Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967



бет20/22
Дата27.12.2016
өлшемі6,92 Mb.
#5669
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

ЖАЛҒАУЛЫҚТАР

Жалғаулықтар қатарына мағынасы дерексіз, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемдерді байланыстыру үшін жұмсалатын сөздер жатады Басқа шылаулар тәрізді, жалғаулықтар өзіне қосымша жалғамай-ды. Демеуліктерден айырмасы — бұлар тиянақты формада келіп өз ара тең тұрған сөздерді, сөйлемдерді (яғни бірыңғай мүшелерді, салалас сөйлемдерді) байланыстырады, солардың арасындағы грамматикалық қатынасты білдіреді.

Мағынасына қарай жалғаулықтар 6 топқа бөлінеді.

1. Ыңғайластық жалғаулықтар: әрі, да (де, та, те), және, мен (пен, бен).

2. Қарсылықтык; жалғаулықтар: ол, алайда, әйтпесе, әйтпегенде, әйтсе де, бірақ, дегенмен, онда да, әйткенмен, сонда да.

3. Талғаулықтық жалғаулықтар: әлде, болмаса, бір, біресе, жоқ, не, немесе.

4. Себептік жалғаулыңтар: неге десең, не үшін десең, себебі, өйт-кені.

5. Салдарлық жалғаулықтар: сондықтан, сол себепті, сол үшіне



  1. ПІарттық жалғаулықтар: егер, егер... онда.

Жалғаулықтардың жұмсалу шеңбері, өресі бірдей емес. Бұл

олардың мағынасына, қалыптасу тарихына тәуелді. Жалғаулықтар-дың әрқайсысына тән жұмсалу ерекшелігі өз тұсында айтылады.



м А. Әбілқаев. Де етістігінің мағыналары мен қызметі. Алматы, 1958, 26 бет.

225


Ыңғайлас мәнді жалғаулықтар

Ыңғайластық жалғаулықтардың бірыңгай мүшелерді байланыстыруы.



Мен — өте жиі жұмсалатын жалғаулық.

Ол сөйлемдегі бірыңғай зат есім, есімдік сөздің немесе субстан-тивтеніп жұмсалған сын есім, есімше сөздердің арасын байланысты-рады. Сонымен бірге бұл жалғаулық арқылы есім сөзден жасалған күрделі етістіктердің негізгі компоненттері жалғасады да, көмекші етістік екеуіне ортақтасып соңынан келеді. Мыс.:



Куймеге мінетін ¥лжан м е н Қамқа ғана. (Әуезов) Пішенші-лердің жейтіні ірімшік п е н құрт. (Мұқанов)

Мен жалғаулығының тек өзіне ғана тән тағы бір ерекше қызметі бар. Ол ортақ етіске қатысты бірыңғай сөздерді арасы, ортасы деген сөздерге қатысты бірыңғай сөздерді немесе өз ара салыстырылып тұрған заттарды білдіретін сөздерді байланыстырады. Бұл ситуация-ларда мен-нің орнына басқа ыңғайлас жалғаулықтардың ешқайсысы жүре алмайды. Мыс.:

Шал м е н Андрей кеңесіп келеді. (Мұқанов) Осымен іс бітті, оқу м е н тәрбиені ұштастырдық дей аласыңдар ма? (Иманжанов)

Бірыңғай сөздердің мен жалғаулығы арқылы байланысқанда, тіркес жинақты, тұжырымды болып келеді. Бұл — оның басқа ыңғайластық жалғаулықтардан бөлек ерекшелігі. Жалғаулықтың қызметіндегі бұл ерекшелік стильдік мақсатта көп пайдаланылады. Бір сөйлем ішінде бірыңғай сөздер көп болған жағдайда тізбекті шұбалаңқы етпеу үшін, олар екі-екіден жұпталады. Әр жұпқа телінген бірыңғай сөздер мен арқылы байланысады да, жұп-жұптың арасын және жалғаулығы байланыстырады немесе олар жалғаулық-сыз-ақ қатар тұра береді. Мыс.:



Мыналары болса зорлығы м е н көптігін, күші м е н кәрін қолмен де батырып жібере алады. (Әуезов) Бұрын бұл үңгірге келмеген Дәрмен, Әлмағамбет ж ә н е Кәкітай мен Мағаш ақырын сөйлесіп, жай әзілдегкен болса да, аяқтарын қорақтай басты. (Әуезов)

Бірыңғай сөздер мен (пен, бен) арқылы байланысқанда жалғау, көмекші сөз соңғы сыңарына тіркеседі де, екеуіне ортақ болады.



Және қызмет ету өресі кең болғанмен, бірыңғай сөздерді жалғас-тыруда сирек жұмсалатын жалғаулық. Ол өз ара тең, бірыңғай больш келген сөздердің бәрін байланыстыра береді. Бұл жалғаулық сөздердің қай сөз табына жататынын, оның сөйлем құрамында атқаратын қызметін талғамайды. Жәненің қызметіндегі тағы бір ерекшелік — ол бірыңғай сөздерді даралап атап, жекелеп көрсете байланыстырады. Мыс.:

Сені ойда орыс, қырда қазақ түгел біледі ж ә н е сыйлайды, ...биік ж ә н е сом денелі Тасбай нығызсыған адам болғанмен, көргені, естігені Мәжіктен анағұрлым аз екені байқалады. (Мұқанов)

Және қатар келген бірнеше бірыңғай сөздердің соңғысының ал-дында келгенде, бірыңғай сөздердің қатарының аяқталғанын білдіреді. Мыс.:

Қоңыр адырлы боз бұйраттардан арқар, елік ж ә н е киіктерден күн сайын екі-үшеуін атып әкеп тұрды. (Көшімов)

Және арқылы байланысқан бірыңғай сөздердің әрқайсысы өзіне тиісті жалғауды жеке қабылдайды, бірақ көмекші сөздер қайталан-бай, ортақ болып келеді де, соңғы сөзден соң тұрады. Мыс.:

Терезенің пердесі түсірілген, іші қаракөлеңке ж ә н е салқындау е к е н. Қайықпен жүзіп барған олар қайырға шықса, құмы құрғақ ж ә н е салқын б о л а д ы. (Мұқанов)

226


Әрі — көбінесе заттың, қимылдың сапасын білдіретін сөздерді байланыстырады. Бұл жалғаулықтың бастауыш, толықтауыш қызметіндегі сөздерді байланыстыру үшін жұмсалуы аз. Жалғаулықтың бұл жұмсалу ерекшелігі оның мағынасына байланысты. Әрі сөйлем мүшелерін тек жалғастырып қана қоймайды. Ол сөздер арқылы аталатын сапа, іс бір ғана затқа тән екендігін білдіреді.

Жалғаулықтың бойындағы бұл ерекшелік мынандай жағдайда айқын байқалады. Кейде бірыңғай сөздер біріне-бірі қарама-қарсы сапаларды білдіреді. Бұлар әрі жалғаулығымен байланысқанда, бұл сапалар қарама-қарсы мағыналы болғанымен бір заттың, бір істің бойына сыйысып тұрғандығын білдіреді. Мыс.:



Ол қайда дейсің-ау. Бәкен, ол ә р і алыста, ә р і жақында, (Иманжанов)

Қыздың бұл ә р і биязы, ә р і паң мінезі мұғалімдерді бір жа- ғынан сүйсіндірді, екіншіден, намысын қоздырды. (Иманжанов)

Әрі — баяндауыш қызметіндегі бірыңғай сөздерді байланыстыр-ғанда да, сол сөздер арқылы аталатын іс, қимыл бір ғана затқа тән екендігін, іс-қимылдың бір мезгілдік аяға сыйып тұрғанын білдіреді. Мыс.:

Бұл сөзге Кошкин ә р і ұялды, ә р і намыстанды. Дәметкеннің қылығына ә р і сүйсінді, ә р і аяды. (Мұқанов)

Әрінің — бірыңғай толықтауыш мүшелерді байланыстыруы ті-лімізде сирек кездеседі. Мыс.:

Ал ә р і өзенін, ә р і ұзын қырқасын да Балқыбек атайтын бұл қоныс бұл съезге әдейі бір жақсы ойлап тапқан қоныс. Содан соң ә р і оған, ә р і аналарына жауап етіп: қонағым Біржан. Ол Тобықты көрмеген өнер иесі, деді. (Әуезов)

Жоғарыда келтірілген мысалдарымыздың бәрінде әрі әр бірыңғай мүшелердің алдынан қайталап келіп отырған. Бірақ әрі былай қайталамай-ақ, екі бірыңғай мүшенің арасында да тұра алады. Осы-лай жұмсалғанда да әрі ілгеріде аталған мағынасыңан айрылмайды. Мыс.:



Трейке мекенін өңдеу біздің қолымыздан оңайлықпен келмейтін орасан үлкен ә р і аса ауыр жұмыс болып шықты. (Макаренко) Үне-мі томсарған салқын ә р і шыншыл жүзбен сөйлейді. (Әуезов)

да (де, та, те) — жалғаулықтардың ішінде мағына жағынан да, тұлға жағынан да ең тиянақсызы. Ол байланысқа түсетін сөздердің алдыңғысына жапсарласып, соның ықпалымен түгелдей құбылып жұмсалады. Бұл жалғаулықтың қызметі де, мағынасы да сөздердің, сөйлемдердің өз ара қатынаста тұрғанын білдіру, солардың арасына дәнекер болып жалғастырып тұру. Өз жанынан олардың арасына бұл жалғаулықтың басқа қосатын мағынасы жоқ. Ал сөз, сөйлемдердің арасындағы қатынас олардың лексикалық мағынасының ара салмағынан туады.

да (де, та, те) — әр бірыңғай сөзден соң тұрып затты, сынды са-нақтап көрсету үшін жұмсалады. Мыс.:

Екі жылдан асқан соғыс кейістігі ұмтылып, әр солдат майданға жаңа келе жатқандай қызу д а, сергек т е. (Мүсірепов) Кешелі~ бүгінді тірелген жаңалары болмаса, өзгесі мұң басқандай өңсіз д е, көңілсіз д е жүдеу тұр. (Мүсірепов)

да (де, та, те) — кейде қайталамай, тек екі сөздің ортасында тұ-рып, соларды ғана өз ара байланыстырып тұрады. Мұндай сөздер сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Жалғаулық екі сөйлем мү-шесін байланыстыруға тек дәнекер болады да сөздердің арасындағы қатынас олардың лексикалық мағынасының ара салмағына сай ай-

227


қындалады. Бірыңғай сөздер етістік болып, олар кезегімен болатын істі білдіретін болса, олар мезгілдік қатынасңа түседі. Мыс.:

Тәкежанды орнынан алған бүйрықты осы ел ішінде құпия тап-сырмамен қалып бара жатқан тілмашқа берді д е, жүріп кетті. (Әуезов) Күндіз айнала жүйткіген жел кешке қарай теріскейге шықты д а, қатая түсті. (Мұқанов)

Бірыңғай баяндауыштар бірінен соң бірі тез, шұғыл болатын істі білдіргенде олардың да\\де арқылы байланысуы ерекше қажет си-яқты. Жалғаулық арқылы байланыспаса, бірынғай мүшелер ол мағынаны бере алмайды. Мыс.:



Қайта кіріп айт. Сенде аса қауырт жұмысы бар екен де, соны айтады, д а, шығады. ол., Ендеше қазір барам д а, қайтам. (Мұ-канов)

Бұл қатынастағы бірыңғай сөздердің айтылу интонациясында да ерекшелік бар. Олар ерекше екпінмен, шұғыл айтылады.



да (де, та, те) жалғаулықтары арқылы байланысқан бірыңғай баяндауыштар есім сөзден болса, олар тек бірыңғай мүше ретінде ға-на байланысады. Олардың арасында мезгілдік қатынас болмайды. Өйткені бұл сөздер іс, қимылды білдірмейді, тек заттың бойындағы сынды, сапаны атайды. Мыс.:

Шығыс жағымнан көк түтінге оранып, бүлдырай Керчъ қаласы көрінеді. Бар дүние жансыз д а, ажарсыз. (Мүсірепов) Түймелері тағулы д а, ілулі. (Әбішев)

Осы сияқты етістіктен болған баяндауыштар да өз ара кезегімен болатын істерді білдірмесе, да (де, та, те) жалғаулығымен тек бірың-ғай мүшелер ретінде байланысады. Олардың арасында да мезгілдік қатынас болмайды. Мыс.:



Аз сырластық т а, аз білістік. (Иманжанов) Егер менімен тату боламын десең, бос сөзді маған естіртпе д е, бос жүргеніңді маған көрсетпе. (Әбішев)

да (де, та, те) — тек бірыңғай мүшелерді ғана байланыстырып; қоймайды. Ол күрделі сөздердің, қос сөздердің компоненттерінің арасына кірігіп те дәнекерлік қызмет атқарады.

Мына мысалдарда да (де, та, те) күрделі етістіктердің қүрамын-дағы компоненттерді байланыстырып тұр. Мыс.:



Екеуі маған жатты д а жалынды. Аттарын ұстап дайын отыр екен, жатады д а қуады. Құлақты, ашып едім, су егінді алды д а кетті. (Мұқанов)

Бұл сөйлемдердің ішіндегі күрделі етістіктердің құрамындағы компоненттер көсемше арқылы байланыспай, да (де, та, те) жалғау- лығымен байланысып тұр. Мұндай жағдайда жалғаулықтар көсем-шенің орнын басып қана қоймайды. Жалғаулықтармен байланысқан етістіктің мағынасына қосымша өң кіреді. Мысалға мына екі сөйлем -ді өз ара салыстырып көрейік: Қүлақты ашып едім, су егінді алып к е т т і. Құлақты ашып едім, су егінді а л д ы д а к е т т і. Бірін- ші сөйлемдегі күрделі етістіктің компоненттері көсемшенің форма-сы арқылы байланысқан, екінші сөйлемде етістіктің компоненттері жалғаулық арқылы байланысып тұр. Соңғы сөйлемде күрделі етістік істің тез, шапшаң болғанын білдіріп тұр. Бұл мағынаны білдіруге жәрдемші болған — жалғаулық. Жалғаулық күрделі етістікті екпін түсіріп ерекше интонациямен айту үшін жағдай жасады. Егер күрделі етістік осы интонациялық ерекшелігінен айрылса, қимылдың тез, шапшаң болуы білінбей қалады.

228

Ыңғайлас мәнді жалғаулықтардың сөйлемдерді байланыстыруы



Ыңғайластық жалғаулықтар мұнда да ілгеріде аталған жұмсалу ерекшеліктерін сақтайды. Жалғаулықтардың қызметі негізінен сол қалпы болғанымен, байланысатын объектілер бірыңғай мүшелерден гөрі күрделі синтаксистік категория болғандықтан, олардың арасын-дағы і қатынас та өзгеше болып келеді.

Сөйлемдерді байланыстыруда және көбірек жұмсалады.



Және екі сөйлемнің өз ара байланысты екенін ғана білдіріп тұ-рады. Ал, сөйлемдер өздерінің мағыналарының жуықтығына қарай түрлі қатынаста болады.

Және арқылы байланысатын сөйлемдердің екіншісі бірінші сөй-лемде айтылған ойды, пікірді толықтырып, анықтап, пысықтап тұра-ды. Бұл сейлемдерде айтылатын ой бір-ақ зат туралы болады. Сон-дықтан ол сөйлемдердің ортақ мүшесі болады: бір сөз екі сөйлемде де ұшырасады немесе бірінші сөйлемдегі есім сөздің орнына екінші сөйлемде есімдік жүреді. Мыс.:

Оразбайды ел ішінде де қостайтындар бар, олар ж ә н е көп. (Әуезов) Арада бір жылдан аса уақыт өтті, бұл бір жыл ж ә н е тез өтті. (Көбеев) і

Және басыңқы сөйлемге қатысы жағынан өз ара бірыңғай бағы-ныңқы сөйлемдерді байланыстыру үшін жұмсалады. Мыс.:

Биыл балалар мектепті бітіретін болгандықтан ж ә н е жақын жерде болыстық мектеп болмағандықтан, балаларды сынақтан өткі-зуге инспектор Хохловтың өзі келді. (Көбеев) Асқар онша әнші жігіт емес еді, әнге ұғымпаз болғанмен, ж ә н е негізгі сарынын бұзба-ғанмен, оның дауысы жатық та, қоңыраулы, да болмайтын. (Мұқанов)

Бірыңғай сөйлемдерді байланыстырғанда ғана жәненің орны тұ-рақты. Ол мұндайда екі бірыңғай сөйлемнің жігінде тұрады. Басқа жағдайда және екінші сөйлемнің басында тұрады немесе соның ішіне кірігіп те кетеді.



Әрі — сөздерді тек байланыстырып қана қоймайтынын, оның өзіне тән мағынасы бар екені жоғарыда айтылды. Сөйлемдерді бай-ланыстырғанда да ол сол мағынасына сай жұмсалады. Ол байланыс-тыратын сөйлемдердің біріншісі бір істің себебін, санын, бір заттың сынын хабарлайды да, екінші сөйлем оны толықтырады, заттың, іс-тің қосымша бір сынын, себебін білдіреді. Мыс.:

Көшелері әрі кең, әрі атқан оқтай түзу, әрі осы көшелердің екі жақ қабырғасына бойының биіктігі екі-үш этажды үйлерден асып, қолдың саласындай болып ағаштар егілген. (Мұқанов) Ол ақ сұр жүзді, үлкен көзді, денелі, балуан болуға тақап жүрген жігіт ә р і күлдіргі, мысқылшыл тілі бар. (Әуезов)

Кейде әрі өзі байланыстыратын әр сөйлемнің басында қайталап келеді. Мыс.:



Ертең де жібермейміз дер, жүдә, оған көне берме, ә р і ауыл күтіп отыр, ә р і уақытың тығыз. Қалың киінсең, ә р і күн өтпей-ді, ә р і денең салқын болады. (Мұқанов)

Сонан соң (онан соң, онан кейін) — сөйлемдерді байланыстыру үшін көп жұмсалатын жалғаулыңтардың бірі. Бұл жалғаулық сөй-леуші бір пікірді айтып келе жатып, кілт жаңа пікірге көшкендігін білдіру үшін, соңғы пікірді алдыңғыға ұластыру үшін жұмсалады. Мыс.:

Және Бөжейді жау қып қуа берсе, астында жатып та аяғын шай-найтын түрі бар. Аңғар солай болып барады. О н а н с о ң істесе, Бөжейге бұл істеді, Бөжей бұған не істеді. (Әуезов) Тұқым сепкішпен айқыштап себілетін тұқымның жартысын бір айқыш, екінші жартысын екінші айқыш септі.

229



С о н а н с о ң атамның өзі осы жерден жаз бойы көз жазған жоқ. (Сланов)

да (де, та, те) жалғаулықтары — арасында мезгілдік қатынасы бар сөйлемдерді байланыстырады. Бұл — мезгілдік қатынастағы сөй-лемдерді байланыстыратын бірден-бір жалғаулық. Бірақ да (де, та, те) жалғаулығымен байланысатын сөйлемдер тек мезгілдік қатынаста ғана болмайды. Оны бұл жалғаулықтардың жұмсалуын жеке-жеке талдағанда көруге болады.

да (де, та, те) жалғаулығымен байланысқан сөйлемдер өз ара бі-рыңғайлық қатынаста тұрады Мыс.:

Шын бедел бар д а, жалған бедел бар. (Иманжанов) Балам, аңсау бар д а, аңсағанды іздеу бар. (Әбішев)

Мысалдарға қарағанда, бірыңғайлас сөйлемдер мағына жағынан ғана емес, грамматикалық формасы жағынан да ыңғайлас больш келеді.



да {де, та, те) жалғаулықтары арқылы байланысқан сөйлемдер бір мезгілде қатар болатын немесе ұдайы қатар болатын істі, оқиғаны білдіреді. Мыс.:

Сіресіп қалғандай табан аудармай кек кернеген ана тұр д а, мың сұрауына бір жауап ала алмай, ызага булығып Антонов тұр. (Мүсірепов) Аңырған аң-таң дағдарыс бар д а, ерні күбірлей түскен үнсіз сыйыну бар. (Әуезов)

да (де, та, те) өз ара байланысқан екі сөйлемде де қайталап келіп, ондағы бірыңғайлас уақиғаларды санақтап, даралап айтуға жәрдем етеді. Мыс.:

Жер астында жел д е жоқ, тілін соза, қызара жылтыраған май шамнан басқа жарық т а жоқ. (Мүсірепов) Бұл уақыттың ішінде біздің ел д е өзгеріп кетті, адамдар д а өзгерді. (Бұлқышев)

Бұл құрмалас сөйлемдердің қүрамындағы әр жай сөйлемге бөлек екпін түсіріліп ажыратылып айтылады. Сөйлемдердің айтылу сазы — бұл мағыналық-структуралық, типті сөйлемдердің басты грамматикалық формасының бірі.

Қазақ тілінде құрылысы жағынан дәл жоғарғыдай, бірақ, мағы-насы өзгеше құрмалас сөйлемдер бар. Ол сейлемдер мыналар. Мыс:

Күн д е батты, теңіз үстіне қорғасындай басқан ауыр бір тұман д а көтерілді. (Мүсірепов) Күн д е кетеді көк бетіне сәулелері таралып, қыз д а шығады күлімсіреп, көк лентаға оранып. (Ерубаев); Жүгіріп самолетке де жеттік, кешкі тамаққа шақырған белгі де, берілді. Іңір д е түсті, боран д а лоқсып-лоқсып қалып, қиқулап жүре берді. (Мүсірепов)

Мысалға келтірілген құрмалас сөйлемдер бірінен соң бірі іле-ша-ла болатын уақиғаларды білдіреді. Олардың құрамындағы жай сөй-лемдер өз ара мезгілдік қатынаста тұр. Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер жұбын жазбай, бір екпінмен айтылады. Олардың арасындағы пауза болар-болмас.



да (де, та, те) — болу кезегі жағынан өз ара тығыз байланысы бар уақиғаларды білдіретін сөйлемдерді жалғастырады. Мыс.:

Бірақ түстен кейін жаңбыр жауды да, комбайн тоқтап қалды (Әбішев)

Қарсылық мәнді жалғаулықтар

Қарсылықты жалғаулықтардың ішінде ең жиі жұмсалатыны — бірақ. Негізгі қызметі — салаласа байланысқан сөйлемдер арасында-ғы қарсылықтық қатынасты білдіру. Бұл қарсылықтық қатынас

230


байланысқа түсуші сөз, сөйлемдердің нақты мағына, мазмұнына қарай турліше құбылып көрінеді.

Тіркескен сөз, сөйлемдердің екіншісі алдыңғы сөзде, сөйлемде айтылған іс-әрекеттің нәтижесіз болғанын немесе жартылай орындалғанын білдіреді. Мыс.:



Асқардың ыңғайына қарай бейімделіп революция отын оның кеудесіне ептеп жақпақ болды, б і р а қ ол арманына Кузнецов жете алмады. (Мұқанов)

Бірақ арқылы тіркескен сөз, сөйлемдер бірін-бірі тежемейді, тек мағыналары қарама-қарсы болып келеді. Мыс.:

Аласа, тықыр, б і р а қ тыгыз бетегемен жайнаған. (Әуезов) Кең жазық маңдайы, күлкісі аз, б і р а қ нұры, мол қара көздері ақылды, ойлы адамды аңғартса, ...сәл ғана толыққан беті салмақты бітімді аңғартады. (Иманжанов)

Әйтсе де, әйткенмен, сөйтсе де, дегенмен — осы күнгі қарсылық-ты бағыныңқыға тұлғалас сөйлемнен дамып шыққан. Бағыныңқы-лардың баяндауыштарының формалары (-са да, -се де, -қанмен т. т.) сөйлемдердің арасындағы қарсылықты қатынасқа кушейткіш мағы-на үстейді.

Бастапқы бағыныңқы сөйлемдердің бойындағы күшейткіштік үс-теме мағына жалғаулықтарға да сіңген. Күшейткіштік мағына сонда да жалғаулығында да бар. Бойындағы осы экспрессивтік мағына бұл жалғаулықтардың жұмсалу өресін өлшеп, белгілейді. Сондықтан бұлар бірақ жалғаулығына қарағанда кем жұмсалады. Кейде бұлар (көбіне сонда да) бір сөйлемнің ішінде бірақ пен қатар жұмсалып, күшейткіш мағына қосады. Мыс.:



Аяғы құрттап, ауыл маңында оттаумен күнелткен бұл текешік көк жасық екен. Дегенмен үй иеісінің ықласына разы қонақтар сойғаның арық деген жоқ,. (Мұқанов) Бірақ итасқанға бөкен келгендей уақыт болды ма? Есебі, бола қойған жоқ-ау деймін. Ә й т- к е н м е н бойдақ малды айдатса да, оқа емес-ау. (Сланов)

Онда да жалғаулығы арқылы байланысқан сөйлемдердің ара-сындағы қарсылықтың қатынас мынадай болады. Мұнда бірінші сөйлемнің өзі заттың, істің шала, шағын екендігін хабарлайды. Жал-ғаулықтан соң тұратын екінші сөйлем іс, заттың тағы бір қосымша кемістігін айтады. Сонымен, онда да алдыңғы ойды толықтыра түсе-тін сөйлемді жалғастыру үшін қызмет етеді. Бұл сөйлем бірінші сөй-лемнің мазмұнын тежей, шектей түседі. Мыс.:

Осы қауырт жұмыста Байжан Гүлнармен анда-санда бір-ақ кез~ десті. О н д а д а кешқұрым ғана. (Мұқанов) Комсомол жұмысын басқаратын қазақ жігіті Ералин әлденені аңғарқысы келгендей, о н-д а д а алыстан орап келіп: Оқыған қашан да жақсы ғой! дейді. (Мүсірепов)

Әйтпесе — көп жұмсалатын жалғаулық, әрі оның атқаратын қызметі алуан түрлі. Мағынасы да басқа қарсылықты жалғаулық-тардан өзгеше. Бұл жалғаулық аркылы байланысқан сөйлемдердің екіншісі ілгергі сөйлем хабарлаған уақиға, іс болмай қалған күнде, соның болмауы нәтижесінде жарық көретін уақиғаны, істі айтады, Байланыстыратын сөйлемдері осылай қарсы мағыналы болған-дықтан, әйтпесе қарсылықты жалғаулықтардың қатарына жатқызылады. Тілімізде әйтпесеге тете жұмсалатын жалғаулық бар. Ол — болмаса. Мыс.:

Шылбырым үзіліп аброй болды, ә й т п е с е атымды көтеріп кетер ме еді, қайтер еді. (Мұқанов) Анау баланың өлімінен әурешілікте болып, мен де мезгілімен ойламай қалыппын, б о л - м а с а биыл

231


іргені алысырақ салар едік. (Әуезов) Жыл бойы қонағыңды көтерейін, кетпеші, ә й т п е с е ала кет бізді. (Мүсірепов)

Әйтпесе бұл мысалдар арқылы көрсетілген қызметінде өзінің төр-кіні — шартты мағыналы сейлемге таяу тұр. Сондықтан оның бұл қызметін абстрактылық дәрежесі төмен, бірақ шығуы бір әйтпегенде де атқара алады. Мыс.:

Өткен жылдары май дәріден осынша тартынған өзіңіз, ә й т п е г е н д е төл мұнан да көбейер ме еді, қайтер еді. (Сланов) Әттең, жылқының жайлауда болғанын көрдің бе, әйтпегенде деп барып “өзім-ақ беріп жіберетін едім” дегенді айта алған жоқ-ты. (Мүсі-репов)

Әйтпесе жалғастырған сөйлемдердің арасындағы қарсылықтық қатынас кейде ілгеріде аталғаннан сәл өзгешелеу болып та келеді. Мыс.:

Олар Дәулетке таныс қайуандар: қабаны ғана, басына қауіп ту-ғанда, адамға қарсы шабады, ә й т п е с е момын-ақ жәндіктер. (Мұқанов) Мен тек Чернышевскийдің өзі үшін ғана қуанамын, б о л- м а с а бұл шын кеңшілік емес. (Әуезов)

Бұл сөйлемдердің арасындағы қарсылық қатынасты байқау үшін бірінші мысалды талдап көрейік: Олар Дәулетке таныс айуандар, қабаны ғана, басына қауіп туғанда, адамға қарсы шабады, ә й т п е - с е момын-ақ жәндіктер. Бұл мысалда жалғаулықтан соң тұрған сөйлем зат туралы жалпы пікірді (заттың негізгі қасиетін) білдіреді: момын-ақ жәндіктер, Ал, бірінші сөйлем осы жалпы пікірге (заттың жалпы қасиетіне) тура келмейтін жеке ескертпелерді (жеке қасиетін) хабарлайды: қабаны ғана, басына қауіп туғанда, адамға қарсы шабады.

Бұл қарсылықтық қатынастағы сөйлемдердің грамматикалық құрамы еркін үйлеседі: баяндауыштары түрлі сөз табынан бола бере-ді, шақтың формаларын да еркін таңдайды.

А л жалғаулығының негізгі қызметі — қайшы мағыналы сөй-лемдерді байланыстыру. Бұл жалғаулықтың көмегімен құрылатын конструкцияны сөйлеушілер екі заттың сын, сапасындағы, ісіндегі ерекшеліктерді салыстырып, қарсы қойып көрсеткісі келгенде пайдаланады. Сондықтан да бұл құрамға кірген жай сөйлемдердің ішінде, көбіне, қарсы мағыналас сөз болады. Мыс.:

Абралы, Күнту, Жақыптар бәрі бұл күнде мыңғыраған бай атан-ган. Ал жатақ атаулы болса саны бұрынғыдан да молайып, көп ортасын кедейлік кернеп барады. (Әуезов) Сен танымадың, жігітім, а л, мен сені таныдым. (Сланов)

А л — өз ара ыңғайлас ойды білдіретін сөйлемдерді байланыс-тыру үшін де жұмсалады. Мыс.:

Оқытушы педагогиканы оқыту әдісін жақсы білу керек,. Педаго~ гикалық шеберлік осы айтылғандарды жақсы білуге байланысты. А л педагогикалық шеберлік әрбір оқытушы үшін ең керекті шарттың бірі. (Көбеев) Тегінде Шыңғыстың асыл шөбі мық, жусан. Бұл қойдың ырысы. А л қыстау атаулы қойға жайлылық жағынан бағаланады. (Әуезов) .

Бұл мысалдарда ал арқылы байланысқан сөйлемдердің ара-сында қарсылық қатынас жоқ.

Талғау мәнді жалғаулықтар

Талғаулық жалғаулықтар болмаса, бір, біресе, әлде, жоқ, не, не-месе, я, яки бірыңғай сөздерді, салалас сөйлемдерді байланыстырып

232

зат, сын, іс-әрекеттің бірінің ғана талғанатынын, бірінің ғана болатынын білдіреді.



Бұл жалғаулықтардың жұмсалу өрісі, жұмсалу реті бірдей емес. Не, әлде, я, яки, бірде әр сөз, сөйлемнің алдында тұрып қайталақтап жұмсалады, бірде тіркесуші компоненттердің арасында тұрып, бір-ақ рет жұмсалады.

Бір, біресе жалғаулықтары тіркесуші сөз, сөйлемдермен бірдей қайталақтап қана жұмсалады. Болмаса, жоқ, немесе — қайталақта-май компоненттердің ортасында тұрып, бір-ақ рет жұмсалады. Мыс.:

Н е тау ешкі, н е арқар болды. Ауыр екен, гүрс етті ғой! (Сланов) Байжан Рахметке дағдылы конвертке салынған н е м е с е үшкілдене бүктелген бірнеше хатты ұстата берді де, шығып кетті. (Мұқанов) Қосқа б і р кірдім, б ір шықтым. (Мұқанов) Б і р е с е лейтенант ашық жүзді, кең маңдайлы аққұба жігіт сияқтанады да, б і р е с е ол күнге күйген күрең түсті көрініп кетеді. (Мүсірепов)

Жоқ, әлде бастапқыда сұраулық сөйлемдердің құрамынан қа-лыптасып, дараланып шыққандықтан қазір де тек сол сөйлемдерді байланыстыру үшін жұмсалады. Бұл екі жалғаулық кейде қатар тұ-рып та жұмсалады. Мыс.:

Жылқыға қасқыр шапты ма, ж о қ Әзімбайлар қашаған қуғызып жүр ме? (Әуезов) Ой басты. ма, ат соқты ма, ә л д е өзінің мінезі ме, әйтеуір ашылған жоқ. (Мүсірепов) Үйдің ішін тұмандата тұнып тұрған папиростың көк түтіні жыбырлатты ма, ж оқ ә л д е қал-ғып отырған Бөлекбасты оятқысы келді ме, бір-екі рет жөткіріп жі-берді. (Әбішев)

Әйтпесе, болмаса — талғаулықтык, мағынада сөйлемдерді байла-ныстыру үшін аз жұмсалады. Мыс.:

Майыр масайып қалып өз міндетін ұмытқаннан ба, б о л м а с а Құнанбай бір өзгеше жамандық етеді деп сескенгеннен бе, әйтеуір бұлқынып алыспақ тәрізденбеді. (Әуезов) Бәрі ақын ба, ә й т п е - с е өлеңді оңай кәсіп көре ме, ұқпай-ақ қойдым. (Иманжанов)

Себеп мәнді жалғаулықтар



Өйткені, себебі, неге десең, не үшін десең — байланыстыратын сөйлемдердің соңғысы алдыңғы сөйлемдегі уақиғаның, құбылыстың себебін білдіреді.

Аталған жалғаулықтардың ішінен тілімізде аса көп жұмсала-тындары — өйткені, себебі. Бұл жалғаулықардың негізгі қызметі — салдарлық-себептік қатынастағы сөйлемдерді байланыстыру. Мыс.:



Артымнан ілесе Тайжанның үйіне кіруге бата алмады, ө й т к е-н і ол үйде аюдай ақырған тентек мінезді Сәлима бар. (Мұқанов) Кешке қарай Бәкеннің аты босаңсуға айналды. Оған біз қинала да қойған жоқпыз, с е б е б і бұли атты Бәкен жолда Тәйкеттің Сүлей-мені деген кісінің үйіне тастап кетіп, тың ат сұрап мінгелі келе жа-тыр. (Мұқанов)

Неге десең, не үшін десең тілімізде сирек ұшырайды. Және ол, көбіне, алдында айтылған ойға дәлел келтіретін сөйлемді тіркестіру үшін жұмсалатын сияқты. Бұл қызметтің басым болуы жалғаулык-тардың шығу тарихына байланысты. Мыс:

Адам баласына адам баласының бәрі дос. Н е ү ш ін д е с ең дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың... бәрі бірдей. (Абай) Сиырды сен айда, дедім Қайыркеге, н е г е д е с е ң олар сенен қорқады да, менен қорықпайды. (Мұқанов)

233


Салдар мәнді жалғаулықтар

Сөйлемдердің арасындағы салдарлық қатынас сондықтан, сол себепті, сонан соң деген жалғаулықтар арқылы білдіріледі. Бұл жал-ғаулықтар арқылы тіркескен сөйлемдердің алдыңғысы бір уақиғаны, істі хабарлайды да, екінші сөйлем осының нәтижесі ретінде туатын уақиғаны атайды. Мыс.:



Үмітей бұл сөзін арманды күдікпен, аса бір құпия сыр етіп айта-ды. Сондықтан бұл сөз, бұл саз бұрын емес, дәл осы арада алғаш айтылғандай болды. (Әуезов) Оқушыны әрі қадағалап, әрі жетелеп отыратын. С о л с е б е п т і оны оқушылар жақсы көретін, қадірлейтін. (Көбеев)

Сонан соң — салдарлық мағынаны беруші жалғаулық ретінде жұмсалғанымен, өзінің бастапқы мезгілдік мағынасынан түгел ары-лып болған жоқ. Тіркесуші сөйлемдердің мазмұнына сай оның салдарлық мағынасы бірде айқын, бірде солғын көрініп, мезгілдік мағынаға жеңдіре береді. Мыс.:

Я, бәрін қайла шешеді қазір. С о н а н с о ң мен де жармастым қайлаға. Жер жақын болып екеуіңіз жеңісе алмадыңыз. Со н а н соң алысқа айдап отырмын. (Мұстафин) Бұрын “тіл” әкелуші барлаушы едім. Бұл өзі жақсы кәсіп болса да, жалықтырды. С о н а н с о ң ашық ұрысқа тіленіп шықтым. (Мүсірепов)

Салдарлық мағыналы жалғаулықтардың ішінде ең аз жұмсала-тыны, сонымен бірге, абстракциялық дәрежесі жоғарысы — сол үшін. Бұл — әрі өте ертеден келе жатқан жалғаулық. Мыс.:



Кеше Мағаштар әңгімесін естігелі түн бойы Абай аунақшып, күр-сініп, қапаға түскен. Қазір күн райы да күңгірт көңілдей. Адамды жүдетіп, тонап, ұдайы иықтап, басып тұрғандай. С о л үшін де Абай тым құрса қиялмен басқа өмірге, өзі сүйген басқаша көңіл мекеніне кетуге тырысады. (Әуезов)

Шарт мәнді жалғаулықтар

Қазақ тілінде сөйлемдердің арасындағы шарттық қатынасты етістіктің -с а\\-с е формасы білдіреді. Шарттық жалғаулық егер осы форманың үстіне үстеліп жұмсалады. Оның сөйлем ішінде бол-мауы сөйлемдердің арасындағы шарттық қатынасты бұзбайды. Бұл жалғаулықтың жұмсалуы, бір жағынан парсы тілінің әсері болса, екінші жағынан -\с а\\-с е формасы көп мағыналы болғандықтан, шарттық мағынаны айқын көрсету қажетіне байланысты болу керек.



Егер — бағыныңқы сөйлемнің бас позициясында тұрады.

Шартты бағыныңқы мен басыңқы сөйлемнің арасында дәнекер болып жұмсалатын тағы бір жалғаулық бар. Ол — онда. Бұл жалғаулық та еркін жұмсалады. Онда басыңқы сөйлемнің басында тұрады. Егер мен онда кейде дара-дара жұмсалады, кейде бір сөйлемнің ішінде қатар келеді. Мыс.:



Е г е р сол кезде топтың алдыңғы жағынан біреудің өктем дауысы шықпағанда,Олжай шатақ шығаратын еді. (Әбішев) Е г е р бала оған түссе, тілімденген денесі лезде тұтасып киіз қотыр болып кетеді. (Мұқанов) Ал, Әбіш, жаңағы сөзің мен Долгов сөзі анық дұрыс сөз болса, о н д а мен де кеше Құнанбай жазықсыз қанын төккен Қодардың ұлы-ұрпағы болсам нетеді. (Әуезов) Бай, былай ететін болсаңыз, о н д а мен мектепті жабамын. (Көбеев)

234


ДЕМЕУЛІКТЕР

Жалғаулықтар да, септеуліктер де тілімізде сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді өз ара байланыстыру үшін, солардың арасындағы мағыналық қатынасты көрсету үшін жұмсалады.

Ал, демеуліктер сөздерді, сөйлемдерді байланыстыру үшін қыз-мет етпейді. Олар өзі тіркескен сөзге қосымша мағына үстейді: кү-шейтеді, тежейді, сұраулық мағына қосады т. т.

Жалғаулықтар, септеуліктер грамматикалық қызметі жағынан сөз байланыстырушы жалғауларға (мысалы, септік жалғауларға) ұқсас болса, демеуліктер сөз тудырушы жұрнақтарға ұқсас. Әлбетте, бұдан демеуліктер ешқашан сөздерді байланыстыру үшін қызмет ет-пейді деген сөз тумайды. Жеке демеуліктер (тек, жалғыз-ақ) сөздер, сөйлемдер арасындағы қатынасты білдіру үшін де жұмсалады. Бірақ бұл синтаксистік қызметті олар өздерінің демеуліктік бітіміне тән мағыналары арқылы жанама түрде атқарады.

Демеуліктердің мағыналары алуан қырлы. Ол сөйлеушінің ау-зындағы сөздің логикалық жағымен де, эмоциялық жағымен де ты-ғыз байланысты: өзі тіркесінде тұрған сөздің немесе толық бір сөй-лемнің мағынасын айқындайды, ерекшелейді, экспрессивтік өң береді. Осындай барлық дерлік немесе бір шама сөздердің үстіне үстелетін абстрактылы мағынаны бойына сіңірген демеуліктер — тіліміздің қазынасындағы аса бір актив, универсалды, әрі икемді дәнекер.

Демеулік сөздің бойындағы абстрактылы мағына өзімен тіркесе-тін атаулы сөздің ыңғайына қарай түрліше конкреттеніп байқалады. Сонысына орай көшпілік демеуліктер бір емес, бірнеше мағынаның иесі тәрізді болып кезге түседі. Сондықтан демеуліктерді мағынала-рына қарай топтау жалпылама түрде болмаса, демеулік сөздің бар мағынасын ескеріп топтау мүмкін емес.

Демеуліктерді мынандай алты топқа бөлуге болады:

1. Сұраулық демеуліктер: ма, ме (ба, бе, па, пе), ше.

2. Күшейту, даралау мағынасындағы демеуліктер: да, де (та, те), -ақ, әсіресе, болса.

3. Тежеу мағынасындағы демеуліктер: ғана, тек.

4. Қарсы қою, салғастыру мағынасындағы демеуліктер: түгіл, тұрсын, тұрмақ, құрылым.

5. Көңіл-күйін білдіретін демеуліктер: -ай, -ау”

6. Модальдық демеуліктер: ғой, екеш, -мыс.

Сұраулық демеуліктер. Аса көп жұмсалатын сұраулық демеулік ма (ме, ба\\бе, па\\пе). Бұл демеулік, негізінен, заттың бойында белгілі сапаның, күйдің істің бар-жоғын білу керек болғанда жұмсалады. Сондықтан ол, көбіне, баяндауыш қызметіндегі сөзбен тіркеседі. Осынысына орай мұны предикативтік аядағы сұраулық демеулік деп атауға болады.



Балаңыздың өзі де оқимын дей ме? Сырекең үйде м е? (Мұқанов)

ма (ме, ба\\бе, па\\пе) тұтас сөзден соң дара келеді. Бұл жалпы ережеден тыс демеуліктің позиция қалпына қатысты ескеретін екі жай бар:

а) -ушы ма еді, -ған ба еді, -ған ба екен, -а ма екен (ала ма екен), -ды ма екен (көрді ме екен), -е ме деймін (келе ме деймін) формалас күрделі етістіктермен бірге жұмсалғанда демеулік негізгі сөз бен кө-мекші сөздің ортасына түседі.

235

ә) баяндауыш қызметіндегі екінші жақ, формалы сөзбен қоса жұмсалғанда демеуліктің кейде түбір мен жалғаудың екі арасына кі-рігіп те кететіні болады. Бұл жағдайда демеулік -мы, (-мі, -бы\\-бі, -пы\\ -пі) болып өзгеріп кетеді. Мыс.: Үйдемісің?



Ауыспалы осы шақ формалы етістіктің үшінші жақ түріне ма\\ ме тіркескенде жақтық жалғаулар түсіп қалады: көріне ме? Кейде сұраулы сөйлемнің формасы стильдік мақсатта ғана пайдаланылады. Мұндайда олар риторикалық сұрақ ретіндегі сөйлемдер деп аталып жүр25.

ма (ме, ба\\бе) жинақтың сан есім, зат есімдерге, жіктік есімдік-терге тіркесіп, сөйлемді ерекше леппен айтуға жәрдемші болады. Мыс.:

Екеуің б е! деді. (Әуезов) Құнанбайға жаңа ғана тіл бітті:

...Аздырарсың, сен б е! (Әуезов)

Осы сияқты ма\\ме Көрдің бе қиқарын (пысығын т. б.) деген тип-тес сөйлемдерде де леп түсіруге жәрдемші болып жұмсалады.

Баяндауыш қызметіндегі келер шақ есімше сөзге тіркесіп те ма\\ ме лепті сөйлем құрамында жұмсала береді. Мұндай сөйлемдерде мұндай жақсы, дәл деген сияқты анықтауыш сөздер жиі ұшырасьш тұрады. Мұндай жақсы болар ма! (Мұратбеков)

Екен, еді, деп кемекші етістігі арқылы жасалған шартты рай фор-малы, келер шақ есімше формалы күрделі етістіктермен бірге жұмсалып ма\\ме тілек, арманды білдіреді. Мыс.:

Ұшсам б а екен деп қомдана түседі. (Көшімов) Сондықтан болу керек, әттең дүние-ай, сол сарайға Ақбота екеуіміз бірге қамалар ма едік деп ойлаймын. (Мүсірепов) Сорлы Медеуге штат, ...билік не керек еді, Тұрлықұлдың етегінен ұстап, дегенін істеп отыра бермес п е дегендер де болды. (Көбеев)

Деп, деген, деймін арқылы жасалған ауыспалы осы шақ форма-лы күрделі етістіктің, екен, деген арқылы жасалған өткен шақ формалы күрделі етістіктің құрамында жұмсалып ма\\ме болжалдық мағына үстейді. Мыс.:

Таршылық адамды тез есейте м е деймін. (Мұратбеков) Бүгін хабарлап, ертең бастаймыз б а деп отырмыз, дедім мен. (Көбеев) Қайтпай м а деген қауіп бар да, қайтады деген үміт бар. (Әбішев)

Демеулік әлде сұраулық мағынада жұмсалады. Қазақ тіліне араб тілінен енген. Сөйлемнің алдынан да, соңынан да тұра береді. Мыс.:



Шырт ұйқыда жатып сен қалай естідің? Ә л д е бір көріп келің бар ма? (Әуезов) Құлағы мен ынта-бейілі тыста. Жалғыз бір үнде. Әнде ме ә л д е? (Әуезов)

Бұл демеулік белгісіздік есімдік туғызуға да қатысады: әлдекім, әлдене т. т.



ше — сирек жұмсалатын демеулік. Бұл заттың күйін, ісін білу үшін, ол туралы жалпы хабар алу үшін жұмсалады. Сондықтан бұл демеулік сұраулық мағынада көбіне бастауыш қызметіндегі сөзбен тіркесіп келеді. Мыс.:

Сен өзің ш е? деп сұраймын мен. (Мұқанов) Балжан ш е? (Мұқанов). Сен ш е? (Мүсірепов)

ше — шартты рай формасындағы етістіктен болған баяндауыш сөзбен тіркесіп те сұраулық мағына үстейді. Мыс.:

Алдағы жылдың күзі құрғақшылық болып тұрса құба-құп. Си-биръдің кейбір жылдары болатын үздіксіз жаңбыры басталса ш е? (Мұқанов)

Қазіргі қазақ тілі. 1954, 372-бет.

236

Ауызекі сөйлеу тілінде ше баяндауыш қызметіндегі шартты рай, ашық рай етістік сөздермен тіркесіп, сөйлеушінің арманын (жауса ше!), шешімін (бармай ше!), ескертуін {осыдан келді ше!) білдіреді. Мыс.:



Шіркін, ол өсітіп көз айырмай өмір бойы қарап тұрса ш е! (Мұ-ратбеков) Шынымды айтайын: жол жайы есіме түскенде, көңлім жү-деген сияқтанады. Жүдемегенде ш е! Тыңды не үшін көтеріп жа-тырмыз? Егін себу үшін ғой„ Сепкен егіннен мол өнім алу үшін ғой! {Мұқанов).

Күшейту, даралау мағынасындағы демеуліктер. да (де, та, те) — сөйлеушінің өз сөзін, ойын күшейтіп айтуы үшін жұмсалады. Мыс.:

Онысы рас т а еді. (Мұқанов) Сенің қолыңнан бүгінде одан зор-дың өзі келейін деп те тұрған жоқ. (Әуезов) Шешінген судан тай-ынбас дейтін, жалаңаш батырың осылар болмаса, жатақтың мүлде сорлағаны д а. (Әуезов)

Демеулік -да (-де, -та\\-те) ауыспалы келер шақ формалы етістік-тен соң келіп, сөйлеуші айтылган ойды тыңдаушының мақұлдауын керек ететіндігін білдіреді. Мыс.:



Сонымен іске кірісеміз де, жолдас жас инженер. (Мұқанов) Көп-шілігі өзіміздей жастар: олардың сауығына біз д е араласайық т а. Ташкенде оқиды д а онда, деді ол (Мұқанов)

Да, де күрделі етістікке телініп жұмсалғанда, ол кейде негізгі сөзбен көмекші сөздің екі ортасына түсіп тұрады. Мыс.:

Көктем егісі басталып т а кетті. Керек десе үйленген күнге дейін бір-біріміздің қандай екенімізді білген д е емеспіз. (Мұратбеков)

Жиі жұмсалатын демеуліктердің бірі -ақ. Бұл аса абстрактылы демеулік. Мағынасы — өзі жалғанған сөзді күшейту. Ол күшейту -ақ тіркесетін атаулы сөздің мағынасына қарай түрліше көрінеді. Мыса-лы, Өзге керейдің ішінде Балта үркердей- а қ (Мұқанов) деген сөй-лемде -ақ Балта руының аздығын білдіретін сөзді күшейтіп тұр. Пәлі, мақұл-ақ (Әуезов) дегенде -ақ мақұл сөзін күшейтіп екпін түсіре айту үшін жұмсалады.

Сөйтіп, -ақ өзіне қатысты сөздің мағынасын күшейту үшін неме-се оған ой екпінін түсіру үшін жұмсалады. Мыс.:

Би алдына бармай-а қ бір ат-шапан айыпты алды бұл жатақ. (Әуезов) Ондағы себеп біреу-а қ, (Мұқанов) Ендеше, мен-а қ қашай-ын, сен-а қ қу! деп, Байжан жалтара жөнелді. (Мұқанов)

Кейде -ақ баяндауыш қызметіндегі сөздің түбірінен соң тұрады да оның жіктік жалғауын өзіне жалғайды. Мыс.:



Алшеке айналаны көріп, болжай айтып отырсыз ғой! Аңғарма-сам, айыпты болар едім. Қайтпас-а қ п ы н деп едім. (Әуезов) Көрер-ақпын! деп асыға жөнелген еді. (Әуезов)

Демеулік -д ы баяндауышпен тіркеседі де, оның шақтық мағы-насын айқындайды. Үстейтін мезгілдік мағынасы — өткен шақ. Осылай екенін -ды- ның есім сөздерден болған баяндауышпен тіркескенде атқаратын қызметінен көруге болады. Мыс.:



Ерболдың жеке аты бар-д ы. (Әуезов) Осыны да үнсіз, жауапсыз тыңдап шыққан-д ы. (Әуезов)

Әсіресе — даралаушы демеулік. Бұл демеулік арқылы бір текті көп зат, іс ішінен бірі жеке-дара белекше аталады. Мыс.:

Абайдың таңдануы Михайловтың екінші әңгімесін естігенде ә с і-р е с е шектен асты, (Әуезов) Ерболға мына сөз ә с і р е с е жат се-зілді. (Әуезов) Абай соңғы күндерде, ә с і р е с е соңғы түнде өзіне бұрын дағдылы болмаған халде. (Әуезов)

Болса ойды екпін түсіріп, ерекшелеп білдіру үшін жұмсалады. Мыс.:

237


Шолпаннан асыра қуып кетті. Жер б о л с а қалың қар, оны қуғанда қай жерге дейін шаппақпын. (Әуезов) Ал сен кедей адамның баласысың, қаржың б о л с а кем. (Көбеев)

Тежеу мағынасындағы демеуліктер. Ғана — негізінен, тежеулік мағына беретін демеулік. Бұл мағынада демеулік барлық сөздермен тіркесе береді. Мыс.:

Жасыл түсін өзгертпейтін қарағай ғ а н а. (Мұқанов) Қасына Ерболды ғ а н а алып, топтан оқшау қалып, асықпай, аяңмен ғана қайтты. (Әуезов) Оқжетпес... бұл жолы ондай әсер бермеді, тәртіппен текшеленіп жиналған тастар боп қ ана көрінді. (Мұқанов)

Кейде ғана сөзге аса бір сыпайылық, майдалық өң қосу үшін жұмсалады. Бұл мағынада ғана тек сын есім, үстеу сөздермен тірке-седі. Мыс:



Жолаушылардың алдынан жұмсақ қана самал соғады. (Әуезов) ...өзінің ері Құнанбайды сәл бір әзілмен сыпайы ғана шанышқаны еді. (Әуезов) Бораш бір аққұба ғана, қағылез, қыз мінезді бала екен. (Мүсірепов)

Қайдан, неге, қандай деген сұраулық есімдіктерден соң келіп ғана сөзге леп түсіре, көтеріңкі айту үшін жұмсалады, Мыс.:

Қодардың құнын сұра деп маған жіберген қандай ғ а н а Бөкенше мен Борсақ! (Әуезов) Іздесең таппайтын қу мүйіз сақа құлжа қайдан ғ а н а кеп Бәшейді іздеп тапты! (Әуезов) Абай іштей қатты өкінді.

Ділдәні жөнелтпей, мүлде айырып көшіріп жібермей неге ал-дым, н е г е ғ ан а Әйгерімді алдым... (Әуезов)

Ғ а н а — баяндауыш қызметіндегі сөзге телініп жұмсалғанда, кейде ол баяндауыш сөздің жіктік жалғауын өзіне қабылдайды. Мыс.:

Техник қазақтар бірталай, ал инженер-мелиоратор қазақ-жалғыз сіз ғ а н а с ы з. (Мұқанов)

Тежеулік мағыналы тағы бір демеулік — тек. Ол сөз алдында келетін препозитивтік демеулік. Мыс.:



Бүркітбай күлейін десе де кейісті жүзі жадырай алмай т е к ащы мысқылмен жымия түседі. Соны т е к бір қайырып айтсаңыз екен. (Әуезов)

Жеке қолдануымен бірге тек қана демеулігімен тіркесте қатар тұрып жұмсалады. Мыс.:



Абай өзін де, айнала жұртты да тегіс ұжытыпты, Т е к қ а н а түс артынан болған жүрек құйынын аңғарады. (Әуезов)

Бұл екі демеулік қатарынан жұмсалумен қабат кейде бірінен-бірі алшақ: бірі — сөздің алдында, бірі — сөздің соңынан (тек... қана) тұрып та жұмсала береді. Мыс.:



...арманды боп жүрген т е к ¥лбике, Баяндар ғ а н а емес. (Әуезов)

Салыстыру мәнді демеуліктер. Демеулік түгіл, тұрсын, тұрмақ сөзге жалғасып затты, істі екінші затқа, іске қарсы қоюды білдіреді. Мыс.:

Бұл шырақ өшпес түгіл, лаулап жанар. (Дөнентаев) Қарағайларға ұялаған қою тұман ешкі тұрмақ, түйені де көрсетер емес. (Сланов) Шіріген шөп тұрсын, қураған пішен де бәйге атқа зиян деп саналады. (Көшімов)

Бұл демеуліктер есім сөздер, үстеу, тұйық рай, есімше формасын-дағы етістік сөздермен жалғасады.

238

Ғұрлы (құрлы) — салғастыру мағынасында жұмсалады. Мыс.: Сол ғұрлым жоқпын ба? (Әбішев) Ахметке іш бұрып, басқаны кісі ғүрлы көрмегені батушы еді. (Торайғыров)


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет