Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967


ЕТІСТІКТІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ



бет15/22
Дата27.12.2016
өлшемі6,92 Mb.
#5669
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
ЕТІСТІКТІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ

Етістік басқа сөз таптарынан, есімдерден, етіс, рай, шақ катего-рияларымен ғана емес, сондай-ақ есімше, көсемше тұлғаларында қолданылуымен де және жасалу жолдарының өзіндік қасиеттерімен де ерекшеленеді. Етістікке тән осы категориялардың әрқайсысының белгілі тұлғалык, көрсеткіштері болады. Негізінде сөйлемнің баяндауыш мүшесі болып қызмет атқаратың етістіктің бұл тұлғалық көрсеткіштері, былайша айтқанда, қосымшалары, белгілі заңдылық тәртіппен қосылып, тілдегі өзінің реальдық мәнінде көрінеді. Қосымшалар бірінің орнына бірі ауысып, вертикальды бағытта кезектескен жағдайда да немесе бірінен соң бірі тіркесе қосылып тізбектеле қолданылғанда да етістіктің түбірі өзінің мағыналық және тұлғалық дербестігін сақтап өзғермей қальш отырады. Сөйлемдегі әр алуан сөздермен байланысып, өзінің сан түрлі грамматикалық функция атқаруында осы өзгермей қалып отыратын толық мағыналы бөлшегі етістіктің түбірі делінеді. Басқа грамматикалық категорияларды қоспағанда, етістіктің түбірі жалаң түрде екінші жақ жекеше сен деген жіктеу есімдігіне қарата бұйырылып: жаз (сен жаз), әкел (сен әкел), ойлан (сен ойлан), бітір (сен бітір) т. б. осы сияқтанып айтылады.

Дыбыс және буын үңдестігіне сәйкес -ма\\-ме, -б а\\-б е, -па\\ -пе түрінде қолданылатын болымсыздық жұрнағы оқы-ма, кет-пе, жаздырт-па, айтқыз-ба болып, үнемі етістік түбірінен соң қосылады да, есімше, көсемше, рай, шақ, жақ аффикстерінен бұрын тұрады. Міне сондықтан да болымсыздық жұрнағы етістіктің лексикалық мағыналық бөлшегі яғни түбірі мен оның грамматикалық қолданылуының шегін көрсететін морфема деуге әбден болады.

Ескерту: -ма//-м е жұрнағынан бұрын тұрса да етістік түбірі деп қарауға келмейтін тұлғалардың да бар екенін ескерте кетуге тура келеді. Бұл топқа барлық етістік түбірлеріне дәрлік қосылып: жүр-іңкірежүріңкіре-ме, күл-імсіре күл-імсіре-ме болып қолданыла беретін -ң қ ы р а, -ңкіре, -мсыр а//-м с і р е аффикстері жатады.

Етістік түбірлері деп бір шеңберде қаралатын сөздердің өзі буын саны мен морфологиялық құрамы жағынан әр түрлі болып келеді.

138


Кел, жу, ой, көр, біл т. б. бір буындылар мен оқы, қара, төле, отыр тәрізді екі буынды түбір етістіктер бір морфема болып танылады. Етістіктердің бұл тобы негізгі түбір етістікке жатады. Осы негізгі түбір етістік дегендердің ішінде тарихи қалыптасуы жағынан алып қарағанда туынды түбірге жататындары да жоқ емес. Бүған: қоры<. қорға (<қоруғ-ла), оят (<ойғат<ояғла ет) т. б. етістіктерді дәлел етіп келтіруге болады.

Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген етістік түбірлерінің басым көпшілігі: ақ-та, әдемі-ле, түн-е, бай-ы, кіші-р-ей, ау-ыс, ау-ыс-тыр, ұйым-да-с-тыр тәрізді дара немесе күрделі аффикс қосылған туынды түбір болъш келеді. Осы келтірген мысалдарды өз ішінде ол бастағьі түбірі етістікке (мыс.: ау, бітір, ұйымдас т. б.), немесе есімдерге (ақ, әдемі, түн, бай, ұйым т. б.) жатады деп одан әрі бөліп қарауға1 болады.

Тілде аса жиі кездесіп, кең қолданылатын күрделі етістіктер мен қос сөз тұлғасында айтылатын тіркестер де етістік түбірлерінің бөлтілі түрлерін қүрайды. Синтаксистік бағдарда тіркесетін бұл түбірлердің оқып шық, ала кел, ойнай бер деген екеуі де етістіктен күрделенген, ер жет, жақсы көр, жылмаң қақ тәрізді болып, есім мен етістіктің тіркөсуінен пайда болған түбірлердің өз ара айырмашылығы болады. Бұларға қарағанда айта-айта, жылап-сықтап, көрген-білген, айтып-айтпай (айтып-айтпай не керек) т. б. көптеген қос сөз түбірлі етістіқтердің өзіңдік ерекшелігі бар.

Міне осы жоғарыда санап өткен тағы бұлардан басқа да етістік-тің түрлері, етістіктің түбірі деген белгілі каіегорияға жатады. Олар сөз жасаудың:

1) морфологиялық тәсілі және

2) синтаксистік тәсілі бойынша қалыптасқан болып, екі үлкен топқа бөлінеді.

Жұрнақ қосылу арқылы жасалғандардың бәрі, былайша айтқан-да туынды түбір етістіктер, морфолоғиялық тәсілдің шеңберінде қа-ралады, ал күрделі етістіктер мен қос сөздер, бірді-екілі болса да тілде кездесетін кейбір біріккен түбірлер соңғы тәсіл, синтаксистік тіркестен барьш жасалған етістіктер тұрғысынан баяндалады.

ТУЫҢДЫ ТҮБІР ЕТІСТІКТЕР

Сөз тудыратын жұрнақ қосылу арқылы жасалған етістіктер ту-ынды түбір тобына жатады. Басқа сөз топтары сияқты етістік-тердің жасалуьшда да қосымшаның префикс түрі қолданылмайды. Аффикстер горизонтальды бағытпен постпозитивті жағдайды сақтап, түбір соңына тіркеседі.

Тюркологиялық әдебиетте дәстүрге айналған тәртіпті сақтап, ту-ынды түбір етістіктерді жасалу тегіне қарай:

а) есімдерден жасалғандар және

ә) етістік негізді туынды түбір етістіктер деп, екі топқа бөліп қарауға: болады. ,

Барлық түркі тілдерінің, сондай-ақ қазақ тілінің де грамматика-ларында -ла\\-ле; -д а//-д е; -т а\\-т е аффиксі туынди түбір етістік жасайтын бірден-бір және аса өнімді формант болып саналады. Әр тілде түрлі фонетикалық вариантта кездесетін бұл аффикс қазақ тіліндегі барлық сөз тапгарынан да, соның іпінде етістік пен үстеу, одағай, еліктеуіш сөздерден де етістік жасайды. Мыс.: үр-ле-у9, тісте-ле-у, сыға-ла-у, аһ-ла-у, елең-де-у т. б.

" Бұдан былайғы жерде туынды түбір етістіктер бар-ла, із-де тәрізді түбір тұлгасымен қатар жоқ-та-у, аг-ар-у болып, аффиксті түрінде де мысал етіп беріледі.

139

Басқа сөз таптарымен қатар етістік негізді болып келетін -а, -е; -л ы қ\\-л ік; -ық\\-ік; -шы\\-ші т. б. аффикс арқылы жасалған туынды түбір етістіктер де кездеседі. Бұғак: көн-діг-у және көн-іг-у, көн-ші-у (жазылуы — көншу), көпір-ші-у (көпіршу), түй-ре-у, бұр-а-у, көб-ей-у (көбею), кішір-ей-у (кішірею) т. б. мысалдар келтіруге бо-лады.



Сөйтіп өнімді немесе өнімсіз, сондай-ақ, қазіргі қазақ тілінде тірі немесе өлі формант болып саналатын аффикстер қосылу арқылы жасалған туынды түбір етістіктер көбінесе есім және етістік негізді болып келеді. Етістік негізділерге жоғарыда мысал етіп келтірген т. б. туынды түбірлермен қатар етіс аффикстілерді түгел қосуға бола-ды. Тілде жиі кездесетін -қыла\\-кі л е; -м с ы р а\\-м с і р е; -ңқыра\\ -ң кіре аффикстерінің жөні басқаша. Етістіктің (көрініс) сипат категориясының тұлғалық ерекшелігі болып саналатын бұл форманттар түркі тілдерінің бәрінде дерлік кездеседі, бірақ олар әр тілде өзіндік ерекшелігімен қолданылады.

Татар, башқыр тілдерінде кез келген етістік түбірімен тіркесіп айтыла беретін -қ ы л а\\-к і л е, -ғ а л а\\-к әл е аффиксі қазіргі қа-зақ тілінде -мс ыра\\-м с і р е тәрізді санаулы етістіктермен ғана соның ішінде негізінде сабақты етістіктермен қосылып қолданылады. Бұларға қарағанда кез келген етістік түбіріне қосыла беретін -ң қ ы-р а\\-ң к і р е (айт-ыщыра, жүр-іңкіре) аффиксінің жөні басқаша болып келеді. Сондықтан да оларды сөз тудырушы емес, сөздерді түрлендіруші формалар қатарында қарау керек болады.

Сөйтіп етістік негізді туынды түбірлердің жасалуына -ң қы р а\\ -ң к і р е деген форманттан басқа жоғарыда санап өткен бірді-екілі аффикстер мен етіс катөгориясының морфологиялық белгілері негізгі ұйтқы болады.

Барлық сөз таптарынан, соның ішінде етістіктен де, етістіктің туынды түбірлерін жасайтын аффикстердің саны бүкіл фонетикалық варианттарын қосып есептегенде екі жүзден асады. Бұл салаға етіс аффикстері де қосылады. Беретін мағынасы, сөйлемдегі қызметі, осыларға сәйкес тілде белгілі жүйелі топ құрауы жағынан басқа аффикстерден етіс категориясының өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан да бұл категория туынды түбір етістік жасайтын басқа аффикстерден бөлініп алып, өз алдына жеке баяндалып отыр.

Етістік тудыратьш аффикстер өздерінің дыбыс және буын құрамы жағынан, қолданылу қабілеті және беретін мағыналары тұрғысынан әр қилы болып келеді.

Солардың ішінде әсіресе -л а\\-л е және осы тектес -л а н\\-л е ң; -л а с\\-л е с; -л а н д ы р\\-л е н д і р; -л а с т ы р\\-л е с т і р аффикс-тері аса жиі қолданылады. Бұл морфемалар арқылы жасалған етіс-тік түбірлері өздерінің тегіне қарай қазақ тілінің байырғы етене сөздері ғана емес, күні кеше еніп, тілімізге сіңісіп отырған жаңа сөз-дер — неологизм, интернационалдық атаулар да болып келе береді. Мыс.: асфалът-та, электр-лен-дір, колхоз-дас-тыр, механика-лан-дыр-ыл-ған т. б.

Бұлардан басқа туынды түбір етістік жасайтын: -а, -л; -а й, -е й, -й; - а р, -е р, -р; -р а, -р е; -с ы, -с і т. б. морфемалар да тілде жиі кездесетін сөз тудырушы тұлғалар қатарына жатады. Құла-зы және тоң-азы, мең-зе және и-зе, қар-ма және көл-бе деген тәрізділермен қосылып, етістік жасап тұрған аффикстер қазіргі қазақ тілінде өнімсіз тұлғалар тобын құрайды.

140


Құрамы жағынан ат-а, кем-і, түн-е дегендердегі -а, -і, -е аффикс-тері жалаң дыбысты, а-, -е; -л а, -л е; -а р, -е р, -лан, -л а с т. б. жалаң буынды, ал -л а н д ыр; -л а с т ыр; -ң ғ ы р а, -ң г і р е; -мсыра; -ура; -қыла, -кіле тәрізділер көп буынды әрі екі-үш аффикстің тіркесе қосылуынан жасалған күрделі болып келеді.

Аффикстердің осындай ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды өз ара тектестіріп, әрқайсысын өз алдына жеке қысқа түрде төмендегіше баяндауға болады.

-ла||-ле аффиксі. Барлық түркі тілдерінде де, сондай-ақ олардың көне тарихында да кездесетін бұл аффикс қазіргі қазақ тілінде -ла\\-ле; -да\\-де; -та\\-те болып алты түрлі дыбыстык ерекшелікпен айтылады. Өзінен бұрынғы түбірлерге үндестік заңына сәйкес қосылып қолданылады, бүған үйлеспейтін мына тәрізді бірді-екілі ауытқушылық та кездеседі. Олар:

а) -л а\\-л е аффиксі ұйқы, қозы, ұры, жетек т. б. сөздердің соңғы дыбысын түсіріп барып, үндесе қосылады да, ұйық-та-у, қоз-да-у, ұр-ла-у, жете-ле-у (жетек-те-у деген де варианты бар) тәрізді етістік жасайды;

ә) мұның керісінше, түбір мен -л а\\-л е аффиксінің арасына дәнекер дыбыс үстеліп барып: зер-т-те, ер-т-те, конспект-і-ле, акт-і-ле тәрізді туынды түбір етістік жасайтын жағдайы да бар;

б) сөз, жаз және бау деген тәрізді мен дауыссыз дыбыстары-на аяқталатын сөздер -л а\\-л е аффиксінің қосылуына сәйкес сонор дыбысына айналып, сөй-ле-у (сөз деген түбірден), жай-ла-у10, бай-ла-у (сөз байлау дегенде түбірі -бау) сияқты туынды түбір етістікке айналады.

Түбір соңындағы -з ұяң дыбысының сонор дыбысына айналуы басқа аффикстермен тіркескенде де кездеседі. Саз сөзінея жасалып, сай-ра (бұлбұл сайрайды) деген етістікюе айналған түбір бұған айқын дәлел бола алады. Бұл тәрізді дыбыстық құбылыс, проф. Н. А. Баскаков айтқандай, түркі тілдерінің орта ғасырлық даму дәуірімен тығыз байланысты''.

-ла\\-ле аффиксі қазақ тілі грамматикаларында есім сөздерден етістік тудыратын жұряақ деп танылып келген болса, якут, ойрот тілдерінде бұл аффикс барлық сөз таптарына түгелдей дерлік қосы-льш қолданыла беретін аса өнімді форма болып есептелінеді. Қазак тілінде де бұл — өнімді тұлғалар қатарына жатады. Бірақ соған қарамай ол кез келген сөзге қосыла бермейді, зат есімнің де бәріне бірдей жалғанбайды. Қолданылуы мен айтылуында, беретін мағынасы мен атқаратын қызметінде белгілі заңдылығы мен шегі бар. Осы заңдылықты негіз ете отырып, бұл аффиксті әр сөз табы тұрғысынан қысқаша былай баяндауға болады.

...Зат есімнен жасалған -л а\\-л е аффиксті етістіктер: -л а\\-л е аффиксті туынды түбір етістіктер зат есімнің мынадай топтарынан жасалады:

1. Белгілі мерзім атаулары -л а\\-л е аффиксінің үстелуімен етістікке айналады да, көбінесе есімше не көсемше тұлғасында қолданылады. Мыс.: жылдаған уақыт өтті, ол уәделі күнді айлап күтті дегендердегі жыл-да-ған, ай-ла-п т. б. есімше тұлғасында анықтауыш, көсемшеде тұрып, пысықтауыш мүшелерінің қызметін атқарып, сол сөйлемдегі екінші бір іс-әрекетпен мерзімдік қарым-қатынаста көрінеді.

10 “Жаз жайлап”, “қыс қыстаған” деген тіркес, жай-ла дегеннің түбірі “жоқ” екөндігін дәлелдейді.

11 Н. А. Б а с к а к о в. Тюркские языки. М„ 1960, стр. 43.

141


2. Белгілі зат немесе зат бөлшегінің атаулары -л а\\-л е аффик-сінің қосылуьшен етістікке айналып, мынадай мағыналарда қолда- нылады.

а) іс-әрекет болатын жерді, мекенін білдіретін етістіктер жасайды.

Бұған: арқа-ла-у (жүкті, затты арқасына көтеру, арқалап тасу т. б.), жанбас-та-у, тізе-р-ле-у, сондай-ақ өзінің бастапқы тікелей; мағынасында болмаса да төбе-ле-у (ұру д. м.) т. б. көптеген мысалдар келтіруге болады.

ә) өзі не негіз болып тұрған етістіктің немен, қандай құралмен іске асатынын білдіреді. Мыс.: балта-ла-у, таяқ-та-у, ар-қан-да-у, құ-лып-та-у, утюг-те-у т. б. Көз-де-у деген етістікті де оның тікелей мағынасында осы топқа қосуға болады. Ал оның мақсат етіп қою деген т. б. мағыналарда айтылуы мен дене мүшелерінің атауларынан жасалған: бас-та-у, аяқ-та-у, қол-да-у, өкпе-ле-у, (жер) бауыр-ла-у т. б. толып жатқан тура және ауыспалы мағыналарды беретін туынды түбір етістіктерді де зат есімдердің осы тобы тұрғысынан қарауға болады.

3. Белгілі жер, орын және мекен мен кеңістік бөлшектерінің атауларынан жасалған -ла\\-ле аффиксті туынды түбір етістіктер өз алдына бір топ құрайды. Мыс.: базар-ла, жәрмеңке-ле-, өр-ле, ме-кен-де, тұрақ-та т. б. Бұл етістіктер: а) субъекті процесінің орнын; ә) бет алысын білдіреді.

4. Өлшем атаулары да -ла, -ле аффиксті туынды түбір етістік жа-сайды. Мыс.: тонна-ла-п астық тапсыру, метр-ле-п өлшеу, шелектеген сүт т. б. Етістіктердің бұл тобына: құлаш-та, адым-да, қарыс-та, сон-дай-ақ суды бойлап көрді дегендегі бой-ла тәрізді көптеген туынды түбірлерді жатқызуға болады.

5. Мал, жан-жануар балаларының атауларына -ла\\-ле аффиксі қосылып, төлдеу, балалау тәрізді көбеюмен байланысты айтылатын етістіктер жасалады. Мыс.: құлын-да-у, лақ-та-у, күшік-те-у, балапан-да-у, бұзау-ла-у т. б. Гүл-де-у, шешек-те-у, жапырақ-та-у тәрізді етістіктер де осы топқа жатады.

6. Қаратпа сөз — шақыру мен дыбыс атаулары -л а\\-л е аффиксінің үстелуімен:

а) апа-ла, папа-ла, тәте-ле, мама-ла (мамалап жылаған бала даусы шықты) көке-ле, шөре-ле-ген т. б. осы тәрізді біреуге я бір нәрсеге қаратыла айтылып тұрған процесті білдіретін туынды түбір етістік жасалады.

ә) шәуіл-де-у, шиқыл-да-у, шіңкіл-де-у, гу-іл-де-у, ысыл-да-у, ызың-да-у т. б. дыбыстардың бұлардан басқа да толып жатқан түрлерін м білдіретін етістіктер осы топтың құрамына енеді.

7. Белгілі іс-әрекеттің орындалуында объекті болатын атаулар -ла\\-ле аффиксінің қосылуымен сол объектілік мәнін сақтай оты-рып, етістікке айналады. Мыс.: тұз-да, бұрыш-та, май-ла, сабын-да, асфальт-та, әк-те, су-ла т. б.

8. -л а\\-л е аффиксті бірсыпыра етістіктер өздеріне негіз бо-лып тұрған заттарды жасап шығару, өндіру процестерін білдіреді. Бұған: қуыс-та-у, ою-ла-у, үңгір-ле-у, мая-ла-у, шөрке-ле-у, бет-те-у (бет қою, номерлеу д. м.) тәрізді етістіктер мысал болады.

Зат есімдерден жасалған -л а//-л е аффиксті етістіктердің ішінде бұл келтіргендерден басқа да мағыналарда айтылатындары бар. Көл-де-у мен қан-да-у және сел-де-у, сондай-ак, өктем-де-у мен астам-да-у және елес-теу мен саябыр-ла-у тәрізділерді мағыналық жақындығына қарай өз ара топтап көрсете кетуге болады.

142


Сын есімнен жасалған -ла\\-ле аффиксті етістіктер. -ла\\-ле аффиксі, негізінен сапалық сындардың; атауларына қосылып барып етістікке айналады. Соның өзінде сапалық сынның жай және таңдаулы шырай тұлғаларына қосылады. Қатыстық сынның тек -с ы з\\-с і з, -шең аффикстілері ғана -л а\\-л е аффиксі емес, соның күрделенген турі -д а н\\-д е н формантымен қосылып: әлсіз- ден, өңсіз-ден, мазасыз-дан, сөзшең-ден тәрізді туынды түбір етістікке айналады.

-л а\\-л е және -д а н\\-д е н аффикстері қосылып, сын есім не-гізді туынды түбірге айналған етістіктер мынадай мағыналарда жүмсалады:

1. Актив субъектінің өз объектісін сын-сапа жағынан өзгеріске ұшырататын іс-әрекетін көрсетеді. Бұлар сондықтан да сабақты етіс-тік тобына енеді. Мыс.: әдемі-ле, уақ-та, қара-ла, ақ-та, алабажақ- та т. б.

2. Субъектінің өзі сын-сапалық өзгеріске түсуін көрсететін салт етістік болып айтылады Мыс.: арық-та, жеңіл-де, көңілсіз-ден, дегбірсіз-ден, мазасыз-дан т. б.

Сан есімнен жасалған -л а\\-л е аффиксті т у ы н д ы түбір етістіктер. -ла\\-ле аффиксі бұл сөз табының есепті сан түрінен, оның өзінде кез келген конкретті сандар емес, бірлік, ондық, жүздік, мыңдық, миллион және миллиард тәрізді топтап, жинақтап айтуға келетін сан атауларына үстеліп қосылыл, үнемі есімше не көсемше тұлғаларда қолданылатын туынды түбір етістік жасайды. Ондай туынды түбірлер он-да-ған километр, жүз-де-ген сау~ лық, жүз-де-п, мың-да-п машина шығару т. б. осы тәрізді тіркестерде тұлғалық ерекшелігіне сәйкес сөйлемде анықтауыш немесе пысыктауыш болып қызмет атқарады.

Бірлік сандардың ішінен бір және екі тәрізді, сондай-ақ ширек, жарты т. б. бөлшек сан атауларына да -л а\\-л е аффиксі қосылады. Туынды түбір етістіктің бұл түрі оқушыларға дәптерді бір-ле-п, екі-ле-п те, көп болса он-да-п та бөліп беретін, тамағын жарты-ла-п жеді т. б. сөйлем тіркестерінде айтылады. Бір сөзі қосарланып, бір-бір-ле-п, бір-бір-ле-ген тәрізді тұлғаларда тұрып, жеке-ле-п деген мағына береді.

Жоғарыда келтірген мысалдан басқа екі деген сан атауының екі-ле-н болып айтылатын да жағдайы бар.

Жинақтау сан есімдерді де -ла\\-л е, сондай-ақ ортақ етіс аф-фиксі үстелген -л а с\\-л е с түрімен де қосылып: екеу-ле немесе екеу-ле-с, үшеул-е және үшеу-ле-с, жетеу-ле, жетеу-ле-с тәрізді іс-әре-кетке қатысты субъекті саньш көрсететін етістікке айналады. Бұлар қапты олар екеулеп көтерді, үшеулесіп жіберіңдер, төртеулеспесек болмас т. б. осы тәрізді тіркестерде кездеседі.

Етістік негізді -ла||-ле аффиксті туынды түбір етістіктер. Қазіргі қазақ тіліндегі бірқыдыру етістіктер өздерінің бастапқы мағынасын сақтай отырып, -л а\\-л е аффиксінің үстелуімен де қолданыла береді. Түбірлердің тұлғалық өзгеріске ұшырауы оларға үстеме ма-ғына қосады. Сонда:

а) тісте-ле, сүйре-ле, тырна-ла, қажа-ла т. б- -л а\\-л е аффиксінің үстелуімен дүркінді мәнде айтылатын етістікке айналады.

ә) саба-ла, жаңбыр сабалап, құйып тұр дегенде, үр-ле (отты үрлеу т. б.), бүк-те, қама-ла т. б. қосымша мағыналы жаңа лексемалар то-бын құрайды.



-л а\\-л е аффиксінің етістік түбіріне тікелей қосылмай, белгілі дәнекер аффикстерден соң үстеліп қолданылатын ерекшелігі тілде әлдеқайда жиі кездеседі. Мыс.: тіс-те-ле, сығ-а-ла, қайт-а-ла, тарт-қы-ла, ки-ме-ле, кел-гіш-те, құш-ақ-та т. б.

143


Осындағы -л а\\-л е аффиксімен тіркесіп тұрған күрделі тұлга-лардың алғашқы компоненттері етістіктен есім т. б. сөз таптарын жасайтьш морфологиялық тәсілдер қатарына жатады.

-ма\\-ме; -ба\\-бе; -п а\\-п е аффиксті қойма, көрме, тартпа, қызба, кезбе; сондай-ақ -қ ы ш \\-к і ш аффиксті ұшқыш, көрсеткіш, ізденгіш және құшақ, төсек, салмақ, қармақ, қарауыл, соққы тәрізді басқа да аффикстердің қосылуымен туынды түбір есімдерге айналып тұрған етістік негізді сөздер тілде жиі кездеседі. -л а\\-л е аффиксінен бұрын тұрған морфемасы қайт-а-ла дегенде өз алдына жеке үстеу сөз болып қолданылатын қайт-а (қайта сұрады дегенде) морфемасына негіз болып, дербес лексема қатарына қосылса, сығ-а-ла, қат-а-ла, шөк-е-ле дегендердегі -а, -е компоненті олай емес, -а л а, -е л е болып күрделенген күйінде қолданылады.

Осы тәрізді етістік түбіріне жалаң не күрделене қосылып қолда-нылатын -л а\\-л е аффиксін проф. Н. А. Баскаков өзінің қарақал-пақ тілі жөніндегі еңбегінде12 етістіктің вид (көрініс) категория-сының тұлғалық көрсеткіші деп түйеді. Бұл пікір, негізінен, қазақ тілі фактілеріне де үйлеседі. Мыс.: кес-кіле-у, түй-гіле-у, теп-кіле-у, жұл-ма-ла-у, кел-гіште-у, саба-ла-у, қажа-ла-у, үйке-ле-у т. б. Шөк етістігінен барып шөке-ле-у, бүк етістігінен бүк-те-у, сондай-ақ, үр-ле-у (үр-гіле-у я үр-гіште-у дегендермен салыстырыңыз), құш-ақ-та-у, бүр-ме-ле-у, қайт-а-ла-у, сығ-а-ла-у т. б. осы тәрізділерде жоғарғы мысалдардағыдай қайталақтау немесе дүркінділік мағына жоң. Мұндағы -л а\\-л е аффиксті күрделі форманттарды сөздерді түрлендіретін вид категориясына телімей, сөз жасаудың морфоло-гиялық тәсілінің құрамындй қараған жөн. Өйткені бұл келтірілген мысалдардың әрқайсысы дербес лексикалық единицалар есепті қолданылады. Соңғыларына қарағанда тілде әлдеқайда жиі кездесетін -қ ы л а\\-к і л е; -м а л а\\-м е л е т. б. күрделі аффикс-тердің өзі басқа түркі тілдерінен қазақ тіліндегі қолданылуында айырмашылығы бар. Татар, башқыр т. б. тілдерде кез келген етістікке қосылып қолданылатын -қ ы л а\\-к і л е (барлық фонетикалық вариантымен) аффиксі қазақ тілінде санаулы сабақты етістіктермен ғана тіркесіп айтьшып, шын мәнінде бастапқы түбірлермен жарыса қатар қолданыла беретін үстеме мағыналы дер-бес сөздер қатарын молайтады. Кес-у немесе кес-іс-у және кес-кіле-у мен кес-кіле-с-у (кескілескен соғыс дегенде), сондай-ақ, жұлқу мен жұл-қыла-у, жұл-қыла-с-у, теб-у, теп-кіле-с-у т. б. осындай түбірлес етістіктердің қолданылуындағы мағыналық айырмашылығы осылардың әрқайсысын жеке сөз деп, аффикстерін сөз тудырушы тұлғалардың қатарына қосуға мүмкіндік береді.

Қазіргі қазақ тілінде коры, қорға, қорғала (бұл арада қорығышта, қорғаншақта болып одан әрі т. б. тұлғаларда кездесетіндерін қос-пай-ақ) болып, қатар қолданылып жүрген түбірлес сөздер бар. Осындағы қорғала дегенді қорға және -ла деп екіге бөліп айтуға болады. Сонда осы жердегі -л а аффиксі, сүйре-ле, үр-ле, қама-ла т. б. туынды түбірлердегідей, етістік түбіріне тікелей қосылып тұрған тәрізді. Ал оның тарихи қалыптасу процесінен мынаны байқауға болады. Қорға дегендегі -ғ фонемасы әсіресе көне түркі тілдерінде жиі қолданылған -ү ғ, -ы ғ тұйық рай формасы. Сонда ол әуел баста қоруғ (негізі — көр етістігі), оған -ла қосылып: қаруғ-ла, ол айтыла келе дыбысының түсіп қалуға икемділігінен қорға деген түрде қалыптасқан. Ал қорға етістігі күні бүгінгі қоры (ит қорыған жерге өш дегенде қолданылатын) сөзінің пайда болуына негіз болып отыр. Сарғ-ай дегендегі сарығ сөзінің сары, ұлғ-ай>ұлы тәрізді парал-лельдер жасауы да бұл тарихи процеске дәлел бола алады.

Н. А. Б а с к а к о в. Каракалпакский язык, II. Ч. I, М., 1952, стр. 313—318.

144

Сөйтіп қазіргі қазақ тіліндегі қорға-ла етістігінде -ла аффиксі біреу ғана емес, тіс-те-ле дегендегі тәрізді рет қайталап тұр. Қу-да-ла>қу-а-ла және қу-у түбірле-рі де осы түрғыдан қаралады. Тіл дамуындағы бұл процесс күні бүгін үр-ле, бүк-те, сүйре-ле, қама-ла тәрізді етістік түбірлерінен соң тұрған -ла\\-ле жалаң аффиксінің тарихи қалыптасудың белгілі кезеңінде есім тудыратын дәнекер аффикстер арқылы тіркесіп қолданылғанын дәлелдейді. Сондықтан етістік негізді -ла\\-ле аффиксті туынды түбір етістіктер деп отырған бұл шағын бөлімнің атауы шартты түрде тілдің қазіргі даму процесі тұрғысынан алынып отыр.



Басқа сөз таптарыдан жасалған -л а\\-л е аффиксті туынды түбір етістіктер. Жоғарыда жеке-жеке тоқталған сөз таптарынан басқа -л а\\-л е аффиксі үстеу мен одағай, еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерден де, сондай-ақ бар мен жоқ, аз бен көп тәрізді есімдерден де туынды түбір етістік жасайды.

1. Мекен үстеулерінен: жоғары-ла-у, төмен-де-у, ілгері-ле-у, кей-ін-де-у тәрізді туынды түбір етістіктер жасалып, олар: ілгерілеңіз; оның оқуы кейіндеп кетті; құс жоғарылай ұшты; жоғарылатыңыз т. б. тұлғалар мен тіркестерде қолданылады.

2. Сын-қимыл үстеулерінен де жасалады. Мыс.: жай-ла (жайлап сөйлеңіз), жылдам-да (сөзі бұрынғыдан жылдамдады), бәсең-де-т, тез-де-т т. б. орысша, қазақша, тәжікше т. б. осы тәрізділерден жасалған: орысшалап сөйледі; қазақшалаңыз (қазақшыла түрінде де жиі қолданылады) дегендер де осы топтың шеңберінде қаралады.

3. Мезгіл үстеулері де -л а\\-л е аффиксімен тіркесіп қолданыла-ды. Бұрынғылардан бұл топтағылардың айырмасы кеш-те, түнде-ле т. б, осы тәрізді санаулы туынды түбірлер өзгелік етістің аффиксі үстеліп, түнде-ле-т-іп, кеш-те-т-іп, таң сәрі-ле-т-іп болып, көсемше тұлғасында, көбінесе, пысықтауыш болады. Бұл тәрізді туынды түбір етістіктерді үш топқа бөліп қарауға болады:

1. Белгілі дыбыспен байланысты айтылатын етістіктер:

а) -ы л\\-і л аффиксі қосылу арқылы зат есімге айналып барып, -ла\\-ле аффиксінің үстелуімен шыр-ыл-да, шиқ-ыл-да, тарс-ыл-да. күңк-іл-де, баж-ыл-да т- б. осы тәрізді көптеген туынды түбір етістік жасалады.

ә) мұндай дәнекер аффикссіз-ак, -л а\\-л е аффиксінің түбірге тікелей қосылуымен де: аһ-ла, үһ-ле, ойбай-ла, шу-ла, зу-ла, боз-да, гу-ле, у-ле т. б. толып жатқан дыбыспен байланысты айтылатын етістіктер жасалады.

2. Көрініс қүбылыстарын білдіретін етістіктердің бірсыпырасы бейнелеу және еліктеуіш сөздерге -л а\\-л е аффиксінің қосылуы- мен жасалған: жалт-ыл-да, жылт-ыл-да, жарқ-ыл-да, қараң-да, ағараң-да, қызараң-да т. б. осы тәрізді туынды түбір тұлғасында қолданылады. Жоғарыдағы мысалдар сияқты жарқ-ыл-да т. б. туынды түбірлерде еліктеуіш түбірлердің -ы л\\-і л аффиксі үстеліп, зат есімге айналуынан соң -л а\\-л е аффиксінің қосылуымен жасалған дәнекерлі туынды түбір етістіктер қатарына жатады.

3. Бейнелеу және еліктеуіш сөздердің бір тобы дәнекер -ы л\\-і л аффиксі және дәнекерсіз-ақ -л а\\-л е аффиксінің тікелей қосылуы-мен субъектінің жүріс-тұрыс, дене, бет-бейне қозғалысының неше түрлі құбылу процесін білдіретін туынды түбір етістіктерге жатады. Бұған: қисаң-да немесе қисалақ-та; елпең-де, елп-іл-де, елпелек-те; бұртың-да, маймаң-да, балпаң-да, тыржың-да, тыржалақ-та, жалтақ-та т. б.

а) Есім сөздер тобына енетін бар және жоқ деген сөздерге де -ла\\-ле аффиксі буын және дыбыс үндестігіне сәйкес тікелей қосы-

145

лып, бар-ла және жоқ-та деген туынды түбір етістіктерге айналады. Бар-ла етістігі, негізінде шолу, шолу жасау деген мағыналарда айты-лады. Жоқ-та етістігі іздеу деген мағынадан басқа қайтыс болған адамға арнай зар айтуды да білдіреді. Бар және жоқ сөздерінен жа-салған туынды түбірлер өздерінің тура және жанама мағыналарында сабақты етістік болып қолданылады.



ә) -ла\\-ле аффиксті бірқыдыру туынды түбір етістіктердің әуел бастағы түбірлері -л а\\-л е аффиксінсіз толық мағыналы дербес сөз есепті қолданылмайтын да тілдік құбылыс кездеседі. Мұндай өлі тү-түбірлер мөн -л а\\-л е аффиксінің қосылуынан жасалған туынды тү-бір етістіктерге: етпет-те, шалқа-ла, сыз-да, боз-да, дөңге-ле, дома-ла тәрізді салт етістіктер мен мәпе-ле, күлке-ле, айма-ла, кеп-те, кеу-ле, сұрып-та, қым-та, ал-да т. б. осы тәрізді сабақты етістіктер жатады.

-а, -е а ф ф и к с і. Бұл аффикс жуан буынды түбірлерге -а, жіңішке буынды түбірлерге болып қосылады. Бұл аффикс -л а\\-л е формантына қарағанда әлдеқайда сирек қолданылады. Ол, негізінде, зат есімдерден, санаулы сын есімдер мен бірді-екілі етістіктен туын-ды түбір етістік жасайды. Ондай туынды түбір етістіктер өздері жасаған бастапқы сөздердің мағынасына сәйкес субъектілердің әр түрлі іс-әрекетін білдіріп, сабақгы және салт етістік болып қолданы-лады.



-а, -е аффиксті сабақты етістіктер актив субъектінің объектіге ауысатын: өрт-е-у, қан-а-у, сын-а-у, мін-е-у, бұр-а-у, (қи(ы)н-а-у, тең-е-у, құр-а-у, өт-е-у т. б. осы сияқты іс-әрекетін білдіреді. Бұл келтірілген мысалдар: өрт, қан, сын, мін тәрізді зат есімдермен қатар қиын, тең деген сын есім және құр, бұр, өт деген етістік негізді болып саналады. -а, -е аффиксімен қосылып, етістікке айналған бұл сияқты туынды түбірлердің ішінде бастапқы негізі қазіргі қазақ тілінде өлі түбірге жататындары да кездеседі- Түт-ін сөзімен түбірлес түт-е (тү-теп кетті, түтетпе т. б.), ұз-ып дегенмен түбірлес үз-а (ол көз ұшында ұзап бара жатты) т. б.

-а, -е аффиксті салт етістіктердің ішінен түр мен түс және дыбыс құбылуына байланысты айтылатын жарқ-ыр-а, үлб-ір-е, жылт-ыр-а, қалт-ыр-а, дүрк-ір-е, күрк-і-ре т. б. көптеген туынды түбір етістіктер өз алдына жеке топ құрайды.

Жоғарыда келтірген мысалдар мен тағы сол тәрізді басқа да ту-ынды түбір етістіктердегі -а, -е аффиксінің арғы төркіні -л а, -л е аффиксінен өзгеріп қалыптасқан. Бұған мынадай бірнеше дәлел келтіруге болады:

Біріншіден, қазақ тілінде, сондай-ак, басқа да түркі тілдерінде сөз ортасындағы -л дыбысы көп жағдайда түсіп қалып, алып деудің орнына ап (айтып, алып>айтып ап), болып>боп, келіп -кеп (әкеп<. әкеліп, ап келіп<алып келіп) т. б. осы тәрізденіп қолданылу әдеби тілге де тән тіл ерекшеліктерінен саналады. -л а\\-л е аффиксінің кейбір түбірлер құрамында -а\\-е болып қысқара қалыптасуы әбден ықтимал.

Екіншіден, -л а\\-л е мен -а\\-е аффиксінің күні бүгіннің өзінде көптеген түбірлерде сылдыр-ла және сылдыр-а, шүлдір-ле және шүл-дір-е, былдыр-ла және былдыр-а, қалтыл-да және қалтыр-а, жылтыл-да және жылтыр-а болып, орын ауыстырып қолданылуы және олардың мағыналас болып келуі бұл төркіндестікті дәлелдейді.

Үшіншіден, -л а\\-л е-ден барып, -а, -е аффиксінің қалыптасқанын дәлелдеп жатуды керек етпейтін қу-да-ла>қу-а-ла, оң-да-л>оң-а-л тәрізді қазіргі қазақ тіліндегі тұлғалык, айырмашылығына сай мағыналық өзгешелікпен айтылатын туынды түбір етістіктер де бар. Түбірлес қоры<қорға<қоргала етістіктерін де осы тұрғыдан қарауға

146


тура келеді. Бұл түбірлер қоруғ-ла>қорғ-а>қоры, ал қорға дегенге үстеліп: қорға-ла болып тұрған -л а аффиксі саба-ла, үр-ле, шымшы-ла дегендердегі тәрізді іс-әрекеттің дүркіндігін білдіреді.

-ы, -і ж ә н е -д ы, -д і а ф ф и к с і. Қалыптасуы жағынан өз ара төркіндес бұл аффикстердің екеуі де қазіргі қазақ тілінде шеңбері тар өнімсіз форманттар тобына жатады. Кейбір жағдайларда -ы, -і аффиксі түбір сөзден бөліп қарауға келместей кіріге қалыптасқан туынды түбір етістіктер де кездеседі., Қалық-та мен түбірлес қалқы (су бетін де қалқыды), реніш деген сөзден жасалған ренжі (ренжімеңіз, ренжулі т. б.), қалғы тәрізді етістіктер бұған мысал бола алады. Ренжі деген етістік дауысты дыбыстан басталған қосымшаның әсерімен -п, -к, -қ қатаң дыбыстарының ұяңдана-тыны13 тәрізді дыбысының да болып, ұяңданып кететінін көрсетеді. -ы, -і аффиксінің қосылуымен байланысты реніш, қалық (қалық-та дегендегі) қо-қыс т. б. түбірлердің соңындағы қысаң -ы, -і дыбыстарының түсіп қалып: рен(і)ш-і>ренжі, қал(ы)қ-ы>қалқы, қоқ(ы)с-ы>қоқсы деген сияқты туынды түбір салт етістіктерге айналады. Мыж-мыж болу дегендегі мыж сөзінен жасалған мыж-ы туынды түбірден басқа -ы, -і аффикстілердің бәрі де салт етістікке жатады, ол етістіктер субъектінің жаңа сапа, басқа қасиетке ауысу процесі болып қолданылады. Мыс.: бай-ы-у (баю), жуас-ы-у (жуасу), кем-і-у (кему), кең-і-у (кеңу) т. б.

Осы келтірілген мысалдардағы -ы, -і аффиксінің әуел бастағы төркіні -а, -е болу керек- Өйткені ашық дауысты -а, -е дыбыстары қысаңданып, -ы, -і болып кетуге икем тұрады. Бұған мен, сен тәрізді жіктеу есімдіктеріндегі -е дыбысының баламын (<бала мен), жігіт сің (<жігіт с е н) дегендерде қысаңданып кетуі, сондай-ақ, қорға дегеннен күні бүгін қатар қолданыльш жүрген қоры етістігінің қалыптасып, дараланып шығуы тілдегі бұл құбылыстың заңдылығын дәлелдейді.

-а, -е дыбысының -ы, -і больш қысаңдануға бейім тұратыны -л ы, -л і, -д ы, -д і аффикстерінен айқынырақ байқалады. Қазіргі қазақ тілінің өзінде: қым-та (көрпесін қымтады) және қым-ты (қымтып ті-гу), аң-да (аңдамай сөйлеу) және аң-ды (аңдып тұру), бау-ла және бау-лы тәрізді бір түбірден қос өрімдене таралып, қатар қолданылып жүрген лингвистикалық единицалар тілдегі фонетикалық бұл қүбы-лысқа айқын дәлел бола алады.

-л ы, -л і; -д ы, -д і; -т ы, -т і аффиксті туынды түбір етістіктердің саны көп емес. Олар: а) бау-лы (балапандай баулыған), аң-ды тәрізді есім негізді; ә) мал-ты (ол малтып жүзе бастады), өн-ді (жұмысы өндімеді) т. б. етістік негізді; б) қым-ты (қым-та, қым-сын т. б. түбірлес), тім-ті (тімту немесе тінту деп те айтылады; сондай-ақ: тім-іскі, тім-іскі-ле-у дегендермен түбірлес) сияқты өлі түбірлермен тіркесіп барып субъектінің актив іс-әрекетін білдіретін сабақты етіс-тік болып келеді.

-р а\\-р е а ф ф и к с і. Бұл аффикс түбірлермен дара күйінде де, басңа аффикстермен үстемеленіп, күрделеніп барып та туынды түбір етістік жасайды.

-р а\\-р е аффиксі жалаң тұрып, туынды түбір етістік жасағанына: күй-ре, қу-ра, жай-ра, сай-раи, түй-ре т. б. мысалдар келтіруге болады.

13 Акад. I. К. Кеңесбаевтың фонетика саласындағы еңбектерін қараңыз.

14 “Бұлбұлдай сайрады” дегендөгі осы сай-ра етістігінің әуел бастағы түбірі — саз (сазына келтіріп дегендегі) деген есім сөз. з ұяң дыбысының сонор й дыбысына айналып қолданылуы “сөз”-дің сөй-ле, “жаз”-дың жай-ла (жаз жайлап, қыс қыста-ған) болып кетуімен де тілдегі заңды құбылыс есепті дәлелденеді.

147


Бұлардан басқа кейбір дыбыстау одағайларынан осы аффикстің қосылуымен өтістік жасалатын жағдайда: қой ма-ң-ыра-йды, сиыр мө-ң-іре-йді, бала -а-ң-ыра-п қоя берді дегендердегі тәрізді ма-а, мө-ө, а-а т. б. дыбыстауларды білдіретін сөздер мен -р а\\-р е аффиксі дыбысының дәнекерленуімен туынды түбір етістікке айналады. Мұндай дәнекер форманттар: ес-еңгіре, жас-аңғыра деген түбірлерде өздерінің бастапқы толық түрін тоғыспалы ықпалдың тұтастай көрініс беруімен сақтап қолданылып тұр. Бұл арадағы ес, жас деген есім сөздермен тіркесіп тұрған -еңгі-ре, -аңғы-ра аффикстерін жүр-іңкіре, сөй-ле-ңкіре, ойна-ңқыра дегендердегі дүркінділік мәнде айтылатын күрделі форманттармен шатастыруға болмайды.

Соңғы мысалдардағы -ң қ ы р а\\-ң к і р е аффиксі кез келген етістік түбіріне қосыла береді және олар сөздерді түрлендіргені бол-маса, жаңа мағыналы лексикалық единица жасамайды. Бұған қара-ғанда санаулы сөздермен ғана қосылып қолданылатын: а) жыла-мсыра, күл-імсіре; ә) қал-жыра, ел-жіре; б) өл-еу-сіре, талма-у-сыра; в) өз-еуре, жас-аура т. б- осы тәрізді туынды түбір етістіктер құрамындағы -м с ыра\\-м с іре; -жы р а\\-ж і р е; -у с ы р а\\-у с і р е, -у р а\\-у р е т. б. -р а\\-р е аффиксті күрделі морфемалардың мәні мүлдем басқаша.

Бұл арада түбірлерді етістікке айналдырып тұрған -р а\\-р е аф-фиксі. Одан бұрынғы аффикстер негізінен қазіргі тілде дербес қолданыла бермейтін өлі форманттар қатарына жатады. Осы жалаң және күрделенген түлғада қолданылатын -р а\\-р е аффиксті туынды түбірлердің ішінде: а) түй-ре, ас-ыра тәрізді сабақты етістіктерімен қа-тар, ә) тымау-ра, сай-ра, күл-імсіре, өз-еуре тәрізді салт етістік болып қолданылатындары да бар.

-с ы, -с і ж ә н е -с ы н, -с і н а ф ф и к с т е р і. Көбінесе есім сөздерге қосылатын бұл аффикстер етістіктің -ғ ан\\-г е н; -қ а н\\ -к е н аффиксті есімше түріне жалаң -с ы\\-с і болып тіркесіп туынды түбір етістік жасайды, Белгілі түбірлермен жүрек-сін, жер-сін, қым-сын, и-сін тәрізді болып барып қолданылатын -сын\\-с і н фор-манттары -с ы\\-\г і мен өздік етістің аффиксінен жасалған күрде-лі формада деп қарауға болады. Жалаң -с ы\\-с і мен осы күрделі -с ы н\\-с і н аффикстерінің қосылуынан пайда болған туынды түбір етістіктер төмендегідей бірнеше мағыналық топқа бөлінеді:

1. -с ы\\-с і аффиксті есім және етістік тектес туынды түбір етістіктер субъектілердің сол жасалып тұрған сөздерге ұқсау сияқты болу процесін білдіреді- Мыс.: үлкен-сі деген үлкен болмасаң да, үл-кен сияқты бол, өзіңді үлкен сана; оқыған-сы оқыған бол; көрме-ген-сі көрмеген сияқты. бол т. б. осы тәрізді мағыналарда айтыла-ды. -сын\\-сін күрделі аффиксті: мықты-сын, күшті-сін т. б. мағыналық ерекшелігіне қарай осы топқа қосуға болады.

2. -сын\\-сін аффиксі бірінші топта субъектінің етістік жасап тұрған сөзге ұқсау сияқты болу процесін білдіретін туынды түбір салт етістік жасаса, айтқалы отырған екінші топта субъектінің объектіні туынды түбір етістік жасап тұрған сөздер сияқты санау, ұқсату процесін білдіретін сабақты етістік жасайды. Алыс-сын-у деген алысқа санау, жат-сын-у деген жатқа санау, жат көру тәрізді мағыналарда айтылады. Ол маған өзімсіне сөйледі дегендегі есімдік негізді өзім-сін, бұдан басқа: аз-сын (азға санау, аз көру, аз деп қарау) көп-сін, жақын-сын т. б. осы тәрізді туынды түбір етістіктер осы топтың құрамына енеді.

3. -с ы,\\-с і аффикстілердің бір тобы субъектінің туынды түбір етістік жасап тұрған сөздерге айналу процесін білдіретін туынды тү-бір етістіктерге негіз болады. Бұған: салақсу (салақ-сы-у), босаңсу

148


(босаң-сы-у), көпсу (көп-сі-у), жіпсу (жібі деген түбірден) сияқты етістіктер мысал болады.

4. -с ы\\-с і және -с ы н\\-с ін аффикстілердің бұлардан басқа да мағыналары бар. Бұл топқа етістік негізді: сүй-сін, қым-сын, түй-сін, тік-сін, бық-сы жіктеу есімдігінен жасалып тұрған: мен-сін, мен-сін-бе, мен-мен-сі (менменсіген жігіттер), көне түбірлі: емек-сі, сың-сы, сондай-ақ еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерден жасалған: лық-сы, ыңыр-сы т. б. туынды түбір етістіктерді қосуға болады. Бұлардың ішінде: мен-сін, жер-сін тәрізді табыс септеулі объектілермен айтылатын сабақты етістіктермен қатар жанама толықтауыштармен тіркесе қолданылып, мағыналары айқындала түсетін: түй-сін, сүй-сін (мен оның бұл қылығына түйсініп немесе сүйсініп қалдым), қым-сын (үлкен кісінің алдына қымсына сөйледі) т. б. етістіктерді субъекті құбылысы мен қалпын көрсететін: лық-сы, бық-сы, сың-сы (сыңсыған орман, сыңсып жылады т. т.), ыңыр-сы дегендерден мағыналарына сай синтаксистік қызметтерінде де ерекшелік бар екенін арнай атап өту керек болады. Бұлардан басқа сар-ық (сар-қы) етістігімен түбірлес сар-сы-л (сарсылып күту немесе аяғы сарсылу дегеңдерде) деген туынды түбір салт етістік те -с ы\\-с і және -с ы н \\-с і н аффикстілер қатарына жатады.



-с а\\-с е және -сан\\-сен аффикстері. Жалаң -с а\\-с е мен оған өздік етіс форманты үстеліп, -с а н\\-с е н болған күрделі аффикс көбінесе есім сөздерге қосылады. Мыс.: аң-са, су-са, тең-се, бу-са-н т. б. Көк-се-у, өк-се-у, қау-са-у, сондай-ақ халық ауыз әдебиетінде жиі қолданылатын: бұр-сан, құр-сан (буырқанды, бұрсанды, Мұздай темір құрсанды) дегендер көне түбірлерден жасалған. Бұл келтірілген туынды түбір етістіктердің ішінде: аң-са, өк-се, тең-се дегендері — сабақты етістік, жалаң аффиксті су-са деген мен ~с а н\\ -с е н күрделі аффикстілер — салт етістік.

-ш ы\\-ш і а ф ф и к с і. Бұл аффикс те өнімсіз форманттар қа-тарына жатады. -ш ы\\-ш і аффиксті туынды түбір етістіктерді жа-салу тегіне қарай былай топтастыруға болады:

а) есімдерден: тер-ші, тықыр-шы, дөңбек-ші, аунақ-шы т. б.

ә) етістік түбірлерінен: көн-ші (көңлі көншімеді), көпір-ші, шап-шы.

б) еліктеуіш сөздерден: шым-шы (шымшып алу), быр-шы. {ашып-быршып кеткен), шор-шы (шоршу, шоршып кету);

в) бұлардан басқа: ыр-шы (ыр-ғы. дегенмен түбірлес), ор-шы (ор~ ғы дегенмен түбірлес) т. б. осы тәрізді өлі түбірден жасалған бірді-екілі туынды түбір етістіктер де бар.

-ш ы\\-ш і аффиксті бұл етістіктерге негіз болып тұрған сөздердің әуел бастағы лексикалық мағыналарына сәйкес айырмашылығы бар екенін былай қойғанда, -ш ы\\-ш і аффиксі үстеп тұрған мағыналық оттеноктарды төмендегіше жіктеп көрсетуге болады:

а) тер-ші деген етістік толық мәніндегі тер-ле етістігіне балама бола алмайды, көпір-ші мен көпір-у етістіктері де сол тәрізді. Өйткені -ш і аффиксті тер-ші мен көпір-ші, тер-ле-у мен көпір-у процестерінің жеңіл-желпі түрі, бастамасы ғана есепті қолданылады.

ә) аунақ-шы, дөңбек-ші, тықыр-шы дегендерде әрқайсысының өзіне тән лексикалық ерекшелігімен қатар процестегі дүркінділік мәні де айқын көрінеді.

б) ор-шы, ыр-шы, шор-шы, шым-шы дегендер мұның керісінше субъектінің бір мезетте болған бір сәттік қана процесін білдіреді-

в) көн-ші, тап-шы, бар-шы, теп-ші, өр-ші т. б. субъектінің қа-лыпы болып қолданылады.

149

-ш ы\\-ш і аффикстілердің теп-ші (көйлекті тепшіп тікті) дегеннен басқасы түгелімен дерлік салт етістікке жатады.

-лық\\-лік және -ы қ\\-і к аффикстері. -лық\\-лік аффиксінің буын және дыбыс үндестігіне сәйкес -д ы ц//-д і к; -т ы қ\\ -т ік болып қосылатын варианттары да бар. -л ы қ\\-лік аффиксі негізінен етістік түбірлеріне, -ық\\-ік аффиксі етістіктерге де, есім сөздерге де қосылып, туынды түбір етістік жасайды. И-лік пен и-ік, көн-дік пен көн-ік деген тәрізді түбірлес әрі мағыналас параллельдердің тілде қос өрімденіп қолданылуы бүл аффикстерді бір шеңберде қарап, төркіндес деп тоцшылауға мүмкіндік береді.

Етістік негізді туынды түбірлердегі -л ы қ\-л і к; -ы қ\\-і к аф-фикстері кейбір жағдайларда өздік етістің -ын\\-ін; -ы л\\-і л аф-фикстерімен орын ауыстырып та қолданылады. И-ліг-у мен и-іл-у, шай-лығ-у мен шай-ыл-у (жүрегім шайлықты, жүрегі шайылу), бу-лығ-у мен бу-ыл-у т- б. осы тәрізді мысалдар мен олардың мағыналас болуы етістіктен жасалған -лық\\лік; -ық\\-ік аффиксті туынды түбірлерді өздік етіс аясында қарауға мүмкіндік береді.

Есім негізді -ық\\-ік аффиксті туынды түбір етістіктер, негізінен, мынадай екі түрлі мағынада қолданылады:

1. Екі немесе бірнеше субъектіге ортақ іс-әрекетті білдіреді. Мұн-дай жағдайда сөз болып отырған субъекті (субъектілер) сөйлемнің бастауышы, онымен іс-әрекетке ортақ болып отырған екінші субъекті (субъектілер) барыс немесе көмектес септік тұлғаларында келетін жанама толықтауыштар арқылы беріледі. Мыс.: Жақынға ж ау ы қ с а жағалап кеп тағы жігітекті жентектейді. (Әуезов) Елімнің көрдім күші біріккенін. (Жароков) Екеуі аздап ілігісті де, аздан соң бірін-бірі түсініп:

Ой, тәйір алсын сені!... деп екеуі де күліп жіберді. (Мүсі-репов)

2. Субъекті қалпының етістікке негіз болып тұрған сапаға ауысу процесін білдіреді. Зар болу, мерт болу мағыналарындағы зар-ығ-у, мерт-іг-у, тот басу мағынасындағы тот-ығ-у, сондай-ақ, тар-ығ-у мен шыны-ғ-у т. б. бірсыпыра есім негізді туынды түбір етістіктер өз алдына жеке топ жасайды.

Әуел бастағы түбірі есім немесе етістік болып келетін -л ы қ\\ -л і к; -ы қ\\-і к аффиксті туынды түбір етістіктердің тұлғалық ұқ-састығына сәйкес жалпылама болып келетін жақтарымен қатар әр сөз табына тән ерекшеліктері де жоқ емес.

Сабақты жәнө салт етістікке бірдей қосыла беретін -лық \\ -лік, -ы қ\\-і к аффикстері сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Соқ, қақ, іл, и т. б. осы тәрізді іс-әрекеті объектіге ауысатын актив субъектінің процесі соқ-тық, қақтық, іл-ік, и-лік болып тұлғалық өзгеріске ұшырайды да, тура толықтауышпен тіркесетін қасиетін жойып, салт етістікке айналады. Бірақ субъекті процесі жаңа объек-тілі қатынасқа түседі. Оны мына мысалдардан айқын көруге болады. Мыс.: Әдемі қара мұртын сылауды, амандасуды ұмытып, келе Ермекке с о қ т ы қ т ы. (Мұстафин) Шар қыранға ш а п т ы ғ ы п, Таудай толқын қ а қ т ы ғ ы п, Көк дауылы тауды ұрды. (Жароков)

Сөйтіп мұндағы: соқ-тық, қақ-тық деген етістіктер барыс септеу-лі сөздермен тіркесіп, “өзін біреуге яки бір нәрсеге соғу” мәніндегі объектілі салт етістікке айналады. Бұларға қарағанда тек субъекті-нің өз қалпын, бір сападан екінші сапаға ауысу процесін білдіретін -л ық\\-л і к; -ық\\-ік аффиксті туынды түбірлердің екінші тобы объектіге ешқандай қатынассыз болып келеді. Көн-дік пен көн-ік, бу-лық, бас-тық, тол-ық, тал-ық, тын-ық т. б. соңғы топқа мысал етіп келтіруге болады.

150


-қ а р\\-к е р; -қ ы р\\-к і р аффикстері. Шығуы жағынан төркіндес бұл аффикстердің қазіргі қазақ тілінде қолданылу шеңбері мен беретін мағыналарында айырмашылық бар.

1. -қ а р\\-к е р және -ғ а р\\-г е р деген фонетикалық вариант-тарда кездесетін бұл аффикс көбінесе есім сөздерге қосылып, субъектінің объектіге ауысатын түрлі процесін білдіретін туынды түбір сабақты етістік жасайды. Аң-ғар, оң-ғар, бас-қар, ес-кер, су-ғар (>су-ар), өң-гер т. б.



Абай бұрынғы жас бала күнінде мұндайды аңғарып сезінген де, таныған да емес еді. (Әуезов) Шал қимылын майданда батыр-лықпен теңгерген. (Мәуленов) Мұның қызметін бір ғана машина атқарады; Машинаны бір-ақ адам басқарады. (Мұстафин)

2. -қ ы р||-к ір; -ғ ы р||-г і р аффикстілер, негізінен, субъектінің дыбыстау процесін білдіреді. Бұған: ө-кір, а-қыр, түш-кір, ос-қыр де-гендермен қатар -ы р аффиксті шыңғ-ыр (түбірі — шыңқ), бақ-ыр (түбірі — бақ: бақ-бақ ету) т. б. мысал етіп келтіруге болады. Бұл топтағылар түгелімен салт етістікке жатады.



-қ а\\-к е аффиксі. Бұл аффикстің -ғ а\\-г е деген де фонетикалық варианттары бар.

Қаңғы-р етістігінің казіргі қазақ тілінде қаңғы-р және қаңғы бо-лып қатар қолданылуы, сондай-ақ берік сөзінің бірде берік-те, берк-іт болып, екінші бір жерде бек-те, бек-іт варианттарында дыбысының түсіп қалуымен де айтыла беруі сөз еткелі отырған -қа\\-ке; -ғ а\\ -г е аффиксі жоғарыдағы -қ а р\\-к е р; -ғ а р\\-г е р формантымен төркіндестіруге әбден болатындығын дәлелдейді.

-қ а\\-к е аффиксінің -ғ а\\-г е деген фонетикалық варианттары етістік негізді қоз және тер деген түбірлерге ғана буын және дыбыс үндестіктеріне сәйкес қоз-ға, тер-ге болып қосылады. Бұл аффикс басқа түбірлерге соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай -қ а немесе -к е болып, қатаң күйінде қосылып қолданылады. Мыс.: шай-қа, тар-қа, шыр-қа, иіс-ке, бай-қа т. б. Осы келтірген мысалдағы тар-қа дегеннен басқасы түгелдей сабақты етістікке жатады, сондықтан олар субъектінің актив процесін білдіреді. Бұл топтағы етістіктер жасалу тегіне қарай да әркелкі болып келеді. Есімнен (иіс-ке), етістіктен (шай-қа, бай-қа, бай<.бақ), еліктеуіш (шыр-қа) және көне түбірлерден (тар-цқ<тар-а) жасалған.

-қ а н\\-к е н; -ан, -е н аффикстері. Жоғарыда баяндаған -қ а\\-к е аффиксі өздік етістің немесе формантымен күрделеніп, -қан// -кен және -қал\\-ғал аффикстеріне негіз болады. Мысалы: буыр-қанды, бусанды деген тіркесте жиі айтылатын буыр-қан, сондай-ақ: жай-қа-л, ыр-ға-л, сес-ке-н, т. б. Бұл форманттар кейбір түбірлерде: жиір-кен < жи(і)р-ен, тітір-кен < тітір-ен болып, -қан\\-кен мен -ан\\-ен аффикстерінің ауысып айтылуымен де қолданылады. Тілдегі бұл жағдай ең алдымен -қан\\-кен формантын -ан\\-ен аффиксінің көне түрі деп қарауға мүмкіндік береді. Осыған орай, бұл жерде -қ а н\\ -к е н аффиксі етістіктермен қатар күш-ен, емір-ен, күңір-ен (<күңгір-ен), шімірк-ен т. б. туынды түбірлер де сөз болып отыр. -қан\\-кен және -ан\\-ен аффиксті туынды түбірлер, негізінен субъектінің сезіну, психикалық түйсік процесін білдіретін салт етістіктер тобьша жатады. Жасалу тегіне ңарай да бұл топтағылар әр түрлі болып келеді. Күш-ен, күңір-ен, сес-кен дегендер есімдерден, шімірк-ен, жай-қал, жер-кен дегендер етістіктен жасалған.

-ырқа\\-ірке және -лқа аффикстері. Бұл күрделі аффикс: ес-ірке, мүс-ірке, шөл-ірке, жары-лқа т. б. туынды түбірлерде кездеседі.

-ырқа\\-ірке аффиксі кейбір сөздерге өздік етістің аффиксі үстеліп, -ырқан\\-і р к ен болған күйінде қосылып қолданылады.

151


Мысалы: аз-ырқан-у, аш-ырқан-у, шім-іркен-у т. б. -ы р\\ -і р мен -қ а\\-к е деп бөліп қарауға келетін бұл күрделі форманттың соңғы компонентін жоғарыда баяндаған -қ а\\-к е; -қ а н\\-к е н аффиксі деп қарауға әбден болады. Шыр-қа, иіс-ке дегендер тәрізді бұл жердегі: ес-ірке, мүс-ірке, тос-ырқа (тос-ын дегенмен түбірлес) т. б, — сабақты етістіктер, ал, аз-ырқан, аш-ырқан дегендер өздік етіс тұлғасында тұрып-ақ сабақтылык мәнін жоймайтын: пайда-лан, қол-дан (жаңа әдісті пайдалан, қолдан) етістіктері тәрізді. Алғашқы сыңары -ыр\\-ір: қысқа-р, жек-ір т. б. етістікке айналдыратын фор-мантқа жатады; -ы р қ а\\-і р к е болып күрделенген күйінде қазақ тілінде өнімсіз морфемаға жататын бұл аффикс хакас тілінде: -р х а, -ы р х а, -р к е, -а р х а, -е р к е, -о р х а, -о р к е т. б. фонетикалық варианттарда айтылып, туынды түбір етістік жасайтын өнімді тұлға болып саналады.

-ғ ы || -г і; -ғыт\\-гіт және -ғ а\\-г е аффикстері. Қатаң және -ң, -л сонор дауыссыз дыбыстарға аяқтаған түбірдің жуан, жіңішкелігіне қарай -қ ы немесе -к і болып қосылатын бұл аффикс мен сонор дауыссыздарынан соң -ғ ы\\-г і күйінде тіркеседі. Мыс.: ат-қы, көл-кі, тай-қы, бал-қы (бал-жыра, бал-быра дегендермен түбірлес); ор-ғы, кер-гі, зыр-ғы, зең-гі т. б.

Бәрі дерлік салт етістік болып келетін бұл туынды түбірлер ма-ғыналық бірнеше топқа бөлінеді.

а) Субъектінің вертикальды процесін білдіретіндер: ыт-қы, ыр-ғы, ат-қы, ор-ғы. т. б.

ә) сыр-ғы, зыр-ғы, көл-кі, тай-қы тәрізділер субъектінің горизон-тальды бағыттағы процесін білдіреді;

б) мең-зең дегендегі зең сөзінен жасалған зең-гі (басым зеңгіп кетті), бал-қы т. б. осы тәрізді бірді-екілі туынды түбір етістіктер субъектінің екінші қалыпқа, күйге ауысу процесі болып қолданы-лады.

ы||-г і аффиксі кейбір сөздерге -ғыт\\-гіт болып күрделенген қалпында қосылады. Мыс.: ора-ғыт {орағыта сөйлеу), құйғыт (құс төмен қарай құйғытты), ыз-ғыт (бала ызғыта жөнелді) т. б. Бұл топтағылар субъектінің қозғалысы мен белгілі бет алысы, динамика-лық процесс тобына жатады.



Зам-ға, сам-ға тәрізді -ғ с аффикстілерді осы -ғ ы||-г і тұлғалы туынды түбірлермен бір шеңберде қарауға болады. Біріншіден, ол етістіктердің субъектінің қозғалыс, бет алыс процесі болып қолданылудағы жақындығы ескерілсе, екіншіден, қазіргі қазақ тілінің өзінде: сыр-ғы. және сыр-ға-на; сор-ғы және сор-ға-ла тәрізденіп, -ғ ы мен -ғ а ашық дауысты форманттардың орын ауысып, қатар айтылуы оларды бір топқа қосып қараудың мүмкін екенін аңғартады. Аң-да, аң-ды дегендердегі тәрізді дыбыстық айырмашылығына орай тілде мағыналық ерекшелікпен айтылатын бұл аффикстерді төркіндес деп қарап, оларды бір-бірінің фонетикалық варианты есепті тануға әбден болады.

ж ә н е -ы т, -іт аффикстері. Өзгелік етістің -т (оқы-т, ойна-т т. б.) аффиксінен бөліп қарау керек болатын бұл аффикс кейбір -р, -н сонор дыбыстарынан соң -т, басқа жағдайда түбірдің жуан-жіңішкелігіне қарай -ыт\\-іт тәрізді фонетикалық варианттарда құмар-т, құнар-т, қара-у-ыт, тұман-т, шаң-ыт, күрең-іт тәрізденіп барып қосылады.

Гү л қурамас болсайшы, Кү н т ұ м а н т п а с болсайшы. (Сатыл-ғанов) Күндізгі ыстыққа шаңытылған кейбір жігіттер суға шомылып салқындағысы келді. (Ғабдуллин)

152


Өзгелік етіс аффиксі -т, біріншіден, етістік түбірлеріне қосылады. Екіншіден, ол аффикс қосылысымен-ақ, қойыл-т, тоңазы-т деген тәрізденіп олар түгелдей сабақты етістікке айналады. Мына келтір-ілген мысалдардағы: тұман-т; шаң-ыт, сондай-ақ: күрең-іт, құмар-т т. б. есімнен етістікке айналады және олар салт етістікке жатады. Бұл топтағы туынды түбір етістіктер субъектінің түр-түс, сапа өзгерісін білдіреді.

-р, -а р\\-е р ж ә н е -ы р\\-і р аффикстері. Өзара фонетикалық варианттас бұл аффикстер, негізінен, сын есімдерге, кейбір зат есімдер мен екі есімдікке (өзге, басқа) және бірді-екілі еліктеуіш сөздер мен өлі түбірлерге үндесу заңына сәйкес қосылып, оларды туынды түбір етістіктерге айналдырады. Мыс.: ұз-ар, жаңа-р, жек-ір, өзге-р, кем-ір (кем-ік), тойт-ар т. б. Бұл келтірілген мысалдардың ішінде сабақты етістіктері де, салт етістіктері де бар.

1. Сын, есімдер мен кейбір зат есім және есімдіктерден жасалған-дары субъектінің сол сапаға ауысу процесін білдіріп, салт етістіктер тобын құрайды. Бұған:

а) боз-ар, жаңа-р, кіші-р, ұз-ар, аласа-р;

ә) без-ер, қас-ар, қайғы-р, леп-ір т. б. сапа және мінез-құлық өз-герісін білдіретін туынды түбір етістіктер жатады.

2. Еңсе-р, қу(ы) с-ыр, жаз(ы)ғ-ыр, кем-ір, ұлта-р (ұлта-н дегенмен түбірлес), тойт-ар т. б. субъектінің объекті арқылы іске асатын актив процесін білдіреді.

-б ы\\-б і және -п ы\\-п і аффикстері. Кейбір сонор -л, -р дыбысты сөздерге шар-пы, жел-пі болып, -п ы\\-п і күйінде қатаң дыбыстан басталып қосылатын бұл аффикс басқа бірқыдыру сөздермен үндестік заңына сәйкес тіркесіп қолданылады. Мыс.: өр-бі, іл-бі, өрек-пі т. б.

Есім (жел-пі, шар-пы) және етістік (өр-бі, іл-бі) негізді болып ке-летін бұл санаулы туынды түбірлердің ішінде шарпы, желпі дегендер сабақты етістікке, өзгелері салт етістікке жатады.



-й, -а й\\-е й а ф ф и к с т е р і. -р, -а р\\-е р аффиксімен мағы-налас бұл формант та тілде әлдеқайда жиі қолданылатындардың қа-тарына қосылады. Негізінен сапалық сындарға, сондай-ақ, кейбір зат есім және бірді-екілі еліктеуіш сөздермен тіркесіп, туынды түбір етістік жасайтын бұл аффикс сөздерге үндестік заңына сәйкес қосылады. Мыс.: аз-ай, көб-ей, мол-ай, тар-ай, кең-ей, күш-ей, мұң-ай, қара-й т. б. Бұл аффикс кейбір түбірлерге жуан және жіңішке болып айтылатын түрінде де қосылады: сид-и (сид-аң-да дегенмен түбірлес), томп-ай және томп-и (томп-ақ және томп-аң-да дегендермен түбірлес), аңқ-ай және аңқ-и (аңқ-ау) т. б. Бұл топтағы туынды түбірлер субъектінің сапалық өзгерісін білдіретін салт етістіктерге жатады.

-а л\\-е л ж ә н е к||-і н аффикстері. Есімдер мен кейбір көне түбірлерге қосылатын бұл аффикстерді түлғалык, ұқсастығына қарап өздік етіс форманттарымен шатастыруға болмайды. Субъек-тінің көңіл-күй, сапалық өзгерісімен байланысты айтылатын бұл ту-ынды түбірлер салт етістік тобьша жатады. Бұларға: жоғ-ал, оң-ал (<оң-да-л), кен-ел, тірі-л; күрс-ін (күрс етті деген түбірден), өк-ін (өк-сі дегенмен түбірлес) т. б. мысал етіп келтіруге болады.

Бейнелеуіш туынды түбір етістіктер. Аффикс қосылу арқылы туынды түбірге айналғаңдардың ішінде бейнелеуіш туынды түбір салт етістіктер өз алдына жеке топ құрайды. Бұлар субъектінің сан алуан қозғалысымен қатар бет-бейне, дене өзгерісін білдіретін процесс болып қолданылады. Мұндай етістіктер дыбысталуы жағынан өзара жақын бірнеше топ аффикстердің қосылуымен жасалады. Ол аффикстерді төмендегіше топтап көрсетуге болады:

153

1. -ырай//-ірей а ф ф и к с і. Бұл аффиксті туынды түбір етістіктердің:



а) есім негізділеріне: тыс-ырай, тас-ырай, мык-ырай

е) етістік негізділеріне: бүк-ірей, сығ-ырай, бақ-ырай



б) өлі тубірлілерге: күд-ірей мен курс-ірей, ақ-ырай мен аж-ырай, баж-ырай т.б. жатқызуға болады.

Бүк, бүк-ір және бүк-ір-ей, сондай-ақ, кіші, кіші-р, кіші-р-ей тә-різді параллельдердің болуы -ырай\\-ірей формантының курделі екеніне айқын дәлел болады. -ыр\\-ір және -а й\\-е й аффикстерінің қосындысынан күрделенген бұл формант бүкірей, күдірей, күжірей дегендө дене, сырт пішін өзгерісін, сығырай, бацырай, бажырай т. б. бет-бейне құбылуын білдіреді.

2. -сый15\\-си аффиксі. Бұл аффикстің қосылуымен:

а) күні бүгінгі тірі түбірлерден: ақ-си, түк-си, сық-си;

ә) өлі түбірлерден: ап-си, сап-си, тыр-си, күп-си т. б. туынды түбір бейнелеуіш етістіктерін мысал етіп келтіруге болады.

3. -ж и және -ш и аффикстері. Қазіргі әдеби тілдің өзінде кейбір етістік негізді туынды түбірлер: б ү к-ш и және б ү г-ж и, б а қ - ш и және б а ғ-ж и болып қатаң және ұяң тіркестермен қатар қолданылатын болғандықтан, бұл арада -ш и\\-ж и форманттары өзара тұлғалас деп танылып, бір аяда алынып отыр. Бұл топтағы туынды түбірлердің санын: быр-жи, тыр-жи (быр-ыс, тыр-ыс дегендермен түбірлес), қыл-жи, ақ-ши, шұқ-ши тәрізді басқа да салт етістіктермен толықтыра түсуге болады.

4. -д и ж ә н е -т и аффикстері. Бұл аффикс: ор-ди, дүр-ди деген түбірлерде ұяңнан, қалған жағдайда -ти (-тый, -тій) болып, қатаң дыбыстан басталады. Мыс.: бүр-ти, бат-ти, быт-ти, тәл-ти (тәл-тиген біреу келді), сұс-ти т. б. Мұндағы: сұс, бат, быт (быт-шыт дегендегі) дегендер мен басқалары өз алдына дербес қолданылмайтын өлі түбірлерге жатады.

5. -б и, -ми, -пи а ф ф и к с т е р і. Буын үндестігіне қарай үйлескенімен кей жағдайда дыбыс үндестігіне сай қосыла бермейтін бұл аффикстерге мынадай мысалдар келтіруге болады:

а) -б и аффикстілерге: ар-би (қолыңды арбитпа), жар-би (несіне жарбиып түрсың?);

ә) -м и аффикстілерге: қыл-ми (мойны ғана қылмиып көрінеді), жыл-ми (жылмиып күлді), іл-ми (өзі ілмиіп әрең тұр);

б) -п и аффикстілерге: үр-пи (шашы үрпиіп кетіпті), сым-пи (сымпиған шалбар киіпті), тым-пи (ол тымпиып ұзақ тұрды), жым-пи (бөркін, жымпитып киіпті) т. б.

Бұлардың ішінде де: үр-пи, іл-ми деген етістік негізділерімен қатар сым-пи, қыл-ми деген есім негізділері, сондай-ақ, тым-пи деген үстеу негізді туынды түбір етістіктер кездеседі.

6. и||-к и аффиксі. Бұл аффикс дөң-ки, дең-ки, төң-ки, тең-ки, тың-қи тәрізді туынды түбір етістіктердің құрамында кездеседі. Тең, дөң, тың тәрізді зат есімдерден жасалған етістіктер де субъек-тіні бейнелейтін процестер тобын құрайды.

7. -ы с\\-і с а ф ф и к с і. Ортақ етіс аффиксінен өзгеше бұл формант негізінен дербестігі жоқ, өлі түбірлермен қосылып: тыр-ыс, быр-ыс, қыр-ыс (тыр-жи, қыр-жи, быр-жи дегендермен) тәрізді, сондай-ақ кейбір етістік түбірлерімен бүр-іс, құр-ыс болып қосылып, субъектінің бұрынғы қалпынан өзге қалыпқа ауысу, өзгеру процесін білдіретін туынды түбір салт етістіктер жасайды.

15 Жуан және жіңішке айтылатын сөздерде -с и болып, бірдей жазылатын бұл аффикстің жуан буындысы жеке тұрғанда -с ы й делініп әдейі таңбаланды.

154


КҮРДЕЛІ ЕТІСТІКТЕР

Күрделі етістік қазақ тілінде өте көп қолданылатын формалардың бірі болып саналады. Құрамындағы негізгі етістіктің қай көсемше формасында тұруына және оның қандай көмекші етістікпен тір-кесуіне байланысты әр түрлі грамматикалық мағына білдіреді.

Күрделі етістіктер құрамына және грамматикалық мағынасына қарай ү ш т о п қ а бөлінеді:

1. Есімдер жәнө еліктеуіштердің көмекші етістіктермен тіркесуі арқылы жасалатын тіркесті түбір етістіктөр. Мыс.: жек көру, таң қалу, ер жету, құр қалу, тарс ету, гүрс ету т. б. Күрделі етістіктің бұл түрі ешқандай грамматикалық үстеме мағына білдірмейді де, лексикалық единица есепті қолданылады. Сондықтан да бұл форма сөз тудыру категориясына жатады.

2. Еді көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалатын кур-делі формалар. Еді көмекші етістігі есімдер және етістіктер-мен тіркесіп, оларға өткен шақ және модальдық мағына үстейді. Мыс.: оқып едім, көрген едің, отыр еді, бармақ едік, айтар еді т. б. Күрделі етістіктің бұл түрі бір ғана тұлғада қолданылады да, өзінің грамматикалық қызметіне қарай рай категориясына жатады, сонымен қатар күрделі өткен шақ формасы деп аталады.

Ол тоя жеген тамақты ауырлап, жайымен көлге қарай келе ж а- т ы р еді. (Мүқанов) Әкемнің бір мінезі түтін шыққан үйді аңдуды жақтырмайтын е д і. (Көбеев)

3. К ө с е м ш е л е р г е көмекші етістіктердің т і р к е с у і а р қ ы л ы жасалатын формалар. Күрделі етістіктің бұл түрі өзінің құрамы, етістік формаларымен түрленуі және грамматикалық мағыналары жағынан өз алдына жеке грамматикалық категория болып табылады.

Күрделі етістік құрамындағы бірінші сыңары — көсемшелер лексикалық мағынаға ие болады да, соңғы сыңары — көмекші етістіктер оған грамматикалық мағьша үстейтін көмекші морфема қызметін атқаратын және етістіктің рай, шақ пен жақ формаларымен түрленетін конструктивтік элемент болып саналады. Мыс.: кетіп қалу, келе жатса, оқып шыққан, айтып салды т. т.

Әжем қартайғандықтан, инені де сабақтай а л м а й д ы. (Мұқанов) Үйдің ішін түрлі бояумен аламыштап т а с т а п т ы. (Әуезов) Шешесінің бір құпия сыр айтқалы жүргенін Мағаш і ш- т ей с е з е т і н. (Әуезов)

Күрделі етістік құрамындағы алдыңғы сыңары ж е т е к ш і е т і- с т і к, соңғы сыңары — көмекші етістік деп аталады. Осы жетекші және көмекші етістіктердің түріне және формасына қарай күрделі етістіктер бірнеше грамматикалық формаларға бөлінеді.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет