Көңіл-күйін білдіретін демеуліктер. -ай, -ау — екеуі де көңіл-күй-ін білдіру үшін жұмсалатын демеуліктер. -ай арманды, ренішті, таңдануды білдіретін сөйлемдерде ұшырайды. Мыс.:
Алда бақыр-а й, осы екен Мұқанның баласы. (Мұқанов) Тілеуің құрығыр-а й! (Әуезов) Әттең дүние-а й, сол сарайға Ақбота екеуіміз қамалар ма едік. (Мүсірепов) Есілдің тасуын-а й. (Мұқанов)
Демеулік — а у қуанышты, ренішті білдіретін жағдайларда жұм-салады. Мыс.: Жақсы болды-а у сен келіп,. (Мұқанов) Балам, бойың өсіп, ержетіп қалыпсың-а у. (Әуезов) Байғазының әзілінен ұтылып қалдым-а у деген кісіше бір аздан кейін басын көтеріп... — деді., (Көбеев)
-ау кей жағдайда айтылған іске, әрекетке көзі толық жетпеген-дігін, болжамды білдіру үшін жұмсалады. Мыс.: Қасен әлі келген жоқ, қақпандарына айналып жүр-а у деймін. (Көбеев) Ербол Шүкі-ман деген атты естігелі “бұл қыз аты-а у” деп... айналаға анықтай қараган еді. (Әуезов) Балалар келіп қалған-а у деп ішке кірсем, мек-тептің ішінде он шақты қозы-лақ жүр. (Көбеев)
Модальдық демеуліктер. Демеулік ғой, қой, көбіне, сөйлеуші өз пікіріне субъективті түрде араласып, айтқан ойын растай, құптай сөйлегенде пайдаланылады. Мұндай жағдайда ол баяндауыштан кейін тұрады да, түгелдей сөйлемнің мағынасына қатысты болады. Мыс.:
Қуанатын жөні бар. Бала ғ о й. (Мұқанов) Әй, Мәкіш-ай өлеңім менің желге кетіп жүр ғ о й! (Әуезов) Анау Абай, Абай ғ о й, айналайын-ай. (Әуезов)
Ғой айтылатын іс, оқиға тыңдаушыға бұрыннан белгілі екендігін ескерту үшін де жұмсалады. Мыс.: Бекей — Шекей дейтін екі ағайынды Байшора бар еді ғ о й осы арада. Соның Бекейі осы. (Әуе-зов) Түрік пен Балқан патшалықтары соғысып жатыр еді ғ о й..., (Мұқанов) Асқардың туған жері Шортан қаласы деп едік қ о й. (Мұқанов)
Аталған демеулік жеке сөз не сөз тіркесінен соң тұрьш оған ой екпінін түсіру үшін қызмет етеді. Мыс.: Сен ғ ой Кереймін дедің, жиен, — деді ол. (Мұқанов) Біздің араның бұлты болса ғ о й таңға жақын төгіп өтеді де, манағыдай шаңды басып тастайды. (Мұқанов)
Демеулік бұл қызметін бар сөзімен жалғасып (бар ғой түрінде) келіп те атқарады. Мыс.:
Алтын, гауһар үстіме орнатсаң да, көңіл сүймес, оллаһи, сені б а р ғ о й. (Торайғыров)
Бар ғой баяндауыш қызметіндегі ашық рай формалы етістіктен соң келіп сөйлемге екпін түсірумен қатар оған шарттық мағына үстейді. Мыс.:
Сондағы, айтары: атқанға жығылса дұрыс. Ал, жығылмай тек жараланды б а р ғ о й, машинаның тас-талқанын шығарады. Қа-жетті кезінде жауын болды б а р ғ о й, ...әр гектарынан отыз-қырық молынан түседі. (Мұқанов)
Ренішті білдіретін сөйлемдердің құрамында қайталақтап келетін сөздермен бірге жұмсалып, оларға екпін түсіруі — ғойдың ерекше атқаратын бір қызметі.
Өзі іштей: “Мә саған, керек десе сөйлеуді де білмейді, кекірейіп. Мал ғ ой, мал” — деп... өзінен-өзі күйіп-пісті. (Мұратбеков)
Ғой интонацияның кемегімен сұраулық мағына да туғызады. Басқа сұраулык, демеуліктерден ерекше бұл демеулік, көбіне, сөйлеуші өзіне аян, белгілі хабарды, жайды көзін жеткізе
239
түсу үшін, не сұрақтың өзіне алдын-ала белгілі, сондықтан өзі оған күтінулі екендігін білдіру үшін жұмсалады. Мыс.:
Маған ақыл салыпсың: жақсы ма осыным дейсің ғ о й? (Әуезов) Саған Балтабек керек екен ғ о й? (Мұқанов) Қазіргі Нартай ақын Бегежановты білесіз ғ ой? (Мұқанов)
Демеулік екеш, көбіне, есім сөздерге тіркесіп менсібеуді, кемсіну-ді білдіреді. Мыс.: Жыртқыш хаюан е к е ш о да біледі. (Әуезов) Олар е к е ш оларды аямағаның ба? — деді, (Әуезов) Қожа екеш қожасына дейін бір ауыз бірдемені орысшалаған болып қоштасып, қонақтар үйіне кетіп қалды. (Мүсірепов)
Сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің субъективтік қатысын біл-діретін тағы бір демеулік — мыс. Мыс сөйлеуші бөтен біреудің сөзін келтіріп, оның нанымсыз, шындықңа жанаспайтындығын білдіргісі келгенде жұмсалады. Қолынан тарайды- м ы с сайлау-сияз, (Жан-сүгіров)
Демеуліктер біржолата даму шегіне жетіп, тұйықталып қалған категория емес. Және ол басқа сөздерден томаға тұйық бөлектеніп те жатпайды. Тілді бүтін бір система деп қарайтын болсақ, демеуліктер де сол системаның бір буыны ретінде тілдің басқа салаларымен етене болып байланысып жатады.
Күні бүгінге дейін демеуліктердің саны басқа сөз таптарының есесінен көбейіп, толығып отыр.
Мезгілдік мағыналы үстеу әуелі [Ә у е л і бізге барып ас ішейік, (Мұқанов)] — қазіргі уақытта күшейткіштік демеулік ретінде де жұмсалады. Мыс.:
Туу, мына сармасқа дауа болмас, Абай! Омырауының терін құр-ғатып апты ә у е л і! (Әуезов) Ондай киім Әубәкірге қайдан келсін! Біз білмейтін Әубәкір ме ол! Кеңірдек барқыт түгіл қамполаттан жаңа камзол-шалбар киіп көрді ме екен ә у е л і? (Мұқанов)
Әрі үстеуінен жақтырмауды, ренішті білдіретін демеулік пайда болады. Мыс.: Әй, қойшы ә р і! — дедім мен. (Көбеев) Не бар ә р і бетіңмен қыдыратын, бар әрі сүйретілмей деп қуып та шыққан. (Мұқанов)
Демеулік қызметінде керек десе деген тіркес те жұмсалады. Мыс.: Сондықтан олар Бөжейдің өзі үйіне салмақ түсірген жоқ. К е р е к д е с е бір лақты да өзінен шығартпасқа бекінді. (Әуезов)
МОДАЛЬ СӨЗДЕР
Айналада үнемі болып отыратын әр алуан құбылыстар, өмірдегі сан-сала болмыс түрлері, белгілі бір заттың сын қимылы, іс-әрекеті сөйлемде жалпы жалаң хабар түрінде ғана айтыла салынбайды. Сөй-леушінің осы хабар туралы пікірі, яғни сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі оның көзқарасы, әдетте, қоса беріліп отырады. Сөйлем мазмұнының ақиңат шындыққа қатынасы және сөйлеушінің ол жөніндегі пікірі тіл білімінде, әдетте, сөйлемнің мо-дальділігі деп аталады26.
2а Лингвистикалық әдебиеттерде, сондай-ақ соңғы кездегі басқа да кейбір зерттеулер меи оқулықтарда қолданылыл журген “модальность” термині орыс сөзі де емес. Ол латын тіліндегі “modus” (“мера”) деген сөзден алынған. Бұл сөз латын тілінде грамматикалық термин (рай атауының) орнына да қолданылған,
240
Сөйлемнің модальділігін тіл білімінде жалпы объективті модальділік және субъективті модальділік деп екі тұрғыда қарайды. Мысалы, сөйлем мазмұнының ақиқат шындықпен сәйкестілігі объективті модальділік деп аталады. Объективті модальділік сөйлемнің жалпы предикаттығы (категория предикативности) деген өз алдьша бөлек проблемамен ұштасып жатады, Ал, субъективті модальділік деп сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы (сәйкестілігі) жөніндегі сөйлеушінің көзқарасын, пікірін айтады (объективті модальділік, көбінесе, райлар арқылы беріледі де, субъективті модальділік, негізінен, арнаулы жеке сөздер арқылы білдіріледі).
Сөйлемнің модальділігі басқа да әр алуан, әсіресе экспрессивті және эмоциональдық мағыналармен өте ұқсас; көп жағдайда олар өз ара тығыз байланысты болып келеді. Демек таза модальдық мағына бар да, бұған қоса экспрессивті мағына мен эмоциональдық мағына тағы өз алдына. Модаль сөздердің санының, олардың жалпы құрамы туралы пікірдің осы күнге дейін әр түрлі болып келуі модальділіктің жоғарыда аталған екі түрін сондай-ақ таза модальдық мағына мен экспрессивті, эмоциональдық мағыналарды бір-бірінен дәлді ажырата бермеудің салдарынан болса керек.
Сөйлем модальділігі, әдетте, әр түрлі жолдар арқылы білдіріледі. Сөйлемнің модальділігін білдіретін морфологиялық тәсілге етістіктің рай категориясы, шақ категориялары да жатады. Бұл ретте, әсіресе, қалау райдың, -а р\\-е р формалы келер шақтың және -ып\\-іп, -п ы н\\-п і н, -с ы ң\\-с і ң; -т ы\\-т і қосымшасымен келетін бұрынғы өткен шақтъщ қызметі айрықша. Рай мен шақ жалпы етістікке тән категория. Ал, модальділік етістіксіз сөйлемде де болады. Модальдық реңк сөйлемнің типтік түрлері арқылы да, интонациямен де яғни белгілі бір дауыс ырғағымен де білдіріледі. Бұл — сөйлемнің модальділігін білдіретін синтаксистік тәсіл. Сөйлемнің мазмұны жөніндегі сөйлеуші адамның көзқарасын, пікірін білдіретін жеке сөздер мен кейбір демеуліктер де (-ғой, -ау т. б.), бірді-екілі шылаулар да бар. Модальдық реңк одағайлардан да, қыстырма сөздерден де, В. В. Виноградовтың айтуынша, әсіресе, сұраулық шылаулардың қай-қайсысынан да айқын сезіледі. Бірақ сөйлемге модальдық реңк беретін сөздің, шылаудың, одағайдың, қыстырма сөздің т. б. — бәрін бірдей модаль сөз деуге болмайды. Сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі сөйлеушінің пікірін білдіретін мұндай арнаулы сөздерді модаль сөздер дейді (пікірлеуіш сөздер деуге де болады)27.
Сөйлеуші адамның сөйлем мазмұны жөніндегі пікірін білдіру үшін қолданылатын осындай арнаулы модаль сөздер өздерінің құрамы жағынан түрлі-түрлі болып келеді. Модаль сөздер өздерінің лекси-
27 Модаль сөздер тюркологияда өз алдына тек соңғы жылдар ішінде ғана қолға алыныл жур. Мысалы Е. И. Убрятова, Н. А. Баскаков, Н. К. Дмитриев, А. Н. Кононов якут, қарақалпақ, башқыр, турік тілдері жайындағы монографиялық және оқулық түріндегі зерттеулерінде оларды, яғни сөйлем мазмұны жөніндегі сөйлеуші адамның пікірін білдіретін сөздерді жеке тақырыпша етіп алып өз алдарына бөлек талдайды. Бұл сөздер сондай-ақ “Қазіргі заман өзбек тілі” деп атала-тын жоғары оқу орындарына арналған оқулықта да, қырғыз және түрікмен тілдерінің грамматикаларында да осылай жеке параграф турінде сөз етіледі. Бұл еңбектерде де және С. Саидовтың, Ф. А. Ангелидің, Н. Г. Агазаденің, Н. К. Коцаревтің диссертациялық жұмыстарында да — ешқайсысында да модаль создер өз алдына сөз табы ретінде қаралмайды. Өйткені, олардың ішінде, Е. И. Убрятова айтқандай, өз алдына жеке толық мағыналы сөздер де, көмөкші сөздер мен кейбір шылаулар да, қыстырма сөздер де — бәрі де үнемі аралас жүреді. Және сөз таптарына тән қасиет, негізгі белгілер бұлардан (модаль сөздерден) байқалмайды. Мұның үстіне тағы модальділік категориясы жөніндегі түсінік те әлі басқа-басқа. Модаль сөздің сондай-ақ саны қанша, көлемі қандай — бұл мәселе туралы да көзқарас әзір әр түрлі.
241
калық және грамматикалық белгілеріне қарай есім сөз таптарынан да, етістіктерден де, көмекші сөздерден де, басқа да кейбір сөз таптарынан бола береді. Мүмкін, шамасы, рас, әрине, зады, тәрізі, зайыры, әлбетте, бәлки сөздері — өздерінің синтаксистік функциясы және формасы жағынан қыстырма сөздер. Ал, мағыналық ерекшелігі жағынан, яғни сөйлемдегі ой жөнінде сөйлеушінің пікірі қандай — мақұлдай ма, күдіктене ме, болжал айта ма, әлде нық сенімділік білдіре ме — осы тұрғыдан алғанда, бұлар — модаль сөздер. Өйткені, кейінгі жылдардағы көптеген лингвистикалық әдебиеттерде сөйлеуші адамньың сөйлем мазмұны, яғни ондағы айтылған ой жөніндегі күдігін я болжалын, мақұлдау пікірін, немесе қалауын, не оның нық сенімін, осылар тәрізді басқа да пікірін білдіретін сөздерді модаль сөздерге жатқызады.
Модаль сөздер қазіргі қазақ тілінде сан жағынан оншалықты көп те емес. Бірақ олар өздерінің қолданылу ерекшеліктеріне қарай әр алуан болып келеді. Мысалы, білем, көрінеді, керек тәрізді біраз сөз күнделікті қолданылу процесінде бірте-бірте грамматикализацияла-нып, лексикалық мағынасының сыртында модальдық мағына да біл-діреді. Бұлардың модальдық мағынасы әуелгі лексикалық мағынасының негізінде кейіннен қалыптасты. Білем, көрінеді, керек сөздерінің грамматикализациялану нәтижесінде модальдық мағынаға ие болғандығын мына бір мысалдарды өз ара салыстырып көру арқылы оңай байқауға болады: мен оны көптен білем — мені оятқан сен б і л е м; бұл жерден ауыл анық көрінеді — мұны істеген Асқар көрінеді (сөзімді айтқан көрінеді); маған кітап кер е к — төргі үйдегілер қонақтар болу к е р е к, ол ендігі шықса к е р е к. Модаль сөздер өздерінің модальдық мағынасы және формасы жағынан да әр түрлі. Демек, әрбір модаль сөздің өзіндік сыр-сипаты, өзіндік ерекшелігі бар. Сондьқтан, олардың кейбіріне енді жеке-жеке тоқталайық.
Сияқты модаль сөзінің синонимі ретінде тілімізде тәрізді, әлпет-ті, сықылды, секілді сөздері де қолданылады. Соңғы екеуі фонетика-лық тұрғыда екі вариантта айтылғанмен, негізінде, бір-ақ модаль сөз. Сияқты, тәрізді, сықылды модаль сөздері өздерінің негізгі лексикалық мағынасында қолданылғанда адамдардың, басқа да әр түрлі заттардың арасында болатын өз ара ұқсастықты білдіреді. Яғни салыстыру мағынасында айтылатын -д ай\\-д е й қосымша-сының функциясын атқарады. Мыс.:
Бет бітімі аумаған әкесінікі с и я қ т ы. (Сейфуллин)
Бірақ олардың осы номинативті ұғымы кейде модальдық мағы-наға айналып кетеді. Бұл сөздер модальдық мағынада жұмсалғанда сөйлеуші адамның сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі болжалын білдіреді. Сияқты, тәрізді, сықылды, әлпетті сөздері бұл мағынада жұмсалғанда етістікпен де, сондай-ақ есім сөз таптарымен де тіркесе алады. Сияқты модаль сөзімен тіркесе айтылатын мұндай есімдер мен етістіктер кейде жатыс жалғауында тұрып та қолданылады. Мыс.:
Үш жүзшілдер болъшевиктерге бейім с и я қ т ы. (Мұқанов) Құнанбай естімеген сияқты, ешбір белгі бермеді. (Әуезов) Түрлері бұзық. Асынғаны көкпеңбек темір. Бірдеңе пәле іздеп келген әлпет- т і. (Сонда) Жомартты жек көрмейтін т ә р і з д і. (Мұстафин); Бар жігіт сонда с и я қ т ы. (Сонда)
Сияқты, тәрізді, сықылды (секілді) модаль сөздері әр түрлі етістік қосымшаларын да қабылдай береді. Мыс.:
Абайға нағыз өлтіруші. осы сияқтанд ы„ (Әуезов) Назыкеш бәрін көріп келе жатқан тәрізденеді. (Мүсірепов)
242
Бұлармен тақылетті, реуішті, мәзімді, іспетті сөздері де мағына-лас. Бірақ осы төрт сөз Қазақстанның аудан, облыстарының бәрінде бірдей айтыла бермейді. Тақылетті сөзі өзінің лексикалық мағына-сында да, сондай-ақ модальдық мағынада да қолданылады. Ол мо-дальдық мағынада жұмсалғанда сөйлеуші адамның сөйлем мазмұ-нының ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі болжалын білдіреді (келетін тақылетті, көрген тақылетті). Бірақ мұндай модальдық мағынада сияқты, сықылды, тәрізді, сөздерімен салыстырғанда әлдеқайда сирек қолданылады. Ал, реуішті, іспетті, мәзімді сөздері модальдық мағынада жұмсалмайды, көбінесе, таза салыстыру мәнінде (-дай//-дей, -тай//-тей қосымшасының функциясында ғана) қолданылады. Тақылетті сөзі де, көбінесе, осындай өзінің әуелгі лексикалық мағынасында жұмсалады. Бұл ретте олар, негізінен, есім сөздермен тіркесіп келеді. Мыс.:
Ж е л п у і ш тақылетті палъмалардың жапырақтары баяу теңселеді, (“Бейбітшілік даусы”) Кітап жарық көргенше о с ы тақылеттес хабарландырулар басылып тұрды. (“Социалистік Қазақстан” газеті); Жоғары идеялы ж аң а р е у і ш т і ө л е ң дәрежесіне көтерілгенін алсақ та жеткілікті (“ Қазақ әдебиеті” газеті) Мынау а д а м н ы ң б а с ы р е у і ш т і н ә р с е екен., (“Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері”) Мүсілім-нің кім екенін танығаннан кейін мынадай өкім іспетті сөз айтады. (“Қазақ әдебиеті” газеті)
Керек сөзі де осындай екі түрлі мағынада жұмсалады: негізгі лексикалық мағынасында және модальдық мағынада. Ол негізгі лексикалық мағынасында өз алдьша сөйлем мушесі ретінде қолданылады. Бұл ретте баяндауыш қызметінде де, анықтауыш мүше орнында да жұмсалып келе береді. Ал, модаль мағынасында таза көмекші сөз орнында қолданылады. Мыс.:
Колхоз шаруашылығына білгір мамандар к е р е к. (Газеттен) М а -ғ а н к ер е к кітап бітіп қалыпты,. (Байтанаев) Құнанбайдың бүгін әдейі т о с ы п о т ы р ғ а н адамдары б о л у к е р е к. (Әуезов)
Керек сөзінің екі түрлі модаль мағынасы бар: міндеттілік мағы-насы, болжал мағынасы. Міндеттілік мағынасында керек модаль сөзі тұйық етістікпен, кейде мұның сондай-ақ -м а қ\\-м е к формасымен де тіркесе жұмсалады. Тұйық етістік бұл ретте септеліп те, кейде тәуелдік жалғауын қабылдап та (Баруым керек, баруың керек т. б.) айтыла береді. Мыс.:
Е н д і г і ш а р а қатал с ө г і с б о л у к е р е к. (Мұстафин) Патшалықтың зәрлі законы о н д а й ж е р г е барынша қ а д а л-м а қ қ а к е р е к. (Әуезов) Ш а б ы с т ы ең әуелі ү л к е н д е р б а с т а м а қ к е р е к. (Әуезов)
Міндеттілік мағына араб тілінен енген лазым модаль сөзі арқылы да беріледі. Бұл сөз қазіргі қазақ тілінде, көбінесе, аға буын жазу-шылардың шығармаларынан кездеседі. Мыс.:
С і з д і ң де естіп б і л у і ң і з л а з ы м ғой* (Әуезов) Оқасы жоқ, білмегенді білу лазым. (Сланов)
Жоғарыда келтірілген мысалдардағы модальдық мағынаны керек сөзінің жалғыз өзі ғана білдіріп тұрған жоқ. Бұл мағына түйық рай етістік пен керек сөзінің тіркесінен шығып тұр. Керек сөзі мен тұйық рай етістіктің осы тіркесі бұдан басқа да модаль мағынада қолданылады. Демек, тұйық рай етістік пен керек сөзінің тіркесі тек міндеттілік мағынаны емес, сондай-ақ сөйлеуші адамның сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі болжалын да білдіреді. Мыс.:
243
Тоғжан өз ү й і н е к е т к е н б о л у к е р е к. (Әуезов) Қатты қ о р қ ы т ы п қ о й ғ а н б о л у к е р е к, дауыстарын шығара алмай жаншылып егіліп жылайды. (Сонда) Шоқ үкі де әлдекімнен алажаздай с ұ р а п жүріп а л ы н ғ а н б о л у к е р е к. (Мүсірепов)
Керек сөзі осындай болжал мағынаны шартты рай етістікпен тіркесіп келіп те білдіре алады. Бұл ретте шартты рай тұлғалы етіс-тік жіктік жалғауларының қай-қайсысын да қабылдай береді. Мыс:
Өзің сүйекке н а м ы с б о л а т ы н ж а й д ы о й л а м а с а ң к е р е к. (Әуезов) Ақ тайдың а с а у е к е н і н ұ м ы т ы п к е т-с е к е р е к. (Сонда)
Қазіргі әдеби тіліміздегі қажет және тиіс сөздері осы керек мо-даль сөзімен синонимдес мәнде жұмсалады. Бұлар бір-ақ модальдық мағынада ғана қолданылады, Ол — міндеттілік мағына. Тиіс, қажет модаль сөздері бұл мағынаны тұйық рай етістікпен тіркесө айтылғанда ғана білдіреді. Тиіс сөзі бұл ретте үнемі барыс жалғаулы түйық етістіктен кейін тұрады. Мыс.:
Көлденеңі алты метрден к е м б о л м а у ғ а тиіс. (Әбішев) Әркім өз сыбағасын а л у ғ а т и і с. (Мұстафин) Ендеше қинамай т ұ р а тұру қ а ж е т. (Әуезов) Байдалыға с о л а р д ы с а л у қ а ж е т. (Сонда)
Шамасы, тәрізі, зады. Бұлар сөйлемде қыстырма сөз позиция-сында қолданылады. Модальдық мағынасы біреу-ақ. Сөйлеуші адамның сөйлемде айтылған хабар жөніндегі болжалын білдіреді. Шамасы, тәрізі, зады сөздері модальдық мағынада жұмсалғанда сөйлемнің баяндауыш мүшесі, көбінесе, белгісіз келер шақ етістік болып келеді. Мыс.:
3 а д ы, бұл штректің ө м і р і қ ы с қ а б о л а р. (Мұстафин)
Ш а м а с ы, Қайырбекке біреудің тілі тиген болды. (Сланов) Т ә р і -з і, өзі жуырда қарым-қатынасты ж ө н д е й а л м а с. (Ажаев)
Шамасы сөзі өзінің әуелгі, лексикалық мағынасында қолданыл-ғанда қыстырма сөз позициясында емес, сөйлемдегі баяндауыш му-шенің, сондай-ақ мезгіл және мекен пысықтауыштарының құрамында да келе береді. Ал, тәрізі модаль сөзі лексикалық мағынасында өз алдына сөйлем мүшесі ретінде қолданылады. Мыс.:
Саған ж а з д ы ң а я қ ш а м а с ы н д а барып қайтам. (Сла-нов) Олар келген кез а й д ы ң а я қ ш а м а с ы болатын. (Иман-жанов) Т ә р і з д е р і н байқаған соң кешкі шайға шақырды. (Мұстафин)
Шамасы, тәрізі, зады. модаль сөздерінің қызметінде кейде сірә, түрі, тегі сөздері де қолданылады. Бұлар мұндай модальдық мағына-да, әсіресе, керкем шыгармада жиірек жұмсалады. Мыс.:
Оңаша ғой үйде, с і р ә. (Мұстафин) Те г і, сол мүнда келмеген болды. (Сланов)
Шамасы модаль сөзі формалық жағынан аздап өзгертіліп те қол-данылады. Бұл ретте де ол сөйлемнің синтаксистік позициясында тұрып модальдық мағынаны білдіреді. Мыс.:
Бір тонна көңді ұсақтарда қөректік заттар, ш а м а д а, 3—4 еседей артады. (Газеттен)
Ескерту: Шамасы, тәрізі, зады модаль сөздерімен мағынасы жақын келетін бірді-екілі диалектілік ерекшеліктер де кездеседі. Олар мыналар: зайыры, туасы, нәті. Бұлар Қазақстанның кейбір аудан, облыстарында ғана айтылады. Үшеуі де модальдық болжал мағынаны білдіреді: Т у а с ы, сол жігіт істесе алмайды;3 а й ы р ы, үйінде қонақтар болу керек; Н ә т і, Ержан келген болу керек.
244
Зайыры модаль сөзі кейде, әсіресе, фольклорлық шығармаларда, өз алдына және сөйлем мүшесі ретінде де қолданылып келеді. Мыс.:
Білмесеңіз Тарғынның,
Білдірейін з а й ы р ы н (“Ер Тарғын”).
Сөйлеуші адамның сөйлем мазмұны мен ақиқат шындықтьщ өз ара қатынасы жөніндегі болжалын мүмкін, бәлки модаль сөздері де білдіреді. Мүмкін модаль сөзі жоғарыда талданған сөздерден ерекшелеу. Өйткені, бұл сөйлемнің синтаксистік позициясында ғана қолданылып қоймайды, сондай-ақ баяндауыш мүшенің қабатында да жұмсалып келе береді. Мұнымен синонимдік қатынастағы бәлки (бәлкім) модаль сөзі сөйлемнің тек синтаксистік позициясында, яғни қыстырма сөз орнында тұрады. Мүмкін, бәлки сөздерінің модальдық мағынасы кейде әлде сөзі арқылы да беріледі. Мүмкін сөзі ара-тұра қыстырма мүше сияқтанып сөйлемнің бас позициясында қолда-нылып келгенмен грамматикалық байланыста тұрады. Өйткені оның сөйлемнің бас позициясына шығып кетуі — инверсиямен байла-нысты құбылыс. Мыс.:
Мүмкін олар үйде жоқ. (Ғабдуллин) әзір ж а с ы р ы н ы п ж а -т у ы да м ү м к і н. (Мүсірепов) Б ә л к и, қырмандағылар бүгін кеш қайтар. (Омаров) Мүмкін губернатор келген күні шуламаңдар деп тиып қоюы. (Мұқанов)
Мүмкін модаль сөзі сондай-ақ анықтауыш мүшеге де, кейде -дік қосымшасын қабылдап зат есімге де айналып кете береді. Бұл ретте ол модальдық мағына білдірмейді. Мыс.:
Сенуге м ү м к і н сөздер емес. (Мұқанов) Бұл енді дайындық жұмыстарын кеңейтуге мүмкіндік берді. (Мұстафин)
Әрине, әлбетте. Соңғы модаль сөз, көбінесе, көтеріңкі стильде қол-данылады. Бұл екеуі сөйлеушінің сөйлемдегі айтылған хабарды се-німді түрде мақұлдайтындығын білдіреді. Қазіргі әдеби тілімізде әрине және әлбетте сөздері үнемі осы, мақұлдау мағынасында жұмсалады. Бұлар сөйлемнің басында да, орта шенінде де, соңында да тұра береді. Мыс.:
Ә р и н е, сіздер менен гөрі киргиз сахрасын, адамдық мінездерін көбірек білесіздер. (Әуезов) Көпей, ә р и н е, Жұманның ендігі бет алысын ертерек абайлағалы шығып тұр. (Мүсірепов) Соны тап жау-ының қалдықтары ұшықтыра түседі, әрине. (Мұстафин)
Рас сөзі расында, ырасы түрінде де жұмсалады. Әдеби тіліміздегі шынында, анығында сөздерінің модальдық мағынасы да осындай. Бұлар сөйлемде айтылған хабарды сөйлеуші адамның өз тарапынан растайтындығын, куәландыратынын білдіреді. Расында, анығында, шынында (шындығында), расы модаль сөздері сейлемнің үнемі син-таксистік позициясында ғана қолданылады. Мыс.:
Р а с, Ділдәні Абай сүйіп қайтқан жоқ. (Әуезов) Анығында, Бөжейдің асы бұл атырапта талайдан болмаған ас делінді. (Сонда) Шындығында, жаңағы азғана сөз талай терең түкпірдің үстін басты. (Сонда) Р а с ы, Адақ бәске қатыспаған, Шыңдағы орамалды атыспаған. (Сейфуллин)
Екен модаль сөзі е көмекші етістігінен қалыптасқан. Ол сөйлеу-шінің сөйлемде айтылған хабарға көзі жеткендігін, соған деген сені-мін білдіреді. Екен сөзінің бұл — негізгі модальдық мағынасы. Екен бұдан басқа да модальдық мағынада қолданылады. Бұл сөз сөйлеу-ші адамның сөйлем мазмұнына көзі жеткендігін, ол жөніндегі сенімін білдіру үшін қолданылғанда сөз таптарының қай-қайсысы-мен де тіркесіп келе береді. Бұл ретте ол, әсіресе, етістік баяндауштың қабатында жиі жұмсалады. Мыс.:
245
Сикорскийдің көзілдірігі шаншып алардай ш а т ы н а й қада-лады е к е н. (Мүсірепов) Мұнда бүгін сыбаға әкелген ә й е л
қ о н а қ т а р к ө п е к е н. (Әуезов)
Екен модаль сөзі ілгеріректегі кейбір әдеби нұсқаларда, сондай-ақ эпостың жырларда белгісіз келер шақ етістіктен кейін де тұра береді. Мыс.:
Сол елде Базарбай деген б і р б ай б а р е к е н, Базарбайдың
б а й л ы ғ ы н ешкім е с е п е т і п б о л м а с е к е н. ( Қыз Жібек) Елінде қанша жігіт бар, 1 ш і т о л ғ а н ыз а е к е н. Тө-леген сынды мырзамды Ө л т і р е м і з д е р е к е н. (Сонда)
Екен модаль сөзі септік жалғауында тұрған етістіктермен де, есімдіктермен де тіркесіп жұмсала береді. Мыс.:
Ақ ү й д і ң к ө р к і ай н ұ р ы түскенде е к е н. (Мүсірепов)
Сөйлемде айтылған ойдың ақиқат екеніне сөйлеуші адамның кө-зінің жеткендігін екен модаль сөзі ғана білдіріп қоймайды. Ёкен модаль сөзінің бүл функциясын, кейде, етістіктің бұрынғы өткен шақ формасы да (-ы п\\-і п) атқара алады. Мыс.:
Мен не болғанымды білмей жылап жіберіппін. (Мұқанов) Естігендерінің бәрін т і з і п жүріпті. (Мүсірепов)
Сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі өзі-нің пікірін сөйлеуші адам басқа біреудің сөзіне сүйене отырып та ай-тады. Бұл — екен сөзі білдіретін модальдық мағынаның бір түрі. Бұл модальдық мағынада екен сөзі үшінші жақ жіктік жалғауындағы өнімсіз формалы көсемше етістіктен соң, не өткен шақ есімшеден кейін тұрады. Мұндай модальдық мағына, көбінесе, ертегі сарын-дас стильде көрінеу тұрады. Мыс.:
Ол к ү й е у таңдайды е к е н. (Мұқанов) Ол заманда е л б а с ы, т о п б а с ы деген кісілер б о л а д ы е к е н. (Абай) Қоңырбай дейтін шал болған е к е н. (Сланов)
Екен модаль сөзі шартты рай етістікпен тіркесе қолданылғанда сөйлеуші адамның сөйлемде айтылған хабарға қатысты өтініш тілегін де білдіре алады. Мыс.:
Қ о с а л қ ы ж ұ м ы с б о л с а е к е н. (Мүсірепов) Сорлы баланың өзіммен қатар итсалпақта жүргенін к ө р м е й ө л с е м е к е н. (Сонда)
Екен сөзі кейде модалъдық мағына білдірмейді. Бұл ретте ол күрделі бастауыштың, не күрделі толықтауыштың көмекші компо-ненті ретінде қолданылады. Мыс.:
Оның ә д і л екені көрініп тұр. (Сланов) Жанат Көкіманның Ахмет екенін түсінсе де... (Мұстафин)
Шығар модаль сөзі бұйрық рай шық етістігі мен белгісіз келер шақтың -а р формантынан жасалып тұр. Болар және шығар модаль сөзінің екеуі де сөйлеуші адамның сөйлемде айтылған хабарға қатысты болжалын білдіреді. Бұл ретте олардың алдында есім сөз таптары да, етістіктер және кейбір есімдер септеліп те тұра береді. Болар, шығар сөздері өздерінің модальдық мағынасында жіктік жалғауының қай-қайсысын да қабылдай береді. Мыс.:
Жаңбыр бар, боран бар дегендей к ө л і к к е о б а л б о л а р. (Мүсірепов) Тамақ та қ а р д ы ң астында б о л а р. (Сонда) Губернатор а л д ы н д а ш ы ғ а р, мен тез барайын. (Мұқанов)
Мұндай болжал мағына тек осы екі етістікте емес, басқа белгісіз келер шақ етістіктерде де бар. Бірақ бұлардың бәрін бірдей модаль сөздер қатарына жатқызуға болмайды. Өйткені болар, шығар сөздері модальдық мағынада қолданылғанда есім баяндауышпен де, етістік баяндауылшен де тіркесе алады.
246
Ал, басқа белгісіз келер шақ етістіктерден мұндай ерекшелік байқалмайды. Бұлар, көбінесе, етістік баяндауыштың қосарында қолданылады. Мыс.:
Нең кетеді, жүр, Асқар, керегің боп қалар. (Мұқанов); Мына жерден орын болмаса, сіздің үйге де б а р ы п қ а л а р м ы з. (Сланов)
Болар модаль сөзі кейде белгісіз келер шақ етістіктен соң да тұра береді. Бірақ ол мұндай тіркесте келгенде сөйлеуші адамның сөй-лем мазмұнына қатысты болжалын білдірмейді, міндеттілік мағына (значение должноствования) алып кетеді. Мыс.:
Назыкештей алтын қызды босқа дәмелендіріп әурелемес б о л а р. (Мүсірепов) Көрмеген, білмеген адамды үйіне енгізбес б о л а р. (Сланов)
Сөйлеуші адамның сейлем мазмұнының ақиқат шындыққа сәй-кестігі жөніндегі болжалы, кейде, сенімдірек түрде айтылады. Мұндай модальдық мағынада, көбінесе, көрінеді етістігі қолда-нылады. Көрінеді етістігі өзінің модальдық мағынасында жұмсалғанда етістік баяндауыштан соң да, сондай-ақ есім баяндауыштан кейін де тұра береді. Мыс.:
Бәрін бүлдіріп жүрген Кәрібайдың ө з і көрінеді. (Мұстафин) Ол агроном болғанына өкінетін көрінеді. (Иманжанов) Оның себебі де бапта, б а ғ ы м д а көрінеді, (Сланов)
Модальдық мағына білдірмей, өзінің лексикалық мағынасында тұрғанда көрінеді етістігі өз алдына сөйлем мүшесі ретінде қолданылады. Мыс.:
Тұман ішінде қараңдаган адам, саргылт, шам көрінеді (Мұстафин)
Білем етістігі де бір ғана модальдық мағына білдіреді. Ол сөйлеу-шінің сөйлемде айтылған хабар жөніндегі болжалын білдіргенде құ-рама баяндауштың көмекші компоненті ретінде қолданылады. Ал, өзінің лексикалық мағынасында өз алдына баяндауыш түрінде жұмсалады. Мыс.:
Уықтары қарына дейін а л т ы н, жоғарғы жағы күміс б і л е м. (Мүсірепов) Мақтаушы жұрт екеумізге көп болысқан б і л е м. (Әуезов) Сіздің үйде жатырмын д е д і б і л е м. (Сланов)
ОДАҒАИ
Одағай категориясына жататын сөздер адамның көңіл-күйін, се-зімін білдіру мақсатымен ғана емес, сонымен қатар басқа біреуге бұйыру, ишара білдіру немесе малды шақыру, айдау, қарғау мақса-тымен де қолданылады. Бұл категорияның құрамы әредік, ала-құла. Мұның құрамында адамның көңіл-күйін білдіретін Ойбай! Япырмай! Әттең! Шіркін! сияқты сөздер және адамға бұйыру, ишара қылу, тиым салу мақсатьшен қолданылатын Тәйт! Тек! Жә! Сап-сап! Айда! сияқты сөздер бар. Одағайлардың құрамында малды шақыру, айдау, қарғау мақсатымен қолданылатын Үрит соқ! Шәуім-шәуім! Шөк-шөк! Шөре-шөре! Құру-құру! сияқты сөздерді де кездестіреміз. Амандасу, қоштасу т. б. тұрмыс-салтпен байланысты қолданылатын Хош! Хайыр! Рахмет! Ассалаумағалайкүм! сияқты азын-аулақ сөздер де осы топқа жатады. Басқа сөз таптарына жататын сөздердің (әсіресе, зат есімдердің) интеръективиза-цияланьш, одағай мағынасында жұмсалуы жиі кездеседі. Мысалы: Алла!\\алда! Дариға! Пәле! Тарт! т. б. Одағай қатарында Стоп! Алло! Ура! Бис! сияқты орыс тілі арқылы енген сөздер де,
247
Ассалаумалейкум! Жәрекім алла! Бәрекелде! Пәле! сияқты араб-иран тілдерінен енген сөздер де бар.
Тілімізде экспрессивті-эмоционалдық, интонациялық реңкін әлі де болса сақтап тұрған, баска сөздермен жанаса айтылатын -а й, -а у шылаулары бар. Оларды одағайдан басқа сөз таптарындағы сөз-дермен тіркесіп келгенде одағай төркінді шылау деу керек (мысалы, Ашуын-ай! Балам-ау! Арыстаным-ай! т. б.). Ал, одағайлармен жанаса айтылғанда оларды тіркесіп отырған одағаймен бірге, қоса күрделі одағай деп тану керек. Мысалы: Айналайын-ай! Ойпырым-ай! Шіркін-ай! Ойбай-ау! Бәрекелді-ай! т. б. Бұдан басқа одағай құрамында Па деген! Я деген! Тәйірі деген! Жағың қарысқыр! Айналып кетейін! Садағаң кетейін! Топалаң келгір! сияқты компоненттері жымдасып, бір-біріне кірігіп, мағыналық жағынан бөлшектеуге келмейтін бір тұтас, қатып қалған одағайлы тіркестер бар.
Одағайлар адамның әр қилы сезімін, көңіл-күйін эмоционалды түрде көркем, айқын, дәл жеткізуде ерекше мәні бар. Мыс.:
Ой, аррам қат, аррам қатқыр! Танау құрт келгір! Ойбай-ау, енді қайтейін, ойбай! Құдайы құрғыр, қу құдай! Әй, иттің ғана малы-ай, шашымды ағарттың-ау, ойбай! (Мұқанов) Осы бір кішкентай үзінді-дегі самсап тұрған одағайлар арқылы жазушы оқырманның көз ал-дына ылажы таусылып, қаны қайнап, ыза мен ашуға булыққан адам-нын кейіпін елестетеді.
Тіліміздегі одағай сөздер мағынасына қарай үш топқа бөлінеді.
1. Көңіл-күй одағайлары.
2. Императивтік одағайлар.
3. Тұрмыс-салт одағайлары.
Көңіл-күй одағайлары
Бұл топтағы одағайлар адамның әр түрлі сезімдерін, көңіл-күйін білдіреді. Одағайлардың бұл тобы сан жағынан мол, семантикалық құбылу жағынан әр қилы, мағынаға да өте бай топ. Бұл топтағы одағайлар әрі жағымды, әрі жағымсыз көңіл-күйді білдіре алады. Осы қасиетіне қарай көңіл-күй одағайлары ішінара үш топқа бөлі-неді:
1) Жағымды көңіл-күйді білдіретін одағайлар: Алақай! Ура! (қуану, шаттану), Паһ-паһ!\\Па-па (сүйсіну, таңдану), Бәрекелді! (сүйсіне қостау, шаттана сүйсіну), Оһо! (таңдану) т. б.
2) Жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар: Әттеген-ай\\әттең! Қап! (өкіну), Тәйірі! Түге! (наразылық, іреніш), Ищай! (тоңу, жиір-кену), Бай-бай-бай! (қатты реніш, наразылық, кейістік), Пішту! (мен-сінбеу, жақтырмау) т. б.
3) Әрі жағымды, әрі жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар, Бұл топтағы одағайлар, әдетте, көп мағыналы болып келеді. Мысалы, Пай-пай! одағайы төмендегі қарама-қарсы екі мағынада жұмсалады. а) Таңдана, сүйсіне таңырқау: Кәне, басыңа киіп көрші. П а й-п а й, қандай жарасады, ә?! (Кәлменов) П а й-п а й, шіркін, Алатау, шандоз едің неткен сен! (Сәрсенбаев) ә) Іренжу, наразылық мағынасында: Пай-пай, осы бір емізіп тартатының-ай! Айтпайсың ба сартылдатып! (Мұстафин) Ал, қатын, енді бүлар төбелесті! П а й-п а й, аяқтарының астында қаламыз-ау! (Әуезов) Бұл одағайдың ұяңданған бай-бай! вариантында мұндай көп мағыналық жоқ. Бай-бай! одағайы жағымсыз мағынада ғана жұмсалады. Ту! одағайы да қарама-қарсы екі мағынада жұмсалады. а) Таңдану, таңыр-қау (жағымды эмоция):
— 2000 бие, 10000 қой сойылыпты!
248
— Т у!.. (Мұқанов)
— Ағам көп ән біледі. Өлеңді де көп біледі!
— Т у, ағаң жақсы екен! (Сланов)
ә) Іренжу, наразылық білдіру мағынасында (жағымсыз эмоция):
Т у, Ғұмар, кісінің әңкі-тәңкісін шығардың-ау! Түк ести алмадым (Хұсаинов) Т у, мазасыз адам екенсіз өзіңіз! (Сатыбалдин)
Е с к е р т у. Бұл ту одагайын оған тұлғалас сонау мағынасында жұмсалатын ту есімдігінен ажырату керек. Мыс.: Ту, ту Омбыдан “Қостанайға генерал-губернатордың жол шеккен себебі...” (С. Мұқанов). “Ол ту биікте тұр”, “Т у сыртында дегендегі ту — одағайға омонимдес сілтеу есімдіктері.
Императивтік одағайлар
Бұл топқа адам не айуанатқа бағышталып айтылатын шақыру, жекіру, тиым салу, бүйыру мақсатымен қолданылатын одағай сөздер жатады. Бұл топтағы одағайлар бағышталып отырған объектісіне қарай үлкен екі топқа бөлінеді:
1) Адамға бағышталып айтылатын одағайлар. Бүған адамның адресіне бұйыру, жекіру, тиым салу мақсатымен қолданылатын Айда! Тәйт! Сап-сап! Ал! Марш! Стоп! Кәне! Мә! Жә! Тек\\тәк! Тәйт! Әуп!, Әлди-әлди! сияқты одағайлар жатады. Мыс.:
Ж ә, тоқтат, ақсақал! Қырық жыл достық болмаса, қырық жыл жаулық та жоқ. Базаралыдан алмаған өшің бар ма еді!? (Әуезов)
Ж ә, ж ә, болды енді Даурықпай! — деді Сырбай. (Мұқанов)
Т ә й т ә р і, оттап былшылдамай отыр! — деп ақырып тастады (Мұқанов) Т е к, тантымай сөйле! Былғама Нұрғанымды. (Әуезов) Желігуден жалықты. жаным менің, с а п-с а п, көңілім, лепірме, тоқ-та, тоқта! (Аманжолов) Ә л д и- ә л д и, ұйқта, жаным, бөпешім. Жылдағыдай үйде жоқ қой көкешің. (Ерғалиев)
А у!\\ ә у! одағайы екі түрлі мақсатпен жұмсалады.
а) Біреуді шақыру, өзіне қарату мақсатымен қаратпа сөз ретінде жұмсалады. Мыс.:
— Итеке -а у, Итеке! — деді ол Итбайды оятып, (Мұқанов)
А у, қайда кеттіңіз? (Әбішев) А у, Барша, қарағым-ау, мұның қа-лай!? (Хұсаинов)
ә) Біреудің шақырғанына үн қатып, жауап қайыру мақсатымен жұмсалады. Мыс.:
— Қалқам, Дәмеш!
— Ау, әже! (Майлин)
— Бибисара! — деді ол бір күні бәйбішесіне,
— Ау! (Райымқұлов)
2)Малға бағышталып айтылатын одағайлар. Бұл топқа Моһ-моһ! Шөре-шөре! Сорап-сорап! Көс-көс! Шәуім-шәуім! Әукім-әукім! Мәлік келгір! Айтақ! Жамалдатқыр! сияқты үй айуанаттарын жемге шақырту, тоқтату, айдау, үркіту, қарғау мақсатымен қолданылатын сөздер жатады. Мысалы:
Құрай-құрай деп қойдан, айқайлай-айқайлай қасқырдан ұят бол-ды. (Мақал) Ә й т ш у деген атанға күш, ә у п деген жігітке күш. (Мақал) Боразна! С о п-с о п! деген ұрандары, жаңғыртты таңмен бірге жер мен көкті. (Майлин)
Тұрмыс-салт одағайлары
Бұл — сан жағынан шағындау, бір мағыналықпен сыйпатталатын топ. Бұған адамдардың амандасу, қоштасу т. б. сыйластық жасау мақсатымен айтылатын сөздер енеді. Мыс.:
249
Хош! Хайыр! Рахмет! Кеш жарық! Ассалаумағалейкүм! Құп! Ләббәй! Жәрекімалла! т. б.
— Құп! — деді де қоштасып жүріп кетті агроном. (Мұстафин)
— Яков, — деді.
— Ләббәй!
— Түсіңдер. (Сланов)
— Ассалаумалейкүм, Абай аға!
— Уағалейкүмүссәлам! Е, жігіт, не ғып суып келесің? (Әуезов) К еш ж а р ы қ! — деді Щербаков кіре бере. (Мұстафин) Қ о ш, еркін кәрі атырау толқындары. (Сәрсенбаев)
КӨП МАҒЫНАЛЫ ЖӘНЕ БІР МАҒЫНАЛЫ ОДАҒАЙЛАР
Одағайлардың семантикалық құбылмалығы әр түрлі. Бірқатар одағайлар контексте бір-ақ мағынада қолданылса, енді бірқатары екі-үш не одан да көп мағынада жұмсалады. Көп мағыналы одағайлардың кейбірі кейде қарама-қарсы мағынада қолданылады. Осыған орай одағайларды е к і ү л к е н т о п қ а бөлуге болады.
1. Көп мағыналы одағайлар.
2. Бір мағыналы одағайлар.
Көп мағыналы одағайлар
Бұл топқа екі-үш не одан да көп мағынада жұмсалатын одағайлар жатады. Мысалы, Пай-пай! Ту! одағайларының әр біреуі қарама-карсы екі мағынада жұмсалатынын жоғарыда айттық. Пәлі!\\Бәлі! одағайы төмендегі үш түрлі мағынада қолданылады.
а) Біреудің іс-әрекетіне не сөзіне риза болып, оны қоштау, қол-паштау, көтермелеу мақсатымен айтылып шаттық, қуаныш, таңдану мағынасында жұмсалады. Мыс.:
Уа, п ә л і, нағыз, әнші мұнан шықты, міне! (Нұрпейісов) Іс шықса, Баршагүлден шығады демеп пе едім? Я, я, п ә л і, қарағым! (Сланов)
ә) Біреудің сөзін жақтырмай, наразылық мағынасында жұмсала-ды. Мыс.:
— Жарайды, аңшы-ақ екенсің! Осындай тоқ итпен аңға шыға ма екен?
— Қой, тоқ емес-ті!
— Б ә л е, мынау не?! Бүйірін қарашы! (Әуезов)
— Б ә л е, мына дене кіші ме?! Нанбаймын тіпті! (Мұстафин)
б) Таңдану, таңырқау мағынасында жұмсалады. (Бұл әдетте ке-неттен болған уақиғамен байланысты):
— Б-ә л е-е, мынау Әсия ма, ей?! Мойнында сумка, қолында ақ биялай, бүл кімді емдейді? (Хұсаинов) Бұл сөз І-жақ тәуелдік тұлға-да қолданылғанда біреуді қорқыту, қоқан-лоқыға алу мағынасында жұмсалады. Кейде Саған сол керек! деген мағынада да жұмсалады. Мыс.:
Б ә л е м, тұра тұр, осының бәрін әкеме айтам! (Әуезов) Екі неміс жалт қарады да екі қолын көтерісе қойды. — Әп-б ә л е м! (Мұқанов).
Бәрекелді! одағайы екі түрлі мағынада жұмсалады: а) Таңырқай қошеметтеу, қоштау, істеген іске риза болу мағынасында. Мыс.:
Міне сөз, бәрекелді, Баршажан! (Сланов)
ә) Кекесін реңкті таңдану, таңырқау мағынасында. Мыс:
Осылардан 3—4 машина бізге ауыса тұруға болмай ма?
— Бәрекелд е-е-е!.. Дәмесін қара! (Сланов)
250
Мұндай көп мағыналық қасиет тұрмыс-салт одағайларында жоқ. Ал, императивтік одағайларда көп мағыналық сирек кездеседі. Көп мағыналы одағайлардың бойындағы жоғарыда көрсетілген қыруар көп мағыналар сол одағайлардың қара басынан шығып отырған жоқ, олар бұл қасиетке сөйлемдегі контекст, сөйлеу тіліндегі ситуация және интонация арқылы ие болып отыр. Контекстің, ситуацияның және белгілі бір жағдайда интонацияның қатыстығы болмаса, одағайлар көп мағыналық, сипатынан айрылар еді.
Бір мағыналы одағайлар
Бұл топтағы одағайлар қай ситуация, қай контекстке түспесін, қандай интонациямен айтылмасын, үнемі бір-ақ мағынада жұмсала-ды. Мысалы, Алақай! Ура! одағайлары тек шаттану, қуану сезімін білдіру үшін жұмсалса, Қап! Әттеген-ай! Әттең! одағайлары әр уа-қытта өкіну мағынасында жұмсалады. Мыс.:
А л а қ а й! Ата! Апа! Есбосындар келіп қалды! Ағалар келеді! Соғыс бітті!... Жеңіс күні! (Сланов)
Апар допты ортаға! Ой, ашық ауыз! Теп енді! Һұп! Қ а п! Ә т-
т е г е н-а й! (Соқпақбаев) Ә т т е ң, оқымай қор болған адам! — дейтін Мадияр Байтөбет туралы. (Мұқанов) Қ а п, Қазекеңе бақты суару керек деп айтайын деп отырып, ұмытып кеткенімді қарашы! (Шамкенов) Ой, ә т т е г е н-а й, әлгі жігіт жаман ой ойлап кетті-ау! (Ә. Әбішев)
Паһ-паһ! одағайы бір нәрсеге сүйсіне таңдануды білдіреді. Мыс.:
Әсет [әнін] айтып бітіргенше жарыса сөйлеп отырды: — П а һ-
п а һ! Шырқап шыңға құйылып құзға кетті-ау! Құйқылжыт, ерім! (Мұстафин)
Оллаһи-беллаһи! Оллаһи!\\олда-білде! одағайлары өз сөзіне біреу-ді сендіру үшін қолданылады. Мысалы:
— Өзің болыстың әрі інісі, әрі кандидатысың, қалай білмейсің?
— О л л а һ и, мен білмеймін! (Әбішев)
Қашамын, о л д а-б і л д а қашамын. Нанбасаң, бір қапшық алтын тауып әкелші, қызығар ма екем? (Мұқанов)
Уһ! одағайы шаршау сөзімін білдіреді. Бай-бай! — іренжу, нара-зылықты білдіреді. Мыс.:
Әй, құдай-ай! (В. Майлин).
Бай-бай-бай-бай,
Жүрмейсің жәй! Нең бар еді,
Әй, құдай-ай! (Б. Майлин).
Бір мағыналы одағайлардың қатарына Бәсе! Астапыралла! Жә-рәкімалла! Тәйт! Жә! Әлди-әлди! Әуп! Сап-сап! Һай-һай! Мәссаған! Тәйірі! Ләббәй! Фи! Пішту! одағайлары жатады.
ОДАҒАЙ СӨЗДЕРДІҢ ИНТОНАЦИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Одағай категориясы басқа сөз таптарымен салыстырғанда әуез-ділік, ырғақ, эмоционалдық құбылмалыққа, интонацияға өте бай категория. Олар көркем шығарма тілінде (әсіресе, диалогтарда) көп кездеседі. Ал, публицистика, ғылми стильде жазылған шығармалар-да сирек кездеседі. Қазак, тіліндегі дауысты дыбыстардың бәрі бірдей одағай мағынасында жұмсала бермейді. Дауысты дыбыстардан тек ә, а, о дыбыстары ғана одағай мағынасында жұмсалады да ұ, ү, у, ө, і дыбыстары одағай жасай алмайды. Ал, ы дыбысы одағай қызметінде сирек кездеседі. (Мыс.: ы-ы-ы, солай де!)
251
Ескерту: Ситуациядан контекстен тыс құр босқа мағынасыз а-а-а-лаған дыбыстар одағай бола алмайды. Оларды одағай ететін факторлар сигуация, тілдік контекст және интонация.
Тіліміздегі көп мағыналы одағайлардың әрбіреуі жұмсалатын мағынасына қарай әр түрлі интонацияда айтылады. Бірде созылың-қы, баяу, бірде жұлып алғандай тез, жылдам айтылады. Бірде ода-ғайдың соңғы буыны жоғарғы интонациямен көтеріңкі айтылса, бір-де басқы буыны ерекше екпінмея айтылып, соңы баяу ырғақпен тынады. Мысалы, Ойбай! одағайы үрку, шошыну мағынасында жұмсалса, онда екпін бірінші буынға қойылады да сөздің өзі жұльш алғандай, тез, жылдам айтылады (Ойбай!). Егер таңырқау, таңдану мағынасында жұмсайтын болсақ, онда екпінді, керісінше, соңғы буынына ауыстырып, соңғы -а дыбысын мейлінше созып айтамыз (Ой-ба-а-ай). Ә! Одағайы сұрау мағынасында және біреуді шақырғанда үн қатып жауап беру қызметінде жұмсалса, немеое біреуді өзіне қарату мақсатымен қаратпа сөз ретінде жұмсалса, қысқа, шолақ айтылады да, бір нәрсені ұмытып тұрып, кейін есіне түсіргенін (ә-ә-е, кешегі хат екен гой!) немесе бір нәрсені түсінбей тұрып, кейін түсінгендігін аң-ғарту мақсатымен айтылса (ә-ә-ә, білдім, білдім!), созылыңқы түрде айтылады. Ал, ә одағайы сейлем аяғында сұрау мағынада қолданылғанда (бұл қалай, ә?, сендер ай сайын хат алып тұрасыңдар, ә?) әдетте шолаң, қысқа, тез айтылады. Егер мысқыл, қуақылық, әжуалы сұрау мағынасында жұмсалса созылыңқы айтылуы мүмкін. (Әй, сен қусың-ау деймін, Асқар, ә-ә?!). Біреудің сөзіне, іс-әрекетіне риза болып, оны қоштау, қолпаштау мағынасында айтылса бәле!\\ пәлі! одағайы жылдам, тез айтылады да, таңдану, таңырқау мағынасында айтылса бә-ә-ле-е-е!\\ пә-ә-л-е-е! болып дауысты дыбыстары созылып айтылады.
Одағай құрамындағы кейбір дыбыстардың созылыңқы, ерекше интонациямен айтылуы — сол одағайлардың мағынасын күшейту мақсатымен жұмсалады. Мысалы: Әттеген-е-е-ё! Бәрекелде-е-е! Сөйтіп, кейбір көп мағыналы одағайлардың мағынасының құбылуы олардың айтылу мелодикасына, интонациялық ырғаққа байланысты болады. Ал, бір мағыналы одағайларды интонация жағынан қанша құбылтып айтса да олардың мағыналары өзгермейді. Мысалы, Алақай! Бәсе! Қап! Стоп! Алло! Бай-бай-бай! сияқты одағайларды қанша құбылтып айтса да олардың мағыналары құбылмай, бір қалыпта сақталады. Қазақ тілінде кейбір азын-аулақ аутқуларды есептемегенде екпін, әдетте, сөз аяғына түседі. Одағайлардың екпін тұрақсыздығы бұл тұжырымды жоққа шығармайды. Одағайлардың екпін тұрақсыздығын жоғарыда айтылған азын-аулақ ауытқуларға жаткызған жөн,
бұны мына мысалдардан байқаңыз: Пэле!\\пэле-е-ё! Ойбай!\\Ойба-а--ай! Айналайын!\\Айналайын! Ойпырмай!\\Ойпырма-а-ай! Одағайлар бір-бірімен тіркескенде де екпін категориясы бірде сақталып, бірде бір-біріне ауысып, құбылып отырады. Мысалы, одағай төркінді -а й, -а у шылауларымен тіркескенде одағайлардың бойындағы екпін шылауларға ауысады. (Бәрекелді-ай! Пәлі-ай! Алда-ай!). Одағайлардың мелодика, интонациясының құбылмалылығы көптеген одағайлардың бір вариантта емес, бірнеше вариантта түрленіп айтылуына себеп болған сияқты. Мыс.: Япырымай!\\Ойпырым-ай!\\Апырмай! Пәле!\\Пәлі! // Бәле!\\Бэлі! Алда?\\Алла! Пай-пай!\\Бай-бай!
ОДАҒАЙЛАРДЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Одағайлар, негізінде, түрленбейтін жұрңақ-жалғауды көп қабыл-дамайтын категория. Одағайлардың өзіне ғана тән жұрнақтары жоқ,
252
Олар субстантивтенгенде ғана болмаса жалғауды қабылдамайтын категория. Кейбір одағайларға етістіктің -л а\\-л ел жұрнағы жалғана-ды. Мыс.: ойбай-лау, айт-айттап, аһлап-үһлеп т. б. Кейбір одағайлар-ға -ш ы л\\-ш і л жұрнағы жалғанады. Мыс.:
Ой, тәйірайшыл кер кесек, қулық, сұмдық не өсек. (Абай) Қасқырды жердің елі а й т а қ ш ы л. (Мақал) Бірақ одағайлардың басым көпшілігі қосымша қабылдамайды. Одағайлар бірінен соң бірі дүркін-дүркін қайталанып, қосарланып айтылғанда сол одағайлар арқылы білдірейін деп отырған сезімнің күштілігін не ишараның, бұйрықтың қаттылығын, қатаңдылығын білдіреді. Мыс.: Тек-тек-тек!; Бай-бай-бай-бай! Һай-һай-һай-һай! т. б. Одағайлардың қосарланьш, қайталанып айтылуында белгілі бір заңдылық бар. Мысалы, бір топ одағайлар қосарланып айтуға көнбейді (Тәйірі! Қап! Ту! Бәсе! Астапыралла! т. б.).
Енді бір топ одағайлар дара күйінде де, қосар күйінде де қолда-ныла береді (Алақай! Ойбай-ай! Тәк! Жә! Рит соқ! Әй! Ей! т. б.).
Одағайлардың енді бір тобы тек қана қосар тұлғасында жұмса-лады. (Сап-сап! Бай-бай! Әлди-әлди! һай-һай! Шоқ-шоқ! Типа-ти-па! т. б.).
Малға айтылатын одағайлардың басым көпшілігі қосар куйінде айтылады. Мыс: Моһ-моһ! Кәуіс-кәуіс! Пия-пия! Шөре-шөре! Қос-қос! Келе-келе! Чеге-чеге! Әукім-әукім! т. б.
Одағайларды құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады. 1) Түбірлі, негізгі одағайлар. Бұл топқа әрі қарай бөлшектеуге көнбейтін А! О! Ә! Ой! Пай-пай! Қап! Бәсе! Моһ-моһ! Мә! сияқты одағайлар жатады; 2) Туынды одағайлар. Бұл топқа бірнеше сөзден біріккен немесе басқа тілдерден ауысқан сөздер енеді. Мыс.: Мәссаған! Апырым-ай! Алла! Әттеген-ай! Бәрекелді! т. б. Одағайлар өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайды. Олар жеке-дара тұрғанда сөз-сөйлем (слово-предложение) құрап, жеке сөйлемнің баламасы ретінде жұмсалады. Мысалы:
— Ол қай адам?
— Кеше біздің үйде отырған ше!
— Ә-ә ә! (Сланов)
— Асан!
— Әу!
Алғашқы мысалдағы Ә-ә-ә! одағайы. Енді түсіндім, есіме енді түсті деген сөйлемнің мағынасын аңғартып тұр да, соңғы мысалдағы әу! одағайы мен сені естіп тұрмын, не демекшісің? деген сөйлемнің мағынасын аңғартып тұр.
Сол сияқты Бәсе! Қап! Бәрекелде! Пәле! сияқты толып жатқан одағайлар жеке-дара тұрып, сөйлем мағынасында жұмсалуы мүмкін. Мұндай жағдайда олар лепті сөйлем, кейде, сұраулы сөйлем құрайды.
Одағайлар сөйлем ішінде, әсіресе, диалогты сөйлемдерде д е етістігімен тіркеседі. Ондай жағдайда д е етістігімен тіркескен одағай сөйлемнің белгілі бір күрделі мүшесінің құрамына енеді. Мыс.: Тынымсыз а һ ұ р д ы. Ол ойбай с а л д ы дегендегі одағайлар күрделі баяндауыштың құрамында жұмсалып тұр. Төмендегі мысалдарда одағайлар күрделі анықтауыштың құрамында жұмсалып тұр:
Ол орман жиегіне а у д е й т і н ж е р қалғанда, бізге сөйлегелі тұрған адамдай оң қолын орманға созған бетінде қалқиып тұрып алды. (Мұқанов) Ешкімнен өмір бойы а й-ш а й деспеген сопы кісі болатын. (Мұқанов)
Кейде күрделі пысықтауыш құрамында да жұмсалады. Мыс.:
Оның кім екенін Алдияр ә д е г е н д е білген жоқ. (Әбішев)
253
Полковник о й б а й с а л ы п, шашын жұлды, сарбаздар қуаныш қып қатты күлді. (Ахметбеков)
Субстантивтенген одағайлар мына төмендегі сөйлем мүшелерінің қызметінде жұмсалады.
а) Бастауыш қызметінде: Мыс.:
А һ естілді. Алыстан “У р а!” естілді. Майланбаған арбалардың шиқылдай шыгарған о й б а й ы өгіздердің бақайының сыртылын естіртер емес. (Әбішев)
ә) Толықтауыш қызметінде: Мыс.:
Барылдаған Досжанның ойбайынан толық ешнәрсе ұқпады. (Сланов) Досжанныц астапыралдасын естіген Ақиіс, Ырысбек, Дариялар күлісіп жатты. (Сланов) Дәрі ш і р к і н д і ішпеуші едім. (Хұсаинов) Ш ө р е-ш ө р е д е жүргендіктен, бір мүшелер қалмай ілесіп отыратын. (Әуезов)
Кейбір одағайлар сөйлем ішінде қаратпа сөз қызметінде жұмса-лады. Бұл қызметте, көбінесе, Әй! Уа! Әй! Ей! одағайлары жұмсала-ды. Мыс.:
Ә й, бұл кім, ә й, ояумысың? (Майлин)
Одағайлардың тіркестік қабілетінде де біраз ерекшеліктер бар. Одағайлы тіркестерді екі топқа бөлуге болады.
1)Одағайлардың өз ара тіркесі. Одағайлар жапатармағай бір-бірімен тіркесе бермейді. Олардың өз ара тіркесуінде белгілі бір заңдылық бар. Әдетте, жағымды эмоция, көңіл-күйді білдіретін одағайлар өз ара тіркеседі де, жағымсыз көңіл-күйді білдіретін одағайлар өз ара тіркеседі. Мысалы, Алақай! Ура! одағайлары бір бі-рімен тіркес күйінде айтылады да Әттең! Қап! одағайларымен тіркеспейді. Сол сияқты Қап! одағайы Әттегенай! одағайымен мағына жағынан жақын болғандықтан бір-бірімен тіркеседі де, Паһ-паһ! сөзімен тіркеспейді. Демек, одағайлардың бір-бірімен тіркесу-тіркеспеу қасиеті олардың мағыналық алыс-жуықтығына байланысты.
2) Одағайлардың етістікпен тіркесі. Одағайлар етістікпен тіркескенде олардың бір қатары одағайлы тіркес құрайды да, бірқатары тұрақты тіркес құрайды. Осыған орай бұл тіркестерді екіге бөліп қарастырған жөн.
а) Одағайлы тіркестер. Одағайлар, көбіне, де етістігімен тіркесетіні жоғарыда айтылған болатын. Олар де етістігімен тір-кесе келе кейбір жағдайда сол етістікпен өз ара жымдасьпт, мағына-лық жағынан өзгеріске ұшырап, толық одағай категориясына ауысып кеткен. Мыс.: Я деген! Па деген! Апыр-ай десейші! Ой де! Бәсе деймін! сияқты тіркестерді мағына жақтарынан бөлшектеу қиын. Бұл типтес тіркестерді одағайлы тіркес деп атадық.
ә) Тұрақты тіркестер. Бұл топка жататын тіркестердің ішінде одағай сөз болғанмен бұл тіркестерді түгелімен одағайға жатқызуға болмайды. Бұлар тұрақты сөз тіркес құрайтын Ай-шай деспей, әу десті, әу дейтін жер, ойбай салды, аһ ұрды, шу дегеннен, ай-түйге қарамай сияқты одағайлар.
ЕЛІКТЕУІШ СӨЗДЕР
Достарыңызбен бөлісу: |