* * *
Сөз жалғастыратын қосымшалар әдетте жалғаулар деп аталады. Жалғаулар сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырады да, олардың араларындағы жалпы қарым-қатынастарды білдіреді. Бұл қарым-қатынастардың нәтижесінде туатын мағыналар жалғанатын сөзге (түбірге, негізге) қосымша лексикалық мағына үстейтін жұрнақтардың мағыналарындай емес, сөздердің ара қатынастары-нан туатын қызметтерімен байланысты тым жалпы грамматикалық мағыналар. Бірақ жұрнақтардағыдай, жалғаулардың да мағыналары мен формаларында дербестік болмайды. Сол себептен олар, өздеріне тән мағыналық, формалық дербестіктері болмайтындықтан, түбір (я негіз) сөзсіз жеке-дара қолданылмайды. Дегенмен, жалғаулар мағы-налы сөздерге жалғанып, оларға тиісті грамматикалық мағыналар жамайды да, орасан зор қызмет атқарады.
Жұрнақтардай емес, жалғаулардың қолданылу өресі мен өрісі аса кең болады. Олай дейтін себебіміз: жұрнақтар белгілі бір сөз табына
12
ғана я оның белгілі бір тобына немесе оның бір ішкі категориясына ғана тиісті болып, соған ғана жалғанса, жалғаулар бір сөз табының аясына тұйықталып қалмай, бірнеше сөз табын да тұтас қамтып, кең шеңберде қолданыла береді. Мысалы, жіктік жалғауды алсақ, бұл форма тек етістіктерге ғана тиісті емес, бүкіл баяндауыш болатын сөздердің бәріне де қосыла береді. Ал көптік жалғау зат есімдерге де, есімдіктерге де, субстантивтенетін өзге сөздерге де жалғана береді.
Жалғаулар да, жұрнақтар сияқты, дыбыстық жағынан байьшсыз болатындықтан, өздері жалғанатын сөздерге орайласып, ундесіп келеді де, варианттанып отырады. Мысалы, бала-лар, ереже-лер, қыз-дар, көз-дер, хат-тар, мектеп-тер; қала-ның, көше-нің, жаз-дың, күз-дің, тас-тың, пеш-тің т. б. Бірақ, қанша вариантанға-нымен, олардың жалпы грамматикалық мағыналары мен қызмет-терінде айырмашылық болмайды.
Қазақ тіліндегі жалғаулардың жүйесі т ө р т к е бөлінеді. Олар: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау және жіктік жалғау.
СӨЗДІҢ ФОРМАСЫ ЖӘНЕ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
Сөздің формасы туралы. Грамматиканың барлық негізгі ережелері мен заңдары, әдетте, сөзге, сөзбен сөздің тіркесіне байланысты құрылады. Бұдан, әрине, грамматиканың тыңғылықты етіп зерттейтін ең басты объектісі сөз екендігі аңғарылады. Бірақ ережелер мен заң атаулылардың бәрі бірдей де, біркелкі де болмайды, әрқилы болады. Ал, ондай әрқилылык; сөздің қолданылу ерекшеліктері мен өзгерілу жүйесіне сай. Өйткені бұлардың қай-қайсысын алсақ та, сайып келгенде, сөздің түрлену жүйесіне лайык, құрылады. Ендеше, сөздің; жан-жақты қаралып, терең зерттелуі оның сыр-сипаттарының түгел айқындалуына байланысты болады. Бірақ ондай анықтама сөз атаулының барлығының да бас-басына тән ерекшеліктерді айқындау аркылы емес, олардың бәріне я белгілі топ-тобына тән жалпы қасиеттерін табу арқылы берілуге тиісті. Мысалы: жүр, жүрші, жүріңіз, жүріңізші, жүріңдер, жүріңдерші, жүрсін, жүрейінші, жүрейік, жүрдім, жүрдік, жүрсе, жүрме, жүрмейік, жүрмеңдер, жүрмесе, жүрген, жүрер, жүретін, жүргелі, жүріпті, жүрмес, жүрмек, жүргіз, жүргіздір, жүргіздірт, жүргіздіртіс, жүргізіс, жүрісті, жургіш…дегендерді салыстырып байқасақ, осылардың бәрі бір сөз бе я болмаса бір сөздің әр алуан түрлері ме, яки болмаса олардың әрқайсысы басқа-басқа сөздер ме деген ойлар туады. Дәл осындай сұраулар: көл, көлшік, көлдей, көлсіз. көлше, көлден, көлге, көлде... деген сөздерді салыстырғанда да туады.
Егер бұлардың бәрін сыртқы формаларына қарап, олар бір сөз емес, алды-алдына, басқа-басқа сөздер деп ұйғарсақ, онда, жалпы сөз тудыру, сөз түрлендіру, сөз жалғастыру деген сияқты тілдік құбылыстардың шектерін ажыратпаған болар едік те, әдетте, бірінен бірі туып, дамып жататын морфологиялық көрсеткіштерді жоққа шығарған болар едік. Ал, егер, керісінше, тек қана мағыналарына қарап, олар әр түрлі сөздер емес, бір ғана сөз деп санасақ, онда әрі осындағы грамматикалық формалардың әрқайсысына тән қызметтерін есекермеген болар едік те, әрі оларды жүйелеп жіктей алмауымен қатар, олардың топ-тобының сыр-сипаттарын саралап аша алмаған болар едік. Солай болса, осындағы жүр және көл сияқты жеке-жеке негіздерден жасалған (я жасалатын) сөз формаларының жүйесін дұрыс айқындап, әрбір сөзге тән ерекше-ліктерді дұрыс анықтау грамматиканың ең басты міндеттерінің бірі болмақшы. Ендеше, сөз дегеніміз белгілі-белгілі формалардың
13
жүйесі екенін, ал, ол жүйеге сол сөзге тән күллі формалар енетінін байыптасақ, жоғарыдағы жүр, жүрші, жүріңіз... дегендердің әрқайсысы әр түрлі сөздер емес, бір сөздің әр түрлі формалары делініп танылуға тиіс. Синтетикалық жолмен жасалған мұндай формаларды, олардың ішкі категориялық мағыналары мен қызметтеріне қарап, ең әуелі сөз тудыратын формалар, сөз түрлендіретін (форма тудыратыи) ф о р м а л а р және сөз жалғас-тыратын формалар деп үлкен үш салаға саралап алған мақұл. Одан әрі бүл топтардың әрқайсысын өзді-өзінің ерекшеліктеріне қарай тағы да іштей жіктеп жүйелеу қажет болады. Мысалы, сөз жалғас-тыратын формалар көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары. (Бұл жөнінде “Қосымшалар” деген тақырыпты қараңыз.)
Сөздің формасымен байланысты мәселелердің шеңбері тек осы ай-тылған синтетикалық (морфологиялық) формалардың аясында ғана қалып қоймай, аналитикалық (синтаксистік) формаларды да шарпиды. Өйткені қазақ тіліндегі сөздердің байланыстары мен қарым-қатынастары жалғыз морфологиялық формалар арқылы ғана емес, синтаксистік амал-тәсілдер (формалар) арқылы да беріледі. Морфологиялык, тәсілдер сияқты, синтаксистік тәсілдер де үнемі, таза грамматикалық мағыналарды ғана емес, лексика-грамматика-лық мағыналарды да білдіреді. Оның бер жағында, олардың қай-қайсысы болса да, қалай болса солай емес, белгілі жүйе-жүйе формалар арқылы, соларға орай, қалыптасқан заңдар мен ережелер арқылы жүзеге асады. Мысалы: қара ала, торы ала, күрең ала сияқты күрделі сын есім формалары, оқи тұр, сөйлей тұр, тұра тұр тәрізді күрделі етістік формалары мен құрмет ет, сәлем ет, іс ет іспетті құранды етістік формаларын алсақ, бүлар тиісті ережелер мен заңдарға орай, жүйе-жүйе болып құрылған.
Сөйтіп, сөздің морфологиялық бөлшектері мен синтаксистік амал-тәсілдерінің бір-бірінен өзгешеленіп бөлінерліктей және соған сәйкес қосымша мағына білдірерліктей әр алуан түрлерін сөз формасы дейміз.
Сөздің әр алуан формаларының мағыналары мен қызметтері бір-дей болмайды. Өйткені, олар бірдей болса, бірі-бірімен қатарласа, жарыса өмір де сүре алмас еді. Морфологиялық және синтаксистік тәсілдер арқылы туған формалардың мағыналары мен қызметтері өз ара бірдей я тең болмауы былай тұрсын, я морфологиялық тәсіл ар-қылы, я синтаксистік тәсіл арқылы жасалған формалардың өздері де іштей бір-бірімен тең болмақшы емес. Сондай теңдіктің я пара-пар-лықтың жоқтығынан да морфологиялық амалдардың жәрдемімен туған формалар, жоғарыда айтылғандай, іштей с ө з т у д ы р у ш ы-л а р, сөз түрлендірушілер, сөз жалғастырушылар болып, бұлардың әрқайсысы әрі қарай тағы да іштей сараланып қалыптасқан. Сол себептен де олардың қолданылу аялары мен тіркесу шеңберлері түрлі-түрлі болып, әрңайсысы өзді-өзіне тән қызметке ие болған. Мысалы: Көршіні көрші оятты айқай салып және Қой жатыр, қойшы тұрды әнге салып деген сөйлемдердегі көрші мен көршіні, қой мен қойшы формаларын салыстырыңыздар.
СӨЗДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ МЕН ФОРМАЛАРЫ
Бір түбірден (я негізден) туған жаңа сөздердің өздері де морфоло-гиялық құрылымы жағынан бір-бірінен өзгеше болады. Мысалы: баста, басқар, басшы, басшылық деген туынды сөздер -т а, -қ а р,
14
-шы, -шылық (-шы+лық) жұрнақтары арқылы бас сөзінен жасалған; ауызба-ауыз, ауызша, ауызекі, ауыздық сөздері ауыз деген түбір сөзден туған; сөйт, бүйт сөздері солай ет және бүлай ет деген сөздердің әрі бірігіп, әрі қысқарып, әрі бір-бірімен үндесіп дефор-малануы арқылы пайда болған. Бұл мысалдардан лексика-морфо-логиялық жолмен жасалған (пайда болған) туынды сөздің қай-қайсысының болсын өзіне тән сыртқы формасы, ішкі мазмұны болатыны айқын көрінеді.
Тілдің өз жүйесіне лайық сөз жасаудың заңы ретінде қалыптас-қан белгілі-белгілі амалдары сөз тудыру тәсілдері деп аталады.
Қазақ тілінде жаңа сөз тек жұрнақтар арқылы ғана емес, түбір-лердің қосарлануы, бірігуі арқылы да жасалады. Ендеше, сөз жасау-дың бұл амалдары қазақ тілінде жаңадан сөз тудырудың нормасы я заңы болады да, сол заңдар мен нормалар жайындағы қағидалар сөз тудыру жөніндегі ережелер болып саналады.
Сөздің жасалуы лексикологиямен де, грамматикамен де байла-нысты. Өйткені тиісті тәсілдер арқылы жасалған жаңа сөздер қосымша жаңа лексикалық тұлға есебінде тілдің сөздік құрамына енеді. Мысалы: тік, тігін, тігіс, тігінді, тікпе деген сөздерді алсақ, олардың әрқайсысы, бір түбірден туғандарымен өз алдына лексикалық тұлға. Солай бола тұрса да, осы сөздердің қандай-қандай лексика-грамматикалық ерекшеліктері бар, соған орай, олар қай-қай сөз табына жатқызылуға тиіс деген жақтарымен грамматика ғылымы да шұғылданады. Мысалы, тік — етістік, тігін, тігіс — зат есім, тігінді. тікпе — сын есім деп таныған қорытынды бұл сөздің бастапқы түбіріне (тік), оған қосылған әрбір жұрнаққа (мысалы: -і н; -іс; -інді; -п е) және олар арқылы жасалған әрбір жаңа (туынды) сөзге (тігін, тігіс, тігінді, тікпе) тиісті грамматикалық сипаттамалар жасаудың нәтижесінде шығарылған. Солай болса, грамматика сөздің қалай жасалатынын, ол сөздің қай граммати-калық категорияға қатысты екенін, қандай өзгеріске ұшырап, қандай түрге көшкенін я көшетінін тағы басқа жақтарын тексереді.
Жұрнақ арқылы туған сөздермен ғана тынбай, бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы пайда болған сөздерді алсақ, олар бір жағынан, кә-дімгі синтаксистік қатынастарда бар үлгі бойынша жасалса, екінші жағынан, олардың қызметтері өздері шықңан сөз тіркестерімен азды-көпті құрылымдас болады. Бұдан күрделі сөздердің жасалуы синтаксиспен тығыз байланысты екені, солай болса, сөз тудырудың бұл амалы да грамматикадан қағыс қалмауға тиісті екені аңғарылады.
Грамматикаға тән жалқыдан жалпыға, нақтыдан (анықтан) та-нықка қарай топшылап абстракциялау қасиеттері сөз тудыру заңда-рына да жат құбылыс емес. Өйткені сөз тудыру тәсілдері де, грамма-тикалық өзге заңдар тәрізді, лексикалық мағыналары басқа-басқа сөздерді грамматикалық семантикалары мен формаларының ерекше-ліктеріне қарай жеке-жеке грамматикалық топтарға саумалап, үйі-ріп те, үйірлеп те отырады. Мысалы, таулы, тасты, орманды, көлді, сулы, шөпті, егінді дегендер лексикалық мағыналары басқа-басқа сөздерден жасалғандарымен, олардың бәріне де қосылып, бәрін де семантика жағынан белгілі бір топқа үйіріп, бәрін де сыртқы тұрпаты жағынан бір грамматикалық категорияға телуге қажетті таяныш форма есебінде қызмет етіп тұрған -л ы (-л і, -д ы\\-д і, -т ы \\-т і) қосымшасы (жұрнағы) екендігінде дау жоқ. Демек, мұндағы түбірлердің де, туынды сөздердің де лексикалық мағыналары басқа-басқа бола тұрса да, соңғы туынды сөздердің ішкі бірыңғай семан-
15
тикалық мағыналары мен сыртқы бірыңғай морфологиялық форма-сы оларды белгілі бір лексико-грамматикалық топңа — сын есімге шоқтап тұр.
Синтаксистік тәсіл арқылы туған арба-арба шөп; қора-қора қой, тау-тау астық дегендердегі қос сөздерді алсақ, олардағы қайта-лану үлгісі осы сөздердің грамматикалық мағыналары мен грамматикалық қызметтерін әрі бірыңғайластырып тұрған, әрі өзгертіп тұрған арнаулы форма есебінде қызмет етеді.
Сонымен, қазақ тілінде сөз тудырудың жүйесі үлкен екі саладан құралады: оның біріншісі — морфологиялық тәсіл болса, екіншісі — синтаксистік тәсіл болады.
Жұрнақтар арқылы сөз тудыру жолы морфологиялық тәсілге жатса, сөздердің бірігу, қосарлану және тіркесу арқылы жасалу жо-лы синтаксистік тәсілге жатады. Бұл екі тәсілдің өзді-өздеріне тән ерекшеліктерше қарай қолданылу шектері мен мүмкіншіліктері де бірдей болмайды.
СӨЗДЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
(Сөздердің типтері)
Тіліміздегі сөздердің ішінде ас, ер, тіс тәрізді түбір сөздер де, ас-тық, ершік, тісеу сияқты туынды сөздер де, сәресі, тоқсан, түрегел іспетті біріккен сөздер де, ас-су, келін-кепшік, емін-еркін секілді қос сөздер де, кемпір қосақ, ақ құба, қызмет қыл сияқты құрама сөз-дер де, ҚазССР, облсовет, ҚКП тәрізді қысқарған сөздер де бар. Бұдан тіліміздегі сөздер құрамы жағынан да, құрылымы жағынан да бір-келкі емес, әр түрлі екені байқалады.
Сөздердің құрылымы жағынан осындай әрқилы болуы тіліміздің сөздігін қорландырып отыратын негізгі екі жол, морфологиялык; және синтаксистік тәсілдер арқылы сөз тудырудың ерекшеліктері-мен және олармен ұдайы қарым-қатынасқа түсіп, сөздікті байытуда қосымша амал есебінде қызмет ететін лексика-семантикалық жол-мен тығыз байланысты.
Сөз тудырудың осы айтылған жолдарының ерекшеліктерін дұрыс анықтау үшін және түрлі-түрлі сөздерді практикалық жағынан талдауды жеңілдету үшін барлық сөздерді ең әуелі жалаң с ө з д е р және күрделі сөздер деп аталатын екі үлкен салаға бөлуге болады.
Ж а л а ң с ө з д е р деп, оған жұрнақ я қосылсын, я қосылмасын мейлі, құрамында бір ғана негізгі түбірі бар сөздерді атаймыз. Ал, күрделі сөздер деп оларға қосымшалар қосылсын я қосылмасын мейлі, құрамында ең кемінде екі я онан да көп негізгі түбірі бар сөз-дерді атаймыз. Солай болса, жалаң сөздерге кілең түбір сөздер (от, ал, өс) мен жұрнақтар арқылы жасалатын туынды сөздер (оттық, алым, өсімтал) жатады да, күрделі сөздерге қос сөздер (ыдыс-аяқ, некен-саяк, елең-алаң), біріккен сөздер (таңертең, бүрсігіні, енді-гәрі), құрама сөздер (темір жол, бара тұр, сары ала), қысқарған сөздер (МТМ, ЖМ) жатады. Күллі сөздерді осылайша жалаң және күрделі деп бөлу шартты түрде істелетін амал, өйткені қазіргі тіліміздегі ғылми талдау арқылы болмаса, сырт қарағанда жалаң сөз болып көрініп жүрген кейбір формалар тарихи жағынан алғанда күрделі сөз болып, осы күні түбір сөз ретінде қабылданып жүрген кейбір формалар ертерек замандарда жұрнақ арқылы жасалған туынды сөз болып шығып отырады. Мысалы, қарлығаш деген сөзді қазіргі кез тұрғысынан қарасақ, жалаң түбір сөз сияқты, ал, тарихи
16
жағынан алсақ, әуелдегі қара ала қүс деген күрделі форма болган. Сондай-ақ, айт деген етістік ертеректегі ай деген түбір мен -т деген қосымшадан бірігіп қалыптасқан.
Грамматикалық амал бойынша сөз тудырудың өрісі тек таза морфологиялық тәсілмен және таза синтаксистік тәсілмен ғана біт-пейді. Онда осы екі тәсілдің бір-бірімен селбесіп тоқайласуы (комбинациялануы) арқылы да сөз жасалу тәсілі бар. Мысалы, бүгін, биыл деген үстеулер бастапқы бұл күн және бұл жыл деген тіркес -тердегі компоненттердің әрі бірігіп, әрі ықшамдалуынан туса, бекерге, жоққа үстеулері барыс септік формаларыны, әуелде, әлгінде үстеулері жатыс септік формаларының талайдан, тосыннан үстеу-лері шығыс септік формаларының бастапқы өз орталарынан қол үзіп шырып, осы көрсетілген формаларында лексика-грамматикалық тұлға (единица) есебінде қалыптасудан пайда болған. Оның бер жағында,бұл үстеулердің қай-қайсысы болса да, я морфологиялық я синтаксистік тәсілдер арқылы тумай, кейбір формалардың өз топтарынан (сөз табынан) ада-күде бөлініп шығып, басқа бір грамматикалық сөз табына ауысуы арқылы туған. Осындай бір категориядан екінші категорияға ауысу процестерінен қазақ тілінде кездесетіндері — с у б с т а н т и в т е н у (заттану), адвербиалдану (үстеуге көшу), прономиналдану (есімдікке ауысу), адъективтену (сын есімге ауысу), вербалдану (етістікке айналу) құбылыстары. Бірақ бұл процестердің нәтижелері әрқашан біркелкі бола бер-мейді. Өйткені ондай процесс кейде тұрақты (түпкілікті), кейде тұрақсыз (уақытша, түпкіліксіз) болады. Егерде осы процестердің қай-қайсысы болсын түпкілікті болып, тиісті сөздер (формалар) басқа бір категорияға біржола ауысқандай болса, оны сөз тудырудың белгілі бір жолы деп есептеу қажет. Бірақ бұл жол, жоғарыда айтылғандай, морфологиялық та, синтаксистік те тәсілдер емес, сол екеуінің комбинациялануынан құралған үшінші бір тәсіл болмақ, өйткені мұнда осы аталған екі тәсілдің де белгілері бар. Сол себеп-тен бұны м о р ф о л о г и я л ы қ-с и н т а к с и с т і к я синтаксистік -м о р ф о л о г и я л ы қ тәсіл деп атауға болады.
Сөйтіп, тілімізде грамматикалық жолмен сөз тудыратын ү ш жол бар. Олардың бірі — морфологиялық тәсіл, екіншісі — синтаксистік тәсіл, үшіншісі — м о р ф о л о г и я л ы қ-с и н т а к с и с т і к тәсіл.
Тиісінше морфологиялық тәсіл мен синтаксистік тәсілдің нәти-жесінде туған жалаң сөздер мен күрделі сөздер деп аталатын негізгі екі үлкен сала, айырмашылықтарына қарай, өздерінше іштей тарам-тарамға бөлінеді. Бұл екі топ жайында төменде арнай қысқаша сөз етіледі. Ал морфологиялық-синтаксистік (я синтаксистік-морфоло-гиялық) тәсілдің негізгі таянышы көбінесе лексика-семантикалық жолмен сөз тудыру амалы болатындықтан, ол жөнінде арнай талдау берілмей тиісті сөз таптарының түс-тұсында ғана сөз етіліп отырады.
ЖАЛАҢ СӨЗДЕР
Жалаң сөздер іштей екі салаға бөлінеді: бірі — т ү б і р с ө з д е р, екіншісі — т у ы н д ы с ө з д е р.
Түбір сөздер
Әдетте, сөздің әрі қарай жеке-жеке морфемаларға бөлшектеуге келмейтін ең түпкі, мағыналы бөлшегі түбір я негізгі түбір
17
деп аталады. Мысалы: біл, білім, білік, білгір, білгіш, білімді, біліс, білдір... деген сөздерді алсақ, бұлар — түбірлес сөздер. Ал осы сөз-дерде әрі бәріне де бірдей ортақ бөлшек, әрі тағы да жеке-жеке морфемаларға саралауға келмейтін ең түпкі (негізгі), мағыналы бөлшек — біл. Ендеше, осы біл бөлшегі аталған түбірлес сөздердің бастапқы түбірі болады.
Қазақ тілінде мағынасы жағынан да, өзге я жаңа туынды сөздерге негіз болып та дербес сөздер ретінде қызмет ететін бұндай форма-лар көп-ақ. Мыс.: ат, ет, ес, от, өт, бас, бос, тас, қос, жас, кел, көз; қос, қыс. Осындай әрі түбір, әрі дербес сөз ретінде қызмет ететін формаларды шартты түрде тірі түбірлер деп атауға болады.
Тілімізде осылар тәрізді тірі түбірлермен қатар, өз алдына дербес қолданылмай, тек көнеленген формалардың құрамдарында ғана жұмсалып, соларға тиек я негіз есебінде қызмет ететін өлі түбірлер де бар. Мысалы: еңкей, еңкек, еңкіш, еңкіс, еңкеңдеу сөздерін алсақ, бұлар да — бір-бірімен түбірлес, соған лайық, семантикалық жағынан бір-біріне жақын сөздер. Бұлардың бәріне де бірдей ортақ түбірі, демек, бәріне де бірдей бастапқы төркін есебінде қызмет ететін форма — еңк бөлшегі. Бірақ бұл бөлшек бәріне де бірдей ортақ бола тұрса да, жоғарыдағы біл деген түбір тәрізді жеке-дара қолданылмайды, тек -е к, -і ш, -і с, -еңдеу тәрізді қосымша форма-лармен тіркесіп қана жұмсалады. Сонымен бірге, осында көрсетілген қосымша формалар да, басқа жұрнақтар сияқты, осы еңк деген түбірсіз жеке-дара тұрғанда, сөздік қабілетке ие бола алмайды. Осындай туынды сөздерге негізгі түбір болып, оларға бастапқы төркін ееебінде жұмсалатын мұндай формалардың (“өлі түбірдің”) қызметтері аса зор. Мысалы: шол деген өлі түбір шолақ, шолтақ, шолтиған, шолтацдау тәрізді сөздерге негізгі тіркес ретінде ңызмет етсе, қоқы, қоқақ, қоқаң қоқыр, қоқым, қоқтық, қоқыс,қоқшыған, қоқырайған, қоқсыған, қоқиған, қоқайған сияқты сөздерге қоқ — деген өлі түбір негізгі таяныш болып тұр. Мұндай өлі түбірлер, әдетте, өздерінен туған түбірлес я төркіндес сөздерді бір-бірімен салыстыру арқылы айқындалады. Мысалы: той және тоқ; өксі және өкір, үлкен және үлкейді; жоқ және жой деген тәрізді морфемаларының араларындағы мағыналық та, грамма-тикалық та қатынастары жоғалып кеткен сөздерді және ондай қатынастар әлі жоғалмаған түп және түбір; көм және көмір; ту және тула; бол және болыс; тұнжыр және тұнжыра; қат және қатыс; жап және жабыс; шегін және шегер; ұзын және ұзақ сияқты сөздерді салыстырыңыз.
Осындай жеке-дара қолданылмайтын, тек түбірлес сөздердің құ-рамдарында ғана ұшырайтын (мысалы: еңк, шол; қоқ т. б.) түбірлер өлі түбірлер я көнерген түбірлер деп аталады да, осыған сәйкес, жеке-дара жұмсалып, дербес сөздер есебінде қолданылатын түбір-лер тірі түбірлер деп аталады.
Сөйтіп, қазақ тілінде өлі түбірлер де, тірі түбірлер де бар. Бірак қазіргі тілімізде өлі түбірлер аз да, тірі түбірлер көп.
Өлі түбірлер ерте кезде өздеріне лайықты өз алдына мағыналары бар, жеке-дара қолданылатын дербес сөздер болған да, тілдің даму тарихымен байланысты кейінгі замандарда тек кейбір қосымша-лармен бірге ғана жұмсалатын, ондай қосымшаларсыз жұм-салмайтын формалар ретінде бірте-бірте қалыптасқан. Оған, мысалы: жұрдай таза, тұттай жалаңаш, еңгезердей үлкен дегендердегі -д а й қосымшасымен ғана жүмсалатын жүр, тұт, еңгезер сияқты түбірлер де, тұмсық, тұмшалау, тұмылдырық дегендердегі тұм — тубірі де айғақ.
18
Қазақ тіліндегі түбір сөздердің ішінде шығу төркіндері бұлдыр-ланьш кеткен түбір сөздер, этимологиялық және грамматикалық құ-рамдары бірде ажырап, бірде түйісіп келетін түбір сөздер немесе ды-бысталып айтылуы бір түрлі болғанымен, бірнеше мағынаға ие болып жүретін омонимдер аса көп (ат, аз, бас, бақ, той, ой, кір, тай, қош, тоқ т. б.) кездеседі. Мұндай формалар мағыналарының дамуы, дыбыстық құрамдарының өзгеріске ұшырауы, бастапқы түбірлер мен қосымшалардың апшуы, сусуы және өзге тілдерден енген сөздердің байырғы сөздерге ұқсасуы тәрізді құбылыстардың нәтижесінде бірте-бірте пайда болған. Мысалы, арабтың ғайт деген сөзі қазақтын; байырғы айт деген сөзімен үндесіп, орыстың волостъ деген сөзі қазақтын болыс (жәрдемдес) деген ежелгі сөзімен үндесудің нәтижесінде омонимдік формалар туған. Сондай-ақ, қазақтың айт, болыс деген байырғы сөздерінің өздері де әуелгі ай және бол деген түбірлерінің -т және -ы с қосымшаларының бірігуінен пайда болған т. б.
Сонымен, түбір деп формасын әрі қарай мағыналы бөлшектерге саралауға болмайтын, мазмұны жағынан нақтылы бір ұғымның атауы есебінде қызмет ететін дыбыстық құрамды (комплексті) айтамыз.
Қазақ тіліндегі қазіргі түбірлердің бәрі де — лексикалық, грам-матикалық және фонетикалық жақтарынан алғанда әбден қалып-тасқан тұлғалар. Өйткені олардың қай-қайсысы болсын дербес сөз ретінде де, әрқилы туынды сөздер жасайтын негіздер ретінде де жұмсала береді (бұл, ол, сен, сіз, ұмсын, үмтыл, жалғыз, оят т. б.). Бірақ тарихи жағынан алғанда, олар лексика-семантикалық тұрғыдан болсын, фонетика-грамматикалық тұрғыдан болсын біртін-біртін дамып отырады. Мысалы, сен мен сіз есімдіктерінің екеуі де қазіргі кезде тұрақгалған түбір сияқтанып көрінгенімен, әуелдегі олардың тубірлерінен тек -с элементі ғана сақталған да, оған -е н және -і з формалары бірігіп, біте қайнасып, бір түбірге айналған. Сондай-ақ б ұ л мен о л, ұмтыл мен ұмсын дегендер де ерте кездердегі түбірлер емес, кейінгі замандарда түбір сөз больш орныққан формалар. Мұндай формалар, әдетте, көнеленген түбірлер я түбірлік с ө з д е р деп аталады.
Туынды сөздер
Т у ы н д ы с ө з деп, әдетте, морфемалық бөлшектерден құра-латын, атап айтқанда, негізгі түбір морфемадан және сөз тудыратын қосымша морфемадан (жұрнақтан) құралатын сөзді айтамыз. Мыса-лы:егін,егінші, егіншілік дегендердің үшеуі де-е к түбірінен -і н, -ш і, -л і к жұрнақтары арқылы жасалған туынды сөздер.
Әрі практикалық талдауды жеңілдету үшін, әрі екі түрлі ұғымды бір-бірімен алмастырмау үшін түбір және негіз деген терминдерді анықтап алған мақұл. Бұл екі терминді саралау үшін, т ү б і р тер-минін қосымшасыз жалаң түбір сөз деген ұғымға теліп, н е г і з деген термин арқылы туынды сөзді атаған дұрыс сияқты. Екінші сөзбен айтқанда, қосымша (жұрнақ) қосылмаған негізгі (түпкі) морфема т ү б і р деп аталады да, қосымша (жұрнақ) тіркескен түбір морфема н е г і з деп аталады. Мысалы, жоғарыдағы ешқандай да жұрнақ қосылмаған ек формасы түбір болады да, жұрнақ арқылы туып тұрған егін, егінші, егіншілік деген туынды сөздер негіз болады. Бірақ бір түбірден тиісті жұрнақтарды бірінен соң бірін тір-кестіру арқылы туған соңғы үш негізді бір-бірінен ажыратып сара-ландыру үшін, егін — бірінші негіз, егінші — екінші негіз, егіншілік — үшінші негіз деп аталғаны дұрыс.
19
Сонымен, туынды сөздер деп түбірден болсъш, одан туған негізден болсын жұрнак, арқылы жасалған сөзді. айтамыз.
Туынды сөздер жұрнақтар арқылы жасалғандарымен, жұрнақтар түбірге я негізге қалай болса солай жалғана бермейді. Кейбір жұрнақтар көптеген сөздерге талғамай жалғана берсе, олардың кей-біреулері аздаған сөздерге ғана талғап қосылады. Мысалы: киім, киін, кигіз дегендердегі -і м, -і н, -гіз жұрнақтары сау (сауым, сауыс, сауғыз), ти (тиім, тиіс, тигіз), тый (тыйым, тыйыс, тыйғыз) деген сияқты сөздерге жалғана береді. Ал киіт дегендегі -і т жұрнағы сол сау, ти, тый сөздеріне қосылмайды. Осындай ерекшеліктерімен байланысты көптеген сөздерге жапа-тармағай жалғана беретін -і м; -ін; -гіз сияқты жұрнақтар сөз тудыру қабілетін сақтап, жиі қолданылып, көптеген сөздер жасайтынына қарай, әрі тірі ж ұ р н а қ т а р, әрі құнарлы жұрнақтар болады да, ондай сөз тудыратын қабілеттен айырылып, тек некен-саяқ сөздерге ғана жалғанып я солардың құрамында ғана ұшырасатын жоғарыдағы -і т (киіт) тәрізді жұрнақтар әрі өлі жұрнақтар, әрі құнарсыз жұрнақтар болады.
Тірі жұрнақтар мен құнарлы жұрнақтар сөздікті байыту үшін үнемі қолданылатын негізгі дәнекер болғандықтан, әрине, сан жағы-нан алғанда, өлі жұрнақтар мен құнарсыз жұрнақтарға қарағанда әлдеқайда аз болады. Бұған зат есім, сын есім, етістік және басқа ка-тегорияларға тән сөз тудыратын өнімді жұрнақтарды тізімдемей-ақ жалпы айтып қана өтіп, шынтуайт, қырат, мінт тәрізді бірен-сарандаған сөздерде ғана кездесетін -т у ай т, -а т; -т жұрнақтарын атасақ та жеткілікті.
Бірақ қазіргі тілде сөз тудыру қабілеті қаншалықты өнімді болып, көптеген жаңа сөздер жасауға қатысып отыратын құнарлы жұр-нақтарды алсақ, олардың өздері де кез келген сөзге жаппай жалғана бермей, тек белгілі-белгілі топтарына ғана жалғанады. Мысалы, кә-сіп иесі мен мамандық атауларын тудыратын құнарлы -ш ы. (-ш і) жұрнағын алсақ, ол тек қана осы айтылғандай атау тудыруға негіз боларлықтай зат есімдерге жалғанады да (малшы, қойшы, егінші, жазушы, әдебиетші, тарихшы т. б.), өзге есімдер былай тұрсын, семантикасы орай келмейтін басқа зат есімдерге де (мысалы, көл, ауа, аспан деген сөздерге) жалғанбайды. Сондай-ақ, сын есім тудырудағы қабілеті аса мол -л ы (-л і...) жұрнағын (арлы, айбарлы, әдепті, есті, үғымды, қажырлы, денелі, қуатты т. б.) алсақ, бұл жұрнақ та есім атаулының бәріне бірдей қосыла бермейді.
Сөйтіп, туынды сөз екі элементтен құралады: оның бірі — түбір (я негіз), екіншісі — жұрнақ. Бірақ сөздің құрылымына енетін бұл екі элементтің орны, маңызы және қызметі бірдей болмайды. Әрине, туынды сөздің семантикалық құрылымындағы басты рольге қашан да болсын негізгі морфема (түбір я негіз) ие де, қосымша морфема (жұрнақ) көмекші роль атқарады. Ендеше, түбір морфема семантикалық жағынан да, морфологиялық жағынан да туынды сөздің негізгі үйтқысы болады да, жұрнақ тек түбірге (негізге) арқа сүйеп, соған жәрдемші ретінде қызмет етеді.
Егерде туынды сөздің семантикалық құрылымына бұл екі эле-менттің әрқайсысы өзінше үлес қосатын болса, ол құрылым осы екі әлементтің мағынасынан құралуға тиіс. Мысалы: ек және егін; егін және егінші; егінші және егіншілік дегендердің мағыналарын салыс-тырыңыздар. Бірақ туынды сөздің мағыналық құрылымы оған енетін компоненттердің мағыналарының жай ғана қосындысы емес, бөлшектенбейтіндей болып тұтасқан бір бүтін құрылым. Ал, туынды сөздің тұтасқан бұл мағыналық құрылымы жалқыдан жалпыға қарай, әр қилы басқыш-баспалдақтар арқылы, бірте- бірте
20
дамитынын мынадай сөздердің мағыналарынан көруге болады. Мыс.: баста, таста, шөлде, ізде, аула, тапта деген туынды сөздердің -л ы (-м...) жүрнағы арқылы бас, тас, шөл, із, ау, тап деген зат есімдерден туғандары шәксіз. Осы туынды сөздердің кейбіреулерінен олардың құрамындағы түбір морфемалардың әуелгі мағыналарын бөліп алу ңиын соғады. Өйткені олар қосымшалардың мағыналарымен тұтасып, тым абстрактыланып кеткен.
Туынды сөздердің семантикалық құрылымдарының дамуы нәти-жесінде тіпті кейбір түбір формалардың мағыналары былай тұрсын, тұрпаттары да соншалыңты өзгеріп тұтасып кеткен. Мысалы: байла, жайла, бауызда, қозда, сөйле, саула деген сөздердің құрамдарын тек этимологиялық талдау арқасында болмаса, жай бөлшектей салып айқындау қиын-ақ.
Туынды сөздің морфологиялық құрамы мен мағыналық құры-лымына түбір негіз болғанымен, бүтіндей жаңа сөздің мазмұнын да, сыртқы морфологиялық тұрпатын да тиянақты етіп құрасуға жұрнак өзінше үлкен үлес қосады. Егерде жұрнақ туынды сөзді сыртқы тұр-паты жағынан да, ішкі мазмұны жағынан да қалыптастыруға дәне-керлік істемеген болса, онда түбір сөз бен туынды сөздің арасында ешқандай я парық, я айырмашылық болмас еді. Мысалы: бөлім, бі-лім, алым, төзім деген туынды сөздерді тиісінше бөл, біл, ал, төз сөздерімен, сондай-ақ, ауылдас, қоралас, тұстас, істес дегендерді тиісінше ауыл, қора, түс, іс сөздерімен салыстырсақ, олардың араларындағы парық та, айырмашылық та, соған сәйкес, әр жұрнақтың ролі де, мағынасы да, қызметі де зор екендігі өз-өзінен түсінікті болады. Екінші сөзбен айтқанда, жұрнақ түбірдің (я негіздің) мағынасына қосымша мағына, оның формасына форма үстеп, туынды сөздің мағыналық құрылымына енумен бірге, оның сыртқы тұрпатын да, қызметін де өзгертуге үлкен әсер етеді. Осының нәтижесінде, туынды сөз құрамындағы компоненттерінің (түбір мен жұрнақтың) мағыналары мен формаларынан құралып, іштей де, сырттай да бір тұтас тұлға есебінде қалыптасады да, өзінің құрылымына сәйкес жаңа қызмет атқаратын болады. Мысалы: құрметте деген туынды сөздің мағынасын, тұрпатын, қызметін құрмет қыл я құрмет ет деген формамен немесе сырлас (адам), жолдас (бала) дегендердің мағыналарын, тұрпаттарын, қызметтерін сыры бір (адам), жолы бір (бала) дегендермен салыстырыңыз.
КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР
Қазақтың қазіргі тілінде жалаң сөздермен қатар, күрделі сөздер де өзінше үлкен орын алып, өте жиі қолданылады. Күрделі сөздердің өздеріне тән ерекшеліктері мен арнай сөз етерліктей алуан түрлі си-паттары бар.
Күрделі сөздердің ондай арнай талдарлықтай сипаттарына олар-дың шығу төркіндері мен жасалу жолдарын, осы күнгі тілдегі бұлар-дың түр-түрлерін анықтауды, солармен бірге, олардың, бір жағынан, жай (жалаң) сөздерден, екінші жағынан, жай синтаксистік тіркестерден ажырайтын айырмашылықтарын жатқызуға болады. Ал, бул мәселелердің грамматика үшін ғана емес, лексикология мен лексикография үшін де, тілдің тарихы үшін де әрі теориялық, әрі практикалық маңызы зор.
Қазіргі тіліміздегі бүгін, агайын; бүгін-ертең, ағайын-туған; жа-за қой, тұра тұр; үлгі ет, кәсіп қыл; ақ сары, қара сұр; ала қыстай,
\ 21
күні ертең; құр алақан; соққы жеу, қорлық көру; темір жол, тас бақа; қара құйрық тәрізді формаларды алсақ, осылардың қай-қайсысы болса да күрделі сөздер деп танылуға тиіс. Олай дейтін себебіміз — бұлардың әрқайсысы, біріншіден, тұтас бір үғымды білдіреді, екіншіден, құрамдарындағы компоненттері үнемі семантикалық бірлікте жұмсалады да, қызметі жағынан бөлшектен-бейді, үшіншіден, ол компоненттер ритм-ырғақ жағынан бір ұдай болып, өз ара ыңғайласа құральш отырады.
Дегенмен, күрделі сөздер сыртқы құралу нұсқалары жағынан да, ішкі мазмұндары жағынан да біркелкі емес. Мысалы: ағайын. Бү- гін дегендердің әрқайсысы алды-алдына аға және іні, бұ(л) және күн деген компоненттердің әрі дыбыстық өзгерістерге түсулерінің, әрі бір-бірімен кіріге бірігулерінің нәтижесінде туған күрделі сөздер бола тұра, ағайын-туған, бүгін-ертең деген күрделі сөздердің құрамдарында қолданылады. Ал, түрегел (тұра кел), сөйт (солай ет) дегендер түре-геле тұр, сөйте тұр деген сияқты күрделі етістіктердің құрамдарында жұмсала береді. Оның үстіне, белбеу, бүгін тәрізді сөздердің бірге жазылып, ата-ана, ағайын-туған дегендердің сызықша (дефис) арқылы таңбаланып, темір жол, құр қол, құрмет қыл, отыра тұр сияқтылардың бөлек-бөлек жазылып жүргенін ескерсек, күрделі сөздердің, бәріне тән жалпы жақтарымен қатар, іштей бөлінетін топ-топтары бар екенін, әр топтың өзіндік жасалу, қалыптасу ерекшеліктері барлығын мойындауға болады,
Тарихи жағынан алғанда, күрделі сөздердің қай-қайсысы болса да бастапқы жай синтаксистік тіркестерден туып қалыптасқан. Бірақ, әрине, бұл процесс аса ұзақ замандар бойы бірте-бірте заң болып ор-ныққан. Оның бер жағында, күрделі сөздердің жүйесі негізінен син-таксистік тіркестен шыққанымен, бұл процесс сөз тудырудың лекси-ка-семантикалық тәсілімен байланысты және сол арқылы ғана қалыптасқан. Онымен де тынбай, бұл процестерге фонетикалық заңдар мен грамматикалық факторлар да қошеметші болып, кейбір синтаксистік жай тіркестердің күрделі сөздерге айналуларына жәрдемші болған. Мысалы, бүгін, биыл, әкел, әпер, сөйт, бүйт, өйткені, бүйткені, белбеу, ағайын сияқты сөздерді алсақ, бастапқы жай тіркестегі сөздердің бір-бірімен бірігулерімен ғана тынбай, әуелгі компоненттері әрқилы дыбыстық (ассимиляция, диссимиляция, үндесу, сіңісу, ыңшамдалу т. б.) заңдарға орай өзгерістерге түсіп, фонетикалық факторлардың арқасында бір сөзге айналған.
Ойпырмай, қас пен көздің арасында соқыр боп қала жаздадым, (Қабдолов) Бұрынғыша қырғи қабақ бола берсеңіздер, аяғы жақсы-лыққа соқпайтынына көзіңізді әбден жеткізіп айтыңыз. (Иманжанов). Жетібай аузына құм құйылып, салбырап тұра жөнелді (Омаров) дегендердегі қас пен көздің арасында, қырғи қабақ, ауызына құм құйылып деген тіркестерді алсақ, бұлар да — күрделі сөздер. Бірақ бұл сөздердің мағыналары, компоненттері ешқандай дыбыстық өзгерістерге ұшырамай-ақ, құрамдарындағы жеке-жеке сөздердің мазмұндарынан құралмаған; олардағы компоненттердің логика-семантикалық та, грамматикалық та байланыстары көмескіленіп, әрбір тіркес іштей жеке-жеке мағыналы бөлшектерге мүшеленбейтіндей болып, бір тұтас тұрақты тіркеске айналған. Мұндай тіркестердің әбден тұрақталып, күрделі сөздерге айналуларына олардың әрқайсысының әуелде бейнелеу (метафора) мақсатымен қолданылу дағдысы себеп болған. Тілдегі мұндай құбылыс әдетте идиомалану процесі деп аталады.
Қазіргі қазақ тілінде құрамдарындағы жеке компоненттері еш-қандай да дыбыстық өзгерістерге ұшырамай-ақ, тұрақты тіркеске айналып, бір ғана үғымды білдіретін темір жол,
Достарыңызбен бөлісу: |