03 ТӘрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Таңғы ас Гигиеналық дағдылар



бет3/10
Дата11.03.2023
өлшемі43,59 Kb.
#171908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Cуммативное оценивание за 1 четверть 6 класс, 00027e18-7638d1aa, 27.02.-03.04.1980, Атқарылған жұмыстар туралы практика кезіндегі күнделікті жазбала1 (1)
Таңғы ас

Гигиеналық дағдылар
Мақсат-міндеттер. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.
Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.
Құралдар: сабын.
Көркем сөз
Микробтар қаскүнем,
Көрмесем де білемін.
Ішер кезде асты мен,
Қолды жуып жүремін.
(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Шаттық шеңбері
Мақсат-міндеттер. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу.
Дала гүлге оранады,
Түрлі түске боянады,
Нұрлы көктем келген кезде
Табиғат та оянады.
(сөйлеуді дамыту)

"Артық құсты тап" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттер: қыстайтын құстарды сыртқы түрінен тануға жаттығу; "жыл құстары" ұғымын нақтылау, олардың аттарын есте сақтау, қыстайтын құстармен ажырата білу, зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту. Барысы: педагог жыл құстарын жемшашарға ұшып келген қыстайтын құстардың арасына арнайы орналастырады. Балалар құстарды мұқият тексеріп, артық құстың атын атайды. Педагог балаларды өз таңдауын түсіндіруге шақырады.

Шаттық шеңбері
Мақсат-міндеттер. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет