Ашық рай
Ашық рай — шақ, жақ, жекеше, көпше формалары тұрғтысынан етістік райларының ішіндегі ең толығы және негізгісі. Болымды, бо-лымсыз мағынасындағы ақиқат іс-қимылды ашық рай жай түрде баяндайды. Сондықтан да оның шақтық формалары көп болады.
Менің де балалық шақтан өлеңге т а л а б ы м б о л а т ы н; Әкеме шығарған бір ауыз қалжың өлеңім ауыл арасына тарап кетіп қызық б ол ғ а н: Жылағысы кеп қалғанын к ө р і п т ұ р м ы н, (Мұқанов)
194
А ш ы қ р а й д ы ң ү ш шағы б а р. Олар өткен шақ, осы шақ, келер шақ (бұл жөнінде “Етістіктің шақтары” деген тақырып бойынша 198—201 бетті қараңыз).
Бұйрық рай
Бұйрық рай сөйлеушінің тыңдаушыға немесе сол тыңдаушы ар-қылы үшінші жаққа бұйыра, сұрай айтқан белгілі бір іс-әрекет, қи-мылды білдіреді. Сондықтан да бұл райда алдағы уақытта орында- луға тиісті іс-қимыл, әрекет сөз болады.
Жастар, өзіміздің заман үшін, өзіміздің жер үшін жауға оқ атайық! (Бұлқышев)
Қызыл тілім сауында
Ханға жетіп б а р а й ы н. (Дастандар)
-Тұр, барыңд ар! Осы маңдағы бар кедей ауыл, есесіз көптің бәріне менің атымнан сәлем Жеткізіңдер! Қазір түн бойы, ертең ұлы сәскеге шейін тайлы-таяғы қалмай жатаққа ж е т с і н! Онда жете алмағаны менің аулыма, менің қасыма ж и ы л с ы н. (Әуезов)
Е с к е р т у: Басқа туркі тілдері сияқты қазақ тілінде де түбір етістіктер (оқы, жаз, күл т. б.) бұйрық рай болып саналады.
Бұйрық райдагы етістіктер айрықша екпінмен айтылады. Бұл әсіресе оларды басқа етістік формаларымен салыстырғанда, анық көрінеді.
Бұйрық райдың үш жағы, соған лайық көрсеткіштері болады. Бірінші жағының жекешесі -а й ы н\\-е й і н, -й ы н\\-й і н; көпшесі - а й ы қ\\-е й і к, -й ы қ\\-й і к; екінші жақ жекешесінің анайы түрінің көрсеткіші болмайды, сыпайы түрі -ң ы з\\-ңі з, -ы ң ы з\\-і ң і з; көпшесі -ң д а р\\-ң д е р, -ы ң д а р\\-і ң д е р, (анайы түрі), -ң ы з - д а р\\-ң і з д е р, -ы ң ы з д а р\\-і ң і з д е р (сыпайы түрі), үшінші жағының жекешесі де, көпшесі де -с ы н\\-с і н.
Бұл формалар -м а\\-м е, -б а\\-б е, -п а\\-п е болымсыздық жұр-нағынан соң да қосылып қолданыла береді.
Бұйрық райының бірінші, үшінші жағына қарағанда екінші жа-ғының бұйрықты білдіруі анық, айқын, нақты болады. Мына мысал-дарды салыстырыңыз:
— Неменеден қорқасыңдар! Өзіміздей адам, Нан береді, әні жү-ріңдер! Нағашыңды тыңдасаң, қазір оның аурумын деп айтқанын т ы ң д а м а, істегенін і с т е! (Әуезов)
Жауыздық, надандық, зорлық және неше алуан өктемдікпен ақын алысу керек. Халық атынан а л ы с с ы н! Жазықсыз көптің әділ өкімін а й т с ы н. (Әуезов)
Бұйрық райының үшінші жағындағы етістіктер қаулы, қарарлар, үндеулерде де жиі қолданылады. Мұндай мағына бұйрық райының бірінші жағында да бар.
Бұл айтылғандардан басқа, бұйрық райының бірінші, үшінші жағындағы етістіктер сөйлем ішінде басқа сөздермен байланыса ай-тылуына қарай, бұйрық мағынасын көрсетпейтін де кездері болады.
— Неге б о л м а с ы н, бұл қалада нелер жан жоқ дейсін. (Мұ-қанов) Сол жылы мен сегізге шыққанмын, мектепке барайын деп жүрген кезім. (Сералиев)
Бұйрық рай аффикстеріне үстеліп айтылатын -ш ы\\-ш і жұр-нақтары түрлі мағыналарды білдіре алады.
195
Ә, құдай, бұны көрсеткенше, қор еткенше, ж а н ы м д ы ал ш ы. менің! — деп, еңбектеп ұмтылып, есікке талпынып барады; Бетінен осылар үшін қан ағып, жүзіне таңба түскенде “қаным да бұлардың қайғысына араласты ғой, т е к к е кетпесінші! — деп бекін-ген; — Алысы кім? Жақыны қайсы екеуің де сол екі шетін де айтшы. (Әуезов)
Осы сөйлемдердегі -ш ы\\-ш і тұлғалы етістіктерде сөйлеушінің баяндайын деген іс-қимыл, әрекеттің мазмұнына байланысы бірде тілек, сұрау (көз жіберші), бірде талап (кітабымды алшы) т. б. мағы-налар баяндалады.
Бұйрық рай мағыналарын екінші жақтагы -ш ы\\-ш і жұрнақты шартты рай тұлғалы оқысаңшы, барсаңдаршы, оқысаңдаршы, не-месе барсайшы, (кейбір диалектілік материалдарда бұл тұлға барсай) сияқты етістіктер білдіре алады.
— Ең болмаса, сен ара ағайын болсаңшы! — деді. (Әуезов). Мұн-дай етістіктер ешқандай шарттылықты білдірмейді.
Шартты рай
Істің, қимылдың орындалу мүмкіншілігі екінші бір істің орын-далуына тығыз байланыстылығын, шарттылығын көрсететін етістік-тің түрлері — етістіктің шартты райы делінеді.
Етістіктің шартты райы негізгі, туынды етістік түбірлерінің бо-лымды және болымсыз түрлеріне -с а\\-с е жұрнағының қосылуы арқылы жасалады. Бар-са, бар-ма-са, кел-тір-се, өт-кіз-бе-се т. б.
Шартты рай тұлғасындағы етістіктер жіктік жалғауларының қысқа түрімен жіктеледі. Бірінші жақ жекешесінде -м, көпшесінде -қ, -к; екінші жақ жекешесінде -ң, -ң ы з\\-ң і з, көпшесінде -ң д а р\\ -ң д е р, -ң ы з д а р\\-ң і з д е р жалғаулары жалғанып айтылады. Үшінші жақтың көрсеткіштері болмайды.
Шартты рай тұлғалы етістіктер -шы\\-ші қосымшасымен мен оқысамшы, біз оқысақшы түрінде бірінші жақта жұмсалуында, орындалған іске және оның нәтижесіне сөйлеушінің риза болмай, қапыда қалғандығын, өкінішін, налушылығын білдіреді.
Ал, оқысаңшы, оқысаңыздаршы сияқты екінші жақта айтылуда іс-әрекеттің орындалуына бұйыра, сұрай, тілек білдіре, өтіну мағына-лары бар.
Сондай-ак, шартты рай тұлғалары еді, болар еді, екен, ғой сөзде-рімен тіркесіп, сөйлеушінің тілегін, арманын, өтінішін (ғой демеулігі мен екен көмекші етістігі), екіншіден, опыну және өкінішін (еді, болар еді) білдіреді. Мыс.:
“..Қазір біз зерттеп жүрген Бетпақдаланы гүлдендіру, тіршілік орнату мәселесі қолға алынса е к е н. (Мұқанов) Бірер айға асықпаса да болар еді. (Әуезов) Биыл оқуға барсам ғ о й.
Бармасам ғой тіркесі бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып келген жағдайда олар шартқа байланысты мағынаны білдіре алады.
Егер сол сәтте онда бармасаң ғой, ақшаны үйге әкелесің. (Бе-галин)
Шартты рай тұлғалы етістіктер керек модаль сөзімен оқыса керек, білсең керек қой түрінде де жұмсала береді. Олар, керек модаль сөзімен айтылуда көбіне-көп оқыған болу керек, барған болу керек, білуің керек қой сияқты тіркестермен мағыналас болады. Іс-әрекет-тің, қимылдың нәтижесі көрінбейді.
196
Осы мен, тегі, ақын б о л с а м к е р е к. (Әуезов) Етістіктің шартты райы ең болмаса, тым болмаса сияқты тұрақты тіркестермен де ұшырайды. Бұлардан басқа төменде көрсеткендей кейбір тіркестерде олар ешқандай шарттылықты білдірмейді.
— Е, ең б о л м а с а, сен ара ағайын болсаңшы — деді (Әуезов)
Коммунизм кезіне
Б а р с а д е й м і н осы тас. (Ақын жырлары,)
Шартты рай тұлғалы етістіктер жұмсалуына қарай кейде мезгілдік мағынаны да білдіретіні болады.
Базарға, қ а р а п т ұ р с а м, әркім барар,
Іздегені не болса, сол табылар. (Абай.)
Бұлардан басқа -с а\\-с е тұлғалы етістіктер қалау райының: барса игі едім, барса игі едің, барса игі еді т. б. түрін жасайды.
Қалау рай
Етістіктің қалау райы басқа райлардан жасалу жолы, мағыналары жағынан өзінше ерекшеленеді. Іс-әрекет, қимылды істеуге сөй-леуші, іс-қимыл иесінің қалау, тілек, ниетін білдіретін етістіктер қалау рай делінеді. Бұл рай алдағы уақытта орындалуға тиісті іс-әрекет, қимылдың істелуінде тілек, ниетті білдіретін болғандықтан, келер шаққа байланысты қолданылады.
1.Қалау рай формалары етістіктің түбірлеріне -ғай\\-гей, -қай, -кей жұрнағы, одан соң жіктік жалғауларының қосылып ай-тылуы арқылы жасалады: барғаймын, оқығайсың, барғай т. б. Бірақ бұл тұлғалар әдебиетте өте сирек кездеседі.
2. Қалау райы мынадай аналитикалық жолдармен жасалады:
а) Етістіктің түбіріне -қы\\-кі, -ғы\\-гі жұрнақтары, оларға
тәуелдік жалғаулары қосылып, қалау райының бірінші компоненті жасалады да, оған кел етістігі тіркесіп айтылады.
ж е к е ш е к ө п ш е
I оқығым келеді I оқығымыз келеді
II оқыгың келеді II оқығыларың келеді
оқығыңыз келеді оқығыларыңыз келеді
III оқығысы келеді III оқығылары келеді
Мұндай тіркестердің болымсыздық тұлғалары кел етістігінің
кел-ме болып айтылуы арқылы жасалады.
ә) Қалау райының бірінші компоненті -с а\\-с е тұлғалы шартты рай болады да, олар игі еді сөздерімен мен барса игі едім, барса игі едің, барса игі еді болып тіркесіп айтылады.
Бұлардың болымсыз мағыналары шартты рай тұлғалы етістік-терге -м а жұрнағының қосылуы арқылы жасалады, бармаса игі едім, бармаса игі едің, бармаса игі еді т. б.
Қалау райының бұл түрі е көмекші етістігінің тиісті жақ жалғауын қабылдауы негізінде жіктеледі. Оқуға түссе игі едім, түссе игі едің, түссе игі еді т. б.
б) -қ а й\\-к е й; -ғай\\-гей тұлғалы етістіктер еді етістігімен тіркес айтылуы арқылы жасалады, барғай едім, барғай едің, барғай еді т. б. Мұндайда -м а, -м е жұрнағы негізгі компонентке қосылып: бармағай едім, бармағай едің, бармағай еді болып қолданылады.
197
Бұл тіркестің жақтық мағыналары еді етістігі арқылы барғай едім барғай едің т. б. түрлерде беріледі.
ЕТІСТІКТІҢ ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫ
Ш а қ — іс-қимыл, жай-күйдің орындалу мезгілі мен сөйлеп тұр-ған уақыт арасындагы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория.
Етістік шақтары өткен шақ, осы шақ, келер шақ болып ү ш к е бөлінеді.
Өткен шак
Өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеуші баяндап тұрған уақыттан бұрын болғанын көрсетеді.
Ө т к е н шақ етістік түбіріне мына төмендегі жұрнақтар қо- сылу арқылы жасалады:
1) -т ы\\-т і, -д ы\\-д і аффиксі;
2) есімшенің -қ а н\\-к ен, -ғ а н\\-г е н, -т ы н\\-т і н жұрнақтары;
3) көсемшенің -ы п\\-і п, -п жұрнақтары.
Осы формалар істің болып өткенін білдіргенімен, іс-әрекет сөйлеп тұрған уақыттың алдында ғана немесе сөйлеп тұрған уақыттан әлде-қайда бұрын да орындалуы мүмкін. Сонымен қатар сол болған іс-әрекеттің нақтылы болғандығын баяндау бар да, сөйлеушінің оған анык көзі жетпей, біреулер арқылы немесе сырт есту арқылы білгендігі баяндалатын да жағдай болады.
Істің болып өткен мерзімі мен сөйлеушінің баяндау уақыты ара-сының алыс-жақындығына қарай өткен шақ: а) жедел өткен шақ; ә) бұрынғы өткен шақ; б) ауыспалы өткен ш а қ болып ү ш к е бөлінеді.
а) Жедел өткен шақ. Өткен шақтың бұл түрі іс-әрекет, қимылдың дәл сөйлеп түрған уақыт алдында ғана болып өткенін білдіреді. Мұнда іс-әрекеттің нақтылы анық болғандығы баяндалады.
Жедел өткен шақ етістік түбірінің болымды және болымсыз түр-леріне -т ы\\-т і, -д ы\\-д і жұрнақтарының қосылуы арқылы жаса-лады, олар одан әрі бірінші жақта -м, -қ\\-к, екінші жақта -ң, -ң ы з\\ -ңіз, -ң д а р\\-ң д е р, -ң ы з д а р\\-ң і з д е р болып жіктеліп қол-данылады. Мыс: айт-ты-м, бар-ды-қ, кел-ді-ң-дер, біл-ді, көр-медің-із т. б.
ә) Б ұ р ы н ғ ы өткен ш а қ. Бұл шақ іс-әрекеттің, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан әлдеқайда бұрын, ертеде болып өткенін білдіреді.
Бұрынғы өткен шақ бірнеше жолмен жасалады:
а) Болымды және болымсыз етістік түбірлеріне -қан\\-к е н, -ған\\-ген тұлғалы өткен шақ есімшелер бар-ған-мын, көр-ген-сің (дер), кел-ген-сіз (дер), біл-ме-ген болып, жіктік жалғауының қосылуы арқылы жасалады.
Ескерту: -қ а н//-к е н, -ғ а н//г е н тұлғалы бұрынғы өткен шақтың болымсыздық мағынасы морфологиялық (-м а, -ж е косымшасы арқылы) және синтаксистік (жоқ, емес сөздерімен тіркесіп) тәсілдермен беріледі. Мыс.: оқы-ма-ған, оқыган жоқ, оқыган емес. Оқымаған деген түріне қарағанда соңғы тіркестерде іс-әрекет болмағаны күмәнсіз айқын баяндалады.
ә) Болымды және болымсыз етістіктер -ы п||-і п, -п тұлғалы кө-семшелердің одан әрі жіктеліп қолданылуы арқылы жасалады.
Қызықтан қашып бұл жерге,
Көңіліңіз суып к е л і п с і з. (Абай).
198
Оған қарсы бір тізелеп алған жалаңбас Бұланбай, қолдарын ер-беңдетіп, әлде нені қыза сөйлеп кетіпті. (Мүсірепов)
б) -қ а н\\-к е н және -ы п\\-і п, -п тұлғалары мен -у ш ы аффиксті етістіктер -е етістігінің жіктелуімен күрделене айтылып бұрынғы өткен шақ жасалады. Мыс.: бар-ған ем, көр-іп ең, айт-ушы еді т. б.
Бұрынғы өткен шақтың бұлардан басқа да синтаксистік тәсілмен берілетін түрлері бар. Олар: өткен шақ есімшелерге екен етістігі мен шығар, сияқты, секілді, тәрізді, білем, көрінеді (...ған екен-, ...ған шы-гар, ...ған сияқты т. б.) сөздерінің, етістіктің шартты рай формасына керек (...са керек) және жедел өткен шаққа білем (...ді білем) модаль сөздерінің тіркесіп айтылуы арқылы жасалады. Мұндағы баяндалатын іс-әрекет, қимылдың мәні модаль сөздерге лайық беріледі.
Ат үстіндегі алыс-жұлысты басынан көп өткізген Бұланбайдың көз алдына талай қимылдары да к е л е қ а л ғ а н с и я қ т ы. (Мүсірепов) Күйеулер мен құдалар жағы ерте сайланып, ерте аттан-ған екен. (Әуезов) Бұрынғы қызық, сауық дегеннің, жастық жүріс дегеннің бәрін де әзірше ұмытқан тәрізді. (Әуезов)
Ескерту: Бұрынғы өткен шақтың -ған, -ген және -ы п, -іп, -п формалы болып келуінің мағыналары бірдей емес.
Көргенмін, көрген едім, көріп едім дегенде етістік нақтылы мағынаны білдіреді. Көріппін, оқыпсың дегендері айғақты, нақтылы мағынаны көрсете алмайды.
Ауыспалы өткен шақ. Өткен шақтың бұл түрі есімшенің -тын\\
-т ін аффикстері арқылы жасалады. Бұл тұлғалар өткен шақта сөй-
леушінің істің орындалғанын нақтылы баяндауын білдіреді.
Адам баласы жасаған ұлы мұраны біліп алып, мұраға мұра қоса алатын мәдениетті адам болу үшін о қ и т ы н б ы з. (Бұлқышев) Ауылды қоныстандыруды жақтайтын Асқарға Базарханның бұл пі-кірі ұ н а м а й т ы н. ( Мұқанов)
Бұл формалар: Озаттар слётіне бұл колхоздан баратын кім? дегенде келер шақ мәнінде айтылады. Ауыспалы өткен шақ болып аталу себебі де осыған тығыз байланысты.
Осы шақ
Осы шак, дәл сөйлеу үстінде болып жатқан іс-әрекет, жай-күйді білдіреді. Осы шақтағы етістіктер кейде істің, қимылдың сөйлеуші хабарлап тұрған кезеңнен бұрын басталып, үзіліссіз болып тұраты-нын да білдіре алады. Келе жатыр деген мен оқып жүр дегендерді салыстырыңыз.
О с ы ш а қ мағыналық ерекшеліктеріне қарай нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ болып е к і г е бөлінеді.
Нақ осы шақ. Мұнда іс-әрекет, жай-күй дәл сөйлеу үстінде болып жатқандығы баяндалады.
Нақ осы шақ бірнеше жолмен жасалады.
а) отыр, жүр, жатыр, тұр деген төрт етістік жіктеліп, дара күйінде жұмсалады. Мен отырмын, сен тұрсың; сіздер жүрсіздер, бала жатыр т. б.
ә) Осы төрт етістік -ы п, -і п, -п және -а, -е, -й тұлғалы көсем-шелермен тіркесіп айтылады. Мұндайда отыр, жатыр, тұр, жүр етістіктері екінші орында тұрып, айт-ып отыр-мыз, кел-е жатыр-сыңдар, оқы-п жүр, біл-ме-й тұр-сыз болып жіктеліп қолданылады.
б) Жатыс септіктегі -у тұлғалы қимыл есімдері жүргіз-у-де-мін, ізден-у-де-сіздер болып баяндауыш қызметінде айтылуда да нақ осы шақ мағынасында жұмсалады.
199
Бұдан басқа -у л ы ~у л і тұлғалы етістіктер жеке де, жатыр, тұр, отыр, жүр етістіктерімен тіркесіп те 3-жақтық нақ осы шақ мәнін білдіре алады.
Бір күрек пен бір қайла керегеге с ү й е у л і тұр. (Мұстафин) Есік жақта тілерсектері дір-дір етіп, екі ешкі мен бір арық торпақ та байлаулы тұр. (Мүсірепов)
Осындағы байлаулы тұр дегеннен ізден-у-де-міз дегеннің айыр-масы бар. Соңғы дәл сөйлеу үстінде болып жатқан, сондай-ак, бұрын басталып, осы кезде болып жатқан іс-әрекет, жай-күйді де білдіре алады.
Ауыспалы о с ы ш а қ. Ауыспалы осы шақ бұрыннан болып келе жатқан, сонымен қатар сөйлеп тұрған тұста болып тұрған іс-әрекетті білдіреді. Бұл шақ -а, -е, -й тұлғальі көсемшелердің жіктеліп айтылуы арқылы жасалады. Бұл тұлға ауыспалы осы шақ мағына-сында дара да, -ы п, -і п, -п тұлғалы көсемшелермен тіркесіп те жұмсала береді. Мыс.: бар-а-мын, кел-е-сің (дер), білме-й-сіз (дер), айт-ып бер-е-ді, қайт-ып кел-е-міз т. б.
Бұл тәрізді етістіктер келер шақ мағынасында да жұмсала бере-ді. Сол себепті ауыспалы осы шақ деп аталады. Формалық өзге-шелігі жоқ бұл тұлғалардың ауыспалы осы шақ немесе ауыспалы келер шақ екендігі контексте белгілі болады.
Жаз шыққан соң, әркім өзіне жер барак жасап алуына да б о л а -д ы ; ... көмір тегін беріледі. (Мүсірепов)
Бұл форма арқылы бұрын орындалған іс жайында да баяндауға болады.
Сол ауылда өткен күні ақтың екі офицері кеп, мылтық атып, ауылдан еріксіз ат жектіреді. (Мұқанов)
Ауыспалы осы шақ екен сөзімен: өтеді екен, біледі екен болып айтылуда өткен мезгілде болған іс-әрекетті көрсетеді.
Келер шақ
Келер шақ іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатындығын білдіреді. Түрлі тәсілдермен жасалатын келер шак-тың мағыналары бірдей болмайды. Олардың бірінде мақсаттың ма-ғына басым болса, енді бірінде іс-әрекеттің болу-болмауы айқын не күманды болып келеді. Осындай мағыналық ерекшеліктеріне қарай олар: болжалды келер шақ, сенімді келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ больш төртке бөлінеді.
Болжалды келер шақ. Болжалды келер шақта іс-әрекеттің орындалуы, орындалмауы болжай, жорамалдай айтылады. Бұл болымды және болымсыз тұлғалы -ар\\-е р, -р, -с аффиксті есімше-лерінің жіктеліп айтылуы арқылы жасалады.
Болжалды келер шақ мына тәрізді синтаксистік тіркестер арқылы да жасалады.
а) ауыспалы шақ есімшелер мен шығар, секілді, тәрізді сөздер тіркесі арқылы жасалады.
Қария адам өмірінің қысқалығына қынжылатын с и я қ т ы: Жаза берсем сөз таусылмайтын сияқты. (Бұлқышев)
ә) -у тұлғалы қимыл есімдер (тәуелденіп, кейде барыс септікте тұрып) мүмкін сөзімен тіркеседі.
Басқа бір сылтау айтсам, маған сенбей қалуы мүмкін. (Есенжанов) Сол өте көп білгеннен, әсіресе, айыбыңыз үлкен б о л у ғ а мүмкін. (Әуеэов)
200
Сенімді келер шақ. Бұл іс-әрекет, қимылдың істелетіндігін және оның ақиқаттығын білдіреді. Сенімді келер шақ -қалы\\ -к е л і
-ғ а л ы\\-г е л і тұлғалы көсемшелермен жатыр, отыр, тұр, жүр етістіктерінің жіктеліп тіркесуі арқылы жасалады.
Біз соғысқа к і р г е л і о т ы р м ы з. (Бұлқышев) Асан биыл оқуға түскелі жүр. Айсұлу Алматыға жүргелі жатыр.
М а қ с а т т ы к е л е р ш а қ. Бұл шақ істелуге тиісті мақсатқа, тілекке байланысты іс-әрекетті, қимылды білдіреді. Мақсатты келер шақ -м а қ\\-м е к, -бақ\\-бек, -пақ\\-пек етістіктердің жіктеліп айтылуы арқылы жасалады: Мыс.: б а р-м а қ-п ы н, кел-мек-сің (дер), айт-пақ-сыз, көр-мек т. б.
Бұл форма -ш ы\\-ш і аффиксі үстеліп айт-пақ-шы-мыз болып та қолданылады. Мұндағы іс-әрекет қимылдың жүзеге асырылуы ақи-қат, нақты болып келеді.
Бұл шақтың болымсыз түрі емес етістігінің жіктеліп, тіркелуі-мен жасалады.
Оқу орны жылдан жыл көбеймесе, оқу ісі жылдан жыл күшейме-се, кемімек, ә л с і р е м е к емес. (Дөнентаев). Біз ғылымды сатып мал і з д е м е к е м е с пі з. (Абай)
Ауыспалы келер шақ. Бұл шақта болатын іс-әрекет нақтылы ешбір шүбәсіз баяндалады. Ауыспалы осы шақпен тұлғалары {-а,
-е, -й аффикстері) бірдей болғандықтан да, ауыспалы келер шақ делінеді. Олардың мағыналары сөйлемде айқындалады.
Бірақ оған тапсырылған бірдеңе болса, ол өліп жатса да орын-дайды. (Мүсірепов) Қажы Шұғылдың бурасының “көзін жоғалтам!” — деді ғой, сөз жоқ, енді жоғалтады. (Есенжанов)
ҮСТЕУ
Казіргі қазақ тіліндегі өзге сөз таптары сияқты үстеулер де дербес грамматикалық категория болып сараланғанда, лексика-семанти-калық бірлігі мен морфологиялық бірыңғайластығына және синтак-систік қызметтерінің тектестігіне қарай шоғырланады.
ҮСТЕУДІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер — мағына жағынан заттың қи-мыл, іс-әрекетінің және заттың сынының әр алуан белгілерін білдіру үшін қолданылатын сөздер. Бірақ үстеу сөздер заттың қимылы мен сындық белгілерін тек етістіктер мен сын есімдер арқылы көрсетіл-ген белгілердің белгісі түрінде ғана білдіре алады.
Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер — әр алуан сөз таптарынан құ-ралып, өз алдына жеке сөз табы болып қалыптасқан ең алдымен оларға қатысты сөздердің жалпы категориялық мағынасы негізінде, яғни ол сөздердің бәрі қимыл мен сынның әр түрлі белгілерін білді-руіне байланысты топтасқан.
Тілімізде қимыл белгілерін білдіру кейбір есім сөздердің жеке формалары арқылы да және етістіктің кейбір формалары арқылы да берілуі мүмкін. Бірақ үстеулердің олардан ерекше семантикалық ай-ырмашылығы бар. Егер есімдер мен етістіктер, ретіне қарай, қимыл не сын белгісін білдіретіндей болса, олардың мағыналары сол төркіндерінің негізгі нақты мағыналарына үйлес, соған негіздес болып келеді. Ал, үстеу сөздердің мағыналары, керісінше, соншалық абстракцияланып, жалпыланып нақтылығынан айрылғандай болып келеді. Мыс:
201
Желбегей киген қызыл жемпірі мына ыстық күнде оны пы-сынататын түрі бар. (Соқпақбаев) Күнде жақсы бола ма, Бір қы-лығы жаққанға (Абай) деген екі сөйлемдегі күнде сөзі — формалык, жағынан біркелкі болып келгенімен, мағына жағынан бір-бірінен тіпті алшақ сөздер. Алғашқы сөйлемдегі күнде сөзі белгілі заттық атау ретінде жұмсалатын күн сөзімен тығыз мағыналық байланыста қолданылып тұрса, кейінгі сөйлемдегі күнде сөзі нақтылы күн мағынасынан алшақтап, -д е қосымшасымен бірге тұрып абстракцияланған мерзім мағынасында айтылып тұр.
Бәрі де алған беттерінен қайт а бастады дегендегі қ а й т а сөзі мен Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек (Абай) деген сөйлемдегі қайта сөзі бір емес. Өйткені алғашқы сөйлемдегі қайта сөзі қайту етістігінің нақтылы мағынасына байланысты айтылып тұрса, соңғы сөйлемдегі қайта сөзі негізгі мағынадан алшақтаған қимылдың бейненің белгісін біл-діретіндей мәнде қолданылып тұр.
Бірді б і р г е қосса, — екі; б і р д е н екіні алуға болмайды, деген сияқты сөйлемдердегі бірге, бірден сөздерінің мағыналарын Са-бақты бірігіп әзірлеп, кино-театрға барса да б і р г е барып жүрді (Сағынбаев); Рязановтың кербездігі де, күлкісі де б ір д ен тиылды (Мүсірепов) дегендегі бірге, бірден сөздерімен салыстырсақ та, өз ара айырмашылық барлық байқалады.
Кейбір сөздердің белгілі бір грамматикалық формаларда қолда-нылу негізінде өз орталарынан оқшауланып, өзгеше лексикалық және грамматикалық дербестікке кешуі оларды үстеу сөздердің лек-сика-семантикалық табына ауысуына әкеп соқса, сонымен қатар, басқа сөз таптарындағы өзімен формалас сөздермен омонимдес болып келуіне әкеп соқтырады. Оны жоғарыда келтірілген мысалдардан анық көруге болады. Сол сияңтьг, басқа сөз тудырушы қосымшалар арқылы жасалған көптеген туынды үстеулер де өзі формалас сөздер-мен омонимдес болып келеді. Мыс.:
Күлкісі жадыраған ж а з д а й еді дегендегі жаздай сөзі (сын есім) Ж а з д а й жауын көп болғандықтан ба, тау да, тас та жап-жасыл (Әбішев) дегендегі жаздай сөзімен (үстеумен) формалық жағынан бірдей болғанымен мағына жағынан әр басқа да, әр түрлі сөз таптарына жататын сөздер. Ал, өзенді ж а ғ а л а й бастады деген мен үй ішіне жағалай кілемдер тұтылған (Әуезов) дегендегі жағалай сөздері де, Б а с ы н д а ми жоқ, Өзінде ой жоқ. Күлкішіл кердең наданның (Абай) деген мен Топа-торсақ бұл сөзді айтқаным жоқ, Б а с ы н д а ойлап тегін абайладым (Абай) дегендегі басында сөздері де — форма жағынан бірдей болғанымен, мағына жағынан әр түрлі омонимдес сөздер.
Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер іштей заттың амал-қимылы, іс-әрекеті белгісінің белгісін білдіретін және заттың сынын білдіретін болып екі жікке бөлінеді. Мыс.:
Сенің қара мысық сияқты айлакер екеніңді ж а ң а білдім. (Хұсаинов) Тез үйіңнен шық, жаным, Атыңды ертте, бері кел., (Әлімбаев) Б е р і келші, бетіңнен иіскейін. (Мұқанов) Сізбен жүзбе-жүз кездесу үшін әдейі қалдық (Исаев) дегенде жаңа, бері, әдейі үстеулері сөйлемдегі білдім, кел, келші, қалдым сияқты естістіктер арқылы бейнеленіп тұрған қимыл, әрекет белгілерінің әр түрлі мезгілдік, мекендік, бейнелік, мақсаттық белгілерін білдіріп тұр. Де-мек, мұндай үстеулер үнемі етістіктерге қатысты айтылады да, қи-мылдың әр алуан белгісін білдіреді.
Адамға а с а қымбат балалық шақ, ойға кіріп шықпайтып сор менен бақ. (Торайғыров) Кілең семіз сәйгүлік Кідірмейді елең
202
ғып. (Орманов) Социализм бүгін бар қазақтың үй тіршілігіне кірді, т ы м жақын, т ы м ыстық, т ы м қымбат асылына, қимасына айналды (Саин) дегенде аса, кілең, тым үстеулері сөйлемдердегі қымбат, семіз, жақын, ыстық сияқты заттың сындық белгісін көрсететін сөздердің әр түрлі белгісін, яғни заттың сындық белгісінің белгісін білдіріп тұр.
Үстеулердің осылайша не қимылдың, не сынның белгілерін білдіруіне қарай тіл білімінде оларды пысықтауыш үстеулер және анықтауыш үстеулер деп екі топқа бөліп қарау дағдысы да кездеседі. Сонда, егер үстеулер етістікке байланысты кимылдың, іс-әрекет, амалдың белгісін білдіретін болса (жаңа, бері, әрең, әдет, амалсыз-дан деген сияқты), пысықтауыш үстеулер болып саналады да, ал, егер әр түрлі заттық сынның белгісін білдіретін болса (тым, аса, кілең деген сияқты), анықтауыш үстеулер қатарына жататын болады. Үстеулерді бұлайша топтастыру дағдысы бойынша, әдетте, пысықтауыш үстеулерге үнемі етістіктердің ғана толықтай айтылатын мезгіл, бейне, мекен, мақсат, себеп-салдар үстеулері жатады да, анықтауыш үстеулерге мөлшерлік, күшейткіш, топтау үстеулері жатады.
Әрине, үстеулерді бұлай топтау — олардың негізгі мағыналары мен негізгі қызметтеріне лаійық алынған шартты топтау. Өйткені анықтауыш топқа жататын мөлшер, бейне, күшейткіш, топтау үстеу-лері тілімізде үнемі тек сындық белгінің белгісін ғана білдіріп қой-май, ретіне қарай қимыл белгілерінің де белгісін білдіре алады. Мысалы, Ақмешіт тым ұнады, Сырдың түсті суына (Тоғызақов) десек, тым үстеуі ұнады етістігінің қимылдық белгісін сипаттаған болар еді. Сол сияқты, Толқып жатқан далаға Жаны с о н ш а елтетін (Орманов) десек, сонша сөзі елту процесінің белгісін, яғни қимылдың белгісін білдірер еді.
Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер дәйім қимыл және сынның жал-пылама белгісін білдіретін сөздер болып келетіндігіне байланысты (бірен-саран негізгі үстеулер болмаса) ешққашан да субстантивтік немесе субстантивтенген түсініктердө (мағыналарда) қолданыл-майды. Зат пен қимылдың белгісін білдіре алатын және субстантив-тенген жағдайда қолданыла алатын заттың сындар мен қимылдық белгілерден ерекшеленетін үстеу сөздердің негізгі бір мағыналық айырмашылығы осында. Үстеулердің әредік белгілі контекске байланысты өз қасиетінен алшақтап қолданылатын кездері де болады, бірақ ондай өте сирек кездесетін заңдылық үстеу сөздердің негізгі белгілері емес.
Сонымен, лексика-семантикалық тұрғыдан қарағанда үстеулер — заттың қимылы мен заттың сынының әр алуан белгілерін, яғни белгілердің белгісін білдіретін, мағыналары соншалық абстракцияланып жалпылану негізінде өздерінің түпкі нақтылығынан арылған, сөйтіп басқа сөз таптарына тән өзі формалас сөздермен омонимдік мәнде қолданылатын сөздер.
ҮСТЕУДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Үстеулердің мағыналық сипаты олардың негізгі морфологиялық ерекшеліктері мен олардың сөз түрлендіретін релятивтік формала-рының жоқтығымен, болмау қасиетімен байланысты. Жалпы үстеулердің сөз түрлендіретін формаларды қабылдамау себебі олардың өзге сөз таптарынан тиісті қосымшалар арқылы қосымшалы (туынды) сөздер ретінде ауысып келгендіктерінен деп қарау керек. Мысалы, кеңінен, ондап, қайта, тікелей деген сөздерді алсақ, бұлар үстеулер қатарына ауысқан кездің өзінде-ақ белгілі бір грамматикалық формалар арқылы -
203
(кең-і-нен, он-да-п, қайт-а, тіке-ле-й сияқты тұлғалар арқылы) ауысып келген. Бұл грамматикалық формалар — айталық, шығыс септік жалғауы -н е н, көсемшелік жұрнақтар -п, -а, -й жараты-лысында өздерінің үстіне жіктік, шақтық қосымшалардан өзге ешқандай қосымшалар қабылдамайтын формалар. Олар осы қасиет-терін зат есім, көсемше түрлерінен ауысып үстеу қатарына өткен кезде де бойларында сақтап отырады. Демек, бұл қосымшалар арқылы жасалған сөздер, әуелгі өз төркініндегі сияқты, үстеулер қатарына ауысқан күнде де ешбір грамматикалық көрсеткіштерді қабылдамау қасиетінен айрылмайды. Керісінше, егер олар не зат есім, не көсемше түрінде жіктік жалғауын және шақтық жұрнақтарды қабылдайтын болса, үстеулер тобына ауысқаннаң кейін ол қасиетінен де жұрдай болады. Сөйтіп, үстеу дәрежесіне көшкен бұл сөздер ешбір грамматикалық өзгерістерге енбейтін, жіктік те, жақтық та формаларды қабылдамайтын, яғни форма жағынан өзгеріске түспейтін сөздер қатарына өтеді.
Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер құрамы жағынан әр алуан. Демек, үстеулер, негізінде, өзге сөз таптарынан әр түрлі тәсілдер арқылы ауысып келген сөздер болғандықтан, құрамындағы сөздер де ала-құ-ла болып тұрады. Атап айтсақ, үстеулер — төмендегідей әрқилы сөз таптарынан (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік т. б.), демек, барлык, негізгі сөз таптарынан ауысып құралған сөздер.
1. Көптеген үстеулер зат есімдерден жасалған. Ондай үстеулер, негізінде, зат есімдерге сөз тудырушы -ш а\\-ше жұрнағын қосып айту арқылы уақытша, адамша, ауызша, пәрменінше, орысша, еркінше, ойша, көзінше деген сияқты; -д а й\\-д е й жұрнағы арқылы жаздай, жастай, күздей, қыстай, ендей; -шаң\\-шең жұрнағы қосылу арқылы жейдешең, көйлекшең; -лай\\-лей жұрнағы арқылы жағалай және -сыз\\-сіз жұрнағын қосып айту арқылы жағусыз, бағусыз, тасусыз, қаперсіз, ысырапсыз сияқты формаларда жасалған.
Бұлардан өзге зат есімдерден барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларының консервациялануы (көнеленуі) арңылы ау-ысып келген бірсыпыра үстеулер де бар. Олар — кешке, күніге, баста, күнде, бастан, күнімен, жайымен, кезекпен, ретімен, түйдегімен сияқты және қысын, жазын, соңыра сияқты көне барыс, көмектес септік жалғауларының консервациялануы арқылы жасалған үстеулер.
Зат есімдердің өз ара бірігуі және әр түрлі формада қосарланып айтылуы арқылы да көптеген үстеулер жасалған. Мыс.: жаздыгүні, қыстыгүні, жылма-жыл, айма-ай, жазы-қысы, күні-түні, баспа-бас, кезек-кезек, кесек-кесегімен, топ-тобымен т. б.
Көмекші есімдерден -ш а\\-ш е жұрнағы мен көне барыс, кө-мектес жалғауларының консервациялануы және көмекші есімдердің қосарланьш айтылуы арқылы артынша, сыртқары, ішкері, тысқары, алдымен, ара-арасында, алды-алдына, үсті-үстіне сияқты үстеулер жасалған.
2. Үстеулердің біралуан тобы сын есімдерден жасалған. Ондай үстеулер, негізінде, түбір сын есімдерге -ша\\-ше жұрнағын қосып айту арқылы артықша, бөлекше, бұрынғыша, биылғыша, ескіше, жаңаша, қысқаша, өзгеше, түрліше; -л ай\\-л е й жұрнағын қосу арқылы жартылай, тірілей, шикілей т. б. сияқты түрде жасалған.
Сын есімдерден де жатыс, шығыс септік жалғауларының консер-вациялануы арқылы әлгіде, әдепкіде, ертеректе, жақында, баяғыдан, кеңінен сияқты үстеулер пайда болған.
Сын есімдердің бірігуі және қос сөз түрінде айтылуы жолымен де көптеген үстеу сөздер жасалған. Мыс.: жазғытұрым, алдыңгүни
204
тату-тәтті, ашты-тоқты, шикілі-пісілі, аштан-аш, ашықтан-ашық, жа-падан-жалғыз т. б.
3. Үстеулердің бірсыпырасы сан есімдерден -л а п\\-л е п қосым-шасын қосу арқылы екеулеп, үшеулеп, төртеулеп, жүздеп, мыңдап т. б. сияқты түрде жасалған. Сан есімдердің өзге сөздермен бірігуі және өз ара қосарланып айтылуы аркылы біраз, біржола, бірен-саран, бірме-бір, бірте-бірте, бестеп-ондап, он-онбестен, елу-алпыстап т. б. сияқты және сандық ұғымдағы жеке, қос, пар сөздерінің қосарлана қолданылуы арқылы жеке-жекелеп, қос-қостап, пар-парлап сияқты үстеулер жасалған.
4. Үстеулердің жасалуына бұл, ол, осы, сол сілтеу есімдіктері не-гіз болғандығы ерекше көзге түседі. Осы төрт есімдікке -ш а\\-ш е жұрнағын қосып айту арқылы мұнша, онша, осынша, сонша; -ш а-м а жұрнағы арқылы мұншама, оншама, осыншама, соншама; -ш а л ы қ жұрнағын қосып айту арқылы мұншалық, оншалық, осыншалық, соншалқ; -д а й л ы қ жұрнағы арқылы мұндайлық, ондайлық, осындайлық, сондайлық және -лай\\-лей жұрнағы ар-қылы былай, олай, осылай, солай сияқты үстеулер жасалған. Бұлар-дан өзге -ш а\\-ш е жұрнағы арқылы жасалған бізше, менше, сізше, өзінше, барынша сияқты және -д ей жұрнағымен жасалған бүтіндей сөздерін кездестіреміз.
Осы төрт есімдікке және ана, кей сөздеріне жатыс септік жал-ғауының қосылып айтылуы түрінде консервацияланған бірсыпыра сөздер де үстеулер қатарына ауысқан. Мыс.: мұнда, онда, осында, сонда, анада, кейде.
Есімдіктердің не әр түрлі жолмен бірігіп айтылуы, не қос сөздер ретінде қолданылуы негізінде де бір топ үстеу сөздер пайда болған. Олар құрамы жағынан әр түрлі: әрдайым, әнеугүні, бүрсігүні, бүгін, биыл, анағұрлым, недәуір, неғұрлым, соғұрлым, бірсыпыра, небір, кей-кейде, онда-мұнда, одан-бүдан, өзінен-өзі, өзді-өзі, өз-өзінен, олай-бұлай т. б.
5. Етістіктен жасалған үстеулер, негізінде, көсемшенің -п, -а, -й жұрнақтарының консервациялануы арқылы: арнай, әдейілеп, жорта, ептеп, көріне, қайта, сеспей деген сияқты формаларда ауысып кел-ген. Бұлардан өзге өлердей, салғаннан сияқты есімшеге -д е й жұрнағы мен -нан шығыс септік жалғауының қосылуы арқылы жасалған түрлері де кездеседі.
Етістіктердің қосарланып айтылуы негізінде жасалған үстеулер-дің жасалу жүйесінде де негізгі форма көсемшенің -п, -а, -е, -й жұр-нақтары төтенше орын алады. Мыс.: ара-тұра, іле-шала, өле-өлгенше, ептеп-септеп, айлап-жылдап, бөле-жара, бұза-жара, жүре-жүре, көре-көре, кие-жара, жатпай-тұрмай, кесе-көлденең.
6. Көптеген үстеулер негізгі және туынды түбір үстеулерден де жасалған. Ондай туынды үстеулер түбір үстеулерге -ш а\\-ш е жұрнағын қосу арқылы (әзірше, бүгінше, биылша, бұлайша, жайша, олайша, осылайша) және үстеу түбірлерге кейбір өзге сөздердің я үстеулердің бірігіп айтылуы арқылы (кешкірім, кешқұрым, кілең), үстеулердің өз ара қосарлана қолданылуы арқылы {бүгін-ертең, енді-енді, күндіз-түні, кешелі-бүгінді, әрең-әрең, қатар-қатар, тез-тезг аман-есен, сау-саламат, астын-үстін, әрі-бері, қаз-қатар, тіп-тіке, дәлме-дәл, қарама-қарсы, әрлі-берлі, бостан-бос, құрдан-құр, тектен-тек т. б.) жасалған. Бұлардан өзге барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің консервациялануы арқылы ауысып жасалған бекерге, босқа, текке, әуелден, әшейінде, ертеде, заматта, әлден, бұрыннан, кенеттен, қайтадан, тосыннан, шарасыздан, лажсыздан тәрізді үстеулер де кездеседі.
7. Жоғарыда аталған негізгі сөз таптарынан басқа бұрынғы төр-
205
кіндері белгісіз сөздер мен тұлғалардан әр түрлі қосымшалар қосу және оларды өз ара әр түрлі формада қосарлап айту негізінде біралу-ан үстеулер пайда болған. Мыс.: айрықша, өңшең, өңкей, зорға, ауық-ауық, әлсін-әлсін, оқтын-оқтын, оқта-текте, апақ-сапақта, астан-кестен, бұрқан-тарқан, ал-сал, алай-түлей, аңғал-саңғал, дел-сал, олпы-солпы, бұлан-талан, жым-жырт, жым-жылас, тым-тырыс т. б.
Бұл материалдарға қарағанда, қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер әр түрлі сөз таптарынан құралған сөздер екенін көреміз. Бұлайша өзге сөз таптарынан жасалған не ауысқан үстеулердің жасалу жолдары мен амалдарын бағдарласақ, олар морфологиялық (түбірлерге жеке қосымшаларды қосу арқылы) және синтаксистік (сөздердің өз ара бірігуі мен қосарлана айтылу) тәсілдері арқылы, соньшен қатар, кейбір септік жалғаулары мен көсемше формалардың консервация-лануы арқылы жасалады.
Үстеулердің морфологиялық тәсілмен жасалу жолы әдеттегідей негізгі не туынды түбір тұлғаларға әр түрлі сөз тудырушы қосымша-лар (жұрнақтар) қосу арқылы жасалған. Ондай үстеу сөздер туды-рушы қосымшалар (жұрнақтар) сан жағынан аса көп емес, олар мы-на сияқтылар:
1. -ш а\\-ш е. Бұл қосымша — үстеулер жасайтын ең өнімді жұр-нақ. Сол себепті -ша\\-ше арқылы әр түрлі сөз таптарына тән сөз-дерден көптеген туынды үстеулер жасалады. Ондай үстеулер ауызша, орысша, еркінше, әлінше, ойша деген сияқты зат есім түбірлі; артықша, бөлекше, ескіше, жаңаша, түрліше деген сияқты сын есім түбірлі; мұнша, онша, бізше, өзінше, барынша деген сияқты есімдік түбірлі және әзірше, жайша, бүгінше, осылайша деген сияқты үстеу түбірлі болып келе береді. -ш а\\-ш е жұрнағы арқылы негізінде мезгіл, мөлшер, бейне, күшейту үстеулері жасалады.
2. -дай\\-дей, -тай\\-тей. Бұл жұрнақ арқылы жаздай, қыстай, жастай сияқты зат есім түбірлі; бірдей, өлердей сияқты сан есім, етістік түбірлі үстеулер жасалған. Ондай үстеулер негізінде мезгіл, бейне үстеулері болып келеді.
3. -л а й\\-л ей, -д а й\\-д е й. Бұл жұрнақ арқылы жасалған үс-теулер жағалай, ендей сияқты зат есім түбірлі; жартылай, тірілей, шикілей сияқты сын есім түбірлі; екіншілей, былай, олай, осылай, солай, бүтіндей сияқты сан есім, есімдік түбірлі болып келе береді Мұндай үстеулер, негізінде, бейнелік үстеулер ретінде қолданылады.
4. -ш а м а жұрнағы арқылы үстеулер тек есімдіктерден онша-ма, мұншама, осыншама, соншама, қаншама формаларында жасал-ған. Мұндай үстеулер негізінде мөлшер үстеулері болып келеді.
5. -ш а л ы қ жұрнағы да тек есімдік түбірлерден мөлшер үстеу-лерін жасайды: мұншалық, оншалық, осыншалық, соншалық, қан-шалық т. б.
6. -д а й л ы қ жұрнағы тек есімдік түбірлерден мөлшер үстеуле-рін жасаған: мұндайлық, ондайлық, осындайлық, сондайлық, қан-дайлық т. б.
7. -ш а ң\\-ш е ң жұрнағы зат есім түбірлерден бейне үстеулерін жасаған: жейдешең, көйлекшең т. б.
8. -с ы з\\-с і з жұрнағы қимыл атаулары мен зат есімдерден бейне үстеулерін жасаған: жағусыз, бағусыз, тасусыз, қаперсіз, ысы-рапсыз т. б.
9. -л а п\\-л е п, -д а п\\-д е п жұрнағы арқылы екеулеп, үшеулеп, мыңдап, парлап, жекелеп және біртіндеп сияқты сан есім және сандық ұғымдағы сөздер негізінен бейне, топтау үстеулері жасалған.
10. -майынша\\-мейінше жұрнағы етістік түбірге тікелей
206
жалғанады да, бейне үстеулерін жасайды: бармайынша, білмейін-ше, келмейінше, қарамайынша, көрмейінше т. б.
11. Бұлардан басқа өңшең, өңкей, алғаш деген сияқты жеке сөз-дерді атауға болады. Бұл сөздердің түпкі түбір тұлғалары да, қосым-шалары да қазіргі қазақ тілінде жеке қолданылмайды.
Үстеулердің жасалу тәсілінде өзге сөз таптарының жасалу жү-йесінен ерекше болып келетін, тіпті ешбір сөз табында кездеспейтін бір амал бар. Ол мынау: үстеулердің басым көпшілігі кәдімгі сөз байланыстыратын және сөз түрлендіретін грамматикалық формалар-да, атап айтқанда, септік жалғаулары мен көсемшелік жұрнақтарда тұрып дербес мағыналы сөз болып қалыптасады. Әдетте, септік жал-ғауларының сөз бен сөздің арасын байланыстыру, оларды граммати-калық қарым-қатынасқа түсіру үшін қолданылып, өздігінен жаңа сөз жасай алмайтыны, сол себепті сөз бен сөзді байланыстыратын грамматикалық қосымшалар делініп саналатыны мәлім. Бірақ, соған қарамай, үстеу сөздердің бір алуаны септік жалғауларында тұрып көнеленіп жеке дербес сөз болып қалыптасып, өз алдына лексикалық тұлға (единица) ретінде танылады. Ондай сөздерде септік жалғау-ының консервациялануы жаңа сөздердің жасалуына негізгі себепкер болады.
Осындай жаңа сөздердің жасалуына септік жалғауларының бар-лық формалары бірдей себеп бола алмайды, олардың ішінде барыс, шығыс, жатыс, көмектес септіктерінің қосымшалары ғана консерва-циялануға бейім тұрады.
Тарихи тұрғыдан қарағанда, септік жалғаулары көне (елі) және қазіргі тілдегідей жаңа (тірі) септік болып, екі жікке бөлінеді. Осы-лардың ішінде септік жалғауларының алғашқы (көне) тобы тілдің даму тарихында ерте замандардың өзінде-ақ үстеулердің жеке сөз табы болып қалыптасуында келелі роль атқарған. Ондай көне септік жалғаулары сан жағынан да, форма жағынан да онша көп емес және олар арқылы жасалған үстеулердің саны да шамалы. Мысалы, үстеу-лердің жасалуына себеп болған ондай көне септік формаларына не барыс септік жалғауы -қары (-ғары, -к е р і\\-г е р і), -ы р а, -р і қосымшалары, көне көмектес септік жалғауы (инструментальдық септік) -ы н (~і н), -с і н қосымшасы, -м а н {-м е н) қосымшасы жатады.
-қ а р ы\\-ғ а р ы, -кері\\-гері қосымшасы арқылы жасалған үстеулер сан жағынан аздығына қарамай тілімізде өте жиі қолданы-лады. Формалық жағынан соншалық сіресіп қатып қалған сөздер болғанымен мұндай үстеулер іштей түбір және қосымша етіп қарау-ға құрамдың жіктері жағынан өте айқын көрініп тұрады. Ондағы тү-бірлер тілдің ерте бір кездегі даму дәуірінде жеке қолданылған, қазір түпкі түбір тұлға ретінде ғана танылатын немесе қазірдің өзіндд де жеке қолданылып жүрген дербес мағыналы жеке сөздер болған. Мысалы, сыртқары, тысқары, ішкері деген сөздердің сырт-қары, тыс-қа-ры, іш-кері болып бөлінуі ешбір күман тудырмайды. Олардың негізгі түбірі сырт, тыс, іш сөздері қазірдің өзінде де жеке қолданыла береді. Ал, жоғары, ілгері сөздеріне негіз болған жо (-ғары), іл (-гері) тұлғалары қазіргі кезде жеке қолданылмайды.
-қ а р ы\\-ғ а р ы жұрнағының тілімізде -ы р а, -р і сияқты түрлері де кездеседі. Мыс.: соңыра, әрі, бері, кері. Мұндағы -ы р а (соңыра) соңыра (сон-ғыра) түрінен түбір сөздегі -н (соң) мен қосым-шаның алғы -ғ (-ғыра) дыбыстарының сіңісуі арқасында -ң дыбысына (соңыра) айналуы, сөйтіп ол -ң дыбысының түбірге ауысу (соң-ыра) заңдылығымен пайда болған болу керек. Бұлайша -н мен -ғ дыбыс -тарының сіңісіп -ң дыбысына көшуі (манға > маңа, санға > саңа)
207
түрік туыстас тілдерде көптеп кездеседі. Ал, -р і (әрі, бері, кері) қосымшасы -қ а р ы\\-к е р і формаларының -р ы\\-р і тұлғасымен тектес. Әдетте, -қары\\-кері қосымшасы -қа\\-ке және -ры\\-рі тұл-ғаларынан құралған күрделі қосымша ретінде қаралады.
-ы н\\-і н қосымшасы көне көмектес септігінің көрсеткіші деп қаралады. Ол арқылы жасалған сөздер де тым аз: қысын, жазын, кейін, астыртын, бертін, үстіртін деген сияқты. Бұл қосымша — тарихи тұрғыдан ғана көмектес септігінің жалғауы болып қаралғаны болмаса, негізінде, қазір жұрнақтық қасиетке ауысып кеткен форма. -ы н\\-і н қосымшасының қазіргі қазак, тілінде -н формасы да кездеседі. Мысалы, қашан? сұрау есімдігі әуелдегі қай шақын сөздерінен ықшамдалып қалыптасқан. Сондағы шақ-ын формасы бертін келе ша-н түріне ауысқан.
-с ы н||-с і н қосымшасының әзірге сыры белгісіз. Бірақ -ы н\\ -ін қосымшасымен қатысы бар екені анық сезіледі. -ын\\-ін арқылы ертеңгісін, кешкісін сияқты мезгіл устеулері жасалған.
-м е н, -м а н қосымшасы арқылы әрмен, бермен, төмен сияқты үстеулер жасалған. Ғалымдардың айтуынша, мұндай сөздер әрі та-мая, бері таман сияқты сөз тіркестерінен ықшамдалған. Бірақ төмен сөзінің құрылысы өзгеше. Осыған қарап -м ан, -м е н барыс септі-гінің көне бір түрі емес пе деген ой келеді.
Бұл аталған қосымшалар басында сөз байланыстыратын жал-ғаулық көрсеткіштер болса да, қазіргі кезде жалғаудан гөрі жұрнақ дәрежесіне ауысып кеткен; оларды тек тарихи тұрғыдан ғана жал-ғаулық көрсеткіштер деп атауға болады. Үстеулердің пайда болуына негізгі себепкер болған бұлардан өзге де кейбір септік жалғаулары бар. Бірақ олар алғы көне жалғаулардай емес, қазақ тілінде күні бү-гін қолданылып жүрген актив формалар. Бұл жалғаулардың бойынан жұрнақтық қасиет табу қиын, бірақ олар белгілі бір жағдайда жалғаулық қасиеттен ауытқып кеткен формалар ретінде ұшырасады. Мысалға кешке, басынан, алдымен сияқты сөздерді алсақ, осы сөздерде септік формалары жалғаулық қасиеттерін толық сақтап тұрмағандығы сезіледі. Егер кешке сөзіндегі барыс септік жалғауы -ке өз мағынасында болса, қимылдың бағытын білдірген болар еді. Ал, осы кешке сөзінен біз ондай қасиетті таба алмаймыз, оның қазіргі мәні — мезгіл, белгілі бір уақыт мерзімін білдіру ғана. Сол сияқты, басынан, алдымен сөздерінің бойынан да септік жалғауларына тән мағыналарды кездестіре алмаймыз. Дәлел үшін мына мысалдарды салыстырып көрейік.
Күн к е ш к е жақындап қалған еді деген сөйлемдегі кешке сөз-зінің барыс септік жалғауы бет алыс бағытты білдірсе, Сейтен к е ш-к е келді (Ерубаев) дегендегі кешке сөзінің -к е формасынан ондай мағына табу қиын және оны кеш түбірінен бөліп алып қараудың өзі де қолайсыз, өйткені сөз мағынасына нұқсан келеді. Немесе Балық б а с ы н а н шіриді (мақал) дегендегі басынан сөзінің шығыс септік жалғауы (-нан) қимылдың шыққан орнын білдіретін болса. Б а с ы- н а н байқамасаң, аяғында адасасың (Мақал) дегендегі -н а н фор-масы шығыс септік қасиетінен мүлде алшақтаған. Сол сияқты, Ақылдының а л д ы м е н жүр, Ақымақтың артымен жүр (мақал) дегендегі алдымен сөзіндегі көмектес септік жалғауын Елге а л - д ы м е н су, нан, баспана керек (Мұстафин) дегендегі алдымен сөзіндегі -мен тұлғасымен қатар қоюға болмайды.
Демек, бұл мысалдардың екінші сөйлемдеріндегі кешке, басынан, алдымен сөздеріндегі барыс (-к е), шығыс (-н а н), көмектес
208
(-м е н) жалғаулары, әрине, септік жалғауларының тұлғалары бол-ғанымен, қазіргі қолданылу дағдысында жалғаулық қасиеттен алшақтап, түбір морфемалармен (бір бүтін) тұтас алып қарауды қажет ететін, дербес бір тұлғаның бөлінбейтін бөлшегі деп танырлықтай дәрежеге ауыскан.
Үстеулердің бұлайша қалыптасуында мынадай заңдылықтар бар: ең алдымен, белгілі бір сөз таптарына тән жеке сөздер кейбір септік жалғауларын қабылдап, сол формада жиі қолданылу нәтижесінде өздерінің бастапқы нақтылы объекгивтік мағыналарынан алшақтай-ды, сөйтіп мағыналары басқа бір сөздер тобына ауысады. Сөз мағыналарының бұлайша дамуы, сөйтіп олардың басқа сөз топтары-на ауысуы, әрине, бірден емес, үзақ уаңыт бойы дамып қалыптасу себебінен туады; ондай жалғаулар (қосымшалар) бірте-бірте өздері жалғанған сөздерінің бөлінбейтін бөлшегіне айналып әбден орнығып қалыптасады. Осы себепті жалғаулық қасиеттен біршама арылған ондай қосымшалар өзге сөздердің құранды бөлшегі дәрежесіне көшіп консервацияланған формалар есебінде келеді. Осылайша форма жағынан соншалық көнеленіп, мағына жағынан әуелгі төркінінен әбден алшақтай келе, бастапқы өз тобынан өзге сөздер тобына ауысқан мұндай үстеулер форма жағынан ешбір өзгеріске енбейді, грамматикалық формалар арқылы түрленбейді. Сөздердің бұлайша белгілі бір сөз таптарынан екінші бір сөз таптарына ауысуы, біріншіден, морфологиямен тікелей байланысты болса, екіншіден, синтаксиспен де қатысты болады. Сол себепті жаңа сөздің бұлайша жасалу жолы тіл ғылымында морфолого-синтаксистік тәсіл деп аталады.
Осы мәселемен байланысты профессор Ң. Жұбановтың бір құнды пікірін еске алмасқа болмайды. Күн ұзаққа деген тіркес жайын сөз ете келе, Жұбанов ұзаққа сөзіндегі барыс септігі туралы былай дейді. “Направительный падеж в слове ұзаққа (в сочетании күн ұзаққа) напоминает традицию древних литературных языков Восточного Туркестана, для которых данный падеж в словах, указывающих на время совершения действия, был не исключением, а нормой”18. Бұдан әрі кешке, жылына, күніге деген сөздер де осы тұрғыдан қаралады. Демек, қазіргі қазақ тіліндегі септік жалғауларының көнеленіп (консервацияланып) үстеу сөздердің құрамында жүруінің тарихи дәлелі мен себебі барлығы айқын.
Көсемшенің -п, -а, -е, -й жұрнақтарының консервациялануы ар-кылы үстеулер тобына ауысып келген жорта, арнай, қайта, көріне сияқты сөздердің де жасалу жолы осылай. Олар да мағыналық жа-ғынан әуелгі төркіндерінен алшақтау негізінде форма жағынан әбден көнеленіп басқа сөздер (үстеулер) тобына ауысқан, яғни морфолого-синтаксистік тәсілмен жасалған.
Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер құрамында сөз тудырудың син-таксистік тәсілі арқылы жасалған, соның ішінде делексикалану, лек-сикалану және грамматикалану тәсілдері19 арқылы жасалған сөздер, көп кездеседі.
Делексикалану тәсілі арқылы жасалған үстеулердің ішінде құ-рамындағы сөздердің дыбыстың не мағыналық өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен кірігуі арқылы жасалғандары да бар. Мысалы, мұндай делексикалану жолымен кіріккен үстеулер қатарына бүгін, биыл, түнеугүні, жаздыгүні, біржола, соғүрлым т. б. сөздері жатады.
18 X. Ж у б а н о в. Исследования по казахскому языку, вып. I. Из истории порядка слов в казахском предложении. Алма-Ата, 1936, стр. 9.
19 Сөздердің делексикалану, лексикалану және грамматикалану жолдары А. И. Искаковтың алда аталган еңбегінде толык, баяндалған, 77—83-беттер.
209
Лексикалану тәсілі арқылы жасалған үстеулер — құрамындағы сөздердің ешқандай фонетикалық өзгерістерге енбей, сол күйінде қолданылуы негізінде белгілі бір үстеулік мағыналарға ие болған сөздер, демек, олар — өз ара ешбір формалық өзгеріске түспей-ақ мағыналық тұтастықта қолданылатын күрделі сөздер. Ондай лексикалану жолымен қалыптасқан үстеу сөздер қатарына біраз, небір т. б. сияқтылар жатады.
Грамматикалану жолымен қалыптасқан үстеулер тіпті көп. Сол себептен бұл тәсілді үстеу сөздердің жасалуындағы ең бір өнімді амал деп атауға болады. Грамматикалану жолының ішінде үстеу сөз-дердің жасалуындағы негізгі де, өнімді де тәсіл болып саналатыны — жеке сөздердің өз ара не өзге сөздермен қосарланып айтылуы. Ондай қосарланып айтылған сөздер форма жағынан алуан түрлі болып келе береді. Бұл жөнінде үстеулердің мағыналық топтарының тұсыңда толық айтылмақшы.
Сонымен, қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер — құрамы жағынан қарағанда соншалық әр түрлі сөздер. Олар зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік және басқа да қазіргі кезде белгісіз сөздерге әр алуан сөз тудыратын әр алуан қосымшалар қосылу арқылы немесе сөз түрлендіретін және сөз байланыстыратын жеке сөздердің бөлінбес бөлшегі дәрежесіне айналып әбден көнеленіп, өз мағыналарынан алшақтау негізінде, сол сияңты, әрқилы сөздердің делексикалану, лексикалану және грамматикалану тәсілдері негізінде пайда болған.
Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер құрамы жағынан ғана емес, грамматикалық құрылысы жағынан да әр алуан. Олар іштей негізгі түбір үстеулер және туынды түбір үс т е у л е р болып екіге бөлінеді де, туынды үстеулер тобы өзінше ж а л а ң және к ү р д е л і болып жіктеліп, оның күрделі туынды үстеулері өз ішінде біріккен және қосарланған сөздер болып тағы да ажырасып жатады.
Негізгі үстеулер саны аса көп емес. Олар — семантикалық және лексикалық жағынан бөлектеніп оқшауланған дербес топ. Олардың әрқайсысы өзінше фонетикалық лексика-семантикалық және грамматикалық тарихы бар сөздер бола тұрса да, көпшілігі қазіргі кезде морфологиялық жағынан бөлшектеуге келмейтіндей жағдайға көшкен, егер кейбірін бөліп қарағанда, ондай тұлғалар жеке қолда-нылмайтындай дәрежеге жеткен сөздер. Мыс.: әзір, әлі, багана, бұрын, ерте, жаңа, енді, кеш, кеше, қазір, мана, ұдайы, ылғи, әзер, әрең, бекер, дереу, жай, жедел, кенет, жылдам, құр, оқыс, оңаша, түгел, тез, шұгыл, аса, бек, ең, мүлде, нағыз, орасан, өте, тым, тіпті, әдейі т. б.
Негізгі үстеулер сын есімнің шырай категориясына тән -рақ\\ -р е к, -д а у\\-д е у қосымшаларын қабылдай алады және кейбір сөз тудырушы қосымшаларды қабылдап, сондай-ақ қосарлана қолданы-лып, жаңа формалар тудыра алады.
Жалаң туынды үстеулер қатарына басқа сөз таптарынан түрліше жұрнақтар арқылы жасалған ауызша, жастай, жағалай, қаперсіз, бөлекше, тірілей, бірдей, жекелеп, барынша, соншама, ондайлық, олай, сеспей т. б. сияқты туынды сөздер; ақырында, соңыра, баяғы-дан, үстіртін, бірге, бірден, мұнда, текке,заматта, бертін, арман т. б. сияқты септік жалғауларының консервациялануы арқылы ауысқан көнеленген сөздер жатады.
Күрделі туынды үстеулер қатарына жеке сөздердің бірігуі және кірігуі арқылы жасалған ауызекі, жазғытұрым, біраз, анағұрлым, бірқыдыру, кешқұрым т. б. сияқты сөздер мен сөздердің өз ара қо-сарлана қолданылуы арқылы жасалған күнбе-күн, жазы-қысы, қол-ма-қол, топ-тобымен, ашты-тоқты, ашықтан-ашық, бірте-бірте,
210
бестеп-ондап, елу-алпыстап, өзінен-өзі, олай-бұлай, ара-тұра, кие-жара, ішпей-жемей, әп-сәтте, аман-есен, астын-үстін, тіп-тіке, қаз-қатар, әрлі-берлі, өте-мөте, ауық-ауық, апыл-құпыл, жым-жырт, үсті-устіне т. б. сияқты сөздер жатады. Үстеулердің бұл түрі өте көп. Сондықтан олар үстеулердің тек жеке мағыналық топтарының тұсында ғана сөз болады.
Сөйтіп, қазіргі қазак тіліндегі үстеулер, негізінде, ешбір грамма-тикалық өзгерістерге енбейтін сөздер. Олар белгілі бір көнеленген грамматикалық формалар арқылы басқа сөз таптарынан ауысып келген сөздер болғандықтан, құрамы жағынан әр текті және құрылысы жағынан әр алуан болып келеді.
ҮСТЕУДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТОПТАРЫ
Үстеулер жеке сөз табы ретінде бір бүтін, тұтас бір категория бо-лып келгенімен, іштей көптеген айырмашылығы бар бірнеше жеке топтарға бөлінеді. Ол топтар өзіне тән сөздердің морфологиялық құрамы не құрылымы жағынан емес, негізінде, семантикалық бірыңғайластығы, мағыналық бірөңкейлігіне байланысты бірігеді. Сол себепті үстеулерді іштей топтаудағы негізгі принцип оларды тек мағыналық тұрғыдан жіктеу болып саналады. Үстеулерді осылайша топтағанда: мезгіл үстеулері, мекен үстеулері, мөлшер үстеулері, бейне үстеулері, күшейту үстеулері, мақсат үстеулері, себеп-с а л -д а р және топтау үстеулері болып сегіз топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |