3. Гипостаздар дегеніміз не?
Гипостаздар - ұлпаның бөліктеріндегі қан таңбалары. Ауру малда алдымен қан тамырларында болып, кейін тамырдың өткізгіштік қасиетінің күшеюіне байланысты маңайындағы ұлпаларға сіңіп, қызыл-көк түсті таңбаларға айналады.
Гипостаздар өлекседе, ауру және жанталасу жағдайында болған малдардың ұшаларында кездеседі. Гипостаздар малдың жатқан жағында болады, сондықтан ұшаны сараптағанда міндетті түрде аудару қажет.
7-билет
1.ВСС үшін лимфа түйінінің мағынасы мен маңызы.
Ветеринарлық-санитарлық сараптаушылар үщшін малдардаың лимфа жүйесін білу маңызды болып саналады. Лимфа жүйесі тамыр және ретикуло-эндотелиалды жүйенің бір бөлігі болып,организмді бөгде заттар мен микробтардан тазартады.Сонымен қатар қатерлі инфекцияның қоздырғыштары, алғашқы сепсис және паразиттердің балаңқұрттары үшін транзитті жол болып келеді.Сол себепті ол организмдегі патологиялық үрдістермен тығыз байланыста болатындықтан лимфа түйіндерінде өзіндік патологиялық реакциялар туындайды.Сондықтан малды сойғаннан кейінгі лимфа түйіндерін тенксеруге үлкен диагностикалық мән беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |