03 ТӘрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет1/10
Дата11.03.2023
өлшемі43,59 Kb.
#171908
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Cуммативное оценивание за 1 четверть 6 класс, 00027e18-7638d1aa, 27.02.-03.04.1980, Атқарылған жұмыстар туралы практика кезіндегі күнделікті жазбала1 (1)




.03..ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ

Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы)




Топ/сынып

Ортаңғы топ

Тобы, топтың реттік саны, атауы




Балалардың жасы

3 жасар балалар

Педагогтің аты-жөні




Жоспардың құрылу кезеңі (апта күндерін, айды, жылды көрсету)

27.03-31.03.2023ж.

Апта күндері

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Күн тәртібі
















Балаларды қабылдау

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту)

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Наурыз айында болатын ертеңгіліктер мен мерекелік кештер туралы ақпарат беру.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

"Еңбекке баулу"
Мақсат-міндеттер. Топ бөлмесінде және жатын бөлмеде терезенің ернек тақтайын (подоконник) дымқыл шүберекпен сүрту.

"Еңбекке баулу"
Мақсат-міндеттер. Жабық өсімдіктерді бүріккіш пистолетпен сумен бүрку.

"Еңбекке баулу"
Мақсат-міндеттер. Ойыншықтарды тәртіпте ұстау: жуу, кептіру, сүрту және орнына қою.

"Еңбекке баулу"
Мақсат-міндеттер. Топ бөлмесінде және жатын бөлмеде терезенің ернек тақтайын дымқыл шүберекпен сүрту.

"Еңбекке баулу"
Мақсат-міндеттер. Күтушіге төсектерді салуға көмектесу.

"Киіз басу" рөлдік ойыны.
Мақсат-міндеттер: балаларға киізді басу әрекеттеріне машықтандыру; ересектердің еңбегіне деген қызығушылықты арттыру; ептілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Құралдары: киізге ұқсас көрпелер, таяқтар, жіптер.
Киіз басып аяқпен,
Дөңгелентіп аламыз.
Сабалаймыз таяқпен,
Білектейміз, жаямыз.
Г. Кужагулова.
(сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру)

Көркем сөзді мәнерлеп оқу (жаттау) жаттығуы.
Мақсат-міндеттер: өлең жолдарын мәнерлеп оқуға бейімдеу; есту, елестету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойын маған ұнайды,
Көп ойнауға болмайды.
Күні бойы доп қусаң,
Ақыл-білім қонбайды.
(көркем әдебиет)


"Лото" үстел ойыны.
Мақсат-міндеттер: балаларды заттарды топтауға баулу, зейінді, байқауды дамыту.
Балалар суреттердің жалпы атаулары бойынша жинайды.
Құралдары: ойыншықтар, киім, тамақ және т. б. заттық карточкалар мен топтастыруға арналаған панно-карточкалар.
(танымдық дағдылар)

Жапсырудан ойын-жаттығу
"Еркежан әжейдің әдемі орамалы".
Мақсат-міндеттер. Балаларды шаршының (Еркежан әжейдің орамалы) ортасына, бұрыштарына қазақ ою-өрнектерін жапсыруға үйрету; сәндік жапсыру жөнінде ұғымдар қалыптастыру.

Көркем сөзді мәнерлеп оқу (жаттау) жаттығуы.
Мақсат-міндеттер: өлең жолдарын мәнерлеп оқуға бейімдеу; есту, елестету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Үйге мықты қабырға керек,
Адамға жылы үй керек.
Жылы үйде тоңбайсың,
Ойнайсың да ұйықтайсың.
Көп шаруа тындырасың
Қонақты да шақырасың.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет