Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967


СӨЗДЕРДІ ТАПТАСТЫРУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ



бет5/22
Дата27.12.2016
өлшемі6,92 Mb.
#5669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

СӨЗДЕРДІ ТАПТАСТЫРУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ

Тілдегі сөздерді лексика-грамматикалық сипаттарына қарай тап-тастыру — грамматиканың теориялық та, практикалық та маңызы зор, әрі негізгі, әрі түйінді мәселесі. Бұл мәселе тек грамматиканың жай өзегі ғана емес, оны лексикамен байланыстыратын да негізгі мәселе. Солай болса, сөздерді лексика-грамматикалык; жағынан тап-тастырып, олардың грамматикалық сыр-сипаттарын айқындау грам-матиканың ең негізгі мәселесі болмақшы.

Қазақ тіліндегі сөздер семантикалық және м о р ф ологиялық (формальдік) белгілеріне қарай, ең әуелі а т а у ш ы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп аталатын үш топқа бөлінеді.

Атаушы сөздер деп өмірде кездесетін ұғымдар мен түсініктерді не тікелей, не жанай білдіріп, олардың атаулары ретінде қабылданатын және жұмсалатын, өздеріне тән т о л ы қ лексикалық м а ғ ы н а - л а р ы б а р, соған лайық, қалыптасқан өзді-өздерінің дыбыстық құрамдары мен екпіндері бар дербес сөздерді айтамыз. Атаушы сөздер, өздеріне тән дербес мағыналары болатындықтан, адамның қатынас құралына негізгі арқау я таяньпп есебінде қызмет етеді де, өзге сөздермен тіркесіп те, тіркеспей жеке-дара тұрып та керегінше қолданыла береді. Олар тілдің грамматикалык, заңына лайық түрленіп те, түрленбей де жұмсалып, сөйлемге өз алдына мүше бола алады және олардан тілдегі қалыптасқан тәсілдер бойынша басқа да туынды атаушы сөздер жасала береді. Сөйтіп, атаушы сөздер дегеніміз лексикалық та, грамматикалық та дербестігі бар, өзге сөз-дермен тиісті байланыс-қатынасқа түскенде, әр алуан қосымша ма-ғыналарды да білдіре алатын сөздер.

Көмекші сөздер деп дербес лексикалық мағыналары я солғындаған, я ада-күде жоғалған жәрдемші сөздерді айтамыз. Көмекші сөздердің кейбіреулері (шылаулар) дыбыстық жағынан тұрақсыз болады да, әдетте өз алдына екпіні болмайды. Дербес мағыналары болмайтындықтан, көмекші сөздер тек атаушы сөздермен тіркесіп жұмсалады және соған орай сөйлемде өз алдына мүше бола алмайды, немесе күрделі мүшенің құрамына енеді, немесе сөйлемдердің я сөз тіркестерінің дербес мүшелерінің араларын байланыстыратын дәнекер есебінде қызмет етеді. Әдетте көмекші сөздерден туынды жаңа сөздер жасалмайды.

39

Одағай сөздер деп адамнын, әрқилы сезім күйімен байланысты айтылатын сөздерді атаймыз. Өздерінің шығу ерекшеліктеріне қарай одағайлардың өзге сөздермен, айтайық, атаушы сөздермен де, көмекші сөздермен де семантикалық байланыс-қатынасы болмайды және, сол себептен, сөйлемнің мүшесі болмайды, бірақ олар (одағайлар) бүтіндей сөйлемнің орнына балама есебінде



жүре береді.

Бұл аталған үш топ (атаушы, көмекші және одағай) сөздер бір-бірімен тығыз байланысты. Оған, өзгені былай қойғанда, атаушы сөздердің кейбіреулерінің көмекші сөздер мен одағай сөздерге

ауысып, үнемі оларды толықтырып отыратыны да айғақ бола алады. Мыс: біресе, қарай, өйткені, шейін деген көмекші сөздерді алсақ, бұлар ол бастағы бір ерсе, қарай, олай еткені, шекейін деген атаушы сөздерден шығып ауысқан. Ал, мәссаған, әттегенай, бәрекелді, ойпырмай одағайлары бастапқы мә саған, ойт деген ай, барақа аллаһу (арабша), ой пірім ай деген тіркестерден ауысып қалыптасқан. Осылайша өз ара байланысты бола тұра, бұл үш топ сөздің әрқайсысы, жоғарыда айтқандай, өзді-өздеріне тән ерекшеліктері бар алды-алдына топтар.

Әрине, бұл үш топ сөздердің тілде алатын орындары бірдей емес. Мысалы, олардың ішінде сан жағынан да, соған лайық тілдің, бүкіл лексикасына негізгі үйтқы болу жағынан да атаушы сөздердің алатын орны мен маңызы төтеншө зор. Ал, осы атаушы сөздердің өздері де, жоғарыда көрсетілгендей, жалпы сипаттары бола тұра, іштей, алды-алдына тән ерекшеліктері мен жалқы сипаттарына қарай, әр қилы лексика-грамматикалық топтарға бөлінеді. Мысалы, оларды алдымен е с і м д е р мен етістіктер деп аталатын екі үлкен салаға бөліп алған дұрыс болады. Бірақ бұнымен тыну да жеткілікті емес, өйткені есімдер деп аталатын сөздерді алсақ, олардың өздері де лексика-грамматикалық өзгешеліктері жағынан іштей біркелкі емес. Егер зат есімді, сын есімді, есімдіктерді алсақ, бұлардың бәріне тән өзінше жалпылық болса, үстеу сөздер мен еліктеу сөздердің өздеріне тән әрі жалпы, әрі жақын қасиеттері бар. Осындай жалпы қасиеттері мен өз ара жақындықтарын ескере келіп, атаушы сөздерді екі жікке бөліп, олардың біреуін а т а у ш ы есімдер деп, екіншісін үстеуші есімдер деп саралауға болады. Әрине, етістіктердің өз алдына ерекше топ құрайтыны ешқашанда және ешқандай да шәк (күдік) келтірмеске тиіс.

Сөйтіп, атаушы сөздерді атаушы есімдер, үстеуші е с і м д е р және етістіктер деп бөлудің өзінше негізі бар екенін көреміз. Ал, әдетте осындай тілдік құбылыстарды бір-бірінен ажыратуга, оларды айқындауға және тануға таяныш етілетін негіздер тіл білімінде принцип деп аталады. Сөздерді осылайша топ-топқа бөлгенде, сол сөздердің лексикалық мағыналары ескеріліп отырған жоқ, олардың әр тобының категориялық семантикалары негізге алынып отыр. Олай дейтін себебіміз — атаушы есімдерге қатысты сөздер әр алуан заттардың немесе ойша зат деп түсінілетін я зат есебінде қабылданатын ұғымдардың аттары ретінде қызмет етеді, демек, олар заттардың ұдайғы я тұрақты белгілері мен қасиеттері жайындағы заттық үғымдар мен түсініктердің аттарын білдіреді. Үстеуші есімдерге қатысты сөздер, әдетте, қимыл-әрекеттердің әрқилы белгілері мен “белгінің белгілерін” білдірсе, етістіктер әр алуан амалдар мен күй-жайдың немесе ойша әрекет есебінде қабылданатын олардың көріністерінің атаулары ретінде қызмет атқарады.

Сонымен, атаушы сөздердің үш тобының өзді-өздеріне лайық ерекше белгілері бар. Бірақ олардың ажырау шегі тек осы айтылған-дардай белгілермен бітеліп я тұйықталып қана қоймайды, тілдің өзге

40

де құрылымдық жақтары сияқты, атаушы сөздердің бұл үш саласы ғана емес, олардың әрқайсысының құрамындағы (ішіндегі) топ-топтары да өз ара араласып, бірінен біріне ауысып отырады. Демек, есімдерден етістіктерге, етістіктерден есімдерге өз ара ауысып отыратыны сияқты, есімдердің ішіндегі зат есім, сын есім, есімдік, үстеу, еліктеу сөз тәрізді топтары бірінен біріне ауысып, яғни бір сөз табынан екінші я үшінші сөз таптарына ауысып отырады.



Көмекші есімдер іштей жалғаулық, септеулік, д е м е у л і к деп аталатын топтарға сараланатыны сияқты, бұл топтардың өздері де шынара жіктеледі. Сондай-ақ, одағай сөздер де, жалпы сан жағынан аз болғанмен, өздерінің семантикалық өзгешеліктері мен морфоло-гиялық құрамдарының ерекшеліктеріне қарай, іштей әлденеше топтарға бөлінеді.

Тілдің сөздік құрамындағы күллі сөздерді жоғарыдағыша атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп бөлуге бірден-бір таяныш болатын тірек — семантикалық белгі. Осы аталған семантикалық белгі сол сөздерді одан да әрі қарай іштей таптастыруы үшін бірден-бір сенімді таяныш я сенімді тірек бола ала ма немесе оған қосымша я одан басқа бір белгілер бар ма деген сұраулар туады. Ал, бұл сұрауларға жауап табу дегеніміз — тілдегі сөздерді таптастырудың принциптерін анықтау дегенмен пара-пар болмақшы. Ендеше, зерттеуші үшін бұл мәселелерді айқындай алу-дың маңызы төтенше болатыны шәксіз.

Тілдегі сөздерді грамматикалық жағынан таптастырғанда, мынадай екі түрлі жағдай қадағаланылуға тиісті.

Біріншіден, жеке-жеке сөз таптарына телінбекші сөздердің қай-қайсысы болсын тілдің сөздік құрамына енеді. Олай болса, сөз я сөздер қай сөз табына қатысты болса да, қайткенде де олардың лексикалық жағы еске алынуы қажет. Ал, сөздің осылайша лексикалық жағын ескеруден, сөзсіз, оның семантикалық жағын ескеру керек екендігі туады. Ендеше, әрбір сөз табы және оның құрамына енетін сөздердің бәрі де лексика-семантикалық тұрғыдан қаралып талдануы керек.

Екіншіден, сөздерді грамматикалық жағынан таптастыру, олардың түрлену және жасалу жүйесін айқындау, сондай-ақ, сөздердің тіркесу мүмкіншіліктері мен синтаксистік қызметтерін, тағы басқа да сол сияқты мәселелерін анықтау — қашан да болсын грам-матиканың қарайтын міндеті. Олай болса, сөз таптары қанша болса да және олардың әрқайсысына қанша сөз қатысты болса да, қайткенде де ол сөздердің грамматикалық жақтары, демек, грамматикалық сипаттары мен ерекшеліктері ескерілуі қажет. Ендеше, әрбір сөз табы және оның әрқайсысының құрамына енетін сөздердің бәрі де грамматикалық тұрғыдан қаралып сипатталуы қажет.

Сонымен, тілдегі сөздерді таптастырғанда, олардың (сөздердің) лексика-семантикалық жақтары да, грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) жақтары да бірдей қадағалана қаралуы қажет.

Сөйтіп, бұл қағидаларды еске алсақ, сөздерді жоғарыдағыша атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп бөлгендегі бір ғана семантикалық түрғымыз, әрине, ол сөздерді іштей әрі қарай тағы да тиісті грамматикалық топтарға бөліп тәптештеуге жеткілік-сіз болмақшы. Өйткені, бұлай қарау, сөздің грамматикалық жағы ес-керілмегендіктен, сыңар жақтыққа әкеп соғады. Онан қала берді, көптеген тілдегі сөздер семантикалық сипаты жағынан ұқсас я жа-қын болғанымен, грамматикалық сипаты жағынан жүйелері басқа тілдер былай тұрсын, төркіндері бір туыстас тілдердің өздерінде де

41

айырым-айырым болып ерекшеленіп келе береді. Мысалы, қазіргі қазақ тіліндегі -лау (-л е у, -д а у\\-д е у, -т а у\\-т е у) жұрнағы сын есімге тән шырай категориясының грамматикалық көрсеткіші есебінде қызмет етсе, қазіргі ұйғыр тілінде ондай қызмет атқар-майды. Ал, -рақ (-р е к, -ы р а қ\\-і р е к) жұрнағы қазіргі ұйғыр, түрікмен, татар және басқа кейбір түрік тілдерінде сын есімге де,



-ы п (і п...) формалы көсемшелерге жапа-тармағай жалғана берсе, қазіргі қазақ тілінде тек сын есімнің сапалық дәрежесінің көрсеткіші ретінде ғана жұмсалады. Солай болса, барлың тілдердегі сөздерді грамматикалық жағынан таптастырарлықтай бірыңғай универсал-дық принцип болмайтыны сияқты, барлық тілдерде де бірдей я бірыңғай грамматикалық белгілер де болуы мүмкін емес. Сондықтан тіл-тілдегі сөздерді грамматикалық жагынан таптастырғанда болсын, басқа да грамматикалық мәселелерді талдағанда болсын, олардың нақтылы ерекшеліктерін айқындауға өте-мөте мұқият қарау керек.

Әдетте, сөз табы деп лексика-грамматикалық сипаттары мен бел-гілері бірдей я бірыңғай сөздерді айтамыз. Солай болса, сөз табы жө-ніндегі ұғым л е к с и к а-г рамматикалық деген қосарланған компоненттердің мазмұндарынан шығуы керек. Бірақ, мұндағы бірінші компоненттің (“лексика”) мазмұнын таза лексикалық семантика деп түсінбей, грамматикалық семантика деп ұғыну қажет. Ал, грамматикалық семантика деп сөздің нақтылы лексика- лық мағынасы емес, заттың атын, сынын, белгісін, санын, орнын, амалын, ісін және басқа сол сияқты ұдайғы я тұрақты категориялық қасиеттері болып саналатын белгілерін жинақтап, топшылап білдіретін мағынасын түсінеміз.

Қосарланған компоненттің екінші сыңарының (“грамматикалық”) мазмұнына белгілі бір сөзге тән күллі категориялық мағыналар, оның сөз тудыратын, сөз түрлендіретін және өзге сөздермен бай-ланыстыратын формаларының мағыналары енеді; екінші сөзбен айт-қанда, грамматикалық деген компоненттің мазмұнына бүкіл морфологиялық белгілер де, синтаксистік белгілер де, демек, сөздің сөйлемдегі қызметі, оның сөйлемде өзге сөздермен тіркесу қабілеті тегіс енеді. Сөйтіп, қысқаша айтқанда, л е к с и к а-грамматикалық белгілер деген термин белгілі бір сөздің немесе белгілі бір сөз табының барлық л е к с и к а-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерін түгел қамтиды.

Бірақ, осы қағиданы анықтап алғаннан кейін, тиісті сөз табын айқындаған кезде лексикалық (семантикалық) белгілерді жетекпіі ету керек пе, болмаса грамматикалық (морфологиялық және синтак-систік) белгілерді алға ұстаған мақұл ма дейтін сұрау туады. Шы-нында, белгілі бір сөз табының күллі сипаттары мен қасиеттерін әрі толық, әрі дұрыс анықтағымыз келсе, демек, оларды жан-жақты білгіміз келсе, онда жоғарыда аталған семантикалық, морфология-лық және синтаксистік белгілердің бәрін түгел ескеру керек. Өйткені тек осылай еткенде ғана, мазмұны жағынан да, материалдық (морфологиялық) формасы жағынан да, синтаксистік қызметі жағынан да сөзге жан-жақты сипаттама беруге болады.

Дегенмен, қазақ тіліндегі сөздердің тиісті сөз таптарына қатыс-тығын анықтағанда, осы принципке үнемі сүйене беруге болмай-тынын айта кеткен мақұл. Өйткені жоғарыда аталған үш белгінің бәрі бірдей әрі барлық сөздердің бойынан табыла бермейді, әрі бұл белгілердің әрқайсысының ролі де бірдей емес. Бірақ негізінен алғанда осы аталған белгілердің бәрі де болуы керек екенін ескере отырумен қатар, әр сөз табының ерекшелігіне қарай осы белгілердің біреуі негізгі я жетекші болып алынып, өзгесі (я өзгелері) көмекші

42


(я қосшы) немесе қажетсіз де болып қалдырылуы мүмкін екендігін де қатерде ұстаған дұрыс. Мысалы, зат есім мен сын есімді сипаттағанда, осы үш белгінің үшеуін де ескеру қажет болса, есімдіктерді анықтағанда семантикалық және синтаксистік белгілерді жетекші етіп алып, морфологиялық белгіні тек қосалқылыққа ғана алуға болады, ал, одағайларды айқындауға, морфологиялық белгісі жоқтықтан, оны іздеудің де қажеті аз. Егерде қай белгіні жетекші етіп алу мәселесі қиынға соғатындай жағдай душарласса, онда семантикалық белгіге арқа сүйеу қажет, өйткені семантикалық белгі тек сәз табын анықтауды ғана емес, сөздің өзін сөз деп тануға бола ма я болмай ма деген дауды шешу үшін де негізгі таяныш болып қызмет етеді.

Қазақ тіліндегі сөздердің тиісті сөз таптарына қатыстығын ай-қындағанда, лексикалық омонимдермен қатар, лексика-грамматика-лық омонимдер барлығын да есте ұстаған мақұл. Өйткені тілімізде тіпті көне замандардан бері қарай, мысалы, әрі есім, әрі етістік (көш, той, тоқ т. б.) есебінде қолданылатын түбір сөздер де, сондай-ақ. кіріс, қызық, тынық тәрізді туынды сөздер де бар. Тиісті сөз таптарына қатыстығын анықтағанда, бұлар әдетте қиындық келтіретіні даусыз. Сондықтан белгілі бір сөз тобына телігенде, ондай түбір омонимдерден жаңа сөздер мен грамматикалық формалар жасалғанда, әр сөз табына тән сөз тудыратын және форма тудыратын норма бойынша жасалатыны есте болуға тиіс. Мыс.: Көштің алды ойға түсті және Ертең тәңертең ойға қарай көшеміз дегенді алсақ, алғашқысы (көштің) ілік септігінің формасында тұрған зат есім екені, екіншісі (көшеміз) ауыспалы келер шақ формасындағы етістік екені айқындала кетеді.

Мұнымен бірге, тілімізде бір мағынасы бойынша зат есім, екінші мағынасы сын есім болып келетін тең, жарық тәрізді сөздер де бар. Сөздерді таптастырғанда, мұндай жағдайлар да еске алынуға тиісті. Сондай-ақ, тілімізде өздерінің әуелгі грамматикалық тегі мен қызме-тін өзгертіп, бір сөз табынан басқа бір сөз табына көшкен я көшу сатысында тұрған сөздер де жоқ емес. Мыс.: Таудың басынан ойға қарай түс және басынан осылай істеу керек еді; Қаланың шетінен ортасына дейін бардық және Колхоз сиырлары шетінен сүтті дегендердегі басынан, шетінен сөздері осы салыстырылған сөйлемдердің алғашқыларында (Таудың басынан; қаланың шетінен) шығыс етістік формасындағы есімдер болады да, соңғыларында (басынан осылай; шетінен сүтті) сол формалардан көнеленіп қалыптасқан үстеу сөздер болады. Осындай ерекшелікті әрі, бері, кейін, соң, бірге, бірден, бірде сияқты сөздерден де байқауға болады.

Сөздерді таптастырғанда олардың (сөздердің) осындай мағына-лық, формалық өзгерістері мен саралану дәрежелері үнемі есте ұсталуы керек, өйтқені жеке сөздердің формасы, қызметі, мағынасы өзгереді де бір лексика-грамматикалық категориядан екінші я үшін-ші категорияға ауысып, тілде әрқашан өзгеріс болып отырады. Бұл өзгеріс тек тіл мен ойлаудың ғана емес, лексика мен грамматиканың да бір-біріне тигізетін ықпалы мен өз ара қарым-қатынасының нәти-жесінде туады, соның арқасында сөз таптары да әрі жетіліп, әрі жет-тігіп, әрі толығып отырады; сонымен қатар, осындай даму процесі-нің нәтижесінде кейде бірте-бірте жаңа сөз табы туып қалыптасса, кейде әр сөз табынан шығып, өздерінің сол төркіндерінен қол үзе бөлініп, я оларға, я басқа категорияларға жатпайтын аралық я “д ү-бара” категориялар да туып отырады. Бірақ мұндай құбылыстар бірден және тез туа салмайды, тым ұзаққа созылатын тілдік процестердің нәтижесінде қалыптасады. Мысалы, қазіргі қазақ



43

тіліндегі үстеу сөздер мен еліктеу сөздерді алсақ, бұлар бірте-бірте дами отырып, кейінгі замандарда қалыптасып, үнемі толығып, ұдайы жетгігіп келе жатқан категориялар. Ал, модаль сөздер (я бейтарап сөздер) деп аталып жүрген сөздер жайында дәл осындай қорытынды айта алмаймыз. Өйткені басқа сөз таптарына қойылатын жоғарғыдағыдай талаптарды бұл сөздерге де қойып, сыр-сипаттарын анықтай бастасақ, олардан (модаль сөздерден) бір ізге түскен жүйелі белгілер табылмайды. Өйткені модаль сөздердің сыр-сипаттары әлі ашылған жоқ. Олардың әлі де қадағалай қарап, жан-жақты тексеретін мәселелері көп-ақ. Мысалы, бұл сөздердің шығу төркіні, өз алдына категория болып қалыптасу ерекшеліктері мен жолдары, олардың казіргі құрамы мен құрылымы және басқа морфологиялық (үстеу, одағай, шылау сөздермен), синтаксистік (қыстырма сөзбен, сөйлеммен, сөйлем мүшесімен) категорияға қарым-қатынасы мен ара қатынасы, олардан бөлінетін ерекшелігі деген сияқты соны жатқан мәселелерді арнай тексеруді, тиісті шешімін табуды қажет етеді. Тек осындай құтты, байсалды зерттеу жүмысы жүргізілгеннен кейін ғана, бұл сөздердің тіліміздегі өзге лексика-грамматикалық категориялардың ішінен және олардың жүйесінен алатын орны мен ролі айқындалып, мәселе тыңғылықты болып шешілмекші. Осы себептен бұл мәселе жайында жоғарыдағыдай кейбір топшылама ойлар мен пікірлер ғана айтылды да, модаль сөздердің орны сөз топтарының ішінде бола ма немесе сөз топтарының жүйесінде ғана қала ма деген сұрауларға жауап берілмей, әзірше ашық қалдырылды. Бірақ бұл арада осы категорияның сыр-сипаттары тек қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы туркология аясында да енді-енді ғана қолға алына бастағаны болмаса, әлі толық ашылмағаны аян екенін айта кеткен мақұл. Сонымен қатар, бұл категория қазіргі әдеби тіліміздің (сондай-ақ, өзге де қазіргі түрік тілдерінің) жазбаша түрінің де, ауызша түрінің де және олардың әр алуан стилдерінің де қауырт дамып, жаппай өсуіне байланысты өз алдына ерекшелігі бар грамматикалық категория ретінде оған енетін сөздер сан жағынан көбейіп, сапа жағынан бірте-бірте өзіндік ерекшеліктерді бойларына жинап сұрыптала беретіні есте ұсталуы қажет.

Сонымен, жоғарыда айтылғандардан, тілдің өзғе де жақтары си-яқты, сөздері де грамматикалық жағынан жетіліп, жеке-жеке таптары іштей сұрыпталып та, сараланып та отыратынын, сондай сараланумен байланысты жеке сөздер әуелі өздерінін; формасын, қызметі мен мағынасын өзгертіп, бір лексика-грамматикалық топтан екінпіісіне (я үшіншісіне) екшеліп, ауысьш отыратынын көруге болады. Әрине, бұл процесс бір жағынан ойлау мен тілдің қарым-қатынасы нәтижесінде дамыл жатса, екінші жағынан лексика мен грамматиканың өз ара қатынасының нәтижесінде де туып, осылардың бәрінің арқасында сөз таптары да жетіліп, толығып отырады, кейде тіпті аралық категориялар да туып отырады. Бұл таза лингвистикалық процеске тілдің қоғамдық қызметінің өсуі мен қолданылу өрісінің кеңеюі де үлкен әсер етеді. Бұны қазақтың қазіргі ұлттық әдеби тілінің тәжрибесі мен үлгісінен айқын көруге болады.

Сөз таптарының да, сөз формаларының да үнемі дамуы тарихи процесс екені мәлім. Солай болса, қазақ тіліндегі сөздерді таптастырғанда болсын, олардың әрқайсысын талдағанда болсын, бұл жағдаяттар, демек, тілдің әбден орныққан статикалық жақтары да, даму процесінде туып, қалыптасып келе жатқан динамикалық бағыты да еске алынуы керек.

Осылардың бәрін ескере келгенде, қазак, тіліндегі барлық сөздер, семантикалық белгілеріне қарай, ең әуелі а т а у ш ы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп аталатын үш топқа

44

бөлінеді. Ал, бұл топтың әрқайсысы сөздердің лексика-грамматикалық белгілеріне қарай, іштей тағы да топ-топқа жіктеледі. Мысалы, атаушы сөздерді алсақ, олар әуелі есімдер және етістіктер деген үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді де, одан әрі сол әр сала шынара тағы да сараланады. Демек есімдерді алсақ, олар іштей атаушы есімдер және ү с-теуші есімдер деп аталатын екі топқа бөлінеді, ал, атаушы есімдер зат есім, сын есім, есімдік деген сөз таптарына жіктелсе, үстеуші сөздер іштей үстеу с ө з д е р және еліктеу сөздер деген е к і топқа сараланады.



Есімдер мен етістердің, сондай-ақ көмекші сөздер мен одағай сөздердің құрамдарына енетін топ-топтардың өзді-өздеріне лайық лексика-семантикалық және грамматикалық сыр-сипаттары болады. Бұл мәселелер төменде жеке-жеке сөз топтарының тұс-түстарында қаралады. Ал, морфологияның арнаулы бөлімінде талдануға тиісті сөз таптары мыналар:

1. Зат есім

2. С ы н е с і м

3. Сан есім

4. Есімдік

5. Етістік

6. Үстеу сөз

7. Еліктеу сөз

8. Көмекші (шылау) с ө з

9. О д а ғ а й

ЗАТ ЕСІМ

ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Зат есім дегеніміз — лексикалық тұрғыдан алғанда өз алдына мағыналық дербестігі бар сөздер. Өзімізді қоршаған дүниедегі зат пен жан-жануар атаулыға, барша құбылыс пен уақиға-болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін сөздердің бәрі де зат есімдер. Табиғат пен қоғамдық тіршіліктің қыр-сыры қаншалық алуан түрлі болса, олардың бас-басына дерлік атауыш ретінде жұмсалатын тілдегі сөздер де соншалық алуан түрлі. Зат есімдер тікелей сезім арқылы тануға болатын дүниедегі нақтылы нәрселерден (тағам, жылқы, су, жұлдыз, жел, көйлек, терек, түтін, қойын, ызың) бастап, адамның тек ақыл-ой қабілетінің жәрдемі нәтижесінде ғана түсінілетін түрлі абстрақциялы үғымдардың (мінез, ырым, үялшақтық, пікір, наным, шама, нарық, ынсап, жоқшылық, күдік, ырыс) аттарын да білдіре алады.

Зат есімнің семантикалық өрісі мейлінше кең екендігін аңғарту үшін бұл тұста оның қамтуына кіретін сөздердің мына секілді лекси-калық топтарын ішінара атап өтудің өзі-ақ жеткілікті. Мысалы, оған тұрмыстағы түрлі заттар мен нәрселердің аттары да (бөрік, қасық, үй, қалам, асық, жүген, тұз, өрік), жан-жануар аттары да (түйе, бөрі, ара, шіркей, балық, үйрек, лашын), өсімдік атаулары да (шынар, қайың, терек, жусан, изен, тобылғы), табиғат денелері мен құбылыстарының аттары да (тас, дауыл, боран, қар), адамның кәсібін, мамандығын, қабілетін, тегін, қоныс-тұрағын білдіретін сөздер де (етікші, шопан, дәрігер, ғалым, ақын, мүсінші, суреткер, өзбек, қыпшақ), әдет-ғүрыпқа, салтқа, ойын-сауыққа байланысты айтылатын сөздер де (той, шілдехана, аужар, айтыс, көкпар) жатады.

Тұлғасы жағынан алғанда зат есімдердің бірқатары түбір сөздер болып келетін болса (көз, от, мал), бірқатары әр түрлі сөз табынан жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздер болып келеді (аңшы,те-

45

бінгі, білім). Сол сияқты зат есімнің екі түбірдің бірігуі арқылы жа-салған түрлері (кәріқыз, бірқазан, баспасөз) мен қос сөз тұлғалы түрлері де (жүн-жұрқа, сай-сала, келін-кепшік) бар. Екі сөздің тір-кесі белгілі заттың атауышы ретінде қолданылғанда да ондай лексикаланған тіркестер (көк құтан, тау теке, темір тікен) зат есім қатарында танылады.

Сөйлемдегі өзге сөздермен грамматикалық қарым-қатынаска тү-суіне орай зат есімге тәуелдік, жіктік, септік жалғаулары жалғанып отырады, сондай-ақ олар сөйлем ішінде не жекеше, не көпше тұлғада айтылады. Осыған сәйкес оның өзгерілу жүйесін зат есімнің жіктелуі, тәуелденуі, септелуі, жекеше, кепше түрде қолданылуы деп аталатын ірі-ірі категорияларға бөліп көрсетуге болады. Сонымен бірге зат есімге тән басты-басты грамматикалық категориялар қатарында жалқылың пен жалқылық (яки жалқы есім мен жалпы есім), жақтылық пен жаңсыздық категорияларын өз алдына бөліп атаудың орны бар. Төменде осы аталған категория-лардың әрқайсысы өз алдына жеке-жекө сөз болмақ.



ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ

Өзге сөз таптары сияқты зат есімнің жасалуы да тіліміздегі сөз тудыру тәсілдерінің жәрдемі арқылы болады. Олар: 1) морфология-лық тәсіл немесе синтез тәсілі; 2) синтаксистік тәсіл немесе анализ тәсілі.

Зат есімнің морфологиялық тәсіл арқылы жасалуы

Морфологиялық тәсіл деп сөздердің жұрнақтардың көмегімен жасалуын айтады. Зат есім тудыратын жұрнақтардың белгілі тобы бар. Олардың бірқатары есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар болса, бірсыпырасы — етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар. Жұрнақтардың осы тәрізді қызметіне орай зат есімдердің жасалуын: есімдерден жасалған зат есімдер және етістіктен жасалған зат есім-дер деп аталатын екі топқа бөліп қарауға болады.

Есімдерден жасалған зат есімдер. Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтардың саны біраз бар. Олардың басты-бастылары мыналар:

-ш ы (-ш і). Бұл жұрнақ есім түбірлер мен етістіктің туынды тү-бірлеріне жалғанып, адамның кәсібін, мамандығын, қабілетін, әлеу-меттік күйін білдіретін зат есімдер жасайды. Мыс.: еңбекші, етікші, сауыншы, барлаушы, жетекші, домбырашы т. б.

-лық (- лі к, -д ы қ\\-д і к,мық -т ы қ\\-т і к). Бұл жұрнақ құралдың атын білдіретін зат есімдер мен адамның мекен-жайын, тұрағын, шықңан жерін білдіретін нақтылы мағыналы зат есімдерден бастап, жинақтық, молшылық, бір нәрсеге тәнділік, мөлшерлік тәрізді абст-ракциялы ұғымды білдіретін зат есімдер жасайды. Мыс.: оқулық, ауыздық, кедейлік, достық, жетілік, кербездік т. б.

-шылық (-шілік). Бұл құранды жұрнақ (-шы-лық, -ші-лік) арқылы абстракциялы мағынадағы түрлі зат есімдер жасалады. Мыс.: молшылық, кеңшілік, жоқшылық, көпшілік, айырмашылық, тоқшылық т. б.

-ш ы қ (-ш і к), -шақ (-ш е к). Бұл жұрнақтар есімдерден кішірейтпе мағыналы зат есім тудырады. Мыс.: үйшік, қапшық, дорбашық; түйіншек, келіншек, жұтқыншақ т. б.

46

-ш а (-ш е). Есім сөздерден кішірейтпе мағыналы зат есім жасайтын құнарлы жұрнақтың бірі — осы -ша (-ше). Мыс.: кітапша, сандықша, құтыша, көрпеше т. б.



-к е р (-г е р). Адамның кәсібін, қызметін, әлеуметтік күй-жайын білдіретін туынды зат есімдер жасайды. Мыс.: қызметкер, дәрігер, саудагер т. б.

-д а с (-д ес, -т ас\\-т е с). Бұл жұрнақ адамдардың арасындағы жақындық, туыстық қарым-қатнасты білдіретін зат есімдер жасайды, Мыс.: аталас, әріптес, жолдас, отандас т. б.

-д а м а (-д е м е, -н а м а). Мыс.: баяндама, жарнама, мәлімдеме, сәлемдеме т. б.

-к е ш. Мыс.: арбакеш, кірекеш т. б.

-қ о р. Мыс.: бейнетқор, шәйқор, мансапқор т. б.

-п а з. Мыс.: аспаз, білімпаз, өнерпаз т. б.



-х а н а. Мыс.: асхана, кітапхана, мейманхана т. б.

-ғ о й(-к е й ) Мыс.: ақылгөй, дәмегөй т. б.



-т а й, -қ а й, -ж а н. Мыс.: апатай, ағатай, көкетай, еркетай, кенжетай, балақай, ағажан, көкежан т. б.

-е к. Мыс.: тікенек.

-л а қ. Мыс.: тайлақ.

Етістіктен жасалған зат есімдер. Етістік сөздерден зат есім тудыра-тын жұрнақтардың негізгілері деп төмендегі бір топ жұрнақты атауға болады.



-м ақ (-м е к, -бақ\\-б е к, -пақ\\-п е к). Етістік түбірлерге жалғанып, көбіне абстракциялы мағыналы зат есімдер жасайды.

Мыс.: табыспақ, ажыраспақ т. б.

Жоғарыдағы көрсетілген абстракциялы зат есімдерден тыс ті-лімізде қазір бірлі-жарым нақтылы мөндегі сөздердің құрамында да ұшырайды. Мысалы: қүймақ, ілмек, сырмақ т. б.

-і с. Етістіктен қимылдың, істің атын, процесті білдіретін зат есімдер жасайды. Мыс.: жүріс, тұрыс, ағыс, таныс, кіріс, шығыс т. б.

-і м (-ы м). Іс-әрекеттің нәтижесін, қимылдың, істің атын, өлшемді білдіретін зат есім тудырады. Мыс.: білім, құрылым, бөлім, өрім, наным, үғым, сенім, тыным, байлам, (бір) жұтым, (бір) қайнатым т. б.

-м а (-м е). Бұл жұрнақтың жәрдемімен нақтылы және абстракция-лы ұғымды білдіретін түрлі зат есімдер жасалады. Мыс.: тартпа, бөлме, жарма, көшірме, кеспе, сықпа, жайма, басқарма, аялдама

т. б.


-қ ы (-ғ ы, -г і, -к і). -қ ы жұрнағы арқылы жасалған зат есімдер құрал-сайманның, нәрсенің, іс-әрекеттің, процестің атын білдіреді. Мыс.: шалғы, қондырғы, ашытқы, ұйтқы, күлкі, үйқы. т. б.

-ш ы л ы қ (-ш і л і к). Мыс.: аяушылық, есіркеушілік, сенбеушілік, түсінбеушілік т. б.

-ы қ (-і к). Мыс.: тамызық, жыртық, көрік, білік, сынық, жарық, сезік, тесік, күйік, емізік т. б.

-к і ш (-г і ш, -қ ы ш, -ғ ы ш). Мыс.: көрсеткіш, жыртқыш, басқыш, тұтқыш, ысқыш т. б.

-м ы с. Мыс.: қылмыс, тұрмыс, болмыс т. б.

-қ ы н. Мыс.: тасқын, босқын т. б.

-қ а н. Мыс.: қапқан, тышқан т. б.

-ы н (-і н, -н). Мыс.: жиын, жауын, боран, тығын, түйін, егін т. б.

--м а н. Мыс.: аларман, берермен, көрермен, оқырман, өлер-



мен. т. б.

47

-а қ (-е к, -к). Мыс.: бұтақ, қонақ, тарақ, құшақ, пышақ, орақ, төсек, тілек, күрек, жүрек, түнек т. б.



-ы ш (-і ш), Мыс.: таяныш, сүйеніш т. б.

-д ы қ (-л ы қ). Мыс.: қалдьқ

-д ы. Мыс.: қиынды, жуынды, шайынды т. б.

-д а қ. Мыс.: қуырдақ т. б.

Зат есімнің синтаксистік тәсіл арқылы жасалуы

Сөздердің синтаксистік тәсіл немесе анализ тәсілі арқылы жасалуының ү ш т ү р л і жолы бар: 1) сөздердің бірігуі; 2) сөздердің қосарланып айтылуы; 3) с ө з д е р д і ң тіркесуі.

Сөздердің бірігуі. Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің дені — зат есімдер. Сөздер тілімізде қабысу, меңгеру, қиысу, матасу тәрізді синтаксистік байланыс тәсілдері арқылы бірігеді, ягни сөздердің бірігу жолы мен тіркесу жолының арасында принциптік айырма жоқ. Кейде сөздердің біріккен сөз я сөз тіркесі екенін ажыратудың қиындык, келтіретіні де осыдан. Алайда сөздердің жалпы табиғатындағы заңдылықтарды, сондай-ақ емле ережелеріндегі шарттарды жақсы білген жағдайда сөздердің бірігуі мен тіркесуін-дегі шекті ажырата білуге әбден болады.

Бірігу арқылы жасалған зат есімдерді олардың құрамындағы сыңарларының түс-таңбасына қарай мынадай жіктерге бөліп көрсе-туге болады:

1. Зат есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған сөздер: ба-лауыз, егеуқұйрық, итқонақ т. б.

2. Сын есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған сөздер: кәріқыз, қарасан, Сарысу, Ақсу т. б.

3. Сан есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған сөздер: қы-рықбуын, қырықаяқ, Жетіқарақшы, Жетісу т. б.

4. Зат есім мен етістіктің бірігуі арқылы жасалған сөздер: орын-басар, күнбағыс, Атбасар, Құланөтпес, Қалмаққырған т. б.

Жоғарыдағы біріккен сөздердің құрамындағы сыңарларының дербес айтылғандағы күйінен ешбір өзгеріссіз қолданылып тұрғанын көреміз. Біріккен сөздердің тілімізде бұдан басқа да бір тобы бар. Олардың жоғарыдағы біріккен сөздерден айырмашылығы — құрамындағы сыңарларының фонетикалық тұрғыдан өзгеріске (деформацияға) ұшырауы. Мәселен, белбеу сөзінің екінші сыңарындағы беу әуелде бау сөзінен шықңан, яғни бүрын белбау болып айтылған сөз тілімізде бертін келе белбеу болып өзгерген. Осы тәрізді қазақ тіліндегі белуар, қарағүс, ағайын, алабүға сөздері де басында екі сөздің бірігуі арқылы жасалғанымен, бір сыңары фонетикалық деформацияға ұшырағандықтан қазір зтимологиялық жағы көмескілене бастаған. Мұндай сөздер тілімізде біраз бар.

Сөздердің қосарланып айтылуы. Қазақ тілшдегі қос сөздердің де дені — зат есімдер. Қос сөздер мағына жағынан бір-бірімен тең келетін сөздердің қосарланып айтылуы арқылы жасалады. Осы жағынан алғанда қос сөздердің сыңарлары бірінің бірі синонимі есепті. Семантикалық тұрғыдан қос сөздердің беретін мағынасы оның сыңарларының жеке-жеке алғандағы мағынасынан кеңірек бо-лады. Қос сөз тұлғалы зат есімдер сыңарларының мағыналық ерек-шелігіне қарай тілімізде төмендегідей болып бөлінеді.

1. Дербес алғанда екі сыңарының да мағынасы бар қос сөздер:

48

ыдыс-аяқ, тамыр-таныс, ілік-жекжат, қойны-қоныш, құрт-құмырысқа, ел-жұрт т. б.

2. Бір сыңарының. мәні бар, бір сыңарының мәні жоқ қос сөздер: жүн-жұрқа, тері-терсек, қыл-қыбыр т. б.

3. Сонғы сыңары бірінші сыңарының еліктеуі түрінде айтылатын қос сөздер: жігіт-мігіт, түйе-мүйе, ат-мат, шәй-пай т. б.

Сөздердің тіркесуі. Қазақ тіліндегі бірқатар зат есімдер екі сөздің тіркесі түрінде ұшырайды. Тұтас алғанда мұндай зат есімдер жеке сөздер тәрізді белгілі бір ғана мағынаның көрсеткіші ретінде айтылады. Оларға мынадай тіркестер жатады: көк құтан, алты бақан, аяқ киім, тау теке, түйе сора, ақ тікен т. б.

ЖАЛҚЫ ЕСІМ МЕН ЖАЛПЫ ЕСІМ

Барлық зат есімдерді жалқы есім мен жалпы есім деп аталатын негізгі екі топқа бөліп көрсетуге болады. Жалқы есімдер деп жеке адамдарға, дүниедегі жеке-жеке заттар мен құбылыстарға атауыш болып келетін сөздерді айтады да, жалпы есім дел бір--біріне ұқсас нәрселер мен құбылыстардың, жан-жануардың жалпылама атауышы ретінде жұмсалатын сөздерді айтады. Сосын абстракциялы ұғымды білдіретін зат өсімдердің дені де осы жалпы есімдер.

Жалқы есім болатын сөздердің қазақ тілінде мынадай топтары бар:

1. Адамның кәдімгі аты-жөні мен лақап аты: Абай, Мүхтар, Тө~ леген Тоқтаров, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ (шын аты — Нұрмағам-бет), Ботакөз, Зәуреш, Алдар көсе.

Қазақта өзінен үлкен кісінің атын (көбіне ер адамның атын) толық атамай, Сәрсенбай болса, Сәке деп, Құдайберген болса, Құдеке деп тағысын-тағыша осылай ізетпен атайтын дәстүр бар. Мұндай сөздер де жалқы есімнің осы тобына жатады.

2. Жер-су аттары мен әкімшілік-территориялык; атаулар, кәсіп-орындары мен мекемелердің, қоғам ұйымдарының аттары: Ұлытау, Маңғыстау, Торғай, Сарыарқа, Терісаққан, Сыр, Арығанаты, Қарқаралы, Шымкент, Алматы, “Қызыл таң” (колхоз аты), “Қайрат” (футбол командасының аты),

3. Әдебиет пен өнер және ғылым шығармаларының аты: “Капи-тал”, “Абай жолы”, “Сырдария”, “Ер Тарғын”, “Сарыжайлау”, “Қос-басар”, “Елім-ай”.

4. Астрономиялық атаулар: Шолпан, Ай, Күн, Ақбозат, Үркер, Жетіқарақшы.

5. Ел өміріндегі елеулі тарихи оқиғалардың аттары: Октябрь, Прием (1916 жылғы оқига), Ақтабан шұбырынды (1723 жылғы оқиға).

6. Жүйрік атқа, аңға салатын құсқа, итке қойылған аттар: Құлагер, Байшұбар, Тайбурыл, Көкжендет, Бөрібасар.

Өзге тілдердегі сияқты қазақ тілінде де жалқы есім болатын сөздердің типтері санамалы ғана. Ал, жалпы есім болатын сөздердің типі жалқы есім болатын сөздердің типімен салыстырғанда әлдеқай-да мол. Тіпті, айта берсек, жалпы есім болатын зат есімдердің лекси-калық топтарының бәрі бірдей бір классификацияның аясына сыя бермейді. Өйткені кез келген жалпылық ұғымды білдіретін заттық атау жалпы есім болып есептеледі; мыс.: бала, шөп, қора, торғай. ыдыс, кітап, білезік, нақыш, қиял, қора, маман, қамқорлық.

Лексикалық мағынасындағы айырмашылықты былай қойғанда, жалқы есімдер мен жалпы есімдердің грамматикалық қасиет-терінде де кейбір айырмашылық байқалмайды емес.

49

Мәселен, нақтылы жалқылық мәндө жұмсалған жалқы есімдер жекеше түрде ғана айтылып, еш уақыт көптік жалғауын қабыл-дамайтын болса, мағынасьі абстракциялы сөздерді есептемегенде, жалпы есімдердің көпшілігінің-ақ екі бірдей тұлғада: әрі жекеше, әрі көпше түрде жұмсала беретіндігін көреміз, мыс.: үй үйлер, дос достар, дүкен дүкендер, мұғалім мұғалімдер.



Бұл айтылғандардан жалқы есім атаулыга әсте көптік жалғауы жалғанбайды екен деген түсінік тумайды, жалқы есімге де көптік жалғауының аракідік жалғанатын кездері бар, бірақ мұндайда жал-қы есімдер жалқылық мәнді емес, көбіне, жалпылық (әрі көптік) мәнді аңғартады. Мәселен, Құлматтар Алматыдан кеше ғана орал-ды деген сөйлемді алатын болсақ, бұл жердегі Құлматтар деген есім жалғыз Құлматтың ғана емес, сонымен бірге оның қасындағы өзге адамдардың да Алматыдан қайтып оралғандығын білдіреді. Дәлірек айтсақ, мұндағы -д ар қосымшасы сөзге көптік мағына үстеудің сыртында жалқы есім категориясын жалпы есім категориясына ауыстырушы қызмет атқарып тұр. Сол тәрізді Абайлардың заманы дегендегі көптік жалғауының қызметі де осыған ұқсас. Мұнда да ол бір ғана Абайды емес, Абай және оның туыстас-тары деген ұғымды аңғартады.

Бұл айтылған жайдан тыс көптік жалғауының ағайынды ерлі-зайыпты адамдардың аты-жөнін қатар атау қажет болған жағдайда олардың фамилиясына жалғануы да әбден ықтимал, бұл ретте де көптік жалғауы көптік мағынамен қоса жалпылық мәнді аңғартады, мыс.: ағайынды Абдуллиндер, апалы-сіңлілі Федоровалар, ерлі-зай-ыпты Әмірхановтар.

Сонымен қатар кептік жалғауының кейбір мекен, қоныс аттарына жалғануы да мүмкін. Бүл жағдайда ол сөздер сөйлемдегі өзге сөздермен қарымқатынасына қарай жалқылық мәннен гөрі көбіне салыстыру, ұқсату мәнінде айтылады, мыс.: Алматылар, Қараған-дылар, немесе Алматылардай, Қарағандылардай.

Тілдің лексикалық жүйесінің дамуы барысында жалқы есім ка-тегориясына тән сөздердің жалпы есім категориясына, керісінше, жалпы есім категориясына тән сөздердің жалқы есім категориясына ауысу процесі де болмай тұрмайды. Әңгіме болып отырған екі грам-матикалык, категорияның бірінен біріне ауыс-түйіс айтылып жүрген сөздердің қазіргі қазақ тілінде талайы бар. Мәселен, әйел аты ретін-де жиі естілетін Алма, Мейіз, Өрік, Алуа, Бота, Бәтес, Ақұштап, Жі-бек, Теңдік, Маржан, Гауһар тәрізді сөздер мен ер адамның аты ре-тінде жиі естілетін Арыстан, Бүркіт, Көпей, Қозы, Әжір, Совет, Сайлау, Сұлтан, Темір, Жеңіс, Тілек секілді сөздердің басында жал-пы есім болғанын біздің әрқайсымыз жақсы білеміз. Сол тәрізді ел арасында сараңдықтың, қаталдықтың белгісі ретінде айтылатын Шығайбай, Қарынбай, батырлық ұғымындағы қаһарман, жүйріктік-тің символы дүлдүл сөздерінің басында жалқы есім болғаны мәлім. Осы жөнінен алғанда, жалқы есім қатарына жататын сөздер мен жалпы есім қатарына жататын сөздердің өз ара бір-біріне ауысып отыру факторын тілдегі омонимдер пайда болуының бір жолы деп қарауға болар еді, мыс.: мақпал (барқыттың жұқа түрі) — Мақпал (кісі аты), алтын (металл) — Алтын (әйел аты), қайрат (күш, қуат) — Қайрат (ер адамның аты), кеңес (кеңесу, ақылдасу) — Кеңес (ер адамның аты).

50

ЖАҚТЫЛЫҚ ПЕН ЖАҚСЫЗДЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ



Қазақ тіліндегі зат есімдерді өзге тілдердің зат есім жүйесінен ерекшелейтін белгілердің бірі — осы жақтылық пен жақсыздық ка-тегориясы. Зат есімдерді бұлайша екі топқа бөліп көрсетуде белгілі заңдылық бар. Лексикалық мағынасы тек “адамды” білдіретін зат есімдер ғана жіктеу есімдіктерінің барлық түрімен (мен, сен, ол, біз, сіз) предикаттық қатынаста айтыла алады, ал зат есімдердің басқа түрлері еш уақыт жіктеу есімдіктерімен предикаттық қатынасқа түсе алмайды. Солай болғандықтан да мағынасы жағынан “адам” деген жалпы ұғымның ішіне кіретін зат есімдерді үш жақта бірдей жіктеп айтуға болғанымен, зат есімдердің қалған тобы жіктелмей айтылады. Мысалға балықшы, ұшқыш, қызметкер, Жәмила, Оспанов, атбегі, дәрігер, бастық, әйел, түрікпен, құдаша, көрші деген секілді адамға қатысты зат есімдерді алатын болсақ, бұлардың кез келгенін жіктеу есімдіктерімен тіркестіріп мен балықшымын, сен дәрігерсің, ол құдаша деген тәрізді ретпен бірінші жақта да, екінші жақта да, үшінші жақта да айта беруге болады. Ал, енді өзен, сай, кереге, төбе, зейін, ықылас, надандық, аю, бөдене, өрмек, жидек, аяз, құйын, қағаз, төңкеріс, бұрылыс секілді адамнан өзге барлық нәрселер мен құбылыстарға, жан-жануарға қатысты айтылатын зат есімдерге келсек, бұлардың жайы бір басқа. Мұндай зат есімдердің бірде-бірі өзінің тура мағынасында жұмсалғанда, әсте жіктік жалғауын қабылдамайды. Мінекей осы сияқты қасиеттері тұрғысынан алғанда, барлық жіктелу қабілеті бар зат есімдер жақтылық категориясына жатады да, жіктелу қабілеті жоқ зат есімдер жақсыздың категориясына жатады1.

Нәрселер мен құбылыстардың, жан-жануардың аты болып келетін зат есімдердің адамға біткен әр алуан қасиетті бейнелі түрде көрсету үшін кейде көркем әдебиетте, көбінесе поэзияда, жоғарыда аталған “адам” ұғымындағы зат есімдердің орнына жүретін кездері де болады. Мұндайда олар жіктік жалғауында келе береді.



Шамдансам, жығар а с а у м ы н,

Шамырқансам, сынар болатпын (Махамбет).

Дулат деген е л ің м і н,

Асуы жоқ беліңмін (Жамбыл).

Қазақ тілінде сөйлем ішінде кім? деген сұрауды тек адам жөнінде ғана, сосын фольклор шығармалары мен діни үғьш-нанымдарда және жоғарыда айтылған тәрізді поэзияда адам бейнесінде ұшырай-тын образдар жөнінде ғана қоюға болады. Бұлардан тысқарғы барша жан-жануар мен нәрсе атаулары не? деген сұрауға жауап береді. Сөз болып отырған екі категорияны бір-бірінен даралайтын басты бір белгі — осы.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет