03 ТӘрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет9/10
Дата11.03.2023
өлшемі43,59 Kb.
#171908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Cуммативное оценивание за 1 четверть 6 класс, 00027e18-7638d1aa, 27.02.-03.04.1980, Атқарылған жұмыстар туралы практика кезіндегі күнделікті жазбала1 (1)
Балалармен жеке жұмыс

Сюжетті суреттер қарастыру.
Мақсат-міндеттер. "Қазақ халқы" тақырыбында сюжетті суреттер қарастыру.
(сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)

Көркем сөзді мәнердеп оқу. Мағжан Жұмабаев. "Бесік жыры" (үзінді).
Мақсат-міндеттер. Балаларды педагогтің соңынан тақпақты мәнерлеп оқуға ынталандыру.
- Күнім, айым,
Еркетайым,
Жата ғой, қозым.
Әлди, бөпем,
Әлди, бөпем,
Ұйықта, жұм көзіңді.
Бәу-бәу, бөпем,
Бәу-бәу, бөпем,
Әлди, әлди-ай!
(сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

"Қонақтарды қарсы алу" сюжетті-рөлдік ойыны.
Мақсат-міндеттер: қонақтарды қарсы алу туралы білімдерін жетілдіру. Балалардың рөл таңдаудағы талпыныстарын құптау, ойын ортасын жетіспейтін заттармен, ойыншықтармен толықтыру.
(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу)

"Көркем әдебиет шығармаларын оқу.
Мақсат-міндеттер: балаларда мәтіннің сөздері мен дыбыстық тіркестерін қайталауға деген ұмтылыстарын қалыптастыру. Балаларда көркем әдебиетке қызығушылықтарын ояту.
(көркем әдебиет)

Сөздік жаттығуы. "Төлдерін ата".
Бір үстелде отырған балалар жұбына, екі жабайы аңның енелері мен төлдері бар екі жұп суреттері араластырылып ұсынылады. Үстел басында отырған бала кез келген жабайы аңның енесі мен төлінің жұбын құрастырады. Жұп құрастырылғаннан кейін, әрбір бала жабайы аңды және төлін айтады.
(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Серуенге дайындық

Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет