03 ТӘрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет4/10
Дата11.03.2023
өлшемі43,59 Kb.
#171908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Cуммативное оценивание за 1 четверть 6 класс, 00027e18-7638d1aa, 27.02.-03.04.1980, Атқарылған жұмыстар туралы практика кезіндегі күнделікті жазбала1 (1)
(сөйлеуді дамыту)

"Өз үйіңді тап" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттер: өз қаласы туралы, ондағы үйдің орны, әртүрлі ғимараттар туралы білімді қалыптастыру; балалардың зейінділігін, байқағыштығын, бірнеше адамның арасынан өз үйін таба білу қабілетін дамыту; балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу қабілеті; балалардың туған жеріне деген қызығушылығын арттыру. Барысы: балаларға бірнеше ғимараттан тұратын суреттер ұсынылады, олар өз үйлерін тауып, жауап іздеуі керек.

Шаттық шеңбері
Мақсат-міндеттер. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу.
Жарық болсын күніміз,
Жарқын болсын үніміз.
Елін сүйіп ер жетер,
Біз болашақ гүліміз.
(сөйлеуді дамыту)

Білім беру ұйымының кестесі
бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене шынықтыру
"Айгөлек, би билейміз дөңгелеп!"
Мақсат-міндеттер. Балалардың сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілетін жетілдіру; жіптен жанымен аттап секіруге үйрету; қиғаш тақтайдың үстімен төрт тағандап тізе мен саусаққа сүйеніп өрмелеуді үйрету.

Дене шынықтыру
"Өнерлі балалармыз".
Мақсат-міндеттер. Балаларда өз бетінше сапқа тұру, шеңбердегі өз орнын табу дағдыларын қалыптастыру; тереңдікке (15–20 см биіктіктен) секіру дағдыларын қалыптастыру; балаларда алысқа лақтыру дағдыларын дамыту.

Музыка
"Киелі домбыра".
Мақсат-міндеттер. Балалардың қазақтың киелі аспабы домбыра туралы түсініктерін кеңейту; музыканың ырғағын ажырата білу қабілеттерін дамыту; домбыраның дыбысын ажырата білу қабілеттерін қалыптастыру; ырғақты қимылдарды орындай білу іскерліктерін жетілдіру; хорда өлең айта білуге үйрету; ойындарды ережесін сақтап ойнауға үйрету; қол, саусақ қимылдарын педагогтің көрсетуі бойынша қайталауға үйрету; тыныс алу жаттығуларын дұрыс орындай білуге үйрету; оркестрлық ұжымға деген қызығушылығын тудыру.

Дене шынықтыру
"Аттап секіреміз".
Мақсат-міндеттер. Балаларда жіптен бір жанымен аттап секіру және қиғаш тақтайдың үстімен төрт тағандап, тізе мен саусаққа сүйеніп жаттығулар жасау техникаларын бекіту; оқу қызметін пысықтау.

Қазақ тілі
«Бұл менің отбасым». Отбасы мүшелері.
Мақсат-міндеттер.
«Отбасы» тақырыбына байланысты қазақ тіліндегі мәтінді тыңдауды және түсінуді, шежіреде отбасы мүшелерін білдіретін барлық сөздерді, сондай-ақ, еркелетіп атау формаларын айтуды, зат есім мен етістіктен тұратын сөз тіркестерін таңдауды үйретуді аяқтау. Суреттер мен жиі қайталанатын сөздерге сүйене отырып, қазақ тілін есту арқылы қабылдау қабілетін дамыту. Монологтық сөйлеуді, диалогқа түсе білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, еске сақтауын дамытып, жайдары көңіл күйлерін танытуды үйрету. Отбасына, жақындарына деген жылулық сезіміне баулып, ересек адамдарға құрмет білдіруге тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет