1. Философия дүниеге көзқарастың және қоғамдық сананың формасы ретінде


Адамның шығу тегі: негізгі концепциялар



бет11/11
Дата19.10.2023
өлшемі4,24 Mb.
#186604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1 рк философия 209

60. Адамның шығу тегі: негізгі концепциялар.
Адам мәселесі, оның ішінде шығу тегі, мәні, табиғаттағы оның орны және қоғамдық өмірдегі оның рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады. Философияның пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды, ал бүгінгі күндері адам әрекетінің әртүрлі қырларын зерттеуді негізгі мақсат тұтатын өзге де
ғылыми салалар пайда болды. Өкінішке орай, адамды зерттеу саласындағы жетістіктерге қарамастан оның шығу тегі де, Жердегі өмірдің қай кезде пайда болғаны сияқты қазіргі ғылым үшін жұмбақ күйінде қалып отырғанын мойындауға мәжбүрміз. Адам қалыптасуының алғы тарихын түсіндіріп беруге қабілетті, теріске шығармайтындай айғақтар және дәлелдермен бекітілген сенімді теория болмай отыр. Адам туралы бар көзқарастар негізінен гипотезалар мен ұсыныстарға ғана сүйенеді. Бұған таңдануға болмайды, өйткені әлем туралы қазіргі ғылыми көзқарастар бұдан
300-400 жыл бұрын ғана қалыптаса бастады, ал бұл адамзаттың көп ғасырлық тарихындағы аз ғана мезет. Алайда, осыған қарамастан адам табиғатын философиялық түсіндіру жалпы теориялық денгейде үлкен сенімге ие бола отырып, дұрыс бағыт сілтейді. Адам туралы алғаш идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла басталды. Бұл туралы біздің заманымызға дейін жеткен мифтер (аңыз, әпсаналар) мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды.



209


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет