1 дәріс. Химияны оқыту әдістемесі (ХОӘ) ғылым және оқу пәні ретінде. Химияны оқытудың мақсаттары және міндеттері. №2 дәріс



бет3/10
Дата07.05.2017
өлшемі3,99 Mb.
#16080
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Күнделікті жоспардың мазмұны сабақтың типіне, құрылымына, кұралдары мен эдістеріне қарай іріктеліп алынады. Жаңа білім беру сабағының күнделікті жоспарында мыналар көрсетіледі:

1)сабақтың тақырыбы;

2)Сабақтың білім мен тәрбие беру және дамыту мақсаты;

3)Пайдаланылған эдебиеттер;

4)Кұрал-жабдықтары;

5)Кұрылымы:

а) кіріспе бөлімде тексерілетін ұй тапсырмасы мен тірек білімнің мазмұны мен эдістері;

ә) негізгі бөлімде түсіндірілетін материалдың жоспары, ұғымдар, заттардың формулалары және құбылыстардың реакция теңдеулері, тэжірибелер мен көрнекі құралдардың орны жэне пайдалану эдістері;

6) қорытынды бөлімде үй тапсырмасының мазмұны, орындау,
эдістері, жаңа білімді бекіту жэне қолдана білу үшін қойылатын
сұрақтар, орындалатын жаттығулар жэне есептер, өздігінен істейін
жұмыстар.

Химиядан оқу жүмысын үйымдастырудың маңызды түрлерінің бірі-топсеруен. Химиялық топсеруендер оқытудың өмірімен, өндірісін және қоғамдық қүрылыстың сарамандылығымен байланысын жүзеге асырады. Оқушыларға политехникалық білім, еңбек тэрбиесі және кәсіптік багдар беруге жәрдемдеседі.

Топсеруен өткізетін объектілер химия бағдарламасының талабына сай, жергілікті ерекшеліктерге лайықты іріктеп алынады. Химия өндірістері кездеспейтін жерлерде топсеруен негізіне химиялық бағдарда немесе химиялық өнімдері кеңінен қолданылатын өнеркәсіп мекемелеріне ұйымдастырылады.

XIII сынып. Отегі алатын қондырғы. Тұз қышқылының өндірісі. Су тазалайтын станциялар. Дәріхана, өнеркәсіп жэне ауыл шаруашылық мекемелерінің химия зертханалары. Минералдар және өлке тану музейлері. Қазба байлықтар алатын жерлер. Жылу электрстанциялары.


  1. сынып. Күкірт қышқылының өндірісі. Минералды тыңайтқыштар өндіретін заводтар. Минералды тыңайтқыштардың қоймасы. Шегендеме кірпіш және шыны өндіретін заводтар. Әк өндіретін завод. Суыту мекемелері.

  2. сынып. Мүнай және табиғи газ өндейтін мекемелер. Кокс химия өндірісі. Синтетикалық жэне гидролиздік спирт өндірісі. Сірке қышқылын өндіретін цех. Май комбинаты. Сабын қайнататын завод. Қант заводы.

XI сынып. Пластмаса. Синтездік және жасанды талшықтар өндіретін заводтар. Тоқыма фабрикасының бояу цехы. Мал фермасы.

Мектептің мүмкіндігіне қарай осы объектілердің қайсысына топсеруен ұйымдастырылатыны тақырыптық жоспарда көрсетіледі, бір топсеруеннің мерзімі екі сағаттан аспауы керек. Топсеруеннің жоспарында даярлау, өткізу жэне қорытындысын шығару барысында жүзеге асырылатын ұйымдастырылу жэне танымдық жұмыстардың барлық түрлері, орындалу мерзімі, тапсырылатын адамдары нақтылы көрсетіледі. Ол үшін мүғалім топсеруен объектісімен жан-жақты танысып, оқу-тэрбиелік маңызы бар заттар мен құбылыстарды, технологиялық әрекеттерді, қондырғылырды дәл анықтап, олармен таныстырудың әдістемесін анықтайды. Оқушыларға берілетін тапсырмалардың мазмұнын сұрыптайды.

Топсеруен тақырып бойынша немесе кешенді түрде өткізіледі. Кешенді топсеруен бірнеше пәннен - химия, физика, география, биология, тарих, т.б. ұйымдастырылады. Мұнда бір объект (нысан) әр жағынан қарастырылып, оқушылар өндіріс туралы жан-жақты мағлұмат алады жэне уақыт үнемделеді.

Тақырыптық топсеруендер оқу материалын өтпестен бұрын өту кезінде немесе өткеннен кейін үйымдастырылады. Топсеруенге байланысты оқу материалы алдымен арнайы сабақта қарастырылады . Мысалы өндіретін цехқа топсеруен жасау үшін, алдымен, арнайы сабақта оттегін зерханаларда және онеркәсіпте оттегін алу тэсілдері талқыланады. Оттегінің коп мөлшерде ауадан алынатыны, ол үшін ауаның құрамына кіретін газдардың физикалық қасиеттеріндегі айырмашылықты пайдалану қажеттігі айтылады.

Дайындау сабағынан кейін жоспарға сәйкес топсеруен откізіледі:


  1. оттегі алатын шикізат (ауа) жэне дайындау (тазарту);

  2. оттегін алудың өндірістік барысы;

  3. оттегінің қолданылуы;

  4. өндірістік бақылау (цехтың химия-зертханалық жұмысымен танысу).

Оттегін ондіретін цех машина залынан, газгольдер және газ млтыратын бөлмеден, слесарлық шеберханадан тұрады. Бұлардың кұрылысы және жұмыс істеу негіздерімен таныстырғанда топсеруен жүргізуші оқушылардың білімін, жас ерекшеліктерін ескереді. Ол үшін мұғалім топсеруеннің жетекшісімен алдын ала кездесіп, түсіндіру деңгейін нақтылы келісіп алуы қажет, бүл - аса маңызды шарттардың бірі. Әдетте маманы техниканың ұсақ-түйек мәселелеріне мұқият тоқталып айтады да, оқушылар жалығып, топсеруен мақсатына жетпей қалады. Сонымен топсеруеннің объектісін мүғалімнің өзі (жақсы білетін жагдай) түсіндіргені жөн.

Топсеруеннің алғашқы нэтижесі келесі сабақта шығарылады. Мұғалім топсеруен объектісі (нысаны) бойынша оқушылардың көрген - білгенін нақтылайтын сұрақтар әзірлеп келеді.Оқушылар өздерінің жазып алғандары бойынша жауап қайтарады. Мұғалім оқушылардың жауабын толықтырадыдосымша мағлүматтар береді. Бұдан соң мүғалім топсеруен бойынша қорытынды сабақ, конференция сабақ немесе сабақтан тыс конференция өткізуге даярлық жұмыстарын жүргізеді. Оқушылар жазба рефераттар, баяндамалар, өндіріс сызбанұсқасын, макеттер, модельдер, жинақтамалар жэне басқа безендіру материалын әзірлейді, қабырға газетін шығарып, көрме ұйымдастырады. Заводтағы негізгі мамандықтар жөнінде мэліметтер жинайды, конференцияға айтулы мамандарды шақырады. Топсеруеннің материалдарын сабақта және сыныптан тыс жұмыстар жүргізгенде пайдаланады.



Химияның факультативтік сабақтары. Оқушылардың қабілеті мен икемділігі ескерілмей, біріңғай бағдарламалармен оқытылган кездің өзінде кейбіреулерінің жеке ғылымдар саласына деген күштарлығы, көбірек білгісі келетіні байқалап жүреді. Осындай оқушылар үшін 1966 жылдан бастап факультативтік сабақтар ұйымдастырылады. Бүлардың кәдімгі сабақтан айырмасы -тереңдетіп оқитын факультативтік пәндерді оқушылардың өздері тыңдайды.

Химиядан екі түрлі факультативтік курстар өткізу ұсынылды. Бірінші - орта мектепте етілетін химия салаларынан білімді тереңдету факультативтері, олар: «жалпы химияның негіздері», «Органикалық заттардың қүрылысы мен қасиеттері». Екінші - химияның халық шаруашылығында қолданылуына байланысты арнайы факультативтер: «Өнеркәсіптегі химия", "ауыл шаруашылығындағы химия», «Химиялық анализдің негіздері».

Факультативтердің әрқайсысына бөлінетін уақытты, бағдарламасын, оқу қүралдарын Білім министрлігі бекітеді. Факультативтік курстарды мұғалімдер, жоғары мектептің мүғалімдері, ғылыми қызметкерлер, өнеркэсіп жэне ауыл шарушылығы мамандары жүргізеді.

Факультативтік сабақтар оқу кестесі бойынша өткізіледі, оларды мектеп басшылары бақылайды. Оқушылар факультативті өз қалауы бойынша таңдап алғанымен, үзбей қатысуға жэне үлгеруге міндетті. Мектеп бітіру аттестаттарында оқушының өткен факультативтері көрсетіледі.

"Атом - молекулалық ілімнің тарихы. Химияның негізгі үтымдары мен заңдары" тақырыбының мақсаты - ғылыми атоммистиканың шығу мен дамуы жөніндегі оқушылардың білімін кеңейту. Осы мақсатты орындау үшін ежелгі атомистика, М.В. Ломоносов жэне Дж. Дальтон атомистикасы туралы кең түсінік беріледі. «Атом» жэне «Химиялық элемент» үғымдарының байланысы ашылады. «Элемент» үғымы дамуының кезеңдері сараланады. Тақырып периодтық заңның химия ғылымын, ғылымның дамудағы мэнін баяндаумен аяқталады. Келесі, яғни «Атомдармен молекулалардың құрылысы» тақырыбында «химиялық элемент» үгымы дамытылып, бұрынғыдан гөрі дәлірек анықтама беріледі, элементтердің бір-біріне айналуы жөнінде түсінік қалыптастырылады.

Атомның қүрылысы негізгі курстағыдан гөрі толығырақ айтылып, s - жэне р - деңгейшелерінен басқа f жэне д. деңгейшелердің электрондармен толу ерекшеліктері түсіндіріледі. Электрондардың орналасу ретін көрсететін формулалар жазылады. Химиялық байланыстардың түрлері, түзілу механизмдері тереңірек сипатталады Жиынтық қосылыстардағы химиялық байланыстың табиғаты қарастырылады.

Үшінші —"Химиялық кинетика және тепе-теңдік" тақырыбы химиялық реакциялардың жүру заңдылықтарын баяндауға арналған. Жаңадан әрекеттесуші массалар заңы жэне Ле-Шателье принципі өтіледі. Осылардың тұрғысынан химиялық реакциялардың жылдамдығына әсерін тигізетін жағдайлар және химиялық тепе-теңдіктің "үғысу" жағдайлары қарастырылады. Катализ туралы үғым кеңінен талданады. Активті малекулалар жэне активтендіру энергиясы туралы жаңа ұғым беріледі.

Төртінші - тақырып дисперстік жүйелерге арналған. Мұнда коллоидты ерітінділердің құрамы, оның бөлшектерінің құрылысы, қасиеттері жэне түрлері (лиофильді, лиофобты), ғылыми сарамандық маңызы коллоидты жүйелердің тұрақтылығы жөніндегі мәселелер толық қарастырылады. Кәдімгі ерітінділердің қасиеттері Рауль заңы, эбуллиоскопия; криоскопия жэне осмос бойынша түсіндіріледі. Электролит ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіру үшін С.Аррениус теоремасымен бірге қазіргі заманның теориялары пайдаланылады.

Бесінші — "Химиялық энергетика" тақырыбында оқушылардың термохимия негіздерінен алған білімдері кеңейтіледі. Реакцияның жылу эфектісі, заттардың түзілу жылуы, химиялық реакция кезінде бөлінетін жылу үғымдары пайдаланылып, есептеулер жасалады. Алтыншы — «Бейметалдар химиясы» тақырыбында бейметалдар түзетін жайзаттардың, сутекті жэне оттекті қосылыстардың қүрылысы мен қасиеттері сипатталады, заттардың қүрылысы мен қасиеттерінің арасындағы тэуелділік ашылады.

Жетінші — «Металдар химиясы» тақырыбында металл атомдарының қүрылысы, кристалл торлары, қасиеттері, қүймалар, қазіргі техникадағы металдардың алатын орны, электрохимияның негіздері баяндалады.

Химия пәнінен жүргізілетін факультативтерді негізінен үш топқа бөлуге болады. Жоғары деңгейдегі факультативтердің мақсаты ол негізгі және міндетті курстардың мазмұнын тереңдету бағытында жүргізіледі, сондықтан да жеке сыныптар көрсетіліп, белгілі сағаттар бөлінген. Қолданбалы факультативтер ауыл шаруашылығы мен химия өндірісінің негіздерін үйретуді көздейді. Химиялық талдау негіздерінен мағлұматтар береді. Арнаулы курс факультативті химия ғылымының негіздеріне сэйкес кейбір бағыттарды, бөлімдерді тереңдетіп қарастыруды мақсат етеді.


Р

Факультативтер тақырыбы

Сыныбы

Сағат саны

1

Жоғары деңгейдегі факультативтер 8-сынып материалының негізіндегі курстар

8

68

2

9-сынып материалының негізіндегі курстар

9

68

3

10-11 сынып материалының негізіндегі курстар

10-11

102

4

Қолданбалы химия факультативі Ауыл шаруашылығы химиясы

8

68

2

Химия негіздерінің талдауы

8

68

3

Өндірістегі химия

8

102

III

1


Арнаулы курс факультатив Металдар химиясы және металлургия

11

34

2

Жоғары молекулалық химиялык полимерлер

11

68

3

Биохимиялық мәселелер

11

68

4

Бейорганикалық химия элементтері, т.б.

10

68

.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары



  1. Химиядан оқу жүмысын ұйымдастырудың формаларын атаңыздар.

  2. Сабақ қандай негіздерге сүйеніп жіктеледі? Галогендер тақырыбының сабақтарын типтерге жэне түрлерге жіктеңіздер.

  3. Сабақтың құрылымы қалай анықталады? Жоғарыда келтірілген сабақ құрылымдарын сипаттаңыздар

  4. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды қандай үш салаға біріктіруге болады?

  5. Сабаққа талдау жасаудың негізгі бағыттары қандай?

  6. Галогендер тақырыбы бойынша бір жаңа материалды түсіндіру сабағының күнделікті жоспарын жасаңыздар.

  7. Химиядан факультативтік сабақтардың негізгі сабақтарга ұқсастығы мен айырмашылығын айтып беріңіздер.

  8. Химия өндірісіне ұйымдастырылатын бір топсеруенннің жоспарын жасаңыздар.

  9. Факультатив сабақтардың негізгі мақсаты қандай?

  10. Факультативтік сабақтардың типтері мен түрлерін атаңыздар.

  11. Факультатив сабақтардың формалары мен әдістері қандай?

  12. Химиялық олимпиадалар не үшін, жэне қалай өткізіледі? Мектепте химиялық олимпиада өткізудің әдістемесін айтып беріңіздер.

  13. Химиялық үйірмелердің негізгі сипаттамалары, оларды ұйымдастыру эдістемесі қандай?

  14. Жеке жүргізілетін сыныптан тыс жүмыстардың түрлері қандай?

  15. Сыныптан тыс жүмыстардың қандай маңызы бар?


Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Чернобельская Н.М. Методика обучения химии в средней школе. М. Владос. 2000

  2. Нұрахметов Н. Химия. 8 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2004

  3. Нұрахметов Н. Химия. 9 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2005

  4. Нұрахметов Н. Химия. 10 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2006

  5. “Білім” мемлекеттік бағдарламасы.

  6. Қ.Р.конституциясы,Қ.Р.”білім туралы” заңы.

  7. “Қазақстан 2030” стратегиясы.

  8. Программа по химии для 8,9 кл. Каз.акад.Образ. им. Ы.Алтынсарина.,2004

Мектеп химия курсындағы жеке тарауларды оқыту әдістемесі.

7 дәріс. Химияның негізгі заңдарын оқу және химиялық түсініктерді қалыптастыру әдістері Алғашқы химиялық ұғымдардың қалыптасуы.


1.Мектеп химия курсындағы негізгі түсініктердің жіктелуі және сипаттамасы.

2.Химиялық түсініктерді қалыптастырудың негізгі сатылары.

3. Біріншілік химиялық ұғымдардың (химиялық элемент,зат,химиялық реакция туралы) қалыптасуының маңызды этаптары және ерекшеліктері.

4. Таза зат және қоспа ұғымдары.



Қысқаша мазмұны

Химияның алгашқы ұгымдарымен таныстырудың міндеттері мен маңызы. Қандай ғылым болмасын бір-бірімен тығыз байланысты үғымдар жүйесінен түрады, оларды жетік түсінбейінше ғылымның мазмүнын игеру мүмкін емес. Орта мектептегі химияның курсы да аса маңызды алғашқы үғымдарды қалыптастырудан басталады. Қазіргі жаңа бағдарлама бойынша бүл кіріспе тақырыпты оқып үйренуге 24 сағат, демек сегізінші сыныпқа тиесілі уақыттың бестен бірінен астамы бөлінген. Осыдан-ақ тақырыптың оқу-тәрбиелік маңызы зор екендігі көрініп тұр.

Химиялық элемент, зат және химиялық реакция үғымдарының сипаттамалары

Ґғым

Сапалық сипаттамасы

Сандық сипаттамасы

Символикасы

Химиялық элемент

Атом

Аг, валенттілік

Химиялық таңба

зат

Молекула. Қоспа жэне таза зат

Жай жэне күрделі зат



Mr, заттағы

Элементтердің масса қатынастары. Моль. Авагадро саны



Химиялық формула

Химиялық реакция

Физикалық жэне

ХИМИЯЛЫҚ

құбылыстар. Химиялық реак-циялардың белгілері, жүру

жағдайлары,

типтері


Химиялық реакциялардағы заттардың масса қатынастары бойынша есептеулер


Химиялық теңдеу

Тақырыптың білім берудегі міндеттеріне мыналар жатады:



  1. Химия пәні, зат, химиялық элемент, атом, химиялық реакция, химиялық символика туралы алғашқы үғымдарды қалыптастыру (олардың мазмүлы мен сипаттамалары кестеде келтірілді);

  2. Алғашқы ұғымдарды қалыптастырудың теориялық негізі болатын атом-молекулалық ілімнің қағидаларын саналы меңгерту; олардың тұрғысынан заттардың қасиеттерін, химиялық реакциялардың механизмін түсіндіру;

  3. Қүрам түрақтылық заңын, масса сақталу заңын саналы игерту, қолдана білуге, атом-молекулалық ілім тұрғысынан түсіндіре білуге уйрету;

  4. Эксперименттік біліктер қалыптастыру: химия зертханасында жүмыс істеу ережелерімен, қауіпсіздік техникасымен таныстыру; қыздыру аспаптарымен, зертханалық штативпен, реактивтермен, ыдыстармен, т.б. жұмыс істей білуге баулу.

Тақырыптың тәрбиелік міндеттері:

1. Табиғаттың бірлігі, заттардың жойылмайтыны, атом жэне молекуланың анық барлығы жөнінде ғылыми көзқарас қалыптастыру, пэнаралық байланысты жүзеге асыру.

2. М.В. Ломоносов, А. Лавуазье, Д. Дальтонның өмірімен таныстыру арқылы ғылымға шынайы берілген адамдар ғана жаңалық ашатынын көрсету.

3. Тарихи мэліметтердің тэрбиелік маңызын барынша пайдаланып, М.В.Ломоносов пен Дальтонның атомистикалық көзқарастарын салыстыру.

4. Оқушылардың химияға құштарлығын тудыру.

Оқушыларды дамыта оқыту мақсатында әр ұғымды игерудегі олардың белсенділігін арттыру, тәжірибе қою, бақылау, талқылау, қорытынды жасау біліктерін қалыптастыру. Ұғымның мазмүнын, көлемін, елеулі белгілерін, мәнін ашу жэне мысалдар келтіру, анықтама беру, ұғымдар. жүйесіндегі орнын табу және қолдану біліктерін қалыптастыру.

Тақырыпты оқытудың тағы бір міндеті - химия пэнін оқытудың мазмұны мен эдістеріне енгізілген кейінгі өзгерістерді ескеру. Бұрыннан қолданылып келе жатқан Ю.В.Ходаков, Д.А.Эпштейн, П.А.Глориозов оқулығымен бірге жаңадан ұсынылған Г.Е.Рудзитис, Ф.Г.Фельдман жэне қазақ авторларының окулықтарының мүмкіншіліктерін жете пайдалану. Химия тарихында көрнекті орын алатын негізгі ұғымдарды енгізген ғалымдар Р.Бойль (элемент ұғымы), И.Я.Берцелиус (химиялық таңбалар), Э.Франклад (валенттілік ұғымы), Ж.Л.Пруст (құрам тұрақтылық заңы) туралы қысқа деректер келтірілген. Бүл деректерді эдістемелік талаптарға толық сэйкес келмегенімен жаңа материалды түсіндіргенде, бекіткенде, үй тапсырмасын бергенде тиімді пайдалану мүғалімнің міндеті. Сонымен бірге тарихи материалды оқулықтағыдан гөрі мұғалімнің терең білу керектігін ескерген жөн. Химия пәні. Оқушылардың пәнге деген пікірін тудыруда алғашқы сабақтардың маңызы зор. Әдістемелік эдебиеттерде химия пәнін анықтайтын алғашқы сабақта екі түрлі қателік жіберілетіні айтылған

Біріншісі - оқушылардың химияға қызуғышылығын тудыру үшін бірнеше қызықты тэжірибелер көрсетіледі, бірақ олардың мәні түсіндірілмейді. Мүндай тэжірибелерді олар химиялық кештерде көрген, химия кабинетінде эр түрлі тэжірибелер жасалатынын сырттай байқап жүреді. Сондықтан да олардың алғашқы сабаққа зор үмітпен келетіні рас.

Алғашқы сабақта химияның жаратылыстану ғылымына жататыны, заттарды зерттейтіні жэне заттардың қасиеттері туралы ұғым қалыптастыру жеткілікті.

Зат ұғымы бүл сабақта оқушыларға физика курсынан таныс физикалық дене үғымы арқылы беріледі. Ол үшін бір заттан жасалған бірнеше физика-лық денелер, эр түрлі заттардан істелген бір физикалык дене көрсетіледі. Олардың мысалдары ретінде шыныдан, кәрденнен, темірден, алюминийден жэне баска металдардан жасалған оқушыларға белгілі, немесе таяудағы сабактарда танысатын химия кабинетінің қүрал-жабдықтары көрсетіліп, аталады. Соның нэтижесінде оқушылар физикалық денелер неден тұрса, соны зат деп атайды деген қорытындыға келеді. Ұғым жаттығулар орындату және химиялық диктант жаздыру арқылы бекітіледі.

Заттардың физикалық қасиеттерімен оқушылар зертханалық жүмыс жасау арқылы танысады. Үлестіріліп берілген заттардың агрегаттық күйін, түсін, тығыздығын, жылу өткізгіштігін, электр өткізгіштігін, балқу жэне қайнау температурасын анықтап, кесте түрінде жазады. Зерттелген затгардың қасиеттерін салыстыру арқылы олардың бір-біріне ұқсастығы немесе айырмашылығы көрсетіледі, анықтама беріледі.

Заттардың айналуы жөніндегі ұғым өсімдіктанудан алған білімге негізделеді. Өсімдіктер ауадан жэне топырақтан алатын су, минералды заттары, көмірқышқыл газы, т.б. заттары ақуыздарға, майларға, крахмалға, қантқа айналады.

Осыдан кейін заттар жэне олардың бір-біріне айналуын зерттейтін ғылымға химия деген анықтама беріледі. Жаңа оқулықта бүл анықтама заттардың қасиеттері жэне айналумен қабаттаса жүретін құбылыстармен толықтырылған. Химияның физикамен, биологиямен байланысы, маңызы қысқаша баяндалады. Химияның міндеттері - заттардың қасиеттерін зерттеу арқылы тиімді пайдалану, халық шаруашылығына аса қажетті, табиғатта кездеспейтін заттарды өндіру.
Таза зат және қоспа ұгымдары. Заттардың қасиеттерін зерттеу таза зат жэне қоспа үғымдарына әкеледі. Оқушыларға күнделікті түрмыстан (лай, су, сүт) жэне табиғаттану пэндерінен (гранит) белгілі қоспалар еске түсіріледі. Қатты заттардың қатты заттардағы, қатты заттардың сұйықтағы ерімейтін және еритін, сұйықтың сүйықтағы еритін жэне ерімейтін қоспалары көрсетіледі. Соның нэтижесінде оқушылар эр қоспа ең кемі екі заттан тұратынын, оның біреуі - негізгі зат, екіншісі қосымша деп аталатынын біледі.

Қоспаның қасиеттерімен танысу үшін темір мен күкірттің қоспасын зерттейтін зертханалық жүмыс өткізіледі. Оқушылар алдымен күкірттің, содан соң темірдің, ақырында екеуінен түратын коспаның қасиеттерін зерттейді, оларға судың жэне магниттің эсерін байқайды. Бақылау нэтижесін кесте түрінде жазады. Зертханалық жұмыстан шығатын қорытынды: қоспада оның қүрамына кіретін эр заттың қасиеттері сақталады. Табиғатта заттар көбінесе қоспа түрінде кездеседі.


Қоспаларға мысалдар және бөлу әдістері

Қоспаларды белу жэне таза заттар алу тэсілдерінің көпшілігі оқушыларға өмір тэжірибесінен, төменгі сыныптарда өтілетін жаратылыстану пәндерінен белгілі. Солар еске түсіріліп, талқыланады жэне бірнеше тәжірибелер жасалады. Соның нәтижесінде қоспаның түрлері жэне бөлу әдістері сызбанүсқа түрінде жазылады.


Қоспаның күрамы

Мысалы

Болу әдістері

Қатты-қатты

Темір мен күкірт

Магнит арқылы




Құм мен ағаш

Су арқылы




үгіндісі

Еріту, түндыру, сүзу




Бор мен тұз




Қатты-сүйық




Тұндыру жэне сүзу

а) ерімейтін







ә) еритін

Саз бен су

Қыздырып суалту




Бор мен су







Түз бен су




Сұйық-сүйық

Қант пен су




а) ерімейтін




Бөлгіш воронкамен

ә) еритін

Май мен су

бөлу




Спирт пен су

Айдау



Зертханалық және көрнекі көрсетілетін тәжірибелер кезінде оқушылар химиялық стакандармен, сынауықтармен, колбалармен, жай жэне бөлгіш воронкамен, сауыттармен, термоскоппен, сүзгі қағаздармен, т.б. жүмыс істеуге үйренеді. Тұндыру, сүзу, буландыру, қүрғату, айдау тэсілдерімен, қыздыру аспаптарымен танысады. Мұғалім олармен жүмыс істеу кезіндегі сақтық шараларына назар аударады.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары

  1. Химияның алғашқы үгымдарын екі жүйе бойынша жіктеп, сызбанүсқа сызыңыздар:

а) зат ұғымдарының жүйесі; э) химиялық реакция ұғымдарының жүйесі.

  1. Химия пәнімен таныстырғанда пэнаралық байланыс қалай жүзеге асады?

  2. Таза зат жэне қоспа үғымдары қалай қалыптастырылады?

  3. Заттардың қасиеттерімен танысуға арналған зертханалық жүмыстыц нұсқауын әзірлеңіздер.

  4. Заттың өзгерістері туралы үғымда жүйесін сатылары бойынша сипаттап, химиялық реакция үғымына анықтама беріңіздер.

  5. Атом, химиялық элемент, жай зат жэне күрделі зат ұғымдары арасындағы өзара байланысты көрсетіңіздер, оларды анықтаудағы методикалық тэсілдерді сипаттаңыздар.

  6. Мольға байланысты үғымдардың бірінші тақырыпқа көшірілу себептерін қалай түсінесіз? Олардың басқа ұғымдармен байланыстарын көрсетіңіздер.

  7. Алғашқы ұғымдардың қалыптасуындағы атом-молекулалық ілімнің жетекші ролін сипаттаңыздар.


Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Чернобельская Н.М. Методика обучения химии в средней школе. М. Владос. 2000

  2. Нұрахметов Н. Химия. 8 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2004

  3. Нұрахметов Н. Химия. 9 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2005

  4. Нұрахметов Н. Химия. 10 сынып оқулығы. Алматы, Мектеп, 2006

  5. “Білім” мемлекеттік бағдарламасы.

  6. Қ.Р.конституциясы,Қ.Р.”білім туралы” заңы.

  7. “Қазақстан 2030” стратегиясы.

  8. Программа по химии для 8,9 кл. Каз.акад.Образ. им. Ы.Алтынсарина.,2004

8 дәріс. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы ұғымдарды қалыптастыру.



  1. Оқу-тәрбиелік міндеттері, материалдың орналасу принциптері.

  2. Оксидтерді, қышқылдарды,негіздерді, тұздарды оқыту әдістемесі.

Оқу-тэрбиелік маңызы жэне орны. Миллиондаған қосылыс-тарды ортақ белгілері бойынша санаулы кластарға біріктіру арқылы оқып-үйренеді. Бейорганикалық қосылыстар құрамына қарай төрт класқа жіктеледі: оксидтер, қышқылдар, негіздер жэне түздар. Бүлар туралы оку материалы зат және химиялық реакция жөніндегі алғашқы үғымдарды тереңдетіп, одан эрі дамытады.

Оқушылар заттардың құрамы, жіктелуі, табиғатта таралуы, алынуы және қолданылуы жайында нақтылы үғымдар алады. Әр класқа жататын заттардың жалпы жэне жеке қасиеттерімен тәжірибе жүзінде танысады. Денеге, киімге бүлдіру эсерін тигізетін қышқылдармен, сілтілермен жэне басқа заттармен жүмыс істеуге үйренеді. Эксперимент жасаудың білімі мен дағдысына машықтанады.

Химиялық реакциялардың жүру жағдайлары, белгілері, механизмі жэне типтері туралы алған білімдерін жетілдіреді, реакцияның жаца типтерімен танысады.

Атом-молекулалық ілімнің негізгі кағидалары жөніндегі білімді заттардың қасиеттерін болжау, түзілетін заттардың қүрамын бағдарлау, химиялық реакциялардың бағытын жэне қалай жүретінін түсіну үшін пайдаланады.

Химиялық элемент, жай зат және күрделі зат ұғымдары жаңа сатыға көтеріледі. Бейорганикалық қосылыстар кластарының арасындағы генетикалық байланыстарды ашу арқылы периодтық заң мен периодтық жүйені саналы игеруге эзірленеді.

Оқушылардың химиялық тіл туралы білімі тереңдейді. Заттардыц құрамы мен қасиеттері түрғысынан терминдерді, оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар номенклатурасының негіздерін үйренеді. Валенттік,

химиялық формулалар жэне теңдеулер қүрастыру жөніндегі білімі мен біліктері нығаяды.

Заттар мен құбылыстарды салыстыру, ұқсастығы мен айырмашылығын табу, себеп-салдар байланысын ашу, жеке деректерден қорытынды жасау, жалпы заңдылықты нақтылы жағдайда қолдана білудің қисынды тэсілдерін меңгереді. Заттардың сан алуандығы мен бірлігі, бір-бірімен шарттастығы, қүрамы мен қасиеттершдеп кдишылықтары, санның сапаға ауысуы туралы ғылыми көзқарастар қалыптасады.

Оқу-тәрбиелік маңызы зор болғандықтан, химияның бағдарламалары мен оқулықтарында бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарына едэуір мол орын беріліп келеді.

1935-1950 жылдарда бөлек тақырып ретінде оқытылып, 7-сыныпта бастальш, 8-сыныпта аяқталады. Оқу материалы концентризм принципі бойынша орналастырылады. 7 сыныпта өтілетін деректі материалдың көлемі үлкен болғандықтан оқушыларға ауыр тиеді. Оның үстіне бейорганикалық қосылыстар жөнінде аяқталған білім беруге тырысу байқалады. Бүл кезеңде материалды орналастырудың генетикалық негізі үстем болды. Алдымен оксидтер қарастырылып, олардың гидраттануы арқылы негіздерге жэне қышқылдарға ауысу жүзеге асырылды. Мүның кемшілігі - оқушылар іс жүзінде жүрмейтін реакциялардың теңдеулерін жазды, білімнің үстірт болуына әкеліп соқты.


Оқу материалыпың орналасуы жәнв берілетін білімнің көлемі. Оксидтер, негіздер, қышқылдар жэне түздар туралы алғашқы үғымдар қалыптасуының үш кезеңі бар. Бірінші кезеңде бүл заттардың қүрамы мен кейбір химиялық қасиеттері атом-молекулалық ілім түрғысынан түсіндіріледі. Екінші кезең периодтык заң жэне периодтық жүйс, заттың қүрылысы өтілгеннен кейін басталады. Әр класқа жататын заттардың химиялық байланыстарының түрлері, кристалл торлары жэне қасиеттері электрондық теорияның түргысынан қарастырылады. Үшінші кезеңде (9-сынып) бейорганикалық қосылыстар туралы үғымдар электрон-иондық көзқарастармен байытылып дамиды. Оқушылардың білімі жаңа сатыға көтеріледі. Үш кезеңге сэйкес оксидтер, негіздер, қышқылдар жэне тұздар туралы берілетін білімнің көлемі мен орнын келтіреміз.

Оксидтер туралы алғашқы ұғым оттегінің қасиеттерін өткенде беріледі. Металдарға жэне бейметалдарға жататын жай заттардың оттегімен тотығуының нэтижесінде күрделі заттар - оксидтер түзіледі. Тэжірибелерді бақылау нэтижесінде оқушылар түзілген күрделі заттар екі элементтен түратыны, оның біреуі оттегі екені жөнінде қорытындыға келеді. Осы белгі оксидтерді анықтауға негіз болады. Оксидтер туралы жалпы үғым металл оксидтері жэне бейметалл оксидтері деп екіге жіктеледі. Олардың физикалық қасиеттерін зерттейтін зертханалық жүмыс өткізіледі. Бақылау нэтижелері кесте түрінде жазылады.



Жай аты

Заттар символы

Сыртқы түрі

Тотығу өнімі, аты, формуласы

Оксидтердің

күйі

түсі

иісі

Мыс

Сu

Қатты,

Мыс (II)
















қызыл

оксиді СuО

қатты

қара

жоқ

Оттегі

о2

Түссіз газ












Алған білімді бекіту үшін оксидтердің химиялык формулаларын құруға жаттыгулар орындалады. Аталуы, формуласы жэне керісінше айналуы бойынша химиялық диктант жазылады. Бүл арада оксидтердің химиялық қасиеттері қарастырылмайды, генетикалық байланыстың бір буыны ғана - элемент оксид жүзеге асады.

«Сутегі. Қышқылдар. Түздар» тақырыбында бейорганикалық қосылыстардың екі класы жөнінде бастапқы үғым қалыптасады

Қышқылдармен алғашқы танысу оқушылардың өмір тәжірибесіне жэне индукциялық тәсілге негізделеді. Оқушылар лимон, қымыздық, сірке, сүт, т.б. қышқылдарды біледі. Бүған қосымша зертханалық жұмыс жасау арқылы жиі кездесетін түз және күкірт қышқылдарының индикаторларға, металдарға жэне металл оксидтеріне эсерін сынайды. Қышқылдармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларын, оларды ажырата білу тэсілдерін үйренеді. Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі бәріне тән қасиет еместігі туралы ұғым қалыптастыру үшін іс жүзінде жүретін (Mg, Fe, Zn) жэне жүрмейтін (Сu) реакциялардың тэжірибелері жасалып нэтижелері нақтылы талданады: 1. Қышқылдар барлық металдармен әрекеттесе ме? Бүл сүрақты талдағанда металдардьщ активтік қатары жөнінде алғашқы ұғым беріледі. 2. Металдар мен қышқылдар арасындағы реакцнялар қалай жүреді, оларды қай типке жатқызуга болады? Оқушылардың орынбасу реакциясы жөніндегі ұғымы кеңейеді.

Қышқылдардың металл оксидтерімен эрекеттесуі реакцияның бұрын кездеспеген жаңа типіне жатады, оны орынбасу реакциясымен салыстырып, үқсастығы мен айырмашылығы сараланады. Екі күрделі зат қатысып, екі күрделі зат шығатын алмасу реакциясына анықтама бсріледі.

Тэжірибелер кезіндегі бақылаулардан: а) қышқылдың қүрамына сутегі жэне қышқыл қалдыгы кіретіні, оның валенттілігі; ә) химиялық қасиеттері жэне реакция өнімдері жөнінде сызбанұсқаға сәйкес ұғымдар қалыптасады.


Қышқыл + металл

Анықтамасы


Оқушылар білуге тиісті қышқылдардың аты, формуласы, қышқыл қалдықтарының валенттіліктері, тұздардың номенклатурасы, олардың формуласын қүру алгоритмі кесте түрінде жазылады. Алынған білімді бекітетін, тексеретін жаттығулар және химиялық диктанттар орындалады.

Негіздерді үйренуге оқушылар зор дайындықпен кіріседі. Негіздер жөнінде алғашқы ұғым судың активті металдармен реакциясының механизмін талдау арқылы беріледі:

Н20+Ме→Ме(ОН)п2 Осы сызбанұсқа арқылы негіздің қүрамы, индикаторға эсері, матаны бүлдіруі, физикалық қасиеттері тусіндіріледі, анықтама беріледі, гидроксотоп және оның валенттілігі туралы бастапқы ұгым қалыптастырылады.

Натрий, кальций жэне калий гидроксидтерінің қасиеттерімен таныс-тыратын оқулықпен жүмыс, зертханалық эксперимент, эңгімелесу өткізіледі. Содан соң ерімейтін негіздің қасиеттерімен танысады. Алынған мэліметтер кесте түрінде жазылады: 1) аты, формуласы; 2) куйі; 3) түсі; 4) суда ерігіштігі; 5) индикаторға эсері; 6) кышқылдармен әрекеттесуі; 7) қышқылдык оксидтермен эрекеттесуі; 8) қыздырудың эсері. Соның нәтижесінде негіздердің бәріне ортақ қасиеті - қышқылдармен эрекеттесетіні жөнінде корытындыға келеді. Қышқылдың оксидпен эрекеттесуі жэне индикатордың түсін өзгертуі, сілтілердің қыздырганда айрылуы, ерімейтін негіздердіц айрықша қасиеттері деген ұғым қалыптасады. Алмасу реакциясының жаңа бір түрі - бейтараптану реакциясынен, титрлеу әдісінен хабардар болады.

Оқушылар түздармен алғашқы рет металдарды қышқылмен әрекет-тестіріп, сутек алғанда танысады. Мұнда да ұғымды анықтаудың белгісі - қүрамы. Тұздар металл атомдары мен қышқыл қалдықтарынан тұрады. Оқу-шылар еритін жэне ерімейтін, орта және қышқыл тұздармен танысады. Қышқылдардың металл оксидтерімен, бейметалдар оксидтерінің сілтілерімен эрекеттесуін жэне бейтараптану реакциясын өткенде түздар алудың жолдары туралы оқушылардың білімі нығаяды. Бұл кезецде тұздардың химиялық қасиеттері қарастырылмайды.

Сонымен, химиялық алғашқы ұғымдардан кейінгі үш тақырыпта: оксидтер, негіздер, қышкылдар және тұздар туралы бастапқы түсініктердіц қалыптасу кезеңі аяқталады. Әр тақырыпта алынған шашыранды білімді жинактап, жүйеге келтіру қажеттігі сезіледі. Бүл арнайы тақырыпта жүзеге асырылады.


Бейорганикальщ крсылыстардың маңызды кластары жөніндегі білімді қорытындылау. Бүл тақырыптың міндеттері: 1)оксидтердің негіздердің, қышқылдардың және тұздардың құрамы жөніндегі білімді бір жүйеге түсіру; 2) құрамы мен аталуының жэне қасиетгерінің арасындағы тәуелділікті ашу; 3) жіктелу негіздерін түсіндіру; 4) химиялық тіл туралы білімі мен білігін нығайту; 5) эксперимент дағдыларын жетілдіру, алған білімді эксперимент есептерін шығара білуге қолдану.

Бүл міндеттерді жүзеге асыру үшін алғашқы сабақта оксидтердіц, негіздердің, қышқылдардың және түздардың қүрамы мен аталуы қарастырылады. Алдымен оқушылардың білетіндерін еске түсіру үшін әңгімелесу немесе оқулықпен өздігінен жүмыс үйымдастырылады. Оқушылар бейорганикалық қосылыстардың жіктелуін сызбанұсқа түрінде сызады, эр класқа мысалдар келтіреді. Содан соң мына сүрақтар бойынша әңгімелесу ұйымдастырылады:



  • кальций оксиді мен көміртегі (IV) оксидінің құрамында қандай үқсастық пен айырмашылық бар?

  • қышқылдар мен тұздар құрамында қандай үқсастық пен айырмашылық бар?

  • негіздер мен тұздар құрамында қандай үқсастық пен айырмашылық бар?

Әңгімелесуден , кейін оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары ұйымдастырылады. Заттарды кластарға бөлу, заттың қай класқа жататынын дэлелдеу (эксперимент есебі), қүрамы бойынша затты атау, аты бойынша формуласын жазу тапсырмалары орындалады. Мысалы:

1. төменде формулалары берілген заттарды кластарға жіктеп, кесте түрінде жазыңыздар: Н3Р04, Fe, CaS04, КОН, Си, Са3(Р03)2, Си(ОН)2, Fe203, S, KN03, А1203, Ғе(ОН) з, HN03, Са(ОН)2, S02, NaCl, MgO, Р205, 02,СиО, Zn(OH)2

2) көрсетілген заттарды атаңыздар: CuS04, КОН, Si02

3) аталған заттардың формулаларын жазыңыздар: темір (ІП) хлориді, күкіртті қышқыл, азот (V) оксиді, алюминий гидроксиді, т.б.

Келесі сабақта оксидтердің жіктелуі мен химиялық қасиеттері қорытылады. Оксидтердің анықтамасы, жіктелу негіздері, эр типке жататын оксидтердің белгілері туралы эңгімелесу ұйымдастырылған соң өздігінен жүмыс орындалады. Оқушылар өткенде кестеге жазылған оксидтерді немесе мұғалім формулаларын берген оксидтерді жіктеп, кесте түрінде жазады, оксид түзуші элементтердің валенттілігін көрсетеді. Бір элементтің төменгі валенттілігінде негіздік оксидтің, ал жоғары валенттілігінде қышқылдық оксидтің қасиеттерін білдіретініне назар аударады, мысалы: МпО - негіздік оксид, Мп207 - қышқылдық оксид.

Оксидтердің химиялық қасиеттері туралы білімді бір жүйеге түсіру үшін зертханалық жүмыс жасалады. Оқушылар кремний (IV) және көміртегі (IV) оксидтерінің суға, кальций гидроксидінің ерітіндісіне, мыс (II) оксидінің және кальций оксидінің суға және күкірт қышқылына қатынасын зерттейді. Соның нэтижесінде: 1) қышқылдық оксидтердің сілтімен; 2) негіздік оксидтердің қышқылмен эрекеттесуі жалпы қасиеттері екені, бүл қасиет оларга анықтама беру үшін пайдаланылатыны жөнінде қорытынды жасалады. Суға қатысы туралы тәжірибеден алынатын мэліметтер: 3) көміртегі (IV) оксиді жэне кальций оксиді суда ериді, бір жағдайда қышқыл, екінші жағдайда сілті түзеді; 4) кремний (IV) оксиді жэне мыс (II) оксиді суда ерімейді. Оксидтердің бәрі сумен әрекеттеспейді, бұл олардың айрықша қасиеттеріне жатады.

Сабақ соңында қосылыстардың бір класынан екінші класына ауысуына арналған жаттығулар орындалады:

Қышқылдардьщ жіктелуі мен химиялық қасиеттерін қорытындылауға арналған сабақ жаппай әңгімелесуден басталады. Қышқылдардың құрамындағы ортақ белгісі, анықтамасы жэне жіктелу белгілері еске түсіріледі, соңғы сұрақтың жауабы сызбанүсқа түрінде жазылады. Қышқылдар құрамы бойынша - оттекті жэне оттексіз, негізділігі бойынша - бір негізді, екі негізді, үш негізді жэне көп негізді, агрегаттық күйі бойынша - сүйық жэне қатты, ерігіштігі бойынша еритін жэне ерімейтін деп жіктеледі. Осылардың әрқай-сысына бірнеше мысалдар келтіреді: H2S, HC1, H2S04, HN03, H2S03 (сүйық) жэне H2Si03 (ерімейді).

Қышқылдардың қасиеттері туралы білімді жүйелегенде бәріне ортақ жэне жеке топтарына ғана тэн қасиеттеріне көңіл аударылады. Қышқылдардың ортақ қасиеті - бейтараптану реакциясы, ол қүрамында сутегінің болуына байланысты. Күшті жэне қыздыруға түрақты қышқылдар металдардың ерімейтін оксидтерімен эрекеттеседі. Активтік қатарда сутегіне дейін орналасқан металдар еритін қышқылдармен реакцияға түсіп, утегін бөледі. Зертханалық жүмыстар жасау және бақылағандарын жинақтау реакция теңдеулерін жазу арқылы оқушылар айтылған қорытындыларға келеді, нэтижесін мьінадай сызбанүсқа түрінде жазады:

Сызбанұсқаның әр бөлігіне сәйкес реакция теңдеулерін жазатын жат-тығулар орындалады. Азот қышқылының металдармен эрекеттесуінің ерекшеліктерін көрсететін тэжірибелер жасалады, олардан шығатын қорытынды: азот қышқылы активтік қатарда сутегіне дейін жэне сутегінен кейін орналасқан металдармен әрекеттескенде сутегі бөлінбейді.

Негіздер туралы оқушылардың алған білімін бір жүйеге келтіру үшін әңгімелесу өткізеді. Негіздердің құрамы, жіктелуі жэне қасиеттері жөніндегі білімді еске түсіретін сұрақтар қойылады. Негіздердің физикалық қасиеттеріне қарай еритін жэне ерімейтін деп жіктелуі сызбанұсқа түрінде жазылады. Өздеріне белгілі негіздердің формулаларын оқушылар жіктелуі бойынша сызбанұсқаға жазады. Құрамына валенттілігі тұрақты емес металдар кіретін негіздердің атауларын нақтылайды. Еритін негіздердің (сілтілердің) қасиеттерін зерттейтін зертханалық тэжірибелер жасалады: 1) сілтінің индикаторларга эсері; 2) фенолфталеинмен боялған сілтіге қышқылдың әсері; 3) сілтінің қышқылдық оксидтермен эрекеттесуі.

Ерімейтін негіздердің касиеттерін мүғалім тэжірибе жасап көрсетеді. Құргақ мыс (II) гидроксидіне су жэне фенолфталеин қосканда түсі өзгермейді. Күкірт қышқылын күйғанда үнтақ еріп, кегілдір ерітінді түзеді. Ішінде мыс (II) гидроксиді жэне натрий гидроксиді бар екі сынауықты бір мезгілде қыздырғанда бірінші сынауықта мыс гидроксиді айырылып, қара түсті оксид түзіледі, екінші сынауықта өзгеріс байқалмайды. Тэжірибеден шыгатын қорытынды сызбанұсқа түрінде жазылады:



Бейорганикалық ңосылыстар арасындагы генетикалық байланыс. Генетикалық байланыс - шығу тегі (түзілуі) жағынан байланысы. Күрделілену жағынан алғанда бул байланыс химиялық элементтің жай затынан басталып, тұзбен аяқталатын катар тұзеді:

Металл негіздік оксид негіз тұз
Металдар түзілетін қатардың эр мүшесінің бейметалл қатарындағы өзіне сэйкес мүшесімен қасиеттері қарама-қарсы болып келеді, сондықтан олар өзара эрекеттеседі. Металл, бейметалл, негіздік оксид, қышқылдық оксид, негіз, қышқыл. Бұл әрекеттесулердің нэтижесінде оттексіз және оттекті қышқылдардың түздары түзіледі.

Қосылыстардың айналулары, керісінше, ең күрделі заттан жай затқа қарай жүруі мүмкін:

NaOH t° Н2

CuS04 → Cu(OH)2 → CuO →Cu

Көрнекі көрсетілетін зертханалық тэжірибелер қою, оларға сэйкес реакция теңдеулерін жазу арқылы генетикалық байланысты нақтылай түседі. Олар жалпы сызбанұсқа түрінде көрсетіледі:

Бүл сызбанұсқада жай зат пен жай зат, жай зат пен күрделі зат жэне керісінше, күрделі зат пен күрделі зат арасындагы 18 түрлі байланыс (әрқайсысы екі жақты) көрсетілген. Бүларды түсіну арқылы оқушылар табиғаттағы заттардың бір-бірімен байланысты екеніне, олардың ізсіз жойылмайтынына, бір түрінен екінші түріне ауысатынына көз жеткізеді. Бағдаршамен көрсетілген генетикалық байланыстарға сэйкес химиялық реакцияларды жүзеге асыру арқылы адам өзіне қажетті заттарды өндіреді, керегіне жаратады.

Келтірілген сызбанұсқа кез келген бейорганикалық қосылыстың химиялық қасиеттерін, алыну жолдарын жан-жақты сипаттауға мүмкіндік береді. Ол үшін сызбанұсқаны басшылыққа алып жаттығулар орындалады, сан жэне сапа есептері шығарылады, олардың мысалдары:


  1. Магний хлоридін жэне кальций карбонатын қандай реакциялардың жэрдемімен алуга болады?

  2. Литий гидроксиді, күкірт (IV) оксиді, фосфор қышқылы, барий оксиді қандай химиялық қасиеттер көрсетуі мүмкін? Реакция теңдеулерін жазыңыздар.

  3. Мына айналуларды қалай жүзеге асыруға болады? Реакция теңдеулерін жазыңыздар:

СаСОз →СаО→ Са(ОН)2→ CaC03 →Са(Ж)3)2

Сu →СuО →СuС12→ Сu(ОН)2 → СuО →Сu → CuS04;



  1. Белгісіз заттың ерітіндісіне натрий сілтісімен эсер етіп натрий сульфаты алынды, ол қай зат? Бүл зат мына берілгендердің қайсысымен эрекеттеседі: Zn, CuO, C02, Fe(OH)3;

  2. Cy қатысатын немесе нәтижесінде су түзілетін алты реакцияға мысал келтіріңіздер.

  3. Оксид Э02 суда еріп, лакмусты қызыл түске бояйды. Бұл оксид мына заттардың қайсысымен әрекеттеседі:

Р205, CaO, Ba(OH)2,HN03;

  1. Сілтілерді шыныдан жасалған тығыны бар ыдыстарда сақтайтыны неліктен?

  2. Жазуы жоқ екі ыдыста кальций оксиді жэне фосфор (V) оксиді бар. Олардың эркайсысын қалай анықтайды?

Бейорганикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстарды қорытындылау эксперимент есептерін шығаратын жұмыспен аякталады.


Бейорганикальщ қосылыстардың маңызды кластары туралы ұғымныц дамуы Бүл тарауда бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы негізгі уғымдар қалыптасуының бірінші кезеңі қарастырылды. Оның теориялық негізі - атом-молекулалық ілім. Бұл кезеннің негізгі мақсаты - оқушыларды периодтық заң жэне периодтық жүйеге, атом кұрылысы туралы теориялық материалды қабылдауға дайындау.

Бір жағынан бұл теориялық материалды өтуге дайындалса, екіншіден өзі сол көзқарастар түргысынан қайта каралып, дамуының екінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде оқушылардың білімі электрондық тұрғыдан кеңейеді. Заттың қүрылысы мен қасиеттерінің арасындагы тәуелділік тереңірек түсіндіріледі. Негіздік оксидтер иондық байланысы бар заттар да, оксид түзуші элементтің ион заряды да екіден аспайды. Иондық торы болатын бұл оксидтер сумей, қышқылдармен жэне қышқылдық оксидтермен эрекеттес-кенде металдың оттегімен химиялық байланысы үзіледі. Қышкылдық оксидтер полюсті ковалентті байланысы бар заттар, оксид тузуші элементтердің тотығу дэрежелері жоғары, яғни +4-тен +7-ге дейін жетеді. Бүларда элементтердің оттегімен байланысы берік келеді. Екінші кезеңде қышқылдардағы сутегімен қышқыл қалдығы, бейметалмен оттегі арасындағы байланыстардың сипаты ашылады. Негіздердің құрылысы мен қасиетінің кристалл торлары типіне тэуелділігі айқындалады. Тұздар түзетін кристалл тордың типі және иондар арасындагы байланыс электрондық теория тұрғысынан түсіндіріледі.

Үшінші кезеңі электролиттік дисоциациялану теориясын өткенде басталады. Оксидтердің, негіздердің, қышқылдардың қү-рылысы туралы электрондық тұрғыдан алынған мәліметтер олардың суда еріп диссоциациялануын түсіндіру үшін пайдаланылады. Осы теорияның тұрғысынан қышкылдарға, негіздерге жэне тұздарға бұрынғыдан гөрі дәлірек жаңа анықтамалар беріледі. Олардың күші, реакцияға түсу мүмкіндігі сандық сипат алады. Ері-тінділердегі тотығу-тотықсыздану және алмасу реакциялары иондық жэне электрон иондық тұрғыдан түсіндіріледі.

Химиялық элементтердің жеке топтарын, топшаларын, сутекті және оттекті қосылыстарын өткенде үш теорияның тұрғысынан алған білім жеке қосылысты сипаттау үшін пайдаланылады. Оның жалпы, жеке қүрылысына байланысты ерекше қасиеттеріне назар аударылады. Осының бір мысалы кремнийдің (IV) оксиді мен қышқылын көміртегі (IV) оксиді және қышқылымен салыстырғанда келтірілді. Егер бейорганикалық қосылыстар кластары туралы үгым қалыптасуының бірінші кезеңінде азот қышқылынан сутегі бөлінбейді делінсе, енді оның себебі түсіндіріледі. Азот қышқылының алты түрлі тотықсыздану өнімдері болатыны жөнінде үғым қалыптастырылады.

Есте болатын нэрсе, бейорганикалық қосылыстардың қай класын алсақ та, барлық жеке өкілдерін тегіс қамтитын жалпы қасиеттер вте аз. Қосылыстардың белгілі бір тобына ғана тиесілі қасиеттің ауқымын

кеңейтуден аулақ болған дұрыс. Оқушы біліміндегі формализмнің түпкілікті себебі осыдан жэне дара ерекшеліктерді үмытудан туындайтынын эрдайым есте ұстау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет