03 ТӘрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет2/10
Дата11.03.2023
өлшемі43,59 Kb.
#171908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Cуммативное оценивание за 1 четверть 6 класс, 00027e18-7638d1aa, 27.02.-03.04.1980, Атқарылған жұмыстар туралы практика кезіндегі күнделікті жазбала1 (1)
(көркем әдебиет)


"Суретті жина" үстел ойыны.
Мақсат-міндеттер: балаларды бөлшектерден тұтас жинауға үйрету.
Құралдары: төрт-алты бөлікке бөлінген суреттер.
(танымдық дағдылар)

"Ритмикалық ойын. "Би билеген баламыз".
Мақсат-міндеттер. Балаларды әуеннің ырғағына сай қимылдап, тақпақ сөздерін айтуға ынталандыру; түйсікті, эмоциялық сфераны дамыту.
- Жаттығу жасап көреміз, (адымдау)
Қолды көкке көтереміз, (қолдар жоғары)
Түсіріп белге төмен, (қол белде)
Еңкейеміз, еңкейеміз. (оң-сол жаққа еңкею)

Өкше қойып, басамыз, (оң жақ өкше, адымдау)


Өкше қойып, басамыз. (сол жақ өкше, адымдау)
Міне, қандай әдемі, (қол белде, бас шайқау)
Би билеген баламыз. (шапалақтау)
(дене шынықтыру, сөйлеуді дамыту)

Таңертеңгі жаттығу

Жалпы дамыту жаттығулары (сылдырмақтармен).
1. Бастапқы қалып - аяқ алшақ, дене тік, қол төменде.
1.1. Балалар сылдырмақтарын жоғары көтеріп, екі қолмен сылдырлатады.
1.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 4-5 рет қайталанады).
2. Бастапқы қалып аяқ алшақ, дене тік, қол төменде.
2.1. Қолдарын оң жаққа жіберіп, сылдырмақтарды сылдырлатады.
2.2. Бастапқы қалып.
2.3. Қолдарын сол жаққа жіберіп, сылдырмақтарды сылдырлатады.
2.4. Бастапқы қалып. (жаттығу 4 рет қайталанады).
3. Бастапқы қалып - жерде отырады, аяқ алшақ, сылдырмақ ұстаған қолдар екі жақта.
3.1. Аяқтарын жинап, сылдырмақ ұстаған қолдарын жоғары көтеріп, сылдырлатады.
3.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады).
4. Бастапқы қалып - аяқ бірге, дене бос, қол төменде.
4.1. Сылдырмақтарды артқа ұстап, бір орында тұрып секіру.
4.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады).
(дене шынықтыру)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет