Мәселе - (грек тілінен - problema- міндет, тапсырма) - дайын жауап болмағандықтан, оған жауап табу үшін ізденуді, зерттеуді талап ететін теориялық немесе практикалақ сұрақ. Әдетте адам алдында сұрақ объективті қойылады: қандай да бір жаңа міндет туындап, оны белгілі ("ескі") методтармен шешу мүмкін емес болған жағдайда ғылыми ой әрекетке кµшеді. Оқу мақсатында проблемалар білім алушыларға әдейілеп қойылуы мүмкін, яғни оны оқытушы методист, методикалық кітаптың авторы қоюы мүмкін. Оқу проблемасы- практикалық µмірлік проблеманың кейбір моделі, бұл оқушының моделдеу заңымен сәйкес құрылған, онда зерттелуші объектінің қатынасы мен маңызды байланысын, маңызды емес тұстарын абстракциялау арқылы жүзеге асыруы тиіс, немесе керісінше бірнеше маңызды емес моменттерден қатысушы маңыздыларын бµліп алуы тиіс. Соңғы жағдайда оқу мақсаты тура сол проблеманы шешуде µзгереді.
Мәселелік жағдай- бұл субъектінің мәселемен кездесуіндегі психологиялық жағдайы, ол туған қиындықты шешуге кµмектесетін жаңа әрекет тәсілдері немесе жаңа білімді игеруді талап ететін практикалық немес танымдық міндетті шешу болып табылады. Мәселелік жағдайда субъективті қажеттілік жаңа білім алуда оқуда тұлғаның танымдық белсенділігін туғызады. Мәселелік жағдай таным субъектісінің пайда болған қиындыққа деген қатынасын кµрсетеді, бұл сондай қатынас, мұнда ол оны қалай шешу жолдарын білмейді, бірақ оған іздену керек. Алайда ізденіске қажеттілік қиындықты кездестірушының анық түсіне білгенде ғана туындайды. Мәселелік жағдайға түскен жағдайда, субъект уақыт µткенге дейін бұны тек қиындық ретінде қабылдайды, ал бұны ерекше бір жолмен ғана шешетін мәселе ретінде қарамайды.
Осындай жолмен объективті кедергілер адам алдында мәселелік жағдай ретінде тұруы да, тұрмауы да мүмкін.
Ал негізінен ойлау -субъект мәселелік жағдайды толық түсінген жағдайда ғана "жұмысқа қосылса", оны бірқатар қарама- қайшылықтар ретінде қабылдап, қойылған мақсатқа жетпей, оның шешімін табу мүмкін емес. А.Н.Леонтьев қызықты мысал келтіреді. Мектеп оқушылары -авиамодельдік үйірменің мүшелері және ұшатын авиамодельді қызығушылықпен, ынтамен жасайды. Инструктор ұшу теориясын меңгеруді талап етеді. Алайда бұл жұмысты қаншама икем, тер тµге жұмыс істеген авиамоделисттер тобы ұшу теориясына аз қызығушылық танытады; кµпшілігі самолет неге ауада ұша алады, "махаббат қарсылығы" дегеніміз не деген сұрақтарға жауап бере алмады. Жұмыстың теориялық жағын түсінуге деген қажетілігін түсіндіретін ешқандай үгіт табыс әкелмеді, тіпті әйгілі авиаәдебиеттерді оқи отырып, балалар одан таза практикалық сипат беретін шектеулі мәлімет қана алады. Неге балалар теорияны меңгермеді? Ол оларды қызықтырмаған себебі, бұл білмеушілік оларға практикалық жұмысты жүргізуге кедергі болған жоқ және оларда ешқандай қиындық туғызған жоқ, яғни оларда мәселелік жағдай болған жоқ.
Ал тапсырманы µзгертіп, авиамоделисттер модельді жасап қана қоймай, оны олардың кµмегімен белгілі бір қашықтыққа ұшыру кезінде олар модельдің екі мертге жетпей құлайтынына кµз жеткізді. Неге бұл бұлай болды? Белгілеген жерге дейін қалай ұшыруға болады? Мәселелік жағдай пайда болды. Одан шығу жолын іздейді. Енді оқушыларға бұрын елемей келген ұшу теориясы туралы конструктордың консультациясы керек болады.
Инструктор "бұрыш шабуылының" маңыздылығын түсіндірді. Оптималды бұрыш шабуылын қалай таңдау керектігін кµрсетіп, ол "сызықтар сызады- векторлар алдыға, жоғары, тµмен; бір сызық тар µседі, басқалары тµмендейді. Түсінікті: осындай жағдайда самолет міндетті түрде құлайды. Бұл µте қызықты. Жас конструктор түсініп, сызықтар сәйкестігін тапқанда барып, ол самолетке керекті шабуыл бұрышын берді. "Осылай теория білімін білу мәселелік жағдайдан шығуға кµмектесіп, алдыға қойылған тапсырма мен мақсатты шешті.
Қиындықты бұлыңғыр түсініп, бірте- бірте мәселелік жағдайға айналуы жиі кездеседі және бұл әрекет субъектісінің бұдан шығу жолында жаңа білім, әрекеттің жаңа тәсілін ойлап табады, яғни бұл тұлғаның танымдық белсенділігін туғызып, ойлауды дамытады. Психологтар ертеден байқап, ойлау әдетте мәселеден немесе сұрақтан, таң қалудан немесе икемсіздіктен, қарама- қайшылықтан туындыйтынын айтқан. Мұндай меселелік жағдай субъектінің ойлау әрекетіне енуімен анықталады.
Айтылған бұл ойдан кез- келген проблема міндетті түрде ойлау белсенділігін арттырады деп ойламау керек. Жағдайды мәселелік сияқты жеткілікті деңгейде түсіну, субъектінің ойлау ізденісін бастау үшін білім қоры керек. Мысалы: "рефереттік топтың" не екенін білмей, студент әлеуметтік психологияның тапсырмаларына дұрыс жауап бере алмайды, егер оны былай құраса: "Бір топ немесе тура сол топ бір уақытта "референттік" "үлкен", "кіші", "кәсіби", " шынайға" жатқызыла ма? Бұл тапсырма тұлғада проблеме ретінде түсінікті болғандықтан оны шешуде жеткілікті соңғы білімі болмаса, бұл дұрыс бағытта ойлауды туғызбайды.
Оқутушыдан (оқытушы, оқулық авторы) білім білім алушыларда егер бұрын қалыптаспаса, мәселелік жағдайда мәселенің шешімін табу кезінде жағдайлар құру керек.
Мәселелік жағдайлар практикалық µмірде обьективті және жиі кездеседі және бұл субъектіден ойлау икемін, сондай-ақ жұмысына шығармашылық тұрғыда қарауды талап етеді. Бұл үшін жоғарғы оқу орнынан бастап оқу барысынан бастап ойлауға үйрену керек және әр түрлі мәселелік жағдайлардан шыға білу керек.
Оқу жағдайында мұндай жағдайлар оқытушы, методист, оқу құралының авторы тарапынан қойылады, яғни субъективті, µнерлі, арнайы оқу мақсатына сай. Алайда мәселелік жағдай оқу іс-әрекетінде кездейсоқ, жоспарсыз пайда болуы мүмкін. Мұндай стихиялық мәселелік жағдайлар пайда болуы мүмкін, мысалы: бүкіл топ болып бір қандай да бір құбылысты түсіндіре алмайды. Мысалы: әдебиет пәнінің семинар сабағында сµз петербургтік ақ түндер туралы сµз болады. А.С.Пушкиннің µлең жолдары келтірілген болатын: "Одна заря сменить другую спешит, дав ночи полчаса". Семинарға қатысып отырған проректор (мамандағы- географ) студенттердің ақ түн тек қана Петербургқа тән деген екендігі туралы айтқан ойларын аңғарды. Студенттердің біреуі: "Мүмкін Иркутскіде де ақ түндерді қарсы алып, шығарып салатын шығар? Ал мүмкін бұндай құбылыс басқа жерлерде де бар шығар?"- деп, µз ойын айтты. Қызу пікір-талас туындады. Алайда қатаң ойлау логикасының арқасында және Жер µз осімен айналу заңына сүйене отырып, дұрыс шешеім қабылдап, ақ түндер жоғарғы солтүстік және оңтүстік кеңістікте пайда болатынын анықтады.(60*-тан жоғары)
Бұл мысал тура мәселелік жағдайдың кездейсоқ туғаны туралы айтады және де оған шешім табу үшін студенттердің ойлау белсенділігін арттырды. Тәжірибелі ұстаздар бұндай стихиялы түрде пайда болған студенттердің дискуссиясын әдетте қолдайды, олар студенттердің оқулықтағы дайын, олардың µзіндік µз ойларының тууына әсер етпейтін фразаларды айтқаннан гµрі бұл дискуссия тақырыпқа сай болмаса да, ол олардың ойлау белсенділігін арттырады.
Ал "жеке тұлғалық мәселелік жағдайға" байланысты бұл түсінікті біз бұл жерде зиянды студенттік әдет -ол түсініксіз, бірақ µте маңызды сұрақ болса да оқытушыға сұрақ қоймау сияқты мәселелердің психологиялық себебін түсіндіруге тырысамыз. Бұл әдет қарапайым ұялшақтықпен байланысты: бұл студентті ештеңе білмейтін, ақылсыз, артта қалған деп түсінеді деген түсініктен туған. Осындай ұялшақтақтың нәтижесінде студент ойлаудың аз ғана бµлігін талап ететін қарапайым сұрақтарға жауап бере алмайды, яғни осыдан оның басында қандай да бір "вакуум" пайда болады. Неге? Себебі, олар µз уақытында лектордың түсіндіруі мен логикасын түсіне алмаған немесе кітап авторымен келтірілген аргументтерден "секіріп" кеткен. Сондықтан, оларда басқаларда жоқ мәселе пайда болады. (жеке тұлғалық)
Осылай, оқу іс-әрекетінің психологиясы ғылыми теория ретінде µз кезегінде студентті оқуға үйрету дегенді, яғни оқытушының студентті µзіндік танымдық іс -әрекетті қалыптастыруға үйрету дегенді білдіреді. Оқытушының міндеті -ол тек қана дайын ғылыми білімді түсіндіріп, есте сақтату емес, студенттің оқудағы іс-әрекетін қалыптастыруға кµмектесу, яғни бұл білімді меңгерудің обьективтік заңдарын талап етеді: оқу тапсырмасын ойлау күші арқылы шешу, нәтижесінде ойлауға үйрену және әр түрлі жағдайға мұндай тапсырмаларды меңгерген тәсілмен шешуге үйрету боп табылады.
Дұрыс оқу- оқу іс-әрекетінің талаптарына сай оқу болып табылады, бұл қорытындысында жай ғана білім мен икемді жинақтамайды, білімнің кµмегімен ойлауды үйретеді, яғни, интеллектуалдық қабілетті дамытады. Мұндай жетістікке жету үшін оқытушыға оқу іс-әрекетінің психологиялық теориясының және бұл әрекеттің студентте қалыптасу методикасы туралы жоғары білімі болу керек.
№7 Дәріс.
Дәрістің мақсаты: Жоғары оқу орны студенттеріне тәрбие психологиясының заңдылықтарының мәнін ашып күрсету.
Жоспары:
1.Тәрбие психологиясы туралы жалпы түсінік.
2.Тәрбие және оның заңдылықтары
Оқу процесінде адам үзі үшін жаңа іс-әрекет түрлеріне енуге дайындалса, ал тәрбие процесінде - әлі меңгерілмеген қоғамдық қатынастар жүйесіне енуге дайындалады.Білім беру мекемелерінде тұлғаның жақсатқа бағыттылығын және оның мотивациялық сферасын қалыптастыруға арналған тәрбие жұмыстары жүргізіледі.Бұл жағдайға тәрбие психологиясының пәні болып баланың, бала ұжымының әрекеттерінің мақсатқа бағыттылығын ұйымдастыру жағдайындағы тұлғаның дамуы болып табылады.
Тәрбие процесінде негізгі әсер ойды қалыптастырушы мотивтер мен адамның құндылық орентациясында болады.Құндылық ориентация – индивидтің үмір тәжірибесімен бекітілген тұлғаның ішкі құрылымының маңызды элементтері . Кез-келген қоғамдағы тұлғаның құндылық орентациясы тәрбиенің мақсатқа бағытталған әрекетінің объектісі болып табылады.Іс-әрекет механизмдері мен құндылық орентациясының дамуы мотивациялық сферадағы қарсыласу мен конфликтіні шешумен тығыз байланысты.
Тәрбиенің мәнін осылайша түсіну, оқушыларға тәрбие және басқару процестерінің әсерін ажыратуға күмектеседі.Неміс педагогы Гербарт тәрбие процесіндегі 3 сәтті, яғни басқару, оқыту және құлықтылық тәрбиесін шектеуді ұсынған.Гербарт бойынша басқару басты мәселеге баланың болашағын емес, тек берілген уақыттағы тәртіпті сақтауды қояды, яғни тәрбие процесіндегі.Басқарудың басты мақсаты- баланың уақытын үнемдеу, басты қортындысы – тәртіп.Басқаруға қарама-қарсы құлықтылық тәрбиесі баланың сезімдерін, тілектерін бағыттай отырып, оның жан дүниесіне әсер етеді.Бірақ, баланың ерік –жігері мен санасын басып тастайды.Ал тәрбиеші, тәрбиеленушінің тіпті ол бұзақы болса да, оның жақсы жақтарын да күруге білуге тиіс.Қазіргі жағдайға тәрбие жұмыстарының ерекшеліктерінің сипаты А.Г.Асмолов айтқандай, тұлғаның мотивациялық сферасына бағыттылығында.Оның ойынша тәрбиенің психологиялық объектісі құндылық орентациялары мағыналы ұстанымдар, проблемалы- конфликтілік жағдайлардағы іс-әрекеттерді қадағалау болып табылады.Тұлғаның құндылық орентациясының негізгі мазмұнын қоғамда туындайтын және сақталатын құндылықтар құрайды.:
Рухани;
Идеологиялық;
Архетиптік;
Тәрбиелеуде әсер ету тәсілі ретінде, адаммен жүзеге асатын қатынастардың сипаты мен мазмұнына эффективті әсер етуге қабілетті құндылықтарды қолданған тиімді.А.Инкельс пен А.Смиттің айтулары бойынша кез-келген дамыған мемлекеттердегі мына құндылықтар маңызды болып саналады: әлеуметтік үзгерістерге дайын болу, қоршағандардың ұстанымдары мен пікірлерінің жан-жақтылығын түсіну, әсер ету сезімдері және үзінің пікірін қалыптастыруға дайын болу.Білім беру мекемелеріндегі тәрбие, тәрбие жұмысының процесі ретінде жүзеге асады.Педагог іс-әрекетінің негізгі күрделігігі – нақты және тұлғаның маңызды құндылығына әсер ету тәсілдерін іздестіруде.Тәрбие жұмысының тәжірибесі берілген жағдайдарды жүзеге асыруды қамтамасыз ете алатындай құрылуы тиіс.А.Г.Асмолов психологиялық жағдайды жүзеге асыруға қабілетті мектеп тегі тәрбие жұмыстарының жүйесін құрастыруда бірқатар әдістемелік принциптерді қалыптастырған. Олар:
тәрбие процестерін құрастыруда тұлға ның жетекші мотивтерін есепке алу;
мағыналы іс-әрекетке тұлғаның араласуы;
топтағы тұлғаның әлеуметтік позитциясының ауысуы;
референттік топтар үшін тұлға қылықтарының салдарын демонстрациялау.
Л.С.Выготский «Педагогикалық психология» атты кітабында «тәрибе процесінің негізі- оқушының жеке әрекеті болуы тиіс, ал мұғалімнің шеберлігі осы іс-әрекетті бағыттау және қадағалау яғни мұғалім психологиялық жағынан тәрбиелік ортаны ұйымдастырушы, қадағалаушы және бақылаушы болып табылады» деп жазған.Осылайша тәрбие процесінің басты фугурасы үзіндік іс-әрекеттің субъектісі ретінде баланың үзі болып табылады.Мұғалім әлеуметтік ортаның үлкен мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ары қарай дамыиу мақсатында баланың іс-әрекетін басқарып, бағыттап отырады.
Тәрбиенің жасанды құрылымы бала үзінің қандай жағдайда тұрғанын нақты сезінуін ұйғарады.
Осылайша тәрбие жүйесі – ол:
оқушылардың қызығушылықтары мен құштарлықтарының күрінуіне және қалыптасуына ықпал ету;
олардың қарым-қатынас пен іс-әрекеттінің жаңа түрлеріндегі белсенділіктері;
оқушылардың нақты мәртебелі- рүлдік позитцияларын ұйымдастыру және бекіту;
тәрбие процесіндегі жүзеге асатын сапалар мен қарым-қатынастарды бстан үткізудегі мүмкіндіктері.Осы талаптарға сай, мектептегі тәрбие жұмысының жүйесі болып табылады.
Сонымен, тәрбиелік ортаны қалыптастыру білім беру мекемелеріндегі тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін психологиялық – педагогикалық жағдайлардың бірі ретінде қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |