1. Философия дүниеге көзқарастың және қоғамдық сананың формасы ретінде



бет2/11
Дата19.10.2023
өлшемі4,24 Mb.
#186604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1 рк философия 209

Материализм – материя мен сананың арақатынасында материяны алғашқы деп санайды. Материализмнің негізгі жағдайлары:
- материя нақты, санадан тыс өмір сүреді;
- материя өзбетінше субстанция;
- материя өз ішілік заңдармен дамиды; 
- сана материяның қасиеті, өзінше субстанция бола алмайды;
- сана материя (болмыс) арқылы анықталады.
Идеализм – сана мен материя арақатынасында сананы алғашқы деп сананы алғашқы деп санайтын философиялық бағыт.
Дуализм – философиядағы компромистік бағыт, материалды және рухани – екі тәуелсіз субъстанциялардың болатындығын мойындайтын бағыт.
Өзінің нақты пайда болуында материализм де, идеализм де бірбастаулы емес. Материализм и идеализмнің бірнеше формаларын анықтауға болады:
Тарихи материализм тұрғысынан, төмендегідей негізгі формаларды көрсетуге болады:
Көне Шығыс және Көне Грек материализмі
Еуропадағы Жаңа заман метафизикалық (механикалық) материализмі.
Диалектикалық материализм.
Алғашында идеализмнің 2 негізгі түрін анықтауға болады:
объективті идеализм
субъективті идеализм
Идеализмнің аталған формаларында түрлі көріністері мен түрлерін анықтауға болады: солипсизм, идеалистік рационализм, иррационализм және тағы басқалары.

3. Философиядағы дүниетаным мәселесі және оның шешілу жолдары


Философия дүниегекөзқарастың бір түрі. Дүниеге көзқарас - дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниегекөзқарас үш негізгі типтен тұрады: vифологиялық, діни, философиялық. Дүниеге көзқарас - дүниені түсіндірудің,оны бағалаудың принциптері мен әрекеттері. Дүниеге көзқарас нанымнан,сезімнен,танымнан тұрады. Дүниеге көзқарас біркелкі емес,ол: жай қарапайым,діни,мифологиялық,ғылыми,философиялық болып бөлінеді. Мифологиялық дүниетаным -ертегі,аңыз негізіндегі көзқарас. Діни дүниетаным -нанымға негізделген.Адам бір нәрсеге иланбайынша,нанбайынша,оның ісі тұрақты,нәтижелі болмайды. Иланудың екі түрі бар: ғылыми және ғылыми емес. Ғылыми илануға сенген адам әр нәрсенің объективтік негізіне,заңдылығына үңіледі,бос даурығудан өзін аулақ ұстайды. Ондай адамдар өз сенімін оңай өзгертпейді.Күнделікті өмірден туған қарапайым дүниетаным- ақылға сыйымды,өмірден,күнделікті байқаудан туған,практикада анықталған көзқарас. Философиялық дүниетаным- білімге құштарлық,даналыққа сүйіспеншілік,өмірлік позиция. Философия барлық қоғамдық ғылымның түп атасы. Ол үшін дамып, адамзат ақыл ойының жетістіктерімен толықтырылып отыратын ғылым. Философия ерекше ғылым.Оның мәні дүниеге көзқарасы мен методологиясында. Ол ұлттық шеңберде немесе белгілі бір ағым аясында тұйықталып қалмайды. Философия қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің, рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі. Әрине, оған әр халықтың өзіндік үлесі бар. Әрбір ұлттың өзіндік не физикасы, не химиясы, не басқа ғылымдары болмайтыны сияқты өз алдына оқшау философиясы да жоқ. Бірақ та әр халықтың тұрған жеріне, тарихына байланысты оның өзіндік менталитеті, дүниеге көзқарас, соны бейнелейтін дана уәкілдері бар. Тек сол тұрғыда ғана біз плен халықатрдың философиясы деген ұғымды қолданамыз. Әйтпесе, философия адам баласының дүние танымы, данышпандық ойы. Ол толып жатқан өзендерден нәр алған, тамшылардан құралған үлкен терең ой теңізі. Өзендердің бұлақтардан қтікелей өмір сүруін ұралғанындай, философия да әрбір халықтың ой тұжырымдарын, дүние танымын, қоғамдық көзқарасы бойынша сіңірген әрбір ұлттың тарихи және қоғамдық ой санасының даму деңгейінің көрсеткіші. Өйткені, бұл абстрактылы оймен ғылым өрнек құратын, қиын, шым шытырық құбылысының жүйесін табиғат? Белгілі талдау жасай алатын, болжам айта білетін ілім. Философия сондай ақ дүниеге көзқарас қалыптастыратын ғылым. Қандай да бірадам болмасын, ол дүнигеге белгілі бір көзқарассыз өмір сүрмейді. Былайша айтқанда, әрбәр адам дүниеге, әрбәр құбылысқа белгілі пікір айтады, өзінің өмірлік позициясын белгілейді. Философия көзқарастың жүйелі болуын қаматамасыз етеді. Әрине көзқарас іштен тумайды. Оны қалыптастыратын өмір. Өмірді танып, білу арқылы адам белгілі қорытындыға келеді: қабылдайды, теріске шығарады, қолдайды, ұнатпайды. Бұл филосоияның метологиялық , дүниеге көзқарасытың рөлі.Философия дүнеге келген кезінен бастапмифологиямен қатар және онымен бірге діни түсініктерге қарсы күресте шыңдалып, дамыған. Философияда ойландырған мәселелер қашанда мыналар болатын: Дүние қалай құрылған? Рухани материалдықтар қалай қалыптасқан? Шындық деген не? Адам өмірінің мәні неде? Дүние мәңгі ме? Философия осы сияқты сұрақтарға жауап іздеді. Дегенмен, адм санасын оятуда мифологияның рөлін жоққа шығаруға болмайды. Ол зерек адамдардың даналық қиялымен ізденіс жасауына түрткі болды. Егер дін, мифологияны қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарынбүтіндей қолдану негізінде қалыптасқан болса, философия ойлау зерттеу , сын көзбен қарау негізінде дүниеге келді. Адамзат дамуымен қатар фил я да өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде қалыптаса түсті. Сонымен қатар ол басқа ғылымдардарға методологиялық жол сілтейтін әдістемелік рөлде атқаруда. Көзқарас білімнің толықтырылған, қорытылған түрі. Ол күнделікті өмірді байқаудан, өткенді талдаудан, келещекті болжаудан туындайды. Бір заманда ондай міндетті абыздар атқарған.

4. Философиядағы бастама проблемасы және оның шешілу жолдары


Философияның онтологиялық мәселесіне байланысты философияда негізгі екі бағыт пайда болды. Олар материализм және идеализм.
Онтологиялық сұрақ - дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя не сана, рух па деген деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса, ал гносеология - дүниені танып-білу мүмкін бе әлде мүмкін емес пе деген сұрақ қояды.
Дүниенің алғашқы бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру барысында философияда екі негізгі бағыт пайда болды, олар: материализм және идеализм.
Материалистік бағыт-дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады, материя-санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға қабілетті деп тұжырымдайтын пікір.
Материя — адамның санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүретін және санада бейнеленетін (сана арқылы сипаттауға болады) обьективті шындық. Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп обьектілер мен формалардың субстанциялық негізі болып табылады.
Материалист - философтардың қатарына саналатындар: Демокрит, Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, Герцен, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин т.б.Идеализм - философияның негізгі мәселесін шешудегі материализмге қарама-қарсы бағыт, яғни материя мен сана қатынасында дүниенің бастамасы ретінде сананы (идеяны), рухты жақтайтын көзқарас.
Идеализм екі түрлі пікірге бөлінеді:
- Объективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель),
- Субъектвті идеализм (Беркли, Юм).
Обьективті идеализм өкілдерінің тұжырымдауы бойынша тек қана реалды идея ғана бар, идея - алғашқы, барлық қоршаған орта, шындық - «идеялар әлемі» және «заттар әлемі» болып бөлінеді. «Идеялар әлемі» (эйдос) әлемдік зердеде өмір сүреді, заттар әлемі - өзіндік тіршілігі жоқ,жекелеген заттар Жаратушыға ғана тән құбылыс, «идеялар әлемі» санадан тәуелсіз өмір сүреді, себебі, адамның ойы, идея тіпті табиғаттың өзі абсолюттік идеяның, дүниежүзілік, әлемдік рухтың бір бөлшегі ғана, яғни дүниенің негізі - о дүниелік сана, «абсолютті рух». Обьективті идеализм әдетте теологиямен бірігіп кетеді де, діннің өзіндік бағыт алған философиялық негізі болып табылады.Субьективті идеализм - бүкіл дүние - біздің санамызда, субьектінің сана-сезімінің жасаған немесе біздің түйсіктеріміздің, алған әсеріміздің жиынтығы. Бұл жағдайда алғашқы бастамаға адамның санасы алынады да, сонан кейін барып одан табиғат шығарылады, соған орай заттар мен бүкіл дүниенің объективті өмір сүруі, олардың даму заңдылықтары теріске шығарылады, өйткені адам санасынан тыс материя да, рух та жоқ»,- деген пікірді ұстанды.
Уақыт өте келе дүниенің бастамасы мәселесіне байланысты философияда бірнеше пікірлер қалыптаса бастады. Олардың қатарына: монизм, дуализм деизм саналады.Монизм (гр. Monos - біреу, жалғыз) – дүниенің алғашқа негізі ретінде бір ғана бастаманы мойындайтын философиялық ілім. Идеалистер үшін алғашқы бастама - идея, сана. Материалистер үшін - материя алғашқы бастама болып табылады.Дуализм (лат. Duo - екеу) –монизмге қарсы, дүниенің негізі екі бастамадан тұрады, екеуі бірін-бірі толықтырып отырады деп тұжырымдайтын пікір. Негізін салған Р.Декарт.Деизм - (лат. Dues - Құдай) дүниенің негізін Құдай жаратты, бірақ, адамның іс-әрекетімен қоғам өміріне араласпайды деп тұжырымдау. Негізін салған 17 ғ. Ағылшын философы, лорд Чербери.

5.Адамзат дүниетанымының даму кезеңдері және оның философияға дейінгі формалары


. Тарих дамуында адамзат дүниетанымының үш тарихи түрі қалыптасты:
мифология;
дін;
философия;
мифология- (гректің аңыз сөзінен) қоршаған дүние туралы реалды түсінікпен қатар
фантастикалық қиялдың қосындысынан тұратын ежелгі қоғам дүниетанымы, қоғамдық сананың формасы. Миф жауап беруге тырысатын негізгі сұрақтар:
әлемнің, жердің және адамның жаратылуы;
табиғи құбылыстар туралы түсінік;
адам өмірі, тағдыры, өлімі,әрекеті жетістіктері т.б.;
борыш, ар намыс, имандылық мәселелері;
Мифтің белгілері және сипаты
1) табиғатты жанды тіршілік ретінде қабылдау;
2)фантастикалық құдайларға, олардың өзара
қатынасына, байланыстарына сену;
3)абстрактылы ойлаудың болмауы;
4)мифтің нақты өмірлік еңбектері(шаруашылық,
схихиядан қорғану т.б.) шешуге бағытталған
практикалық сипаты;
5)мифологиялық сюжеттердің біркелкілігі мен тереңге
бойламайтын үстірт, жеңіл мағыналылығы; Ежелгі мифологиялық жазба әдебиеттер:
Үндінің «Рамаяна», «Махабхарата», «Ригведа»;Египедтік «Тексты пирамиды», «пер мрху»(өлеңдер кітабы)Шумер- аккадтық: «Энки мен Нинхурсаг»,«Иннана-Думузи»;Гректік «Иллиада», «труды и дни»,«гептамихоз»;Жапондық «Кодзики», «Нихонги»
Тибеттік «зерминг», «лубум», «маникабум»;Финдік «калевала», т.б. Дін ( латынның «религия»құдайшылық сөзінен)сенімге, негізделген, адам өмірі мен қоршаған
дүниені басқаратын, жарататын құдіреттікүштердің барын мойындайтын дүниетаным
түрі. Діни дүниетаным адамның дүние туралы сезімдік, образды эмоционалды түсінікті талап
етеді. Діннің мақсаты мен мағынасы-қоғам мен жалпы адамзаттың назарын Құдайға бағыттау
арқылы бір бағытқа жұмылдыру, орталықтандыру, сол арқылы адамды және осы
дүниелік болмысты мәртебелендіру. Дін де миф ізденетін сұрақтарға жауап береді:
1)әлемнің, жердің, жердегі тіршіліктің , адамның пайда болуы;
2)табиғи құбылыстар туралы түсінік;
3)адам әрекеті мен тағдыры;
4) адамгершілік мәселелері;
5)қарыс — қатынас мәселелері;
Кең тараған ұлттық діндер:
1)синтоизм;
2)индуизм;
3)иудаизм;
Негізгі әлемдік діндер үшеу:
1)буддизм;
2)христиандық;
3) ислам.
Дін мынадай қызметтер атқарады:
Дүниетанымдық. Дүние туралыжалпы түсінікті қарастырады; Біріктірушілік. Қоғамды қандай да бір идея үшін немесе идея төңірегіне топтастырады;
Мәдени. Мәдениетке ықпал етеді немесе мәдениеттің таралуына
жағдай жасайды;
Адамгершілікке тәрбиелейді, адамгершілікті насихаттайды;
Компенсаторлық, адамның табиғат, әлеуметтік проблемалар, т.б. жағымсыз сипаттағы басқа да факторлар алдындағы әлсіздігін, қорғансыздығын басқа сипаттармен толықтырады;
Жүйелеушілік, адамның тәртіптері мен өзара қатынастарын идеялар, нормалар,дәстүр, ритуал,құқық, мораль, қағидалар,т.б. арқылы жүйелейді;
Мәдениет жалғастылығы, ұрпақтар арасындағы ой жалғастылығын қамтамассыз етеді;
Интеграциялық, дезинтеграциялық — индивидтерді топқа немесе әлеуметтік институттарға бөлу біріктіру.

Философия-дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы-нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті:Космоцентризм,теоцентризм, антропоцентризм.


Космоцентризм-әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .
Теоцентризм-барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш-Құдай арқылы түсіндіру (Орта ғасырлық европа философиясына тән ерекшелік).
Антропоцентризм-негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірі мен жаңазаман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).
6. «Адам – дүние» қатынасы – философияның басты проблемасы ретінде.
Адам мәселесі, оның ішіде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады.Философия пайда болғанынан қазіргі уақытқа дейін адам оның басты назарында болды. Материяны, табиғатты – алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер үшін де, рух пен сананы – алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адам мәселесінсіз философия жоқ..
Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің дәуірімізге дейін жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды.Адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.Адам мәселесіне Аристотель де ерекше көңіл бөлген. Аристотель концепсиясында адам қоғамдық , мемлекеттік, саяси деп қарастырылады. Оның пікірінше, адам – ақылға ие қоғамдық жануар. Аристотельдің айтуынша, мемлекет басындағы заң шығарушының міндеті – азаматтарды жақсы қылықтарға, ізгі ниеттілікке үйретіп оларды тек игілікті істерден ғана ләззат алатындай дәрежеге жеткізу. Оның «алтын аралық» деп аталатын моралдық доктринасы адамның жандүниеснің сырын ашуға негізделген.Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған орта ғасырдағы Шығыстың ойшыл философы, біздің әйгілі жерлесіміз әл-Фараби болды. Әл-Фарабидің айтуынша, бақыт – әр адамның көздейтін мақсаты. Сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін адамның үш түрлі тамаша табиғи қабілеті болады: 1) ерекше жасалған дене құрылысы; 2) жан құмарлықтары; 3) ой-парасаты. Бұл қабілеттер өзінен-өзі табииғат берген қалпында бақытқа жеткізбейді. Бірде жақсылық толық нәтижесін берсе, енді бірде керісінше болуы мүмкін. Мұндай кездейсоқты жеңуді жолы – аталған үш қабілеттің әрқайсысын дұрыс жолға бағыттап тәрбиелеу, сол арқылы адамның мінез-құлқы мен ой-парасаты оларды саналы түрде үнемі дұрыс нәтиже туғызатын дәрежеге жеткізу. Мұны іске асыру: адамға және мемлекет басындағы саяси қайраткерлердің міндеті. Әл-Фараби былай деп үйретеді: қандай болса да іс-қимылын жасағанда адам біржақтылықтан, үшқаралықтан сақтану керек. Себебі әрбір жақсы қасиет бір-біріне қарама-қарсы екі жаман қасиеттің аралығынан туады. Оның бұдан мың жылдан астам уақыт бұрын айтылған ойлары бүгінге дейін маңызын жойған жоқ..Жаңа заман философиясы адам жайында негізінен идеалистік көзқараста болғандықтан, адамды ең алдымен рухани жан деп түсінді. Бірақ ол адам тағдырын құдайдың құдіретімен байланыстырмай, адамды өз болашағы өз қолында, құдайдан да, басқадан да тәуелсіз ақыл-ой иесі, өз өмірінің саналы субъектісі деді. Адамның тіпті өмір сүруінің ең басты белгісі осы қасиетте деп таныды.Сол заманның философтары Бэкон, Гоббс, Декарт, Спиноза осыны үндеді. Француз философы Рене Декарттың: «мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін» -деген қанатты сөзінің мәні осында.
7 сұрақ Философияның объектісі және пәні, олардың көп түрлілігі.
Философияның пайда болуы және оның зерттеу объектісі Философияның пайда болуы ежелгі дүниеге қатысты. Философиялық білімдердің бастауы біздің заманымызға дейінгі VІ—V ғасырлардағы құл иеленуші мемлекеттерде — Қытайда, Үндістанда, Грекияда болғаны айқын көрінеді. "Философия" сөзін алғаш қолданған Грекиядан шыққан ұлы математик, философ Пифагор болды. Аңыз бойынша, ежелгі грек қалаларының бірінің билеушісі базарға келіп, сырттай босқа қарап тұрған Пифагордан: "Сен кімсің?"— деп сұраған. Пифагор: "Мен философпын", — деп жауап беріпті. Бұл сөз билеушіге таныс болмағандықтан, Пифагор былай түсіндіріпті: "Өмір дегеніміз — Олимпиадалық ойындар сияқты: біреулер оған жарысқа түсуге, екіншілері сауда жасауға, ал ең бақыттылары көруге келеді. Кәдімгі өмірдегідей, біреулер—даңққұмар, енді біреулер — жемқор, ашкөз. Бұлардың арасында тек философтар ақиқат үшін өмір сүреді". "Философия" сөзі ежелгі грек тілінен алынған, яғни "даналықты сүю" (рһuео — сүю, sophia— даналық) деген ұғымды білдіреді. Ал "даналық" ұғымы білімге және ақиқатқа риясыз қызмет ете отырып, дүниені ерекше ақылмен тануға қол жеткізу. Бұл — дүниені тұтастай және бірлікте тануға тырысу. Философия дүниеге жалпылама көзқарастар ретінде көрініс береді. Өзі пайда болғанынан бастап, философия дүниені тұтастай және бірлікте ала отырып зерделеуде. Оның зерттеу объектісі — бүкіл әлем, тұтас универсуж Былайша айтқанда, "философия" дегеніміз — ойлау, жалпыламаға жету жолы. Сондықтан ол жалпылама нәрселер туралы ой кешу болып табылады. Ол қандай нәрселер? Мен деген не, болмыс деген не? Олар қандай формада өмір сүреді? Мен ретіндегі дүние түзілім, шынайылық, қайдан пайда болған? Мәңгі өмір сүре ме? Өмір деген не? Адам өмірінің ерекшелігі неде? Дүниедегі адам кім? Оның дүниеге қатынасы қандай? Жеке ғылымдар (физика, химия, психология, социология және басқалар) сияқты философия дүниедегі түрлі заттар мен құбылыстарға төн оның жеке жақтары мен қасиеттерін ғана емес, сонымен қатар олардың жалпылама қасиеттерін, қатынастарын және байланыстарын зерттейді. Философия — дүниенің мәні мен адам туралы ғылым. Философтар үшін оларды жекелеп қарау емес, тұрақты арақатынастарын зерттеу маңызды. "Дүние — адам" мәселесінде бөрі қамтылады және бәрі қарастырылады. Ол барлық өзге мәселелердің арқауы іспеттес. Философия үшін бірлікте алынған дүние — адаммен бірге дүние. Философиядағы "дүние" ұғымының кеңеюі адамның дүниедегі, табиғат әлеміндегі және қоғамдық өмірдегі орнын анықтаудан немесе адам мен дүние арасындағы қатынастардан көрініс табады. Философияның зерттейтін нәрсесі Философияның зерттейтін нәрсесі — жалпылама әлем және оған адамның қатынасы. Таратып айтқанда, оларға барлың мәнділіктердің—қандай да болсын, болмыстың (өмір сүріп жатқан бардың), танымның және әрекеттің жалпылама және қажетті заңдылықтары мен формалары, түпкілікті жағдайлары және себептері жатады. Философия ғылымының зерттейтін нәрсесінен туындайтын айырмашылығы — жалпылама сипатта болуы. Оның негізгі заңдары мен ұғымдары табиғатқа, қоғамға, адамға және ойлауға қатысты жүреді. Философияның ерекше белгісі — дүниенің тұтастығын, қоршаған дүниенің бірлігін пайымдау. Бұлар кез келген саланың маманы үшін өте маңызды. Өйткені жеке әрқашанда жалпымен және тұтаспен байланыста ғана дұрыс түсіндіріледі. Өйтпегенде, халық айтқандай, адам ағаштың қалқасында тұрып, орманды көрмей қалуы мүмкін. Барлық философиялық мәселелердің орталығында дүниетаным, адамның қоршаған ортаға қатынасы, дүниені дұрыс түсінуі, мақсатты және қонымды әрекет ету мәселесі тұрады. Философияның үш басты тақырыбы бар: дүние, адам және дүниеге қатынас. Олар бір-бірімен өзара байланысты. Философияның негізгі мәселелері Философияны шешетін бір қатар маңызды мәселелері бар. "Философияның негізгі мәселелері" деп аталатын олардың кейбіреулері мыналар: — Дүниенің алғашқы, іргетастық негізі не? — Бізді қоршаған дүние таныла ма? — Адам өмірінің шынайы мағынасы неде? — Тұтастай дүние мен оның кейбір тұстарының ғылыми зерттелуінің негізгі қатынасы қандай? Философияның бұлмәселелері өзара тығыз байланыста болады. Сондықтан негізгі мәселе ретінде олардың біреуін алдыңғы орынға шығаруға болмайды. Философияның негізгі мәселесін тұжырымдаудың бұлардан өзге де жақтары болған және қазір де бар. Мысалы, ізгілік пен жауыздық, зорлық және келісім, өмірдің мәні және басқа мәселелер. Философиядағы сара бағыттар Философияда, сонымен қоса сара бағыттар бар: мысалы, материализм және идеализм. Неміс философы Ф.Шлегель алғаш рет оларға классикалық баға берді. "Материализм, — деп жазды ол, — бәрін материямен түсіндіреді. Ал материяны алғашқы бастама ретінде, барлық нәрсенің қайнар кезі деп қабылдайды. "Идеализм" бәрін бір рухтан шығарады. "Материяны рухтан пайда болған" деп түсіндіреді немесе оған материяны бағындырады". "Материя" дегеніміз — адамның санасынан тыс және тәуелсіз емір сүретін, объективті шынайылық. Егер идеализм материяға қарағанда рухтың алғашқылығын дәріптесе, материализм материяны, табиғатты, физикалық болмысты санаға қарағанда бірінші деп түсіндіреді. "Материалист" және "идеалист" терминдерінің философиялық мағынасын жұтаң санада келтірілетіндермен шатастыруға болмайды. Онда "материалист" деп материалдық игілікке қол жеткізуге тырысатын адамды, ал "идеалист" деп көтеріңкі рухани идеалдарымен сипатталатын индивидті айтады.
8.Философиялық білімнің бастаулары және негізгі бағыттары.
Философиялық білім жүйесі антикалық кезеңде пайда бола бастады. Б. з. б. IV ғасырда стоиктер кейбір түзетулермен бүгінгі күні де өзекті болып табылатын схеманы әзірледі: философия өз бастауын логикадан алады, одан кейін физика табиғат туралы ілім ретінде, одан кейін – этика адам туралы ілім ретінде, дана және ұғымды өмірге қол жеткізу жолдары.XVII ғасырда гносеология-таным теориясына баса назар аударылады. Сол ғасырдың түсінігінде бұл ғылым логиканың кеңдігі болды,өйткені абстрактілі-теориялық және сезімтал таным деңгейін (сезім, қабылдау, ұсыну) қарастырады. Физикадан бөлек онтология пайда болады, ал «физика»терминінің өзі арнайы-ғылыми, тәжірибелік білімнің пайда болуына байланысты мүлдем басқа мағынаға ие болады.Жаңа уақытта философиялық білімнің құрылымын айтарлықтай қайта құру орын алады. И. Кант» ойлау қабілетін сынауда «философияның үш бөлігін бөліп, оларды үш» жан қабілеттерімен», атап айтқанда, адамның туғаннан бастап өзіне тән танымдық, практикалық (ниет, ерік) және эстетикалық қабілеттерімен байланыстырады. Осылайша, Кант философияны ақиқат, жақсылық және сұлулық бірлігі туралы ілім ретінде көрсетеді, бұл философияны ғылыми таным теориясы мен әдістемесі ретінде ғана түсіндіруді айтарлықтай кеңейтеді.Философиялық білімнің ерекшелігіФилософиялық білімнің басты ерекшелігі оныңекіұдайылығында. Ол ғылыми білімге жақын пәні,әдістері, логикалық ұғымдық аппаратты ғылыммен ортақ. Сонымен қатар философиялық таза түрдегі ғылыммен білім де емес. Философияның басқа барлық ғылымдардан айрықша белгісі адамзатжинақтаған білімдердің барынша жалпыланған түрі, теориялық дүниетаным болуында. Философия пәнікез-келген нақты ғылымдардың зерттеу пәніненауқымды. Философия білімді жалпылайды, кей ғылымдарды біріктіреді, бірақ, бар ғылыммен білімдерді сарқып,жойып,мәнсіздендірмейді. Ол ғылымдардың барлығына ортақ сипатты құбылысты ғана қамтып, нақты,арнайы білімдерді сол ғылымның еншісіне қалдырады. Философиялық білімнің ерекшелігі мынада: құрылымы күрделі(онтология, гносеология,логика т.б.) барынша жалпы, теориялық сипатта; ғылымдардың негізінде жатқан базалық, басты идеялар мен ұғымдарға сүйенеді; көбінесе субьективті философиялық жүйелермен, идеялармен қатар философтардың дүниетанымдардың таңбасы, ойлау ерекшеліктері де қоса беріленді; Объективті -білімдер мен құндылықтардың,өз заманыныңадамгершілік идеяларының жиынтығы болып табылады, өз дәуірінің ықпалына ұшырайды; таным объектілерін ғана емес, таным механизмдерін де зерттейді; рефлексия қасиетіне ие — ойдың өзіне өзінің бағытталуы;
өзіне дейінгі философтар жасаған доктриналардың әсер -ықпалына ұшырайды; динамикалық сипатта-тоқтаусыз даму, жаңару үстінде болады; барынша жалпы ұғымдарға -категорияларға сүйенеді; мәні сарқылмас терең; адамның танымдық қабілеттерімен шектеулі; логикалық тұрғыдан ешқашан біржола шешілмейтін «мәңгілік» сұрақтармен айналысады(болмыстың жаратылуы, табиғаты,материяның немесе сананың біріншілігі, тіршіліктің пайда болуы, жанның ажалсыздығы, Құдайдың бар жоқтығы, оның дүниеге әсері, т.б.).
9-сұрақ Мифология (әфсана) – дүниеге көзқарастың бастапқы формасы ретінде.
Мифология(грекше мифос - аңыз, шежіре; логос - сөз, ілім) алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қиял-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы. Әдетте, миф мына негізгі мәселелерге көңіл аударады:
• Әлем, жер және адамның пайда болуы;
• Табиғи құбылыстарды ұғыну;
Мифтiң негiзгi қызметi - дүние қайдан пайда болғаның түсiндiру, этикалық және эстетикалық түсiнiктер арқылы белгiлi бiр мораль нормалары менқұндылықтар жүйесiн орнықтыру.(мыс.Сфинкс туралы миф табиғаттын құпиясын бiлдiредi; Кентаврлар-адамның хайуаннаң жаралғаның бiлдiредi, Прометей-оттың пайда болуы, Икар-аспанға ұшу ұмтылысын бiлдiредi, Сизиф-өмiрдiн мәнiң түсiну әрекетi.) Мифтердi тек ертегiлер,аңыздар деп түсiнген дұрыс емес, өйткенi миф бұл индивидтiң қоршаған әлемдi игеруi,адамдардың табюиғаттаң және әлеуметтiк ортадан болмыстан тәуелдiлiгi және мифтерде дiннiң, философияның, ғылымның бастамалары бар. Мифтердiң дiннең айырмашылығы сенiмге ғана емес, ақыл ойға да, парасаттылыққа да сүйену. Мифтер өздерiнiң мазмұнына қарайкосмогониялық-әлемнiң жаратылысы туралы, теогониялық-құдайлардын пайда болуы туралы, астрогониялық-планеталар мен жұлдыздар туралы, антропогендiк - адамның пайда болуы, этногендiк-рулар мен тайпалар туралы, эхатологиялық - ақрзаман, топан суы туралы, каһармандық т.б. болып тарайды. Сондықтан, мифология-адамдардың өздерiн қоршаған орта туралы түсiнiгiн тарихи, өздiгiнен долды деп сенетiн түрлi бейнелер, кейiпкерлер мен өқиғалар арқылы жеткiзуi деугеде болады. Мәселе шешу Мифтер мен мифологияны дүние таным ретiнде тек алғашқы қауымның даму денгейiмен байланыстырады. Ал,мифология рухани-практикалық феномен ретiнде қоғам дамуының басқа кезендерiнде де,әсересе қазырғы заманда өмiр сүредi деп айтуға болама (мыс. 20ғ. Д.Джойстың, Ф.Кафканың, Т.Манның, Ч.Айтматовтың т.б. әдеби шығармаларында дәстүрлi мифтер тек пайдалана ғана қоймай ерекше өзгертiлiп те қойған). Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін нәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Философия дүниеге келген кезінен бастап мифологиямен қатар және онымен бірге діни түсініктерге қарсы күресте шыңдалып, дамыған. Егер дін мифологияны қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарын бүтіндей қолдану негізінде қалыптасқан болса, философия ойлау, зерттеу, сын көзбен қарау негізінде дүниеге келді. Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, оны ғылымдардың ғылымы деп те атаған. Өйткені, ол кезде әлем туралы барлық алдыңғы қатарлы тұжырымдар мен пікірлер өз алдына ғылым ретінде дараланып, бөлінбеген соң, ол туралы пікірлерді философия өз бойына жинақтаған болатын. Сондықтан да философ әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті.Философия дүниеге көзқарас тұрғысында өзінің эволюциялық дамуы жағынан үш кезеңнен өтті.
- космоцентризм;
- теоцентризм;
- антропоцентризм;
Космоцентризм деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Ежелгі Грекия).
Теоцентризмдеп барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған тылысым күш – Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады (Ортағасырлық философияға тән).
Антропоцентризмдеп адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастыратын философиялық көзқарас түрін айтады (Қайта өрлеу, жаңа заман, Қазіргі заман философиялық кезеңдерге тән).
10-сұрақ Дүниеге діни көзқарас және оның мәні мен сипаты.
Дін - жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансцендентальдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы. 
Дін мына мәселелерді қарастырады:
- Құдайдың бар екеніне шек келтірмеу;
- Табиғат құбылыстарын өздігінше ұғыну;
- Әлемнің, адамның, фәни мен бақидағы өмірдің, барлық тіршіліктің пайда болуы, жаратылуы.
Дiн-рухани мәдениеттiң бөлiгi,ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы,адамның танымнаң тыс күштердi мойындау және соған илану деп анықтауға болады (дiн-алғашқы қауымда пайда болды-тотемизм, фетишизм, анимизм; ұлттық, мемлекеттiкдiндер - индуизм, иудаизм; әлемдiк дiндер-буддизм, христиан, ислам). Дiн құлшылық жолындағылар мен Құдiрет арасындағы бiр байланыстың барлығына деген сенiмге негiзделедi және ол сенiм белгiлi бiр дiни iлiм түрiнде тұжырымдалып, тұрмыста дiни салттар мен ғұрыптар түрiнде көрiнiс тауып, арнаулы дiни институттармен атқарылады (шiркеу, мешiт, әр түрлi секталар т.б.). Алғашқы дiни жүйесi политеистiк болды-пантеон құдайларының болуы, кейiн мемлекеттiк билiктiн бiр ортаға жиналуымен байланысты монотеизм-бiр құдайға сену келедi. Философияның тарихында құдайдын бар екендiгiн дәлелдеуге сынақ жасағандар болды (А.Аврелий,Ф.Аквинский, И.Кант т.б.). Мұндай дәлелдiн төрт түрi белгiлi
1) космологиялық дәлел-осы әлем пайда болғаннан соң,оны бiреу жарату керек. Өмiр қайдан пайда болды
2) теологиялық-дүниеде барлығы мақсатқа,сәйкестiлiкке негiзделедi. Дүние қандай мақсатпен жаратылған
3) онтологиялық-адамдар құдайға сенген сон, құдай болу керек. Ендеше адамдар неге сенедi
4) этикалық-И.Кант құдайдың бар екенiң, не жоқ екенiң бiлуге болмайды деген. Адамдардың құдайдан қорыққаны тәртiп үшiн керек болды

11.Философияның негізгі әдістері және олардың ерекшеліктері.


Философия ғылым ретінде дүниені түсіндіруде өзінің бірнеше әдістерін пайдаланады. Бұл әдістердің көпшілігі, қазіргі уақытта қолданыста болмағанымен , философия тарихында қалған. Ол әдістер төмендегідей:
Диалектика
Метафизика
Догматизм
Эклектика
Софистика
Герменевтика.
Бұлардың әр қайсысы да өз кезегінде әлемді түсіндіруге жарады.Мәселен, Догматизмді алайық, бұл жерде догма деген сөз – өзгермейтін, баяғы теосентристік тұрғыдан түсіндіру кезінде көп етек алған нәрсе. АЛ енді қазіргі қолданыстағы көріп жүрген әдістер, диалектикалық әдіс, метафизикалық, герменевтикалық әдістер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет