19.Даярлық үшін KMnO4 – ті қандай мөлшерде (массада) алу керек: а) 500мл 0,05 н ерітіндісі (fэкв=1\5)
б)500 мл Т(KMnO4\Fe)=0.005932 ерітіндісі
в) 500 мл Т(KMnO4\СаО)=0.005246 ерітіндісі
(барлық жағдайда титрлеуді қышқылдық ортада жүргізеді)
Жауабы: а)0,7902 г; б)1,6786 г; в)1,4783 г.
Комплексонометрия Аналитикалық химияда қолданатын комплексондар
К о м п л е к с о н д а р – құрамында бірнеше карбоксил топтарымен қатар донорлы-акцепторлы байланыс түзуге бейім, бөлінбеген электрон жұптары бар аминді азот атомдары бар аминполикарбонқышқылдары.
Аналитикалық химияда мыңызды комплексон болып этилендиаминтетрасірке қышқылы немесе ЭДТА қолданылады.
ЭДТА – түссіз, суда және этанолда нашар ерігіш зат, ол екі немесе одан да көп көпзарядталған металл иондарымен суда ерігіш тұрақты хелаттар түзеді.
ЭДТА-ның сулы ерітіндідегі диссоциациясы
(HOOCCH2)2N(CH2)2N(CH2COOH)2 Этилендиаминтетрасірке қышқылы төрт негізді болып табылады.
Оның сулы ерітіндідегі келесі протолиттік тепе-теңдігі орнайды: (Y4- ЭДТА-ның анионы)