Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967


Есімшенің мағыналары мен түрлері



бет17/22
Дата27.12.2016
өлшемі6,92 Mb.
#5669
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Есімшенің мағыналары мен түрлері

Есімше морфологиялық тұлғалануы мен синтаксистік қызметі жағынан зат есім, сын есіммен ұқсас. Басқаша айтқанда, ол есімдер сияқты септеледі, көптеледі, жіктеледі және тәуелденеді. Қазіргі қа-зақ тілінде есімшенің мынадай түрлері кездеседі.

178

1. Негізгі және туынды түбір етістіктерге -қ ан\\-к е н, -ған\\-г е н жұрнақтары жалғану арқылы есімшенің өткен шағы жасалады. Бұл — есімшенің өте өнімді және түркі системалы гілдерге қанат жая кең тараған түрі.



Е с к е р т у. Өткен шақты есімше жұрнақтары тұр, отыр, жүр етістіктеріне жалғанғанда, осы шақты білдіретін кездері де болады. Біз Асан тұрған. колхозда болдық. Айдармен қатар отырған Ысмағұл деген мұғалім. (“Жұлдыз”.)

2. Негізгі және туынды түбір етістіктерге -а р\\-е р, -р жұрнақ-тарының жалғануы арқылы есімшенің келер шағы жасалады. Бұл тұлғаның синтаксистік қызмет шеңбері тар. Атрибуттық қызмет-те тым аз қолданылады. Оның ең негізгі синтаксистік қызметі — баяндауыш болу. Келер шақты есімшенің болымсыз түрі етістік-тің болымсыз түрінен кейін жұрнағының жалғануы арқылы жасалады. Құлағын с а л м а с, тіліңді а л м а с көп наданнан түңілдім (Абай).

Келер шақты есімше алдағы уақытта болатын істі білдіреді. Есімшенің бұл түрі реалдық іс-әрекетті емес, потенциальдық іс-әрекетті білдіреді: Туысқан болар, тәтті болар нем қалды? (Әуезов)

3. Негізгі және туынды етістіктер түбіріне алдымен көсемшенің -а, -е, -й жұрнақтары, содан кейін -тын\\-тін жұрнақтарының қо-сылуы арқылы ауыспалы осы шақты есімше жасалады. Бұл жұрнақ-тың арғы төркіні — тұрған сөзі, ол ықшамдалып, алғаш т ұ ғ ы н болған, әдеби тілде ол -т ы н, -т ін болып қысқарып, жуанды, жіңішкелі фонетикалық варианттарға бөлініп қолданылады. Кейде өлеңдегі буын саны жетпей, ойсырап тұрғанда, оның буын-дық жағындағы “кемін жеткізіп, кемтігін толтыру” үшін -т ы н\\



-т і н орнына тұғын қолданылады.

Жорғамын қалың топта самғайтұғын,

Бәйге ат та серпінімді шалмайтұғын,

Әнімді он екі взвод жіберейін,

Есіңнен өле-өлгенше қалмайтұғын (Сара).

Ескерту. Тілімізде -т ы н//-т і н жұрнақтарының орнына т ұ р ғ а н формасының да қолданылатын кездері болады, бірақ ол өте сирек.

Есімшенің бұл түрінің “ауыспалы осы шақ” деп аталуына себеп болған —оның осы шақ пен келер шақтық мәнді бірдей көрсету қасиеті. Ауыспалы; осы шақты есімше кейде өткен шақтық мағы-нада да қолданылады. Мұның себебі осы есімше жұрнағының (-т ы н//-т і н) шығу төркінінө байланысты болуға тиіс: Ол өткен шақта тұрған есімшесінің қысқаруынан пайда болған.

Ауыспалы осы шақты есімшенің келер шақты есімшеден негізгі бір айырмашылығы сол, мұнда (-т ы н||-т і н) істің орындалуына не орындалмауына аитушы қалтқысыз, берік сенеді, ол жөніндегі өз ойын ешбір шүбәсіз кесіп айтады. Келер шақты есімшеде мұндай қа-сиет жоқ, қайта онда шүбә келтірушілік, сенімсіздік мән басьш болады.



Кісі б і л м е с, ісі б і л е р (мақал)

Мәулен де осында к е л е р. (“Жұлдыз”).

4. -мақ\\-ме к, -п а қ\\-п е к, -б а қ\\-б ек жұрнақтарының негізгі және туынды түбірлі етістіктерге жалғануы арқылы мақсат ма-ғынасындағы келер шақты есімше жасалады. Етістік соңындағы буын мен дыбыстардың қасиетіне қарай бұлар үйлесіп, түрлене жал-ғанады: Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек, адалдық, арамдықты кім теңгермек. Тоты құс түсті көбелек, жаз сайларда г у л е м е к, бәйшешек солмақ күйремек, көбелек өлмек с и р е м е к. (Абай) 179

Кейде бұл есімшелерге -шы, -ші жұрнағы қосылып айтылады. Осы форманы да (б а р м а қ ш ы) көрнекті тюркологтар есімшеге жатқызады. Бұл есімшенің басқа есімшелерден ең негізгі айырма-шылығы мақсаттық мәніне байланысты. Бұл оның басты, негізгі айырмашылығы болса, екінші дәрежелі айырмашылықтары да бар: бұл есімше көптік, тәуелдік жалғауларын қабылдамайды. Септік жалғауын өте сирек қабылдайды. Басқа есімшелердің болымсыз түрі түбір мен аффикс арасына -м а\\-м е қосымшаларының қосылуы арқылы жасалса, яғни синтетикалық жолмен болса, мақсатты есімшенің болымсыз түрі аналитикалық жолмен, есімшелік түбірге емес сөзінің тіркесуі арқылы беріледі: а л м а қ е м е с, ж ү р м е к е м е с, к ө р м е к е м е с.

Қазақ тілінің кейбір мамандары, сонымен бірге кейбір тюрколог-тар да, -у-ш ы\\-у-ш і қосьшшаларының етістік түбірлеріне жалға-нуы арқылы осы шақты есімше жасалады дейді. Бұл ғалымдар пікі-рінің дұрыстығын қазақ тілінің фактілері де дәлелдейді.



Сөйлеуші кісі мінбеден түсті. (Фольк.)

Осы шақты есімшенің біразы субстантивтеніп, есімшелер аясы-нан шығып кеткен (жазушы, оқытушы, оқушы, сатушы. т. б.). Олар-дың контекске байланысты есімшелік мағынаны білдіретін кездері де жиі кездеседі. Мына қатынасты ж а зу ш ы Асқар. Мына тіл-хатты о қ у ш ы Асан.

Ескерту. 1. Қазақ тілінде есімшелердің қалдық формалары да бар. Олар -а ғ а н//-е г е н, -а ж а қ//-е ж е к қосымшалары арқылы жасалады.

-а ғ а н//-е г е н қосымшалары арқылы жасалған есімшелер саны жағынан өте аз, санаулы ғана жәнө қазіргі қалпында етістік системасынан шыққан, сын есім қызметінде қолданылады. Бұл есімшенің көнеленген түрі. Сонымен бірге олар болымсыздық мағынада қолданылмайды, яғни болымсыздық мағынаны олар етіс-терше синтетикалық жолмен білдірмейді. Беретін мағынасы — дүркіндік, анықталушының тұрақты қасиетін, ерекше қабілетін білдіреді.

А л а ғ а н қолым б е р е г е н, жетім қозы е м е г е н. (Мақал) Есектің жүгі жеңіл болса, ж а т а ғ а н болады. (мақал) Жылқыда ұстатпайды кер қ а ш а ғ а н, ер жігіттің тілегін бер жасаған. (Фольк). Т е б е г е н ат, сүзеген қошқар, қ а ш а ғ а н тай т. б.

2. -а ж а қ//-е ж е к формасы оңтүстік облыстарда а л а - ж а қ, б е р е ж е к деген сөздерде ғана кездеседі.



Жылдық есепте мен 100 сом алажақ болдым, ол 100 сом б е р е- ж е к болды (“Л. жас” газетінен.). Бұл форма Батыс Қазақстанның көп жерлерінде осы шақ мағынасында қазірдің езінде жиі қолданылады.

Асан аулы қайда?

Көлдің жағасында отыражақ.

Бұл форма — түрік, түрікмен, хакас, құмық, башқыр, татар тіл-деріндегі есімшелердің өнімді формаларының бірі. Өзбек тілінің хо-резм диалектісінде, қарақалпақ тіліндө де қолданылады, бірақ бұларды қазақ тілінде өнімді формалар қатарына жатқызуға бол-майды.

Бұл аффикстердің шығу төркіні шақ\\ш е к қосымшасы болуға тиіс.

Жоғарыда санап өткен есімше формаларының қазақ тілінің грамматикалық құрылысында алатын орны мен қолданылу шеңбері әр алуан болып келеді.

Бұл формаларды бір грамматикалық категория тұрғысынан та-нуда олардың синтаксистік қызметтерінің мәні аса зор. Бұл форма-лар есімшелерге қойылатын талаптардың барлығына да жауап бере алады,

Есімше аффикстері өздері жалғанған етістіктердің бүйрык; рай-лық мағынасын бөгеп тастап, оған басқа, жаңа сапалы мағыналар береді. Етістіктің түбірі мағына жағынан іс-әрекетті бұйыру жолымен

180

(II жақ) көрсетсе, есімше сол іс-әрекетті субъектінің, не объектінің атрибуттық белгісіне айналдыра көрсетеді.



Есімшелердің синтаксистік қызметінің кеңдігі, әр жақтылығы оның семантикалық табиғатына байланысты. Есімшелер есімдер мен етістіктердің ерекшеліктерін өз бойына бірдей сіңірген, сондықтан есімдер мен етістіктердің синтаксистік қызметтерін бірдей атқарады.

Есімшенің синтаксистік қызметі, көбінесе, оның сөйлемдегі ор-нына және тұлғалық жағынан түрленуіне байланысты. Олардың жік-тік, септік жалғауда тұруы сөйлемдегі басқа сөздердің синтаксистік қызметтеріне байланысты: қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл, ұқ-сайды қаса сұлу ш о м ы л ғ а н ғ а. (Абай)

Есімшенің есім мен етістікке қатынасы

Есімше — етістіктің өзіндік ерекшеліктерге бай, ерекше бір түрі. Есімшенің етістіктің басқа түрлерінен ең басты айырмашылығы оның атрибуттық мағынасына байланысты. Оны етістіктің басқа түрлерінен ерекшелеп көрсететін де, есімдер тобына, әсіресе, сын есімге жақындастыратын да осы белгісі. Есімшелер есім тобындағы сөздермен өзінің мынадай ерекшеліктері арқылы жақындасып тұтасады:

1. Ол, есім сияқты, тәуелденеді, көптеледі және септеледі. Көптік жалғаулы есімшелер де, көптік жалғауын қабылдаған есімдер сияқ-ты, тәуелдік, септік және жіктік жалғауларын есімшелерше қабыл-дайды.

2. Есімше сөйлем құрамында анықтауыш, толықтауыш, бастау-ыш қызметтерін атқарады, Сын есімнің сөйлем құрамындағы ең не-гізгі синтаксистік қызметі — анықтауыш болса, есімшенің де ең негізгі синтаксистік қасиеті сол.

3. Есімшелерді басқа етістік формалардан ажыратудың бір кри-териі — оның, сын есім сияқты, анықталушы қызметінде тұрған сөз-ге анықтауыш ретінде қолданылуы. Есімше мәні жағынан заттың белгісін білдіреді. Бірақ есімше арқылы көрсетілген белгімен сын есім арқылы көрсетілген белгі бір емес. Сын есім заттың өзіне тән тұрақты белгісін білдірсе, есімше оның іс-әрекетіне байланысты көшпелі, динамикалық белгісін білдіреді.

4. Есімшелер, есімдер сияқты, болымсыздық мағынаны жоқ, емес сөздері арқылы да білдіре алады.

Тіл білімі жөніндегі әдебиетте ерте заманнан ма, ме жұрнағы етістікті есімдерден, емес, жоқ сөздері есімдерді етістіктерден ажырататын қосымшалардың бірі деген пікір айтылып келеді. Бұл пікірдің терістігі, шындыққа жатпайтындығы есімшеге қолданғанда анық сезіледі. Есімше болымсыздык; мағынаны осы екі жолдың екеуімен де білдіреді.

Есімшелерді сын есімдер мен есімдер тобынан ерекшелеп, етіс-тікпен жақындастыратын белгілер мыналар:

1. Есімшелер өз ішіне етістікке тән грамматикалық категориялар-дың бәрін де қамти алады.

2. Олар, етістік сияқты, заттың іс-әрекетін, жай-күйін білдіреді, демек, ол заттың, нәрсенің динамикалық белгісін білдіреді, ал есім-дер, оның ішінде сын есімдер қимыл-қозғалыс, іс-әрекетсіз статикалық мәнді білдіреді.

3. Есімшелер етістіктің ерекше бір түрі болғандықтан, септік жалғауы мен шылау ерткен сөздерді өзіне тартады, яғни меңгереді және бұл — есімшелерді етістіктер аясынан шығармай тұрған ерекше белгісі.

181


4. Есімшелер, етістік сияқты, шақтық категориямен ерекшелене-ді, салт, сабақты болып бөлінеді және ол — (шақтық мағына) есім-шелердің етістіктік төркінін білдіретін негізгі белгілерінің бірі.

5. Есімшелер атау тұлғада тұрғанда III жақтық мағынаны біл-діреді.

Есімшелерді сын есімнен қашықтатып, етістіктерге жақындасты-ратын ерекшеліктердің ішіндегі соңғы екеуі — ең маңыздылары, есімшелердің сапалық мағынасының онан әрі өркендеп, олардың есімдер жағына шығып кетуіне бірден бір кедергі болатын белгілер. Бұл ерекшеліктер туралы академик В. В. Виноградов былай дейді: “Глагольность причастия напрягается, когда приходит в движение присущая соответствующему глаголу система глагольного управления. В причастиях... с переходным значением наличие объекта действия совершенно парализует возможность развития качественных значений”17.

Тюркологиялық әдебиетте көсемше мен есімшені араластырып жіберушілік те бар. Оларды араластырмас үшін, екеуінің арасында-ғы мынадай айырмашылықтарды ескеру керек:

1. Есімшелерде райлық және шақтық мағына анық, көсемшелер-де олар болмайды. Көсемшедегі шақтық мағынаның белгілеу-шісі контекст.

2. Есімшелердің басты синтаксистік қызметі сөйлемнің анықтау-ыш мушесінің міндетін атқару болса, көсемшенің басты синтак-систік қызметі — сөйлемнің пысықтауышы болу.

3. Көоемшелер жіктік жалғаудан басқа ешқандай қосымшаны қабылдамаса, есімше жалғау атаулының барлығын дерлік қабылдай-ды, сөйлем құрамында есімдерше түрленіп құбылады.

4. Көсемше жұрнағы бір сөздің масштабында екі рет келмейді, есімше жұрнақтары қайталанып келе береді.



Барғансыған, білгенсір, оқитынсыған, о қ и т ы н с и т ы н т. б. Кейде ауыз екі тілде барғантын, барғантынмын, барғантынсың тұлғалы есімшелер де кездесіп қалады.

Сонымен, қорыта келгенде, есімшелердің біз сөз етіп өткен түрле-рі бірінен бірі шақтық жағынан ерекшелене отырып, тілдің грамма-тикалық құрылысында есімдердің де, етістіктердің де қызметін ат-қарады.

Есімшелерді дербес сөз табы деп тануға болмайды, өйткені олар негізғі және туынды етістіктерден аффикстер арқылы жасалға-нымен, етістіктерден аулақ, одан басқа жаңа семантикалық катего-рия құрмайды.

Есімшелердің сын есімге, зат есімге, тіпті кісінің, рудың, жердің аттарына айнальш кеткендері де бар. Мыс.:



Төлеген, Сақтаған, Сұраған, Қайнар (бұлақ), ағарған, ұшар (ұшар басы), Атшабар, Жантуар, Күнтуар, Айтуар, Итасқан, Атбасар, Қой-бағар.

Сөйтіп есімшелер семантикалық жағынан да, синтаксистік қыз-меттері жағынан да, тұлғалық жағынан да тіліміздегі басқа катего-риялардан өзіндік ерекшеліктермен жекелене алады.

КӨСЕМШЕ

Негізгі және туынды түбір етістіктерге, оның ішінде етіс форма-сындағыларға да, белгілі аффикстер қосылу арқылы етістіктің кө--семше түрлері пайда болады. Бұл топтағы етістіктер морфоло-гиялық құрамы ғана емес, сөз таптарына қатысты болуы мен

В. В. Виноградов. Русский язык, М. — Л., 1947, 267-бет.

182


сөйлемде атқаратын қызметі жағынан да етістіктің басқа категорияларынан оқшауланып, өзіндік қасиеттерімен танылады.

Көсемшелер мағынасы мен атқаратын қызметі жағынан үстеулер мен етістік сөз таптарын өз ара ұштастырып, аралық категория есепті қолданылады. Оның үстеулермен тікелей қатынасы көсемше формалы етістіктердің одан әрі грамматикалық тұлғалануға туспей, сөйлем ішінде дара тұрып айтылуында айқындала түседі. Мұндайда көсемше тұлғалылар: асығ-ып сөйледі, асығ-а сөйледі т. б. тіркестерде қалай (қайтіп) сөйледі? деген сұраққа жауап қайтарып, өзінен соңғы негізгі іс-әрекеттің сынын, амалын білдіреді, сөйлемде қимыл-сын үстеулерімен мәндес, мағыналас келіп, пысықтауыш қызметін атқарады. Сен к е т-к е л і үш ай өтті, күн, батқанша осында бол деген тәрізді жағдайда көсемшелер негізгі іс-әрекеттің мезгілін білдіріп, қашан? деген сұраққа (кеткелі, батқанша) жауап береді. Сөйтіп, олар сөз табы жағынан мезгілдік үстеу, сөйлем мүшесі тұрғысынан мезгіл пысықтауышпен тікелей ұштасады. Күн б а т ы п, қас қарайды дегенде -ы п жұрнақты көсемше соңғы процестің себебін (күн батқандықтан қас қарайды д. м.), сөйлескелі келді дегенде кел-у етістігінің мақсатын білдіріп тұр.

Сөйтіп, осы жоғарыда келтірілген етістіктер көсемше категория-сына тән мағыналық ерекшелікті толығымен көрсете алады,

Көсемше өзінен соңғы негізгі іс-әрекеттердің мезгілі мен мақса-тын сын-сипат, себеп-салдар т. б. сапалық құбылу амалын көрсететін дербес категория. Оның өзіндік морфологиялық белгілері, беретін мағыналық ерекшеліктері мен сөйлемде атқаратын қызметі бар.

К ө с е м ш е жасайтын тұлғалар д а р а және к ү р д е л і аф-фикстер болып е к і г е бөлінеді. Тілімізде кең тарап, аса жиі қол-данылатын -п, -ы п\\-і п (оқы-п, секір-іп) және -а, -е, -й (бар-а, біл-е, көрме-й) аффикстері дара форманттар қатарына жатады. Қазіргі қа-зақ тілінде бөліп қарауға келмейтін -ғ а л ы\\-г е лі, -қ а л ы\\-к е л і (ойна-ғалы, күт-келі) аффиксі мен -ғ а н ш а\\-г е н ш е, -қанша\\ - кенше {ат-қанша, келгенше) тәрізділер құрамы жағынан қурделі форманттар болып есептеледі.

Құрамында осы аффикстердің біреуі кездесетін көсемше тұлғалы сөздердің ішінде сөз табы жағынан етістіктердің шеңберінен шығып, мүлдем үстеу мен шылау сөздерге айқалып кеткендері де кездеседі. Бір-бірлеп (үйдегілер б ір-б і р л е п тарай бастады), қайта (қ а й т а сұрады, қайта өзің осында бол), сөйлей (с ө й л е й- с ө й- л е й шешен болады) деген тәрізділер үстеуге, саған б о л а, жүзге т а р т а, одан гөрі (<көре) дегендегі бола, тарта, гөрі {көрі) т. б. кө-мекші сөздерге жатады.

Тап осы сөздердің омонимдері тағы басқа көсемше тұлғалас етіс-тіктер болымды (кел-е) және болымсыз (кел-ме-й, қой-ма-й) түрлерде жіктеліп (келе-сіз, келмей-мін, қоймай-ды т. т.), белгілі шақ (келесіз-— келер шақ, ауыспалы осы шақ), ашық рай мағыналарында құбылып қолданыла береді. Көсемше тұлғалы етістіктер, салт немесе сабақты болып келуіне қарай, сөйлем ішінде септік жалғаулы сөздерді меңгереді, пысықтауыш болумен қатар жай және құрмалас сөйлемдерде баяндауыш қызметін де атқарады.

Көсемшелерді омоним үстеу сөздер мен шылау сөздерден айырып қарауда да етістікке тән қасиеттер басты критерийлерден саналады. Қайта бастады (үйлеріне қ а йт а бастады), жеңінен тарта көрме, сондай-ақ: боп-боз болып, тұрып қалды т. б. осы тәрізді етістікке тән грамматикалық тұлғаларда құбылып қолданылу арқылы бұл арадағы қайт-а, бол-а, тарт-а т. б. көсемшелер үстеу мен шылау сөздерден бөлектеніп, етістікке тән ерекшеліктерімен өз алдына

183

жеке дербестенеді.



Үнемді (-п, -ып\\-іп) және үнемсіз (а, -е, -й) көсемшелер тобын құрайтын дара аффикстер мен күрделі аффикстерінің тұтас, ортақ қасиеттері болумен бірге осы екі топтың өз ара айырмасы да және әрбір аффикстің өзіне тән ерекшеліктері де жоқ емес.

Мына сияқты ерекшеліктер олардың ортақ, тұтас сипатынан са-налады:

1. Көсемше түлғалы етістік дара тұрып дербес мән береді, көбіне-се, сөйлемнің пысықтауыш мүшесі болады.

— Ал, сөйле, жігіт, айт сырыңды әкеңнің алдында, деді ка-питан балаға шұқши я қ а р а п. (Иманжанов)



Қыртысын қара жердің қақ а й ы р ы п.

Қажымай жер қазынасы қабын жардық (Жамбыл.)

2. Көсемше тұлғалы сабақты етістіктер сөйлемде тура толықтау-ыштарды, салт етістіктер жанама толықтауыштарды меңгереді:



Осыны қырман басына жібертпей, мұнда қалдыртқан меп едім. (Мұстафин)

3. Субъектілік қатынасымен толық көрінетін көсемшелер сөйлем-дегі бастауыштарымен жақ жалғауында қиыспайды, былайша айт-қанда, олар жіктік жалғауларынсыз қолданылады.



Жанат дереу столын ж и н а с т ы р ы п, жоспарды а л а Жо-марттікіне тартты. (Мұстафин)

Көлеңке басын ұ з а р т ы п,

Алыстан көзді жасырса,

Күнді уақыт қ ы з а р т ы п,

Көк жиектен асырса (Абай.)

4. Жақтық көрсеткіші жоқ көсемшелерге рай категориясының аффикстері қосылмайды, сондықтан олар белгілі шақ пен райдың мәнін де бермейді.



Көшеде кез б о п бір қанден,

¥мтылды пілге ш а п т ы ғ ы п,



Шаңқылдап үрді е р л е н і п (Крылов.)

Бәрін бірден бітірем деп, бәрін бөгегенше, біртіндеп жүргізе бер-ген пайдалы. (Мұстафин)

5. Көсемшелер бір сөздің екі рет қайталануы арқылы да, қарама-қайшы немесе сыңары мәнсіз, сондай-ақ аффикстері тұлғаласып та, тұлгалас болмай да қосарланып қолданыла береді.



Көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады.

Бұлардан басқа жылап-сықтап, ұрмай-соқпай, ойнап-күлгелі; кө-ріп-көрмей, өйтіп-бүйткенше т. б. толып жатқан мысалдар келтіруге болады.

М о р ф о л о г и я л ы қ қ ұ р а м ы жағынан д а р а және к ү р -д е л і болып е к і г е бөлініп қаралатын көсемше аффикстерінің етістік аясында одан әрі түлғаланып қолданылуында бір-бірінен айырмасы бар. Ол өзгешеліктерді төмендегіше жинақтап көрсетуге болады.

1. Көсемшенің -п, -ып\\-іп; -а, -е, -й аффиксті түрлері дара тұрып-ақ үш жақтың жеке және көпшесінде, екінші жақтың анайы және сыпайы түрлерінде жіктеліп, бастауышпен қиысып, сөйлемнің баяндауыштык қызметін атқарады.



184

 

Бір күні ел көшкенде, қыр астында ойнап жүріп, екеуі жүртта қалып қойыпты... Асан айқай салып жылай б а с т а й д ы. ...Елді қайдан т а б а м ы з, қай жаққа кеткенін де көргеніміз жоқ,деді Асан. (Алтынсарин)

Сөйтіп, бұл келтірген мысалдарда көсемше аффикстері (қой-ып-ты, таб-а-мыз) шақ категориясының морфологиялық көрсеткіші бо-лып саналады. Сол арқылы о л а р р а й м а ғ ы н а с ы н д а б е - р е д і.

2. Күрделі етістіктің дербес мәнді негізгі компоненттері үнемі дер-лік -п, -ы п\\-і п; -а, -е, -й аффиксі көсемше тұлғалы болып келеді.



Жау жамбасқа к е л е қоймаса да, бар тәсілін байқатып та болды. (Мүсірепов)

Басы өлсе де жыланның,

Құйрығы тірі қалмасын,

Күлін көкке ушырып,

Тастайық ш а у ы п тамырын (Жамбыл)

Осы мысалдардағы және олардан басқа да: оқып біт және о қ и бер, оқып бер; а й т а түс, а й т а сал, а й т ы п жібер деген тәрізді түбірлес етістіктер көсемше аффиксінің әр түрлі болып келуіне сәйкес вид категориясының да белгілі мағыналарын беретін жіктерге бөлініп, өз ішінде одан әрі тағы да сараланады. (Бұл жөнін-де “Күрделі етістіктер” бөлімін қараңыз)

Ескерту: -ғ а л ы//-г е л і, -ғ а н ш а//-г е н ш е аффикстері: а) с ө й-л е г е л і тұр, к е т к е л і жүрмін; ә) аузын а ш қ а н ш а болмады, шам сөнді деген тәрізді тіркестерде болмаса, дара аффиксті көсемшелерге ұқсап, жаппай күрделеніп қолданыла бермейді.

Осындай жалпы сипатта көрінетін көсемше категориясын мүм-кіндігінше толық және әр жақты баяндау үшін, оны әрбір морфоло гиялық тұлғасы тұрғысынан жеке-жеке алып қарауға тура келеді.

1. -п, -ы п\\-і п аффиксті көсемше. Көсемшенің үнемді түріне жататын -п, -ы п\\-і п аффиксі түбір соңы -п қатаң дыбысымен аяқталатын түбірлерге (тап-ып) тау-ып, (жап-ып) жау-ып, (сеп-іп) сеу-іп, (кеп-іп) кеу-іп болып барып қосылады. Ағ-ып, ег-іп дегендерде қ(ақ), к{ек) қатаң дауыссыздар ұяңданып кетеді. Дауысты дыбыстарға аяқталатын түбірлер ғана ойна-п, оқы-ма-п, ойла-п болып, көсемшеге айналады.

-п, -ы п, -і п аффиксті көсемше тұлғаластардың ішінде Саты-балды (сатып алды) тәрізді кісі атына айналып, зат есімге ауысқан-дар мен алып кел дегеннен әкел, алып бар дегеннея апар, сондай-ақ: әпер (алып бер), әкет (алып кет), өйтіп (олай ет-іп), бүйтіп (<.бұлай ет-іп), сөйтіп (солай ет-іп) сияқты деформацияланып кеткендері де кездеседі.

Ал, кел, бол т. б. түбірлер көсемшенің бұл тобында алып, келіп, болып деген толық түрінде де, ап, кеп, боп деген қысқарған түрінде де қолданыла береді.

Бір күйгізіп, сүйгізіп,

Өмір тонын кигізіп,

Жоқты бар қ ы п жүргізер (Абай)

185


Сөйтіп, осы белдің ойына құлай бергенде, жорға Жұмабай сол иығы тұсынан тарсылдатып к е п қосылған бір дүбірді есітті. (Әуезов) Басқан ізі сықырлап к е л і п қалды. (Абай)

Көсемшенің бұл тобына енетін етістіктер мынадай мағыналық ерекшеліктермен қолданылады:

а) Қатарынан бірінен соң бірі болып жатқан іс-әрекеттің алғаш-қысы (алғашқылары) осы -п, -ы п\\-і п аффиксті көсемшелермен беріледі, олар да субъектіге қатынасы жағынан бастауышпен жақ жалғауында қиыспаса да, баяндауыштың қызметін атқарады.

Балтабек пен Асқар киініп шығып кетті. (Мұқанов)

Садық ж у ы н ы п киінді... (Әуезов)

ә) Бір сәтте, бір мезгілде болған, болып жатқан іс-әрекеттердің бірі ойды тиянақтап, бастауышпен қиысқан жағдайда басқалары (ретіне қарай сөйлем ішінде бұрын айтылғандары) көсемшенің үнемді түрлерінде келеді.



Үйткені шар әлі құрып, судың үстінде о р ғ ы п-о р ғ ы п б а р а жатып, жоғары шарықтап а л а ж ө н е л д і. (Жюль Верн) Жол үстінде жеті жасар шамасы таза киінген, беті қызарған, ж ы л а п-

ж ы л а п іскен көзін көйлегінің етегімен анда-санда бір с ү р т і п қ о й ы п, бір қыз бала келе жатыр.

б) Сол сөйлемдегі субъектінің іс-әрекеті болумен бірге өзінен соң-ғы етістіктің мезғілін білдіреді.



Олар ертеңгі жүрістің жобасымен т а н ы с ы п, к е л і с і п, уәделесіп тарасқан кәрінеді. (Әуезов)

Ертең осында кел іп, маған жолығарсыз. (Әбішев)

в) Көсемше тұлғасындағы алдыңғы етістік өзінен соңғы іс-әрекет-тің сын-сипатын, амалын білдіреді.



Күнді уақыт қ ы з а р т ы п,

Көк жиектен асырса (Абай)

Неміс офицерлері а с ы п-с а с ы п жүгірісіп жүр. {Василевская)

г) Көсемшенің бұл тобына жататындарының ішінде өзінен соңғы іс-әрекеттің себебі мен мақсатын көрсететіндері де бар.



Ел шетіне жау келсе,

Тас-талқанып ш ы ғ а р ы п,

Жай тасындай қайнаңдар

(Жамбыл)


Қонақтар асқа т о й ы п, ырза б о л ы п, жымиып күлісіп кө-ңілдене шығып еді. (Әуезов) Бірнеше күн үздіксіз жорықта болып, тым болмаса бір сағаттай жылы жерде отырып, бой жылытпаған солдаттар табандарынан сыз ө т і п, балтырлары с ы з д а п тұрса да қажымады. (Нұрпейісов)

д) Көмекші етістіктермен күрделеніп субъектінің негізгі іс-әреке-тін көрсетеді, жай және құрмалас сөйлемдердің баяндауышы бола-дьг. Мыс.:



Дәу маялар айыр ұшымен ұ ш ы п ж а т ы р. (Мұстафин) “Та-раңдар! Тығылыңдар..., деп бір-біріне хабарлап ж а т т ы. (Нұрпейісов) Шілдеде жылқыны с у а р а й ы н д е п, көлге а й д а п к е л с е м, ыстықтың өткірлігінен көлдің суы кісі бойы қол ұсыным қалың м ұ з б о л ы п қ а т ы п қ а л ғ а н екен. (Ертегі)

2. ~а, -е, -й аффиксті көсемше. Үнемсіз көсемшелер жасайтын -а, -е аффикеі дауыссыз дыбысқа біткен түбірлерге, дауысты дыбысты-ларға: айт-а, көр-е, оқы-й, ішпе-й, жеме-й болыл қосылады.

186

-а, -е аффиксі түбір соңындағы қатаң дауыссыз дыбыстарды ұяң-датып жібереді. Тап, қақ, сеп, ек т. б. етістіктер: таба(ды), қаға (қой), себе (сал), еге (міз) т. б. осы тәрізденіп көсемшеге айналады. Бұл топтагы көсемшелердің ішінде де бірді-екілі Дәметкен (дәме еткен) тәрізді кісі атауларының жасалуына үйтқы болғандары, топонимдер т. б. есім сөздер де кездеседі. Қарай, тарта, гөрі, бола, айнала т. б. тұрған орнына қарай үстеу мен шылау сөздер тобына жатады.

Етістік аясындағы -а, -е, -й аффиксті көсемшелер де сөйлем ішін-де түрлі мән беріп, негізінде, сөйлемнің пысықтауыш және баяндауыш мүшелерінің қызметін атқарады.

а) Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған үнемсіз көсемшелер өзінен соңғы негізгі іс-әрекеттің сын-сипатын, амалын білдіріп, қа-лай? қайтіп? деген сұрақтарға жауап қайтарады. Мыс.:

Мынадан сіз де қорықпай қарғыр ма едіңіз? дейді. (Ертегі) Аман да езу ж и м а й, бәрін к ү л е қабылдап, ш ұ р қ ы р а й амандасып барады. (Мұстафин)

ә) Өзінен соңғы егістіктерге мезгілдік сипат беріп жиі қолданы-латындары да бар. Мыс.:



Көп к е ш і к п е й біз де қайтып ораламыз... Түзеп қ о я с а л а, қайтадан қисықтау қалпына келтірді. (Мұстафин)

б) Үнемсіз көсемшелер өзінен соңғы негізгі іс-әрекеттердің мақ-саты мен себеп-салдарын да көрсетеді. Махамбет жырларының ішінен “Ереуіл атқа ер салмай” деп басталатын өлеңіндегі етістіктің болымсыз түріне аффиксі үстеліп барып жасалған көсемшелерді тұтасымен осы тұрғыдан алып қарауға болады.



Ереуіл атқа ер с а л м а й,

Егеулі найза қ о л ғ а а л м а й,

Еңку-еңку жер ш а л м а й,

………………………………….



Ашаршылық шөл к ө р м е й,

Өзегі талып ет ж е м е й,

…………………………………

Темірқазық жастанбай,

Қу толағай б а с т а н б а й,

Ерлердің ісі бітер ме? (Махамбет)

в) Бір мезетте болатын я болып жатқан іс-әрекеттер де көсемше-нің осы түрімен айтыла береді.



Аңсаған көңлім с е р і л е,

Бүгілген белім к е р і л е,

Сапар шегіп жол т а р т т ы қ

Сүйікті Кавказ еліне (Жамбыл)

г) Сөйлемдегі негізгі іс-әрекетке қарама-қарсы қойыла да қолда-нылатын жағдайы бар.



Онда б а р м а й, мұнда кел, Қанша түсіндірсек те к ө н б е й, өз дегенін істеді т. б. осы тәрізді сөйлемдер мысал бола алады.

д) Үнемсіз көсемшелер көмекші етістіктермен тіркесіп, күрделі етістіктердің құрамында аса жиі қолданылады, вид категориясының әр қилы мәнін береді.

Ескерту: Ол ж ы ғ ы л а-с ү р і н е бізге жетті дегенде, біріншіден, -а, -е аффиксті көсемшелер қалай жетті? деген сұраққа жауап беріп, қимыл-сын пысықтауыштың қызметін атқарады. Екіншіден, кезектесе (жығыла-сүріне) іске асып тұрған қимылды, үшіншіден, жетті деген негізгі етістіктен бұрын болған процесті (алдыңда жығы-лып-сүрінді одан кейін ғана бізге жетті) білдіріп, реалды процестің тіл аркылы жан-жақты және дұрыс берілуін қамтамасыз етеді.

е) Көсемшенің үнемсіз деп аталатын бұл түріне тән тағы бір мы-надай ерекшелік бар. -а, -е, -й аффиксті көсемшелер тұр деген көмекші етістікпен тіркесе күрделеніп қолданылып, көмекші компонентінің есімше формасымен (тұр-ған) кіріге бірігіп кетеді де, есімшенің -а т ы, н\\-е т і н, -й т ын\\-й т і н аффиксінің жасалуына негіз болады. Әуел баста бара тұрған түрінде айтылатын тіркестер бертін келе бара-тұғын, қазіргі әдеби тілде бар-а-тын болып қалыптасады.



Тұр деген көмекші компоненті ғана емес, тілде жат (жат + ыр) етістігінің осылайша кірігіп кетуі де кездеседі. Үнемсіз көсемше мен тұр етістігі -ғ а н аффиксі есімше формасында тіркессе (айт-а-тын, кел-е-тін), жат етістігі баратып (<бар-а жат-ып), келатып (<келе жат-ып), келатқанда (<келе жатқанда), т. б. осы тәрізденіп, үнемді көсемше немесе есімше формалы варианттарымен кіріге бірігіп қол-данылады.

3. -ғ а л ы\\-г е л і, -қалы\\-келі аффиксті көсемше. Етістіктің мақсатты көсемше деп аталатын бұл түрі салт және сабақты, болымды жәнө болымсыз етістіктерге буын үндестігі мен дыбыс үндестігіне сай қосылып: айт-қалы, келме-гелі, жаз-ғалы, кет-келі болып қолданылады.

Бұл формадағы көсемшелер дара да, отыр, жат, жүр, тұр етістік-терімен тіркесіп келіп, күрделеніп те қолданыла береді. Күрделі етіс-тік құрамында олар үнемі дерлік мақсатты білдіреді, бұл түрі әрі жиі айтылады. Сондықтан да мақсатты көсемше деп аталады. Көсемше-нің басқа түрлері сияқты өзінең соңғы іс-әрекеттің мезгілдік сипатын, себебі мен амал-сынын көрсететін де жағдайы бар. Осы мағыналық өзгешеліктерін тіл фактілері, негізінде, жеке-жеке саралал көрсетуге де болады.

а) Өзінен соңғы негізгі іс-әрекеттің мақсатын көрсетіп, сөйлемде мақсат пысықтауыштың қызметін атқарады. Мыс.:



Ат арытып алыстан а й т ы с қ а л ы келгенмін. Екі бригада өз ара жарыс шартын түзіскелі бүгін осында арнай жиналып отыр.

ә) Мезгілін көрсетіп, мезгіл пысықтауыштың да қызметін атқа- рады.



Осымен қорықтан шыққалы, тәңертеңнен бері, бөгелместен тартқан үш жолаушы кешке Абайдың өз үйіне кеп жетті. (Әуезов)

Жамбыл-Жамбыл б о л ғ а л ы,

Жыр санаға т о л ғ а л ы,

Жамбыл-Жамбыл б о л ғ а л ы,

Ел көшіп, талай қ о н ғ а л ы,

Көрген талай батырды,

Батырлар тіккен шатырды (Жамбыл).

б) Іс-әрекеттің амалы мен себеп-салдарын көрсететін пысықтау-ыш болып та қызмет атқарады.



Ата-анамды сағынып әнге салдым.

Бауырымның хабарын алмағалы (“Жеңеше-ай”)

Қолымда бір қамшы бар бүлдіргелі,

Айтайын мен бір сөзді күлдіргелі.

Орныңнан әрі отырған, бермен отыр,

Қолымда қармағым жоқ ілдіргелі (“Ақдариға”)

в) Күрделі етістік құрамында келіп, мақсатты білдіретін баян-дауыш қызметін атқарады, ойды тиянақтайды.



Нұраның осы тұсындағы терең арна шүпілдеп бір лықыса, ауыл-ды алып к е т к е л і т ұ р. (Ғ. Мұстафин) Мен сізге барлық шын-дықты а й т қ а л ы о т ы р м ы н. (Әбішев)

4. -ғ а н ш а\\-г е н ш е; -қ а н ш а\\-к е н ш е аффиксті к ө с е- м ш е. Көсемше аффиксінің {-а, -е, -й) есімше категориясына ұйт-

188

қы болатыны тәрізді (сөйле-й-тін, көр-е-тін) есімше тұлғаларының да (-ғ ан\\-г е н) көсемшелерге негіз болатын ерекшелігі тілдегі қалыптасқан заңдылықтардан саналады. Басқа түркі татар, өзбек т. б. тілдеріндегі көсемшенің -г а ч, -к ә ч (бар-гач, кит-кәч) аффикстерімен мағыналас -ғ а н ш а\\-г е н ш е; -қанша\\-кенше (<ғанға шейін; ғанға шақ). Күрделі аффиксі басқа формалы көсемшелер тәрізді үстеу мен етістік аясында екі ұдай қызмет атқарады. Көсемше мәнінде бұл тұлғалы етістіктер, негізінде, өзінен соңгы іс-әрекеттің мезгілі мен шартын белгілеп, мезгіл көсемшелер тобын құрайды.



Қош бол, қалқам, көргенше,

Қайта айналып келгенше.

Уәдеңе берік бол,

Мен сендікпін ө л г е н ш е (Халық өлеңі)

Ескерту: Бұл тұлғадағы көсемшелер сөйлемдегі негізгі іс-әрекетке шарт қоя немесө қарама-қарсы мағынада айтылуы да мүмкін.



Өлгенше күлді дегенде қалай? Қайтіп күлді? деген сұраққа жауап береді. “Сен барғанша мен барайын” Күйігіңді көргенше өмірмен қоштасайын деген тәрізділерде соңғы процеске шарт қоя айтылып тұр.

5. -м а ст а н\\-м е с т е н, -п а с т а н\\-п е с т е н аффиксті көсемше. Көсемшенің болымсыз етістіктерден жасалған -м а й\\ -м е й; -п а й\\-п е й (айт-пай, біл-мей) аффиксімен мағыналас болып келетін бұл түрі де есімшелердің септеулі көне формасынан жасалған.

Бұл күрделі форма да басқа көсемшелер тәрізді дара тұрып не-месе тұр, отыр, жат, жүр көмекші етістіктерімен тіркесіп, күрделе-ніп те қолданылады. Өзінен соңғы негізгі іс-әрекеттің амалы мен мезгілін, шарты мен қалпын көрсетеді. Ол ешнәрсе а й т п а с т а н үйден шықты дегенде қалай? және қайтіп? (шықты) деген сұраққа жауап береді, сабақты етістік мәнін сақтай отырып, қимыл-сын пысықтауыш мүшенің қызметін атқарады.

Мен келместен сен бұл арадан кетуші болма дегенде мезгіл үстеу мәнін береді.

Мән-жәйін толық а ш п а с т а н ол ешкімге бұл сырды айтпас болды т. б. осы тәрізді жағдайларда көсемшенің бұл түрі себеп-салдар мәнінде қолданылады.

Ескерту: Шығыс септік жалғауының бір кездерде көсемшелерге де ортақ тұлға болғанын -м а с т а н//-м е с т е н аффиксінен басқа қарап етістігінің қараптан-қарап (отырып) болып қолданылуы да дәлелдейді. Бірақ бұл тұлға (қараптан-қарап) қазір үстеу мәнінде танылады.

Күрделі етістіктер құрамында көсемшенің бұл түрі көбінесе: біл-местен тұрып, айтпастан жатып т. б. осы тәрізденіп қолданылады.

КИМЫЛ ЕСІМДЕРІ

Қазақ тіліндегі грамматикалық омонимдер, былайша айтқанда, омоформалар қатарына -у, -мақ\\-мек, -бақ\\-бек, -пақ\\-пек, -қы\\-кі, -ғ ы\\-г і, -ыс\\-іс, -с қосымшаларын жатқызуға болады. Бұл қосым-шалар есімдер саласында лексика-г р а м м а т и к а л ы қ сөз туғызушьг, етістік саласында функционалды-грамматикалық сөз туғызушы жұрнақтар болып саналады.

Етістіктің түбірлеріне: -у, -мақ\-мек, -қы\\-кі, -ыс\\-іс, -с қосымшаларының үстелуімен іс-қимыл процесінің атауын білдіретін функционалды-грамматикалық формалар қимыл есімдер деп аталады.

189

Ескерту: Бұл тұлғалардың ішінде -м а қ аффиксті етістіктер мақсатты келер шақ мағынасын білдіруімен басқаларынан ерекшеленеді. Осыған байланысты олар есімше тұрғысынан баяндалады.



тұлғалы қимыл есімдер. Негізгі және туынды түбір, сондай-ақ болымды және болымсыз етістіктерге аффиксі қосылып жасалған бұл қимыл есімдер басқа етістіктердей жіктеле де алмайды, ешбір шақтық мағынаны да білдірмейді. Олар есімдерше септеледі, тәуелденеді, көптік жалғауын қабылдайды немесе белгілі тіркестермен қолданылып, сөйлемнің барлық мүшесінің де қызметін атқара алады.

тұлғалы қимыл есімдері өздерінің септелуімен қатар барлық септіктердегі есімдермен сөз тіркесінде айтылады да, оларды меңге-реді. Өйткені қимыл есімдері септелгеннің өзінде де іс-әрекетті білдіреді, сабақты және салт етістік мағынасын толық сақтайды.

тұлғалы қимыл есімдерінің септеліп қолданылуында есім сөз-дерден мынадай ерекшеліктері бар.

а) тұлғалы қимыл есімі ілік септіктегі есімдердей, мысалы, колхоздың малының жайлауының шабындығы сияқты өз ара матаса байланыса алмайды.

ә) Барыс септіктегі қимыл есімдер барыс септіктегі есім немесе екі бірдей тұлғалы сөзбен бір тіркесте айтылып, бірін-бірі меңгереді.

Ақырында қыңқылдап қоймаған соң, ағаларым тілегімді орын-дап, мені п і ш е н ш а б у ғ а үйретуге мәжбүр болды. (Көбеев)

б) Жатыс септікте баяндауыш болумен бірге осы шақ мағынасын да білдіреді, I—II жақтарда жіктеледі.



Б і з осы күнге дейін сенің сөзіңді к ү т у д е м і з. (Мүсірепов)

Ескерту: Жатыс септіктегі қимыл есімінің сөйлемнің баяндауышы мүшесінің қызметін атқаруы, алғаш публицистикада, соңғы жылда-ры көркем шығарма саласында да етек жая бастады, әдеби тілдің нормасына енді.



тұлғалы қимыл есімдер тәуелдеусіз және тәуелдеулі тұлғалар-да тұрып көптік жалғауында айтылады да, сын есім, есімшелер си-яқты субстантивтенген мағынада жұмсалады.

Көп сәлемдесулер, ұзақ а м а н д а с у л а р енді ғана қысқара бастады. (Мүсірепов)

тұлғалы қимыл есімдер жекеше немесе көпшеде тұрып тәуел-денгенде, іс-әрекет, қимыл, белгілі жаққа тәуелденеді, меншіктеледі: айту-ым, келу-лері, кету-іңіз т. б.

Тәуелдіктегі бұл тұлға бару-ың мүмкін, есіту-іміз керек болып, керек, мүмкін сөздерімен тіркесе де айтылады.



тұлғалы қимыл есімдері -у л ы, -у с ы з, -у ш ы, -у л ы қ, -у ш ы л ы қ, -у ы ш, -у ы л, -у д а й, -у ы н, -у ы т. б. сияқты болып күрделе-ніп те айтылады. Бұл арада осы тұлғалардың ішінен: -у л ы, -у с ы з, -у ш ы, -ушылық дегендерін етістік тұрғысынан баяндай кету керек болады.

-у л ы тұлғалы етістіктер баяндауыш қызметінде тұрып, бүрын, бір кезде орындалған істің, қимылдың нәтижесін, жай-күйін білдіреді.

Шаттың аузын бекіткен алтын қорған,

Қақпасы бекітулі, көзі көрді. (Абай)

Олар тұр, жатыр, еді, екен сияқты көмекші етістіктермен де тір-кесіп айтыла береді.



Бір дорба асық, ...талдан ат, ...і л у л і т ұ р.

(Мұқанов)

19©

-у л ы күрделі аффиксті етістіктер зат есімдерден бұрын тұрып, а н ы қ т а у ы ш қызметін атқарады. Мыс.:

Қасына жоламай, алыстан ғана көрейін деп сығалап қараса, ше-шесінің айтқанындай, майды, құрулы, қақпанның үстіне ғана қойған екен. (Алтынсарин)

-у л ы тұлғалар емес сөзімен айтылып, болымсыздықты білдіреді.

Жас баладай жеңсік қой,

Байлаулы е м е с ақыл, ой. (Абай).

-у с ы з тұлғалылар, негізінде, сабақты етістіктермен айтылады және олар жіктелмейді. Бірақ сөйлемде баяндауыш, анықтауыш, пы-сықтауыш болып келе береді. Баяндауыш қызметінде жұмсалуда іс-қимылдың қалып, күйін білдіреді. Мыс.:

Қос қабат терезелер тысқа дыбыс шығармастай, тас жабық, пер-делері де т ү р у с і з. (Есенжанов) Шақырусыз тойға барғанша, қ а -з у с ы з көрге бар. (Мақал-мәтел) Есік ашық, сұраусыз кіріп барды. (Есенжанов)

-у ш ы тұлғалылар, біріншіден, сат-у-шы, күту-ші т. б. кәсіптік мәнді есім мағынасында қолданылады. Екіншіден, іс-қимыл процесінің кейбір шақтық мағыналарын білдіріп, етістік тобына жатады. Мыс.:

Аң құмар серілеу адам, жалғыз атын қатын-баласынан артық к ө р у ші еді. (Мүсірепов) Жастық деген не? десе, жарқыраған нұр д е у ш і ем. (Мұстафин) Бұл жаңалық, табыстардың иесі Ах-мет болғанмен, ұқсатушы Злиха. (Мұстафин) Өлген жұмыс-керлердің семьялары бізге тапсырып отыр, жоқтаушы біз! (Мүсірепов)

Осындағы ұқсатушы — ұқсататын, жоқтаушы, — жоқтайтын де-ген есімше тұлғасымен мағыналас келеді.



-лық қосымшасы үстеліп дағдарушылық болып айтылатындар да абстракты қимыл, іс-әрекетті білдіреді.

Елеместің бетінде әлі түсінбеушілік, дағдарушылық. (Ерубаев)

тұлғалы қимыл есімдері үшін, керек, мүмкін, қажет, тиіс, де-йін, соң, бүрын т. б. сияқты көптеген комекші шылау, модаль сөздермен тіркесе айтылып, соларға сәйкес түрлі мағыналық ерекшелікті білдіреді.

Ескерту: Екі тілді сөздіктер аясында атау тұлғадағы формалы етістіктерді шартты түрде инфинитив деп атауға болады.



тұлғалы қимыл есімдері сөйлем мүшелеріне тән тұлғалық ерекшеліктерде тұрып, бастауыш пен баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш және пысықтауыш мүшелердің қызметін атқара алады.

Ескерту: аффикстілер атау, барыс септікте болады, болмайды, мумкін, керек сөздерімен тіркесіп, жақсыз сөйлемдердің баяндауышы болады.



Енді қасына Ызғүтты мен ¥лжан келіп, ж ү р у д і ң мезгілі болғанын айтты. (Әуезов) Жақындап қалған Жұманнан Омар қ а- ш у д ы д а ұят көрді. (Мүсірепов) Екеуі қоймастан тіленіп осы а у-д а н ғ а і с т е у г е келген. (Мұстафин)

Осы сөйлемдердегі сөз етіп отырған тұлға жүрудің — анықтауыш, қашуды — толықтауыш және ауданға істеуге — пысықтауыштың қызметін атқарып тұр.

191

аффикстілер:

М е н і ң байқауымша, біздің жігіттер өте ысылған (Әбішев) т. б. сөйлемдерде қыстырма сөз есепті жұмсалады.

-қ ы\\-к і, -ғы\\-гі- тұлғалы қимыл есімдер тәуелденіп,кел көмекші етістігімен тіркеседі де, қалау, тілек мағынасында жұмсалады.

Мен де дәрігер б олғы м к ел е д і. (Шашкин)

-ыс\\-іс, -с тұлғалы қимыл есімдері тек тәуелдік жалғауында, көбінесе, көмектес септікте ғана айтылады.

Кешегі өткен ер Әбіш

Елден бір асқан еректі.

Жүрегі жылы, бойы құрыш.

Т у ы с ы жаннан бөлекті. (Абай.)

Абай келіп о ты р ы с ы м е н анау үлкендер бұдан қала жайын, оқу жайын, саушылығын сұрастырды. (Әуезов)

ЕТІСТІКТІҢ ЖАҚ КАТЕГОРИЯСЫ

Етістіктің жақ категориясы (жіктік жалғаулары) іс, әрекет, қимыл иесі — субъектімен тікелей байланысады. Ол бастауыш пен ба-яндауышты синтаксистік жолмен байланыстыратын грамматикалық т ә с і л.

Етістіктің жіктік жалғауларын қабылдап, қимылдың қай жақ-тағы субъектіге тән екенін көрсетуін — етістіктердің жіктелуі дейді.

Жіктік жалғауының ү ш ж а ғ ы болады: I жақ (сөйлеуші жақ), II жақ (тыңдаушы жақ), III жақ (бөгде жақ). Олар мен, сен (сіз), ол; (біздер), сіз (сіздер), сендер, олар сияқты жіктеу есімдіктермен қиысады.

Жіктік жалғауындағы етістіктер бір немесе екі, одан да көп кісінің іс-әрекет, қимылы болып келуіне қарай ж е к е ш е және к ө п ш е болып е к і г е бөлінеді.

Жіктік жалғауларындағы етістіктер белгілі бір субъектіге арнал-ған шақ, рай категорияларына байланысты мағыналарды білдіреді. Сондықтан да олар шақтық, райлық мағыналармен тығыз байланыс-ты болады.

Жіктік жалғаулары (отыр, тұр, жүр, жатыр дегендерден басқа) етістік түбірлеріне бірден жалғанбайды.

Етістіктің мынадай формалары жіктік жалғауларын қабылдайды.

1. Есімше формалары: оқығанмын, оқырмын; оқитынмын;

2. Көсемше формалары: оқыппын, оқимын, барамын, көремін;

3. -д ы\\-д і, -т ы\\-т і өткен шақ көрсеткішінен кейін: оқыдым, келдім, қараттым, кірістім;

4. Мақсатты келер шақтың -мақ\\-мек, -б а қ\\-б е к, -пақ\\ -п е к формаларынан кейін: оқымақпын, жазбақпын, айтпақпын;

5. Шартты райдың -с а\\-с е формаларынан кейін: барсам, оқы-сам, жүрсем, келсем.

6. Қалау райдың -ғ а й\\-г е й формаларынан кейін: барғаймын, оқығайсың, жүргейсің.

7. Бұйрық рай формалары: барайын, бар, барсын;

8. Жатыс септіктегі тұлғалы қимыл есімдерінен кейін: орын-даудамыз, жүргізудеміз.

Етістік формаларының ішінде де жіктік жалғауларымен айтыл-майтьш тұлғалар бар. Олар:

192

-қ а л ы\\-ғ а л ы, -келі\\-гелі формалы көсемшелер: барғалы отыр, айтқалы келдім;



-у, -қы\\-кі, -ғ ы\\-г і, -ыс\\-іс, -с тұлғалы қимыл есімдер: үйрену керек, оқу керек, оқығым келеді, барғым келеді, естісімен келдім.

Қазақ тіліндегі жіктік жалғаулары:

а) толық түрі;

ә) қысқа түр;

б) бұйрық рай жалғаулары болып ү ш к е бөлінеді.

Жіктік жалғауларының бірінші толық түрінің көрсеткіштері мы-надай: бірінші жақта -мын\\-мін, -пын\\-пін (жекеше); -мыз\\ -міз, -быз\\-біз, -пыз\\-піз (көпше); екінші жақ жекешесі -сың\\-сің (анайы), -с ы з\\-с і з (сыпайы); екінші жақ көпшесі -сыңдар\\-с ің д е р (анайы), -с ы з д а р\\-с і з д е р (сыпайы); үшінші жақта -т ы\\-т і, -д ы\\-д і (жекешесі де, көпшесі де бірдей) қосымшалары. Бірақ үшінші жақ көрсеткішін жіктік жалғауларының бұл түрімен жіктелетін етістіктердің барлығы бірдей қабылдай бермейді. Үшінші жақтың -ты\\-ті, -ды\\-ді қосымшалары -а, -е, -й; -ып\\ іп, -п формалы көсемшелерге ғана жалғанып айтылады: барады, көреді, қарайды, қарапты, көріпті, барыпты. Осындай үшінші жақ жалғауын қабылдау, қабылдамауына байланысты жіктік жалғауларының бірінші толық түрін өз ішінен екіге бөліп те қарауға болады.

Жіктік жалғауларының бірінші түрімен етістіктің мынадай фор-малары жіктеледі:

а) Жекеше — I жақ -мын\\-мін; -пын\\-пін;

II жақ -сың\\-сің, -сыз\\-сіз;

111жақ ---

Көпше I жак,-мыз\\-міз; -быз\\-біз; -пыз\\-піз;

II жақ -сыңдар\\-сіңдер, -сыздар\\-сіздер;

III жақ —

тәрізді жіктелетіндер:



-қан\\-кен, -ғ ан\\-г ен; -т ын\\-т ін; -а р\\-е р, -р тұлғалы есімшелер. Мыс.: оқығанмын, оқитынбыз, оқырсын, оқыр т. б.

-қан\\-кен тұлғалы есімшелер: барғамын, оқығамын, барғамыз, оқығасың, барғасыз (сыпайы), оқығасыңдар (анайы), барғасыздар және барғам, оқығам сияқты қысқарған түрде де жұмсалады. Бұлардың біріншісінде -қан\\-кен, -ған\\-ген формасындағы дыбысы түсіп қалып айтылады да, екіншісінде есімше жұрнағының дыбысы мен жіктік жалғауының -ы ң\\-і ң бөлшектері қысқарты-лып айтылады.

-м а қ\\-м е к; -б а қ\\-б е к; -п а қ\\-п е к тұлғалы мақсатты келер шак,: бармақпын, бармақсың, бармақ т. б.

-қай\\-кей, -ғай\\-гей тұлғалы тілекті қалау рай мен жатыс септіктегі тұлғалы қимыл есімдері де жоғары үлгі бойынша жіктеледі. Мыс.: барғаймын. келгейсіңдер, орындаудамыз т. б.

ә) Жекеше: I жақ -мын\\-мін, -пын\\-пін;

II жақ -сың\\-сің, -сыз\\-сіз;

III жақ -ды\\-ді; -ты\\-ті;

Көпше: I жақ -мыз\\-міз; -пыз\\-піз;

II жақ -сыңдар\\-сіңдер; -сыздар\\-сіздер;

III жақ -ды\\-ді; -ты\\-ті

түрінде жіктелетіндер:

-а, -е, -й; -ып\\-іп, -п тұлғалы көсемшелер. Мыс.: барамын, ба-расыздар, барады, барыппын, барыпсыз, барыпты т. б.

193


Жіктік жалғауларындағы -а, -е, -й тұлғалы көсемшелер бірінші жақта барамын, келемін дегендердің орнына барам, келем түрінде қысқартылып та жұмсала береді.

Жіктік ж а л ғ а у л а р ы н ы ң екінші түрі. Жіктік жалғаулары-ның бұл түрінің көрсеткіштері мынадай: бірінші жақ жекеше -м, көпшө -қ\\-к, екінші жақ — жекеше: (анайы түрі), -ң ы з||-ң і з (сыпайы түрі), көпше: -ң д а р\\-ң д ер (анайы түрі), -ң ы з д а р\\-ң і з д е р (сыпайы түрі). Бұлардың үшінші жағының көрсеткіштері болмайды.

Жіктік жалғауларының бұл түрі: -т ы\\-т і, -д ы\\-д і тұлғалы жедел өткен шақ және -с а\\-с е тұлғалы шартты рай формаларынан кейін қосылып айтылады. Мыс.: оқыт-ты-м, оқы-са-м, оқыт-ты-ңыз, оқы-ңдар т. б.

Жіктік жалғауларының үшінші түрі. Жіктік жалғауларының бұл түрімен етістіктің бұйрық рай формалары ғана жіктеледі. Олардың жақ көрсеткіштері мынадай болады: бірінші жак жекешесі ----айын\\-ейін, -йын\\-йін; көпшесі----айық\\-ейік, -йық\\-йік;

екінші жақ жекешесінің анайы түрінің көрсеткіші болмайды да, сы-

пайысы----ыңыз\\-іңіз, -ңыз\\-ңіз; көпшесі -ыңдар\\-іңдер, -ңдар\\-ңдер (анайы түрі), -ыңыздар\\-іңіздер, -ңыздар\\-ңіздер (сыпайы түрі), үшінші жақта -сын\\-сін (жекешесі мен көпшесі бірдей). Осы жіктік жалғауларыңың үш жағының да көрсеткіштеріне -шы\\-ші қосымшасы үстеліп те айтыла береді. Мыс.: барайын-шы, айт-ыңыздар-шы, кел-сінші т. б.

ЕТІСТІКТІҢ РАЙ КАТЕГОРИЯСЫ

Рай категориясы — сөйлеуші баяндайтын қимылдың объективтік шындыққа қарым-қатынасын білдіреді.

Етістіктің райлары (а ш ы қ р а й, б ұ й р ы қ р а й, ш а р т т ы рай, қалау рай болып) төртке бөлінеді.

Райлар шақ, жақ категорияларымен тығыз байланысты болады. Шақ тұрғысынан алып қарағанда етістіктің райларын шартты түрде екі топқа бөліп, біріншісіне ашық рай, екіншісіне: бұйрық, шартты, қалау райларды жатқызуға болады. Өйткені ашық рай өткен шақ, осы шақ, келер шақ болып үш шақта айтылады. Ашық райда баяндалатын іс-қимыл осы үш шақтың бірінің мәнін береді.

Етістіктер болымды, болымсыз түрінде тұрып, белгілі рай мағы-наларында қолданыла береді.

Райлар тұлғалық көрсеткіштер жағынан бірдей емес. Ашық рай-дың арнаулы аффиксі жоқ, бірақ оның әр түрлі шақ формалары бар. Басқа райларда рай формаларын туғызатын өзіндік тұлғалары бола-ды. Олар өзінің ретіне қарай ж а к қ а және жекеше, к ө п ш е болып өзгереді.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет