Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967



бет16/22
Дата27.12.2016
өлшемі6,92 Mb.
#5669
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

Көмекші етістіктер

Көмекші етістіктер лексикалық мағынасына қарай мәнді және мәнсіз больш, екі топқа бөлінеді.

1. е, ет, де, жазда көмекші етістіктерінің жеке лексикалық мағынасы жоқ, өз алдьша дербес сөйлем мүшесі бола алмайды. Басқа сөздермен тіркесіп, грамматикалық қызметі де әр басқа. Кейбіреулерінің жартылай лексикалық мағынасы болса, кейбіреулері мүлдем мағынасыз болады. Сондықтан бұлар мәнсіз көмекші е т і с т і к т е р деп аталады.

а) лексикалық мағынасы жоқ көмекші етістігі жедел өткен шақ (едім, едің, еді) және өткен шақ есімше (екен) формаларымен түрленіп қолданылады,

155

ә) істе, қыл етістіктерімен синонимдес ет көмекші етістігі жар-тылай мағыналы болғанымен ол дербес сөйлем мүшесі бола алмайды, есім және еліктеуіш сөздермен тіркеседі.



Күйеуінің жаңағы сөзі мынау сұлу жігітке мұны әдей қызықты-рып сөйлегендей әсер е т т і. (Әуезов)

б) айт, сөйле етістіктерінің синонимі де көмекші етістігі сөйлеу-іпі бөгде адамның сөзін, не ойын екінші біреуге баян еткенде қолданады.



Жұмабек ертең келемін, д е д і. Қазақ ауылдарына бұрыла кетіп, ауыл арасының жолымен кетемін, д еп ойлады. (Мүсіре-пов)

Бұл көбіне өткен шақ көсемше формасында (д е п) қолданы-лып, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыру үшін дәнекерлік қызмет атқарады.



Мұндай масқараны естимін д е п, кім ойлаған! (Әбішев) Жиен келеді д е п, жеңешем самауырын қойып жүр. (Көбеев)

Лексикалық мағынасы жоқ жазда көмекші етістігі келер шак, көсемше формасымен тіркеседі. Мыс.: жығыла жаздау, өле жаздау, күйе жаздау т. б. Бұл көмекші етістік барлық етістіктермен тіркесіп қолданыла береді.

2. Бұлардан басқа көмекші етістіктердің өз алдына лексикалық мағынасы болады, сөйлемнің дербес мүшесінің де қызметін атқарады. Сондықтан да олар мәнді көмекші етістіктер деп ата-лады.

Толық мағыналы етістіктердің мәнді көмекші етістіктерге айналып, қалыптасуы қазақ тілінің тарихымен тығыз байланысты. Қазақ тіліндегі барлық толық мәнді етістіктер көмекші етістік бола бермейді. Мәнді көмекші етістік қызметінде жұмсалатын-дардың саны қазақ тілінде жиырма шақты ғана. Олар: қой, жібер, таста, қал, сал, тұс, көр, ал, бар, бол, жет, біт, баста, жатыр, жүр, отыр, тұр, кет, шық т. б.

Көсемшелер жетекті компонент болғанымен грамматикалық жағынан әрқашан көмекші етістікке бағыныңқы қатыста жұмсалады. Күрделі етістіктің түрі көсемшелі тіркес деп аталады. Көсемшелі тіркес құрамы екі сөзден бірнеше сөзге жетуі мүмкін. Мысалы. Бала жүгіріп бара жатып жығылып қалды, дегенде бес етістіктің төртеуі көсемше де, соңғы қалды дегені жедел өткен шақ формасында бір тіркес құрап тұр.

Көсемшелі тіркестің құрамындағы етістіктердің бірі-бірімен тір-

кесу дәрежесіне қарай еркін тіркес және тиянақты тіркес болып жік-теледі. Еркін тіркесте көсемше формасындағы бірінші компонент негізгі қимылдың амалын, себебін, мерзімін көрсететін жанама қимыл ролінде жұмсалады да, сөйлемде дербес мүше, көбінесе, пысықтауыш және баяндауыш қызметін атқарады. Екінші бағындырушы компонент негізгі қимыл, әрекетті білдіреді және ол етістіктің әр түрлі формасында қолданылады.

Айгерім әнін Абай м үл г і п тыңдады. (Әуезов) Жақсылық оған к ү л е қарайд ы. (Сланов) Ауыл адамдары біртіндеп жинала б а с -т а д ы. (Мұстафин) Жаманбай ауырып жиынға к е л е а л м а д ы.

Бұл сөйлемдердегі мулгіп, күле, біртіндеп, ауырып көсемше фор-масындағы етістіктер негізгі қимылдың амалын, себебін білдіріп тұр да, олармен тіркескен тыңдады, қарайды, жинала бастады, келе алмады етістіктері негізгі қимылды білдіріп тұр. Сөйтіп, бұлар мағынасы жағынан бір-бірімен логикалық үйлесімде болғанмен, әрқайсысы акцентуациялық екпін сақтап айтылады. Мысалы, дауыстау етістігі логикалық үйлесімі бар етістіктермен ғана тіркесіп айтылады. Мысалы, дауыстап сөйлеу, дауыстап оқу, дауыстап күлу,

156

дауыстап шақыру т. б. Ал дауыстап сөзі түсіну, қайғыру, тою, өсу, жібу тағы басқа-лармен логикалық үйлесім болмағандықтан тіркеспейді. Дауыстап түсіну, дауыстап қайғыру, дауыстап жібу деп айтылмайды.

Кейбір етістіктер көптеген етістіктермен еркін түрде тіркесе ала-ды, кейбіреулер олай емес, бір-екі етістікпен ғана тіркеседі. Мысалы, отырып етістігінің тіркесу қабілеті өте күшті. Отырып оқу, отырып жазу, отырып сөйлеу т- тағылардың санын жүзге жеткізуге болады. Ал сөніп, өсіп дегендер екі-үш етістікпен ғана тіркеседі.

Көсемшелі тіркестің құрамындағы етістіктер кейде бір ғана рит-микалық екпінмен айтылады да, өз ара тиянақты байланысқа түседі. Мұндай тіркестің компоненттері өз алдына сөйлемнің жеке мүшесі бола алмайды, олар бірігіп, жинақты тіркес құрайды да, сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады. Мысалы, оқи бастау, кіре шығу, озып келу, қуып жету, алып бару, ұшып кету т. б.

Ел жата Олжабек к ө ш е жөнелген. (Мұстафин) Қ а л а ғ а б а -р ы п к е л г е л і, Абай үйден шыққан жоқ, (Әуезов)

Демек, көсемшелі тіркестің еркін немесе тиянақты болуы екпінге байланысты, яғни тіркестің құрамындағы етістіктер акцентуация-лық екпін сақтап айтылса, еркін тіркесте болады да, акцентуациялық екпін сақталмай, бір ритмикалық екпінмен айтылса, тиянақты тіркесте болады.



Бала текшедегі кітапты орнынан тұрып алды немесе бала үйден шықпай тұрып алды. Бірінші сөйлемде еркін тіркес, екіншісінде тиянақты тіркеске айналып, ал етістігі дербестік қасиетін жойып көмекші етістікке айналған.

Шықпай тұрып алды дегендердің арасына басқа сөз қыстырып айтуға болмайды. Өйткені олар бір ғана күрделі ойды білдіріп, сөй-лемнің бір мүшесі қызметін атқарып тұр.

Көсемшелі тіркестің құрамындағы етістіктердің мағыналары кейде бір-бірімен үйлесімсіз болғанмен, олар логикалық жағынан байланысады. Мысалы, кетіп қалу, жоғалтып алу, келе жату т. б. Бір мезгілдің ішінде әрі кету, әрі қалу, әрі жоғалту, әрі алу, әрі келу, әрі жату мүмкін емес. Мұндай жағдайда соңғы жетекші етістік өзінің лексикалық мағынасын бүтіндей жойып, грамматикалық морфе-маға айналады. Сонымен бірге тілімізде жүріп түру, жазып жату, оқып отыру, шаршап жүру сияқты тіркестер көп қолданылады. Бұ-лар дұрысында: тұрып, сонан соң жүру, жатып, сонан соң жазу, отырып, сонан соң оқу, жүріп сонан соң шаршау болу керек еді. Осы сияқты мағынасы және орын тәртібі жағынан логикалық байланыстың болмауына қарамастан, кетіп қалу, жүріп жату, келе жату, жоғалтып алу, оқи түсу тәрізді тіркестер жиі қолданылып, күрделі етістікке айналады. Біртұтас ойды білдіретін тұрақты сөз тіркесін жасайды. Бұлардың кейбіреулері ықшамдалып, өз ара бірігіп бір сөзге де айналып кетеді (алып бар>апар, алып кел>әкел, алып кет> әкет т. б.)

Қазақ тілінде көсемшелі тұрақты тіркес құрамында көмекші етістік қызметін барлық етістік бірдей атқара бермейді.

Күрделі етістік болу үшін күрделі баяндауыш құрамындағы етістіктер мағынасы жағынан өз ара түтасып, өзіне тән грамматика-лық мағынасы бар етістік категорияларының бірі болып қалыптасуы шарт.



Бала нан жеді. Бала нанды жеп қойды деген екі сөйлемдегі жеді және жеп қойды сөздерінің мағыналары жақын болғанмен, ара-ларында семантикалық айырма бар. Бірінші сөйлемде баланың нан-ды жегені туралы жай хабарласа, соңында баланың нанды түгел

157


жеп бітіргендігі туралы ой нақтыланып айтылып тұр. Демек, мұнда қой көмекші етістігі морфемаға айналмағанмен, негізгі етістікке (же) грамматикалық мағына үстеген. Мерген қасқырды атты немесе мер-ген қасқырды атып т а с т а д ы дегенде де сол тәрізді.

Күрделі етістіктер құрамы, көсемше формаларынын, түріне байланысты ү ш к е бөлінеді:

1. Кесімді күрделі етістіктер.

2. Босаң күрделі етістіктер.

3. Бейімді күрделі етістіктер.

1. Кесімді күрделі етістіктердің алдыңғы негізгі сыңары өткен шаң көсемше -п формасында жұмсалады. Бұл тіркес іс-әрекеттің тиянақты кесімді түрдө өтетіндігін білдіреді.

2. Босаң күрделі етістіктердің алдыңғы сыңары келер шақ кө-семше формасында жұмсалады да, бұлар қимылдың, іс-әрекеттің ар-найы емес, жол-жөнекей, екінші бір іспен байланысты өтетіндігін білдіреді. Ала кел, айта бар, кіре шық, оқи отыр, қарай жүр, айта жүр, бере сал, отыра кет т. б.

3. Бейімді күрделі етістігі. Күрделі етістіктің бұл түрі мақсатты көсемше форманың -ғ а л ы\\-г е л і\\-қ а л ы\\-к е л і отыр, тұр, жатыр, жүр көмекші етістіктерімен тіркесуі арқылы жасалады.

а л ы формалы көсемше басқа етістіктермен тек еркін тіркесте ғана қолданылады да, негізгі қимылдың мақсатын, мезгілін, іске асуға бейімділігін білдіреді, үш шақта айтылады.

...Илъялар Ысқақты шығарып с а л ғ а л ы к е л і п т і. (Мұс-тафин) Бала кітап а л ғ а л ы к е л д і. Антон қаладан келгелі Ыс-қақты көрмеген е д і. (Мұстафин)

Қазақ тілінде кесімді және босаң күрделі етістіктер: кел алып кел, айта жүр айтып жүр, кіре шық кіріп шық, тыңдай жат тыңдап жат сияқты жарыспалы түрде (коррелятивті) қолданылады. Бұлардың арасында семантикалық өзгешелік бары анық. Сөйлеуші бір іске нем құрайды, қалай болса солай қарайтын болса, айта сал, ата сал түрінде айтады. Ал, айтып сал, атып сал дегендер кесімді түрде бұйрық мағынасында айтылғандықты білдіреді. Міне, осындай үстеме грамматикалық мағына ерекшеліктеріне қарай, бейімдеу күрделі етістік: а) кесімді күрделі етістік және ә) босаң күрделі етістік больш екіге бөлінеді.



Отыр, тұр, жүр, бар, кел, кір, шық, кет, түс көмекші етістіктер:

а) кесімді күрделі етістіктерде негізгі етістіктің -ы п\\-і п, -п формасында: оқып отыр-у, алып кір-у, біліп шығ-у, ашып кет-у, жү-гіріп түс-у больш қолданылады.

ә) босаң күрделі етістік құрамында бірінші компонент көсемше-нің -а, -е, -й аффиксті түрінде: жей отыр-у, жүре тұр-у, көре жат-у. ала бар-у болып тіркеседі.

Осындағы көмекші компоненттер ішінде бар, кел, кір етістіктері ешқашан өзінің лексикалық мағынасын жоймайды. Басқалары сөз-дік мағыналарын бірде сақтаса, бірде сақтамай бүтіндей жойып, грамматикалық мағына үстейтін морфемаға айналады.



Тіпті күні де бұрынғыдай емес, аспаны асқақтаған сайын ол н ұ р -л а н а т ү с т і. (Әбішев) Мүмкін сен тағы жыларсың, мен қасыңа жата к е т е й і н. (Әбішев)

Бұл сөйлемдердегі түсу, кету көмекші етістіктері өзінің сөздік мағынасын бүтіндей жойып, көмекші сөзге айналған. Сал, қал, қой, ал, бер, көр, таста, жібер т. б. осы тәрізді.

Мыс.: айтып салу, айта салу, қарай қалу, күліп жіберу т. б.

Мына бір барқытты керек болар деп, а л а с а л ы п ед ім. (Көбе-ев) Қалжыңдап а й т а с а л ы п едім, соны шын көріпті. (Әбішев)

158


Сал көмекші етістігі кесімді күрделі етістіктің құрамында тек бірнеше сабақты етістіктермен ғана тіркеседі.

Қара мерген бір аңды атып с а лд ы. (Ертегілер)

Қал көмекші етістігі, негізінен, салт етістіктермен тіркесіп күрделі етістіктің кесімді және босаң түрін жасайды.

¥éқы жеңген Перизат басы жастыққа тиер-тиместен тына қ а л д ы. (Әбішев) Қандай күйде келе жатқанын ұмытып, т ұ р а қ а л д ы. (Әбішев)

Ол кесімді күрделі тіркесте сабақты етістіктермен айтылып, істің, қимылдың аяқталғанын білдіреді.



Қой көмекші етістігі өзінің лексикалық мағынасын бүтіндей жойып, күрделі етістіктің кесімді және босаң түрлерінде де келе бе-реді.

Шығайбай қазанның бетін ж а б а қ о й д ы. (Алдаркөсе)

Мен емес оның сүйері, жалқаулық, деді де, бетін б а с а қ о й - д ы. (Әбішев)

Ал көмекші етістігі барлық етістіктермен де тіркесіп, тиянақты күрделі етістіктің кесімді түрін жасайды.

...қажетті жердің бәрін блокнотына ж а з ы п ал д ы.

...Қалампырга келе қоймай, сазарып тұрып а л д ы. (Мұқанов)

Босаң күрделі етістік құрамында да қолданылады.



Бұл келешекте күшті болып өсіп, өзіне жол с а л а а л а д ы, деп ойлаймын. (Ертегілер) Елге келгеніме 56 күн болса да, ретін тауып а й т а а л м а д ы м. (Майлин)

Бер көмекші компоненті барлық етістіктермен тіркесіп күрделі етістіктің босаң түрін құрайды.

Олар бірінің артынан бірі суға түсе б е р д і. (Ертегілер)

Павел орындықта о т ы р а б е р д і. (Әбішев)

Кесімді күрделі етістік құрамында айтылады.



Көрген-білгенін түгел айтып б е р д і. (Мұқанов)

Көр көмекші етістігі де барлық етістіктермен кесімді күрделі етістіктің құрамында байқау мағынасын білдіреді.

Қасқыр құйрығын т а р т ы п к ө р і п е д і, орнынан қозғал-майды.

Балуан жалынан сипап көріп еді, жолататын емес. (Мұқанов)

Көр көмекші етістігі босаң күрделі етістік құрамында бұйрық рай формасында жұмсалады да, жалына, өтіне, бұйыра сөйлегендікті білдіреді.

Сіздің келгеніңізді падиша біле көрмесін. Сандықты а ш а к ө р - м е. (Ертегілер)



Таста, жібер, бол, біт көмекші етістіктері тек кесімді курделі етістік құрамында келеді. Таста, жібер дегендер сабақты етістіктер-мен, бол, біт көмекші етістіктері салт және сабақты етістіктермен тіркеседі.

Нақ қара тұмсықтан с а л ы п ж і б е р д і. Қалампыр Баймыр-заға зекіп тастады. (Мұқанов) Сонымен шырпы ж а н ы п б і т т і. Кісілер де к е т і п б о л ғ ан екен. (Ертегілер)

Баста арқылы жасалған күрделі етістік (оқи бастады) істің, қи-мылдың басталу кезеңін білдіреді.

Жазды сөзі тек келер шақ көсемшемен тіркеседі.

Герда қуанғаннан ж ы л ай ж а з д а д ы. (Ертегілер)

Бұл етістіктерден соң кейде барып қалу дегендер тіркесіп төрт құрамды күрделі етістік жасайды. Мыс : жығыла жаздау немесе жығыла жаздап барып қалу, айта жаздау немесе айта жаздап барып қалу. Бұлардың арасында ешқандай лексикалық та, семантикалық

159

та айырма жоқ. Мұнда барып қалу тіркесі күрделі көмекші етістік қызметінде жұмсалып, алдыңғы күрделі етістікке (жығыла жаздау, айта жаздау) эмоциялық мән береді. Кейде мұндай күрделі етістіктің құрамы айтып қоя жаздап барып қалу т. б. болып бес сөзге дейін барады.



Сыпат категориясы

Іс-қимылдың орындалу шегі бір дәрежеде болмайды. Кейбір про-цесс созылыңқы түрде немесе аяқталу нәтижесімен айтылуы мүмкін. Дара түбір етістіктерде процеске тән осы ерекшеліктер нақты берілмейді. Қимылдың өту шегінің түрлі қасиеттері күрделі етістіктер арқылы ғана беріле алады. Мысалы, су қайнады, су қайнап жатты, су қайнап кетті деген үш сөйлемде сөз судың қайнауы туралы болса да және олар өткен шақты білдіргенімен, әр қайсысының семантикасы басқа-басқа. Су қайнады дегенде болған іс туралы жай хабарласа, су қайнап жатты дегенде жат көмекші етістігі процестің созылыңқылылық мағынасын білдіреді. Су қайнап кетті дегенде, қимыл аякталу шегінде күшейе түскендігі аңғарылады.

Сөйтіп, қимылдың ішкі өту шегін білдіретін етістіктің формасы сыпат категориясы делінді. Ол: 1. С о з ы л ы ң қ ы с ы п а т. 2. Аяқ-талған сыпат болып екіге бөлінеді.

1. Созылыңқы сыпат — қимылдың ағымы процесс түрінде өте-тіндігін білдіретін етістік формасы. Бұл көсемшелермен отыр, тұр, жатыр, жүр көмекші етістіктерінің тіркесуі арқылы жасалады. Кө-семше формадағы етістіктер негізгі сөздік мағынаға ие болып, көмекші етістіктер іс-әрекеті қимылдың созылыңқы түрде өтетіндігін білдіреді.

Е с к е р т у: отыр, тұр, жатыр, жүр дегендер бұдан әрі қалып етістіктері деген терминмен аталады.

Бұл төрт етістіктің қалған барлық етістіктерден мына тәрізді ба-сым өзгешеліктері бар:

1. Бұл етістіктер қосымшасыз түбір тұлғада тұрып: а) сен отыр, тұр, жүр, жат болып, 2-жақ жекешеде, ә) ол отыр, ол тұр, ол жатыр дегенде үшінші жак, жекеше, нақ осы шақ мағынасында жұмсалады.

2. Қалып етістіктері есімдер сияқты отырмын, тұрсың, жүрміз, жатырсыңдар болып, жіктік жалғауын тікелей қабылдайды.

3. Қалып етістіктері еді көмекші етістігімен тіркесіп, отыр едім, жүр едің(дер), жатыр едік деген тәрізді күрделі өткен шақ формасын жасайды.

Көмекші етістіктердің түріне қарай қимылдың созылыңқылық дәрежесі әр түрлі болып келеді. Отыр, түр көмекші етістіктері қысңа мерзімде болып жатқан қимылды, іс-әрекетті білдіреді.



Жәміш әрқашан кітап оқып отырады. Боран түтеп тұр, әрі үскірік аяз... (Мұқанов)

Отыр көмекші етістігі көбіне өзінің лексикалық (отыру) мағына-сында қолданылады да, тұр көмекші етістігі кейде өзінің лексика-лық мағынасын жойып, морфемалық қызмет атқарады. Табиғат құ-былыстарына байланысты қимылдың созылыңқы түрі де тұр көмекші етістігі арқылы беріледі.

Күн ж а у ы п тұр. Жел с о ғ ы п тұр. Машина жүріп т ұ р а д ы.

Жүр көмекші етістігі ұзағырақ мерзім ішінде үзіліспен болып тұратын не болып жатқан қимылды білдіреді.

160


Ол кезде Уәш техникумда оқып жү р г е н. (Әбішев) Мұндай-мұндай күлкілі жайлар құрдастардың арасында болып жүрді.

(Әбішев)


Жатыр көмекші етістігі — бұлардың ішінде ең көл қолданылатын алдыңғы ушеуінің де орнына жүрө алатын универсал етістік. Сонымен бірге бұл тар мерзімнің ішінде болып жатқан қимылды да, кең мерзім ішінде болып жатқан қимылды да білдіре алады.

Ракетаның қызыл-жасыл ұшқындары нешеге тарамданып, жан-жаққа түсіп ж а т а д ы. (Сланов) Бұл қалаға дүниенің төрт та-рапынан жиһанкездер келіп жатты. (Ертегілер)

Ескерту: Ауызекі сөйлеу тілінде келатыр, жебатыр түрінде де айтыла береді.

Сонымен бірге бұл (жат-ыр) етістігі түркі тілдерінде грамматика-лық морфемаға айналып бара жатқандығы да байқалады.

Жазып жатырмын, оқып отырсың, сөйлеп тұрмыз, қарап жүрсіз деген тіркестер арнайы грамматикалық формасы болмаса да, нақ осы шақ мағынасын білдіреді. Сонымен бірге қалып етістіктері грамматикалық сыпат көрсеткішінің де қызметін атқарады.

Сол сияқты Мен институтта оқып ж үр м і н дегенде: Оқып — негізгі, жүр — көмекші етістік, созылыңқы сыпат көрсеткіші -м і н — бірінші жақ жіктік жалғауы.



Мен институтта жүргенмін немесе мен институтта оқығанмын дегеи екі сөйлемде де лексикалық мағынасы шағы бір болғанмен, екінші сөйлемде қимылдың аяқталғандыгы, яғни институт бітірген-дігі туралы емес, институтта оқығандығы туралы жай мәлімденеді. Бірінші сөйлемде оқу ісінің өткен шақта созылыңқы процесс есепті болғандығы хабарланады. Бұл мағына жүр көмекші етістігі арқылы беріліп тұр. Сөйтіп, қалып етістіктері созылыңқы сьшаттың грамма-тикалық көрсеткіші больш табылады.

Созылыңқы сыпат еткен шақта да (келе жатқанбыз, біліп жүріпті, жүріп жатты), келер шақта да (оқып отырарсын, жүріп тұрасын), осы шақта та (оқып жатырмын, келе жатырсың, жеп отырсың) қол-данылады.



Бар және кел етістіктері келер шақ көсемше (-а, -е, -й) түрінде тұрып, жатыр көмекші етістігімен тіркесіп жүру бағытын білдіреді: Бара жату, келе жату. Қозғалыс қимылын білдіретін етістіктер (кету, ұшу, жүзу, шығу, кіру, озу, қуу) бір бағытта созылыңқы сыпат фор-масын алу үшін бара жатыр, келе жатыр етістіктерімен тіркеседі. Самолет ұшып бара жатыр. Ат шауып бара жатыр. Кеме жүзіп к е-л е ж а т ы р. Бала қашып к е л е жатыр т. б. Кейде бара жатыр, келе жатыр деудің орнына барады, келеді болып қысңа түрінде айтылады. ¥øып барады. Шауып барады. Қуып келеді т. б.

Егер негізгі етістіктер сапаның, құбылыстың өзгеру процесін білдірсе, онда бара жатыр (барады), келе жатыр (келеді) күрделі көмекші етістіктері қимылдың даму, процесін білдіреді. От жанып б а р а ж а т ы р (барады). От жанып к е л е ж а т ы р (келеді). Шөп қурап барады. Шөп қурап келеді. Мұнда бар көмекші етістігі процестің қарқынмен, тез күшейе түсуін аңғартады да, кел көмекші етістігі лроцестің жаңа басталу кезін, жай дамуын білдіреді.



Гүлдері шешек атып, қ ы з а р ы п к е л е д і е к е н.

2. Аяқталған сыпат. Аяқталған сыпат қимыл, іс-әрекеттің ағымы, өту шегі аяқталғандығын білдіреді. Бұл сыпат көсемше форма-

161


ларының: қал, қой, таста, шық, сал, жібер, кет, бол, біт, ал, бер кө-мекші етістіктерімен тіркесіп жасалады.

Аяқталған сыпат негізгі етістіктің формасы мен көмекші етіс-тіктің түріне қарай қимылдың аяқталу шегін, нәтижесін, немесе кү-мәнді я нақты екендігін білдіреді.



Жамбыл әңгімесін бастан аяқ айтып шығады,. (Мұстафин)

Мұнда шық көмекші етістігі әңгіменің түгел айтылғандығын, яғни аяқталған шегін көрсетіп тұр.



Бекболат офицерді өз қолымен атып тастады.

Таста көмекші етістігі нәтижелі аяқталған істі білдіріп тұр.

Ботакөз шошып айқайлап жіберді де, сондай өрескел болып шыққан өз дауысынан өзі қ о р қ ы п к е т т і (Мұқанов) дегендегі күрделі етістік (айқайлап ж і б е р д і, қ о р қ ы п к е т т і} құрамындағы жібер, кет көмекші етістіктері қимылдың бірден және күшею түрінде болғандығын білдіріп тұр.

Сөйтіп, аяқталған сыпат жасайтын көмекші етістіктер, мағына-ларына қарай, үш топқа бөлінеді.

а) қой, шық, бол, біт көмекші етістіктері қимылдың толық аяқ-талу шегін білдіреді.

ә) қал, кет, жібер, сал көмекші етістіктері қимылдың аяқталу шегі белгілі жігермен, бірден болатындығын көрсетеді.

б) ал, бер, таста көмекші етістіктері қимылдың белгілі нәтиже-мен аяқталатындығын білдіреді.

Созылыңқы және аяқталған сыпаттардың мағыналық ерекшелік-терін көрсететін үлгі:

созылыңқы сыпат аяқталган сыпат

оқып отыру оқып шыгу (болу)

шіріп жату шіріп кету

жанып жату жанып кету

жазып журу жазып болу

жеп отыру жеп кою

ашып жату ашып тастау

жауып жүру жауып кету

сатып жату сатып жіберу

сындырып жату сындырып тастау (алу)

САБАҚТЫ ЕТІСТІК ПЕН САЛТ ЕТІСТІК

Қимыл объектілеріне қатысты болуы жағынан е т і с т і к тү-бірлері сабақты және салт етістік болып екі топқа бөлінеді.

Сабақты етістіктер субъект іс-әрекетінің объектіге ауысуын білді-реді. Ондай етістіктер сөйлемде баяндауыш болып қызмет атқарғанда субъекті сөйлемнің бастауышы, объекті тура толықтауыш болып беріледі.Табыс септігінде айтылатын тура толықтауыш сөйлемде ретіне қарай жалғаулы да, жалғаусыз да келе беруі мүмкін.

Салт етістіктер тек субъектіге тән іс-әрекеттерді білдіретін бол-ғандықтан, олар сөйлемде тура толықтауышты керек етпейді

Етістіктердің бұлай топтастырылуы, олардың қалай да болмасын тұлғалық ерекшеліктеріне емес, негізінде, лексикалық мағынала-рына байланысты болып келеді. Сондықтан да бұл категория етістіктердің семантика-синтаксис саласындағы өзгешеліктері қатарында танылады. Солай бола тұрса да іс-әрекеттің сабақты немесе салт етістік болып келуінде тұлғалық ерекшеліктердің

162

қатысты болатын кездері де жоқ емес. Бұл шын мәнінде, айт, кел, ор, жаз деген тәрізді негізгі түбір етістіктерге емес, олардың туынды (жұрнақты) түрлеріне тікелей қатысады. Айт-тыр (қыз айт-тыр-у), айт-қыз (өлең айт-қыз-у), айт-ыс (ақындар айт-ыс-ып жатты), жаз-ыл (ол ауруынан жазылды, хат жазылды) т. б. осы тұрғыдан қарау керек болады. Бұл келтірілген мысалдардағы қосылып тұрған етіс аффикстері салт етістікті сабақтыға, сабақты етістікті салт етістікке айналдырып жібереді. Сабақты етістіктің сол сабақтылық мәнінде қалатындары да болады. Етіс аффикстерімен түрленбейтін етістік болмайтындықтан да, тіл тарихының көне дәуірлерінен бері етістікке тән болып саналатын сабақты және салт етістік категориясы күні бүгін де тілімізде өз орны бар категориялар тобына жатады.



Өздік пен ырықсыз етіс аффикстері қосылған түбірлер одан әрі салт етістікке айналып кетеді. (Әдісті, амалды) пайда-ла-н, (беті-қо-лыңды) жу-ын, (белді) буын деген сияқты санаулы етістіктер өздік етіс болып айтылса да, өздерінің бастапқы сабақтылық мәнінде қалады да, сөйлемде тура толықтауыштармен (жақшадағы) байланысады. Үнемі сабақты етістіктерден жасалатын ырықсыз етіс категориясында мұндай екі өрімделіп келетін ерекшелік болмайды. Астық жинал-ды, есік ашыл-ды, жүк әкел-ін-ді дегендердегі ырықсыз етіс тұлғасындағы: жина-л, аш-ыл, әкел-ін т. б. баяндауыш болған сөйлемдерде толықтауыштар тура қолданылмайды, толық мәніндегі салт етістікке айналады.

Мұның керісінше, салт етістіктің сабақтыға айналатын да заң-дылығы бар. Салт. етістіктерге де, сабақты етістіктерге де қосылып қолданылатын өзгелік етіс аффикстері салт етістіктерді сабақтыға айналдырып жіберетін функция атқарады. Кел, отыр, бар, үш дегенде ешқандай объектіге қатысы жоқ субъекті іс-әрекетін білдіретін етістіктер: ауруды кел-тір, баланы отыр-ғыз, құсты ұш-ыр болып, сабақты етістік тобына ауысады. Ат шаршап бол-дыр-ды дегендегі бол-дыр етістігі ғана бастапқы салт етістігінің мәнін сақтап, бұл ережеден тыс қалады.

Етіс категориясының бұл түрлеріне қарағанда ортақ етіс аффикс-терінің сабақты және салт етістікке қатынасы езгешелеу болып келе-ді. Көбінесе сабақты етістіістерден жасалатын бұл етіс етістіктердің сабақты және салт болып келетін лексикалық мәніне ешбір өзгеріс еңгізбейді. Өзгеріс субъектілердің ара қатынасын көрсету жағынан көзге түседі. Хат жаз дегендегі сабақты етістік хат жаз-ыс-у дегенде өз ара, бір-біріне хат жазысатын екі немесе бірнеше субъектінің ор-тақ процесі болып табылады. Объекті сол күйінде сақталып, бұл арада табыс септігінің жалғауымен де, жалғаусыз айтылуымен де қолданыла береді. Субъектілер өз ара, бір-біріне, бір-бірімен, екеуі т. б. осы тәрізді сөздер тобымен тіркесіп, бірі бастауыш, екіншісі кө-мектес немесе барыс септік тұлғасындағы жанама толықтауыш болып беріледі.

Сонымен бірге етістіктердің сабақты немесе салт болып дарала-нуында етіс категориясының аффикстерінен басқа да тұлғалық ерек-шеліктердің тікелей қатысты екенін білдіретін жағдайлар да кездесе-ді. Бұл негізде туынды түбір етістік жасайтын морфемалармен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан альш қарағанда туынды түбір морфемалары негізгі үш топқа жіктеледі:

а) Туынды түбір етістік жасайтын мына аффикстер өздері қосы-лып тұрған түбірлердің сабақты немесе салт мәнін беруде бейтарап болып келеді: -ла\\-ле;' -д а\\-д е; -т а\\-т е морфемалары, сондай-ақ: -а, -е; -қар\\-ке р; -с ы\\-с і; -ар\\-ер; -қа\\-ке;-

163



-ырқа\\ -і р к е, -л қ а т. б.

ә)-ра\\-ре; -сыра\\-с ір е; -м с ы р а\\-м с і р е; -ңра\\-ңре; -ура\\-уре; -ай\\-ей, -ырай\\-ір ей; -а л\\-е л, -л; -ғ ы\\-г і т. б. жұрнақтар арқылы жасалған туынды түбірлер (әл-сіре, көб-ей, кіші-р-ей, кен-ел) салт етістіктер қатарына жататын болғандықтан, аффикстердің бұл тобын сөз тудыру ерекшелігінің үстіне салт етістік көрсеткіштері есепті де өз алдына бөліп қарау керек болады.

б) Мұның керісінше, -қ ы л а\\-к і л е; -ғ ы л а\\-г і л е аффиксті туынды түбірлер бала шапқылап жүр (шап-қыла) дегеннен басқасы сабақты етістіктерден жасалады да, өзінің бастапқы сабақтылық мә-нін сақтап қалады. Сондықтан да бұл тұлғадағы сабақты етістіктер өз алдына жеке топ құрайды.

Қазақ тіліндегі етістіктердің ішінде олардың сабақты немесе салт етістік екенін сөйлем ішінде, объектіге қатысына қарай, тура толық-тауыш сөздермен үйлесу-үйлеспеуіне сәйкес шартты түрде ажыратылатындары да бар. Ат (таң атты, гүл шешек атты, мылтық атты), соқ (кеудесін соқты, жел соқты), оқы (сабағыңды оқы; ол институтта оқымайды, қызмет істейді) тәрізді санаулы етістіктер қазіргі қазақ тілінде мағыналық ерекшеліктеріне қарай сабақты да, салт етістік те мағыналарында жұмсалатын омонимдер тобына жатады.

Сабақты етістік объектілерінің үнемі дерлік табыс септік жалғау-лы тура толықтауыш келуімен қатар барыс септіктегі жанама толық-тауыш арқылы берілетін де жағдайы бар. Бала-ны ұрысты дегендегі бала сөзі бала-ға ұрсып тастады; сондай-аң: мына-ны қараңыз деген мына-ған қараңыз тәрізді етістікті тіркестер түрінде айтыла беруі бұған айқын дәлел болады. ¥ð-у мен ти-ю; тұр-у, мекенде-у тәрізді синоним етістіктер қолданылуында бір мағынада айтылып тұрып-ақ түрлі тұлғалы объектілермен де үйлесуі мүмкін, Бұған: Бала-ны ұр-ма мен бала-ға тиме, олар өзен бой-ын мекендейтін деген мен олар осында (қала-да, колхоз-да) тұрады т. б. осы сияқты көптеген мысал-дар келтіруге болады.

Салт етістіктердің ішінде субъекті іс-әрекетінің объектімен тіке-лей қатысты екенін білдіретіндері де бар. Бірақ ондай объектілер сөйлемде тура толықтауыш емес, жанама толықтауыштар ретінде тіркеседі. Мыс: жамандық-тан без, мұрат-мақсаты-на жетті, бәрі-не де көнді, ол бүған төзбейді т. б.

Сабақты етістіктер

Сабақты етістіктердің объектілермен қатынасы әр қилы больш келеді.

1. Субъектілердің объектілерді өзгертуін білдіреді:

а) сапалық өзгеріс: ақта-у, (ағаш) жар-у, құра-у, и-у (жазылуы: ию) т. б. етістіктер арқылы берілсе;

ә) көлем мен сандық өзгерісті: ұзарт-у, кеңейт-у, жартыла-у, бір-бірле-п, молайт-у, азайт-у т. б. сабақты етістіктер білдіреді.

2. Сабақты етістік объектілері субъекті іс-әрекетінен пайда бола-ды. Мыс: ой ойла-у, тамац пісі-у, көйлек тіг-у, үй сал-у, төсек сал-у, арық қаз-у т. б.

3. Мұның кері мағынасын білдіретін сабақты етістіктер де бар. Мәселен, нанды же-у, суды іш-у, қасқырды өлтір-у, жауды жоқ ету т. б. етістіктерді өз алдына жеке бөліп қарауға болады. Мұнда объек-тілер актив субъекті іс-әрекетіне тап болады.

164

4. Объекті арқылы жүргізілетін іс-әрекеттің жоғарыдағылардан басқа мынадай да түрлері бар:



а) Субъекті объектінің мекенін ауыстырумен байланысты: мыс: тасы-у (астықты қамбаға тасу), әкел-у, апар-у, әкет-у, жеткіз-у, ерт-у, сүйре-у, ал-у, бер-у, лақтыр-у, таста-у т. б.

ә) Бірсыпыра сабақты етістіктер, мәселен, көру (көпті көрді; бі-рін-бірі жақсы көреді, күн көру т. б.), күзет-у, есірке-у, айналып-тол-ған-у, ая-у т. б. субъектінің сезіну, көңіл-күйімен байланысты айтылады. Сөйлемде тура толықтауыштар арқылы мағыналары толығып, өзінің лексикалық мәнінде айқын танылатын (бұл сабақты етістіктер былай қарағанда объектілерді сандық та, сапалық та өзгеріске түсірмейді. Бірақ ондай етістіктер объектімен қолданылып бұл арада әңгіме толымды, жайылма сөйлемдер жайлы болып отыр), айтайын деген ой толыға түседі.

5. Сабақты етістіктердің ішінен аты-н ата-у, сорпа-ны бұрышта-у, шашы-н майла-у, тамақ-ты тұздықта-у, есік-ті құлыпта-у т. б. осы тәрізділерді ішкі объектілі сабақты етістіктер деп жеке топтап көрсетуге болады. Бұлардың өзін одан әрі:

а) субъекті іс-әрекетінің құралы б о л ы п қолданылатындар: балтала-у, таяқта-у, құлыпта-у, арқанда-у т. б.

ә) актив субъекті объектісіне объекті болып келетін і с-ә р е к е т - т і білдіретіндер: етті тұзда-у, қо-лы-н су-ла-у, шашы-н лентала-у т. б. толып жатқан осы тәрізді жеке топтарға жіктеледі.

Салт етістіктер

Салт етістіктердің басым көпшілігі субъектілердің жүріс- тұрыс қозғалысын білдіреді.

а) бар-у, кел-у, жүз-у, ағ-у, ұш-у, алыста-у, жақында-у дегендер: бет алыс, бағыт (динамикалық) процесі;

ә) тұр-у, тоқта-у, отыр-у тәрізділер статикалық процес болыл есеп-теледі.

Субъекті мінез-құлқы, көңіл күйінің құбылуымен байланысты айтылатын етістіктер де салт етістіктер тобына жатады: шаттан-у, ренжі-у (ренжу), қуан-у, қайғыр-у, жыла-у, күл-у, сас-у, ширық-у (ширығу), емірену т. б.

Салт етістіктердің ішінде субъектілердің бір қалыптан екінші қалыпқа ауысуын білдіретіндері де бар. Солардың ішінде:

а) оян-у, үйықта-у, жұбан-у, тыйыл-у, қасарыс-у, тыншығ-у, иіліп-бүгіл-у деген қимыл-әрекеттер субъектінің актив процестері есепті танылады;

ә) өл-у, тоң-у, шарша-у, қалжыра-у, үсі-у (үсу), жан-у (от жанды), талықсы-у (талықсу), ері-у (еру) т. б. етістіктер субъекті еркінен тыс бола беретін процестер тобын құрайды.

Субъектілердің сандық та, сапалық та өзгерістерге түсуімен бай-ланысты айтылатын салт етістіктер де аз емес.

а) азай-у (азаю), көбей-у (көбею), қойыл-у, сұйыл-у, ортай-у (ор-таю), сире-у т. б. сандық құбылысты білдірсе;

ә) ағар-у, көгер-у, қызар-у, қарай-у (қараю), жұмсар-у, қатай-у (қатаю) т. б. сапалық құбылыстарды білдіретін процестер тобын құ-райды.

Субъектінің жүріс-тұрыс, сырт пішін, бет-әлпет өзгерісінің түрлі құбылысын білдіретін бейнелеу салт етістіктерін өз алдына бір топ

165


етіп беруге болады. Мыс.: томпаңда-у, мөнтең-де-у, жорғала-у, жорт-у, секекте-у, едіреңде-у, адырай-у (адыраю), ежірей-у (ежірею), ақсаң-да-у, ими-у (имию), тыжырын-у, күлімде-у, жыламсыра-у т. б.

Субъектінің дыбыстауын білдіретін процестер салт етістіктерге жатады. Айқайла-у, ойбай-ла-у, апала-у, аһла-у, үһле-у, шиқылда-у, бырқылда-у, шүлдіре-у, сылдыра-у, мияула-у, шәуілде-у, маңыра-у, мөңіре-у, ысылда-у, ызыңда, ысқыр-у, түшкір-у т. б.



Сиыр бұзаулады, ит күшіктеді, бие құлындады, ешкі лақтады, тал жапрақтады, алма гүлдеді т. б. осы тәрізді тіркестерде қолданыла-тын: бұзау-ла, күшік-те, лақ-та, гүл-де, жапырақ-та деген салт етістіктер ішкі объектілі процестер тобын құрайды. Бұл мысалдар-дағы етістікке негіз болып тұрған: бұзау, күшік, құлын, лақ, жапы-рақ, гүл тағы басқа есім сөздер субъекті процесінің жемісі, былайша айтқанда, объектісі болып саналады. Сондықтан да ол сөздер морфологиялық тәсілмен -л а\\-л е жұрнақтары қосылып та, синтаксистік амал бойынша, етістік сөздермен тіркесіп те (тауық жұмырқа тапты, ағаш жапырақ жарды, сиыр бұзау туды) субъектінің процесі болып қолданылады. Тал жапырақтады, алма гүлдеді, бие құлындады дегендердегі бұл салт етістіктер: тал жапырақ жарды, алма гүл ашты, бие құлын тапты (туды) дегенде тура толықтауыш тұлғасындағы объектілерімен тіркесе айтылатын сабақты етістік тобында көрінеді. Сондықтан да -л а\\-л е аффиксті түрінде қолданылатын (бұзау-ла, бала-ла, жұмыртқа-ла т. б.) салт етістіктер ішкі объектілі делінеді.

Ескерту: Қолы қанады, көзі жасаурады дегендегі(қана, жасаура) етістіктер де ішкі объектілі салт етістіктер тобына жатады.

Негізінен осындай топтарға бөліп қарауға келетін сабақты және салт етістіктердің етіс категориясымен қатынасында да өзгешеліктер кездеседі (ол жөнінде етіс категориясына арналған бөлімді қараңыз).

БОЛЫМДЫ ЖӘНЕ БОЛЫМСЫЗ ЕТІСТІКТЕР

Болымды немесе, оның керісінше, болымсыз мағыналарда айтылу — барлық сөз табына дерлік ортақ категория. Бала мен бала емес, ақ пен ақ емес, екеу мен екеу емес т. б. осы тәрізділер, сондай-ак; сая-сат бисаясат, қам бейқ-ам, шара шарсасыз т. б. лар бұл кате-горияның есім сөздер аясындағы көріністерінен саналады. Болымды және болымсыз түрлерін салыстыра беріп отырған бұл тәрізді мысалдарды етістіктер тұрғысынан да келтіруге болады. Егер есімдерде бұл қарама-қарсы екі мағына: а) емес сөзін тіркестіріп қолдану арқылы; ә) әредік болса да тілде кездесетін би-, бей- префикстері мен б) -сыз, -сіз аффикстерін үстеп барып берілетін болса, оның үстіне есім сөздерде; в) ақ қара, ерте кеш, аз көп, ірілі уақты, арық семіз тәрізді антонимдермен де айтылады.

Етістіктің өз ара қарама-қарсы мағыналарда айтылуы жоғарыда келтірілген есім сөздерден өзгеше болып келеді.

Ешқандай формалық өзгеріске түспеген етістік түбірлері, былай-ша айтқанда, бұйрық райдың екінші жақ анайы түрі {бар-шы, бар-сайшы деген тәрізділерден баска) болатын және болуға тиіс реальды іс-әрекет есепті қолданылады. Оларға: а) іш, же, бар, отыр деген не-гізгі түбірлер де, ә) айналдыр, ірілет, мінгес, аудар, іздестіріл тәрізді етіс тұлғасы мен б) -ң қ ы р а\\-і ң к ір е; -қ ы л а\\-к і л е (сөйлецкіре, қойғыла) -стыр, -дестір (сұрастыр, іздестір) т. б. вид мағына-

166


лылар және в) басқа сөз таптарынан жасалған: жаңар, кеңей, қана, бір-бірле, кешік, аһла, құжына т. б. жатады.

Болымды мағынадағы бұл етістіктер одан әрі түрлі грамматика-лық тұлғаларға ие болып, сөйлемшелер мен сөйлем ішінде өзінің реальды мәнінде көрінеді.

Бұл етістіктердің кері мәнінде айтылатын, сөйтіп істің болғанын я болатынын емес, болмағанын және болмайтынын білдіретін жағдай-да жоғарыда үлкен үш топ (а, б, в) етіп көрсеткен етістік түбірлеріне үндестік заңына сәйкес -ма\\-ме, -б а\\-б е; -па\\-пе аффикстерінің бірі қосылып айтылады.

Мыс.: іш-пе, же-ме, аудар-ма, кешік-пе, құйқылжыт-па т. б.

Болымсыздық -м а\\-м е аффиксі қосылған бұл етістіктер де түбір тұлға тобына жатады. Өйткені болымды етістіктер тәрізді етістіктің болымсыз түрлері де өздерінің одан арғы қолданылуында рай, шақ, жақ, есімше және көсемше категорияларының аффикстері -м а\\ -м е форманттарынан соң ғана қосылып айтылатын заңдылықпен түрленеді.

о қ ы: о қ ы-м а:

оқы-ған оқы-ма-ған

оқы-дым оқы-ма-дым

оқы-п (еді) оқы-ма-п (еді)

оқы-йсыз оқы-ма-йсыз

оқы-ғалы оқы-ма-ғалы

оқы-у (оқу) оқы-ма-у

оқы-са оқы-ма-са

Ескерту: Болымсыздық -м а\\ж е форманты мен -м а қ\\-м е к аффиксі бір түбірде кет-пе-мек, бар-ма-мақ болып қатар айтылмайды.

Етістіктің өзге ерекшеліктерімен қатар басты ерекшеліктерінен саналатын осы болымсыздық -ма\\-ме аффиксінің күрделі етістік-тер тобында қолданылуында айырмасы бар.

Бара қой-м а-ды, бере сал-м а-й, айтып жібер-м е-генде т. б. осы сияқты аналитикалық тіркестерде, сондай-ақ көргім кел-ме-ді, көргісі кел-ме-й, көргісіз кел-ме-се тәрізді қалау райда болымсыз-дық -ма\\ -м. е аффиксі негізгі мағыналы етістікке емес, көмекші компоненттерге қосылып қолданылады: Ал кел-ме-се игі еді, біл-ме-гей е-дің, сөй-ле-ме-й жүр, айт-па-й қойды, т. б. негізгі мағыналы компоненттермен тіркеседі.

Ескерту: құлай жазда тәрізді күрделі тіркестің құлай жазда-ма немесе құла-ма-й жазда деген болымсыз түрі тілімізде айтылмайтын сияқты болғанымен, айта жаздамасаң, неге оқталып барып тоқта-дың? т. б. сөйлемдер түрінде кездесуі де мүмкін.



Отыр, жүр, тұр деген үш етістіктің дара немесе күрделі етістіктер құрамында түрьш, -м а\\-м е болымсыздық аффиксі, сондай-ақ, сұраулық -м а\\-м е (-п а\\-п е; -б а\\-б е) тұлғаларымен тіркесе қол-данылуында оларды бір-бірінен тек екпіндік өзгешелігінен ғана айы-руға болатын да жағдай бар.

Отырма, тұрма, жүрме деген етістіктер, біріншіден, сен деген жіктеу есімдігімен: сен отырма, сен тұрма, сен жүрме болып қиыса-ды, екіншіден, мұндағы -м а\\-м е формантына екпін түспейді.

Сұраулық -ма\\-м е формалары да тілімізде түрлі фонетикалық вариантта -ба\\ -б е; -па\\-пе болып та болымсыздық аффикстері

167

тәрізді құбылып айтыла бергенмен отыр ма? жүр ме? тұр ма? деген-дерде, олар ең алдымен үшінші жақ (ол және олар) жіктеу есімдік-терімен (ол және олар) қиысады (ол отыр ма, тұр ма?), екіншіден, ол форманттар екпінмен айтылады. Болымсыздық -м а\\-м е аффиксі түбірге қосылып, ал, сұраулық м а, -м е шылауы бөлек жазылады.



Сөйтіп, бұл айтып отырғанның бәрі етістікке тән болымсыздық мағынаның -ма\\-ме (-б а\\-б е; -па\\-пе) деген аффикс арқылы, былайша айтқанда, морфологиялық (синтетикалық) әдіспен берілу заңдылығына жатады.

Болымсыздық етістік мағынасы аналитикалық тәсілмен де бері-леді. Бұған е- көмекші етістігінің болымсыз түрі мен жоқ деген есім сөз жатады.

Бұл екі сөз де (е, жоқ) негізінен есімше тұлғалас, соның ішінде көбінесе -ған\\-ген формалы етістіктермен: бар-ған емес (-п і н\\ -піз, -с і з\\-с і ң д е р...), көр-ген жоқ (-пын, -сын, сыз, -пыз, -сың-дар...), көндіг-етін емес (-пін, -сің, -сіңдер...), сез-ер емес т. б. осы тәріз-деніп қолданылады. Осы мысалдардағыдай жіктік жалғаулары негі-зінен болымсыздық мән беретін компоненттерге қосылады. Барғам жоқ, білгем жоц дегендерде ғана бірінші жақ жалғауы есімше көрсеткіштерімен (барғам<барғанмын, білгем<білгенмін) кірігіп кеткен.

Емес болымсыздығы емес, емей, емегенде деген тәрізді тұлғалық өзгерістерде айтылып, етістіктерден басқа сөз таптарының бәрімеи де: кітап емес, сары емес, біз емес, олай емей (олай емей, қалай?)” олай етпегенде, емегенде т. б. түрлерде тіркесіп қолданыла береді.

ЕТІС КАТЕГОРИЯСЫ



(Етістер)

Казақ тіліндегі етістер де басқа түркі тілдеріндегідей өз алдына жеке бөліп қарауға келетін дербес грамматикалық категория болып данылады. Іс-әрекетпен субъекті және объекті арасындағы қарым-қатынасты білдіретін бұл категория етістіктің басқа категория-ларынан өзінің мағыналық және тұлғалық өзгешеліктері, сондай-ақ, синтаксистік қызметтері жағынан ерекшеленеді.

Етіс мағынасын беретін аффикстер негізгі және туынды түбір етістіктердің болымды түріне қосылады. Болымсыздық мағына бере-тін -ма\\-ме; -б а\\-б е; -па\\-пе жұрнағы: көр-сет-пе, жаз-дыр-ма, жу-ын-ба болып, әр уақыт етіс аффикстерінен соң қосылып айтылады. Етіс аффиксі қосылған сөздер аффикстердің санына қарамай, туынды түбір етістіктер құрамына енеді, сондықтан да бұл категория сөз тудырудың морфологиялық әдісіне жатады.

Етіс аффиксті етістіктердің мағыналық және синтаксистік қызметі сөйлем ішінде толық және әр жақты танылады. Олай болатын себебі, біріншіден, сөйлемнің бастауыш және толықтауыш мүшелері арқылы етістік пен субъект және объекті арасындағы қарым-қатынас толық ашылса, екіншіден, етістіктің салт немесе сабақты болып келуі де өз мәнінде көрінеді.



ЕТІСТЕРДІ ТОПТАСТЫРУ

Бір категория есепті танылатын етістер тұлғалық көрсеткіштері жағынан ғана емес, соған сәйкес мағыналық та, синтаксистік те ерекшеліктері тұрғысынан әр түрлі болып келеді. Етіс категориясы-ның ішіндегі бұл ерекшеліктерге тюркологтар тарапынан да түрліше

168

көзқарас болып келгені мәлім. Солардың кейбіреулері тек аффикстерін негізге алып форманттары бір өздік пен ырықсыз етісті шатыстырып, немесе бір шеңберде қараушылық та болды. Сондай-ақ, -ы с//-і с; -д а с\\-д е с тұлғалы етістіктерді түгелдей ортақ етіс немесе жіктеп-сараламай, тұтас алып ортақ-бірлестік етіс деп таныды. Өзгелік етіс аффикстері қосылған түбірлердің ол баста сабақты не салт етістік болуына қарамай, түгелдей бір етіс есепті танылып келген жағдай да бар.



Міне осыдан барып, етістер бірде үш түрлі болады деп танылса, көпшілік ғалымдар төрт немесе бес түрге бөліп, кейде тіпті олардың санын сегізге дейін жеткізушілер де кездесті. Мектеп оқулықтары мен арнаулы курстарда негізінен төрт түрге бөлініп баяндалып кел-ген бұл категория арнаулы зерттеушілер еңбегінде беске бөлініп жүр. Мұның өзі соңғы жылдары дәстүрге де айналып отыр.

Мағыналық ерекшеліктері мен синтаксистік қызметіне және тұл-ғалық ерекшеліктеріне негізделіп, қазақ тіліндегі етістерді де: н е г і з г і етіс, ө з д і к етіс, ы р ы қ с ы з етіс, ортақ етіс және өзгелік етіс деп б е с к е белуге болады. Соның төртеуі әрқайсысы өзіне тән аффикстермен түрленеді, ал біреуі, негізгі етіс, өзінің ондай аффиксі болмауы тұрғысынан ерекшеленеді. Сондықтан да етіс аффиксімен әлі тұлғаланбаған негізгі және туынды түбір етістіктерді тұтас алып, өз алдына жеке бөліп, негізгі етіс деп атаймыз. Бұл жағдайда субъекті мен объектінің іс-әрекетке деген қарым-қатынасы етістіктің бастапқы семантикалық мәніне қарай анықталады.

Өзінің етістік сөз табы аясында қолданылу шеңбері мен беретін мағынасы және сөйлемдегі қызметі жағынан етіс категориясын есім-дерге тән септік жалғауымен салыстырып қараушылар да бар. Сөй-тіп бұл категорияны сөз жасайтын амал есепті емес, сөйлемдегі сөз-дерді байланыстыратын жалғаулар тобына қосады.

Қазақ тілінің фактілері бұл пікірге үйлеспейді. Оның себебі, бі-ріншіден, септік жалғауларының қай-қайсысы болса да кез келген есім сөздерге қосылып қолданыла береді. Кейде тіпті өз алдына дер-бес мәні жоқ көмекші сөздер мен жеке буын немесе жеке дыбыстарға дейін (мыс, п-дан, б-ға айналады) қосылады. Жіктік, тәуелдік жал-ғауларының да қолданылу шеңбері осы тәрізді. Етіс аффикстерінің тілдегі орны бұлардан өзгеше. Олар өздері қосылатын етістіктің бас-тапқы лексикалық мәнімен, сондай-ақ салт немесе сабақты болып келуімен байланысты субъекті мен объекті қатынастарына лайық колданылады.

Өздік етіс пен ырықсыз етіс сабақты етістіктерден жасалады. Оның өзінде өздік етіс пен ырықсыз етістің қолданылу аясы әр түрлі больш келеді. Сабақты етістіктің объектісі өздік пен ырықсыз етіс тұлғасындағы етістік баяндауыш болып тұрған сөйлемдерде бастау-ыш қызметін атқарады. Бірақ сол бастауыштар, мәселен, бала киінді дегенде бала киімін өзі киінді деген мағына сақталып, бір жағынан, субъекті, екінші жағынан, объекті мәнінде қолданылып тұр. Көйлек тігілді деген ырықсыз етісті сөйлемдегі көйлек деген бастауыштың жөні бұдан өзгеше. Өйткені көйлекті тігуші басқа, көйлек — тігілуші ғана. Бұл сөйлемде іс иесі, субъекті беріліп тұрған жоқ, бастауышта тек объектінің ғана мәні бар. Оның өзі істің жүзеге асырылуында пассив болып келеді. Сөйлемде объекті сөз болғанда кез келген сабақты етістік ырықсыз етіс тұлғасында, объектісі бастауыш болып қолданыла береді. Өздік етіс бүған қарағанда әлдеқайда тар шеңберде айтыладаы. Объектілері өзіне өзі субъекті де бола алатын жағдайда ондай сабақты етістіктер өздік етіс болып қолданылады. Маңдайын тыжырынды, белін буынды, беті-қолын жуынды дегенде субъекті іс-әрекеті субъектіге түгел ауыспай,

169


оның белгілі бір мүшесін, бөлшегін қамтиды. Мұндайда өздік етісті сөйлемнің субъектілік мәні бастауыш, объектілік мәні тура толықтауыш арқылы беріледі. Етіс категориясының басқа түрлеріне қарағанда бұл әлдеқайда аз қолданылады.

Аффикстері жиі кездесіп, көп қолданылатын ортақ етіс пен өз-гелік етістердің де тілден алатын орнын жалғау категориясымен са-лыстыруға келмейді.

Етістерді жалғаулар категориясына қосуға келмейтін басқа да дәлелдер жоқ емес. Тұтас бір категория есепті танылатын әрбір жеке етістің мағыналық және тұлғалық дербестігі олардың бір сөзде бірнешеуінің қатарласа тіркесіп қолданылуына мүмкіндік береді. Осыдан барып етістіктер: ізде, ізде-н, ізде-с, ізде-с-тір, ізде-т, ізде-с-тір-іл-ген т. б. тұлғалық, соған сәйкес мағыналық өзгешеліктермен қолданыла береді. Осылайша күрделене қосылып айтылу етістерді жалғаулар тобынан бөліп қарауға мүмкіндік береді.

Жалғаулар тобын құрайтын категориялардың қай-қайсысының болса да аффикстері, мәселен, септік, көптік, тәуелдік жалғаулары негізіндө қос сөз бен күрделі сөздердің соңғы компоненттеріне қосылып қолданылады. Әке-шеше-лер-іміз-ге, бала-шаға-лар-ыңыз-ды деген тәрізді есім тектес қос сөздер мен оқып жүр-міз, ала салған бол-а-тын-сың-дар т. б. күрделі етістік құрамындағы қосымшалардың тіркесу тәртібі бұған айқын мысал болады.

Етіс аффикстері ж у-ын-ып-шай-ын-ып, сырла-с-ып-мұңдас-ып, айт-қыз-а-айт-қыз-а т. б. қос сөздерде компоненттерінің екеуіне де үйлесе қосылып қолданылады. Күрделі етістік құрамында шақ, жақ аффикстері соңғы компоненттеріне: біліп келіп-ті, көрмеген е-ді-м болып қосылады. Етіс форманттары, мұның керісінше, жу-ын-ып бол-ды, сөйле-с-іп отырған еді, көр-сет-іп жібердік болып, негізгі мағыналы етістікке қосылады.

Қарай қал-ыс-ты, айтып жібер-іс-ті болып, -ы с\\-і с аффиксі етістіктермен қосылып қолданылатын жағдай да кездеседі. Мұндайда -ы с\\-іс аффиксі іс-әрекет субъекті біреу емес, бірнеше екенін көрсететін көптік жалғауы есепті қызмет етеді. Тілдегі бұл көрініс бастауыш пен баяндауыштың үшінші жақ көпшеде қиысуындағы жалпы түркі тілдеріне ортақ фактілерден саналады. Сондықтан бұл тұлғаны ортақ етіс аффиксі деуден көрі көптікті білдіретін жақтық формант деп қарау керек болады.

Күрделене қолданылып тұрған етістіктердің соңғы сыңары да өз лексикалық мәнін түгел немесе жартылай сақтап тұрған жағдайда етіс аффикстер екеуіне де бірдей қосылып қолданылады:



Қолындағы ауыр балғасын ала сала қазып қалып, бір тіреуді ұшырып түсірді. (Мұстафин) Қара тас, көмір, қалайың, Шыңырауда-ғы мұнайың, Жүгенделіп алынды. (Жароков)

Етіс аффикстерінің жаңа немесе үстеме мағыналы сөз тудырудағы ролін етіс аффиксінің бірінсіз дербес сөз болып қолданыла алмай-тын мына көне туынды түбірлерден де анық байқауға болады. Оя-н мен оя-т, уа-н мен уа-т, жа-н мен жа-қ, үйре-н мен үйре-т, құт-ыл мен құт-қар, күрес, кеңес т. б.

Сөйтіп, етіс аффикстері өзінің тікелей мағыналарымен қатар жаңа сөз тудырушы категориялар тобына жатады. Жағала мен (суды, өзенді) жағала-с (екеуі жағаласып қалды), бол (жұмысыңды істеп бол) мен болыс (екеулей болысып жіберіңдер), кір (үйге кір-іңіз), кір-ік, кір-іс, кел мен келіс (келіскен адам, екеуі бір-бірімен келісіп), сырла мен сырлас т. б. толып жатқан параллельдер етіс аффикстерін жалғаулар тобынан бөліп қараудың дұрыстығын дәлелдейді.

170


Етіс аффиксімен (аффикстерімен) тұлғаланған етістіктер түбір етістіктер тәрізді екінші жақ жекешенің анайы туріне қаратыла ай-тылады. Мұндай түбірлер одан әрі болымсыздық -м а\\-м е жұрна-ғымен, есімше, көсемше, рай, шақ, жақ категорияларының аффикстерімен түрленіп қолданыла береді, негізінде, сөйлемнің баяндауышы болып қызмет атқарады. Қай етіс түлғасында тұруымен байланысты оның субъекті мен объектіге қатынасы айқындалады.

Өздік етіс пен ортақ не бірлестік етісті сөйлемнің бастауыштары іс-әрекет субъектісінің мәнін береді. Ал өзгелік етіс пен ортақ етісті сөйлемдердің субъектілері, мұның керісінше, жанама толықтауыш-тар арқылы беріледі. Өз ара қарым-қатысы тең ортақ етіс субъектіле-рінің бірі немесе екінші жағы да, көбінесе, жанама, кейде тура толықтауыш болып та айтыла береді.

Өздік етіс

Бастауыш болып берілетін субъектісінде объектінің де мәні бар өздік етіс, көбінесе, сабақты етістіктерден жасалады. Сонымең бірге шом, өт, жылы, суы деген тәрізді салт етістіктермен қатар ау-дар, сүйре-т, бат-ыр т. б. өзгелік етіс тұлғалы туынды түбір сабақты етіс-тіктер де (шом-ыл, өт-ін, жылы-н, суы-н) аудар-ыл (бір жамбасынан екінші жамбасына аударылып жатты), сүйрет-іл, батыр-ын болып өз-дік етіске айналады.

Дауысты дыбысқа біткен түбірлерге -н, дауыссыз дыбыстылардан соң -ы н және -і н болып қосылатын аффиксі өздік етістің негізгі тұлғалық ерекшелігі болып есептеледі. Мыс.: жу-ын, ки-ін, тазала-н т. б.

Осында сөз болып отырған аффиксі көптеген сөз тудырушы басқа аффикстермен бірігіп қолданыльш, күні бүгін екі морфемаға бөліп қарауға келместей кіріге бірігіп кеткен де жағдай бар. Мыс.: шат-тан, мейір-лен, иіс-тен дегендердегі -лан\\-лен аффиксі мен жүрек-сін, сес-кен, ашыр-қан, и-мен, бу-сан т. б. фонемасына аяқталатын жұрнақтарды осы тұрғыдан қарауға болады.

Негізінде, ырықсыз етістің тұлғалық көрсеткіші болып саналатын -л, -ы л\\-і л аффиксі де көптеген етістіктермен қосылыл, өздік етіс мәнін береді. Аурудан жаз-ыл-у, и-іл-іп бүг-іл-у, бұр-ыл-у, оқуға бер-іл-у, кер-іл-у т. б.

Осылайша қызметі ауысып қолданылатын бұл аффикстердің бір-бірінен дараланып, түбірлерге -н, -ы н\\-і н форманты қосылып өздік етіске; -л, -ы л\\-і л тұлғалылар ырықсыз етіске айналады. Бұған: ки-ін-у мен ки-іл-у, жу-ын-у мен жу-ыл-у, кептір-ін-у мен кептір-іл-у т. б. көптеген мысал келтіруге болады.

Өздік етіс мәнін беретін басқа да аффикстер бар. Соның бірі: іл-ік, қан-ық, бу-лық, и-лік, бас-тық, көн-дік дегендердегі -лық\\-л і к , -ық\\-ік форманттары, екіншісі: қате-лес, орна-лас, жайға-с т. б. күрделі аффикс а с, -л е с пен дара аффикс т. б.

Жоғарыда санап өткен аффикетер қосылған өздік етіс тұлғасын-дағы түбір етістіктер беретін мағыналары жағынан әр келкі болып келеді.



Жу-ын-у, ора-н-у, тазала-н-у, ки-ін-у тәрізді етістіктердің субъек-тілері өзіне өзі объекті де болады, олар: бала жуынды (бала өзін-өзі жуды д. м.), ол көрпесіне оранды (өзін-өзі орады, қымтады д. м.) т. б. сөйлемдерде бала, ол деген тәрізді бір ғана бастауыш арқылы беріледі. Егер субъекті іс-әрекеті өзін-өзі түгел қамтымай: бала бетін немесе қолын жуса, сондай-ақ, маңдайын тыжырса, белін буып, шашын

171


түйсе, сөйлемде субъекті бастауыш, ондай конкретті объектілер тура толықтауыш арңылы беріледі.

Базарбайдың Төлеген Енді белін тү й і н д і, Асыл киім киінді. (Қыз Жібек) Осы арада Қожақтың өзіне жауап бермеуі, жығылған орнынан қ о л т а я н ы п, шопшаң түрегеліп тәлтіректеп, бүгілген тізесімен жаяу әскерлердің соңынан ұмтылуы оның ашуын лезде басты. (Нұрпейісов)

Қазіргі қазақ тілінде екі формантқа бөліп қарауға келместей қа-лыптасып кеткен -л а н\\-л е н; -д а н\\-д е н; -т а н\\-т е н аффикс-терімен жасалған өздік өтіс тұлғалы етістіктер, негізінен, субъек-тінің көңіл куй, психологиялық өзгерісімен байланысты айтылатын процестер тобын құрайды. Мыс.: намыс-тан-у, шат-тан-у, әуес-тен-у, құ-мар-лан-у, үрей-лен-у, өрше-лен-у, екі-лен-у т. б.

Мағынасы жағынан: бу-ыл-у мен бу-лығ-у, түй-іл-у, ашы-н-у, сүй-ін-у, ысы-н-у, суы-н тәрізді -ыл\\-іл; -ын\\-ін аффикстілерді де осы топқа қосуға болады.

Өздік етіс тобына енетін бірсыпыра етістіктер субъектінің бір күйден екінші күйге ауысу процеісін білдіреді. Жердің көгі жетілді, Күн ашылды, күн көтерілді, жаңбыр басылды, бала оянды, ауру жа-зылды дегендердегі: жет іл, аш-ыл, көтер-іл, бас-ыл, оя-н, жаз-ыл т. б. осы топқа жатады.

Етіс аффикстерінің бірінсіз мағыналық дербестігін жоятын уа-н (уа-т дегенмен түбірлес), жа-н (қара жа-қ), құт-ыл, үйре-н, жұба-н етістіктерін де өздік етістің осы тобына қосып қарауға болады.

Жеке алып қарағанда өздік немесе ырықсыз етіс деп даралап қарауға келмейтін ортақ тұлғалы түбірлес етістіктер де жоқ емес. Жаз-ыл, көр-ін, бу-ыл, тазала-н т. б. етістіктердің өздік етіс екені: мен тізімге барып жазылдым; ол дәрігерге көрінді; жалаушы таза-ланып жуынды деген тәрізді сөйлемдер қүрамында, ырықсыз етіс екені: хат жазылды, алыстан бір үй көрінді, қора тазаланды сияқты тіркестерде келуі арқылы анықталады.



Көр-ін деген етістіктің: ертең күн суық болатын көрінеді т. б. сөйлемдерде өз дербестігінен айрылып, модаль (көмекші) сөз мәнінде қолданылатын да жайы бар.

Ырықсыз етіс

Сабақты етістіктердің объектісі жайлы сөз болғанда, ондай объек-ті сөйлемнің бастауышы болып беріледі, ейстікке ырықсыз етіс аф-фиксі қосылады. Мұндай сөйлемдерде субъекті белгілі сөйлем мүшесі болып берілмейді. Мәселен, оқу, жию, жинау, айту т. б. сабақты етістіктер: апам кітап оқыды, колхозшылар астық жинады, әуесқойлар өлең айтты дегенде бастапқы өз мағынасында айтылып, субъекті мен объектілері де өздерінің грамматикалық тура мәнінде беріліп тұр. Бұл синтаксистік тіркестерде әңгіме субъекті жөнінде болғандықтан, олар сейлемнің бастауышы, объектілері (кітап, астық, өлең) тура толықтауыш арқылы айтылған. Іс-әрекеттің объектіге қатынасы грамматикалық тұлғада көрінетін ырықсыз етісті сөйлем-дерде жоғарыда келтірілген мысалдар: кітап оқы-л-ды, астық жина-л-ды, өлең айт-ыл-ды болып өзгереді. Сөйтіп, сөйлем құрылымы жағынан сабақты етістік пен салт етістікке айналады. Әредік болса да өздік етісті сөйлемдерде көрініс беретін тура толықтауыш (шашын таранды, т.б.) ырықсыз етісті сөйлемде әсте кездеспейді. Бұл тұлғалас екі етістің айырмашылығы мұнымен ғана шектеліп қоймайды. Кез келген сабақты етістік, соның ішінде өзгелік етіс аффиксі қосылып, сабақтыға айналғандарға қосылып:

172


көшелер түзетіліп, арықтар қазылып, ағаштар отырғызылып жатыр деген тәрізді болып салттан қолданыла беретін ырықсыз етіске айналады. Кейде тіпті: Сөйлесілмеген сөз қалмады; Сұлу үй безенілген сексен сырдан, (Жароков) сөйлемдердегі сөйле-с-іл, безе-н-іл тәрізді ортақ және өздік етіс тұлғасындағы бірді-екілі етістіктер де ырықсыз етіс тұлғасында қолданылады.

Әдетте ырықсыз етіс аффиксімен тұлғаланған етістікке одан әрі қарай етіс аффикстері үстелмейді. Сұра-с-тыр-ыл-ған, ізде-т-тір-іл-ді болып, қабаттаса қосылған етіс аффикстері ырықсыз етіс аффик-сімен тұйықталады. Бұл да ырыңсыз етіс пен басқа етістер арасында айырмашылық бар екеніне айғақ бола алады. Мұның негізгі себебі ырықсыз етісті сөйлемдерде субъектілердің белгілі мүше арқылы берілмей түсіріліп айтылуында. Сондыңтан да мұндай салт етістіктерге тілде жиі кездесіп, кең қолданылатын өзгелік етіс аффикстері қосылмайды, сөйтіп олар одан әрі сабақтыға айналмайды.

Ырықсыз етіс түбірлерге -л, -ы л\\-і л дара аффиксі, сондай-ақ, -л ы н, -ілі н; -н ы л, -ін і л тәрізді күрделі аффикстердің қосылуымен жасалады.

Тартыс сөз үзіліп, біраз тоқырасып қалды,. (Әуезов) Жұмыс-шыларды бірінші майды мейрамдауға шақырған листовкалар күн сайын ж а п с ы р ы л ы п шығады. (Горький) Осы жазған барша сөзден Байқалынар бар шыным. (Абай) Аздан соң ет ж е л і н д і. (Әуезов)

Өзге етістерден, соның ішінде әсіресе өздік етістен, ырықсыз етістің жоғарыда атап өткендерден басқа да өзгешеліктері бар. Соның бірі — субъектінің грамматикалық тұлғалануында. Әдетте субъектісі сөз етілмейтін кейбір ырықсыз етісті сөйлемде субъектінің де арнай айтылатын кездері болады. Мұндайда субъекті тарапынан, жағынан деген сөздермен тіркесе немесе барыс пен көмектес септік тұлғаларындағы жанама толықтауыш болып беріледі.



Сіз тарапынан қандай шара қолданылды? Біз жақтан ол кісіге е с к е р т і л і п еді деген тәрізді сөз құрамдарын мысал етіп келтіруге де болады. Көркем әдебиеттен келтіріп отырған мына үзінділерде, Мысалы:

Жау к ө з і н е ш а л ы н б а й. Көктөбені беттеді. (Жамбыл)

Қалың бұлтқа ж ұ т ы л ы п, жұлдыз тынды. (Байзақов)

Сенен алған біліммен суарылған ой-санам. (Байғанин)

Қимыл иелері: жау көзіне, бұлтқа, біліммен деген жанама то-лықтауыштар арқылы берілген.

Ортақ етіс

Ортақ етістің негізгі морфологиялық көрсеткіші болып санала-тын -с аффиксі дауыссыз дыбысқа аяқталған түбірлерге -ы с немесе -і с больш қосылады. Көптеген туынды түбір етістіктерде бұл аф-фикс -л а\\-л е формантымен ажыратуға келмейтіндей -лас\\-лес; -дас\\-дес; -тас\\-тес болып күрделене қосылып қолданылады. Мұң-дас-у, сыр-лас-у (сыр айтысу д. м.), ақыл-дас-у, тату-лас-у, араз-дас-у, қош-тас-у т. б. осы тәрізді етістіктердегі -л а с\\-л е с аффиксі -ла\\-ле және аффикстерінен құралғанымен бұл келтірілген тү-бірлер аффиксінсіз, ақыл-да, тату-ла болып толық мағыналы дер-бес сөз есепті айтылмайды. Бөліп қолдануға келмейтін бұл -л а с\\



л е с күрделі аффиксін қазіргі қазақ тілінде -ла\\-ле және деп жігін ашып айтуға болатын түбірлермен шатыстыруға болмайды. Өйткені ымдас, қолтықтас, жұлқылас тәрізді етістіктер бұл арада -с

173


аффиксінің қосылуымен ортақ етіс мәнінде айтылып тұр. Мұны: ым~ да және ым-да-с, қолтық-та және қолтық-та-с, ара-ла және ара-ла-с тәрізді салыстыра берген мысалдардан айқын көруге болады.

Ортақ етіс жасайтын -с аффиксі бір ғана мін деген түбір етістікке -г е с болып қальштасқан түрінде қосылып қолданылады16.



-с, -ыс\\-іс аффиксі етістік түбірлерінің бәріне бірдей дерлік қосылып қолданыла береді. Бірақ бұл аффикспен тұлғаланған түбірлердің беретін мағыналары, атқаратын қызметі әр келкі болып келеді. Олай болатын себебі бастапңы түбірлердің лексикалық мәнімен, сондай-ақ салт немесе сабақты етістік болуымен де тікелей байланысты -с,- -ы с\\-і с аффиксі қосылған сабақты етістіктердің басым көпшілігі субъектілерге ортақ іс-әрекет мәнін беріп ортақ етіске айналса, салт етістіктен жасалғандар етістік пен көп субъекті арасын қиыстырушы грамматикалық тұлға есепті қызмет атқарады, жіктік жалғауының үшінші жақ көптігін білдіретін тұлға есепті қолданылады. Бұл жағынан алып қарағанда кел-у, біт-у, шығ-у деген салт етістіктердің айырмасы бар. Өйткені бұлар -ы с\\-і с аффиксті күйінде келіс-у, бітіс-у, шығыс-у болып, толык, мәніндегі ортақ етіске айналады. Кетісетін жеріміз осы дегендегі кет-іс деген туынды түбір етістікті де осы тұрғыдан қарауға болады.

Сонда Бөжей мен Майбасар к е л і с п е й қапты. (Әуезов) Бас құрасып, Мал сұрасып, Бермегенмен к е т і с е р. (Абай) Кәпін айт-ты: Құсанмен ш а б ы с п а й ы қ. Онан да жөнін тауып т а б ы с а й -ы қ, Көрсетіп қалық қолды ауылына Айтысқа елші салып ш ы ғ ы с а й ы қ. (Байзақов)

Өзгелік етіс аффиксі қосылу арқылы салт етістіктен сабақты етіс-тікке айналған түбірлерге де -ыс\\-іс аффиксі үстеліп, киін-дір-іс, отыр-ғыз-ыс тәрізді етістіктер жасайды. Бірақ бұл етістіктер субъек-тілердің бір-біріне жалғаса, жәрдемдесе істеген бірлестік мәнді іс-әрекетін білдіреді.

Сөйтіп, -с, -ыс\\-іс және -дас\\-дес аффиксті етістіктерді мағына-лық өзгешеліктеріне сәйкес төмендегіше топтап көрсетуге болады.

1. Бір-біріне объекті де болатын қимыл иелерінің ортақ іс-әре-кетін көрсететін ортақ етіс мәніндегі етістіктер өз алдына жеке топ құрайды. Мұндай ортақ етісті сөйлемдерің субъектілері мынадай грамматикалық тұлғаларда беріледі:

а) Көптік жалғаулы бастауыш арқылы:

Сүйісер жастар қате етпес. Мейлің илан, мейлің күл. (Абай)

ә) Бірыңғай бастауыш арқылы:

Аузынан бал ж а л а с т ы Қ ұ с а н, К ә п і н. (Байзақов)

б) Бірі — бастауыш, екіншісі — көмектес не барыс, кейде табыс септіктегі толықтауыш арқылы:



Арғы қабақта аспанмен тілдескен А л т а й ғ а жаңа жолмен бірге Ертісті кесе біз де өттік. (Мұстафин) Ұлан-байтақ отанымыздағы алуан тілде сөйлейтін барша халықтар бір-бірімен осы тіл арқылы ұғынысады. (Омаров)

в) Екеуі не үшеуі, бәрі т. б. осындай жалпылау сөздердің бастау-ыш болып келуі арқылы: Бұл екеуі Рига соғысынан кейін айры-лысып еді. (Нұрпейісов) Е к е у і қалжыңдасып, қағысып жүреді. (Мұстафин)

2. -ы с\\-і с аффиксті сабақты етістіктердің бір тобы екі немесе бірнеше субъектінің ортақ объекті арқылы іске асатын бірлестік про-

цесі болып қолданылады. Апар-ыс-у, әкел-іс-у, тасы-су, жеткіз-іс-у т. б. көмек-тес-у, жәрдем-дес-у, мін-гес тәрізділерді де осы топқа жатқызуға болады.



16 -г е с-іг және деген екі тұлғаның қосындысы. Бұл арада да ортақ етіс мәнін беріп тұрған аффиксі.

174


3. -ы с\\-і с аффиксі кез келген салт етістікке қосыла бермейді. Бұл формант қосылған жағдайда ондай салт етістіктер субъектінің көптігін білдіреді, бастауыш пен баяндауышты ушінші жақта да көп-шеде қиыстырып, сөздерді байланыстырушы жалғау есепті қызмет атқарады. Етіс аффикстері күрделі етістіктің толық мағыналы негіз-гі компонентіне қосылса, бұл соңғы функциясында -ыс\\-іс аффиксі көмекші етістікпен де қолданыла береді.

Қандайлық елеусіз адырлар, сай-салалар бар, баршасын жаттап а л ы с қ а н. (Әуезов) “Мына кісінің не білгені бар екен?” деген-дей әркімдер қартқа қарай қ а л ы с т ы. (Сланов)

-с, -ы с\\-і с аффиксті етістіктердің жоғарыда санап өткендегідей т. б. мағыналық және грамматикалық айырмашылықтары бар екенін өзгелік етіс аффиксі үстелген -с т ы р\\-с т і р күрделі аффиксінен де байңауға болады. Мектеп директоры оқушыларды, жаңа оқытушы- мен т а н ы с т ы р д ы деген сейлемдегі таны-с-тыр етістігі мен ол келген қонақтардан ел жаңалығын сұрастырды дегендегі сұра-с-тыр-у етістігін салыстырьш қараңыз. Екеуі де сабақты етістік мәнінде айтылып тұрған бұл сөйлемдердегі етістіктердің алғашқы-сында ортақ етіс толық өз мәнінде айтылып тұр. Соңғы сөйлемдегі етістік (сұрастыр) ортақ етістің, бірлесе жүзеге асырған қимылдың да мағынасында айтылып тұрған жоқ. Өйткені мұнда ел жаңалығын сұраған бір ғана субъект. Мұнда дүркін-дүркін, әлденеше рет қайта-ланған процесс беріліп тұр. Сұра-с-тыр тәрізді ізде-с-тір, қара-с-тыр т. б. етістіктердегі күрделі -стыр\\-стір форманты өздері қо-сылған түбірге белгілі вид мағынасын (бұл арада дүркінділік) үстеп, негізінен грамматикалық қызмет атқарады.

Өзгелік етіс

Етіс категориясының басқа түрлеріне қарағанда әлдеқайда жиі қолданылатын бұл етіс мағына және тұлғалық, сондай-ақ, граммати-калық қызметі жағынан тілден ерекше орын алады.

Салт немесе сабақты болып келу ерекшелігіне қарамай, ырықсыз етіс түлғасындағыдан басқа етістік түбірлерінің бәрі өзгелік етіс аффикстерімен тұлғаланып қолданыла береді. Бірақ салт етістік пен сабақты етістіктен жасалған өзгелік етіс тұлғасындағы етістіктердің бір-бірінен айырмашылығы болады.

Өзгелік етіс бір-біріне фонетикалық та, морфологиялық та жа-қындығы жоқ -т, -ыт\\-іт; -д ы р\\-д і р, -тыр\\-тір; -ғыз\\-гіз, -қ ы з\\ -к і з; -а р\\-е р; -ы р\-і р; -қ а р\\-к е р, ы р\\-д а р, е т т. б. аффикстердің қосылуы арқылы жасалады. Осылардың ішінде -т;

-д ыр\\-д ір, -т ыр\\-т і р; -ғ ы з\\-г і з, -қ ы з\\-кіз форманттары жиі қолданылады, басқалары сирек кездеседі, -с е т аффиксі көр-сет, -д ар аффиксі ау-дар болып, өзгелік етіске айналады. Санының көптігіне қарамай өзгелік етіс аффикстерін кез келген түбірге ауыс-тырып қоса беруге келмейді. Оқы етістігі оқы-дыр немесе оқы-ғыз емес, оқы-т болып, сондай-ақ ау-у етістігі ау-дар (назар аудару, қа-зақшаға аудару, баланы аударып жатқызу т. б.), ау-дыр (суретін, аудырмай салу) болып, өзгелік етіске айналады. Аз-у деген етістік аз--ғыр және аз-дыр болып, бірсыпыра түбірлер жаз-дыр және жаз-ғыз, ал-дыр және ал-ғыз, өт-кіз және өт-кір, кел-тір және кел-гіз болып, -д ы р\\-д і р мен -ғ ы з\\-г і з аффикстерінің ауысып қосылуы аркылы да жасала береді.

175


Бірақ осының бәрінде де түбір соңындағы дыбыс, буын саны, сөздің жуан-жіңішкелігі ескеріледі.

аффиксі түбір соңы дауысты немесе ұяң және сонор дауыссыз дыбыстарға біткен екі не одан көп буынды түбірлермен қосылып қолданылады. Мыс.: көбейт, ал-дыр-т, ойна-т, жөнел-т т. б. Бұл аффикс үрік пен қорық деген түбірлермен ғана үрк-іт, қорқ-ыт болып айтылады.

Е с к е р т у: ақ, қақ тәрізді санаулы бір буынды етістіктер ғана ағ-ыт, қағ-ыт болып өзгелік етіске айналады.

Соңғы дыбыстары үяң мен сонор дауыссыздарына аяқталатын бір буынды түбірлер -дыр\\-дір; -ғыз\\-гіз аффикстерімен, қатаң дауыс-сыздылар, -тыр\\-тір; -қыз\\-кіз аффикстерімен тіркеседі. Мыс.: қой-дыр, қой-ғыз; тап-тыр, тап-қыз; сеп-тір, сеп-кіз т. б.

Кел, тол, өл деген үш түбір ғана қатаң дауыссыздан басталатын

-т ы р\\-т і р аффиксімен тіркесіп: өл-тір-у, тол-тыр-у, кел-тір-у күйінде өзгелік етіске айналады.

Өзгелік етістің басқа аффикстері құт-қар (құт-ыл дегенмен са-лыстырыңыз), там-ыз, шығ-ар, шөг-ер, түс-ір, қаш-ыр т. б. туынды түбір етістіктер құрамында қолданылады. Бұл арадағы аффикстер қалыптасу төркініне қарай -ы з\\-і з < -ғ ы з\\-г із, -а р\\-е р, -ы р// -і р < -д ы р\\-д ір т. б. өз ара тығыз байланысты болып келеді. Там-ғыз бен там-дыр, ес-іт пен ес-тір, ас-ыр мен ас-тыр т. б. мысалдар бұған айқын дәлел болады.



Адам баласын заман өстіреді, кімде кім жаман болса, оның замандастарының бәрі виноват. (Абай) Сұлулықтан махаббатқа көл сезімді ө с і р г е н. (Жароков) Ақыл астыр, малын әпер, дейді. (Әуезов) “Тым асыра сілтемейік”, деді Сергей Петрович. (Мұстафин)

Жоғарыда санап өткен өзгелік етіс аффикстері қосылған түбірлер бастапқы мағыналары мен сабақты және салт етістік болып келуіне қарай мынадай өзгешеліктермен қолданылады.

а) Өзгелік етіс аффикстері салт етістікті сабақтыға айналдырады. Мұндайда салт етістіктің субъектісі объектіге айналады да, сөйлемде бастауыш болып берілетін актив субъекті пайда болады.

Бірақ Ардақ екеуін де о т ы р т ы п кетті. (Мұстафин) Кейде жаяу түсіп жүгіріп, кейде боз айғырға міне жортып шауып өзін-өзі жылынтады. (Бегалин)

Осы сөйлемдердегі басында отыр-у, жылын-у деген салт етістік-тер отыр-т-у, жылы-н-т-у болып, өзгелік етіс тұлғасындағы сабақты етістікке айналып кетті. Сөйтіп, бұл арадағы өзгелік етіс аффикстері салт етістікті сабақты етістікке айналдыратын морфема болып қыз-мет атқарады.

Өзгелік етіс аффикстері сабақты етістіктерге де қосыла береді. Бірақ бұл жағдайда іс-әрекеттің объектіге деген қатынасында ешқандай өзгеріс болмайды. Өзгеріс іс-әрекетті жүзеге асырушы субъектілер тарапынан көрінеді. Бір субъекті орнына екі субъекті пайда болады. Оның біреуі сөйлемде бастауыш болып берілсе, екіншісі, көбінесе, барыс септік тұлғасындағы жанама толықтауыш арқылы беріледі. Осы екі субъектінің соңғысы, былайша айтқанда, жанама толықтауыш арқылы берілетіні іс-әрекетті жүзеге асырушы болып табылады. Бірақ істің жүзеге асу-аспауы үнемі дерлік бастауыш арқылы берілетін субъектімен тікелей байланысты болып келіп отырады. Мысалға Ол домбыраны өзі тартып, әнді бізге айттыратын деген сөйлемді талдауға болады. Осындағы құрмалас сөйлемнің әнді бізге айттыратын деғен компонентінде әнді айт-тырушы біреу (ол) болғанмен, әнді айтушы, біз деген субъект.

176


Бірінші жақ көпшедегі біз деген жіктеу есімдігі біз-ге болып, барыс септік тұлғасындағы жанама толықтауыш арқылы беріліп тұр. Қимыл иесінің барыс септік тұлғасында ғана емес, шығыс және табыс септіктеріндегі тольщтауыш мүшелер арқылы да берілетін жағдайы бар. Бұған: Әкем бізді сізден кітап сұрата жібереді немесе Ол окудағы ағасынан жаңа кітаптар алдырып тұрады тәрізді сөйлемдердегі бізді және ағасынан т. б. мысалдар келтіруге болады.

Етіс аффикстерінің күрделене қосылуы

Бір түбірде етіс категориясының екі немесе одан да көп аффикс-тері тіркесө қосылып ңолданыла береді. Біраң мүның өзінде белгілі тілдік заңдылық бар.

1. Өздік етіс түлғасындағы түбірлерге өзгелік етіс аффиксі жиі үстеліп қолданылады. Жу-ын-дыр, ки-ін-дір, шат-тан-дыр, коллектив-тен-дір, жет-іл-дір, шом-ыл-дыр болып келетін бұл етістіктер, бірінші-ден, салт етістіктен сабақты етістікке айналады. Екіншіден, өздік мәні сақтала тұрса да, сөйлем мағынасы және құрылысы жағынан салт етістіктен жасалған өзгелік етіс мәніне сай құрылады.

Өздік етіс аффиксінің үстіне ортақ етіс аффиксі де қосылып, желпі-н-іс, жина-л-ыс, қақ-тығ-ыс, соқ-тығ-ыс т. б. осы тәрізді етістіктерге айналып қолданылады.

Кешеден бері осылар күн бойы с а п ы р ы л ы с а т ы н болып кетті... (Мүсірепов) Созылды даудың аяғы, Ө ш і г і с к е н қатындар Жиналды түгел баяғы. (Алпамыс)

Сапыр-ыл-ыс және өш-іг-іс деген күрделі аффиксті түбірлер бұл мысалдарда салт етістік мәнін сақтай отырьш, негізінде, ортақ етіс болып қолданылып тұр.

Байқа, сақта, қолда, де, же тәрізді бірді-екілі сабақты етістіктер -л ы н// -л і н немесе -н ы л\\-н і л күрделі аффикстерімен қосылып айтылып; байқа-лын, сақта-лын, қолда-ныл, безе-ніл, де-лін болып ырықсыз етіске айналады.

2. Ортақ етіс тұлғасындағы түбірлерге де өзгелік етіс аффиксі, соның ішінде -т ы р\\-т і р форманты аса жиі қосылып қолданы-лады, кейбір жағдайларда ырықсыз етістің де -ыл\\-іл аффиксі үстеледі. -ы с\\-і с аффиксті түбір басында ортақ етіс мағынасында айтылса, бұл екі соңғы жағдайда да ол ерекшелігі сақталады, бірақ түбір соңыңдағы етіс аффиксіне сәйкес өзгелік етіс аффиксі үстелген жарас-тыр, тату-лас-тыр тәрізді етістіктер сабақтыға айналып, сөйле-с-іл (сөйлесілмеген сөз), бөл-іс-іл (бөлісілмеген үлес) т. б. салт етістік күйінде қолданылады.



Бір сөзімен бір сөзін жалғастыруға Абай үлгірмей, адасып қап отыр, (Әуезов) Жаңа келген жұмысшыны өз жұмысымен таныс-тырып алмай өндіріске жіберуге мүлде тыйым салам. (Мұстафин) Мекапармен сөйлесетін көп сөздер бар сияқтанады, оның бірде-бірі сөйлесілмеген екен. (Мүсірепов)

3. Өзгелік етіс тұлғалы етістіктерге сол етістің екінші, кейде үшінші аффиксі үстеліп, -д ырғ ы з, -ғ ы з д ы р, -д ы рт, -т қ ы з, -д ы р т қ ы з тәрізді күрделеніп: алдырт, алдыртқыз, бергіздірт тәрізденіп айтыла береді. Мұндай тұлғалы етістік баяндауыш болған сөйлемде қимылды тікелей іске асыратын субъектіден басқа іс-әре кетке тікелей я жанама қатынасы бар субъектілер саны артады.



Осының артынан екі жеңге күлісіп кеп, Абай мен Ділдәнің алды-на қарсы отырып, екеуінің де оң қолдарын алып, біріне-бірін ұстат- т ы р д ы. (Әуезов)

177


Түбірлерге өзгелік етіс аффиксінің үстіне көбінесе -ы л\\-і л, бірді, екілі жағдайда -ы н\\-і н аффикстері үстеліп айтылады да, ағаш отыр-ғыз-ыл-ды, су тол-тыр-ыл-ды, мақала қазақшаға ау-дар-ыл-ды, дегенде ырықсыз етіс, ол отқа кеп-тір-ін-ді, орнынан сүйре-т-іл-іп тұр-ды т. б. өздік етіс мағынасында қолданылады, сабақты етістіктен салт етістікке айналады.

Көш-ір-іс-у, жүр-гіз-іс-у тәрізді өзгелік пен ортақ етіс аффикстері күрделене қосылған етістік түбірлері тұлғалық ерекшеліктеріне сай мағыналарын да толық сақтайды. Ортақ объекті арқылы жүзеге асатын бірлестік процеске айналады.

Мекені ердің осы деп, Шошайтысты қолдарын. (Жамбыл)

ЕСІМШЕ

Есімше — етістік пен сын есім арасындағы аралық категория. Бірақ оның бойынан етістікке тән негізгі ерекшеліктердің бәрі де та-былады (салт, сабақты, рай, шақ, жақ, етіс т. б.). Есімшенің болым-сыз түрі етістіктерше түбірге -ма\\-ме, -б а\\-б е, -п а\\-п е аффикс-терінің қосылуы арқылы жасалады. Сондықтан да ол етістік құра-мында қаралып, сол топқа жатқызылады.

Есімшелер — етістіктерден аффикстер арқылы жасалатың кате-гория. Есімше жұрнақтары тілдегі сөз өзгертуші аффикстер қатарына жатады. Бұлар фонетикалық жағынан да, лексикалық мағынасы жағынан да есімше жасалған түбірге бағынышты болады. Осы аффикстердің фонетикалық вариантының болуы оның түбірге фонетикалық жағынан бағыныштылығын дәлелдейді. Сөйтіп, бір сөзбең айтқанда, есімшелерді құрайтын сөздік материал барлық негізгі және туынды түбір етістіктер: Бір к ө р г е н біліс, екі к ө р г е н таныс. Ердің екі сөйлегені ө л г е н і. Қ о н а р ы м -



д ы сай біледі, көшерімді жел біледі. (Мақал)

Есімшенің атрибуттық қасиеті мен морфологиялық ерекшелігі оның сөйлемдегі синтаксистік қызметін де айқындайды.

Есімшеге анықтама бергенде, оның ең басты, негізгі синтаксистік қызметін қоса қамту керек. Өйткені қандай сөздің болмасын өмірі сөйлемге, сөздік қоршауға байланысты. Сондықтан есімшеге мына-дай анықтама беру керек сияқты: “іс-әрекеттік мәнін заттың сапа-лық белгісіне айналдыра отырып, бірде етістік, бірде есімдер қызметін атқаратын, есімдерше де, етістіктерше де түрленетін ерекше форма”. Есімшенің өзіндік ерекше қасиеті бар, осыған орай оның синтаксистік қызметі де неше алуан.. Есімше атрибут ретінде жиі қолданылады. Етістікке тән басқа категориялар мұндай екі ұдай орында жумсалмайды. Есімше сын есім сияқты заттың тұрақты сынын білдірмейді. Ол сынды белгілі бір шаққа балап көрсетеді. Демек, есімше заттың құбылмалы, көшпелі сынын бейнелейді: Үй маңы өрбіп келе жатқан бәйтеректер. (Мүсірепов) Күндердің күнінде сол екі елдің жарылмаған қауын, шайқалмаған уызы екі сұлу жасы бопты. (Әуезов) Ал, сын есім заттың, нәрсенің шаққа, мезгілге байланыссыз тұрақты ерекшелігін, қасиетін көрсетеді: жақсы киім, жүйрік ат, қызық кітап т. б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет