүлдір-ле мен шүлдір-е, салдыр-ла мен салдыр-а дегендердегі -л а\\-л е мен -а, -е аффиксте-рін, сондай-ақ: ала-р және ала-й, ұз-ар және ұз-ай, көл-де мен көл-кі, кез-дес пен кез-ік, жаз-дыр мен жаз-ғыз түбірлерін-

дегі мағыналас т. б. қосымшаларды мысал етіп келтіруге болады. Айт-атын сөз, айт-пақ сөз, өл-ердей күлді, өл-генше күлді т. б. есімше тұлғалылар да осы тұрғыдан танылады.

2. Әр текті және құрамы өзгеше болып келетін аффикстер де өз ара синонимдеседі. Мысалы, үйді ақ-та деген мен ағ-ар-т, қара-ла мен қара-й-т, от-ық пен от-та-н, ой-ла мен ой-ла-н, құмар-т пен құмар-ла-н т. б. Айт-па-й тұрып, айтпа-стан тұрып тәрізді көсемше формалары да осы топқа жатады.

3. Белгілі грамматикалық тұлғаның қысқара өзгеріп қалыптас-қан соңғы түрі мен оның алғашқы толық түрі де мағыналас болып келеді және олар тілде: бар-ғам < бар-ғанмын, көрген еме-н < көрген емес-пін, білер е-к < білер е-ді-к т. б. осы тәрізденіп қатар қолданылады.

4. Морфологиялық тұлғаға айналған бірсыпыра қосымшалар өзі-нің бастапқы аналитикалық төркінімен мағыналас келіп, тілде орын ауысып қолданыла береді.

Сен к е л-г е н-ш е мен сен келгенге ш е й і н,

Өзің б а р-ғ а-с ы н мен өзің барғаннан соң,

б а р а-м ы-с ы з бен барасыз ба?

т. б. осы сияқты мысалдар келтіруге болады.

5. Түбірлес сөздердегі аффикстер мен көмекші компоненттерінің синонимдік топ құрайтын да жағдайы бар. Бұған туынды түбір және күрделі етістіктерден:

арсыл-да-ды тарс ет-ті

шаңқыл-да-ған шаңқ ет-кен

кез-ік ~ кез-дес кез бол

жымың-да жымың ет

тәрізді көптеген мысалдар келтіруге болады.

6. Морфологиялық тұлғалар басқа да аналитикалық тіркестермен синоним болып келе береді.

Болымсыздық етістіктің:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет