1. Философия дүниеге көзқарастың және қоғамдық сананың формасы ретінде



бет6/11
Дата19.10.2023
өлшемі4,24 Mb.
#186604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1 рк философия 209

Абсолюттік ақиқатзатты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес, шындыққа жақын, толық ақиқат. Абсолютті ақикат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын айғақты акикатты айтаймыз. Яғни адам, табиғат және жалпы әлем туралы толық сенімді білім. Мұндай ақиқат фактілерді анықтайды. Абсолютті ақиқатты анықтау оңай емас, себебі адамның қоршаған орта жайлы, ғылым жайлы білімі көптеген жағдайларға байланысты. Айналамыздағы орта, қоғам да бір орында тұрмайды, ол әрқашан өзгеріп даму үстінде болады.
Салыстырмалы ақиқат – шындыққа жақын және оған едәуір сәйкес келетін, бірақ толық емес ақиқат. Салыстырмалы ақиқат нағыздыққа жақын, оған едәуір сәйкес келеді, алайда ол толық емес акиқат. Абсолютті де, салыстырмалы ақиқат та объективті ақиқат. Объективтілік ақиқаттың сабақтастығының негізі болып табылады.
Ақиқат әрқашан нақты, ол әрқашан белгілі бір уақытқа, жерге және жағдайға байланысты. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат бір-бірінен ажырамайтын бірлікте болады. Бұл бірлік олардың объективті болуымен анықталады. Олардың арасындағы өзара әрекеттесу нақты танымдық процесті, оның бағытын және ең жалпы құрылымды сипаттайды. Абсолютті ақиқат салыстырмалыдан тұрады, бірақ түпкілікті дами алмайды. Әрбір салыстырмалы шындықта абсолютті шындықтың бір бөлігі бар. Процесстегі толық емес шындықтан таным неғұрлым толық шындықты қалыптастырады.
48. Эмпирикалық зерттеу әдістері.
ЭМПИРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ – ғылыми танымның негізгі формаларын,
сондай-ақ ғылыми білімнің құрылымдық компоненттері мен деңгейлерін сипаттайтын
категориялар.
Эмпириялық зерттеу бақылау мен тәжірибенің жаңа деректерін анықтай
отырып, теориялық зерттеудің дамуына жәрдемдеседі, оның алдына жаңа міндеттер
қояды. 
Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі — бақылау. Ол айналадағы нағыздық
объектілері туралы бірқатар алғашқы ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау белсенді танымдық үдеріске жатады және нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып табылады. Бұл әдісті қолданған кезде танушы адам белгілі бір тану мақсатына сүйенеді.
Эмпириялық танымның бұдан да күрделі әдісі тәжірибе болып табылады. Тәжірибе деп
объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау зерттеушінің оған жасанды жағдайлар жасау
жолымен әсер етуін айтамыз. 
Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:
1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;
2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;
4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.

49. Теоретикалық зерттеу әдістері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет