Қ. Әбдіхалықова табиғатты пайдалану экономикасынан практикум


Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар



бет3/11
Дата23.05.2017
өлшемі1,67 Mb.
#16605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Объективтілік, жүйелік, кешенділік, тиімділік және жоспарлаудың мақсаттылығы- бұл...?

А) экономикалық принцип;

В) ғылымдылық принципі;

С) экологиялық принцип;

D) табиғи орта принципі;

Е) табиғатты қорғау принципі;


2. Табиғатты қолдануды жоспарлау кезінде қандай әдістер қолданады?

А) денсаулық сақтау;

В) эстетикалық;

С) танымдық;

D) баланстық;

Е) аймақтық;


3. Табиғат ресурстарын қорғауға қолдануға және адамдардың ұрпағының материалдық, мәдени қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында табиғи ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған қоғамдық, мемлекеттік және халықаралық жүйесі бұл -

А) табиғатты қорғау;

В) табиғатты пайдалану;

С) дұрыс жауабы жоқ;

D) табиғи орта;

Е) табиғи ресурстар.


4. Табиғатты қорғаудың және табиғатты ұқыпты қолданудың принциптері?

А) экономикалық және экологиялық;

В) кешендік;

С) табиғатты қорғау және бірыңғай қолдану;

D) денсаулық сақтау;

E) берілген жауаптардың барлығы дұрыс.


5. табиғи ресурстар дегеніміз -

А) табиғатты қорғау;

В) табиғи орта;

С) Минералды шикізатты қайта өңдеудің технологиялары

D) экономикалық және экологиялық принциптер;

E) тұтыну құндылығы бар табиғи объектiлер: жер, жер қойнауы, су, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi.


5. Ұғымдар мен терминдер
Табиғи ресурстар

Ғылымдылық принциптер

Табиғатты қорғау

Табиғи орта

Табиғи ресурстар
6. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Табиғи ортаны қорғау қажеттігі және басты бағыттарын атаңыз

2. Табиғат ресурстарын сұраптау түрлері және мақсатын атаңыз

3. Табиғатты пайдалану экономикасының өзге ғылымдармен байланысын сипаттаңыз?

Тақырып 3

ТАБИҒИ ОРТАНЫҢ САПАСЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ ТЕОРИЯСЫ

1. Тақырып бойынша теориялық материал
Табиғатты пайдалану және табиғат ресурстарын, табиғи ортаны бағалау қажеттілігі. Табиғат пайдаланудың мағынасы табиғат байлығын адамның қызметіне, оның белгілі бір тұтыну қажетін өтеуге жарату болып табылады. Осыған сәйкес өндіргіш күштердің белгілі даму дәрежесін игеруге болатын және экономикалық мәні бар, өндіріс катынастарына тікелей араласатын немесе пайдалануы мүмкін табиғи заттар мен күштерді табиғат байлығы деп білеміз.

Осы тұрғыдан кем дегенде екі негізі қорытынды жасауға болады. Бірінші - табиғат байлығы өндірістің негізгі элементтерінің бірі, онсыз өндіріс жоқ. Бұл жалпы кең мағынада. Негізінде табиғат ресурсының өндіріске қатыстырылуын айтқанда біз оның тек алғашқы сатысын ғана аламыз, яғни табиғат байлығын өз ортасынан бөліп алу немесе сол ортада жұмыс істеу, табиғи заттарға еңбекпен тікелей әсер ету немесе табиғи күштерді еңбекте пайдалану. Алғашқы өңдеуден өткен, соның арқасында тауарға айналған заттарды қайта өңдегенде, тұтыну тауарларын шығарғанда жұмсалатын затты табиғат байлығы (ресурсы) деп қарастырмаймыз. Мысалы, саз балшықтан кірпіш жасасақ, табиғат байлығын пайдаландық деп есептейміз, ал сол кірпіштен үй салсақ, олай деп айтпаймыз.

Екінші қорытынды - табиғат байлығын пайдаланудың алғашқы сатысынан бастап белгілі дәрежеде оны бағалауды бастаймыз. Саналы түрде ме, ғылыми тұрғыдан ба немесе іс қажеттілігінен бе әйтеуір бір бағалау болады.

Экономикалық бағалау көрсеткіштері және оларды анықтау әдістері

Табиғат байлығын пайдалану керек пе? Тиімді ме? Қандай қажетімізге жаратамыз? - деген сияқты бағалау әрқашанда болады. Осылай бағалаулардың нәтижесінде табиғи заттар мен күштердің пайдалануға болатынын, оның тиімділігін, қолданатын техника мен технологияны анықтаймыз. Яғни, табиғи заттар мен күштер бағалау нәтижесінде ғана табиғат байлығына айналады. Олар өндіріс мақсаты үшін, адамдардың қажетін өтеу үшін зерттеледі. Бұл әрекеттің түпкі мақсаты табиғат байлығын саны және сапасы жағынан зерделеп, оның әлеуметтік, экономикалық қажеттілігін анықтау.

Бүгінгі күні табиғат байлығын экономикалық бағалаудың мәні ерекше артып отыр және біздің экономикамызда әлі толық зерттелмеген мәселе. Өйткені, көп жылдар бойы табиғат байлығын тегін пайдалану принципі үстемдік етті. Тегін затты экономикалық бағалаудың қажеттігі де жоқ еді. Дегенмен, белгілі бір мақсаттар үшін (оптималдық болжамдар, жобалау, жоспарлау, т.б.) экономикалық бағалаудың теориялық негіздері, әдістемелері зерттеліп келді. Бірақ экономикалық бағалау іс-тәжірибеде қолданбағандықтан теориядан қолданысқа жеткізілмеді.



Әртүрлі экономикалық бағалаулардың ерекшеліктері және қолданылуы. Қазір табиғат байлығын экономикалық бағалау не үшін керек, қайда қолданылады десек төмендегі негізгі бағыттарды атау керек:

  • ұлттық байлықты есептеу;

  • табиғат байлығын игерудің оптималды мерзімін анықтау, қай түрін, қандай кезекпен, қанша мерзімде игеру қажеттігін анықтау;

  • ренталық табыстарды (пайданы) және төлемдерді анықтау;

  • өндіру салаларының өнімдерінің өзіндік құнын, бағасын дұрыс есептеу;

  • табиғат байлығын пайдаланушы кәсіпорындардың шаруашылық есеп мүмкіндіктерін есептеу;

  • жеке экономикалық аймақтардың экономикалық мүмкіндіктерін есептеу және болжау;

  • табиғат байлығын пайдалануды болжау, жобалау және жоспарлау;

  • жеке кәсіпорындарды жобалау және экономикалық тұрғыдан жобаны дәлелдеу;

  • арендалық, концессиялық тағы басқа төлемдерді есептеу;

  • табиғат байлығын игергенде табиғи ортаға келетін экономикалық зиянды есептеу және табиғат қорғау шараларының экономикалық тиімділігін бағалау.

Осы келтірілген табиғат байлығын экономикалық бағалау негізінде шешілетін мәселелер оның қаншалықты маңызды екеніне және тез арада шешімін табу керек екеніне көзімізді толық жеткізеді. Нарық қатынасына толығымен өткен кезде қандай да болмасын шаруашылық мәселелерін, әсіресе өндіруші салаларында табиғатты пайдалануды экономикалық бағалаусыз шешуге болмайды. Өйткені барлық кәсіпорын табиғат байлығын пайдаланады, табиғи ортада жұмыс істейді және оған ықпал етеді. Біреулері табиғат байлығын өсіретін болса, екіншілері оны зерттейді, барлау жұмыстарын жүргізеді, санын, сапасын зерделейді; үшіншілері - табиғат байлығын өндіріп пайдаланады немесе пайдалануға әзірлейді; төртіншілері табиғатқа ластаушы заттар шығарып ауаға, суға, жерге әсер етеді; бесіншілері табиғаттың ассимиляциялық, рекреациялық потенциалын пайдаланады. Егер бұрын экономикалық бағалау оптималдық есептеулерде, жоспарларда, болжамдарда ғана қолданылып келсе, енді ол тікелей шаруашылық қатынастарда қолданылады, меншік иесі мен табиғат байлығын пайдаланушылар арасындағы экономика қатынастарды реттеуде, арендалық қатынастарда, мемлекетік және жергілікті салық, қаржы несие жүйелерінде толық қолданылады.

Экономикалық бағалау, құн және баға айырмашылықтары. Табиғи ортаның сыйымдылық потенциалы және оны экономикалық бағалау.

Табиғат қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру, жауапкершілікті арттырып мүдде туғызу да экономикалық бағалау арқылы жүзеге асырылады.

Табиғат байлығын экономикалық бағалау оның қоғамдық құндылығын анықтау, яғни нақты ресурстың адам қажетін өтеуге қосқан үлесін анықтау (кең мағынада). Ал таза экономикалық мағынада - табиғат ресурсын нақты пайдаланудан түсетін экономикалық тиімнің ақшалай өлшемін анықтау. Экономикалық тұрғыдан бағалағанда табиғатты пайдаланудың табиғи ортаға әсерін, соған сәйкес қойылатын талаптарды, шектерді ескеру керек.

Табиғат байлығының экономикалық бағасы -оның халық шаруашылық құндылығының табиғат қорғау, байлығын өсіру, жаңғырту, қалпына келтіру, игеру және ұқсату тиімі арқылы анықталған шамасы.

Табиғат байлығын экономикалық бағалау негізгі екі қызмет атқарады: есептеу және ынталандыру. Табиғат байлығы - ұлттық байлық, қоғамдық еңбекті үнемдеуші фактор, өндіріс қоры ретінде есептеледі. Құндылығын анықтау арқылы табиғат байлығын тиімді, үнемдеп пайдалану ынталандырылады, табиғатты қорғау жауапкершілігі арттырылады. Сапасы, орналасу тиімділігі әр түрлі табиғат байлығын пайдаланушыларға біркелкі бәсекелестік жағдай туғызылады.

Экономикалық бағалаудың қызметтері бір-бірімен тығыз байланысты шаруашылық басқару экономикалық механизмі мен тетіктері арқылы табиғатты тиімді пайдалануға, оның қалыпты жағдайын қорғауға жұмылдырады.

Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың екі негізгі: шығындық және ренталық қағидасы және олардың бірнеше түрлері бар. Шығындық қағида бойынша табиғат байлығын экономикалық бағалаудың негізіне оны игеруге, пайдалануға жұмсалған шығындар (еңбек) алынады, ал ренталық қағида дифференциалдық рента түріндегі табиғат ресурстарының халық шаруашылық тиімдерін есептеуге құрылған.

Шығындық қағида бойынша экономикалық бағалау жұмсалған шығындар арқылы анықталады. Табиғат байлығының сапасы оның құндылығын анықтаудың тек қосымша факторы ретінде қызмет атқарады. Құн заңына сәйкес, тауардың құны оған жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығынымен анықталатынын ескеріп, академик С.Г.Струмилин табиғат ресурстарының құнын да оларды игеруге, ұқсатуға, пайдалануға жұмсалған еңбек шығындарымен анықтауды ұсынған. Бірақ табиғат ресурстарын бұлай бағалау олардың тұтыну құндылығының шамасына сәйкес келмейді. Мысалы, пайдалы қазбалар жер бетіне жақын жатса, оны өндіруге аз шығын жұмсалады. Яғни, оларды тереңнен өндірілетін кендерге қарағанда, сапасы бірдей болғанның өзінде арзан бағалауымыз керек. Тағы бір мысал: Өндіру шығындары бірдей кендер сапасының - тұтыну құндылығының әр түрлілігіне қарамай, теңдей бағаланар еді. Тұтыну құндылығы артық кен, әрине, жоғары бағалануы тиіс. Әдетте сапасы төмен жерге сапалы жерге қарағанда көп шығын жұмсалады (тыңайту, тегістеу, т.б. жұмыстар). Оның тұтыну құны да жақсы жерден төмен. Сондықтан бағалануы да төмен болуы тиіс. Ал шығындық қағида бойынша ол жер жақсы жерге қарағанда жоғары бағаланар еді.

Шығындық қағиданың осы басты кемшілігін табиғат ресурстарының сапасын, өнімділігін есептейтін коэффициенттер де жоя алмайды. Табиғат ресурстарының сапасы әр түрлі болғанда бірдей еңбек жұмсай отырып, әр түрлі нәтиже аламыз. Сапалы табиғат ресурстары еңбек өнімділігін (нәтижесін) арттырады, ал ол қосымша дифференциалдық табыс (рента) әкеледі. Сондықтан табиғат ресурстарын оның құндылығын көрсететін осы дифференциалды рента негізінде бағалау қолданылады. Дифференциалдық рента шамасын есептеудің бірнеше әдістері белгілі: жақсы және нашар жерлердің бір өлшемінен алынған өнімдер құнының айырмасы; өнімнің бағасы мен нормалы мөлшердегі пайдасымен өзіндік құнының айырмасы; әр түрлі жерден алынған өнімдердің өзіндік құндарының айырмасы, т.б.
2. Кестедегі тұжырымдарға сәйкес келетін жауаптарды табыңыздар

(3.1 және 3.2 кестелердегі берілгендерді пайдаланыңыздар)


Кесте 3.1




Тұжырым

Сәйкес жауаптар

1

Табиғат байлығын адамның қызметіне, оның белгілі бір тұтыну қажетін өтеуге жарату болып табылады




2

Өндіргіш күштердің белгілі даму дәрежесін игеруге болатын және экономикалық мәні бар, өндіріс катынастарына тікелей араласатын немесе пайдалануы мүмкін табиғи заттар мен күштер




3

Табиғат байлығын экономикалық бағалау қажеттілігі




4

Табиғат қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру, жауапкершілікті арттырып мүдде туғызу қандай бағалау арқылы жүзеге асырылады




5

Экономикалық тұрғыдан бағалағанда ескеру керек




6

Халық шаруашылық құндылығының табиғат қорғау, байлығын өсіру, жаңғырту, қалпына келтіру, игеру және ұқсату тиімі арқылы анықталған шамасы




7

Табиғат байлығын экономикалық бағалау негізгі екі қызметі




8

Ұлттық байлық, қоғамдық еңбекті үнемдеуші фактор, өндіріс қоры ретінде есептеледі




9

Экономикалық бағалаудың қызметтері бір-бірімен тығыз байланысты шаруашылық басқару экономикалық механизмі мен тетіктері арқылы қайда жұмылдырады




10

Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың екі негізгі түрі




11

Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың негізіне оны игеруге, пайдалануға жұмсалған шығындар (еңбек) алынады




12

Шығындық қағида бойынша экономикалық бағалау анықталады




13

Табиғат ресурстарының құнын оларды игеруге, ұқсатуға, пайдалануға жұмсалған еңбек шығындарымен анықтауды ұсынған академик




14

Сапалы табиғат ресурстары еңбек өнімділігін (нәтижесін) арттырады, ал ол...



Кесте 3.2




Әріптік белгілеулер

Сәйкес жауаптар

А

экономикалық бағалау

Ә

қосымша дифференциалдық табыс (рента) әкеледі

Б

табиғат байлығы

В

шығындық қағида бойынша

Г

ұлттық байлықты есептеу

Ғ

С.Г.Струмилин

Д

есептеу және ынталандыру

Е

табиғат пайдаланудың мағынасы

Ж

табиғатты тиімді пайдалануға, оның қалыпты жағдайын қорғауға

З

шығындық және ренталық қағидасы

И

табиғат байлығы

К

жұмсалған шығындар арқылы

Л

табиғат байлығының экономикалық бағасы

М

табиғатты пайдаланудың табиғи ортаға әсерін


3. Иә/жоқ
Кесте 3.3




Тұжырым

Иә/жоқ

1

2

3

1

Табиғат пайдаланудың мағынасы табиғат байлығын адамның қызметіне, оның белгілі бір тұтыну қажетін өтеуге жарату




2

Өндіргіш күштердің белгілі даму дәрежесін игеруге болатын және экономикалық мәні бар, өндіріс катынастарына тікелей араласатын немесе пайдалануы мүмкін табиғи заттар мен күштерді табиғатты қорғау деп білеміз.




3

Нарық қатынасына толығымен өткен кезде қандай да болмасын шаруашылық мәселелерін, әсіресе өндіруші салаларында табиғатты пайдалануды экономикалық бағалаусыз шешуге болады.




4

табиғи заттар мен күштер бағалау нәтижесінде ғана табиғат байлығына айналады.




5

Табиғат қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру, жауапкершілікті арттырып мүдде туғызу да экономикалық бағалаусыз жүзеге асырылады.




6

Ренталық қағида дифференциалдық рента түріндегі табиғат ресурстарының халық шаруашылық тиімдерін есептеуге құрылған.




7

Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың екі негізгі: есептеу мен ынталандыру түрлері бар




8

Шығындық қағида бойынша халық шаруашылық тиімдері есептеледі




Кесте 3.3 жалғасы

1

2

3

9

Табиғат байлығының экономикалық бағасы -оның халық шаруашылық құндылығының табиғат қорғау, байлығын өсіру, жаңғырту, қалпына келтіру, игеру және ұқсату тиімі арқылы анықталған шамасы




10

Табиғат байлығын экономикалық бағалау негізгі екі қызмет атқарады: бағалау және анықтау




11

Ренталық қағида бойынша экономикалық бағалау жұмсалған шығындар арқылы анықталады.




12

Табиғат байлығы - ұлттық байлық, қоғамдық еңбекті үнемдеуші фактор, өндіріс қоры ретінде есептеледі




13

Шығындық қағида бойынша экономикалық бағалау жұмсалған шығындар арқылы анықталады.




14

Сапалы табиғат ресурстары еңбек өнімділігін (нәтижесін) арттырады




15

Тауардың құны оған жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығынымен анықталады





4. Жауаптың дұрыс нұсқасын табыңыздар
1. Қазір табиғат байлығын экономикалық бағалау не үшін керек, қайда қолданылады десек төмендегі негізгі бағыттарды атау керек?

A)` ұлттық байлықты есептеу;

B)` табиғат байлығын игерудің оптималды мерзімін анықтау, қай түрін, қандай кезекпен, қанша мерзімде игеру қажеттігін анықтау;

C)` ренталық табыстарды (пайданы) және төлемдерді анықтау;

D)` өндіру салаларының өнімдерінің өзіндік құнын, бағасын дұрыс есептеу;

E)` барлық жауап дұрыс.


2. Табиғат байлығын экономикалық бағалау – бұл?

А) табиғат ресурсын нақты пайдаланудан түсетін экономикалық тиімнің ақшалай өлшемін анықтау;

В) ұлттық байлық, қоғамдық еңбекті үнемдеуші фактор, өндіріс қоры ретінде есептеледі;

С) Өндіргіш күштердің белгілі даму дәрежесін игеруге болатын және экономикалық мәні бар, өндіріс катынастарына тікелей араласатын немесе пайдалануы мүмкін табиғи заттар мен күштер;

D) Табиғат қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру, жауапкершілікті арттырып мүдде туғызу бағалау арқылы жүзеге асырылады;

Е) Табиғат байлығын адамның қызметіне, оның белгілі бір тұтыну қажетін өтеуге жарату;


3. Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың неше түрі бар?

А) 2;


В) 5;

С) 3;


D) 4;

Е) 6.
4. Дифференциалдық рента шамасын есептеудің әдісіне қайсы жатпайды?


А) жақсы және нашар жерлердің бір өлшемінен алынған өнімдер құнының айырмасы;

В) өнімнің бағасы мен нормалы мөлшердегі пайдасымен өзіндік құнының айырмасы;

С) игеру және ұқсату тиімі арқылы анықталған шамасы;

D) әр түрлі жерден алынған өнімдердің өзіндік құндарының айырмасы;

E) жауабы жоқ.
5. Ұғымдар мен терминдер
Табиғат байлығы

Экономикалық бағалау

Шығындық қағида

Дифференциалдық рента


6. Қайталау, талдау және талқылауға арналған сауалдар
1. Табиғатты пайдалану және табиғат ресурстарын, табиғи ортаны бағалаудың қажеттілігі қандай?

2 . Экономикалық бағалау көрсеткіштері және оларды анықтау әдістерін атаңыздар.

3. Әртүрлі экономикалық бағалалаулардың ерекшеліктері және қолданылу қандай болып саналады?

4 .Экономикалық бағалау, құн және баға айырмашылықтары. Табиғи ортаның сыйымдылық потенциалы және оны экономикалық бағалауын сипаттаңыз?
Тақырып 4


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет